ІV Француз Республикасының конституциясы және саяси шиеленістері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . .

І ТАРАУ. ІҮ Француз Республикасының конституциясы және саяси

шиеленістері.

1. 1. ІҮ Республиканың конституциясы . . .

1. 2. Францияның сыртқы саясатындағы бұрылыс . . .

1. 3. ІҮ Республика кезіндегі саяси шиеленістер . . .

ІІ ТАРАУ. Алжир және ІҮ Республиканың дағдарысқа ұшырауы.

2. 1. Алжирдегі Ұлт Азаттық қозғалыс және ІҮ Республиканың

қиыншылықтары . . .

2. 2. Алжирдегі бүлік және ІҮ республиканың күйреуі . . .

ІІІ ТАРАУ. Ү Республикаға көшу және Ү Республиканың конституциясы

3. 1. Ұлттық ұлылық идеясы: қайнауы мен мәні . . .

3. 2. Ү Республиканың конституциясы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Францияның жағдайын бірде бір Батыс елдерінің соғыстан кейінгі жағдайымен салыстыруға келмейді. 1940 -1958 ж. ж. арасындағы үш мәрте өзінің мемлекеттік құрылысын ауыстырды, ІІІ Республикадан Виши жүйесіне, содан кейін ІҮ Республикаға ауысты, ал кейіннен Ү Республика болды. Бұл кезде Францияның сыртқы саясаты да өте ауыр болды. Олар Францияның метрополия статусынан айырылуы болды. Отарлар үшін күресте Франция өзінің халықаралық беделінен айырыла жаздады. Оған Француз үкіметінің Солтүстік Африкадағы Ұлт- азаттық күрестерді күшпен қантөгіс арқылы басуы болды. Осы отарлар үшін күресте Франция саяси тұрақсыздықта болды. Ол билік басындағы бірін-біоі алмастырған 25 үкімет мүшесінің өздерінің сыртқы саясатты сауатсыз жүргізуінен көруге болады. Осы сауатсыз саясат ІҮ Республиканың күйреуіне әкеп соқты.

Осы кезде елде, яғни Франция тарихына айтарлықтай үлес қосқан, оның беделін сақтап қалған, француз елінің көрнекті саясаткер- қолбасшы генерал Шарль де Голльді айтып кетуге болады. Де Голльдің қайраткерлігін үш аспектіде қарастыруға болады. Бірінші, алғашында әскери адам ретінде кейіннен мемлекет қайраткері ретінде. ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейін кәсіби офицер, 1940 жылдан бастап ол маршал Петен үкіметіне бағынудан бас тартып Лонданға кетіп, саясатпен айналасты. Франция азат етілгеннен кейін Уақытша үкімет басшысы болды. Бұл тұғырдан өз қызметін 1958-1969 ж. ж өз идеясын орнатқан кезде көруге болады.

Екінші аспект де Голль қызметі голлистік қозғалыспен байланысты. Ол осы ұйымның негізін салушы және 30 жыл басшы болды. Соғыс кезінде Голлистер Францияны азат етуді мақсат етті, ал 1947 жылдан бастап оппазицияға көшті.

Үшінші және ең маңызды аспект де Голльдің голлизм идеясын құру, ішкі саяси және сыртқы саяси әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың өзара байланысын айтуға болады.

Жұмысты жазу барысында біз Францияның жаңа заман тарихынан деректермен дәйектерді пайдаландық. Деректер қатарына ең бірінші Ш де Голльдің мемуарларын қосуға болады. 50-ші жылдарда дәйекті түрде жеткізген «Әскери мемуары» болды. Онда осы кездегі Францияның жалпы әлемдегі қайта құру үрдісін байқауға болады 1 [1] .

1969 жылы де Голль «Үмір мемуары» жұмысын бастап 1970 жылы «Жаңару» 1 томын шығарды. Ал екінші томы «Күш алу» аяқталмай қалды.

Мемуарлы дерекетерге ФКП мүшелерінің естеліктерін айтуға болады - Франсуа Бийу және Жак Дьюнно.

Коммунистер де Голль тәртібіне аппозиционер және сонымен бірге ІҮ Республика үкіметіне де өзіндік оппозиционерлік ұйым бола білді.

Зерттеу жұмыстары ІҮ Республиканың ыдыраған күнінен бастап, яғни 1960 жылдардан жарық көре бастады. Олар Молчанов Н. Н., Манфред А., Смирнов В. П., Ратиани Г. Н., Наумов Н. Н. еңбектерін атауға болады 2 [2] . Ратяни Г. Н. еңбегінде Франция тарихындағы елеулі орын алған қос республика жөнінде кең жазылған.

Гуксаян -Гандзакелл П. Г. еңбегіне Францияның отаршылдық саясаты көрсетілген.

Ал 80-ші жылдардағы зерттеулерді қызығушылығын президенттік билік жүйесі тудырған. Ү республика кезіндегі атқарушы билік бұтағының маңызын бағаламақ болған еңбектерінің бірі В. Г. Серебренниковтың еңбегі. Ол 1946 және 1958 жылдардағы конституцияларды салыстырған 3 [3] .

Осымен қатар президенттік жүйенің ерекшеліктері мен кемшіліктерін зерттеген Савицкий П. Н. және Миронов Ю. Б. президент билігінің өкілеттілігіне сұрыптама жасаған 4 [4] .

Бұл дипломдық жобаның мақсаты:

ІҮ Республиканың сыртқы және ішкі саясаттарындағы саяси дағдарыстармен көп партиялық парламентаризмнің тартысын ашып көрсетуге болады.

ІҮ Республиканың конституциясы және саяси шиленістердің туу мақсатын көрсету. ІҮ Республиканың дағдарысқа ұшырауы Алжирдегі отаршылдық күрес.

Ш де Голльдің Ұлттық ұлылық идеясы: қойнауы мен мәні. Ү Республиканың конституциясы және саяси жүйесі Ш де Голльдің идеясының іске асуы.

Жұмыс құрылымы келесі бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.

Кіріспеде біз мақсатымен міндетін анықтадық және деректер мен зерттеулерге шолу жасалды.

І тарауда 1946 жылғы конституцияның ерекшеліктері мен кемшіліктері және саяси шиеленістерді қарастырамыз.

ІІ тарауда Алжирдегі және ІҮ Республиканың қиыншылықтарын қарастырып, оның құлау себептерін зерттедік.

ІІІ тарауда конституция мен саясаттағы Ү Республиканың Ұлттық ұлылық идеясын, Ш де Голльдің француз ұлтының ұлылығын көзқарасымен қарастырамыз.

Қорытындыда біздің зерттеген жұмысымыздың түйіндемелеріміз шығарылды.

І ТАРАУ. ІҮ Француз Республикасының конституциясы және саяси шиеленістері.

1. 1. ІҮ Республиканың конституциясы.

Төртінші республиканың Конституциясы көптеген таптық және партиялық күштердің мүдделерінің компромиссі нәтижесінде қалыптасқанымен, ол франциялық жұмысшылардың үлкен жетістігі болды. Онда халықаралық және франциялық фашизмді күйрету соңынан іске қосылған прогрессивті өзгерістер бекітілгентін.

«1946 жылғы Қазан Конституциясы ұлттық суверенитет бастамасына сүйенеді және жалпы дауыс беру арқыла құрылған Ассамблея алдында үкіметтің жауапкершілігін екі етпей бекітеді. Ол демократиялық құқықтардың сақталуына кепілдік береді, мемлекет пен мектептің зиялылығын жариялайды. Ол азаматтардың жаңа әлеуметті-экономикалық құқыларын бекітеді: бүкіл салалардағы әйелдер мен еркектердің бірдей құқылығы, кәсіподақ құруға және ереуіл жасауға құқық, еңбек жағдайларын коллективтік анықтауға және кәсіпорын басқаруына қатысуға құқық, бала мен ананың, қарт жұмыскерлер мен мүгедектердің материалды қамсыздандырылуына құқық, баланың білім алуына, мәдениетке, жалпы зиялы бүкіл сатыларда білім беру жүйесі ұйымдастырылуына құқы. Конституция ұлтшылданудың заңдылығын бекітеді, Францияның сыртқы саясатының бейбітшіл сипатын және тәуелді мемлекеттер халықтарының бірдей құқылығын жариялайды» - деп көрсетілген «Францияның коммунистік партиясының тарихында.

Жаңа Конституцияның бұрынғыдан прогрессивті маңызды айырмашылығы - екінші палатаның (Республика Кеңесінің) өкілдік құқыларының күрт азаюы, ол Үшінші республиканың конституциялық механизмінің өзегі болған соғыс алдындағы Сенатты алмастырғантын.

Бүкіл заңдық жобалар, оның ішінде Республика Кеңесі мүшелері шығарғандары да, бастапқыдан бірінші палата - Ұлттық жиында талқылануы керек болды. Егер онымен қабылданған жобаға Республика Кеңесі түзетулер енгізсе, онда Ұлттық жиын бұл жобаны оны қабылдауға немесе қабылдамауға құқымен екіншілікті оқудан өткізген және бұл шешім соңғы деп табылатын.

Люксембург пен Бурбондық сарайлар арасында заң жобалары қайықша әрі-бері ұзақ жүріп алуына әкелетін ескі сенаттық уақыт созу тактикасын жібермеу үшін 1946 жылғы Коснституцияның 20 бабы заң жобаларын қарастыру мерзімдерін шектеді: Республика Кеңесінің жобалары үшін - екі ай ішінде, бюджет пен жедел заң жобаларын - Ұлттық жиында қарастырылуы уақыты ішінде. Егер екінші палата берілген мерзім шегінде бітірмесе, онда Ұлттық жиын заңды бірінші оқылуы қалпында халыққа жариялауына құқылы болатын.

Екінші палата мүшелері үкіметке соңына резолюция қабылдау үшін дауыс беру жүретін сұраулар(интерпелляциялар) жасау құқығына ие болған жоқ, олар тек үкіметке тиімділігі төмен ауызша және жазбаша сұрақтар қоюға ғана құқылы болды. Сонымен қатар, Республика Кеңесі бұрынғы Сенат сияқты Президентті мемлекетті сатып кетуі үшін, министрлерді өздерінің міндеттерін орындау барысында жасаған қылмыстары үшін соттаған ең жоғарғы сот(трибунал) ретінде қызмет ете алмайтын болды, және де конституцияға ревизия (қайта қарастыру) жасатудың инициаторы ретінде жұмыс атқарамады.

Керісінше, Ұлттық жиынның өкілеттері сәйкесті кеңейтілді. Ол қаржылық сұрақтарда заң қабылдау белсенділігіне, шет ел мемлекеттерімен кейбір келісімдерге ратификация немесе денонсирование жасауға, соғыс ауға, т. б. құқықтарға иеленді. Жаңа протокол бойынша мемлекеттегі екінші тұлға болып Республика Кеңесінің бастығы емес, Ұлттық жиынның төрағасы табылды. Ол екі палаталардың біріккен отырыстарында төраға болды және төтенше жағдайда Президентті алмастырған. Депутатарды таңдаудың дұрыстығы туралы сұрақты оң жақтық партиялар талап ететіндей Ерекше конституциялық сот арқылы емес Ұлттық жиынның көпшілік дауыстарымен шешілетін.

Бұрын президент депутатар палатасын Сенаттың санкциясы арқылы таратуға құқылы болған. Төртінші республиканың конституциясы бұл құқықты қатаң шекке енгізді, оны мемлекет басшысынан алып тастап үкімет басшысына беріп қойды. Соңғысы бұл төтенше шараға министрлармен, ¦лттық жиын төрағасымен кеңесуден кейін қабылдауға мүмкіндікке ие болған, оның өзі егер 18 ай аралығында депутатардың көбісі қабылдаған сенбеушілік, келіспеушілік вотумдарынан туындаған екі қатар үкіметтік дағдарыс болғанда ғана. Ұлттық жиынды таратқаннан кейін үкіметті жиынның төрағасы басқаруға міндетті.

1946 жылғы Конституция екінші дүниежүзілік соғыс алдында бекіген консервативті кабинеттердің жақсы көретін қаруына айналған «декрет-заңдар» қалпында қолданылатын парламенттің үкіметтке өкілеттерін беру практикасына қатаң тыйым салды. Министрлер кеңесінің бастығы атқарушы биліктің (әкімшіліктің) басшысы және заңдар орындалуының жоғарғы кепіл берушісі болып есептелді. Оған басқа министрлерде жоқ сенім білдірмеу сұрағын көтеруге ерекше құқығы берілгентін. Үкімет басшысы депутатармен біріге заң қабылдау белсенділігін бөлісті.

Республика Президентінің заң актілері министрлардың біреуімен және Министрлер кеңесінің басшысымен рәсімделетін. Министрлер кеңесінің төрағасы еңі жоғарғы шінеуніктерді тағайындауға, ұлттық қорғаныспен байланысты көптеген маңызды сұрақтарды бақылауға және т. б. құқылы болды.

Мемлекет басшысы Ұлттық жиын мен Республика кеңесінің Версальдағы біріккен отырысындағы дауыстардың абсолютті көпшілігімен жеті жылға тағайындалатын. Протокол бойынша бекіген міндеттерінен басқа ол қайтадан парламент алдына үкімет басшысының кандидатурасын ұсынуға, министрлер кеңесінің, ұлттық қорғаныстың жоғарғы кеңесінің, магистратураның (сот жүйесінің жоғарғы органының) кеңесінің, конституциялық комитетінің отырыстарында төрағалық етуге, палаталарға үндеу жіберуге және қылмыскерлерді кешіруге құқықтарға ие болды. Президент бұрынғыдай сотқа тартылмайтын болды, тек мемлекеттік сатқындық жағдайы ғана бұған жатпайды. Бірақ Үшінші республика кезеңінен айырмашылығы - мемлекет басшысы әкімшілік пен дипломатияның ресми басшысы деп есептелген жоқ, оның әрбір шығарған актісі тиісті ведомствоның басқаратын министрдің және министрлер кеңесінің төрағасының қол қойылуын керек етті.

Жаңа конституцияның қабылдануы сайлау жүйесінің терең реформасының жасалуымен толықтырылды. Бұл жүйеге сәйкесті, парламентке тек бір депутат жіберетін ұсақ әкімшілік аймақтың орнына одан көп ірі территориялық бірлік - департамент сайлау округі деп саналатын болды. Әр жеке департаментке тұрғылықты халық санына байланысты бірнеше парламенттік мандат келетін болды. Ең халқы тығыз тұратын департаменттер бірнеше округтарға бөлінген. Әрбір партия берілген департаментте қанша мандат бойынша сайлау өткізілсе, сол сандағы кандидаттардың тізімін ұсынуына міндетті болды және оның тізімі жинаған дауыстардың санына пропорционалды парламенттен орындар алатын.

Төртінші республиканың бірінші параламентіне - Ұлттық жиынға сайлау 1946 жылы 10 қарашада өтті. Бұл сайлауда коммунистер 5, 5 млн. дауыс жинап 300 мың даустарды қосып ұтып алды және Францияның бірінші партиясына айналды. Социалистер 3, 4 млн. дауыс жинап үлкен жеңіліске ұшырады: олар 800 мыңдай өз сайлаушыларының дауыстарын жоғалтты. МРП реакцияның негізгі күші ретінде беделін сақтап қалды - ол 5 млн/ дауыс жинады, бірақ Жарғылық жиынға маусымдағы екінші шақырулы сайлауларға қарағанда 500 мыңдай дауыс жоғалтты. РЖР (радикалдар, ЮДСР және т. б. ) 150 мың дауыс жоғалтып тек 2, 4 млн дауыс жинады. Есесіне ПРЛ мен басқа да оң жақтағылар бұл жолы 2, 8 млн. дауыс жинады және 500 мыңдай дауыстарды жеңіп алды. Сонымен, коммунистер мен шекті реакция араларында күштердің теріскейлік бөлінуі нақты көріне бастады.

Референдум барысында де Голльді мақұлдайтын МРП-ны қолдаған сайлаушылардың көпшілікті бөлігі конституцияға қарсы дауыс берді. МРП-ның оң жағынан де Голльдің жақын әріптесі Рене Капитанмен ұйымдастырылған Голлистер одағы деген жаңа бәсекелес пайда болды, ол «Байе хартиясын» іске асыруға бағытталғантын. Халық республикашыларының көсемдері мұндай фактілерге назарын аудармай отыра алмады. Оң жақтық айналасында өзінің түсіп қалған беделін күшейту үшін МРП-ның басқарушылары сайлау өтісімен жаңа ғана қабылданған конституцияны қайта қарастыруға дайындығы туралы айтты және үкіметтің үшпартиялық формуласына қарсылығын білдірді.

Әрине, Франция бірінші соғыстан кейінгі жылдарда да капиталистік мемлекет ретінде сақталып қалды, онда басқарушы биікте қаржылық капитал иелері тұрды, олардың өкілдері халық шаруашылығының қайта орнығуына кедергілер жасап кері тартумен болды. Мемлекеттік басқару аппаратында, қарулы күштер басқармасында бұрынғыдай реакциялық бағыттағы кадрлық шінеуніктер мен офицерлер саны басым болды, олардың орталарын тазарту іс жүзінде тоқтатылды. Конституция мен сайлау заңдарының жиыны жарым-жартылай, компромисстерге толы сипатта болды. СФИО мен МРП жетекшілерінің НСС бағдарламасының маңызды баптарының орындалуына кедергі жасау әрекеті іске асты. Ол баптар бойынша префектуралардың жойылуы және олардың қызметттерінің жергілікті басқарудың сайламалы ұйымдары - департаменттердің Бас кеңестеріне берілуі көзделгентін, сонымен қоса сенімнен кеткен өз парыздарын сатып кеткен депутаттарды парламенттен қайтып шақыртып алу практикасын енгізу де жобаланғантын. Төртінші республика кезеңінде бірінші соғыстан кейнгі жылдардағы болған мүмкіндіктер іске аспай қалды. Бұған халықаралық жағдай да аз емес әсерін тигізді. Жекелеп айтқанда, Францияның Құрама Штаттардың басқаруымен экономикалық және әскери-саяси жабық блоктарына тартылуы және сонымен байланысты мемлекет ішіндегі саяси күштердің қайта ауытқып орнықталуы, ол ақырында көп партиялы парламенттік тәртіптің терең дағдарысына әкелді.

Францияның ішкі саясаты ол жылдары халықаралық жағдайдың тербелістері мен бұрылыстарына қатты тәуелді болды. Коммунистер басқарған демократиялық күштердің халық алдында сенімділігі артқан сайын, Франциялық буржуазия топтары сырттан қолдау іздеді. Осындай қолдау үшін басқарушы таптың көптеген бөлігі Францияның тәуелсіздігін, дербестігін және ұлттық мүдделерін құрбандыққа шалмақшы болды, әсіресе Германияға байланысты сұрақта.

1947 жылдың 12 науырызында АҚШ президенті Трумэн өз «доктринасын» таныстырып сөз сөйледі, онда іс жөнінде капитализмге қауіп туған мемлекеттерде қоғамдық құрылысты сақтауға Құрама штаттары кепілдік беретіні жарияланған. Бұл айтылғаның артынан «Маршалл жоспары» іске қосылды, соның бәрі батысевропалық мемлекеттердің монополиялары үшін белгі ретінде болды. «Америкалық қолдау коммунизмге қарсы соғыстың машинасына айналатын тәрізді» - деп сол кезде «Монд» басылымы айтқан.

1947 жылдың сәуірінде сыртқы істер министрлерінің Кеңесінің Мәскеулік сессиясында МРП озаты Ж. Бидо басшылығымен франциялық делегациясы АҚШ пен Англияның позицияларын қолдады, олардың рурлық көмірді жеткізуге және Францияның Саар облысын өзіне иеленуге ауыз ашқанын қолдауға сөз бергеніне айырбасқа. Мұндай күрт бұрылыс германиялық сұрақтағы кеңестік-франциялық ынтымақтастықты бұзды және Германияның оккупациядағы батыс аймақтарын Кеңес Одағына қарсы блоктың сүйенішіне айналдыру үмітімен оның әскери-өнеркәсіптік мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіруін көздеген англиялық-американдық дипломатия алдында Францияны қарусыз қалдырды. Сонымен қоса сыртқы саясаттағы жаңа бағыт Рамадьенің коалициялық үкіметі ішінде қатты келіспеушіліктердің пайда болуына әкелді және оның таралуы қауіпіне жақындатты.

Мелекеттегі саяси дағдарыстың пісіп жетілуіне әсер еткен басқа маңызды фактор болған отарларға байланысты мәселелер.

1945 жылдың мамырында отаршылық үкімет өкілдері Алжирдегі көтерілісті қатаң басып тастады. Бір жарым жылдан кейін ұқсасты жәй Мадагаскарда қайталанды, онда бейбітшіл халық арасындағы құрбандардың саны 80 мыңнан асты. Бірақ әсіресе алаңдатар жәй Қиыр Шығыста - Үндіқытайда орнықты, онда 1945 жылдың 19 тамызында тәуелсіз Вьетнам Демократиялық республикасының құрылуы жарияланды.

Отаршылық үкімет қарулы күштерге үлкен сенім артты. Ханойда 1946 жылдың 19 желтоқсанында көше қақтығыстары басталды. Олар Үндіқытайдағы жеті жылғы «кір соғыстың» басталуы болды. «Төртінші республика ‡ндіқытайдағы соғысты не тоқтата алмады, не одан бас тарта алмады, не оны жеңіп алмады. Ол бұл соғыстан рак ісігінен сияқты тек азап шегуге ғана жазаланды, соғыс оның қаржысын да жеді, сыртқы саясатын да бұзды, оның армиясын да тежеді. Ақыры төртінші республика соғыс азабынан жойылды», - деп тарихшы Ж. Фовэ жазған.

ФКП-ны үкіметтік коалициядан шығару үшін сылтау ретінде коммунистер өкілдерінің үкіметтің еңбекақыны көтеру туралы жұмысшылардың талаптарын қанағаттандыруға қарсы тұруына байланысты оған деген сенім білдіруге қарсы дауыс беруі қолданылды. 1947 жылы 5 мамырда «Журналь оффисиель» басылымында республика Президенті Ориоль мен министрлер кеңесінің төрағасы Рамадье қолдары қойылған декрет шығарылды, онда министр-коммунисттердің қызметтерінің күші жойылғаны туралы айтылған, өйткені «1947 жылдың мамырында ұлттық жиында олар қарсы дауыстар бергентінтін». Министрлік бірауыздықтың тәртібі бұзылған үшін жауапкершілік сөйтіп ФКП мойнына ілінді.

Коммунистердің үкіметтен шығарылуы мемлекет тарихындағы жаңа кезең басталуына әкелді. 1951 жылға дейін компартия ¦лттық жиында ең саны көп топқа ие болды және коммунист-депутаттар парламенттік трибунаны үкіметтің әрекетіне белсенді араласу үшін қолданды, олар жұмыскерлер мүддесіндегі заң жобалары мен басқа да шараларды ұсынған және басқа жобаларға тиісті түзетулер енгізген. 1947 жылдың мамырынан кейін партиядан кездейсоқ адамдар кетті, тек өз ісіне үлкен кәміл сенетін адамдар ғана қалды.

Коммунистер Францияның жұмысшы табының ең ірі кәсіподақтық ұйымы Бұқаралық еңбек конференциясында (ВКТ) басқарма орындарда орнықты. ВКТ кәсіподақтарына өнеркәсіптің озат салаларындағы жұмысшылар - металлистер, химиктер, кеңшілер, теміржолшылар, электр және газ өнеркәсібінің жұмыскерлері кіргентін. Францияның коммунистік партиясының ерекше сипаты - оның ауыл шаруалары арасындағы үлкен маңызды әсерлігі болғантын.

Францияның компартиясы интеллигенцияның әртүрлі топтарында да мықты белелге ие болды. Олардың өкілдері көптеген санда осы партия қатарында болды және оның жұмысына белсене қатысты. ФКП-ның Франциядағы демократиялық күштердің беделді жетекшісі ретінде әсерлігі мықты болғаны сондай, тіпті франция интелигенциясы арасында коммунисттерге қарсылық маңызды мөлшерде тараған жоқ.

1946 жылдың соңында Англияның газеті «Таймс»-қа интервью бергенде М. Торез Францияға қазіргі кезеңде социализмге жаңа жолдар ашылуы мүмкін деп баса айтқан. «Қандай болсын жәйда, - деді ол, - әр мемлекеттің жолы өзіндік ерекшеліктеріне ие. біз арқашанда ойлағанбыз және айтқанбыз, Франция халқы, өз мықты дәстүрлеріне ие бола тұра, үлкен демократияға, прогресске және әлеуметтік адалдыққа апарар өз жолын өзі табады». Бұл маңызды теориялық тұжырымды ұсынғанда М. Торез нақты тарихи фактілерге сүйенген. Халықаралық реакциялық күштердің ең басты сүйеніші - фашизмді күйрету, дүниежүзілік аренада күштердің өзара сандарының қатынасының социализм мен демократия пайдасына қарай өзгеруі, Францияда коммунистік партия басқаруымен біртұтас демократиялық лагерьдің қалыптасуы, мемлекеттік құрылыста және әлеуметтік өмірде қайта құрылу үрдістерінің өткізілуі - осының бәрі мемлекеттің социализмге қарай жылжуына нақты жағдайлар жасады.

Франциялық буржуазияға мұндай болашақ, қашық уақытта болжанса даүлкен алаңдаушылық тудыртты. Буржуазиялық партиялар және олардың артынан оң жақтық социалистер компартияны халық көзінде қаралау үшін көптеген әрекеттер жасады, ұлт ішіндегі «бөтен бөлік» ретінде көрсеткісі келді. Төртінші республиканың саяси партиялары туралы кітаптардың авторлары Ж. Мальтер мен П. Бенуа бүкіл партиялар ФКП-мен күресу сұрағы бойынша өздерінің арасында келісімге келетін деп растап жазған. 5

Коммунизмге қарсы тұру ойымен МРП де құрылған. Бірақ егер ол жаңа режимнің бөлігі ретінде өзін көрсетсе, 1947 жылдың сәуірінде де Голль белсенділігімен құрылған «Франция халқының бірлестігі»(РПФ) атты партия болса, өзін Төртінші республиканың, оның Конституциясының, парламентінің, саяси партияларының кешпес жауымын деп жариялады. Төртінші республика туралы жазылған кітаптардың авторлары бәрі бір ауыздан РПФ «коммунистік қауіпке» қарсы күрес үшін құрылды деп келіседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франциядағы Бесінші Республика Конституциялық құрылымына шолу жасап, президент Шарль де Голльдің ел тарихындағы алатын орны мен мемлекеттік реформаларының маңызын зерттеу
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Драмадағы тарихилық. Қазіргі қазақ комедиясы
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )
Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар
Францияның саяси жүйесі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Қоғамдық аумақтардың қоршалу элемент сызбасын жобалау барокко стилінде
Голль үшін тарихи тұлға - мемлекеттің дамуының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz