Көкжал Шыңғыстың көне мекеніндегі ел – Моңғолия
1) ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2) ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Моңғолия дегеніміз қайсы біреулердің сырттай пайымдауындай қу дала, қуба тон, тыстақ белестер ғана емес, керісінше ну орман, асқар тау, шалқар көлі мол, беткейі бес түлік малға, жер қойнауы кен байлыққа толы құтты мекен. Кең даласының 10 проценті орман-тоғаймен көмкерілген. Хәрлән, Онон, Тула, Қобул, Дәлгәр сынды 3800-ден астам өзен-суы бар, тек ағысты өзендерінің ұзындығы 6700 км, олардың 186-сы мұз көмкерген өзендер.
Убс, Хар ус, Хорсугул, Боон Цагоон, Орог, Бұйракөл, Алакөл тәрізді 400-ден аса көлдері бар. Моңғолияның жер жаннаты Сексен көлі мен Хоргосын тек қазақтың Бурабай, Барсакелмесімен ғана теңеуге болар еді.
Көк аспанның көшпелі бұлтынан өзге көлденеңді кесе өткізбейтін Бесбоғда, Цамбагаров, Сайыр уул, Көк Серке, Отган тәнгәр, Манххайрхан сынды мұз құрсанған әлемге әйгілі шың құздары өз алдына бір төбе. 600-650 шақырымға көсіліп жатқан Моңғол Алтай тауы қабырғасына қыран ғана ұя салып, басынан құс ұшырмайтын 4000 метр биіктіктегі бірыңғай зәулім шыңдардан тұрады. Олардың ең биігі Бесбоғда тауының Хуйтән Оргил жотасы теңіз деңгейінен 4374 метр биіктікте тұр.
Әлем халқы Моңғолияны «Көк тәңірінің елі» деп атауында үлкен сыр бар. Ол біріншіден, Азия төрінде алғаш Көк бөрілі, көк туының астында мемлекет құрған Ғұн елі, кейін бір өзі әлемнің көк бөрісі атанған Әмір Шыңғыстың іргелі Моңғол мемлекеті осынау мекенде өмірге келгенінде болса, екіншіден, Моңғолияның төл табиғатына байланысты. Өйткені, Моңғол жерінде жылдың күн тәулігінің төрттен үш бөлігінде көк аспанын бұлт шалмайды. Сондықтан болар моңғолдар ертеден-ақ Көк тәңіріне сыйынып келген халық. Олар «Тәнгәри» деп аспанды айтады, өйткені, моңғол түсінігінше әлемде аспаннан еңселі көрініс жоқ.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Көкжал Шыңғыстың көне мекеніндегі ел – Моңғолия.
Моңғолия дегеніміз қайсы біреулердің сырттай пайымдауындай қу дала,
қуба тон, тыстақ белестер ғана емес, керісінше ну орман, асқар тау, шалқар
көлі мол, беткейі бес түлік малға, жер қойнауы кен байлыққа толы құтты
мекен. Кең даласының 10 проценті орман-тоғаймен көмкерілген. Хәрлән, Онон,
Тула, Қобул, Дәлгәр сынды 3800-ден астам өзен-суы бар, тек ағысты
өзендерінің ұзындығы 6700 км, олардың 186-сы мұз көмкерген өзендер.
Убс, Хар ус, Хорсугул, Боон Цагоон, Орог, Бұйракөл, Алакөл тәрізді 400-
ден аса көлдері бар. Моңғолияның жер жаннаты Сексен көлі мен Хоргосын тек
қазақтың Бурабай, Барсакелмесімен ғана теңеуге болар еді.
Көк аспанның көшпелі бұлтынан өзге көлденеңді кесе өткізбейтін
Бесбоғда, Цамбагаров, Сайыр уул, Көк Серке, Отган тәнгәр, Манххайрхан сынды
мұз құрсанған әлемге әйгілі шың құздары өз алдына бір төбе. 600-650
шақырымға көсіліп жатқан Моңғол Алтай тауы қабырғасына қыран ғана ұя салып,
басынан құс ұшырмайтын 4000 метр биіктіктегі бірыңғай зәулім шыңдардан
тұрады. Олардың ең биігі Бесбоғда тауының Хуйтән Оргил жотасы теңіз
деңгейінен 4374 метр биіктікте тұр.
Әлем халқы Моңғолияны Көк тәңірінің елі деп атауында үлкен сыр бар.
Ол біріншіден, Азия төрінде алғаш Көк бөрілі, көк туының астында мемлекет
құрған Ғұн елі, кейін бір өзі әлемнің көк бөрісі атанған Әмір Шыңғыстың
іргелі Моңғол мемлекеті осынау мекенде өмірге келгенінде болса, екіншіден,
Моңғолияның төл табиғатына байланысты. Өйткені, Моңғол жерінде жылдың күн
тәулігінің төрттен үш бөлігінде көк аспанын бұлт шалмайды. Сондықтан болар
моңғолдар ертеден-ақ Көк тәңіріне сыйынып келген халық. Олар Тәнгәри деп
аспанды айтады, өйткені, моңғол түсінігінше әлемде аспаннан еңселі көрініс
жоқ.
Моңғолдардың кең жазира даласы өзіміздің қазақ даласы сияқты бейне бір
көшпенділердің өткен тарихының мұражайы іспетті. Өйткені мұнда көшпенділер
тарихының айқыш-ұйқыш сүрлеу ізі жатыр. Адамдардың бұл даладағы табанымен
шөң басқан ізі ескі тас дәуірінің орта тұсынан, немесе осыдан жүз мың жыл
әріректен басталады. Моңғолдардың ұлы даласына кімдер келіп, оны кімдер
басып өтпеген. Моңғол даласының арқа жонын асып өткен айқыш-ұйқыш сүрлеуі,
сан бейіт, зәулім ескерткіштер, әлдеқашан жер қойнауына сіңіп кеткен сан-
алуан қала, қалалардың қалдығы, тас мүсін, бедер тастар осынау тарих
жосылуының қалдырған ізі, өткен тарихтың куәсі.
Халқы жартылай мал шаруашылығымен, қолөнер, шағын өнеркәсіп және кей
жерлерінде егіншілікпен айналысады. Жер жағдайы мал өсіруге қолайлы. Қой
саны бойынша Австралиядан кейінгі екінші орында, бір адамға шаққандағы
жылқы саны бойынша дүние жүзінде бірінші орынға кіреді. Халқының жартысына
жуығы қала, орталықтарда, қалғаны қырда, ауылда тұрады.
Мемлекеттік тілі моңғол тілі, діні буддизм, ақша бірлігі тограг.
Моңғолия 250 жыл бойы Манж Чин империясының қоластында езгіде болып, 1921
жылы Орыс ағайындардың көмегімен 26-қазанда тәуелсіз мемлекет болып
жарияланды. Дәл осы уақыттан бастап социалистік даму бағытын таңдап,
көршілес Совет Одағымен аға-інілік қарым-қатынаста болды. 1939 жылы Шығыс
Моңғолияда Жапония милитаристеріне күйрете соққы беріп, жер бетіне
бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосты. 1941-1945 жылдары фашистік
Германия СССР-ге басып кіргенде ұлы совет халқына достық қол ұшын беріп
көмектесті. Атап айтсаң, қарапайым халықтың өз еркімен жиған ақшасына
жасалған Хувыгалт Моңғол танк бригадасы, Моңғол Ару эскадриллонын Қызыл
Армияға табыс етті. 1987 жылы алғаш ғарышқа өз ұлдарын Жүгдаршік Гүрраганы
ұшырды.
1990 жылы жастар қозғалысының нәтижесінде социализмнің қатал құрсауына
босанып, ат тізгінін демократияға бұрды. Қазір әлемнің 180 мемлекетімен жан-
жақты қарым қатынас жасауда Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше, 1961 жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды.
ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың
22 қаңтарында орнады. Оның негізін Елбасы Н.Назарбаев қалап, 1993 жылдың
қазанында Ұлан-Баторға ресми сапармен келді. Содан бері ежелден көрші екі
ел арасында сауда-саттық, экономикалық қарым-қатынас дами бастады. 1997
жылдың мамырында Ұлан-Баторда Қазақстан Республикасының өкілдігі ашылды.
Қазір Қазақстанның Моңғолиядағы уақытша сенімді өкілі қызметін өткен
жылдың тамызынан бері іскер дипломат Асхат Сыздықов атқарып келеді.
Ал Моңғолияның Қазақстандағы елшілігі 1992 жылы ашылған. Өткен жылдың
қыркүйегінде осы елдің Қазақстандағы елшісі Р.Хатанбаатр Елбасына Сенім
грамотасын тапсырды.
Моңғолия оңтүстігінде Қытаймен (шекара қашықтығы 4676 км.), солтүстігінде
Ресеймен (3485 км.) шектесіп жатыр. 2 миллион 475 мың халқы бар
Моңғолияның жер көлемі – 1 миллион 564, 1 мың шаршы шақырым. Бұл елде
көлік қатынасы аса күрделі. Ұлан-Батордан Алматыға дейін төте ұшақ
қатынасы жоқ. Моңғолиядағы 100 мыңға тарта қандастарымыз көбінесе “Алматы
– Өскемен – Баян-Өлгей” әуе жолы арқылы жүреді. Соның өзінде ұшақ бұл
бағытта аптасына бір-ақ рет қатынайды, ал Ұлан-Батордағы ағайындар
Алматыға Бейжің арқылы ұшады.
16-17 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі В.Храпунов бастаған ресми
делегация Моңғолияның астанасы Ұлан-Баторға сапар шекті. Ол сапар
Елбасымен және Үкімет басшыларымен келісілген, екі ел арасындағы
қарым-қатынасты жақсарту, алыс-берісті нығайту, әсіресе, 100 мыңға тарта
қандасымыз мекендейтін Баян-Өлгейдегі ағайындарға көмек қолын созу,
олардың тұрмысымен жақын танысу мақсатында туындаған.
Халықаралық “Шыңғыс хан” әуежайында біздің делегацияны Моңғолияның Еңбек
және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі О.Байгалмаа, осы ел Сыртқы
істер министрлігінің жауапты қызметкері С.Пунгагдаш және басқа да ресми
адамдар қарсы алды. Шығыс Қазақстан облысынан келген ресми делегация
Үкімет үйінде Премьер-Министр М.Энхболдтың қабылдауында болды.
Моңғолияның Премьер-Министрі Қазақстанға, Президент Н.Назарбаевқа деген
ерекше ілтипатын білдіріп, екі ел арасындағы экономикалық, сауда-саттық
байланыстардың өркендей беретініне сенім білдірді. Моңғолияның Президенті
Н.Энхбаяр бұл кезде сапарға шығып кеткен екен. Премьер-Министр ол кісінің
Елбасы Н.Назарбаевқа деген сәлемін жеткізуді өтінді.
Үкімет басшысы М.Энхболд Моңғолия мен Қазақстан арасындағы сауда
айналымының өткен жылы 2004 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өсіп,
47,4 миллион долларға жеткенін тілге тиек етті. Қазақстан жағы астық,
мұнай өнімдері, темекі экспорттап, көрші елден ет, жүн, плавикті шпат
шикізатын алады. Премьер-Министр, әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының
Моңғолияның батыс аймақтары – Баян-Өлгей мен Қобда аймақтарының
арасындағы қарым-қатынастан үміт күтетінін жасырмады. Мәселен, Қазақстан
жағы астық, мұнай өнімдерін берсе, Моңғолиядан ет өнімдерін алуға
мүмкіндік толық. Рас, бізді қинайтын көлік жағы, Баян-Өлгейден Өскеменге
жету үшін 2 мың шақырым жолды айналып өтеміз, егер екі жақты келісімге
келсек, ол жолды қысқарту мүмкіндігі бар, деді Үкімет басшысы.
В.Храпунов өздерінің Баян-Өлгеймен қарым-қатынасты жақсарту үшін
келгендерін айтып, осындағы қазақтарға оқу құралдарын, басқа да
қажеттіліктерді жіберетінін білдірді. – Қазір Қазақстанның 2 студенті
Ұлан-Батордағы жоғары оқу орындарында білім алуда, ал көрші елдің 23
студенті біздің еліміздің ЖОО-ларында оқып жүр. 2001 жылы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің Баян-Өлгейдегі филиалы ашылған. Осындағы
Қазақстанның мәдени орталығы ірге көтермек.
Ресми сапардың бірінші күні Шығыс Қазақстан облысының ресми делегациясы
бірнеше кездесу өткізді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіндегі
кездесуде моңғол жағынан қатысқан Л.Одончимэд өз еліндегі реформалар
жайлы айтып берді. Өздерінің Қазақстанның зейнетақы төлеу, еңбекке
орналастыру бойынша тәжірибелерін алып жатқанын білдірді. Бұдан кейін
Моңғолияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы, Отын және энергетика, Жол,
көлік және туризм, Білім беру, Мәдениет және ғылым министрліктерінде
Шығыс Қазақстаннан келген кәсіпкерлердің қатысуымен ауқымды мәселелер
талқыланды. В.Храпунов Қазақстанның жетістіктері жайлы айта келіп,
еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру
жолында стратегия түзіліп, осы мақсатқа жетудің мүмкіндіктері жан-жақты
қарастырылып жатқанын жеткізді. Содан кейін Моңғолияда полиметалл
кендерінің бай қоры барын, оны біздің елде өңдеп, кәдеге жарату үшін жол
қатынасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті.
– Мәселен, – деді ол, – қазір “Қазақмыс” корпорациясы Аягөз ауданында
Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысын бастады, оған 750 миллион АҚШ
доллары инвестиция ретінде құйылмақшы. Ал “Қазцинк” акционерлік қоғамы
екі зауыттың құрылысын бастады. Сол кәсіпорындар іске қосылған кезде
Моңғолияның шикізатын неге пайдаланбасқа?
Бұл ойларын облыс әкімі Моңғолияның Өнеркәсіп және сауда министрі
Б.Жарғалсайханмен болған кездесуде де айтты. Қазақстанның Моңғолиядағы
уақытша сенімді өкілі Асхат Сыздықов қазақ диаспорасының проблемаларына
тоқталды. Оның айтуынша, осыдан 15 жылдай бұрын Моңғолияда 250 мыңға жуық
қазақ тұрыпты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қандастарымыз аттың
басын атамекенге бұрып, кіндік қаны тамған еліне біртіндеп қоныс аудара
бастаған. Облыс әкімдігі аппаратының жетекшісі Абылай Сабдалин Отанына
оралып жатқандарға барлық жағдай жасалуға тырысылуда екенін хабарлады.
Моңғолияның азаматтығынан шығуда қиындықтар болған, енді ол реттелсе,
жерлестерімізді қуана қарсы аламыз, деді аппарат жетекшісі.
Моңғолия Сыртқы істер министрлігінде тағы бірқатар пайдалы кездесулер
өтті. В.Храпунов министрліктің және Шығыс Қазақстанға жақынырақ
Баян-Өлгей, Қобда және Уыс аймақтарының губернаторларымен кездесуде
айтылған проблемалар төңірегінде ой қозғады.
Баян-Өлгей аймағының әкімі Қапсаттар Омарұлы бұл қызметке екі жыл бұрын
кірісіпті. Мамандығы экономист-бухгалтер қандасымыз аймақтың проблемалары
төңірегінде өзінің ой-пікірін батыл білдірді. Оның айтуына қарағанда,
Баян-Өлгейдің өзінде 1 миллион 400 мың қой-ешкі, 900 мың сиыр, 70 мың
жылқы, 7 мың түйе бар екен. Сондықтан мал арзан, бір жылқы әрі кетсе 150
АҚШ доллары көлемінде. Сиыр одан да арзан, ал қой-ешкі төрт мың теңгеден.
Осы арзан малды Қазақстан жағы алуға мүдделі. Бірақ оны тасып-жеткізуде
көп қиындық бар. КСРО кезінде Қазақстанға малды “Скотимпорт” айдайтын.
Қазір Ресей өз аумағы арқылы мал айдауға рұқсат бермейді. Ал Қосағаш,
Таулы Алтай, Бийск, Барнаул арқылы Қазақстанға жол 2 мың шақырымға
ұзарады. Төте жол 54-ақ шақырым. Ол жабық. Сондықтан болар, келісім
жасап, Моңғолиядан мал, астық тасуға әрекет жасайтындар кететін шығынды
есеп-шотқа салған кезде, маңдайлары тасқа тигендей болады.
Жолды қысқартудың амалдары бар. Мәселен, Риддер арқылы Ресейдің таулы
Алтай аймағына төте жолдың салына бастағанына үш жылдан асты. Бұған
Үкімет 1,5 миллиард теңге қаржы бөлген. Биыл бұл жолды бітіруге мүмкіндік
бар. Бірақ Ресей жағы өздері салуға тиісті 26 шақырым жолды аяқтауға
құлық танытпай отыр. Өйткені, оларға келіп-кететін пайда шамалы.
Сондықтан біз Қазақстан жағы басшыларынан көмек сұрап, жолды тез бітіруді
өтінеміз, деген әкімнің сөзінде шындық бар.
Шығыс Қазақстанға барған делегация құрамында іскер адамдар да болды.
Семейдегі тері-былғары комбинатының директоры Ж.Рақымғалиев, Риддердегі
“Шем-Азат” ЖШС директоры Б.Гарыничев, “Защита” элеваторының директоры
М.Тойбазаров ұлттық-сауда өнеркәсіп палатасының мекемесіндегі кездесуге
қатысты. Олар да сауда-саттықты жақсарту үшін жол құрылысын реттеп алу
керектігін айтты.
Бизнес-кездесуде де екі жақты экономикалық қарым-қатынасты жақсарту
мәселелері сөз болды. Ұлан-Батордағы полиметалл кендерін игеретін
мекеменің бастығы Аманбек Әбділұлы, Асхат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz