Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық негіздері



Кіріспе
1.Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық негіздері
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні
1.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуы мен дамуы
2.Қазіргі кездегі ҚР бюджеттен тыс қорлар және оның қызметін талдау
2.1 ҚР бюдеттен тыс қорлар және олардың қызметі
2.2 ҚР Ұлттық қорының .бюджеттен тыс қорлар қызметін атқаруы
3.Бюджеттен тыс қорларды тиімді басқару және оның ролін арттыру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорларды тиімді басқару мүмкіндіктері
3.2 Бюджеттен тыс қорлардың ролін арттыру жолдары
Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлар ықпалына тәуелділігін азайту мақсатында елімізде бюджеттен тыс қорлар маңызды орынды алады
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.
Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.
Бюджет түсiмдерiнiң елеулi бөлiгі табиғи ресурстардың экспортынан түскен түсiмдер есебiнен қалыптасатын және қолайсыз конъюнктура жылдарындағы шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпақ қорлары басқа елдерде де жұмыс iстейдi. Қазақстанда Ұлттық қорды құру кезiнде шетелдiк осы тәжiрибе пайдаланылды.
Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» Алматы 2003 ж.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы
Астана 2006 ж.
3. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер» Алматы 2001 ж.
4. Мақыш Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы 2004 ж.
5. Б. Калижанов «Структурно-функциональный анализ финансового
рынка Казахстана»
Саясат №2, 2006 ж.
6. З. Искакова «Прочность финансовой системы Казахстана и ее факторы»
Қаржы-қаражат №1 2004 г.
7. Дүйсенбаев “ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”
8. Финансовая оценка предприятия в инвестиционном анализе
Альпари 3-4 2003г.
9. Финансовая глобализация и проблемы развития
финансового рынка Казахстана
Экономика и статистика 6 2004г.
10. Экономика отраслей и предприятий
Экономика и статистика №4 2003г.
11. Бизнестің қаржылық проблемалары
Қаржы-қаражат №3 1999 ж.
12. Қазақстан цифрларда 2004 ж.
13. Финансовые рычаги поддержки и развития
сельскохозяйственного производство
Республики Казахстан
Қаржы-қаражат №2 2003 ж.
14. Сущность и цели финансовой политики
Высшая школа Казахстана №4 2004 г.
15. Причины нестабильности современной финансовой системы
Рынок ценных бумаг Казахстана №7 2001 г.
16. Қазақстанның әр жылдық статистикасы 2004 Алматиы: ҚР-сының
статистика бойынша Агенттігі 2004, 2005 ж.
17. Ұлттық Банктің статистикалық бюллетені. Алматы: ҚР-сының Ұлттық
Банкі 2001 №1. 82-83 б. 2002 №2. 83-87 б. 2004 ж. қаңтар, 2004 ж.
желтоқсан.
18. Мамыров Н. «Микроэкономика» Алматы 2000 ж.
19. Шеденов Ө. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе 2002 ж.
20. Абубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1.Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық
негіздері
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні
1.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуы мен
дамуы
2.Қазіргі кездегі ҚР бюджеттен тыс қорлар және оның қызметін талдау
2.1 ҚР бюдеттен тыс қорлар және олардың қызметі
2.2 ҚР Ұлттық қорының -бюджеттен тыс қорлар қызметін атқаруы
3.Бюджеттен тыс қорларды тиімді басқару және оның ролін арттыру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорларды тиімді басқару
мүмкіндіктері
3.2 Бюджеттен тыс қорлардың ролін арттыру жолдары

Кіріспе
Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ
ұрпақтар үшін қаржы жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлар
ықпалына тәуелділігін азайту мақсатында елімізде бюджеттен тыс қорлар
маңызды орынды алады
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи
ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет
түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі
Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына
қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты
оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік
кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның
күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету
мәселесi.
      Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N
402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.
      Бюджет түсiмдерiнiң елеулi бөлiгі табиғи ресурстардың экспортынан
түскен түсiмдер есебiнен қалыптасатын және қолайсыз конъюнктура
жылдарындағы шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру қорлары мен
болашақ ұрпақ қорлары басқа елдерде де жұмыс iстейдi. Қазақстанда Ұлттық
қорды құру кезiнде шетелдiк осы тәжiрибе пайдаланылды.
      Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы
конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге
байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн
қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған
мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды
күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық
бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық
өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
      Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға
тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі
баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның
ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру
үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға
пайдаланылуы мүмкiн. Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын алған бiрсыпыра
мемлекеттердiң тәжiрибесi бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының ықпалына
ұшырауға бейiм елдер үкiметтерiнiң басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн
шикiзатқа бағаның қымбаттауы кезеңiн пайдаланып қалу мүмкiндігі бар екенiн
көрсетедi.
     Мұндай қорларды құрудың жағымды жақтары:
баға конъюнктурасына тәуелдi табиғи ресурстар секторынан республикалық
бюджетке түсетiн түсiмдер мен республикалық бюджет шығыстары арасындағы
өзара байланысты барынша азайту;
      қолайсыз конъюнктура бағасы кезеңдерiнде мемлекеттің қаржылық
мiндеттемелерiн қолдау үшiн қолайлы конъюнктура бағалары кезеңдерiне
қаражат жинақтау;
      болашақ ұрпақтың мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қайта толмайтын табиғи
ресурстарды сатудан түскен қаражатты жинақтау;
      валютаның басы артық түсуi нәтижесiнде монетарлық өлшемдерге
жасалатын шамадан тыс қысымды болдырмау үшiн ақша массасын залалсыздандыру
болып табылады.
Ұлттық қордың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi .      Ұлттық қордың
негізгі мақсаты тұрақтандыру функциясы - Республикалық бюджеттің әлемдiк
баға конъюнктурасына тәуелдiлігін төмендету болып табылады. Ұлттық қор
болашақ ұрпақтарға қор жинауды қалыптастыру арқылы жинақтау функциясын да
атқарады.
      Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай
долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-
ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
      Жинақтау мен пайдалану транспарентті болуы тиiс, мұның өзi қойылған
мақсаттарға қол жеткiзу кезiнде Ұлттық қордың ойдағыдай жұмыс iстеуiнiң
кепiлi болып табылады. Бүгінгі таңда Ұлттық қор жинақтарын қалыптастырудың
және оның активтерiн басқарудың қолданыстағы тетігіндегі негізгі
проблемалар мыналар болып табылады:
      шикізат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтық түсiмдер бойынша
республикалық бюджеттi жоспарлау кезiнде бағаны анықтау тетiгi үнемi нақты
көрiнiстi көрсете бермейдi. Болжамданған "базалық" баға (баррель үшiн 19
АҚШ доллары) республикалық бюджетте қалдырылатын және Ұлттық қорға
жiберiлетiн шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салықтардың оңтайлы
бөлiнуiн белгілемейдi. Оның үстiне, "базалық" бағаны ескере отырып
есептелген республикалық бюджетке есептеулердiң мөлшерi сату көлемiн
өзгертуге, амортизациялық аударымдарға және салық салынатын пайдаға әсер
ететiн өзге де жағдайларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Осыған байланысты
республикалық бюджетке түсетiн мұнай түсiмдерiнiң жыл сайынғы көлемiне
қатысты тұрақтылық болмайды;
ұлттық қор жинақтауын қалыптастырудың тұрақты әдiснамасының болмауы.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi Ұлттық қорды қалыптастыратын
шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiттi, ол кәсiпорындарды тiзбеге
енгізу және одан шығару бойынша бiрнеше рет өзгерiстерге ұшырады. Бұл факт
Ұлттық қорға аударылатын түсiмдер мөлшерiн айқындаудың тұрақты болмайтынын
көрсетедi.  
    Ұлттық қордың жұмыс iстеуiнiң жоғарыда көрсетiлген проблемаларын шешу
қажеттiлiгiн ескере отырып, қор жинақтауды қалыптастырудың одан әрi оңтайлы
жолын және оның активтерiн басқарудың тиiмдi әдiстерiн айқындау қажет
етiледi.
 

1.Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық
негіздері
1. Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні
Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік
салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола
бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет
қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып,
жұмыс істей бастады.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын
төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен
тікелей байланысты емес шығыстардың ауырт-палығын шаруашылық органдарына
аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін
Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту
кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым
сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын
кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды.
Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты
әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар
қорлардың — Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі
арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты
арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет
етті — бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі
бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды
қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы
бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі
үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының
бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы
қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы
қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға
бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың
өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне
қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар — экономикалық дамудың проблемаларын шешуге
арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге
арналған қорлар болып табылады.
Мемлекеттік қорлар — бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар
аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары
мыналар:
жарғылық қызмет;
артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау;
коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады.
Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік
негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы
ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды
қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайы-рымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру
жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар
есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрлымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша
жеңілдіктер болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің
сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы
мен олардың мөлшеріне сол бір кезендегі елдің экономикалық жене қаржы
жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалык жағдайлар және әзірленген және
іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір
бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы
рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата
білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы,
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілік, тік, соның
ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және
мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін
(оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау
және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты
қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл,
1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл
қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын
іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал,
амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін
қабылдауға болатын "арнаулы қорлар" термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі
олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Өтпелі кезендегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің
қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын
қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер,
төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері
теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды мақсатты
қаржылаңдыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.

1.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуы мен
дамуы

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық
бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ет-кенде мемлекеттің қаржы
ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары
қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір
қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен
жасалды.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан
түскен табыс;
4) басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1. Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті
болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға
дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).
2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен
бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін
сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғарғы органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б. Зейнетақы қорының жұмсалу
бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
3) материалдық кемектің бір жолғы төлемақылары;
4) зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты
болатын шығыстар;
5) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық
базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.

2.Қазіргі кездегі ҚР бюджеттен тыс қорлар және оның қызметін талдау
2.1 ҚР бюдеттен тыс қорлар және олардың қызметі

Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады:
біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында "Мақсатты
қаржыландыру қоры" бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап
түгелдей мемлекеттіқ, бюджетке шоғырландырылды.
Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін
"Жаңа астана" қоры сақталынған. Бұл қор:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;
2) Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағытталатын және іс жүзінде
мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;
3) мемлекеттік бюджет қаражаттары;
4) қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік
инвестордың қаражаттары;
5) шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының
мақсаты гранттары есебінен жасалынды.
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы
активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық
қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік
бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің
тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына,
экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын темендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын
қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз
сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады.

2.2 ҚР Ұлттық қорының -бюджеттен тыс қорлар қызметін атқаруы
Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы және
тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы
функциясымен қатар Қор қаражаттарынның қалыптасуы мен пайдаланылуының
қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпал
көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына әлемдік бағаның
конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.
Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта
мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республиканың Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы,
мемлекеттегі жене шетелдердегі экономикалық жағдай, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі
мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен
есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық
банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың
негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.
Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен
анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едеуір
үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік
тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық
және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар
өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға
сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп
шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік
бағалардың серпінін сақтанпаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде
оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңи тұлғалардан Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық
және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі
түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының,
қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың,
бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсуін есепке жатқызу
жолымен қалыптасады.
Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты
түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы занда
бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
2) республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына
жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін
республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде
есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен
түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
5) қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де
түсімдер мен кірістер.
Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.
Негізгі қызметі табиғи ресурстарды ендіру мен өңдеу болып табылатын
заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы
ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер — шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің
жиынтығы:
корпорациялық табыс салығы;
қосылған құнға салынатын салық;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
роялти;
жасасқан келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу
жөніндегі үлесі.
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының
тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді
жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле
отырып жасалады.
Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді, сондай-
ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өндеуші салаларға
жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер
есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми
трансферттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан
Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ
республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер
мөслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен
бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми
трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган жергілікті бюджетті атқару барысында оны мәслихатта
нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық
кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады.
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы
ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы
айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем
мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы
сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген
көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының
Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер
түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты
шығыстарды жабуға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2) Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
3) тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді
перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
4) инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат
етілген қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда,
өзге де мүліктерге орналастырылады.
Рұқсат етілген қаржы активтерін және, материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп
Үкімет айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің
шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары
бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті
нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Рсспубликасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық
қоры" туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің
өкілеттігі анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің
құрамын құрады;
2) қор мәселелері жөнінде Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау
үшін міндетті нұсқаулар береді;
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған
бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
5) Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына
өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны
пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
2) Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды
басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап,
бекітеді;
3) Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті
және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты
ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз
етеді;
6) қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған
сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1) Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса
дербес инвестициялау;
2) инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп,
бекіту;
3) Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті
ұсыну;
4) сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге
өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық
банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының
орынбасарынан төмен емес деңгейде) — өкілетті өкілді анықтайды, оның
өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде
шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару
мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы
бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру
жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық - кеңесші орган болып
табылады.
Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке
жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері
Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің бірінің
төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді. Кеңес шешімі
Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай кеп даусымен қабылданады және
заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан
Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент
мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің
төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің
функциялары:
1) Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде
ұсыныстар талдап-жасау;
2) қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау
және талдап-жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат
етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге
де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру
туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен
бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Қазақстан Республикасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе
отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей Президентке
бекітуге табыс етеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан
Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланьшуы туралы жылдық есеп мыналарды
кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен
басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер. Ұлттық қорды
басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету
мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды
таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге
асырылады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит
жүргізудің нөтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына
жарияланады.
Ұлттық қор қызметі туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың таза
активтерінің есімі 2002 жылғы 57,5%-дың орнына еткен жылы 76,6% құрды.
Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионан 3662,7миллионға
өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы
кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді.
Мұндай конъюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып
отыр.
Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық жылдары
ішінде 4,23%-ға бағаланады.
2003 жылы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69% құрды, өткен жылы
222,8 миллион доллар мөлшеріңце инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге
тұрақтандырушы портфелдің пайдалылығы 1,87%-ға тең болды, ал қордың негізгі
бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдальшық берді.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының
тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы
көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен, ұзақ уақыт бағаның
мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Мемлекет қаржысын басқару
Кәсіпорындағы қаржылық қорларды жоспарлау, бақылауды талдау
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне талдау жасау
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі
Пәндер