Қазақтың ішкі сулары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың ішкі сулары

Су - сұйық, қатты күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минералы. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір мол. Республика аумағында ішкі сады төрт түрге бөлеміз:

  1. өзендер
  2. көлдер
  3. жер асты суы,
  4. мұздықтар

Қазақстанның аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000км ден асады. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.

Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері - Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады.

Басты өзендері: Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді немесе шағын көлдерге құяды. Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т. б.

Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі-жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзеннің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып келеді.

Таулы аймақтардың өзеңдері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың байлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаюы әрекеті жылдам, бүйірлік шаюы баяу.

Қазақстанның ең мол сулы Ертіс өзенінің көп жылдық орташа су шығыны 960 м 3 /с, Сырдарияда 730 м 3 с. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.

Қазақстанның кең байтақ көлдері көп. Мұнда ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) - көлемі 1км 2 - ден кем шығын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік - ағынсыз тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзы болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100км 2 -ден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.

Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зоналыққа бағынады. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және су тұщырақ болады.

Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік - олардың топ-топ болып шоғырлануы. Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай-ақ аласа таулы Сарарқада және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда көп. Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі-жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезеңде пайда болған.

Көлдердің су деңдейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды. Қазақстан көлдері көпшілігінің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен уақытта қайта көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады.

Жер асты сулары - қатты, сұйық және газ күйінде Жердің литосфера қабатында, тау жыныстарының арасындағы қуыстарда, кеуектерде, жарықтарда болатын сулар. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге Жер шарының гидросфера қабатын құрайды.

Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабатаралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында, негізінен, құдық суын пайдаланады. .

Бірақ шалық шаруашылығының суға деген өскелең қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек. Мұнда су көздері де табылды, бұл - терең қабатаралық жер асты суы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Палеозойға дейінгі кезең
Қазақстанның физикалық географиясы
Сарыарқаның табиғаты
Су ресурстарына пайдалануға жарамды жер үсті және жер асты сулары
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Қазақстанның ішкі сулары
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат
Табиғаттың ластануы жайлы
Қазақстан Республикасында су ресурстарының таралуы және қамтамасыз етілу жағдайларын анықтау және оларды жою шараларынның бағыттарын көрсету
ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz