Адамның жеке дара қасиеттерi


- Сабыр- ақыл серiгi“ Сабыр түбi сары алтын”
Халық мақалы
- Жоспар
1. Адамның жеке дара қасиеттерi
2. Сабырлық - қастерлi қасиет
3. Өзiн тәрбиелеу -өмiр талабы
Жаңа туған нәресте “адам “ деп аталғанымен, ол шын мәнiнде бұл атауға көпке дейiн ие бола алмайды. Өйткенi адам болып ержету үшiн бала оңы мен солын өзiнiң “менiн” басқа “мендерден” ажырата бiлуi тиiс. Нәресте
мен сәбилерде бұл жағы жетiспей жатады. Адам -алдымен белгiлi бiр қоғам мүшесi. Ол қандай болмасын бiр iспен айналысатын, азды- көптi өмiр тәжiрибесi, бiлiмi мен дағдысы, икемi белгiлi дүниетанымы, сенiмi мен талғам-мұраты, бағыт бағдары мiнезi, қабiлетi бiр сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзiнiң iс-әрекетiн тiзгiндей бiлетiн, өз бойындағы жаман жақсы қылықтары үшiн жауап бере алатын кiсi.
Жеке адам, тұлға қоғамнан тыс ( отбасы, ұжым т. с. ) өмiр сүре алмайды. Өйткенi, оның жан дүниесi тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстiнде, тәлiм-тәрбие, оқу iздену арқылы әр кез белгiлi мазмұнға ие болып отырады. Оның айналысатын iс -әрекетiне қоса бүкiл тыныс-тiршiлiгiне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткiлер көп . Солардың бастылары: қажет пен қызығу, таным мен сенiм, мұрат пен талғам, мақсатпен мүдде. т. б. Адамның жан дүниесiнiң күрделi- лігін дұрыс аңғару үшiн алдымен оларды белгiлi жүйемен топтастыра қарауымыз керек . Кiсiнiң жан сыры ғылым тiлiмен айтқанда, оның психикасы бiр бiрiмен тығыз байланысты үш топқа бөлiнедi. Олардың бiрi- психикалық процестер, яғни жан қуаттары деп аталса, екiншi бiр тобы -психикалық кейiп немесе қалып, ал үшiншiлерi -кiсiнiң жеке -дара психикалық қасиеттерi немесе өзгешелiктерi деп аталынады . .
Психикалық процесестер, яғни жан қуаттары түйсiк пен қабылдау, зейiн мен ес, ойлау мен сөйлеу, қиял мен шығармашылық, сезiм мен ерiктi қамтиды.
Ерiк адамның мiнез-құлқын меңегере алу қабiлетi. Ерiк мақсат қоюдан басталады. Алғашқы сәтi -тiлек немесе ниет . Тiлек келешекте iстейтiн iсiмiздiң ойға бекуi . Мәселен “ газетке мақала жазсам “”өзенге барып шомылып” “ домбыра тартып үйренсем” т. б. деген сөйлемдерде адамның түрлi тiлегi белгiленген бұларда белгiлi бiр қажеттi өтеу көзделген, бiрақ оны орындау жолдары әлде де болса көмескi, яғни оның нақты жоспары сызылмаған . Тiлекте ерiктiк амалға тән талғампаздық сипат бар . Талғау ниетке ой әрекетiнiң араласуын қажет етедi., осы арқылы адам өзiне қажетсiз тiлектердi де, қажеттiлерiн орындау үшiн тиiстi жоспар сызып, амал- айла, әдiс- тәсiл қарастырады . Соңғы жағдай ғана адамның тiлегiн нақтылы, кесiмдi түрге келтiредi. Мақсат айқындалғаннан кейiн адам әрекетiнiң орындалу жолын қарастырады . Ерiк актiсiнiң келесi бiр буыны -қалау. Бұл мақсаттың айқындығын, ойдың бекiгендiгiн бiлдiретiн атау. Бiрақ тiлек те, қалау да ерiк жүгiн толық көрсете алмайды . Өйткенi, бұлар кейде бiр- бiрiмен үйлесе алмай, бiрi екiншiсiне қайшы келiп жатады . Сондықтан, адам өзiнiң алдына ылғи да шамасы келетiн, күшi жететiн, орындай алатын мақсаттарды қойып осы жолда кездесетiн қиыншылықтарды жеңiп отыруы қажет.
Белгiлi дүниетанымы мен сенiмi, мiнез құлықтың принципi бар, өз iсiнiң дұрыстығына көзi жететiн адам ғана дұрыс тоқтамға келе алып, қайткен күнде де орындаудың жолдарын iздестiредi . Бұл жолда ел орынсыз солқылдақтық табансыздық көрсетпейдi. Кейбiреулер өзінің алдына көмескi, бұлдыр мақсат қояды да сөйтiп мақсатын орындай алмай қалады .
Ал, ой жұмысын керек етпейтiн, жеңiл мақсат адамның еркiн енжар, әлсiз етiп жiберуi мүмкiн . Адам мақсатына жете алмаған кезде жiгерсiз, енжар күйге ұшырайды не орынсыз ызақор, күйгелектiкке салынады
Сондықтан да жеткiншек жасөспiрiм өз шамасын бiлiп, алдына нақты, әлi келетiн мақсат қоюлары тиiс. Ерiк сапалары сан алуан . Олардың ұнамды, жанға жарасымды түрлерiмен қатар ұнамсыз, нашар жақтары да аз кездеспейдi . Ұнамды ерiк сапаларының iшiнен алдымен ауызға алынатыны-принциптiлiк . Бұл адамның өз танымы мен сенiмi жолында тайғақтамай күресе алу қабiлетi . Мұндай қажетке ие кiсi жұмыста тындырымды болады, iстегi кемшiлiктерге төзбейдi, бұлар мен батыл күреседi, әдiл сыннан қашпайды . Қатесiн мойындай, оны түзетуге дайын тұрады . Принциптiлiк орынсыз өжеттiлiк, бос көкiректiкпен сыйыспайды . Құр көкiректiк кiсiнiң бiлiмi мен тәжiрибесiнiң, сенiмi мен талғамын ың саяз екендiгiнiң белгiсi . Орынсыз қасарсып, буынсыз жерге пышақ ұрушылық - жалған принциптегi адамның iсi . Ерiк жiгердiң келесi бiр жақсы сапасы- сабырлылық. Бұл оқыс қимыл қозғалыстан,
пәтуасыз көп сөйлеуден, босқа күйiп-пiсуден бойды тежей алу . Сабырлы кiсi iстi әр кез ойланып iстейдi, оғаш iске бармайды, көбелекше ұшып-қонбайды . Бар күш -жiгерiн алға қойған мақсатын орындауға жұмсайды .
Сабыр - әдепті адамдарға тән мінездің аса жақсы түрі. Ол - қандай жағдайда да адамның өзіне - өзі ие бола білуі, ұшқары сезімге бой алдырып, жеңілтектік жасамай, ұстамды болуы, әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып іс істеуі; іс - әрекетін алдына қойған мақсатына бағындыра білуі, сезімдерін қадағалай алуы, тосын жағдайға душар болғанда торықпауы немесе шалт қимылдарға бармауы. Сабырлылық - адамның ерік - жігері күштілігінің көрсеткіші әрі адамгершілік қатынастардың негізі.
Ол - әдеп - инабат тұрғысынан аса жоғары бағаланылатын, ұшқалақтық пен ұстамсыздыққа қарама - қарсы қасиет. Оның тәрбиелік сипаты - адамның бірден қызбалық, ұрмалыққа, жеңілтектікке салынбай, әр істің ақырына көз жіберіп, ойланып әрекет жасауында. Халқымыздың « Ашу - алдында, ақыл соңында» деген данышпандылық ескертуін іске асырып, ашуды ақылға жеңдіретін - осы сабыр. Сондықтан сабырдың қасиетін сан ғасыр бойы сынақтан өткізіп, анықтаған ата - бабаларымыз:
Сабырлы жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа.
немесе:
Сабыр түбі - сары алтын
Сақтаған жетер мұратқа, -
деген сияқты мақалдар шығарған.
Адам өмірінде қандай күйде болмайды. Кейбір кездерде қуанышы қойынына симай шаттанса, тағы бірде күллі әлем көзіне қара түнек болып көрінеді. Мұндай реттерде әсіресе, әлі тәжірибесіз, буыны қатпаған жастар тығырыққа тіреліп, шарасыздыққа ұшырап, торығады.
Әрине адам үнемі бірқалыпты әрі көңілі қалағандай ғұмыр кешпейді. Сондықтан да ренішті де қуанышты, бейнетті де рахат күндер алма кезек келіп отыратын жадында ұстап, соған орай, сабыр, тақат қылу, үшкіршілік ету мәнді қасиет болып табылады.
Сабыр - әдептілік - инабаттылықтың рухани тірегі. Сабырлы адам басқа түскен ауыртпалықты мәрттікпен қабыл алады да, жеңіл, ұшқалақ кісі күйіп піседі. Оның өзін демде отқа бір, суға бір тастайды, қайғы - мұңға салынып ұңжырғасы оңай түседі. Бейкүнә жандардың жанын жабырқатып, әдепсіздік жасайды.
Егер сабыр, тақат болмаса, адам көрген қиыншылықтан тез сағы сынып, майырылып қалар еді. Сабыр сақтаған кісі бостан - босқа абыржып, арам тер болмай, алдымен өзі тап болған істің, жағдайдың байыбына жетіп, зерттейді: себебін табуға тырысып, орынды шешім қабылдайды.
Сабырға құранда зор мән берілген. Онда сабырлы кісілерді өте тамаша кісілер деп атаған. Олар ол дүниеде де, бұл дүниеде де Алла тағаланың айырықша сүйіспеншілігіне ие болады деп көрсетілген.
Адам тілек - үмітпен ғұмыр кешеді. Қандай ауыр жағдайда да адамның кеудесінен үміт отының өшпеуі, ең алдымен, сол сабырға байланысты. Қанағат та, нысапта да сабырдан тілек табады. Сондықтан да ислам дінінде сабыр, тақатты барлық үлгілі қасиеттердің қайнар бұлағына балайды.
Сайып келгенде, сабырлылық - адамның өз мінез - құлқын басқарып, иелік ете алуы, ашулы, ызалы кезінде, қиын жағдайға тап болғанда, өмірлік маңызды мәселелерді шешкен кезде, ауырып - сырқағанда, өзін - өзі ұстай біліп, ақырын ойлай алуы.
А. П. Макаренконың « Ұстамдылығы немесе сабырлылығы жоқ адам тежегіші жоқ машина сияқты», - деген сөзі бұл мінезді жақсы сипаттайды.
Адамның ми қабығында қоздыру мен тежеу процестері болып тұрады. Сабырлы адамда бұл процесс бір қалыпта болады. Ал ашуланшақ, қызба, жеңілтек, ойланып алмай, іс істейтін адамдарда қозу тежеуден басым түсіп отырады да, олар кейде өзіне ие бола алмай қалады. Бірақ ол - әсерге көнбейтін нәрсе емес. Табанды да мақсатты тәрбие барысында жаттығу, машықтану арқылы оны түзеуге, сөйтіп, сабырлылық дағдыларын қалыптастыруға болады.
Сабырлылық сондай - ақ баланы жауапкершілік сезімге тәрбиелейді. Ол қажет емес кезде адамның өз ерік - қалауын, әуестік сезімін ірке тежей білуге негіз болады.
Мұны, әрине баланың жас кезінен бастағанда, анағұрлым нәтижелі болмақ. Балдырғанды кішкентайынан ыстық суыққа шыдамды етіп дағдыландыру, орынсыз еркеліккке жол бермеу, ауырға төзімділік пен күте білу бейімділігін қалыптастыру, бастаған ісін аяқсыз қалдырмай ақырына дейін жеткізуге үйрету, т. б. отбасындағы және оқу орындарындағы тәрбиеде елеулі орын алуға тиіс.
Адам бойындағы қасиеттің қай - қайсын да мемлекеттік мсаңызы бар нәрсе десек, ауып айтқанымыз емес. Олай дейтініміз - әр адам өзінің қоғамдағы орынына орай өз мінез - құлқымен, іс - әрекетімен пайда не зиян келтіреді. « Жаман болсам, мен жаманмын, сенің нең кетті?» - дейтіндер бар. Бұл - мүлде теріс ұғым. Адам қоғамнан тысқары өмір сүре алмайтыны ақиқат дер болсақ, оның бар қам - қарекеті де қоғамдық мәні бар нәрсе.
Сондықтан сабырлы адам қоғамда абыройлы болады, оның қадір - қасиетін барша жұрт мойындайды, айтқандары да әсерлі, көпшілік өз еркімен, ықтиярмен мойындайтындай салмақты, өтімді келеді.
Өзiн меңгере бiлу -бұл өзiн iске жеге бiлу деген сөз, мұнсыз қандай iс болмасын оны тындыру мүмкiн емес Мәселен, оқушы сабаққа дайындалмақшы екен дейiк . Ол үшiн қажеттi кiтаптарын, қағаз қаламдарын даярлайды . Бiрақ сәлден соң бөлмесiнен шығып, басқалармен сөйлесе кетедi . Одан қайта келiп кiтапқа ендi отыра бергенде, көршi пәтердегi жолдасында қалдырып кеткен шахматы есiне түсiп, соны алып келедi . Онда да жолдас баласымен әнгiмелесiп босқа отырып қалады . Бөлмесiне келiп үстелге отыра бергенде, кенеттен радио футбол ойыны болатынын хабарлайды . Ендi ол репертаж тыңдауға кiрiстi . Мiне, сөйтiп ол сабаққа дайындалу үшiн өзiн ұйымдастыра алмады. Осы айтылғандардың ең басты себебi -оның өзiн -өзi меңгере алмағандығы, яғни оның ерiк -жiгерiнiң нашарлығы . Жақсы ерiк сапаларының бiрi - тәртiптiлiк пен жинақылық . Бұл адамның қимыл қозғалысын, талап-тiлегiн әр кез жұрттың ырқына бағындыра алуы . Кiсi өз iсiнiң қоғамдық мәнiн жақсы ұғынса, соғұрлым зор сенiммен, белсендiлiкпен әрекет етiп, Отан алдындағы жауапкершiлiгiн жақсы түсiнедi
Жекешіл, эгоист, коллективтен оқшауланып жүрген адамда тәртіптілік жағы кем болады. Тәртіптілік адамның жинақылығымен, іс- әрекетінің, мақсат- мүддесінің жоспарлы- жүйелілігімен тығыз байланысты. Егер оқушының күнбе-күнгі әрекеті ешқандай жоспарсыз, қалай болса солай жүріп жатса, онда оның істеген ісінде де, жеке өмірінде де береке аз болады. Ал берекесіз адам көбінесе уәдесінде тұрмайды. Сөзі мен ісінің арасында байланыс аз болады. Мәселен, біреулер пәлен уақытта келемін деп уәде береді де мұны артынан өзі де ұмытып кетеді. Оның сағат алты да жиналысқа не консультацияға келуі қажет болса, ол оған үнемі 5-10 минут, тіпті жарты сағат кешігіп те келеді. Осы адамның кешіккені жөнінде жеткілікті дәлелі де болмайды. Бұл оқушының тәртіптілігі мен жинақылығының жоқтығынан қалыптасқан ұнамсыз әрекетінің көрінісі. Ерік жігерін тәрбиелеуге белін бекем буған адам әр кез нақтылы уәде беріп серттеседі, өзіне бұйрық нақты міндет алады, өзін мақұлдап, не айыптайды, не ойлаған ісінен бас тартады, өзін қайрайды, сәтсіздікке ұшыраса жұбатады, сөйтіп тағы осы сияқты әр түрлі ішкі түрткілерге жүгініп отыруды әдетіне айналдырады. Жастық шақ кісінің өмір жолын, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, жер басып жүргеніне, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа нендей пайда тигізетіндігіне, яғни өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең. Бір сөзбен айтқанда, осы кезеңде олар өзімен-өзі кеңесіп, «жан дүниесіне үңілуге құштар. » Бұл кезде кісінің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі күн тәртібінен ерекше орын алады. Біреу өз бойындағы берекесіздіктен, екінші біреу-тұйықтықтан, үшіншісі-орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz