Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Тарау. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі
қарым . қатынас аспектілері және оны шеіпу жолдары ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.2. Балалар кітапханасындағы бұқаралық жұмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

II Тарау. Баланың оқырман болып қалыптасу мәселелері және оларды
шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2.1. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы
кітапхананың атқаратын ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
2.2. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... 56
2.3. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым.қатынас
психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..93

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..95

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .98
Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Балалар кітапханаларында қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері баланың психологиялық интелектуалды мәдени дамуы. Яғни баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.
Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу, барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.
Негізгі функциялар арқылы балалар оқуын ұйымдастыру. Осы көкейтесті мәселелерді шешудің жолдарын ашып көрсету.
Дегенмен қазіргі таңда заман талабына сай балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері дұрыс жолға қойылған дей тұғын мен де балаларды кітапханаға тарту, олармен бұқаралық жұмыстың түрлерін ұйымдастыру, балалардың оқырман болып қалыптасу мәселелері әлі де өз дәрежесінде шешілмей келеді. Балалар кітапханасында балалардың оқу мәдениетін дамыту, кітапханашы мен жас оқырман арасындағы қарым-қатынас психологиясын, оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерін қалыптастыру жұмысы жүйесіне жасаған талдау, олардың ақпараттық және педагогикалық мәдениетін, оқу мәдениетін дамыту деңгейі көбінесе талаптарға сәйкес болмай отырғандығы байқалады.
Осыған байланысты балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің аспектілерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасындағы қайшылық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары» деп алуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты: Балалармен жұмыс жүргізетін кітапханашылардың негізгі функциялары арқылы қалыптастырудың психологиялық-шарттарын бала мен кітапханашы арасындағы қарым-қатынас аспектілерін теориялық әдістемелік тұрғыда негізден әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі: Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық кітапханаларының қызмет көрсету бөлімдері. «Анықтама-библиографиялық бөлім, әдістемелік бөлім, абонемент, оқу залы».
Зерттеу пәні: балалар кітапханаларында ақпараттық қызмет көрсетудегі оқырман мен кітапханашының қарым-қатынас аспектілерін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқыту процесінде балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері тиімділігі артады.
- Оқу материалы мазмұнының тәрбиелік мүмкіндіктері;
а) Балалар оқуына әсер ететін басқа мекемелермен (мектепке дейінгі мекемелер, оқу орындары, балалар шығармашылығы орталығы) байланысты жүзеге асыру ғылыми - әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе;
ә) Оқырмандарда оқуға жауапкершілік және қызығушылықты тәрбиелеуде қазіргі оқыту әдістерімен ұштастырылса.
Оқу мәдениетін ең алдымен балалар үшін әртүрлі ақпарат көздерінің –энциклопедиялардың, анықтамалардың, білімнің барлық салалары бойынша ғылыми-танымдық әдебиеттердің, мерзімді басылымдардың, мәліметтер базасының, интернеттің, аудио және видео жазбалардың, мультимедиялық құралдарын пайдалануына жүйелі түрде мән берілсе.
Деректі көздері: Республикалық, обылыстық кітапханалардың жоспары, жылдық есебі, каталог, картатека, кітапхана қорының пайдаланған жұмыс барысында Республикалық кітапханашылардың жарық көрген
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Асылбекова, Ш. Жаңа кезең. // Кітапханасы элемі. - 2003. №3. Б. 36.
2. Әділбекова, М. Жастардың қазақ тілінде кітап оқуының жағдайы //
Мектептегі кітапхана. - 2004 №2. Б. 11-14.
3. Бегалинские чтения «Чтения детей проблемы поиски и решения».
- А: 2003. С. 2-130.
4. Бегалинские чтения. «Дети как читателей» после расписание детская
- библиотека им. С. Бегалина А: 2003. С. 8-22.
5. Бегалинские чтения: библиотека, книга и чтения и оброзования детей.
[Государственная Республиканская Детская Библиотека им. С.Бегалина ]. А: - 2004. Б.1-133. Бердіғалиева, Р. Жас ұрпақ және кітапхана // Қазақстан мұғалімі.- 1998.
№75. 11 желтоқсан. Б.10.
Бердіғалиева, Р. Кітапхана ісі туралы заң. // Егемен Қазақстан. - 2003. -25 қаңтар- Б 4.
6. Бақытқызы, Р.Ұлағат — ұлттық тәрбиеде. // Ұлағат —2003. №2. Б. 50-51.
7. Базыбаева, М. М.Жұмабаевтың психологиясының мұрасы. // Ұлағат
2003. №8. Б. 47-48.
8. Байсымбекова, Ж. Өркениеттегі кітапхана қандай болу керек? //
Қазақ әдебиетті - 2005. №6. Б. 11.
9. Ғисанов, Т. Жастар игілігі үшін еңбек етеміз. // Кітапхана элемі. -
2004. - №2-34-35 Б
Езова, Н. Взаимоотнашения библиотекаря и чтения. // Библиотечное дело. -2006. №1.Б. 40-43.
10. Есалы, А. Ең қүнды қазына: Қазақстан Ұлттық кітапханасының
- құрылғанына 90-жыл // Егемен Қазақстан - 2000 - 18 қараша.
11 .Есенқызы, П. Ауылдық кітапханаларда балалар мен жасөспірімдерді
-ақпарат пен дамыту мәселелері. // Кітапхана. - 2005 - №1 - 9 -11 Б
12.Жалғасбайұлы, А. Қазақстанда ақпаратты білім берудің мәселелері.
- Ұлағат -2003 №2-Б. 26-27.
13. Жасөспірімдер кітапханасының абономент бөлімі: Қазақстан Респ.
Жасөспірімдер кітапханасы. // Құраст К.К. Қалтаева - А. 1991- Б. 70
14. 3абирова, О. Вапросы детского библиографа.//Мир библиотеки-
2004 №2- С 25-27
15. Ибашов, С. Ж. Аймауытұлы еңбектеріндегі балалар психологиясы // - Ұлағат-2003.№2. Б. 6-7.
16. Иманасова, Ж. Адам қабілеті шексіз // Ақжелкен - 2000. №3. Б. 24-25.
17. Қожахметова, А. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ // Ақжелкен - 2000.
№10. -Б4-9.
18. Кәрімова, М. Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру
- мәселесі. // Ұлағат -2003. №2. Б. 48-49.
19. Лукзен, Л. Ата-аналарға арналған кеңес. // Ана тілі. 2004. №5. Б. 5.
20.Линкова, В.Н. Достучаться до сердца ребёнка // Нач школа- 2000.
№11. С. 26-30
21 .Муртазаева,С. Кітапхана және білім әдістемелік басылым // 2003ж
- (А.С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әдебиеті - ғылыми кітапханасы )Б. 1-19.
22. Мұсабекова, Г.К. Дәстүрден жаңашылдыққа // Кітапхана әлемі -
2005 -№1-25Б
23. Нұрбайұлы, Е. Кітапхана - оқырман ордасы. // Ақжелкен - 2000 №5-
Б.8-9
24. Нүсіпбаева, Г. Елдің елдігі - тілінде // Қазақстан мектебі - 2001 - №3
-72 - 73 Б
25.Оразымбетова, А. Өмірге даярлаудағы тәрбиенің рөлі//Ұлағат.-
2003.№2.Б. 26-27.
26. Оралғазина, А. Әлемге төнген сауатсыздық қаупі // Ақжелкен -
2003.№9. Б. 6-7.
27.Оралғазина, А. Әлемге төнген сауатсыздық қаупі. // Ақжелкен -
2000. №9. Б. 6-9.
28.Омарова, Г. Мектеп оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге үйрету. // Бастауыш мектеп. - 2002 - №1- 35-37 Б
29. Раева, С.Қ. Кітапхана - оқырман ордасы // Ақжелкен-2000. №5. Б. 8.
30. Рыскелдіүлы, Т. Ұрпақ тәрбиесін ұмытпайтын ағайын. // Ақжелкен
2000. № 7-8. Б. 1-19. Рыскелдіүлы, Т. Ұрпақ тәрбиесін ұмытпайтын ағайын. // Ақжелкен 2000.
- №7-8.Б. 1-19.
31. Садырова, Ғ. Білім кілті кітапхана // Мектептегі кітапхана - 2004. №1.
Б. 22-23. 32.Сүндетова, А. К. Балаларды кітап оқуға тартудың қызықты түрлері. // Кітапхана, 2006-№і 1-27 Б
33. Сметанникова, Н.Н. Статегптельный подход к обучению чтению- М:
- 2005. С. 5-509.
34.Тоқпакпаев, С. Әскери өмірлер қазақ тілінде берілді. // Ана - тілі-
2001.№4. Б.5.
35. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы. // Үкімет жарғысы — 2001-№2-Зб
36. Челышова, А. Влюбить ребят в литературу // Библиотека. - 2001.
№10.- С. 45-46.
37.Шукиев, Б.А. Балалар кітапханасындағы құқықтық тәрбие жұмысы //
Кітапхана әлемі.-2005. №4.- Б.20.
38. Юхотина, Л.Т. Психологические основы урока.- М,:Просвещение,-1996.СЛ02.
39.Ярослав, К.Д. Дети в Росси о себе и о своих правах // Библиотека. -

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмысты атқарушы тобынын
Студенті ______________________ дайындаған диплом жұмысына

РЕЦЕНЗИЯ

Диплом жұмысының тақырыбы: Балалар кітапханаларында оқырмандарға
қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс қазіргі балалар кітапхананың орны,
оның дәстүрлері мен жаңа мүмкіндіктері қандай бар екендігі бүгінгі уақытта
аса қажет.
Қазіргі балалар кітапханалары мемлекеттік саясатты белсенді
жүргізушілер, көптеген бағыттар бойынша ақпараттық-насихат орталықтары
болуда. Бұл жұмыс балалар кітапханасында бұқаралық жұмыстардың түрлерін,
баланың оқырман болып қалыптасу мәселелері және оларды шешу жолдары, оқу
арқылы кітапхананың атқаратын ролі, олардың оқу мәдениетін дамыту,
кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясы
көрсетілген.
_______________ жұмысында қазіргі күндері балалар кітапханаларында
дәстүрлік кітапханалық қызметін көрсетумен қатар, оқырмандарға жаңа
ақпараттық қызметтер, қашықтықтан қызмет көрсету, виртуалды анықтамалық
қызмет, құжаттарды электронды жеткізу Интернет-зал, Интернетті қоғамдық
пайдалану орталығы материалдар ұсынылады.
Диплом жұмысын дайындаушы студенттің шешімі балалар кітапханасының
мәдениет дамуынын қазіргі деңгейіне сай келеді.
Ескерту ретінде материалдар көлемі өте мол.
Атқарылған дипломдық жұмыс мамандық бойынша дипломдық жұмыстарға
қойылған талаптарға сай, қорғауға ұсынылады және өте жақсы бағалауға
лайықты.

Диплом жұмысының жетекшісінің пікірі

Студент __________________ дипломдық жұмысының тақырыбы: Балалар
кітапханадарында оқырмандар қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері
және оны шешу жолдары.
Студент дипломдық жұмыста балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет
көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерін талдап, оны шешу жолдарын
қарастырған.
Балалар кітапханаларында бұқаралық жұмыстардың түрлерін, баланың
оқырман болып қалыптасуын шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын
рөлінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселесін жан-жақты зерттеген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден. Екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың теориялық-тәжірибелік маңыздылығы кітапханатану,
кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету курстарын оқытуға зор септігі
тиетіні сөзсіз.
Жұмыстың ғылыми болашағында қазіргі кітапханалардағы оқырмандарға
қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілерінің ерекшеліктері айқындалады.
Диплом жұмысын орындау барысында барлық қойылған міндеттерді толық
орындаған. Сондықтанда бұл жұмысты өте жоғары дәрежеде жазылған, қорғауға
жіберіледі.

Жетекші:
____________ 20__ ж.

Диплом жұмысы жайында кафедра қорытындысы.
Диплом жұмысы тексерілді_________________________ _____________
___________________________________ ___________________________

Мемлекеттік емтихан комиссияға бұл жұмыс қорғауға жіберілді.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Тарау. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі
қарым - қатынас аспектілері және оны шеіпу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.2. Балалар кітапханасындағы бұқаралық жұмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
II Тарау. Баланың оқырман болып қалыптасу мәселелері және оларды
шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .38
2.1. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы
кітапхананың атқаратын
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

2.2. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... 5 6
2.3. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас
психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 93
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..95
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 98

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Балалар кітапханаларында қызмет көрсетудегі
қарым-қатынас аспектілері баланың психологиялық интелектуалды мәдени дамуы.
Яғни баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу
барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол
кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.
Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік
категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне
тәрбиелеу, барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық
мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.
Негізгі функциялар арқылы балалар оқуын ұйымдастыру. Осы көкейтесті
мәселелерді шешудің жолдарын ашып көрсету.
Дегенмен қазіргі таңда заман талабына сай балалар кітапханаларында
оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері дұрыс жолға
қойылған дей тұғын мен де балаларды кітапханаға тарту, олармен бұқаралық
жұмыстың түрлерін ұйымдастыру, балалардың оқырман болып қалыптасу
мәселелері әлі де өз дәрежесінде шешілмей келеді. Балалар кітапханасында
балалардың оқу мәдениетін дамыту, кітапханашы мен жас оқырман арасындағы
қарым-қатынас психологиясын, оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас
аспектілерін қалыптастыру жұмысы жүйесіне жасаған талдау, олардың
ақпараттық және педагогикалық мәдениетін, оқу мәдениетін дамыту деңгейі
көбінесе талаптарға сәйкес болмай отырғандығы байқалады.
Осыған байланысты балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет
көрсетудің аспектілерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен
практикалық мұқтаждығының арасындағы қайшылық байқалады. Осы қайшылықтардың
шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын Балалар кітапханаларында оқырмандарға
қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары деп
алуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты: Балалармен жұмыс жүргізетін кітапханашылардың
негізгі функциялары арқылы қалыптастырудың психологиялық-шарттарын бала мен
кітапханашы арасындағы қарым-қатынас аспектілерін теориялық әдістемелік
тұрғыда негізден әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі: Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық
кітапханаларының қызмет көрсету бөлімдері. Анықтама-библиографиялық бөлім,
әдістемелік бөлім, абонемент, оқу залы.
Зерттеу пәні: балалар кітапханаларында ақпараттық қызмет көрсетудегі
оқырман мен кітапханашының қарым-қатынас аспектілерін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқыту процесінде балалар кітапханаларында
оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері тиімділігі
артады.
- Оқу материалы мазмұнының тәрбиелік мүмкіндіктері;
а) Балалар оқуына әсер ететін басқа мекемелермен (мектепке дейінгі
мекемелер, оқу орындары, балалар шығармашылығы орталығы) байланысты жүзеге
асыру ғылыми - әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе;
ә) Оқырмандарда оқуға жауапкершілік және қызығушылықты тәрбиелеуде
қазіргі оқыту әдістерімен ұштастырылса.
Оқу мәдениетін ең алдымен балалар үшін әртүрлі ақпарат көздерінің
–энциклопедиялардың, анықтамалардың, білімнің барлық салалары бойынша
ғылыми-танымдық әдебиеттердің, мерзімді басылымдардың, мәліметтер
базасының, интернеттің, аудио және видео жазбалардың, мультимедиялық
құралдарын пайдалануына жүйелі түрде мән берілсе.
Деректі көздері: Республикалық, обылыстық кітапханалардың жоспары,
жылдық есебі, каталог, картатека, кітапхана қорының пайдаланған жұмыс
барысында Республикалық кітапханашылардың жарық көрген басылымдарының
пайдалануын Бегалинские чтения: (Библиотека, книга и чтение в образовании
детей.А:2004. Б 2-135) Бегалинские чтения: Чтения детей: Проблемы,поиски
и решения А: 2002.С 1-163
Бегалинские чтения: Дети как читатели А: 2003. С. 1 - 107
Зерттеудің міндеттері:
1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету аспектілері;
2. Балалар кітапханасында бұқаралық жұмыстардың түрлері;
3. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы
кітапхананың атқаратын ролі;
4. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту;
5. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясы.
Жетекші идея: Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің
баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық
оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа
сапалық мазмұнға көтереді.
Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасы бойынша философтардың
кітапханатанушылар мен библиогрфтардың педагогтар мен психологтардың
еңбектері, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, ҚР 2015 жылға
дейінгі білім беру дамуының тұжырымдамасы, арнайы мерзімді басылымдар
кітапхана, Кітапхана әлемі. С. Бегалин атындағы Республикалық балалар
кітапханалары, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапнахаларының озық
тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша кітапханатану және
библиография деректеме құжаттарына, арнайы мерзімді басылымдарына талдау
жасау; әңгімелесу,озық тәжірибелерді үйрену және қорыту, бағалау жұмысы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің қарым-
қатынас аспектілерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқыту үрдісінің
тәрбиелік теориялық жағынан негізделді және анықталды.
2. Балалар кітапханаларында оқу мәдениетін қалыптастырудың мазмұны,
құрылымы анықталып, әдістемесі жасалды.
3. Баланың оқырман болып қалыптасуы мәселелері айқындалды.
4. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас
аспектілерінің психологиялық шарттары анықталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы
білім беретін ақпараттық білім орталығының мүмкіндіктер жасайды. Зерттеу
материалдарын кітапханаларда, кітапханатану және библиография мамандықтары
сабақтары мен іс-тәжірибелерінде кеңінен пайдалануға, сондай-ақ
кітапханашыларды даярлауда, кітапханашы-библиогрфтардың білімін жетілдіру
және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Кітапханаларда кітапханашымен оқырманның қарым-қатынас аспектілері;
- Балаларға қызмет көрсетуде бұқаралық жұмыстардың түрлері;
- Балалар кітапханаларында оқу мәдениетін дамытудың жолдары;
Балалар кітапханаларының қарым - қатынас аспектілері;
Дипломдық жұмысының құрылымы:
Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, обьектісі,
міндеттері, зерттеу болжамы, жетекші идеясы, зерттеу көздері айқындалып,
зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылған
тұжырымдары, дипломдық жұмыстың құрылымы қарастырылды.
Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас
аспектілері және оны шешу жолдары атты бірінші тарауда балалар
кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің аспектілері анықталып,
баланың оқырман болып қалыптасуына бұқаралық түрлерін пайдалану тәжірибесі
қорытылды.
Баланың оқырман болып қалыптасу мәселелері және оларды шешу атты
екінші тарауда баланың оқырман болып қалыптасуына шығармашылық оқу арқылы
кітапхананың кітапхананың ролін анықтап, онда оқу мәдениетін дамытудың
мазмұны, әдістемесі жасалған. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара
қарым-қатынас психология өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалады.
1. Кітапханадағы балалар оқуын ұйымдастырудың маңызды аспектілері.
Жүйелі тәсіл тұрғысынан алғанда, кітапханада балалар оқуын ұйымдастыру
келесі аралықтарда қарастырылуы мүмкін:
- баланың психологиялық, интеллектуалды және мәдени дамуы (ықылас, ес,
кейіптік және логикалық ойлау, қиял, сөйлеу мәдениеті) тәртіп пен тілдеу,
шығармашылық қабілеттер, т.б.) көрсеткіштері аралығында;
- балалармен жұмыс жүргізетін (ақпараттық, білім беретін, бос уақытын
тиімді өткізу және т.б.) кітапханалардың негізгі функциялары – жас
ерекшелік категориялары аралығында;
- кітапханалық жұмыс түрлері (жеке және көпшілік; көрнекі және
вербальді; ауызша, баспалық және т. б.) аралығында;
- кітапхана бөлімдерінің құрылымы (абонемент, оқу залы, АББ,
компьютерлік класс, көрме залы, әдеби қонақжай және басқа да кітапхана
қызметіне байланысты бөлімдер) аралығында;
- балалар оқуына әсер ететін басқа мекемелермен (мектепке дейінгі
мекемелер, оқу орындары, балалар шығармашылығы орталығы сыртқы жұмыстар
және т.б.) өзара қарым-қатынас аралығында.
Әрине, бұл балалар оқуын координациялау жүйесінің болуы мүмкін
аралықтарының толық тізбегі емес екені түсінікті. Назардан тыс қалғандары:
оқудың тақырыптық бағыты мен функционалды көрсетілімі (мәні), кітапханадағы
балалар оқуын ұйымдастырудағы кадрлық қамтамасыздандыру, оқуға әлеуметтік
жағдайы, жыныс белгілері бойынша талдау жасау және т.б.
Аталмыш жұмыстың мақсаты – балалармен жұмыс жүргізетін кітапханалардың
негізгі функциялары бойынша деномпозицияларға егжей-тегжейлі тоқталу.
Ақпараттық функция. Бұл функция аясында, ең алдымен, балалар үшін
әртүрлі ақпарат көздерінің – энциклопедиялардың, анықтамалықтардың,
білімнің барлық салалары бойынша ғылыми-танымдық әдебиеттердің, мерзімді
басылымдардың, каталогтардың, картотекалардың, мәліметтер базасының,
Интернеттің, аудио- және видеожазбалардың ашықтығы (тиесілілігі) жайында
сөз қозғау керек. Осы орайды, кітапхана қорын толықтыруға,
квалификацияланған мамандармен, компьютерлік техникамен, аудио және
видеоөнімдік құжаттармен қамсыздандыруға тиесілі сәйкес талаптар қою заңды
нәрсе.
Негізгі функциялардың аралығындағы балалар оқуын ұйымдастыру.
Балалар оқуын ұйымдастыру дегеніміздің өзі қиын да көп қырлы
мәселелердің кешенін білдіреді. Ал, ол мәселелерді жүйелі түрде шешу тиімді
болар еді.
Жүйелілік объектілер мен құбылыстарды жүйе ретінде яғни, өзара тығыз
байланысты әлементтердің қосындысы есебінде қарастыруға және оларды оқшау
емес, бір-бірімен де, жүйеде де өзара байланысты зерттеуге мүмкіншілік
береді.
Көрнекілік үшін кез-келген зерттелетін жүйені копомиемді кеңістіктегі
фигура ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда жүйенің қандайда бір
сипаттамасы сол фигураның сәйкес аралығының (жүйе декомпозициясының)
анализінен туындайды.
Жүйелілікті қолдану негізінде мәселені шешудің типтік алгоритмі 3
кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – қарастырылып отырған мәселені моделдейтін жүйенің
тізбегі мен оптимальды аралық санын анықтау. Көптеген кітапханалық
мәселелердің шешу барысында, мысалы, кітапхана функциялары бойынша
–ақпараттық, білім беретін және бос уақытын тиімді өткізетін аралық
қолданылуы мүмкін. Біз де соны қарастырамыз.
Екінші кезең - әрбір аралықты талдау, осы аралықтағы мәселелердің
шешімін қамтамасыз ететін инновацияларды табу және құрастыру. Кітапхананың
негізгі функциялары аралығында аталмыш мәселеге қатысты, мысалы, осы
функциялардың әрқайсысын іске асыру барысындағы балалар оқуын ұйымдастыруға
байланысты инновациялар қүрастырыла алады.
Үшінші кезең - әр жеке инновацияның жүйенің осы және басқа да
аралықтарды құрастырылған барлық басқа инновациялармен байланысын тіркеу
арқылы жалпы жүйелік инновацияға айналуы.
Өзара байланысты тіркеу, соның ішінде жеке инновациялар шеңберіндегі
қарама-қайшы жағдайларды реттеу, жалпы жүйе тұрғысынан, әрбір инновацияны
мазмұндырақ етеді және оны жалпы жүйелік деңгейге жеткізеді. Мысалы, өз
уақытын тиімді өткізу функциясын (кітапхананың негізгі функциялары
аралығын) іске асыру шеңберіндегі инновация балалар оқуын оқырмандардың жас
ерекшеліктерін, кітапхана құрылымын, т.с. ескере отырып ұйымдастыруға
қатысты инновациялармен түйісуі қажет. Тек сонда ғана оның мазмұны барынша
толық ашылады және де жалпы жүйенің талаптарымен қайшылыққа түспейді.
Ақпараттық ресурстың кең таңдауы бар жағдайда жас оқырмандарды
ақпараттық ізденістің оқудың ерекше типіне – жылдам оқу, түрлі белгі-
символдық белгілерді түсіну және шифрын шешу қабілетіне негізделген
әдістемесіне үйрету маңызды екені даусыз. Бүгінгі таңда балаларды
функционалды оқу (іскеру, білім беретін) деп аталатын оқу түріне баулу
қажеттілігі туып отыр, өйткені кітапханашылар балалардың баяндама, реферат
дайындау барысында тапсырмаларды орындай алмауымен күнделікті кездесіп жүр.
Балалар кітапханалар мәселелерінің зор қиындық тудыруы олардың
ақпараттық мекеме болуымен айқындалады. Олар бала – оқырманға өз ақпараттық
мүмкіншіліктерінің бар байлығын оның мазмұнын жеңілдетуге тырыспай жеткізу
тиіс. Ол үшін баланың өмірлік және оқырмандық тәжірибесіне сәйкес келу
қажет: интеллектуалды айқын, эмоционалды жағымды, жинақтау жетістіктеріне
серпін беретін, қуанышты және оптимисті болуы тиіс. Бұл шешімін таба алмай
келе жатқан мәселелердің бірі. Оған қалай қол жеткізуге болады? деген
сұрақ әрдайым қойыла беруі керек: жаңа көрмені ұйымдастыруда, орын-аймақты
қайта жабдықтау кезінде, каталогты редакциялағанда және т.б.
Бүгінде кітапхана тек түрлі құжаттарды алу көзі ғана емес, сонымен
қатар, балалардың ақпаратқа қол жеткізуін ұйымдастырушы да.
Балалар кітапханасы білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу, шығармашылық, бос
уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша балаларды құжаттық және
библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз ете алатын дәстүрлі де, сондай-ақ,
машинаоқылымдық та сақталымдардағы ақпараттық қорлардың кені болуы қажет.
Ең алдымен, ыңғайлы ақпарат алу жүйесін құру, сосын барып, мақсатты
ақпараттық ортаны ұйымдастыру керек.
Өспелі ақпарат көлемі, әртүрлі баспа өнімдері санының артуы, видео,
аудио, электронды құжаттардың таралуы, ақпарат тұтынушының психологиясының
өзгеруі, осының бәрі, әрине, құжаттарды табу және библиографиялау
жұмыстарының ауқымына, АБА-тың жүргізілуіне өте қатты әсер етуде. Құжаттық
базаны - ысыра - болмайды, ағымдық ақпаратты созуға – рұқсат жоқ.
Олардың қолдану тиімділігі сқұранымдарды болжауға, АБА-ты жақсарту
жұмыстарын жоспарлауға, анықтама-библиографиялық қызметті ұйымдастыруға,
оқу мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Библиографиялық құралдардың
жетіспеушілік жағдайында, кітапханалар нақты оқырмандар сұранымына және
кітапханада бар құжаттарға сүйене отырып, белсенді құрастырушылық жұмыспен
айналысуда өз міндеттеріне алулары тиіс. Осының бәрі кітап көрмелерімен,
ақпараттық қабырғалармен, жарнамалық материалдармен сәйкестендіріле
жүргізілуі керек.
Оқырманның ақпараттық іздеу қабілетін жаттықтыру баланың кітапханаға
келген негізгі мақсатына – оқу барысында тұлғаның шығармашылық жағынан
қалыптасуына нұқсан келтірілмеуіне кітапхана ат салысуы қажет.
Балалар кітапханалары функцияларының негізгілерінің бірі – білім
берушілік.
Оны былайша сипаттауға болады:
- біріншіден, жалпылық және әмбебаптық, өйткені, оқу, онсыз қоғамда
өмір сүру алмайтын және барлығына дерлік қажетті әлеуметтік қабілеттер
қатарына жатады;
- екіншіден, базалық ретінде, себебі, оқырмандық қызмет, басқа қызмет
түрлерінің-танымдық, білімдік, еңбектік, т.б. негізінде жатады;
- үшіншіден, өзгермейтін ретінде, әйтпесе ұрпақ ауысымы шексіз және
білім мен тәжірибе үлестіру процесі мәңгілік жүрер еді.
Біздің ғасырымызда бала кезден бастап толыққанды оқырман болып
үлгерулеріміз қажет, олай етпеген жағдайда, өмір оған уақыт қалдырмауы да
мүмкін.
Осы функцияны орындау бағыттарының бірі балалар оқуын ұйымдастыруға
қатысты – балаларға кітаппен жұмыс істеу үшін қажетті ыңғайлы жағдайлар
жасау – олардың құқығына сәйкес орын-жайды, жабдықтарды техникалық
құралдарды ұсыну, кеңес беру және оқыту сипатындағы көмектер көрсету.
Білім берушілік функцияны орындау барысында, кітапхана көркем әдебиетке
деген балалар қызығушылығының артуына ықпал еткені абзал. Жас оқырман өскен
сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Кітапханамен қарым-қатынас жасауға
кәсіби әдебиеттанушыларды, көркемсөз шеберлерін, әртістерді шақыру, кештер,
пікірсайыстар, конференциялар, жаңа кітаптардың тұсау-кесерлерін өткізу,
т.б. өте пайдалы.
Егер бұрын баланың кітап мәдениетіне аралау дәрежесі, негізінен, ата-
анасының танымдық деңгейіне байланысты болып келсе, ал енді қазір біреулер
үшін нақты бір мектептегі оқыту деңгейі, бүрынғы әлеуметтік,
материалдық,олардың артынан келіп туындайтын – мәдени ұстаным сияқты
факторлардың мәні аса басым.
Әлеуметтік және мәдени дифференциялар (бөліністер) оқу ісіне әсер етпей
қоймайды. Ол көбіне көп адамдардың әлеуметтік жағдайларына байланысты болып
барады, олардың арасындағы айтарлықтай ерекшеліктер оқырман-балалардың
өзара жіктелуін күшейтіп келеді.
Бұл элиталық деңгейдегілердің қажеттіліктерінің қиындауына, ал
әлеуметтік аз қамсыздандырылған деңгейдегілердің қажеттіліктері келуіне
әкеліп отыр. Кітапхана екі деңгейге де қажет, бірақ әртүрлі сапада десе де
болады. Кітапхананың әлеуметтік рөлі тек өсіп қана қоймай, сонымен бірге,
төтенше қиындай түскені объективті жайт.
Мектеп оқырмандық қызметке жеткіліксіз дәрежеде әсер ететіні баршаға
мәлім. Ол оқырмандық даму процесінің даралануы үшін жағдайлар жасап отырған
жоқ және жасай да алмайды, мұндай мәселені көпшілік оқыту процесінің алдына
қою бәлкім, дұрыс емес те шығар.
Алайда, оқырманның даму процесінде мектеп теріс әсер етеді деп түсіну
қателік болар еді. Мектептегі оқыту оқырман дамуындағы жетістіктердің
әлеуметтік нормасын белгілейді. Қызмет субъектісі өз жеке жетістіктерін
аталмыш эталонмен салыстыра келе, оны тек жеке көзқарастарының деңгейінде
ғана емес, сондай - ақ қоғамда қабылданған үлгілерге қатысты басқару
мүмкіндігін алады.
Инновациялық білім беру: колледждер, лицейлер, мысалы гуманитарлық
ғылымдарды тереңдетіп оқытатын мектептер өздеріне сәйкес оқулықтармен
қамтамасыз етілмеген..
Кітапханалар сұранымдарды орындау, маркетингтік зерттеулер жүргізу, өз
қызметіне талдау жасау, т.б. арқылы көптеген процестерді жақсартуда: кітап
қорын толықтырудан бастап құрылымдық өзгерістерге дейін.
Білім беру мекемелері балаға тек мектеп бағдарламасы аясында жүретін
түзу, жүйелі білім береді. кітапхана басымдылығы сол - шексіз танымның
қайнар көзі болып табылады.
Соның өзінде, балалар кітапханасына 2 түрлі типтегі функцияларды
орындауға тура келеді: өзінің тікелей міндеттері және оқыту есебінде
адымдау. Осы жағдайға икемделу қажет (мектеп кітапханалары күшейгенге
дейін), оқыту мақсатына қажетті кітап қорын қалыптастыру керек,
бағдарламалық шығармаларды көп таралым санымен толықтырған жөн.
Кітапхана және білім институттары қарым - қатынас аспектілері
Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының Заңы кітапхана ісін
ақпараттық, білім беру және мәдени — ағарту қызметінің негізгі болып
саналатын мәдениет саласы екенін айқындайды. Сондай - ақ осы заңда мәдениет
саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір принциптері жарияланған:
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне, ұлттық және әлемдік мәдениеттің
байлығын бойға сіңіруге ықпал ететін білім мен тәрбие жүйесін дамыту.
Қазақстан Республикасындағы кітапханалар ісі туралы ережесі (29
наурыз 1996 жылы Мәдениет Министрлігінің жарлығымен бекітілген) кітапхананы
ақпараттық, мәдени және білім беретін мекеме ретінде айқындап береді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында басты мақсаты ретінде
мыналар көзделген: білім алу үшін қажетті жағдай жасау, ұлттық және жалпы
адамгершілік бағалылық негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуын, дамуын
қадағалау. Осы Заңның 19 бабында мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылатын
балалармен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламалары атап
көрсетілген. Бұл ұйымдардағы білім қызметінің еркін қолданылуын мемлекет
қамтамасыз етеді. Мұндай ұйымдар жеке тұлғаның, шығармашылық еңбектің
дамуына, жалпы мәдениеттің, салауатты өмір салтының, қоғам өміріне мазмұнды
бейімделуінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Өкінішке орай, мектептен тыс ұйымдардың қатарында кітапханалар жоқ.
Кітапханалар барлық уақытта өздерін қосымша білім беретін мекемелерге
жатқызады және ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің
сапасын ақпарат пен білім алудың көмегімен жақсартуды қамтамасыз етеді.
Білім тек қана оқу орындарында ғана емс, сондай - ақ кітапханаларда да
қалыптасады. Сондықтан әлеуметтік жағдайларына бейімделуге тырысады. Бұл
жерде бейімделу процесін басқару ғана маңызды емес, сонымен қатар білім
беру мен кітапханалық қызметтің бірлігін де сақтау керек. Әзірге кітапхана
функциясы өзіне сәйкес келетін білім мақсаттарына жатады.
Кітапханалар біздің білімімізге не береді және білім оқу сұранысын
қалай дамытады? Бұл жерде балалар мен жасөспірімдердің баспа сөзге деген
қызығушылығының төмендеуі, бос уақыт құрылымындағы оқу уақытының қысқаруы,
оқу сипатының өзгеруі, аудивизуальды мәдениеттің үлесі артуы секілді
артықшылықтарды айту аз, сонымен қатар көңіл қойып оқу сипатын ие жоғары
сауаттылықты табуға жағдай жасау қажет. Сондықтан білім концепциясы
бағдарламасына өзіміздің Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерге
кітапханалық қызмет көрсету концепциясын өңдеп, білім концепциясының бір
бөлімі ретінде ұсыну керек.
Ақпараттық, білім орталықтарының, құқық орталықтарының әлеуметтік
бейімдеу орталықтарының жоспарын құру қажет. Білім мекемелерінің
кітапханашылары мен көпшілік кітапханаларының кітапханашыларының арасындағы
байланыс даму мен жетістіктердің мүмкіндігіне қарай бағаланады.
Балалар оқуы: мәселелері мен шешу жолдары.
Францияның белгілі жазушысы Марсель Пруст оқуды сиқырлы кілт деп атап,
кітаптың маңызын тура анықтап берді. Бұл балаға өзін қоршаған әлемнің
есігін, және ең бағалысы өзінің ішкі әлемін, яғни өзін - өзі тануға көмегін
тигізетін сиқырлы кілт.
Кітаптың қабылдануын толық қарастыру қажет.
Оқушы мәтін, мазмұнын қабылдайды, оқып отырған мәліметті өзіне алады,
оның мазмұнын миына сіңіреді. Оқып отырған мэтін мазмұнына өз көзқарасымен
қарайды: келіседі немесе келіспейді, өзі бейнесін жасайды, салыстырады және
бағалайды. Жазушы оқырманды жетелейді, фантазия, эмоцияға бағытталған күш
линияларын құрады.
Осылайша, қабылдау объект көлемінен ауқымды болады.
Балаларға білім берудегі кітапханалардың ролі.
(Шымкент қаласының оқушыларына жүргізілген микрозерттеу бойынша)
Қанша адам сонша пікір.
Біз кітапты тілге тиек еткенде бір ғана нәрсе ойға келеді. Даналықпен
біліммен және тәжірибемен танысу және оқу қажет. Бұған ешкім таласпайды. Ал
шындығына келгенде қалай?
Алынған жауаптар тақырыпқа ауқымды қарауға мүмкіндік береді.
Бірінші сынып оқушылары. Бұл ерекше топ. Балалар енді — енді өздігінен
оқуды үйреніп жүр, бірақ кітапханаларға келеді. Олардың 20 % -сабақ
тапсырмасын орындауға, 10 % - өздігінен білім алуға, 40 % - үйдегі кітаптың
жетіспеушілігінен, 30 % - басқалай себептермен кітапханаға барады. Бұл
балаларды зерттеуде кітапханалардың тек қана плюстері, қажеттілігі
айтылады, бірақ біз оқырман залдарында отырған кішкентайларды көрмейміз.
Негізінен олар көркем әдебиет пен тарихи кітаптарды оқиды. Бірақ
кітапханадағы Интернет нұсқасы бос қалады. Және соңғысы балалар кітапхана
мен Интернеттің кемшіліктерін неге көрмейді? Бұл тәжірибенің жоқтығынан,
яғни кішкентайлар үлкендердің мәселелерін соңына дейін түсінбейді.
Екінші топқа 2 - ші және 4 - ші сынып оқушылары жатады. Бұл топтың
балалар мен қыздарының арасындағы жауаптардың азғана айырмашылығы бар.
(тақырып таңдауы: қыздарда - поэзия, балаларда - автомобильдер мен
энциклопедиялар). Кітапхананың плюстері мен минустарын салыстырғанда бұл
топта әлі де болса кітапхананың плюстері басым (жұмыс уақытының қолайлығын,
кітаптардың көп түрлілігі, қызықты кітаптар).
Үшінші топ - 5 - ші, 6 - шы сынып оқушылары. Жауаптарды таңдауда оларда
мұқияттылық сезіледі, олардың анкеталарында барлығы бар: мәселені бала
ретінде қабылдау да, және кемшіліктерді ересек көзбен қарауда. Бұл
жастағылар - кітапхананың нағыз оқырмандары.
Және ең соңғысы төртінші топ жоғары сынып оқушыларын біріктіре (7 - ші
класстан бастап). Бұлардың кітапханаға келу себебі үй кітапханасындағы
кітаптың жетімсіздігі, әсіресе бітіруші түлектерде.
Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері.
Бүгінгі күні балалар кітапханасы жан-жақты дамыған, мүмкіндіктері кең,
көп салалы құбылыс.
Біз кітапхана жұмысының іс-тәжірибесіне көбірек, тереңдеп ой жүгірткен
сайын, олардың жан-жақтылығы таңғалдырады. Бұл заңды құбылыс. Бүгінгі
кітапханасы бұдан 7-8 жыл бұрынғы монолиттер емес, бүгінгі кітапханалардың
жұмыстарының негізгі ерекшеліктері мен белгілері олардың:
- іздемпаздығы
- жаңашылдығы
- біліктілігі болып отыр.
Міне бүгінгі Ы.Алтынсарин атындағы ОБК-ның уақыт талабына үндесе отырып
кітапханаға, кітапқа деген балалардың қызығушылығын арттыру арқылы
кітапханаға тартудың түрлі жолдарын қарастыру мақсатында жүйелі іс-шаралар
ұйымдастыруда.
Кітапханаға баланы кітап оқуға тартудың әдістері бүгінде күрделі
комплексті, көп аспектілі өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде
жүйелі әдісті қолдану тиімді.
Жүйелі әдістер деп отырғаным кітапханада балалардың кітап оқуын
ұйымдастыру, олардың кітапханаға жүйелі келуін қамтамасыз ету мақсатындағы
маңызды шарттары мен бағыттары. Біздің кітапхана бұл бағыттар мен шарттарды
мынандай бірнеше блоктарға бөліп қарап, іске асырып отыр:
1. Баланың психологиялық, интелектуальдық және мәдени дамуы
көрсеткіштері (логикалық ойлау, көңіл бөлу, есте сақтау қабілеттері,
шығармашылық мінез-құлық, қарым-қатынас қабілеті т.б.)
2. Балалармен жұмыс істейтін кітапханалардың негізгі қызметтері
(ақпараттық, білімділік, тәрбиелік, бос уақытын тиімді пайдалану т.б.)
3. Оқырмандардың жас ерекшеліктері.
4. Кітапханалық жұмыстың түрлері (жеке және көпшілік, көрнекілік,
реклама т.б.)
5. Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің өзара тығыз ынтымақтастық
мақсатта жұмыс істеуі.
6. Балалардың кітап оқуына оң ықпал ететін мекемелермен өзара байланыс.
7. Ата-аналармен жұмыс.
8. Жүйелі тұрғыда кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру.
Енді кітапхана қабырғасында атқарылып жатқан түрлі бағыттағы жұмыстарды
пайдалана отырып, қазіргі таңдағы баланы кітап оқуға тартудың жоғарыдағы
аталған әрбір блоктарына тоқталайық:
1. Баланың психологиялық, интелектуальдық және мәдени даму
көрсеткіштері.
- бұл баланың кітап оқу мүмкіндігін қарастыра отырып, қызығушылығын
білу.
Біз баланың өсу жолына, қоршаған әлемді тани білуге, азаматтық және
өнегелік көзқарасын қалыптастыруға көркем әдебиеттің маңызы зор екенін
білеміз.
Соңғы жылдары кәсіби басылымдарда айтылып жүргендей психологиялық
зерттеу жұмыстары мынандай қарама — қайшы құбылыстардың орын алып отырғанын
көрсетті:
- мектептегі оқу процесінде берілген білімнің іс-жүзінде пайдалану
кезінде балалардың ақыл-ойының дамуында баяулық бар екені байқалды. Әрине,
мұндай жағдайда оқу мен дамудың арасында қарама - қайшылық пайда болады.
Осы мәселені шешетін жол табу мақсатында кітапхана қабырғасында ОБК -
оқырман көзімен атты зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу базасы кітапхананың қызмет көрсету бөлімдері болды.
Жалпы сұранысқа 319 оқырман (1,5%) қатысты. 319 респонденттің 67%
кітапханаға жиі келетіндер. 228 респондент, бұл 70% кітапханамен қатынасын
жақсы дәрежеде көрсеткен, 8 - қиналады, 30 - бейтарап, ал 53 - і бұл
сұраққа жауап бермеген. Бұл әрине ойланатын нәрсе болды.
Респонденттің 57% сүраныстағы әдебиеттердің барлық уақытта
орындалатынын, 8% сирек, қалған 34% көпшілігінде орындалады деп атаған.
200 респондент өздерінің қызықтыратын әдебиеттердің жеткілікті екенін,
ал 37% толыққанды емес екенін көрсеткен.
161 респондент (50%) біздің іс-шараларға қатысқан, 104 (32%) іс-шаралар
туралы, олардың болатынын да білмейді екен.
Ал кітап көрмелерінің маңыздылығы мен мақсаттылығы туралы сұраққа 193
респондент (61%) олардың пайдалы екендігін, 56 респондент (17%) оларға мән
бермейтіндігін көрсеткен.
Кітапхана несімен ұнайды деген сұраққа - қызмет көрсетуі, жайдың
ыңғайлы әдемі екендігі, ксерокстің қызметі, кітап қорының жиі жаңартылып
тұратындығы, кітапханашылардың жақсы көмек ететіндігі, тазалығы.
Ұнамайтындығы: - оқу залындағы орынның аздығы, кезектің көп
болатындығы;
- фантастикалық жанрдағы, абономенттегі мектеп бағдарламасына көмекші
әдебиеттердің, және жасөспірім қыздарға арналған көркем шығармалардың
әсіресе қазақ тілінде аздығы.
Келесі бір осындай зерттеу жұмысы өткен 2006 жылы облыстық мәдениет
басқармасының ұйымдастыруымен облыс тұрғындары арасында ауылдық
кітапханалардың қажеттілігі, жаңа заман талабына орай оның міндеті мен ролі
туралы сұраныс жүргізілді. Сұраныс Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Бэйдібек
аудандарында өткізіліп, оған 2278 ауыл тұрғындарынан респондент тартылды.
Сұранысқа қатысқандардың 87% пайызы ауыл кітапханаларының оқырмандары.
Барлық респонденттер ауылға кітапхананың қажеттілігін көрсете келіп,
кітапхана бүгінгі таңдағы бірден - бір ауылдағы мәдени - ақпарат ошағы
екенін айтады.
Кітапхана жұмысындағы не ұнайды? - деген ашық сұраққа негізінен:
- кітапханашының жауапкершілігі
- кітап таңдаудағы көмегі
- көпшілік іс-шаралар өткізуі деп жауап алынған Не ұнамайды? - деген
сұраққа
- кітапхананың материалдық - техникалық базасы
- жаңа кітаптардың аздығы
- қазақ тіліндегі көркем және сала бойынша әдебиеттердің, балалар
әдебиетінің, мектеп бағдарламасына көмекші әдебиеттердің, жергілікті және
республикалық басылымдардың жоқтығы делінген.
Бұл зерттеудің нэтижесінен біз жергілікті тұрғындардың ауылдағы бірден
— бір мәдени ошақ — кітапханаға деген қызығушылығының, қажеттілігінің
артқанын көреміз.
Ал кітапханада өткізілген зерттеу жұмысын тұжырымдай келе, бұл мәселені
меңгеруді жүйелі түрде іске асыру көзделіп отыр.
Атап айтатын болсақ:
- кітапхананың кітап қорын жетілдіру,
- кітапханада насихат жұмыстарын жандандыру,
- жарнама жүйесін дамыту,
- оқырмандар сұранысын қанағаттандыру жолдарын жетілдіру. Мұнымен қоса
кітапхана оқырмандарға ғылыми - танымдық және көркем әдебиеттермен
насихаттау мақсатында бірнеше қызығушылық клубтар жұмыс істейді. Өркен,
Балапан, Музыкальный перекресток, Академия юных художников
клубтарының мақсаты әдебиеттерді дәріптеу арқылы балалардың бойына
әуесқойлық, қызығушылық, байқағыштық қабілеттері жетілдіруі.
2. Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізі қызметтерін
ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану деп – 4
бағытта қарауға болады.
Ақпараттық қызметті - бұл балаларға ең қажетті ақпараттарға
-энциклопедия, ғылыми-танымдық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, жеткізу
мүмкіндігіне ие болу. Бұл жерде қордың да атқарар ролі үлкен.
Ақпарат көздерін кеңінен дамыту оқырмандардың ақпараттық іздену
әдістері маңызды саналатыны сөзсіз. Іс — тәжірибеде байқағанымыздай бүгінгі
күні кітапханашыларға күнделікті мәселе саналып отырған балардың баяндама,
реферат, шығарма т.б. дайындаудағы өз мүмкіндіктерін аша алмауы
кітапханашыларға міндеттерді жүктейді. Бұл дегенім оқырмандардың
кітаптардағы ақпарат жүйелерін, соңғы технологияларда қолдануының
маңыздылығын атаған жөн, бұл жерде кітапхананың да ролі үлкен.
Міне осылайша кітапхананың негізгі қызметінің бірі білім-беруге өтеміз.
Білім-беру қызметін іске асыруда балалардың көркем әдебиетке қызығу
белсенділігін арттыру өте маңызды. Бұл оқырман есейген сайын күрделене
түсетіні белгілі. Бұл жерде кітапхананың басты көмекшісі әрине – кәсіби
әдебиетшілер, жазушылар, көркем-сөз шеберлері, өнер саңлақтары.
Кітапханада соңғы 4 жылдың көлемінде Алтынсаринның қонақжай
шаңырағында атты айдардың кездесу кештері өтіп тұрады.
Қонақжайға жергілікті ақын-жазушыларымыз, өнер қайраткерлері
шақырылады.
Бұл жөнінде толығырақ кітапхананың шығарған Алтынсаринның қонақжай
шаңырағында - шығармаларынан білесіздер.
Тәрбиелеу қызметі.
Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын рухани тәрбие жұтаңдығы психологиялық
білімнің және әдістемелердің жетіспеушілігі бала тәрбиесіне кері әсерін
тигізеді. Сондықтан да кітапханашыға көркем әдебиеттегі және өнердегі үлгі
өнегелерді тани біліп балалармен жоғары эстетикалық және этикалық қарым-
қатынас жасай білуге қол жеткізуі өте маңызды саналады.
Кітапханада өткізілетін әрбір іс-шара тәрбиелік тұрғыдан орын алатыны
белгілі. Кітапхана табалдырығын аттаған әрбір оқырманмен кітапханашы
арасындағы тіл табысу, түсінушілік әңгімелері: олардың ықыласпен күтіп
алып, көмек көрсетуге әзірлігін білдіру кітапхананың басты ұраны.
Бұл біздің - кітап таңдауға көмегіміз
- көрмелермен таныстыру
- бірлесіп кітап таңдау және талдау жұмыстары.
Келесі бағыт кітапханада бос уақытты тиімді пайдалану қызмет.
Кітапхана өз іс —тәжірибесінде бос уақытты тиімді пайдалану қызметін 3
бағытқа бөліп қарайды.
1. Бос уақытта баланың еліктейтін әдебиеттерін оқытуды көздеу.
2. Оқырмандар арасында қызықты және пайдалы шығармаларды, қолөнер
жұмыстарын коллекция және т.б. жасауды дамыту.
3. Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысу көздеу
(клуб жұмысы, көрмелер, түрлі сабақтар т.б.)
4. Оқырмандардың жас ерекшеліктері.
Жасөспірім оқырмандардың және балалардың кітап оқуын ұйымдастыруда
кітапхана мүмкіндіктерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің
бірі. Өйткені, соңғы жылдары балалар кітапханасының оқырман аудиториясы
кеңейтіліп отыр. Тіпті кітапханаға 1,5-2 жастағы балалар да келетін болады.
және 10-11 сыныптың оқушылары да балалар кітапханасынан пайдаланады. Бала-
бақша жасындағы балалардың психикасының дамуына әдеттегіден тыс айқын
әсерлер, фактілер қатты әсер ететіні белгілі. Осыған орай, қазіргі баспалар
балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін кітапханашыларға мол
мүмкіндіктер беруде. Қазіргі шығып жатқан балаларға арналған танымдық
әдістемелік аяқты кітаптар, көз бар кітаптар, жастықша кітаптар,
театр кітаптар, алып кітапшалар балаларды қызықтырмауы мүмкін емес.
Ең бастысы осындай кітаптар кітапхана қорынан орын алып балаларға ашық
пайдалануға берілгені дұрыс. Балабақша жасындағы оқырмандардың ой - танымын
дамыту маңызды болғандықтан кітапханашылар олармен белсенді және сезімтал
жүрекпен жұмыс істейді. Балалардың осы кезеңде алған білімдері мектеп
қабырғасындағы алғашқы жылдардағы сыртқы дүниені қабылдауға және есте
сақтау қабілетін арттыруға, ой — танымын дамытуға негіз бола алады.
Бастауыш класс оқшыларымен жұмыс істеуде олардың әдебиет жанрларына
қызығушылығын қолдау да маңызды. Мұны ашық кітап сөрелеріндегі
көрнекіліктер және түрлі - түсті кітап көрмелерінің көмегімен іске асыруға
болады.
Бастауыш класс оқушыларының кітапқа құмарлығын ояту олардың алдағы
өмірде жақсы дамуына жол ашады.
Сондықтан, бастауыш класстардан бастап балаларды түрлі ақпарат көздерін
пайдалануға үйрету өте маңызды. Мектеп жасындағы балалардың ой-танымын
қалыптастыру үрдісі олардың болашақ өмірінде үлкен роль атқарады. Сондықтан
да, кітапханада жасөспірімдердің кітап оқуын ұйымдастыруда өзі оқыған
шығармаларындағы кейіпкерлерге баға беру, пікір айту, оларға үлкен әсер
етеді. Жүйелі ықпал етуді қолдану жоғарыда қарастырылған әдістемелерге,
формаларға және жұмыс бағыттарына қайта назар салуды мойынға жүктейтінін
айта кету керек.
Әдістемелерді қайталау жүйенің тікелей ерекшеліктеріне және олардың
өзара тығыз байланысына тікелей қатысты.
4. Кітапханалық жұмыстың түрлері: (жеке және көпшілік, көрнекілік,
реклама т.ж.)
Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы
тығыз байланысты сақтауда үлкен атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы
жүргізілетін көпшілік жұмыстар.
Кітапханада әрбір ұйымдастырылатын іс-шараны бастамас бұрын оны
төмендегідей бірнеше басты кезеңдерге бөліп аламыз. Сөйтіп бағыттарды
негізгі ала отырып іс-шаралар ұйымдастырылады.
1. Мақсаттылықты көздеу.
2. Жоспарлау.
3. Ұйымдастыру және даярлау.
4. Іс-шараны тікелей жүзеге асыру.
5. Күтілетін нәтижелер.
Бүгінде біздің оқырмандарымыздың өздері қабылдауына бағытталып
жүргізілген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде
қатыстыратын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың алдына
қойған мақсаты бар мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір іс — шараны
түрлендіре өткізу.
Кітапхананың іс - тәжірибесіндегі жандандырып түрлендіре отырып өткізіп
жүрген көпшілік іс - шаралар олар оқырман бенефисі, аукцион, идеялар
жәрмеңкесі, кітап премьерасы, саяси сайыс, әдеби музыкалық қонақжай, дебат,
ойын түрінде өтікізілетін түрлі байқаулар, сайыс ойындар. Мен соның бір -
екісіне тоқталайын.
Ы.Алтынсарин кітапханасында соңғы 3 жылдың көлемінде Болашақ тұтқасы -
бүгінгі үландар айдарымен, XXI ғасыр майталманы - атты интелектуалды шоу
дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мұндай интелектуалды шоу ұлттық салт -
дәстүр тәрбиесін жас ұрпақ санасына дарытуды мұрат тұлып, өнердің қайнар
көздері: шешендік, білімділік, ақынжандылық, тапқырлық, имандылық,
әдептілік, ақыл-парасатты қалыптастыруға сәтті қадамдар жасайды. Бүгінгі
жас ұрпақтарымыздың білім саласын тексеру бағытында ұйымдастырылып жүрген
бұл сайыстың маңызы зор. Бұл шоуға қала мектептерінің барлық талапкерлері
шақырылады. Сайыс төменгі шарттардан тұрады:
1. Бәйге.
2. Полилот.
3. Көкпар. (тіл проблемасы)
4. Егер мен ... (белгілі бір тақырыпта, әкім болсам т.б.)
5. Ғажайып 7 пән (пән аралық жарыс)
6. Шешендік өнер (қоғамның өзекті мәселесін тақырыпқа алу) Кітапхана іс-
тәжірибесінде белсенді орын алған келесі бір іс - шара
СуперОқырман байқауы. Байқаудың мақсаты оқырмандар арасында озатта,
белсенді, іскер оқырманды табу.
5. Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің өзара тығыз ынтымақтастық
мақсатта жұмыс істеуі
Балалардың кітап оқуын ұйымдастырудағы тағы бір өзекті мәселе кітапхана
құрылымдық бөлімдердің бір-бірімін тығыз байланыста жұмыс істеуі.
Оқу залы - ақпараттық - библиография бөлімі;
- кітап сақтау және өңдеу бөлімі;
- көпшілік іс-шаралар секторы.
6. Балалардың кітап оқуына оң ықпал ететін мекемелермен өзара байланыс
ОБК - схемаға сипаттама беру. (схема тарату)
1. Мектептер, лицейлер, гимназиялар, пансионаттар. Мектептермен арнайы
келісім шарт бойынша жұмыс жасалынады. Мақсаты:
- Оқушылардың іс-шараларға қатысуларын қадағалау.
- Мұғалімдерге көмек.
- Арнайы оқу жылына арналған іс-шара.
- Кітапханашылармен байланыс.
2. Балабақша:
- көшпелі кітап беру пунктері;
- тәрбиешілермен;
- іс-шараларға қатыстыру.
3. Жергілікті басылымдар, телестудиялар, реклама жүйесі.
4. Оқушылардың шығармашылық үйлері:
- обл., қалалық оқушылар сарайлары;
- обл., қалалық сауықтыру орталықтары;
- обл., экологиялық орталық;
- Ассо. Юнных лидеров (жас лидерлер ассосациясы);
- Дебат орталығы.
Барлығы балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға көзделінген.
5. - Арнайы жабық балалар мектебі;
- Қалалық кәмелеттік жасқа толмаған балалар инспекциясы.
6. Ұлттық мәдени орталықтар;
- қаладағы мәдени орталықтармен байланыс
7. Қаладағы кітапханалар
- мектеп және т.б. кітапханашылар;
8. Кітап сататын ұйымдар
- қорды жетілдіру, жаңарту;
9. Жергілікті әкімдер.
- қалалық, облыстық әкімдер жұмысы,
- бұл әсіресе ауылдық жерде маңыздырақ.
7. Ата - аналармен жұмыс істеу
- Баланы құрсақтан тәрбиелеу (кәсіби басылымдарға сүйене отырып)
- Л.Н.Лукзенің Ата - аналарға арналған статьясына тоқталу. М.К. 2004
№3
Ата-аналарға арналған кеңес - буклет:
- балалар поликлиникасы
- балалар - бақшасы
- перзентхана.
Әсті осылардың нәтижесі болу керек соңғы кезде жас ата - аналардың,
сәби күтіп жүрген аналардың кітапханаға келуі жиі байқалып жатыр.
Театр киім ілгіштен басталады демекші, баланы кітап оқуға баулу
ананың құсағынан басталады. Кейінгі кезде қалыптасқан Білім мектептен
тасталады деген көзқарас қайта ойлауды қажет етеді. Бұл үрдіс отбасынан
басталуы керек. Мектеп тек оқуға және жазуға үйретеді. Менің айтайын деп
отырғаным, кітапқа деген сүңіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан
алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүруге алмауға баулу. Бұл
мектептің негізгі міндеті болып саналмайды. Керісінше нағыз отбасылық
қызмет. Барлығы ерте балалық шақтан басталуы тиіс.
8. Жүйелі тұрғыда кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру.
Бүгінгі таңда кітапханашылардың кәсіби шеберлігіне, білік өрісіне,
зиялылық және танымдық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.
Күрделі және қырлы тапсырмаларды шешу сияқты балалардың кітап оқуын
ұйымдастыру бағдарламасын іске асыру және табысты жоспарлау кәсіби
дайындығы дамыған мамандардың ғана қолынан келетіні сөзсіз. Балалардың
кітап оқуын ұйымдастыру проблемасын шешуде соған лайықты эмоциялық көңіл-
күй түзу және кәсіби сауаттылықты көтеру үшін кітапхана қызметкерлері ең
алдымен өз кәсіби шеберліктерін көтеруге ұмтылуы қажет.
Біздің кітапханада қызметкерлердің білім жетілдіру жүйесі төменгі
бағыттарда жүргізіледі:
- ғылыми әдістемелік кеңес;
- кәсіби шеберлік мектебі;
- әдеби дастархан (кітапханашының ой-өрісін кеңейту);
- компьютерлік сауаттандыру мектебі;
Бұнымей қоса (Эффективный библиотекарь) жігерлі кітапханашы курсы
келесі 3 бағатта жұмыс жүргізеді:
- қызметкерлерді басқару;
- басқару және жоспарлау;
- өзін-өзі басқару;
- кәсіби мобильдік (кітапхана қызметкерлерінің инновациялық және жаңа
өзекті мәселелер төңірегінде дер кезінде хабардар болуы, жаңашылдығы,
білімділігі, жылдамдығы).
Уақыт өзгерген сайын кітапхана саласындағы қызметте оның әдістері мен
бағыттары да түрлене алға басуда. Демек біздің кітапханашыларымыздың да өз
қызметіне деген таза сезімі, көрген көз айшықты еңбектері — жаңашылдығымен,
біліктілігімен, іздемпаздығымен, білімділігімен алға басуы шарт. Ал бұл
дегеніміз - мыңдаған жас оқырмандарымыздың кітапқа және кітапханаға деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Егемен еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақ киелі шаңырақ білім
ордасының табалдырығында шынығып, шыңдалатыны ақиқат.
Бүгіндегі атқарылар әрбір іс-шара бүгінгі күннің уақыт талабымен
сабақтасып, заман ағынымен үндесіп жатса біз шығар меже де осы емес пе?
2. Балалар кітапханасындағы бұқаралық жұмыстардың түрлері.
Бала біздің болашағымыз. Қазақстанның бүгінгі мен болашағы жастардың
еншісінде. Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш те -бүгінгі мектеп
партасында отырған оқушылар. Ендеше бүгінгі жас буын мемлекетіміздің мағым
тірегі болсын десек - XXI ғасыр жастарын жан-жақты терең білімді, сауатты
болуға баулу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жәрдем беретін шаңырақтың бірі -
кітапхана.
Баланы бастан десек кітапхана саласында әсіресе, балалар кітапханасына
көбірек көңіл бөліну қажет. өйткені жастайынан кітап оқуға ынталанған бала
- ертең жасөспірім оқырман. Ал келешекте көпшілік кітапхана оқырманы.
Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы
тығыз байланысты сақтауда да үлкен роль атқаратын жұмыс тәсілінің бірі -
бұқаралық іс шаралар.
Бұқаралық іс-шаралар барлық көрнекті және баспа құралдарының жиынтығы
арқылы, оқырмандардың белгі бір тобына ықпал етеді, яғни оқырмандарымыздың
білімін, ой-өрісін байытатын әдебиеттермен қауышуына елеулі үлес қосады.
Кітапханада әрбір нақтылы жағдайға байланысты оқырмандар аудиториясының
белсенділігін, кітаптарды насихаттауды тиімді тәсілдері мен түрлерін,
әдістерін ұштастыра отырып әр түрлі өткізген жөн: мысалы, ауызша журнал,
оқырмандар конференциясы, пікірталас, ауызша насихат, дөңгелек үстел т.б.
түрлерін түрлендіріп өткізу қажет. Өйткені бүгінгі оқырмандарды өздері
енжар қабылдауына бағытталып жүргізген іс-шаралар емес, керісінше олардың
өзін белсенді түрде ұйымдастыратын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан
оқырмандарымыздың рухани жан дүнмесін байыту үшін Бұлақ көрсең көзін аш,
сусыныңды қандырар - деген халық нақылын ескеріп, бүқаралық іс-шараларды
түрлендіріп өткізіу қажет. Жалпы бұқаралық іс-шараларды 2-ге бөліп қарауға
болады:
1. Ауызша насихат түрлері
2. Көрнекті насихат
Мен соның ауызша насихат түрлеріне тоқталайын. Алдымен ауызша
өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың дәстүрлі түрлерін айтатын болсам. Олар:
1. Ауызша журнал.
2. Дауыстап оқу.
3. Ерлік сағаты.
4. Кітап премьерасы.
5. Портреткеші.
6. Кездесу кеші.
7. Ақпарат күні.
8. Библиография күні.
9. Мүдделестер клубы.
10.Поэзия сағаты.
11.Оқырмандар конференциясы.
Ал енді соңғы кезде жандандырып, түрлендіріп отырып өткізіп жүрген
бұқаралық іс-шаралар түрлері:
1. Оқырман бенифисі.
2. Аукцион.
3. Әдебиеттер кафесі.
4. Идеялар жәрмеңкесі.
5. Дебат.
Ал ойын түрінде өткізіліп ңсүрген бұқаралық іс-шаралар:
1. Саяси сайыс.
2. Әдеби сот.
3. Дискотека.
4. Көңілді тапқырлар клубы
5. Әдеби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері
Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг
XXI ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Пәндер