Сарыағаш ауданының табиғаты
1. Сарыағаш ауданының табиғатына физикалық.георафиялық сипаттама
2. Сарыағаш ауданы туралы жалпы мәлімет
3. Сарыағаш ауданының геологиялық, тектоникалық құрылымы, жер бедері
4. Ауданның климаты, ішкі сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі
5. Сарыағаш ауданының табиғат ресурстары
6. Ауыл шаруашылығы және оның бағыттары
7. Аудандағы өнеркәсіптің басты салалары
8. Қызмет көрсету салалары
9. Сарыағаш ауданындағы минералды сулардың таралу географиясы
10. Минералды суларды шаруашылықта пайдалану

Әр жердің өзен-суларының, тау-тас, сай-саланың атаулары жайдан-жай қойыла салмаған. Әр аттың өзіне лайық тарихи шындығы бар. Сол сияқты Сарыағаштың Сарыағаш аталуына да осындай дәлел бар.
Біздің заманымыздан бұрын Бор дәуірінің екінші кезеңінде осы аймақта қылқан жапырақты ағаштар өскен. Арада 90 миллион жылдай шамасы уақыт өткенде бұл ағаштар түсі сары тартып тасқа айналған. Тасқа айналған сары ағаш осы күні Жылға мен Шеңгелді темір жол бекеттерінің аралығында кездеседі. Оның ұзындығы алты метрден он екі метрге дейін жетеді. Сондай-ақ бөлшек-бөлшек, ұсак-ұсақ, кішкене майда тастары «Әлімтау» жоталарыңда, «Сөк-сөк» аймағының әртүрлі қыраттарында жиі ұшырасады.
Осы ағаштардың әртүрлі ұзыңдықтағы бес данасы Өзбекстан Ғылым Академиясының академик Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика институтының ғимараты алдына апарып орнатылыпты. Тасқа айналған сары ағаш тегін зерттеп, ғылыми жолмен алғаш ашқан ағылшын ғалымы Penhollow, екінші ашқан жапон ғалымы Шимакики.
Орыс геологтары Сөк-сөк ата құдығынан үйрек тұмсықты динозаврдың қаңкасын (скелетін) түгелдей тапқан. Табылған бұл қаңқа қазір Мәскеудегі Ғылым Академиясының Палеонтология институтының мұражайында сақтаулы тұр. Осы үйрек тұмсықты динозавр қаңқасының көшірмесі Өзбекстан Республикасының геология мұражайында ( Фурхат даңғылы, 4) бар. Мұнда жазылған анықтамада динозаврдың жасы К2, бұл Бор дәуірінің екінші кезеңі деген сөз, яғни тасқа айналған сары ағашпен жасты.

Жоспар
1. Сарыағаш ауданының табиғатына физикалық-георафиялық сипаттама
2. Сарыағаш ауданы туралы жалпы мәлімет
3. Сарыағаш ауданының геологиялық, тектоникалық құрылымы, жер бедері
4. Ауданның климаты, ішкі сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы мен
жануарлар дүниесі
5. Сарыағаш ауданының табиғат ресурстары
6. Ауыл шаруашылығы және оның бағыттары
7. Аудандағы өнеркәсіптің басты салалары
8. Қызмет көрсету салалары
9. Сарыағаш ауданындағы минералды сулардың таралу географиясы
10. Минералды суларды шаруашылықта пайдалану
1. Сарыағаш ауданының табиғатына физикалық-георафиялық сипаттама
Әр жердің өзен-суларының, тау-тас, сай-саланың атаулары жайдан-жай
қойыла салмаған. Әр аттың өзіне лайық тарихи шындығы бар. Сол сияқты
Сарыағаштың Сарыағаш аталуына да осындай дәлел бар.
Біздің заманымыздан бұрын Бор дәуірінің екінші кезеңінде осы аймақта
қылқан жапырақты ағаштар өскен. Арада 90 миллион жылдай шамасы уақыт
өткенде бұл ағаштар түсі сары тартып тасқа айналған. Тасқа айналған сары
ағаш осы күні Жылға мен Шеңгелді темір жол бекеттерінің аралығында
кездеседі. Оның ұзындығы алты метрден он екі метрге дейін жетеді. Сондай-ақ
бөлшек-бөлшек, ұсак-ұсақ, кішкене майда тастары Әлімтау жоталарыңда, Сөк-
сөк аймағының әртүрлі қыраттарында жиі ұшырасады.
Осы ағаштардың әртүрлі ұзыңдықтағы бес данасы Өзбекстан Ғылым
Академиясының академик Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика
институтының ғимараты алдына апарып орнатылыпты. Тасқа айналған сары ағаш
тегін зерттеп, ғылыми жолмен алғаш ашқан ағылшын ғалымы Penhollow, екінші
ашқан жапон ғалымы Шимакики.
Орыс геологтары Сөк-сөк ата құдығынан үйрек тұмсықты динозаврдың
қаңкасын (скелетін) түгелдей тапқан. Табылған бұл қаңқа қазір Мәскеудегі
Ғылым Академиясының Палеонтология институтының мұражайында сақтаулы тұр.
Осы үйрек тұмсықты динозавр қаңқасының көшірмесі Өзбекстан Республикасының
геология мұражайында ( Фурхат даңғылы, 4) бар. Мұнда жазылған анықтамада
динозаврдың жасы К2, бұл Бор дәуірінің екінші кезеңі деген сөз, яғни тасқа
айналған сары ағашпен жасты.
Шеңгелді, Сарыағаш темір жол стансаларының территориясы әкімшілік
жүйесі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарайды. Оның
көпшілік жері төбелер мен тау етегі жазықтығынан құралған. Ол біртіндеп
батысқа және оңтүстік батысқа қарай теңіз денгейінен 250-400 метрге дейін
төмендейді. Шығысында бұл төбелер 600-800 метрге дейін көтеріледі. Ол
солтүстігінде Қазығұрт тауларына, ал батысында Жаушықұмға дейін созылып
жатыр. Геологиялық әдебиеттерде бұл үлкен алаң Ташкент маңы деп аталған
шөлдің құрамына енгізілген. Мұндай төбелерді ботаниктер адырлар деп
атайды. Бұл жердің рельефі Бор және палеогенді дәуірден кейін біздің
эрамызға дейінгі 90-60 млн. жыл бұрынғы күшті шөгінділерден құрылған. Олар
геологиялық көненің көзі, өткен тарихи оқиғалардың сақтаушысы болып отыр.
Кейбір жекелеген учаскелерінде онан да ерте палезой жыныстары — Мансүр
ата, Бағаналы, Әлімтау таулары сияқты кішкене биіктіктер кездеседі. Бұл
шөлейт жерлерді 1873 жылдан бастап көптеген геологтар зерттей бастады.
Олардың арасында Н.А.Северцев, Г.Д.Романовский, И.В.Мушкетовтарды атасақ
болады. Н.Е. Минакова және Г.А. Баленькийлер дол, нақты геологиялық
зерттеу, суреттеу жүргізді және қазіргі күнде геологтар қолданып жүрген
стратиграфикалық схема дайындады. Г.А.Баленький бұл аймақтың әртүрлі
жерінен табылған сүйекті қатпарларды бірыңғай динозавр көкжиегіне
біріктірді. Н.Е. Минакова бұл аймақтағы барлық бор шөгінділерін (төменнен
жоғары қарай ) Азатбас, Шанақ, Дарбаза атты үш кен қабатына бөлді. Динозавр
көкжиегін ол Шанақ кен қабаты, Қызылжар, Ақдашын, Жаушықұм, Сөк-сөк
қабатына бөлді. Сұк-сөк кен қабатының төменгі бөлігінде динозавр
сүйектерінің қалдығы бар. Бұл кен қабаттарының шөгінділері оңтүстік-батыс
жағынан теңіз бассейндеріне құйылатын өзен-көл суларының ағызып келуінен
пайда болған.
Бұл ауданды 1964 жылы Ғылым Академиясы палеонтология институтының
Г.Г.Мартинсон бастаған бір топ палеонтологтары зерттеді. Олар Шеңгелді,
Жылға темір жол стансалары мен Әлімтау, Бағаналы таулары, Сөк-сөк құдығы
маңынан динозаврлардың сүйегін, тасбақалар панцирінің палеонтологиялық
үлгілерін жинады. Палеонтологиялық материалдар жинағанда бұл топ Ташкент
геологтарының бірыңғай динозавр көкжиегін бөлуі дұрыс емес деген шешімге
келді. Динозавр сүйектері жер қабатының әртүрлі бөлігінде кездесетін.
Кейбір нүктелерде олардың саны артып отырды. Олар төменгі және жоғарғы
континентальды, сондай-ақ теңіз қатпарында ұшырасқан. Кездескен динозавр
сүйектеріне талдау жасау бұл жануарлардың ұзақ жылдар бойы осы территорияда
өмір сүргенін дәлелдеп отыр. Бұл кеңістіктердің теңіз суының астында қалуы
динозаврлардың өмір сүруін тоқтатқан.
Ерте бор дәуірінде бұл аймақтағы үлкен тегістікте көптеген ірілі-ұсақты
көлдер мен өзендер болды. Оларда тригоноидтер, су тасбақасы, ал
жағалауларында динозаврлар өмір сүрді. Өзендердің бір бөлігінің суы
көлдерге, бір бөлігі бұл территорияның оңтүстік батысындағы теңізге құяды.
Тау бөктерінде ірі материал, ары қарай тауда гравелиттердің, құмшауыттар
мен лайдың шөгінділері жиналды. Оларда сол кездегі өсімдіктер мен андар
қалдығының ізі бар. Динозаврлар негізінен өсімдіктермен қоректенген. Ал,
мұнда тамаша жайқалып өскен өсімдіктер дүниесі болғаны рас. Оны бірнеше рет
көтерілген теңіз сулары бұзған. Бұл өсімдіктердің қалдықтары осы аймаққа
көршілес жатқан аудандардан табылған. Сарыағаш төбелерінде тек ірі ағаш
дінгектері мен тасбақа, динозавр, моллюскалардың қабыршақтары (ракушкалары)
ғана кездеседі. Бұл аймақтагы бор шөгіңділерінен андардың сүйегі жинап
алынып, КСРО Ғылым Академиясының палеонтология институтында зерттелді.
Кешегі бор дәуірінде Ташкент маңы шөлінің қазіргі аймағының едәуір
бөлігін Тетис теңізі алып жатты. Қазір Атлант мұхитының жағалауынан Жерорта
теңізі, Кавказ, Орта Азия, Гималай арқылы Үндіқытайға дейін кең жайылып
жатқан су бассейні осылай аталады. Теңіздің шекарасы солтүстігінде Мұғалжар
тауларынан өтті. Теңіз үстінде Орталық Қызылқұм, Нұр-ата — Түркістан —
Зарафшан тау сілемдері көтерілді. Теңіздің солтүстік-шығыс жағы Орталық
Қазақстан қыраттарымен (Солтүстік Тянь-Шань қыраты) шектесті.
Бор дәуірінде жер қыртысында күшті жылжулар болып тұрды. Сондықтан
Тетис теңізі де бірнеше рет өзінің аумағы мен тереңдігін, көрінісін
өзгертті. Ол солтүстігінде көршілес үлкен теңіз, мұхиттарға қосылды, кейде
кішірейді, ал оңтүстігінде жойылғанға дейін Үнді мұхитымен су байланысы
болды (б.э.д. 6 млн. жыл бұрын).
Тұран ғасырында 90 млн. жыл бұрын трансгрессияланумен бірге құрылықтың
шөгуі басталды. Бұл кезде теңіз өзінің максималды дамуына жетті. Қазіргі
Қызылқұм Сарыағаш төңірегінің көпшілік бөлігі су астында қалды. Көне
Тұранның соңында және кейін Тұранның бас кезінде құрлықтың жайлап көтерілуі
Ташкент маңы шөлінің шығыс бөлігінен басталды. Соның нәтижесінде Орта
Азияның жарты территориясын Тетис теңізі алып жатты. Орталық Қызылқұм тау
сілемдері қатты кішірейді. Мұнда Тетис теңізінде жылы экваторлық ағым пайда
болды. Ол тропиктік және субтропиктік флораның жылылықты сүйетін
элементтерінің болуына жақсы әсерін тигізді. Өсімдіктер әлемімен қатар бұл
жерде су тасбақалары, моллюскалар, динозаврлар өмір сүрді. Қазіргі
Сарыағаштың Шеңгелді темір жол стансасы, Сөк-сөк құдыгы. Әлімтау маңынан
табылған сүйектердің қалдықтары — солардың сүйегі.
Сарыағаш маңынан табылған ұзындығы (діңгек-сабақ) 12 метр, диаметрі 92
см-ге дейін тас ағаштың (тасқа айнаған) суреті Сарыағаш селосынан 46
шақырым солтүстік-батысындағы Бор дәуіріндегі шөгінділердің құмдақ, ізбес
тас, конгломераттардың арасынан табылған.
2. Сарыағаш ауданы туралы жалпы мәлімет
Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының ең iрi
аудандарының бiрi болып саналады. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы
бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 250,3 мыңнан астам халық
тұрады. Ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымында 1 қала, 1 поселке және 24
ауылдық округтер бар. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында
құрылған. Бүгінге ауданда 13 бөлім қызмет атқаруда.
Сонау бір көз көрмес дәуірде бүгінгі қала орны, Келес өзенінің бойы ит
тұмсығы батпас қалың тоғай, ал терістігі құлазыған сарыала адыр болатын. Ел
жоқ еді. Бүгінгі Аққұс әулиенің орнындағы төбеде жалғыз шайла болатын. Оның
иесін әрі-бері өткендер Мүсәпір диуана деуші еді. Шынында да ұзын бойлы,
қарағай денелі қарт әлгі шайлада жалғыз тұратын. Қарттың көп тірлігі Аллаға
жалбарынып, сыйыну еді. Терістіктен келген жолаушылардың Келес өзенінен
өтуіне жәрдем беріп, нан пұлын айыратын. Ел аузында мынадай сөз бар. Қария
қасиетті кісі еді. Жүргіншілерді Келестен суды тоқтатып өткізіп жіберетін.
Осы қасиетіне бола осы атыраптағы көпшілік, тіпті ел бұзар тентектер де
қарияның қасиетінен сескеніп шайладан әудем жерден өтіп кететін. Онсыз да
айналасы жыныс тоғай өзі отырған шайланың төңірегіне тал-терек, жеміс
ағаштарын отырғызып, көзден таса еткен осы арада бертін келе тоғайын ел
шауып, жер ажыратып егіншілікпен айналыса бастады. Мұны бастаушылардың бірі
Дарханның Молла Қошық деген кісісі еді. Молла Қошық заманында ел билеп,
Ресей ұлықтарымен араласқан.
Диқаншылық пен бағбаншылықтың жемісін елге жегізу үшін ұлағатты істің
бастаушысы болған. Тың жер, сары далаға су шығарумен айналысқан. Сөйтіп,
арық қаздырған. Ел сол арықты Кескен деп атайды. Оның себебі, су сырын
білетін көнекөз қариялардың айтуымен Келес өзенінен суды кесіп алып, арыққа
түсірген. Арықтың аты солай Кескен аталған.
Бүгінде осы Кескен арығы бар. Осы арықтың суымен қазіргі Сарыағаш
қаласының Келес жағасындағы жер бөлігі суландырылуда. Келе-келе қаңлы,
сіргелі рулары Молла Қошықпен келісіп, Кескеннен су алып, "Айқын арық"
деген арық қаздырған. Осы екі арықтың шарапатымен бүгінгі кала орнына
отырықшы болып Дархан, Қаңлы, Сіргелі, Шанышқылы елдері орныға бастаған.
Бір аңызда Молла Қошық бабамыз Еңкес, Құлтума, Шошым арықтарының нышанын
алдырып, су ағар жолын белгілетіп алған деседі.
Бүгінде Сарыағаш қаласын бойлап өтетін Рамадан арық тарихы да кісіні
қызықтырғандай. Бүл арьгқ жөніңде ел ішінде мынадай аңыз бар:
Сонау бір жаугершілік кезеңде Жүніс қожа тұсында хан жарлығымен
құрылған жасаққа үш жүзден тандап-таңдап батырларды шақыртып жасақ
басқартқан. Сол кезде Кіші жүзден Жүніс қожа жарлығымен жасақ басқаруға екі
батыр келген. Олар — Долан мен Есенгелді батырлар.
Есенгелді батырға ілесіп оның тумаластары рамадандардан да бір топ
нөкерлер енген. Есенгелді қартая келе Ташкеннің іргесіндегі Қыңырақ тауына
келіп жүріп, тумаларын осы атырапқа орналастыруды ниет еткен. Сөйтіп,
рамадандардың күшімен арык казылған. Осы арық Есенгелді батырдың айтуымен
"Рамадан" аталған. Есенгелді батыр айтыпты деген мынадай сөз бар: — Ұлы жүз
езеннің ойпаң жерін иеленсе, біздің Рамадан Келестің ту сыртын иемденер.
Бүл атырапқа аз ғана нөкерлерім емес, бүкіл рамадан сияды деген екен. Сол
қарт батыр айтқандай, қаланың сырт жағы әлі де игерілуде.
1924 жылдьщ 12 желтоқсанында облыс губерния болып қайта құрылып,
орталығы Шымкент қаласына көшті. Сырдария губерниясы Ташқазақ (Ташкент-
қазақ), Шымкент, Түркістан, Әулиеата, Ақмешіт және Қазалы уездерінен
тұрады.
Туған жеріміздің тарихы туралы кеп айтуға болады. Оңтүстік өңірдегі ең
ірі аудандардың қатарына жататын Сарыағаш жөніндегі деректер тарих
ғылымдарының докторы, профессор Сейдолла Тілеуқүловтың пікірінше, 1870
жылдан басталатын көрінеді. Сырдария әскери губернаторлығына қараған
Булатов болыстық басқаруының қарамағында 31 ауыл болған. Бертін келе
Сарыағаш өңірі Ташқазақ уезіне қараған. Аз уақыт ішінде орталығы Қазан
поселкесі болып (кейін Чичерино деп өзгертілді, қазіргі аты — Сіргелі),
кейіннен 1924 жылы Сарыағаш селосына, 1968 жылдан қала статусына көшірілді.
Ал, ресми түрде Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылды. Қала - облыс орталығы
Шымкенттің оңтүстік-батыс жағында 120 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қазақтың қамын жеп, жұмақ жер іздеген Асанқайғы бабамыздың өзі сулы
Келес, Құркелесті көріп "Сыйса әңгеріп-ақ өкететін жер екен" деп тамсанған
қасиетті Сарыағаш атауының шығу тарихы жөнінде ел аузында келе жатқан
аңыздар жетерлік.
Сарыағаш қаласының темір жолмен түйіскен тұсында үлкен сарғыш ағаш
өседі екен. Кектерек, Келес, Ташкент базарларына мал айдап келіп, қажетті
затын алып қайтқан ел тұрғындары әлгі ағашты көлеңкелеп, малын іргесінде
ағып жатқан Келес өзеніне суарып, тынықтыратын жер болған. Кейіннен сол
жерге ел қоныстанған деседі айтушылар.
Сарыағаш қаласының солтүстік тұсында, 30-35 шақырым жердегі Шеңгелді
мен Темірші кыраттарының аралығында сары ағаш өсіп, содан Сарыағаш атауы
шыққан деген де жорамал бар. Қалай болғанда да, қойны-қоншы шежіремен толы,
Қойкелді, Жабай батыр бабалар өмір сүріп, шапқыншы генерал Черняевтың
қосыны тұрған өлкенің өзіндік тарихы бар. Ерте заманнан берісі Түркістан,
Сайрам, Отырар, Ташкент, Қытай, Үндістан, Ресей, Еуропамен жалғастыратын
Ұлы Жібек жолының үстінде болуы да Сарыағаш атауының тарихын тым әріден
қарастыруды керек етеді.
1925 жылдың 10 тамызында Ташқазақ уезінің орталығы "Көктерек" селосынан
"Казанскийге" (Чичериноға), кейін 1926 жыдцың 12 қыркүйегінде Сарыағаш
ауылына көшірілді.
жылы 5 қазанда Қазақстан өз алдына шаңырақ көтеріп, отау тіккеніне 5 жыл
толған. Бұл мереке Сарыағаш ауылында, қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-
гимназия тұрған жердегі базарда атап өтілген.
жылы Чичерин ауылындағы (бұрынғы Казанский ауылы) Ташқазақ уезі, жоғарыда
айтқанымыздай, 1928 жылдың 3 қыркүйегінде Келес ауданының орталығы Сарыағаш
ауылы болып бекітілді.
1939 жылы 16 қазанда Сарыағаш ауданы құрылып, орталығы Сарыағаш ауылы
болды.
1) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1963 жылғы 2
қаңтардан Сарыағаш аудан орталығы Сарыағаш ауылдық Кеңесі болып құрылды.
2) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1968 жылғы 21 маусымнан
Сарыағаш ауылдык Кеңесі статусы алынып, ауданға бағынатын Сарыағаш қаласы
атанды. Осы уақыттан қалалық еңбекшілер депутаттарының Кеңесі құрылды.
1977 жылғы 7 қазаннан халық депутаттары Кеңесінің Сарыағаш қалалық Кеңесі
болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен
Сарыағаш қаласы облысқа бағынышты категорияға қарады. Осы уақыттан қалалық
халық депутаттары Кеңесі облыстық халық депутаттары Кеңесіне бағынышты
бодды.
Қалалық атқару комитетінде: қалалық бюджет бөлімі, жоспарлау бөлімі,
білім бөлімі, әлеуметтік бөлім, дене шынықтыру, спорт және мәдениет
бөлімдері қызмет етеді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 9 маусымындағы N 3251-XI
Жарлығымен Келес ауданы Сарыағаш ауданының ұлғаюына байланысты Сарыағаш
қаласы аудан қарамағына өтіп, қалалық Кеңес аудандық Кеңеске қарады.
Қалалық Кеңестің 1992 жылғы 27 наурызындағы 8 сессиясында қалалық кеңестің
атқару комитеті қысқарды.
1992 жылғы 19 маусымдағы қалалық Кеңестің 9-сессиясында Сарыағаш қалалық
басқармасы құрылды.
1994 жылғы 26 наурыздағы аудан әкімшілігінің ІІ-сессиясының шешімімен
Сарыағаш қала әкімшілігі құрылды.

Әр шаршы шақырымдағы тұрғындардың тығыздығы 30 адамнан келеді.
Тұрғындардың негізгі дені — қазақтар. Олардың аудан тұрғындарының мөлшеріне
шаққандағы саны 85 пайызға тең. Өзге ұлттардың ішінде үлес салмағы басымы —
орыстар.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді.
Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда
жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм,
бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған.Сарыағаш ауданының
рельефінің түзілуі әр уақытта геологияляқ- геоморфологиялы факторлардың
әрекет етуінен қалыптасқан. Олардың сипаты азоналы болып келеді.
Геологиялық геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен
мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің
жасы, бедері, беткейлердің көрінісі, еңістігі жатады.Шеңгелдi, Сарыағаш
темiр жол стансаларының территориясы әкiмшiлiк түрде Оңтүстiк Қазақстан
облысына қарайды. Оның көпшiлiк жерi төбелер мен тау етегi жазықтығынан
құралған. Ол бiртiндеп батысқа және оңтүстiк батысқа қарай теңiз
деңгейiнен 250-400 метрге дейiн төмендейдi. Шығысында бұл төбелер 600-800
метрге дейiн көтерiледi. Ол солтүстiгiнде Қазығұрт тауларына, ал батысында
Жаушы құмға дейiн созылып жатыр. Геологиялық әдебиеттерде бұл үлкен алаң
Ташкент маңы деп аталған шөлдiң құрамына енгiзiлдi. Мұндай төбелердi
ботаниктер “адырлар” деп атады.
Бұл жердiң рельефi бор және палеогендi дәуiрден кейiн бiздiң эрамызға
дейiнгi 90-60 млн жыл бұрынғы күштi шөгiндiлерден құрылған. Олар
геологиялық көненiң көзi өткен тарихи оқиғалардың сақтаушысы болып отыр.
Кейбiр жекелеген учаскелерiнде онан да ерте палеозой жыныстары Мансұр
ата, Бөгеналы, Әлiмтау таулары сияқты кiшкене биiктiктер кездеседi.
Бұл шөлейт жерлердi 1873-жылдан бастап көптеген геологтар зерттей
бастады. Олардың арасында Н.А.Северцов, Г.Д.Романовский, И.В.Мушкетов
-терды атасақ болады. Н.Е.Минакова және Г.А.Беленькийлер дәл, нақты
геологиялық зерттеу, суреттеу жүргiздi және қазiргi күнде геологтар
қолданып жүрген стратиграфиялық схема дайындады. Г.А.Беленький бұл аймақтың
әртүрлi жерiнен табылған сүйектi қатпарларды бiрыңғай динозавр көкжиегiне
бiрiктiрдi. Н.Е.Минакова бұл аймақтағы барлық бор шөгiндiлерiн үш:
(төменнен жоғары қарай) Азатбас, шанақ Дарбаза кен қабатына бөлдi. Динозавр
көкжиегiн ол Шанақ кен қабаты, Қызылат, Ақдашын, Жаушықұм, Сөк-сөк қабатына
бөлдi. Сөк-сөк кен қабатының төменгi бөлiгiнде динозавр сүйектерiнiң
қалдығы бар. Бұл кен қабаттарының шөгiндiлерi оңтүстiк-батыс ағынынан теңiз
бассейндерiне құйылатын өзен-көл суларының ағызып келуiнен пайда болған.
4, 186-191б..
Бұл ауданды 1964-жылы КСРО Ғылым Академиясы палеонтология институтының
Г.Г.Амртинсон бастаған бiр топ палеонтологтары зерттедi. Олар Шеңгелдi,
Әлiмтау, темiр жол стансалары мен Бөгеналы таулары, Сөк-сөк құдығы маңынан
динозаврлардың сүйегiн, тасбақалар панцирiнiң палеонтологиялық үлгiлерiн
жинады. Палеонтологиялық материалдар жинағанда бұл топ Ташкент
геологтарының бiрыңғай динозвар көкжиегiн бөлудi дұрыс емес деген шешiмге
келдi. Динозавр сүйектерi разрездiң әртүрлi бөлiгiнде кездесетiн. Кейбiр
нүктелерде олардың саны артып отырды. Олар төменгi және жоғарғы
континентальды, сондай-ақ теңiз қатпарында кездесетiн. Кездескен динозавр
сүйектерiне талдау жасау бұл жануарлардың ұзақ жылдар бойы осы территорияда
өмiр сүргенiн дәлелдеп отыр. Бұл кеңiстiктердiң теңiз суының астында қалуы
динозаврлардың өмiр сүруiн тоқтатты.
Ерте бор дәуiрiнде бұл аймақтағы үлкен тегiстiкке көптеген iрiлi-ұсақты

жағалауларында динозаврлар өмiр сүрдi. Өзендердiң бiр бөлiгiнiң суы
көлдерге, бiр бөлiгi бұл территорияның оңтүстiк-батысындағы теңiзге
құйылды. Тау бөктерiнде iрi материал, ары қарай тауда гравелиттердiң,
құмдауыттар мен лайдың шөгiндiлерi жиналды. Оларда сол кездегi өсiмдiктер
мен аңдар қалдығының iзi бар. Динозаврлар негiзiнен өсiмдiктермен
қоректенген. Ал мұнда тамаша жайқалып өскен өсiмдiктер дүниесi болғаны рас.
Оны бiрнеше рет көтерiлген теңiз сулары бұзған. Бұл өсiмдiктердiң
қалдықтары территорияға көршiлес жатқан аудандардан табылған. Сарыағаш
төбелерiнде тек iрi ағаш дiңгектерi мен тасбақа, динозавр, моллюскалардың
ракушкалары ғана кездеседi. Бұл аймақтағы бор шөгiндiлерiнен аңдардың
сүйегi жинап алынып, КСРО Ғылым Академия-сының палеонтология институтында
зерттелдi. Тасқа айналған ағаштарды Өзбек ССР Ғылым академиясының
Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика институтының және ботаника
институтының қызметкерлерi жинады. 8, 153-156 б..
2.2 Геологиясы мен тектоникалық құрылымы.
Кешегi бор дәуiрiнде Ташкент маңы шөлi - қазiргi аймағының едәуiр
бөлiгiн Тетис теңiзi алып жатты.
Қазiр Атлант мұхитының жағалауынан Жерорта теңiзi, Кавказ, Орта Азия,
Гималай арқылы Үндiқытайға дейiн кең жайылып жатқан су бассейнi осылай
аталды. Теңiздiң шекарасы солтүстiгiнде Мұғалжар тауларынан өттi. Теңiз
үстiнде Орталық Қызылқұм, Нұр-ата-Түркiстан-Зарафшан тау сiлемдерi
көтерiлдi. Теңiздiң солтүстiк-шығыс жағы Орталық Қазақстан қыраттарымен
(Солтүстiк Тянь-Шань қыраты) шектестi.
Бор дәуiрiнде жер қыртысында күштi жылжулар болып тұрды. Сондықтан
Тетис теңiзi де бiрнеше рет өзiнiң аумағы мен тереңдiгiн, көрiнiсiн
өзгерттi. Ол солтүстiгiнде көршiлес үлкен теңiз, мұхиттарға қосылды, кейде
кiшiрейдi, ал оңтүстiгiнде жойылғанға дейiн Үндi мұхитымен су байланысы
болды (Б.э.д. 6 млн жыл бұрын). 5, 364-367б..
Тұран ғасырында 90 млн жыл бұрын трансгрессияланумен бiрге құрылықтың
шөгуi басталды. Бұл кезде теңiз өзiнiң максимальды дамуына жеттi. Қазiргi
Қызылқұм, Сарыағаш төңiрегiнiң көпшiлiк бөлiгi су астында қалды. Көне
Тұранның соңында және кеш Тұранның бас кезiнде құрылықтың жайлап көтерiлуi
Ташкент маңызы шөлiнiң шығыс бөлiгiнен басталды. Соның нәтижесiнде Орта
Азияның жарты территориясын Тетис теңiзi алып жатты. Орталық Қызылқұм тау
сiлемдерi қатты кiшiрейдi. Мұнда Тетис теңiзiнде жылы экваторлық ағым пайда
болды. Ол тропиктiк және субтропиктiк флораның жылылықты сүйетiн
элементтерiнiң болуына жақсы әсерiн тигiздi. Өсiмдiктер әлемiмен қатар бұл
жерде су тасбақалары, моллюскалар, динозаврлар өмiр сүрдi. Қазiр Сарыағаш-
Шеңгелдi темiр жол стансасы, Сөк-сөк құдығы, Әлiмтау маңынан табылған
сүйектердiң қалдықтары солардың сүйегi. 13, 6-7 б..
Сарыағаш өлкесінің жер беті литогенді құрамы жер асты және
топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығы, механикалық құрамын
түрлендірген. Сондықтан ол жерлердің жер беті жыныстарының литогенді құрамы
саздақты және құмды келеді.Соған орай онда сазды жынысты ландшафтысы сор,
құмды жынысты жерде әсіресе өзен жағалауларында шағылдар ерекше көп
кездеседі.
Бұл жердің тек қана құрылымы мен геологиялық құрылысы өте
күрделі болып келеді. Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық
платформада, орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда,
орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, Шығыс бөлігі
палеозойлық қатпарлы – жақпарлы. Орогендік құрылымда орналасқан. Жер бетін
түгелдей мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Олар теңіз табанды және
континентті ортада жинақталған. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші
жыныстардың литогендік құрамдары әр түрлі болып келеді. Жер бедері
теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпатты, эолды, аридты –
денудациялық қат қабатты және тұғырлық жазықтан тұрады.Жер бедерінің
пішіні мен топырақ қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, кесек,
тасты және қиыршық тасты болып келеді.
Сарыағаш ауданындағы Кескен каналы бойына салынып жатқан "Еврофуд-
Қазақстан" құрылысы түскен жер өте қолайлы таңдалынған. Бұл сауда орнында
қадым замандардан бері Келес өзені алқабына керуеншілер дамыған азық-түлігі
мен су қорын толтырып, отырықшы халық жылқыларын және ет пен сүт өнімдерін,
жүн мен теріні және өзге де малдарын қала қолөнері бұйымдарына айырбасқа
ұсынған.
"Еврофуд-Қазақстан" тек қана сауда орталығы болып қалмай, Ұлы Жібек
жолы бағдарламасы бойынша саяхатта жүрген өз еліміз бен шетелдік туристерді
де қабылдайтын болады.
Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлім
"Сарыағаш шипажайы" АҚ "Арман" санаторийлері, "Алтын бұлақ-Р"
профилакториясы мен балалар шипажайы демалыс орындары бар.
Аудан бентонитті балшық, құм сияқты жерасты байлықтар кеніне бай.
Дарбаза карьерінің өзі жылына 900 мың тонна балшық және 100 мың тонна құм
өндіру мүмкіншілігіне ие.
"Сенім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — облыстық мәслихаттың
депутаты Ә.Л. Халбаеваның жетекшілік етуімен еңсесін көтерген бұрынғы
галантерея фабрикасы. Бұл — аудандағы соңғы 5 жыл көлемінде ырғақты жұмыс
істеп келе жатқан өндіріс орны. Мұнда арнаулы жұмыс киімдері, әскери форма,
түйе жүнінен тоқылған жамылғы, трикотаж бұйымдары, жалпы есебі 20 түрлі
өнім шығарылады. Өндіріс орындарының басшылары алдағы күндерде кілем тоқу
цехын іске қосуды жоспарлап отыр.
"Алекс" ЖШС-і - Қазақстан-поляк бірлескен кәсіпорны. Бұл кәсіпорын
жылына 12000 мың литр Сарыағаштың шипалы суын құя алады. Ол — 150 млн.
теңгеге тең.
"Демеу" ЖШС-і — шипалы су құятын көсіпорындарында жылына 50 млн.
теңгенің өнімі шығарылады.

Климаты континенталды, қысы жылы (-100С төңірегінде), жазы ыстық (+400С-
қа жетеді). Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Атмосфералық
жауын шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді.
Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді.
Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм
Сарыағаш шипажайы МҚК, Алтын-Бұлақ, Арман санаториясы, Ана мен бала
шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы бар.
Сарыағаш ауданының климаты қатаң континентті. Жылдық жауын-шашын
мөлшері 200-300 мм-ден аспайды. Жауын шашынның көбі көктемде жауады да,
жазда жауған жаңбыр тамшылар кейде жерге жетпей кезіп кетеді. Ауаның
жылдық орташа температурасы қаңтарда -2-30С, шілдеде 24-280С, болады. Кейде
әсіресе құмды шөлді аймақтарда 40-500 С-қа дейін барады.
Келес – Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш,
Қазығұрт, Шардара аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241 км, су
жиналатын алабының ауданы 3310 км 2 Қаржантаудың батыс беткейімен Қазығұрт
тауынан бастау алады да, Шардара бөгеніне келіп құяды. Жоғары ағысында
арнасы тар және тік шарлы келген, төменгі ағысында арнасы кең. Суы тұщы.
Қар және жер асты суымен толығады.Қапыланбек ауылының тұсындағы көп жылдық
орташа аз ағымы 5,9 м3с шамасында. Өзен суы бау бақша егін суларға
пайдалынылады. Жанарық ауылының тұсында. Оның ірі салаларының бірі-
Тасбұлақ өзеніне құяды. 2, 91 б..
Келес артезиан алабы – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік
шығысында, Келес ойысында орналасқан орында жер асты суы бар өңір.
Солтүстік Қазығұрт, шығысында Нұратау, Шатқал таулары мен батысында шөл
және Шардара дөңестерімен шектеседі. Жалпы ауданы 2мың км2. Алаптағы грунт
сулары. Өзендердің аңғарларында қалындығы 20-30м-ден аспайтын төрттік
кезеңнің аллювилік кұм, кесектасты кабаттарында, тау етегіндегі ысырынды
конустарда шоғырланған. Минералдығы 0,3-1гл. Арыны күшті артезиан сулары
бар кезеңінің сенон, тұран сеноман, альб қабаттарында қалыптасқан. Олардың
қалындығы 20-дан 100м-ге, тереңдігі 1300-1700м-ге дейін жетеді. Минералдығы
0,3-1,5 гл, температурасы 15-500 . Ұңғымалардан өздігінен атқылап шығатын
судың өнімділігі 1,5-50лсек. Келес артезиан алабының суы елді мекендерді,
мал жайылымы, шабынды сулары. Әйгілі Сарыағаш курорттық шипалы су көздері
осы Келес артезиан алабына негізделген.6, 372 б..
Сарыағаш минералды суы- Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 120
шаршы шақырым жерде, Сарыағаш қаласының оңтүстік-батысыны қарай 10 шақырым
жерде, Келес өзенінің сол жак бетінде ұңғымалардан шығатын су. Бұл су орны
жоғары бор (сеноман) сулы қабатын бұрғылау кезінде ашылған (1948). Бастапқы
кезде аса пайдалы, тым жылы (47-51 С градус) су 867-1053 метр тереңдіктен
жер бетінен 80-100 метр биіктікке көтерілген. Қазіргі өнімді 300-720 метр
куб. Оның құрамында көптеген микроэлементтер(мл есебімен): йод (0,01-
0,05), фтор (0,4-2,5), бор (1,0-2,6), фосфор (0,05-0,1), әртекті металдар
Al, Ag, Mo,Zn,Pb,Cu, Mn, Ti, Cr,Zr,Nb, тағы басқалар кездеседі. Судың
шипалық қасиетін (мгл): карбонат (410), сульфат (72), хлор (58) натрий
(225), кремний қышқылы (14-20) құрайды. Минералды судың газдық құрамы :
азоттан 85-87%), оттектен (13-15%) , аздаған аргон, криптон, ксеноннан
тұрады. Су қоры шомыцлуға және арнайы салынған екі су құю зауытында құтыға
құю үшін пайдаланады.Курорттың минералдық суының қасиеті елімізде ғана
емес,ТМД көлемінде белгілі. Сарыағаш минералды суы Трусковец( (Украйна)
суына өте ұқсас. Оның құрамы аты әлемге белгілі Горячий ключ, (Ресей),
Цхалтубо (Грузия), Қызыл тепе(Өзбекстан), Янский Лазне (Чехия) тағы
басқа куороттарыцныцң суының құрамымен бірдей ас қорыту, бүйрек, қимыл
мүшелерін тағы басқа мүшелерді емдеуге өте пайдалы.
Сарыағаш шипажайы-емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан
бальнеологиялық “Сарыағаш шипажайы” АҚ. Ол 1953-1956 жылдан бері емдеу орны
болып келеді. Сарыағаш шипажайы ұңғымалардан тәулігіне 84 метр куб су
алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ.. Емге пайдаланылатын
минералды суының температурасы 49-52 С градус. Құрамында кремний қышқылы,
радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций,
магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас
қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ,
тері,әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді.Бұл шипажай әлемнің өзге
елдерне де белгілі сауықтыру орны.
Сарыағаш өлкесінің жер беті литогенді құрамы жер асты және топырақтағы
судың режимін, топырақ қабатының тұздылығы, механикалық құрамын

Бұл жердің тек қана құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі
болып келеді. Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық платформада,
орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, орталық бөлігі жас
эмигерциндік плиталық платформаларда, Шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы –
жақпарлы. Орогендік құрылымда орналасқан. Жер бетін түгелдей
мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Олар теңіз табанды және континентті
ортада жинақталған. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші жыныстардың
литогендік құрамдары әр түрлі болып келеді. Жер бедері теңізтабанды,
көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпатты, эолды, аридты – денудациялық қат
қабатты және тұғырлық жазықтан тұрады.Жер бедерінің пішіні мен топырақ
қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, кесек, тасты және қиыршық
тасты болып келеді.
Сарыағаш ауданында тұратын адамдар өзен жағасын, құдық маңын
мекендеген. Бұл аймактың топырақ жамылғысы солтүстігі мен шығысын және
оңтүстік шығысын қоңыр топырақ, оның құнарлы қабатының қалындығы 15-25 см,
болып келеді. Жергілікті тұрғындар тыңайтқыштар сеуіп, суландырып ауыл
шаруашылығымен көптеп айналысады. Аймақтың оңтүстігі, орталығы және батысы
саздақты, сұр қызыл және тасты топырақ көптеп кездеседі.
Өсімдіктердің таралуы сирек әрі селдір келеді. Өсімдіктер құм
төбелерінде, ойпаттарда, беткейлерде, адырларда қалың өседі. Онда жүзген,
мыңжапырақ, түймедағы, аласа келген еркекшөп өседі. Ойпаң, қарашұңқырлы,
топырағы тұщы грунт суларымен шайылған жерлерде бұталар, тап, қызылтал
өседі. Ұсақ шоқылы жерлерде табылған, райхан, изен, сүтінен өседі. Өзен
жағаларында жатаған, бидайық, өседі. Сондай-ақ жазықты жерлерде құм
қараған, қияқ, еркекшөп, жусан, раң, торғай оты, адыраспан, жантақ, селеу
өседі.
Жануарлар дүниесі алуан түрлі. Ондай сүтқоректілерден саршұнақ,
секіргіш қосаяқ, ақбөкен, қарақұйрық, тез ұшатын құстар, торғай,
кесірткелер, сарыбауыр жылан, сұр жылан, қалқан тұмсық жылан т.б. көптеп

Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары
болып табылады. Қазiргi кезде 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан
мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде.
Сарыағаш - халық саны жағынан да ауқымды және әлеуметтік-экономикалық
дамуы да жағынан қарқынды аудан. Даму динамикасының қарқының аудан
бюджетінің 2007 жылмен салыстырғанда биыл қаншалықты өскеніне қарап отырып-
ақ байқауға болады.
Былтырғы жылғы ауданның жалпы бюджеті 6352338,0 мың теңге болса, 2008
жылы бұл көрсеткіш 9958490,0 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылға
қарағанда 3606152,0 мың теңгеге, немесе 52,5 пайызға артық деген сөз. Өткен
жыл ішінде бірқатар өзекті мәселелердің түйіні тарқатылып, шешімін тапқан
шаруалар аз болған жоқ. Биылғы жылы ауданда орын алған табиғи апат,
егіншілерді ағын сумен қамтамасыз етудегі қиындықтарға, қуаңшылық,
шегірткенің өршуіне байланысты атқарылатын жұмыстар күрделене түсуде.
2008 жылдың 20-21 ақпан күндерінде қарғын судан келген апатты жағдай
кезінде аудан аумағындағы 8 ауылдық округіне қарасты 35 елді мекенді топан
су басып, оның 209-ы құлаған, 584 үй құлау қаупінде болып, 573 үй
зақымдалды. 5 орта мектептің ғимаратына су енді. Соның ішінде Ғ.Мұратбаев
атындағы орта мектеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz