Жаңа үлгідегі Корей поэзиясының дамуы



КІРІСПЕ
1 1920 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
1.2 Корей халқының ұлы халық ақыны Ким Со Воль шығармашылығы жайында
1.2 Ким Со Воль поэзиясындағы махаббат лирикасы
1.3 Сағынышқа толы Хан Ён Ун лирикасы
2 КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МОДЕРНИЗМ БАҒЫТЫ
2.1 Ауыл мен табиғатты жырлаған Шин Сок Джон поэзиясы
2.2 Корей поэзиясында символизм ағымын дамытқан Ю Чи Хван ақынның поэзиясы
2.3 Қаратүнек кезеңі. Антижапондық үлгідегі Юн Донг Джу поэзиясы.
3 Корей поэзиясындағы танымал ақындардың натурализм бағытындағы өлеңдері
3.1 Романтизм ағымындағы корей халқының сүйікті өлеңдері
3.2 Гуманизм бағытындағы үздік өлеңдер
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлем әдебиетіне өз үлесін қосып келе жатқан өзіндік көркем стилімен әуені бар ұлы мұра ретінде саналатын корей поэзиясы бүкіл адамзатқа өз жемісін беруде. Корей халқының басынан өткен қайғы қасіреті көп. Жапонияның езгісінде көп жылдар бойы қасірет шегіп келген корей халқының мұңы, қайғы қасіреті таудан асады. Осы халықтың мұңын, қайғысын, көз жасын корей ақындарының өлеңдерінен байқауымызға болады. Корей халқына тән «хан» сезімін, яғни жан күйзелісін корей ақындарының өлеңдерін оқып сезінуге болады. Корей әдебиетіндегі жаңа заман поэзиясы екі кезеңге бөлінген. 1910 жылдан бастап жаңа уақыт поэзиясы және 1945 жылдан кейінгі кезең жаңаша уақыт поэзиясы болып бөлінген. Жаңа уақыт кезеңінде корей әдебиетіне батыс европа әдебиетінің символизм, натурализм, гуманизм, романтизм сияқты ағымдары еніп, корей ақындарының жаңа формада, жаңа стильде жазылған өлеңдерінің жарыққа шығуына септігін тигізген. 1920 жылдардан бастап газет, журналдарда француз символист ақындарының өлеңдері жарияланып корей ақындарын елең еткізген. Осыдан кейін корей поэзиясының жаңа уақытында бұрынғы үш шумақтық өлең «сиджо», үлкен поэма түріндегі поэтикалық жанр «каса» формаларына бағынбайтын жаңа үлгідегі өлеңдер дүниеге келді [8,2]. Бірақ корей поэзиясында өзінің дәстүрлі бояуымен ерекшеленетін және корей халқының ұлттық әндерінің әуені сіңген корей халқының бүкіл болмысын Ким Со Вольмен Хан Ён Ун поэзиясынан көруге болады. Ким Со Вольмен Хан Ён Ун корей халқының аяулы ақындары. Корей поэзиясының қос шынары деп айтуға болады. Ким Со Воль поэзиясы әдеби көркем сөзге бай, нағыз романтика десе де болады. Жалпы, оның бүкіл болмысын, оның көз жасын, қайғысы мен мұңын мәңгіге халық жүрегінің түкпірінен орын алған асыл қазынасы өшпес өлеңдерінен көруге болады. Ким Со Воль өлеңдерін халық өлеңі не болмаса дәстүрлі өлеңдер деп атаған. Қазірдің өзінде Ким Со Воль ақындай көп оқырманы бар ақын жоқ дейді. Неліктен Ким Со Воль ақынның өлеңдері көп оқылады деген сұраққа төрт дәлел бар. Алдымен, корей халқына тән «хан» сезімін бейнелеген, екінші, қызға тән нәзік дауыспен танылған лирикалық өлеңінің ерекшелігі, ұлттық әндердің ырғағымен ұлттық стильдегі өлеңді жазған және де ұлттық сананы қалыптастыруы болып табылады. Ким Со Воль өлеңдері халық әндерінің ырғағына негізделіп жазылғаны рас. Сондықтан халық Ким Со Вольді халық әндерінің ақыны деп атайды. Ким Со Воль өлеңін талқылай келе, біз еске алмай кететін тұсымыз халқына арналған махаббатымен ұлттық санасына қатысты мәселе.
1. Тэн Анна Николаевна. Очерки корейской литературы XX век до1945г.- Сеул: Азиатская Ассоциация корееведения.- 2003.-531c.
2. под ред: Хён Вон Сук, Ян Вон Сик, Ли Т.Б. Корейская литература.-Алматы: Казахстанско-корейский научный центр.-2002.-344с.
3. под ред: Солдатова М.В., Пак К.А. Современная литература Кореи.-Москва: Издательство Дальневосточного Университета.- 2003.-645с.
4. Корея, справочник.- Сеул: Корейская служба информации для зарубежных стран.- 1993.-546с.
5. Перевод Анны Ахматовой. Корейская классическая поэзия.- Москва: Государственное издательство художественной литературы.- 1958.-544с.
6. Ли В. Н. Корейская литература на рубеже XIX и ХХ веков.-Москва: Наука.- 1983.-655с.
7. Г.А. Аманова. Заглавие статьи: Историко-культурный процесс в Корее и поэзия конца XIX-первой половины XXвека.- Место издания: Москва: 2010.-7с.
8. под ред: Солдатова М.В., Пак К.А. Новая и новейшая литература изучаемой страны.- Москва: Издательство Дальневосточного Университета.- 2003.-645с.
9. "한국현대시인연구", 도서 출판:월인. 2003; 지은이:오세용;
10. "부모와 자녀가 꼭 한께 읽어야 할 시", 출판: "나무생각". 2004;지은이:  도종환
11. "신경림의 시인을 찾아서", 출판:"우리 교육". 2002; 지은이: 신경림
12. "한국 현대시해설", 출판:"관동출판사", 1996; 지은이: 서울대 교수 한계전
13. "시 읽는 기쁨", 출판:"작가정신".2006; 지은이: 정효구
14. "손에서 손으로 전하는 고전문학", 출판:"산하". 2007; 지은이: 권혁래
15. "이 시를 가슴에 품는다", 출판:"랜덤하우스중앙". 2006; 지은이: 정호승
16. "우리 시대 현대시조 1000인선", 출판:"태학사".2006; 이지엽 엮음
17. "문학의 목소리", 출판:"문학과지성사".2006;지은이:김치수 비평집.
18. "1920년대 시의 문학적 특징", naver.com////
19. "고구려 문학을 찾아서", 도서 출판:"박이정". 2002; 지은이: 김창룡
20. "한국문학통사1", 출판:"지식산업사". 2005; 지은이: 주동일 
21. "작가 김소월의 문학적 특징", naver.com////
22. "현대시의 모든 것", 출판:"꿈을 담는 틀". 2005; 지은이: 박경국 엮음
23. "김소월 시감상", 도서 출판:"             1987; 지은이: 황헌필 엮음
24. "님의 침묵", "계성출판사". 1988; 지은이: 한용운
25. "하늘과 바람과 별과 시", "덕우출판사". 1990; 지은이: 윤동주
26. "교과서에 실려 있는 한국 대표시", 도서 출판:"거인". 2005; 이기훈 엮음
27. "그 기러기 마음을 나는 안다", 출판:"삼민사". 1989; 박재삼 편
28. "그리고 씻은 듯이 새벽은 오리니", 출판:"삼민사". 1991; 김규동 편
29. "그대가 보름달을 노래하면 나는 나무가 되어 귀 기울이고", 출판:"삼민사".1991;도종환 편
30. "한러 사전", 출판:"러시아어문학사". 2005; 책임편집: 박형규
31. "현대시의 주요 시인들과 그 경향", naver.com////
32. "근대시의 흐름", naver.com/////
33. "한국 현대시의 흐름", naver.com////
34. "김소월의 진달래꽃", naver.com/////
35. "윤동주 시세계", naver.com////
36. "한용운의 "님의 침묵" ", naver.com////
37. "한국 현대시 어디까지 왔나-언어 형식을 중심으로",지은이:부산대 교수- 김준오;

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Әлем әдебиетіне өз үлесін қосып келе жатқан өзіндік көркем стилімен
әуені бар ұлы мұра ретінде саналатын корей поэзиясы бүкіл адамзатқа өз
жемісін беруде. Корей халқының басынан өткен қайғы қасіреті көп. Жапонияның
езгісінде көп жылдар бойы қасірет шегіп келген корей халқының мұңы, қайғы
қасіреті таудан асады. Осы халықтың мұңын, қайғысын, көз жасын корей
ақындарының өлеңдерінен байқауымызға болады. Корей халқына тән хан
сезімін, яғни жан күйзелісін корей ақындарының өлеңдерін оқып сезінуге
болады. Корей әдебиетіндегі жаңа заман поэзиясы екі кезеңге бөлінген. 1910
жылдан бастап жаңа уақыт поэзиясы және 1945 жылдан кейінгі кезең жаңаша
уақыт поэзиясы болып бөлінген. Жаңа уақыт кезеңінде корей әдебиетіне батыс
европа әдебиетінің символизм, натурализм, гуманизм, романтизм сияқты
ағымдары еніп, корей ақындарының жаңа формада, жаңа стильде жазылған
өлеңдерінің жарыққа шығуына септігін тигізген. 1920 жылдардан бастап газет,
журналдарда француз символист ақындарының өлеңдері жарияланып корей
ақындарын елең еткізген. Осыдан кейін корей поэзиясының жаңа уақытында
бұрынғы үш шумақтық өлең сиджо, үлкен поэма түріндегі поэтикалық жанр
каса формаларына бағынбайтын жаңа үлгідегі өлеңдер дүниеге келді [8,2].
Бірақ корей поэзиясында өзінің дәстүрлі бояуымен ерекшеленетін және корей
халқының ұлттық әндерінің әуені сіңген корей халқының бүкіл болмысын Ким Со
Вольмен Хан Ён Ун поэзиясынан көруге болады. Ким Со Вольмен Хан Ён Ун
корей халқының аяулы ақындары. Корей поэзиясының қос шынары деп айтуға
болады. Ким Со Воль поэзиясы әдеби көркем сөзге бай, нағыз романтика десе
де болады. Жалпы, оның бүкіл болмысын, оның көз жасын, қайғысы мен мұңын
мәңгіге халық жүрегінің түкпірінен орын алған асыл қазынасы өшпес
өлеңдерінен көруге болады. Ким Со Воль өлеңдерін халық өлеңі не болмаса
дәстүрлі өлеңдер деп атаған. Қазірдің өзінде Ким Со Воль ақындай көп
оқырманы бар ақын жоқ дейді. Неліктен Ким Со Воль ақынның өлеңдері көп
оқылады деген сұраққа төрт дәлел бар. Алдымен, корей халқына тән хан
сезімін бейнелеген, екінші, қызға тән нәзік дауыспен танылған лирикалық
өлеңінің ерекшелігі, ұлттық әндердің ырғағымен ұлттық стильдегі өлеңді
жазған және де ұлттық сананы қалыптастыруы болып табылады. Ким Со Воль
өлеңдері халық әндерінің ырғағына негізделіп жазылғаны рас. Сондықтан халық
Ким Со Вольді халық әндерінің ақыны деп атайды. Ким Со Воль өлеңін талқылай
келе, біз еске алмай кететін тұсымыз халқына арналған махаббатымен ұлттық
санасына қатысты мәселе. Ким Со Воль тек біз ойлайтын шынайы махаббатты
жырлаған жоқ, еліне деген сүйіспеншілік тұрғысындағы махаббатты жырлаған.
Өзінің апатияға түскендегі сезімімен хан сезімін шын көңілмен әндетіп, өз
оқырмандарын баурап алатын иронист болған [9,27]. Ол екпінді, тегеурінді
күшпен келетін қарсылық танытатын өлең жазбаса да, халықтың шынайы өмірін
әндеткен ақын ретінде танылуының себебі мынада. Ким Со Воль халықтың
ақыны деп аталуының өзінде халық ақыны мен ұлт ақыны деген екі түрлі
мағынаны қамтиды. Ким Со Вольдің өлеңдері шынайы өмірді нақты түрде
дәлелдеп, жапон отаршылдығы кезінде корей ұлтының басына төнген қасірет пен
қайғыны жырлап, қараңғы ғасырда өмір сүрген корейліктердің жүрегіне демеу
болды деген тұрғыда халық өлеңдері деп айтуға болады. Әдебиетші, ғалым әрі
ақын О Сэ Ённың айтуынша, 20 жылдардың атақты ақындары Хан Ён Ун, Ли Санг
Хва және Джу Ё Хан ғашығына деген махаббатын шын көңілмен әндеткен ақындар
болып табылады. Дегенмен, ғалымның айтуынша, бұл ақындар өз жерін жоғалтқан
соң, зұлым қара заманды махаббат жыры ретінде жазған дейді. Осылайша,
ғалымның пікірінше, Ким Со Воль өлеңдерінде оның махаббаты жырланғанымен,
ақынның жыр әлеміне үңілсек, астарлы мағынаны қамтитынын байқауымызға
болады дейді. [9,33]. Лирикалы, ырғақты, шексіз махаббат пен сағынышқа толы
Ким Со Воль поэзиясын айдын көлге теңесек, әсем табиғатты негізге ала
отырып халық тағдырын, мұңын шебер бейнелеген ұлы ақын Хан Ён Ун поэзиясын
асыл жақұт тасқа теңеуге болады. Корей поэзиясының әлем әдебиетіне қосқан
үлесі орасан зор. Өзінің ұлттық дәстүрінен қол үзбей, өз халқының мұңымен
мұңдаса білген, халқының қайғысын жүрегімен сезіне отырып халыққа демеу,
күш-қуат сыйлаған халық ақындары Ким Со Вольмен Хан Ён Ун еңбегі орасан
зор. Корей поэзиясында өзінің тегеурінді күшімен, философиялық ойларға бай
және де ұлы табиғат арқылы өмір шындығын, корей халқының басына туған алып
қасіретті, адамның ішкі жан күйзелісін шебер бейнелеген ақын- Хан Ён Ун.
Оның поэзиясының құдіреттілігін, қуаттылығын тек корей халқы ғана емес,
бүкіл әлем мойындаған. Манхэ (Хан Ён Ун) өлеңіндегі сүйіктісі әрдайым
үнсіз тұратын сүйіктісін білдіреді. Корей поэзиясында парадоксты керемет
бейнелеп көрсеткен ақындардың бірі Хан Ён Ун. Корей халқы көп қасірет
шеккендіктен 1910 жылдан бастап 1945 жылдан кейін де корей ақындары елдің
ауыр тағдырына налынып өлең жазған. Мысалға, Ю Чи Хван, Юн Донг Джу, Ким Су
Ён сияқты корей поэзиясының атақты ақындары өзінің мұңын, жан күйзелісін,
халық қайғысын өз өлеңдерінде аса шеберлікпен бейнелеген. Ю Чи Хван өмір
азабына шыдай алмай, үлкен апатияға түсіп жартас болам деп жар салады. Ю Чи
Хванның Жартас атты өлеңінен өмір шындығын, зұлым заманды, ерге тән
мінезді көруге болады. Ю Чи Хван көп ақындар ұқсап әр затты негізге алып
жазған. Адамзат, қоғам, табиғат, қала мен өркениет жайлы жазған. Осыған
қарамастан оның өлеңдерінде адамзаттың әңгімесі жатыр. Ю Чи Хван табиғатты
негізге ала отырып адамзат жайлы жазған. Қоғам не қала өркениеті жалпы
адамзаттың көмегімен қалыптасқан. Осы тұрғыдан табиғатпен белгілі бір зат Ю
Чи Хван үшін адамзаттың әңгімесін жеткізу үшін арналған құрал. Ю Чи Хван өз
өлеңінде өзі ғұмыр бойы зерттеумен өткен дүниенің мән-мағынасы жалпы үшке
бөлінеді. Махаббатпен тіршілік және қоғам. Оның поэтикалық тұрғыдағы басты
объектісі махаббатпен тіршіліктен басталып қоғамға дейін ұласатын,
ортасында тағы да тіршілікке негізделген құбылысты көрсетеді. Оның қоғам
жайлы өлеңдерін алатын болсақ, бір ерекшелігі буддизм дінінің қоғамдық
тұрғыдағы биігіне байланысты оның ерекше қызығушылығы бар. Ю Чи Хван
христиан дінін сынап төстейтін көп мақалалар жазған. Өлеңіне келетін
болсақ, бірнеше туындысында қоғамдық негізге сай келмейтін шіркеудің бұрыс
жақтарын өткір тілмен жазалаған тұстары да бар. Галлелуя атты таңдаулы
туындысы осы тұрғыда буддизмнің қоғамдық рөлін айқындайтын шығарманың бірі.
Ю Чи Хванның қоғам туралы өлеңдерінде гуманизм идеясы жатыр. Ол тек
үкіметпен басқару күшті сынап, қоғамның әділетсіздігін айыптадық десек те,
бұл ерекше идеологиямен қоғам жүйесін қорғау, сол үшін күресу болған жоқ,
тек адамзат адам ретінде өмір сүретін қоғам, барша халық әдемі өмір сүретін
қоғамды қалыптастыру оның басты тілегі болды. Қиын заманда ғұмыр кешкен Ю
Чи Хван үшін өмір деген түкке тұрғысыз, сенуге тұрмайтын жалған және де
адамды мән-мағынасыз, шегі жоқ тіршіліктің иесі деп санайды. Юн Донг Джу
өмірдің мәнін түсінуде өзінің өмірдегі атқару қажет ісін баяндап, өмір
шындығын ізденумен болған. Жалпы Юн Донг Джу поэзиясы өзін-өзі тану, өмірді
тереңірек тану болып табылады. Және де 60 жылдарда кең танылған белгілі
ақынның бірі Ким Су Ён. Ким Су Ён лирикасындағы табиғат иелерінің бірі
жанды зат шөп корей халқының ауыр замандардағы жағдайын суреттеген. Ким Су
Ённың Шөп атты өлеңінде жапон елінің үстемдігінде, ауыр хәлде болған
корей халқының мықтылығы бейнеленген. Корей халқының мықтылығын Желден де
тез жатады. Желге қарағанда тез жылап, желге қарағанда тез тұрады.
делінген өлең шумақтарынан байқауға болады. Корей халқы басынан қиын
кезеңдерді өткерген. Соның бірі 1940 жылдар. Қаратүнек кезеңі. Қаратүнек
кезеңі деп аталатын бұл уақыт корей халқының тіліне, әдебиетіне,
мәдениетіне, ұлттық намысына нұқсан келтірген. Жапондардың корей халқының
әдебиетіне, ұлттық намысына кір келтіруі газет, журналдардың көзін жойып,
тек жапон тілінде сөйлеуге мәжбүрлегенінен көруге болады. Мектептермен
жоғарғы оқу орындарында сабақты корей тілінде өткізуге тыйым салынған.
Ақын, жазушылардың қолына қалам ұстатқызбай, халқы үшін өз жанын қияр
зиялы қауымды ұлт жауы деп танып, абақтыға қамаған. Сол қаратүнек
кезеңіндегі ұлтының тәуелсіздігін аңсаған, бостандықты аңсаған ақындар
антижапондық стильдегі өлеңдер жазып халық жүрегіне демеу берген. Олар
корей халқының сүйікті ақындары Юн Донг Джу мен Ю Чи Хван. Бұл еңбектің
мақсаты- әдемі, көркем корей поэзиясының жаңа заман кезеңіндегі ұлы
ақындардың шығармашылығымен етене таныстыру болып табылады.

1 1920 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

1.2 Корей халқының ұлы халық ақыны Ким Со Воль
шығармашылығы жайында
Корей поэзиясындағы жаңа уақыт кезеңінің даму жолдары әдеби ағымдар,
формалар мен көркем суреттеудің жаңа тәсілдерінің пайда болуымен
ерекшеленеді. Корей поэзиясының жаңа уақыт кезеңінің ерекшелігі
философиялық үлгідегі шығармалар жазылған. Яғни, өмір, адамның өмірдегі
рөлі жайлы терең толғаныстармен ерекшеленеді. Авторлар өзінің күйзелісін,
өмірге деген көзқарасын, сан-алуан сезімдерін бейнелейтін шығармалармен
таныстырған. Корей ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек, кындэ термині-
жаңа уақыт дегенді білдіріп, хёндэ термині - жаңаша уақыт немесе
қазіргі уақыт деп аталынады. Көне заманнан бастап біздің уақытымызға
дейінгі Корей тарихы деректеріне сүйенсек, Кореядағы жаңа уақыттың басы –
XVII ғасырдың ортасы, ал жаңаша уақыттың басы 1917 жылғы Октябрь
революциясы кезеңіне жатады. Бұл тарихи тұрғыда тек Корея мемлекетіне ғана
емес, алдыңғы қатарлы Батыс елдерінен өзінің экономикалық дамуы жағынан
артта қалған Қытай, Жапония елдеріне де қатысты. Батыс елдерінің мәдени
тұрғыда өсіп, өркендеуіне септігін тигізіп қана қоймай, жаңа өркениеттің
есігін ашқан XVIII ғасырдағы Ұлы Француз революциясы Шығыс елдерінің
саналы, көркемдік тұрғыда дамуына зор ықпалын тигізді. Кейбір
тілтанушылардың ойынша, кындэ мунхак яғни жаңа уақыт әдебиетін – 1945
жылға дейінгі XX ғасыр әдебиеті деп қарастырып, хёндэ мунхак -жаңаша
уақыт әдебиетін 1945 жылдан кейінгі әдебиетті қарастыру керек деп санайды.
Дегенмен әлемдік батыс-европалық және орыс әдебиетімен тығыз байланыста
дамыған корей әдебиетін XIX-XX ғасырдан бастап 1945 жылға дейін кындэ
мунхак- жаңа уақыт әдебиеті деп қарастыру заңды ма деген сұрақ туындайды.
Корей әдебиеті 1920 жылдан бастап формасы, шығармашылық әдісі мен
проблематикасы жағынан жаңа уақыт әдебиетінің көрінісі болып табылады.
Өзінің пайда болу кезінен бастап жаңа уақыт әдебиеті кезеңінде синчеси
деп аталынатын жаңа формадағы өлеңдер пайда болды. Ерте кездегі өлеңге
қатысты тұрақты ырғақты қолданбай, жаңа формадағы прозаға жақын өлеңдер
пайда болды. Бұл поэзиядағы ең үлкен жетістік. Осы уақытта Европа
әдебиетінде еркін түрде жазылатын өлең велибр деп аталатын әдіс кең түрде
дамыса, жапон поэзиясында формасы жоқ жапондық дәстүрлі өлең құрылымына
ұқсамайтын өлеңдер пайда болды [8,3]. Осы процестер корей поэзиясына әсер
етпей тұра алған жоқ. Поэтикалық шығармалардың мазмұны Кореяның Жапония
қол астындағы жағдайын бейнелейтін идеалистік түрде болған. Корей ақындары
өз өлеңдерінде ұлттық сананы, ұлтжандылықты бейнелеп көрсеткісі келген.
Бірақ Жапонияның қанауында болған сол қиын-қыстау заманда корей
ақындарының еліне деген махаббаты жайында, ұлтжандылық жайында, ұлттық
сананы ояту мақсатында жазылған өлеңдер көбіне тыйым салынған кезең болған.
Алғаш рет синчеси стилінде жаңа формадағы өлең түрін жаңғыртқан, сиджо
стилінде өлең жазған тарихшы Чхве Нам Сон болған. Ол 1908 жылы
Жасөспірім журналында жарияланған Өзеннен балаға атты өлеңімен
танымал болған. Сол кезеңде жаңа үлгідегі прозалық және де еркін түрде
жазылатын өлеңдердің корей әдебиеті тарихында пайда болуы таңғаларлық
жағдай болған. 1918 жылы еркін түрде жазылатын өлеңнің жаңаша түрі велибр
қалыптаса бастайды. Батыс әдебиетімен өнері жайлы жаңалықтар атты
журналда алғаш рет француз символист ақындарының шығармалары корей ақыны
Ким Октың аударуымен жарияланған болатын. Оның ішіндегі ең танымал өлең
Көктем қайтып бара жатыр атты өлеңі еді. Дәстүрлі корей поэзиясының
стандартты қалыптағы жүйесін ұстанбай, корей ақындары көбіне өлеңнің ішкі
құрылымдық мазмұнымен өлең ырғағына аса назар аударды. Корей поэзиясының
жаңа уақыт кезеңінің тарихында лирикалық шығармалардың алғашқы авторлары
Ким Ок, Ли Гель, Хван Согу және Джу Ё Хан болған. Осы аталған ақындар корей
поэзиясында проза түріндегі поэманың кең құлаш жаюына зор үлес қосқан. Жаңа
үлгідегі өлең жүйесімен метафора, теңеулер сияқты жаңа көркемдік мәнерлі
құралдарды қолдану арқылы корей поэзиясының одан әрі өркендеуіне жол ашты
[2,98]. Чанчжо журналында Чжу Ё Ханның Оттың ойыны атты символикалық
мәнердегі, еркін түрде жазылған жаңа үлгідегі өлеңі жарияланды. 1919-1920
жылдар іздену кезеңі деп аталынады. Осы уақыттың әлеуметтік-саяси жағдайы
қоғамның барлық мүшелерінің моральдық тұрғыда күйзелгенімен байқалады. 1919
жылдың 1 наурызында жеңіліс тапқан тәуелсіздік үшін болған қозғалыстан соң
халықтың саясаттан көңілі қалады. Дегенменде әдебиет Кореяның жапон
отаршылдығы кезінде де даму үстінде болған. Мәселен, 1919-1924 жылдар
аралығында көптеген газет, журналдар шығарылды. Оның ішінде 1919 жылы
әдебиетпен өнер жайлы Чанчжо журналы, 1920 жылы жалпы нигилизм айқын
бейнеленген символизм ағымындағы поэзиялар жарияланған Чжанмичон журналы,
1923 жылы романтизм бағытындағы эмоционалдық негіздегі поэзиямен реалистік
идеялар өрнектелген прозалар жарияланған Пекчжо журналы, 1924 жылы
Чанчжо журналының ізін басушы Ёндэ журналы, ұлтшылдықты насихаттайтын
Чжосонмундан атты журналдар шығарылды [2,109]. Ресейдегі Октябрь
революциясы Кореяда социалистік идеялардың кең таралуына зор ықпал тигізіп,
1922 жылы Кореяда пролетарлық жазушылардың Искра атты бірлескен ұйымы
құрылды. Бұл жаңа бағыттағы мектепті таныстырған ұйым болды. 1925 жылы
Кореяның коммунистік партиясы құрылған уақытта корей пролетарлық
жазушылардың ассоциациясы KAPF құрылған болатын. Оның негізін салған Пак
Ён Хи, Ким Киджин, Ли Иксан, Ким Бокчин, Хан Соря және тағы да басқа
кісілер құрған. Пролетарлық жазушылар әдебиеттің басты қазынасы деп оның
идеялық мазмұны деп санаған. Сонымен қатар, корей халқын бостандыққа
үгіттеген. Олардың ішінде Ли Санг Хва да болатын [8,21]. Ли Санг Хва корей
халқының жапон отаршылдығы кезіндегі қайғылы жағдайы туралы сыр шертті.
1926 жылы жарияланған Тартып алынған далаға да көктем келе ме екен атты
өлеңі отаршылдық кезінде жазылған антижапондық өлеңдердің ішіндегі ең
үздігі болып табылады.

Тартып алынған далаға да көктем келе ме екен?

Қазір басқа біреудің жері-тартып алынған далаға да көктем келе ме
екен?

Мен өне бойыма күн шуағын алып
Көк аспан, жасыл дала бірігіп тұрған жерге қарай
Айрық сияқты күріш даласының арасындағы жолмен түсімде жүріп келе
жатқандаймын.

Үн қатпай тұрған аспан, дала!
Мен жалғыз өзім ғана келгенім жоқ сияқты.
Сен ерттің бе, кім шақырды? жауап беріп тіл қатшы.

Жел менің құлағыма сыбдырлап
Бір ізің де қалмасын деп киімінің етегін желбіретіп
Бозторғай дуалдан асып ханшайым ұқсап бұлттың артында қуанышты боп
күліп тұр.

Алғыс айтуға тұрарлықтай көп өскен арпа, бидайлар
Түн ортасында сағат он екіден асқанда жауған мейірімді жаңбырмен
Сен қалың шашыңды жуған екенсің ғой, басыма дейін жеңілдеп тұр.

Жалғыз болсам да, қиын бола тұра барайын.
Құрғақ күріш даласын құшағына алып ағып жатқан мейірімді арық суы
Нәрестені жұбататын әнді айтып өзі жалғыз би билеп тұр.

Көбелек, қарлығаштар ақымақ болмаңдар.
Гүл өсетін далаға да сәлем беру керек қой.
Дәнмен себілген астықты, арамшөбі жұлынған оларды көргім келіп тұр.

Менің қолыма орақты ұстатқызшы
Сүтке толы көкіректей жұмсақ осы топырақты
Сыйрағым шаршағанша басып көріп тер ағызғым келіп тұр.

Өзен жағасына шыққан баладай

Бос уақытты да білмей соңы жоқ жабылатын менің жаным
Нені іздейсің, қайда барасың?

Мен өне бойымда жасыл шөптің иісі сіңіп тұр.
Жасыл күлкі, жасыл қайғы бірлесіп қосылған бойда
Аяғым ақсап бір күн бойы жүріп келе жатырмын. Көктем рухы маған
берілгендей.

Бірақ қазір-даламды тартып алып көктемімді де тартып алатын болды
ғой.

Бұл өлең Жапон отаршылдығы кезіндегі корей халқы көрген азап, халық
қасіретінен туындаған. Ақын еңсесін түсірмей болашақтан үміт күтетіндігі
Жел, Бозторғай, Арпа даласы, Арық суы, Көбелек, қарлығаш сияқты
табиғаттың тіршілік иесі өмір сүріп жатқанын көркем, әдемі сөзбен бейнелеп
көрсетуінен байқауға болады. Ақынның өз жеріне деген махаббатын, оның туған
жеріне деген сағынышын сезінуге болады. Ақынның тілегі өз елінің
тәуелсіздігінің орындалуы болған. 1920 жылдары корей әдебиетінің жаңа түрде
қалыптасып дамуы байқалады. Батыста пайда болған романтизм, натурализм,
символизм, эстетизм сияқты ағымдар корей әдебиетіне де еніп, зор ықпал
жасаған. Осы кезеңде сентименталды романтизм өрнектері байқалып, реализм де
бірте-бірте ене бастайды [8,11]. 1920 жылдардың бастапқы кезеңінде
сентименталды көңіл-күйдегі өлең, жырлар болса, екінші жартысында жайма
шуақты, қуаныш сыйлайтын өлеңдерден құралған. Дәстүрлі өлеңдердің
жақтаушылары Ким Ок, Ли Санг Хва, Ким Со Воль, Хонг Са Ёнг сияқты басқа да
көптеген ақындар тек дәстүрлі ұлттық мәдениетті жаңғыртуда өз үлестерін
қосқан [3,45].
Корей поэзиясына батыстың ықпалы тигенімен, ұлттық дәстүрге сүйенген
ақындардың өлеңдері қазірге дейін корей халқының жүрегінің түкпірінен орын
алған ең сүйікті өлеңдері болып табылады. XX ғасырдың ең атақты корей
ақындары Ким Со Воль мен Хан Ён Ун лирикасында халық мұңы бар. Ұлттық
әндердің әуендері сіңген біртуар ақын Ким Со Вольдің өлеңдері корей халқына
ғана тән хан сезімін әдемі жеткізген. Ким Со Вольдің лирикалық поэзиясын
кең ауқымда түсінуге болады. Оның өлеңдері әуенді және жүректі
тебірентерлік әсем әуенді, ұлттық стильдегі лирикалық поэзия деп атауға
болады. Ким Со Воль лирикасы гуманизм идеясымен адамзаттық идеалдармен кең
қамтылған. Ақын Ким Со Воль Джонджу провинциясы, Кваксан ауылында дүниеге
келген. Ким Со Воль өлеңді орта мектепте оқып жүргенде жаза бастаған. Он
алты жасында Осан жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп ұстазы Ким Октан дәріс
алған. Ким Ок зерттеп таныстырған француз символистерінің поэзиясы Ким Со
Вольге зор ықпал жасаған. Осыдан ақын өлеңнің дыбыстық құрылымына аса мән
берген. Оңтүстік Кореяның тілтанушысы Ю Чон Хо Ким Со Вольді біздің
өлкенің ақыны деп атайды. Зерттеуші Ю Чон Хо халық ақыны деген атқа тек
Ким Со Воль лайық деп таниды. Өткен замандардағы атақты ақындар өз
өлеңдерін ханмун жазуында жазған, ал корей поэзиясының шеберлері
сиджо, каса жанрларында жазған ақындар көбінесе билік басындағыларға
тиесілі болғандықтан оларды халық ақындары деп атауға келмейді деп
тұжырымдайды. Сонымен қатар, XX ғасырдың ұлы ақындарының бірі Хан Ён Ун
өлеңдерінің шумағы ұзын болып келетіндіктен және де атақты ақын Чон Чжи
Ённың тым жаңа үлгідегі өлеңдеріне байланысты Ю Чон Хо корей елінің халық
ақыны деп атауға тек Ким Со Вольді лайық деп санайды. 1925 жылы жиырма үш
жастағы Ким Со Воль өзінің Азалия атты өте танымал жыр жинағын басып
шығарды. Тауда өсетін гүл азалия Кореяның табиғатын әсемдеп тұрған ұлттық
символының бірі. Зерттеуші Ю Чон Хо осы Азалия өлеңінің өзі Ким Со Вольді
Кореяның халық ақыны деп атауға әбден лайық деп танытады деген. [8,167-
170].

Азалия
Ким Со Воль

Мені қатты жек көргендіктен
Кетер кезіңізде сізді үнсіз жіберермін.
Ёнбёндағы Яксан тауында өсетін
Азалия гүлін
теріп сіз кетер жолға төсеп қоямын.

Жүрер жолыңызға
Қойылған осы гүлді
Оңай басып баруыңыз үшін.

Мені жек көргендіктен
Сіз қоштасып кетер кезіңізде
Мен өлсем де көз жасымды ағызбаспын [33]

Бұл өлеңде қоштасудың ауырлығымен ғашығына деген шексіз махаббатын
айтады. Мен өлсем де көз жасымды ағызбаспын. дегенінде керісінше жаны
қиналып іштей жылайтынын айтады. Осыдан қайғысының ауырлығын түсінуге
болады. Бұл өлеңде корей халқына тән хан деген сезімінің орын алуы
байқалады. Яғни жан күйзелісі, өкініші, қайғысы бейнеленген. Осы танымал
Азалия өлеңі Конмудохага, Корё кезіндегі дәстүрлі ән Кашири және де
Ариранг сияқты халық әнімен ұштасып жатыр [33] .Ким Со Воль лирикасы
қоштасу, сағыныш пен аңсаудан құралған өлеңдер. Ким Со Воль (1903–1934)
өзінің азғантай ғұмырында екі жүзден астам өлеңдер жазып қалдырған. Ким Со
Воль шығармашылығы жайлы корейлік тілтанушылардың пікірлері әр түрлі.
Солтүстік Кореяның тілтанушысы Ом Хо Сок ойынша, Ким Со Воль реалист ақын.
Ал Оңтүстік Кореяның тілтанушысы Син Донъук та поэзиясында романтизм
өрнектері бар реалист деп санайды. Және де зерттеуші Ом Хосок: Ким Со Воль
Ким Со Воль болып қалады, егер де оның өлеңінің ерекшелігі басқа
ақындарға игілік болатын болса, онда Ким Со Воль одан әрі Ким Со Воль
болудан қалушы еді. Оның өлеңінің қайталанбайтын және де өзіне ғана тән
болғандығынан деп жазған. Ким Со Воль өлеңдерінің әуенділігі, ән
түріндегі лирикасы, қарапайым түрдегі ауызекі тіл барша халыққа жақын әрі
тиімді. Кейбір деректерге жүгінсек, Ким Со Воль поэзиясын орыс халқының
танымал ақыны Есенин лирикасымен ұқсас дейді. Халық әндеріне сүйенген екі
ақынның өлеңдері әуенді болып келеді. Екі ақынның жақындығын
шығармаларындағы ауыл мен табиғат жайлы сыр шертуінен байқауға болады. Өлең
мазмұнымен екі ақын өлеңдерінің әуенді түрдегі формасы ауылда қарапайым
адамдардың арасында бірге өмір сүрген өміріне байланысты делінген. Ауыл,
табиғат жайлы жырлаған осы екі ақынды көптеген сыншылар шаруа ақыны деп
санағанымен, олар халық жадында әрдайым тек халық ақыны ретінде қалды. Ким
Со Воль фольклорға романтикалық тұрғыда қараған. Ким Со Воль үшін фольклор
оның шығармашылығының құнды қайнар көзі болып есептелді. Сондықтан ақын өз
шығармашылығын мазмұнымен формасы жағынан халық әніне ғана жақын өлеңдермен
шектеу қоя алған жоқ. Ким Со Вольдің поэтикасына сол заманға деген ақынның
көзқарасымен өмірлік тәжірибесі мол өлеңдер кіреді. Оның өлеңдеріндегі
дыбыстық және интонациялық жүйеде сөздердің, шумақтың қайталануы,
грамматикалық, синтаксистік параллелизм, анафора, эпифора, аллитерация
қолданылған. Ом Хосок ғалымның айтуынша, Ким Со Воль поэзиясында табиғат ол
үшін поэтикалық тұрғыда тебірену де емес, қайғының негізгі құралы да емес,
тек эстетикалық арман, мұратын білдіруде септігін тигізген дейді [8,170].
Табиғат арқылы ақын қоғамдағы қайғылы жайтты бейнелеген. Оның өлеңіндегі
табиғат адамның дүниетанымымен жан-дүниесін суреттеп, табиғат әсем
бейнеленген. Ким Со Вольдің Тауда гүлдейтін гүл атты өлеңі ең танымал
өлеңінің бірі.

Тауда гүлдейтін гүл
Ким Со Воль

Тауда гүл гүлдейді екен.
Гүл гүлдейді екен.
Күз көктем жаз демей
Гүл гүлдейді екен.

Тауда
Тауда гүлдейтін гүл
Анадай жалғыз боп гүлдеп тұр екен.

Тауда жылаған кішкене құс
Гүлді ұнатып
Тауда өмір сүрмекші екен.

Тауда гүл солады екен
Гүл солады екен
Күз көктем жаз демей
Гүл солады екен [23,106].

Бұл өлең гүл гүлдеп солатын табиғаттың құбылысы арқылы бұл әлемдегі
тіршілік атаулының бәрі жалғызсырағанымен, тіршілік атаулының бәрі тіршілік
етіп өлетін ұлы табиғаттың қағидасын өлеңдетіп тұр. Зерттеуші Ом Хосок
өлеңді талдап, табиғат әлемімен адам әлемі ұштасып тұр деп тұжырымдайды. Ом
Хосок: Өлеңдегі табиғат образы бізді қайғылы ойға берілтіп, азғантай
қайғыны сезіндіреді деп айтқан. Гүл гүлдеп, күз көктем жаз демей гүл
гүлдегенімен оның солатынынан оның мәңгілік жалғаспайтынын айтады [8,189].

1.2 Ким Со Воль поэзиясындағы махаббат лирикасы
Ким Со Воль лирикасында ең маңызды рөлді махаббат жайлы өлеңдері
құрайды. Оның ішінде Күн тау шыңында батса да, Өткен күннің әңгімесі,
Көз жасым тізбектеліп ағып жатыр, Бұған дейін еш білмеппін және де т.б
өлеңдері бар. Ким Со Воль жырлаған махаббат тек қиялда ғана болатын
романтикалық махаббат, орындалмаған және орындалмайтын қайғылы, аянышты
махаббат. Күн тау шыңында батса да атты өлеңін мысалға алайық [8,185].

Күн тау шыңында батса да
Ким Со Воль

Күн тау шыңында батып бара жатса да
Маған бұл сіз үшін батып бара жатқандай.

Күн тау бөктеріне шықса да
Маған бұл сіз үшін атқан таң деп есептеймін.

Жер ғайып болып кетсе де, аспан құлап түссе де
Маған бұл аяғына дейін жалғасқан зат сіз үшін болғаны.

Тағы менің осындай жүрегім ғана уақыты келсе,
Көлеңке ұқсап сізге қарай барып келер.

О, о менің ғашығым болған жаным.. [23,38].

Бұл өлең сүйген ғашығына деген кіршіксіз сағынышын жырлайды. Бұл
дүниедегі бар мақсаты мен мұратының мәні мен негізі осы сүйген ғашығына
арналған. Күннің бататыны, таңның жарық болып ататыны, аспанның құлап
түсуінің өзі сүйген ғашығына сүйеніп жасалған зат. Шынында, шексіз
махаббатты жырлайтын өлең деп айтуға болады. Келесі романтикалық мотив
түріндегі Бұған дейін еш білмеппін өлеңі де ең танымал туындысының бірі.

Бұған дейін еш білмеппін Ким Со
Воль

Көктем, күз демей түн сайын шығатын айды
Бұған дейін еш білмеппін.

Осылайша есім шығатындай деңгейде сағынатынымды да
Бұған дейін еш білмеппін.

Ай әрине жарық болғанымен көзін алмай қарайтынын
Бұған дейін еш білмеппін.

Ана тұрған айдың қайғы екенін де
Бұған дейін еш білмеппін [23, 24].

Ақын Бұған дейін еш білмеппін туындысы арқылы қайғымен жүрек
күйзелісін өлеңдетіп тұр. Айды негізге ала отырып, корей халық әнінің
әуеніндегі махаббатттың туындауы мен қоштасу кезіндегі өкінішті қайғылы
жүрекпен білдірген бұл туындысы өте танымал нағыз туынды ретінде саналмақ.
Ақынның махаббат лирикасының мәні махаббатты рухани құндылық ретінде
әндетіп қана қоймай, оның өмірлік маңызы да сөз болады. Махаббат
тақырыбында жазылған өлеңдерінде ақын өз сезімін, сағынышын әдемі
жеткізген. Келесі махаббат тақырыбындағы өлең нәзік жүректі ақынның
махаббатын суреттеген.

Көз жасым тізбектеліп ағып тұр
Ким Со Воль

Көз жасым тізбектеліп ағып тұр.
Сізді еш ұмыта алмай сағынғандықтан
Содан көз жасым тізбектеліп ағып тұр.

Ұмытылмайтын осы адам
Мәңгілікке тастап кеткені болмаса да
Көз жасым моншақталып ағып тұр.

Қайғыға толы жүрегім
Кете алмаған бақытқа аттанған сияқты болып көрінгендіктен
Ойласам көз жасым моншақталып ағады. [23,18].

Ақынның сүйіктісіне деген сезімі берілген. Бұл өлеңде ақын кетіп
қалған сүйіктісін ұмыта алмай көз жасын ағызып өкініп тұрғанын көрсетеді.
Өлеңдері лирикалы, музыкалы болып келетін Ким Со Воль ақынның
Өткен күннің әңгімесі атты өлеңі таңдаулы
өлеңдердің тізіміне жатады. Өткен күннің ұмытылмас әдемі кездері қайтадан
оралмайтынын түсінгенде көзіңе жас келеді. Ақынның ішкі жүрек толғанысы
шебер бейнеленген.

Өткен күннің әңгімесі
Ким Со Воль

Тыныш, қараңғы түн орнаса,
Бұлыңғыр шамның алауына түн орнаса
Жалғыздықта қайғыда тек жалғыз болғандықтан
Бекерден көз жасын ағызып мен жылаймын.

Менің денем бұған дейін көз жасын білмей
Кішкене дүниені өткіздім.
Ол кезде өткен күннің әңгімесін де
Еш қайғы білмей жаттадым.

Бірақ сүйіктім қоштасып кеткен соң
Мені тастап кеткеннен соң
Өткен күндердегі естелік болып қалған заттар
Бір бірден жоғала берді.

Бірақ сол кезде жаттап алған
Өткен күнгі әңгіме ғана қалды.
Күндер өткен сайын өткен күнгі әңгіме
Құрдан құр менің денемді жылатады [23, 219].

Ким Со Воль ақынның таңдаулы өлеңдерінің бірі болып саналады. Бұл
өлеңнің әні бар. Естісең, баяу, қайғылы мотив түріндегі ән. Баяу әуеннің
ішінде өткен күннің әңгімесі тізіліп тұр. Ақынның жүрек түкпірінде ерекше
сюжет, кадр болып қалған өткен күнгі әңгіме, өткен күндердегі әсем,
қуанышты сәттер жалғызсырап тұрған ақынды іштей жылатып тұр. Ақын
сүйіктісімен қоштасып, жапан далада жалғыз қалғандай күн кешіп тұр. Тыныш
әрі қараңғы түн жалғызсыраған ақынның досы.
Әдебиет сыншысы Джо Ён Хан: Ким Со Вольдің өлеңі ештеңеге тәуелсіз
халық иісі тамған өлең деп бір сөзбен айтқанда дәстүрлі ақын деп баға
берген. Сонымен қатар зерттеуші Джо Бён Чун: Біздің ұлттың әдеби өмірінде
аяғына дейін тұрған ұлттық, халық әндерінің әуенін сол бетінде бейнелеп
жеткізген ақын деп баға берсе, тағы да француз әдебиеттанушысы әрі сыншы
Ким Хён Ким Со Вольдің өлеңі-болашаққа негізделген әлемді жаңа әуенмен
бейнелеп шығарып, осы тұрғыда жаңа халық әніне ұласады. деп баға берген
[21]

1.3 Сағынышқа толы Хан Ён Ун лирикасы
XX ғасырдың ұлы ақыны Хан Ён Ун халық бостандығы үшін күрескен
күрескер, әрі буддизм дінін ұстанған атақты монах та болған. Оның прозалық
түрде жазылған үмітке жетелейтін өлеңдері әлемдік дәрежеде үлкен бағаға ие.
Сол қиын заманда есін жиып ғашығын әндетіп көңілін түңілтпей өзін үмітке
жетелемекші болған Ким Со Вольмен Хан Ён Ун шығармашылығында айырмашылық
бар. Ким Со Воль үмітті іздеп таба алмай қайғыға берілсе, Хан Ён Ун өзін
үмітке жетелейді. Хан Ён Ун 1879 жылы Чоннам провинциясы, Хонсон ауылында
дүниеге келген. Өзінің шығармашылық өмірін қырық жасында бастаған.
Жапонияда Комавая колледжінде буддизм, батыс философиясын, математика
пәндерін оқыған. Ол Жапония, Маньчжурия, Сібірге де саяхат жасаған. Жиырма
алты жасында монах атанып, өзіне Манхэ атын алған. Оңтүстік Кореяда Манхэ
идеясын зерттеумен айналысатын ұйым бар. Ол Кореяда буддизмнің дамуына зор
үлесін қосқан. 1919 жылы Хан Ён Ун елінің бостандығы үшін қозғалысқа
шыққан. Отыз үш ұлт зиялысының ішінде болған. Қозғалыстан соң ол үш жыл
бойы абақтыда отырған. Ол антижапондық Жаңару қоғамы, Мадан атты
буддистік ұйымды басқарған. 1918 жылы Идеализм атты журнал арқылы тек
буддизм жайында ғана емес, ағартушылық негіздегі мақаланы, Сезім атты
өлеңін жариялап әдебиетке қызығушылығын танытты. 1926 жылы халық жүрегінен
орын тапқан Сүйіктімнің үнсіздігі атты өлеңдер жинағы шықты [30]. Оның
буддизм идеологиясы негіз болатын өлеңіндегі шексіз махаббат жоғалтқан
жеріне деген махаббат, Бодхисатваға деген махаббат және де бір адамға деген
махаббат ретінде түсінуге болады. Ним ұғымы Хан Ён Ун поэзиясының жүрегі,
басты тақырыбы болып саналады. Зерттеуші Ким Ханктон осыған байланысты
былай деп жазған: Ним атауының мәні көптеген түсініктің жиынтығы: туған
жер, ұлт, барлық зат. Будда, сүйген ғашығы, досы. Осының бәрі өмірлік
бұлақты құрайды. Ним кетіп қалса да, әрдайым оның жадында бар, онсыз өмір
сүре алмайды. Сонымен қатар, ним оның поэзиясындағы басты объект болып
саналады. дейді. Ал Чон Босам ғалымның ойынша, ним-буддистік әлемнің
ақиқаты, шындығы. Хан Ён Унның Сүйіктімнің үнсіздігі атты өлеңінде кетіп
қалған ғашығына деген сағынышы мен шексіз махаббаты бейнеленген. Бұл
өлеңде сүйген ғашығын жоғалтқан жері ретінде, кетіп қалған сүйіктісі
ретінде, Бодхисатва ретінде де көруге болады [1,482].

Сүйіктімнің үнсіздігі

Менің сүйгенім кетіп қалды. Иә мені сүйген сүйгенім кетіп қалды.
Жасыл таудың сәулесін сындырып қызыл-сары ағашы бар орманға қарай
кішкентай жолмен жүріп кетіп қалды.
Алтын гүлдей мықты әрі сәуле шашқан бұрынғы уәдеміз суық десе суық
болып демімнің әдемі желіне ұшып кетті.
Есте қалған алғашқы ыстық сүйіс менің тағдырымның ауыртпалығын бұрып
қойып артқа шегініп ғайып болды.
Мен хош иісті сүйіктімнің даусын ести алмай, сүйіктімнің гүлдей бет-
жүзін көре алмадым.
Махаббат та адамның ісі деп кездесерде қоштасуды алдын-ала уайымдап
күні бұрын ескертпегенмен, қоштасу- аяқ астынын шыға келіп таңғалған
жүректі жаңа қайғыға душар етті.
Бірақ қоштасу бекерден аққан көз жасының бұлағын жасауы махаббатты
шорт үзгенін білген себептен, ұстатқызбайтын қайғының күшін ығыстырып, жаңа
үміттің тұңғиығына кіріп күрсіндім.
Біз кездесерде қоштасуды уайымдағандай, қоштасарда тағы кездесуге
сенеміз.
А, Сүйіктім кеткенменен мен сүйіктімді жібергенім жоқ. Менің әуеніме
шыдай алмаған махаббаттың әні сүйіктімнің үнсіздігін шыр айналып жүр [2,7].

Манхэ (Хан Ён Ун) өлеңі жүректің өлеңі. Оның поэзиясына буддизм
идеологиясымен азаттық идеологиясы тірек болған. Ғашығымен қоштасқан кезең
үнсіздік кезеңі, ғашығын жоғалтқан кезең болғанменен әйтеуір бір күні
кездесудің уақыты келетініне, жайма шуақты кез келетініне сенген. Осы
тұрғыда оның өлеңі үміттің өлеңі. Ақынның Белгісіз атты өлеңіндегі
кімнің? деген сұрағында оның өлеңінің объектісі ретінде саналатын ним
яғни сүйіктісі сияқты. Және түн -ним, сүйіктісі жоғалған ғасыр, яғни
жапон отаршылдығы кезіндегі қасіретті жағдайды сөз еткен [3,5]. Бұл
өлеңдегі қорқынышты қара бұлт сол кездегі қасіретті білдіріп, ал әлсін-
әлсін көрінетін көк аспан корей халқының үмітін білдіретін сияқты. Және де
ақын бұл өлеңдегі табиғат атаулысы бұлақ, жапырақ, түнгі қызғылт аспанға
ғашық сияқты.

Белгісіз
Жел де жоқ ауада тербеліп түсіп ақырын ғана құлайтын жапырақ кімнің
аяғының ізі екен?

Раушан гүлінің түбінде батыс желін айдап әкелген қорқынышты қара
бұлттың арасынан әлсін-әлсін көрінетін көк аспан кімнің бейнесі?
Гүл де жоқ терең ағаштағы жасыл мүктің ар жағындағы көне мұнара
үстіндегі үнсіз аспан жанынан өтіп шыққан белгісіз хош иіс кімнің демі
екен?

Бұлақ өзі де білмейтін жерден ағып түйіршік тасты жылатып әлсін ағатын
кішкене бұлақ суы кімнің әні екен?

Лотос гүлі сияқты табанымен шегі жоқ теңізді басып бағалы тастай
қолымен шексіз аспанды сипап бататын күнді әдемілеп әсемдейтін түнгі
қызғылт аспан кімнің жыры екен?

Өртеніп барып өшкен күл тағы да майға айналды.
Тоқтауын білмей өртенген менің кеудем біреудің түнін қорғайтын әлсіз
шам бе екен? [24,10].

Алты шумақтан тұратын прозалық үлгідегі бұл өлеңде ақын із, бейне,
дем, ән, жыр сияқты сөздерді жапырақ, көк аспан, хош иіс, бұлақ, түнгі
қызғылт аспан сияқты нақты образ арқылы әдемі суреттеп тұр. Хан Ён Ун
өлеңінен қиын, ауыр кезеңді діни тұрғыда жеңу үшін мүлдем берілмейтін
мықты күшті көруге болады. Хан Ён Ун өзінің буддистік идеологиясымен
поэтиканы ұштастыру арқылы ерекше туынды шығарды.

2 КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МОДЕРНИЗМ БАҒЫТЫ

2.1 Ауыл мен табиғатты жырлаған Шин Сок Джон поэзиясы
Корей әдебиетіндегі модернизм тар мағынада 1910-1920 жылдардағы
ағылшын-американдық поэзиясындағы имажизм мектебімен тікелей байланысты.
Жалпы, англо-американдық имажизм поэтикалық мектебінің теоретиктері ақын,
сыншы Т.Э. Хьюм және американдық ақын Э.Паунд болған. Ким Юн Сик ғалымның
айтуынша, корей поэзиясының жаңаша уақыт кезеңі диалектикалық дамуында
дәстүрлі және модернистік екі бағытта жүрген. Ким Юн Сик ойынша, алғаш рет
корей модернистік поэзиясы Юктан Чхве Нам Сонның Өзеннен балаға атты
өлеңінде көрсетілген. Оның осы өлеңінде ағартушылық рөлде ойнайтын өзенді
көреміз. Келесі корей поэзиясының модернистік бағытта дамуына әсер еткен
кез Ким Юн Сик ғалымның айтуынша, ақын Ким Октың аударуымен жарық көрген
1918 жылғы Батыс әдебиетімен өнері жайлы жаңалықтар журналындағы француз
символистерінің өлеңдері болып саналады. Ким Юн Сик ғалымның зерттеуі
бойынша үшінші этап 1925-30 жылдардағы модернистік поэзияның қарқын дамуы
пролетарлық поэзияның дамуының себебінен болған деп, пролетарлық поэзияны
кең мағынада модернистік поэзияға жатқызады [8,47].1930 жылы Поэзия атты
журналы, 1931 жылы Әдебиет пен өнер журналы басылып шықса, 1934 жылы
Әдебиет журналы, кейін 1936 жылы Ақындар қаласы, 1937 жылы Өмір атты
газет, журналдар басылып шыққан. Поэзия журналына жиналған ақындар
Мөлдір поэзия тобына кірген. Осы топтың басты ақындары Ким Ён Ран және
Чон Чжиён. Пролетарлық жазушылар өлеңнің идеясына, идеологияға мән берсе,
Мөлдір поэзия тобының ақындары ойынша, корей поэзиясы идеологияға қызмет
етпей, оқырманға бар әдемілікті, гармониямен махаббат сезімін ояту керек
деп есептеген. 1930 жылы іске кіріскен Поэзия тобының өкілдері Әдебиет
пен өнер, Әдебиет журналына өз өлеңдерін жариялап корей өлеңінің жаңа
үлгісін танытты. Олар көбінесе таза лирикалы поэзияның негізін құрып көркем
әдеби сөзімен, әсем ырғағымен ерекшеленетін поэзияны танытуда көп еңбек
етті [32]. Соның ішінде Ким Ён Ран мөлдір, таза, пәк сезіммен және де
қалыптасқан тілмен өлеңнің лирикалы, мелодиялық үлгіде ұласуына көңіл
бөлген. Келесі өлең осының айғағы.

Шегі жоқ өзен ағады екен
Ким Ён Ран

Менің жанымның бір бұрышында
Үздіксіз шегі жоқ өзен ағып жатыр.
Шұғылалы таңғы сәуле
Жарқыраған күміс толқынды жарыққа шығарады екен.
Кеудемде не көзімде, сон соң
Қан тамырымда
Жанымның тыныш жасырын күйдегі орны
Менің жанымның бір бұрышында
Үздіксіз шегі жоқ өзен суы ағып жатыр.

Не деген поэзия! Ақынның жан-күйзелісін көруге болады. Бұл өлең 1930
жылғы Таза поэзия журналында жарияланған. Бұл өлеңде назар аударарлық
әдеби сөз- өзен суы. Бұл шынымен ағып жатқан табиғаттың өзен суы емес, ақын
менің жанымның бір бұрышында ағып жатқан өзен суы деп жазған. Бұл менің
кеудемде не менің көзімнің тұңғиығында ағып жатқан су дейді. Оған қоса,
қан тамырымда ағып жатқан су деп терең ойға кеткен. Не де болса осы бар
заттың ішінде ағып жатқан болар. Дегенмен бұл нақты не затты білдіреді? Не
де болса бұл бұлақ суындай өмірдің өзін білдіруі мүмкін [12,140]. 1930
жылдардағы корей поэзиясының жарық жұлдызы Ким Ён Ранның әсем көріністі
лирикасында адам мен әлемді материалдық және рухани тұрғыда, өмір мен
өлім, уақыт пен мәңгілік ғұмыр, астан-кестен болған кезеңмен гармония
тұрғысында қарастырған. Сентименталды өлеңдеріндегі әлемді ұғыну мистикалық
негізде құрылған.
Жалпы, батыс әдебиетімен өнеріндегі модернизм бағыты XX ғасырдың
басында пайда болған символизм, футуризм, экспрессионизм, имажизм,
сюрреализм сияқты т.б ағымдардан тұрған. Осы ағымдардың ішінде Кореяда
модернизмнің дамуына имажизм мен сюрреализм зор ықпал жасаған. Деректерге
сүйенсек, Европамен Америкада имажизм ағымы Шығыс поэзиясының әсер
етуімен, әсіресе жапон хайку поэзиясының әсер етуімен қалыптасқан дейді.
Имажизмнің әсер етуімен корей модернистік поэзиясы интеллектуализмге арқа
сүйеген. Осы ерекше ағымның әсер етуін Ким Ги Рим ақынның Теңіз бен
көбелек өлеңінен көруге болады.

Теңіз бен көбелек
Ким Ги Рим

Ешкім оған судың тереңдігін айтпағандықтан
Ақ көбелек шынында қорықпайды.

Жазық дала деп аталғандықтан түсіп бара жатып
Кішкентай қанатын толқынға малып
Ханшайым ұқсап шаршағандықтан қайтып келеді.

Наурыз айында теңізде гүл гүлдемегендіктен
Көңілсіз жалғызсыраған көбелектің беліндегі ақшыл-көк айдың алғашқы
күндері суық.

Ким Ги Римнің бұл өлеңі үш шумақтан құралып еркін түрде жазылған өлең.
Бұл өлең ақкөңіл, нәзік көбелектің басынан өткен қиыншылығы мен қайғысы
арқылы шынайы өмірдің зұлымдылығын, суықтығын бейнелеп тұр.
Сонымен қатар Көбелек образы ақынның жас кезін де бейнелеуі мүмкін.
Оның өлеңдеріне метафора мен символикалық, мифологиялық образ тән [22,63].
1935 жылдарда ауыл мен табиғатты жырлаған Шин Сок Джон, Ким Дон Мён,
Ким Санг Ён сияқты ақындар да болды. Олар қала өмірінен тыс табиғат
әдемілігін жырлаған. Енді осы ақындардың ішінде табиғатты аса
құштарлықпен әндетіп өлең жазған Шин Сок Джон ақынның өлеңдерімен
танысайық.

Лирикалық өлең

Аппақ шабдалы гүлі солмақшы болғанмен
Жаңбыр тамшысындай тамшылап тұрғанмен
Мүлдем көз жасыңды ағызба
Көз жасыңды тарқатпа ...
Сенімен менің жасыл көктеміміз де
Өзенге қарай, өзенге қарай ағып жатқандықтан
Толассыз өзенге қарай ағып жатқандықтан
Аппақ шабдалының гүлі үлбіреймін дегендіктен
Қоңыр күз боп жапырақ үлбіреп айналып түсетіндіктен,
Қайғырудың еш керегі жоқ, қайғырудың еш керегі жоқ..
Сенімен мен көктемі жоқ аппақ шабдалының гүліміз.
Жаңбыр тамшысы боп тамшылап,
Қоңыр күз боп үлбіреп түсіп
Өзенге, өзенге қарай ағып кететін...[27,94].

Ұрпақсыз, жалғыз боп өмір кешіп бара жатқан адам да, ақын да жалғыз
боп өмірден кеткеннен соң, барар жолы мәңгілік дүние...О дүние екенін
түсіндіреді. Ақын адам көңілін аулау үшін, адам көңілін басу үшін айтылған
өлең жолдары іспеттес.

Жазық далада тұрып
Шин Сок Джон

Жасыл тау да ақша бұлтын ұстап өмір сүретіндей
Менің төбемде әрдайым көк аспаным бар.
Аспанға қарай тау алқабы ұқсап
Екі аяғыңды басып жүру не деген керемет!

Екі аяқ әлсіздеу болғанымен жас тау деп санап
Бар ынтамен қозғалады дейтін дөңгелек дүниені басып жүргендігімнен ...
Жасыл тау ұқсап берік түрде бұл дүниені аяғыммен басып өмір сүру не
деген қуанышты зат.

Сүйегің жансыздаңғанша қайғырсаңда өмір жақсы.
Қараңғы алқапта тұрып көк жұлдызға қарайықшы!
Көк жұлдызға қарап тұру аспан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның мәдениеті
Концептінің лингвистикадағы мағынасы
Ауыз әдебиетінің түрлері
Ұлы Морав мемлекеті
Корей халқы
Корей саясатының ерекшеліктері
«XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні»
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Корея мәдениеті
Кореяның көркем өнері
Пәндер