Қазіргі заманғы оқыту технологиясы



Кіріспе

І.Негізгі бөлім
1.1.Қазіргі заманғы педагогикалық технология
1.2.Педагогикалық технологиялардың теориялық негізі
1.3.Педагогикалық технологияның түрлері

ІІ.Оқу процесінің қабілеттің негізіне құрылған технология
2.1.Оқу процесін концептуальді негізінде құрудың технологиясы.
2.2. Ірі блокті негізге оқу процесін құру технологиясы.
2.3.Оқу процесін озық негізде құру технологиясы.
2.4.Оқыту процесін проблеммалық негізде құру технологиясы.
2.5.Дәстүрлі педагогикалық технология.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгін оқу үрдісінің мақсаты тек қана ептілік пен дағдыны, білімді беру ғана емес, сонымен қатар, ақпаратты-интеллектуалды ресурстарды тәуелсіз құру мен пайдалану қабілетін қалыптастыру болып табылады. Білім беру нормалары бүгінгі жоғары жетістіктермен тоқталмайды. Енді олар ертеңгі күнге бағытталып, 10-15 жылдан кейін білім алушылардың өмір сүруі мен жұмыс істеу уақытын жобалауы қажет. Әлемдегі жағдайдың барлық өзгерістерге тез әрі теңбе-тең әрекетті қамтамасыз ететін ақпаратты технологиялар басым орынды алады.
Елімізде соңғы онжылдықта ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақ тәрбиелеуге жаңаша көз қараспен қарауды талап етуде.Қоғамның қазіргі дамуы кезеңінде оқыту мен тәрбиені нәтижелі ету білім беру мекемелерінің өзекті мәселелеріне айналды. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесін міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу туралы айтылған. Соңғы жылдарда болып жатқан бұл демократиялық өзгерістер, мектепке дейінгі мекемелер мен кешендердің қызметкерлеріне – тәрбиешілер, әдіскерлер, мұғалімдерге балаларды мектепке даярлауды педагогикалык шығармашылығын толыққанды пайдалану мүмкіндіктерін туғызып отыр.
Білім мазмұнын қалыптаструдың осындай жаңа жолдарын қолдану нәтижесінде балаларды мектепке даярлауды интенсивтендру мен оңтайландруға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістерінің үилесімділігі артып,оқытудың тиімділігі күшейеді.
1. Б.Ж. Қоянбаев. Педагогика Алматы, 2000.
2. М.Жұмабайұлы Педагогика . Алматы, 1992.
3. Р.М. Қоянбаев.Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 1993.
4. Б.Алтаева. Педагогикалық шығармашылық. Қазақ тілі мен әдебиеті 2003,№1
5. Г.Ахметова. Ұстаз- білім мен тәрбиенің ұйытқысы. Қазақстан мектебі\\2001,№6
6. Қ.Ағанина. Мұғалім мәдениеті №№ Қазақстан мектебі \\2003№2
7. Ә.Мұхамбетжанова. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту үшін. \\ Ізденіс \\ 2004 №2
8.Кеңесбаев С.М. Білімді ақпараттандыру процесі, оның негізгі бағыттары
мен болашағы. Жоғарғы оқу орындарындағы педагогикалық білімді
жетілдіру: бүгіні мен болашағы. Қаз. Мем. Қыз. ПИ, ғылыми мақалалар
жинағы, Алматы, 2004ж, 42 бет
8. Нұрғалиева Г.К. Білім беруді ақпараттандырудың тарихы,
қоғамдық тану. – Алматы, 2006
9.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен төжірибелері. -А., 1991
10.К.Өстеміров. Кәсіптік педагогика., Алматы, 2006ж.
11.Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құдиярова.Педагогика.А,.-2004
12.С. Құлшанова. Мектеп педагогкасы.А,.-2005

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
Кіріспе

І.Негізгі бөлім
1.1.Қазіргі заманғы педагогикалық технология
1.2.Педагогикалық технологиялардың теориялық негізі
1.3.Педагогикалық технологияның түрлері

ІІ.Оқу процесінің қабілеттің негізіне құрылған технология
2.1.Оқу процесін концептуальді негізінде құрудың технологиясы.
2.2. Ірі блокті негізге оқу процесін құру технологиясы.
2.3.Оқу процесін озық негізде құру технологиясы.
2.4.Оқыту процесін проблеммалық негізде құру технологиясы.
2.5.Дәстүрлі педагогикалық технология.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгін оқу үрдісінің мақсаты тек қана ептілік пен дағдыны, білімді беру
ғана емес, сонымен қатар, ақпаратты-интеллектуалды ресурстарды тәуелсіз
құру мен пайдалану қабілетін қалыптастыру болып табылады. Білім беру
нормалары бүгінгі жоғары жетістіктермен тоқталмайды. Енді олар ертеңгі
күнге бағытталып, 10-15 жылдан кейін білім алушылардың өмір сүруі мен жұмыс
істеу уақытын жобалауы қажет. Әлемдегі жағдайдың барлық өзгерістерге тез
әрі теңбе-тең әрекетті қамтамасыз ететін ақпаратты технологиялар басым
орынды алады.
Елімізде соңғы онжылдықта ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және
әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақ тәрбиелеуге жаңаша көз
қараспен қарауды талап етуде.Қоғамның қазіргі дамуы кезеңінде оқыту мен
тәрбиені нәтижелі ету білім беру мекемелерінің өзекті мәселелеріне айналды.
Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында білім беру
жүйесін міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу
туралы айтылған. Соңғы жылдарда болып жатқан бұл демократиялық
өзгерістер, мектепке дейінгі мекемелер мен кешендердің қызметкерлеріне –
тәрбиешілер, әдіскерлер, мұғалімдерге балаларды мектепке даярлауды
педагогикалык шығармашылығын толыққанды пайдалану мүмкіндіктерін туғызып
отыр.
Білім мазмұнын қалыптаструдың осындай жаңа жолдарын қолдану нәтижесінде
балаларды мектепке даярлауды интенсивтендру мен оңтайландруға әкелетін
оқыту мазмұны мен әдістерінің үилесімділігі артып,оқытудың тиімділігі
күшейеді.
Инновация (латын сөзі) – жаңарту, жаңа, жаңалық немесе
инновация, инноватциялық үрдіс. Бұл ұғымдар К.Ангеловский,
В.Загвязинский, В.Ляудис, Л.Подымова, М.Поташник, А.Пригожина,
В.Сластенин, Т.Шамова, Н.Юсуфбекова сияқты ғалымдардың еңбектерінде
кеңінен ашылған.
Қазақстанда инновация ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған
ғалым профессор Н.Нұрахметов. Ғалым инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану
және таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынады.
С.Ожеговтің сөздігінде инновация ұғымына келесі анықтамалар берілген
1) жаңа шыққан немесе жасалған жақында пайда болған, бұрынғының орнын
басатын, алғаш ашылған жаңалық; 2)жақын арада өткенге немесе қазіргі
уақытқа жататын жаңалық; 3)бұрыннан таныс емес, беймәлім енгізілген
жаңалық.
Л.Румянцева өз зерттеуінде жана ұғымының екі типін атап көрсетеді: 1)
алғаш жасалған, таза жаңа, бұл жаңалық ашу, жаңа ақиқат, ұстаным; 2)
жаңалық, құрамында ескі және жаңаның араласуы, екеуі қосылып бұрынғы
білімді толықтырады, нақтылайды.
Сонымен жаналық ескі мен жаңаның синтезі бола тұрса да, жүйеге
прогрессивтікті алып келеді.
Қазіргі танда мектепке дейінгі білм мазмұнын қалыптастырудың осындай
тарихи жаңа баламалы түрі - инновациялық оқытуды ұйымдастыру қажеттілігі
туындайды. Бұл ұғымға 1979 жылы Дж.Боткин басқарған ғалымдар оңтайлы
анықтама беріп, инновациялық оқыту мен нормативтік оқытудың айырмашылығын
атап көрсеткен. Сонымен инновациялық оқыту-саналы ұйымдастырылған,
жобаланған, басқарылатын, болашаққа ұмтылған, оны жүзеге асыруға дайын
тұлғаны дамытуға бағытталған оқу үрдісі.
Инновациялық оқытуға көшу өз кезегінде инновациялық педагогикалық
технологияларды пайдалануды көздейді. Бұл-мектепке дейінгі мекемелердің
білім мазмұны мен оқыту әдістері, бағдарламаларын, формаларын, жаңашыл
педагогтердің тәжірибесін, соның ішінде педагогикалық жүйенің қазіргі
талаптарға сай әдістемелік жаңаруы болып табылады. Осы аталған жаңа
құралдарды біз педагогикалық технология ұғымы шеңберіне жинақтасақ, ол
әдістеме немесе бағдарламаға қарағанда ауқымды, кең болып табылады,
білім беру мен тәрбиенің жана мазмұнын айқындап ашады, адам ресурстары мен
техникалық ресурстарды есепке алады және т.б.

1.1.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.

Бүгінгі күні дәстүрлі педагогикада оқыту технологиясы деген ұғым
танымал емес.ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы оқыту процесінің және
білімді меңгеруде техникалық және адамдық қорларды ықшамдап өз мақсаттарына
қолданудың жүйелік әдісі ретінде қаралады.
Бір жағынан оқудың технологиясы және өңдеу құралдарының өзгерістері
және оқулық хабар ұсынуының ғылым тәсілдері туралы оқушыларға оқытушы әсері
қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды оқу барысында қолдану
әдістерінің жиынтығы.
Бағдарлама мен білім беруде алға қойылған мақсаттарды әдістер мен
оқу құралдарын үйлесімді қолдану арқылы мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
түзіледі.
Оқыту технологиясы- жүйелі құрылым.Оның құрамына мыналар кіреді:
- оқыту мақсаты;
- оқыту мазмұны;
- педагогикалық байланыс құралдары;
- оқу жүйесін ұйымдастыру;
- оқушы,оқытушы;
- әрекет қортындысы.
Педагогикалық технологиялардың маңызы жайлы көптеген қызықты
терминдері бар:
Технология дегеніміз- бір бағыттағы қимылдардың әрекеттер жиынтығы.
Технология дегеніміз- өнерді игерудің бір түрі ретінде
шеберліктің,білудің,қалыпты өзгертудің жиынтығы болып келеді. (Щепель)
- Оқытудың технологиялары-дидактикалық жүйенің құрамдас
бөлігі.(М.Чошанов).
- Ал Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған
әдістер,амалдар,тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық
қондырғы деп түсіндіреді.
Технологиялық процесс- технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі,олар
педагогикалық нәтижелерге бағытталған.
Педагогикалық технология дегеніміз- мазмұнды оқу жүйесін ендіру болып
есептеледі. (Беспалько)
Педагогикалық технология – қойған мақсаттарға жету жолдарын
көрсетеді.(Волков).
- Педагогикалық технологиялар – оқыту процесін жобалау,ұйымдастыру және
өткізудің ойластырылған моделі- деген анықтама берген В.М.Монахов.
Педагогикалық технология – бұл барлық оқыту процестерінің қолданылуы
мен анықталуының әдістер құрылымы және техника мен адами қорлардың
өзара байланысы.
Педагогикалық технология – тұлғалық құралдың және әдістік тәсілдердің
жүйелік құрылымы болып табылады. (Кларин).
Педагогикалық технология алдын ала анықталғандардың мазмұндық құрылымы
болып табылады. Педагогикалық технология түсінігі 3 түрлі жоспарланады:
1) ғылыми;
2) суреттемелік процесс;
3) әрекеттік процесс.
Сонымен педагогикалық технология ғылым ретінде оқыту жүйесінің
амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы.Кез келген педагогикалық технология
бірден бір философиялық іргетасқа негізделеді.Философиялық жағдайлар
жалпы реттеу оқыту технологиясының жүйесіне кіреді.Философиялық ойтүйін
жеткілікті білім мазмұнында да, жеке тәртіп мазмұнында нақты бақыланып
отырады.Дегенмен олардың идеологиялық бағытында жиі бірлік
жоқ,сондықтан мектеп білімі мазмұнында әлемнің толық келбетін бере
алмайды,жалпы философиялық негіз болмайды.Қазіргі уақытта мектеп
педагогикалық технологиясында көптеген ұлы философтық бағыттардан
мыналар жиі кездеседі:
- материализм және идеализм;
- диалектика және метафизика;
- сценизм және табиғилық;
Өткен жылдардағы Отандық және шетелдік ғылымдардың психологиялық
және әлеуметтік үздік тәжірибелері, халықтық педагогика педагогикалық
технологияның қайнар көзі. Пеагогикалық технология түсінігі оқыту
әдісі түсінігінен кең ауқымды.Технология –бұл процесті басқару мен
оқытудың жақсы мақсатына қалай жетуге болатынына жауап береді.Алдын ала
жоспарланған оқу процесі технологиялық тәжірибелерді жүйелі іске
асыруға бағытталған.

1.2.Педагогикалық технологиялардың теориялық негізі.
Қазіргі кезде мектеп қоғамның әлеуметтік,экономикалық және мәдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отыр.Әр кезеңге сай оқыту
технологиялары,оқыту процесін ұйымдастыру мәселесі де өзгеріп жаңа
сұраныстарға жауап беруде.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін
ізгілендіру,оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында шаралар
жасалуда.Оларды инновациялық процестер немесе педагогикалық
технологиялар деп атап жүрміз.Педагогикада жаңа
әдістер,тәсілдер,құралдар,оқулықтар ,бағдарламаларды пайдалану.Оқыту мен
тәрбиелеуге өзгерістер енгізу,олардың сапасын арттыру болып табылады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі педагогикалық
технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,әртүрлі нәтиже
беруде.Бастауыш сынып мұғалімдері мектептердегі жаңару процестерін қызу
қолдап жаңалықтарды жылдам қабылдап,оларды практикада қолдануда үлкен
роль атқаруда.

1.3.Педагогикалық технологияның түрлері.
В.Г.Гульчевский,В.Т.Фоменко,Т.И.Шам ов және Т.М.Давыденколардың
педагогикалық әдебиеттерінде педагогикалық технологияның бірнеше түрі
ұсынылған.
П.К.Селевко педагогикалық технологияларды
мәнділігіне,қолданылуына,ұйымдастыр ылуына қарай төмендегідей топтарға
бөлді:
1.Қолдану деңгейіне қарай-жалпыпедагогикалық,пәндік,жек е
әдістемелік,модульдік.
2.Философиялық негізіне қарай-материалистік, идеалистік,
диалектикалық,метафизикалық,ізгілік ті,ғылыми, прагматикалық т.б.
3.Психикалық дамудың жетекші факторларына қарай-
биогендік,социогендік,психогендік.
4.Ғылыми тұжырымдамасына қарай-
ассоцинативтік,рефлекторлық,биховир истік,гемтальттехнология,дамытушылы қ.

5.Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай- ақпараттық,әрекекттік
сезімдік, эвристикалық қолданбалы өзін-өзі дамытушылық.
6.Құрамдылық және мазмұндық сипатына қарай- білімділік және
тәрбиелік жалпы және кәсіби бағытты,технократтық өзін-өзі дамытушы.
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды
білімділік әдістеріне қарай төмендегіше топтаған:
1.Тілдік өріс.
Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға
үйретуге арналған Н.А.Зайцевтің: колиграфияны дұрыс
қалыптастыру,сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н.Потапова және басқа
да технологиялармен сипатталады.
2.Математикалық өріс.
Бұл топқа П.М.Эрдниев және Б.П.Эрдниев т.б. жасаған
технологияларды жатқызамыз.
Оқу –адамның психикалық дамуының формасы,бір элементі.Оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Монотехнологияда барлық оқу-тәрбие процестері қандай да бір
концепцияға,комплекске,идеяға құрылады-әртүрлі монотехнологияларға
негізделеді.
-Танымал әрекетті ұйымдастыру мен басқару типіне қарай
В.П.Беспалько педагогикалық технологиялардың мынадай түрлерін ұсынады:
- оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы шектелген (бақылаусыз және
негізсіз),қайталану (өзін-өзі бақылау және өзара бақылау),енжарлық
(бағыттау болмаса автоматтандырылған және оқулық көмегімен болуы
мүмкін).Үйлестіру белгілерін технология түрлері
анықтайды.(Беспальконың дидактикалық жүйесі).Әдеттегі тәжірибелерде
монодидактикалық жүйе ең көп таралған болып келеді.
- Я.А.Каменскийдің кітаппен баяндау,лекциялық тәсілі және дербес
жұмыстар(дидахография) дәстүрлі классикалық жүйе.
- Қазіргі кездегі дәстүрлі оқыту,техникалық құралдарды ескер
қолданушы технология- дидахография.
- Оқытудың диференциялды және топтық тәсілі,мұғалім барлық топпен
ақпарат алмасады және жеке оқушыға көңіл аудару мүмкіндігін алады.
- программалап оқыту,оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып
оқыту.
- Педагогикалық технологияда баламен үлкендердің қарым-қатынасы
оқыту процесінде баланың көзқарасы принципті маңызды жағы болып
табылады.Бұл жерде технологияның бірнеше типі айқындалады.
А) авторитарлық технологияда оқу-тәрбиелік процесте тек ұстаз ғана
субъект болып,ал оқушы бар болғаны объект, бұрандашық .Ол мектеп
өмірінде оқушылардың дербестігін басумен, талап қолданумен және
еріксіз көндірумен ерекшеленеді.
Ә) Дидактоорталық технология баланың тұлғалық ерекшелігіне көңіл
бөлмеудің биік дәрежесі екендігімен ерекшеленеді,яғни мұнда да оқушы
мен ұстаз ара қатынасында субъект-объектілік үстем болады.
Дидактоорталық технология қайнары технократтық деп аталады,бірақ соңғы
терминнің бірінші терминнен айырмашылығы педагогикалық стилге емес
мазмұндық мінез-құлыққа көбірек көңіл бөлінеді.
Б) Жеке тұлғалық бағытталған технология жалпы білім беру жүйесінде
баланың жеке тұлғалық табиғи потенциалды қалыптасуын,оның жайлы,дау-
жанжалсыз және қауіпсіз даму жағдайын қамтамасыз етеді.Бұл технологияда
бала жеке тұлға тек қана субъект емес,қандай да бір дерексіз мақсатқа
жетудің құралы емес,ол жалпы білім беру жүйесінің мақсаты болып
табылады.Бұл технологияны антроцентрлік технология деп те атайды.
Сайып келгенде,тұлғалық-хабарланған технологиялар
антроцентрлік,гуманистік және психотерапиялық бағыттылығымен
сипатталады және баланың творчестволық дамуы алуан,азат мақсатта
болады.
Ынтымақтастық технологиясы,азат тәрбиелеу
технологиясы,адамгершілікті жеке –тұлғалық хабарланған технология
аясында дербес бағыттарға бөлінеді.
В) Адамгершілік-гуманистік технология өзінің гуманистік маңызымен
ерекшеленеді, психотерапевтік адамды сүйеуге,оған көмектесуге
бағытталған.Балаға деген махаббат,жан-жақты сыйлау,оның творчестволық
қабілетіне сену еріксіз көндіруді жоққа шығарады.
Г) Ынтымақтастық технологиясы теңдік,еркіндікті ұстаз бен оқушы
арасындағы субъектілі серіктестікті іске асырады.Оқытушы мен оқушы оқу
мазмұнын,мақсаттын бірлесе отырып жасайды,бағалайды.
Д) Еркін тәрбиелеу технологиясы балаға таңдау бостандығын
,дербестікті ұсынады.Таңдауды іске асыруда бала субъект
көзқарасын,сыртқы әсерден емес ішкі талаптың нәтижесін ең жақсы
тәсілмен іске асыра алады.
Д) Эзотерикалық технология эзотериалық(аңдаусыз) оқуда негізі
шындыққа салынған білім.Педагогикалық процесс- бұл хабарлау
емес,қатынас емес ол шындыққа тарту.Эзотерикалық парадигма өзі
адам(бала) ақпараттық орталық әлеммен қарым-қатынаста болады.
- оқытудың әдіс-тәсілдері,құралдары көптеген технологиялық
атауларды белгілейді:догматикалық,дауыс зорайтқышты,түсіндірме-
көрнекті,бағдарламалық оқыту,проблеммалық оқыту,нығайта оқыту,өзін-өзі
дамыта оқу,диалогтық,қатынас,ойын арқылы,творчестволық және басқалар.
Оқытудың ең маңыздысы және түпнұсқасының категориялары мыналар:
- дәстүрлі жалпы мектептік технология;
- деңгейлеп оқыту технологиясы (пәндерді тереңдете
оқыту,гимназиялық,лицейлік,арнаулы білім беру т.б.).
- компенсациялаушы оқу технологиясы (педагогикалық
түзетулер,сүйеулер,тегістеудің және т. б.).
- әртүрлі виктомологиялық технология (сурдо-, орто-,тифло-
,олигофренопедагогика).
- Жалпы мектептегі ауытқушылықтары бар баламен жұмыс істеу технологиясы
(қиын балалар және дарынды балалармен).Қазіргі заманғы технологиялардың
аттары мазмұнымен ,жаңаруымен анықталады және дәстүрлі жүйеге душар
болады.
Монодидактикалық технология өте сирек қолданылады.Әдетте
оқыту процесінде полидидактикалық технология қандай да болмасын
монотехнологиялық түрлі элементтердің қатарын біріктіреді,
интегралдайды, авторлық идеяның негізінде құрылады.Қиыстырылған
дидактикалық технология әрбір оған кіруші технологиялардың аса басым
түсетін сапаларына ие бола алады.
Әдетте қиыстырылған технология (монотехнология) деп- оқыту
мақсатының ең үлкен жетістігіне жетуін,негізгі жаңартуын
атайды.Жаңартудың дәстүрлі жүйесі бағытын келесі топтарға бөлуге
болады:
А ) Адамгершілік негіздегі педагогтық қарым-қатынастарды
демократияландыру. Бұл технология кәсіпшілік пен хабардар болу,жекелік
көңіл бөлу,дара жақын келу,демократиялық басқарумен және жарқын
адамгершілік мазмұнының бағыты.Оларға Ш.А.Аманашвилидің
ынтымақтастық,жекелік-адамгершілік технологиясы жатады,Е.Н.Ильиннің
адамды қалыптастырушы пән ретінде әдебиетті оқыту жүйесі.
Б) Оқушының белсенділігі негізіндегі активтік және интенсивтік
педагогикалық технология.Мысалы: ойын технологиясы,проблеммалық
оқыту,Д.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту
технологиясы,Е.И.Пассовтың коммуникативтік оқыту т.б.
В) Оқыту процесін ұйымдастыру мен оқытудың нәтижелігі негізіндегі
педагогикалық технология.Мысалы: программалық оқыту,диференциялдық
оқыту(В.В.Фирсов,Н.П.Пузик),жекелеп оқыту технологиясы
(А.С.Границкая,И.Унт,В.Д.Шадриков), перспективалық басқаруда жекелеу
технологияларын,тірек схемаларын пайдалану арқылы
оқыту(С.Н.Лысенкова),топтастырып және әріптестік оқыту әдісі
(И.Д.Первин,В.К.Дьяченко),компьютер лік(ақпараттық) технология және
басқалар...
Г) Әдістемелік дамыту және оқу материалдарын дидактикалық
қайтақұрастыру негізіндегі педагогикалық технологиясы:П.М.Эрдниевтің
дидактикалық бірліктерді ірілендіру (УДЕ), В.С.Библер мен
С.Ю.Кургановтың Диалог мәдениеті,Л.В.Тарасовтың Экология және
диалектика,М.Б.Воловичтің ақыл-ойды қалыптастыруды деңгейлеп оқыту
теориясы т.б.
Д) Табиғи жинақталған халықтық педагогика әдістерін қолдану,
баланың қалыпты дамуына негізделген: Л.Н.Толстойша оқыту,А.Кушнирше
сауаттылыққа тәрбиелеу,М.Монтессори технологиясы және басқалар.
Е) Альтернативті : Р.Штейнердің вальдорфтық педагогикасы,С.Френнің
ерікті еңбек технологиясы,А.М.Лобканың білім мүмкіндігі технологиясы.
Ж) Қолданылып жүрген авторлық мектептер комплекстік политехнология
мысалдары(танымалдары - А.Н.Тубелскийдің Өзіңді анықтау
мектебі,И.Ф.Гончаровтың Орыс мектебі,Е.А.Ямбургтің Баршаға арналған
мектеп,М.Балабанның Мектеп-парк және басқалары) .
Ростов мемлекеттік университетінің профессоры В.Т.Фоменко
педагогикалық технологияның ең қызық классификациясын ұсынады:

ІІ.Оқу процесінің қабілеттің негізіне құрылған технология.
Дәстүрлі технология сырттай қарағанда керексіз, азқабілетті болып
бағаланады,сондықтан оған қосымша ретінде мына технологиялар
пайдаланылады.Ол мынадай жоспарларды алға қояды:
- әрекеттің пәндік жоспары;
- тіларалық әрекет жоспары;
- қысқарған әрекет жоспары өзім жайлы.
Жоғарғы сыныптарды оқытудың ерекшелігі ауызша түрде өтеді,бұл
–оқушыға білім берудің формльді түрінің бірі.Оқушының тілдік қабілетін
кеңейту үшін жаңа жол табады:әр оқушының сөзін таспаға жазып алып
тыңдау.Оқушының үй тапсырмасын қарап шығуына көмектесу өте қажет
(күрделі материалдарды оқу,үй жұмысынорындаған кезде
оқиғаларды,фактілерді есте сақтау,қайта айту).
Өзім жайлы әрекеті –бұл бала санасын ауқымды ақпараттармен
толықтыру.Бұл әрекет жоспары,яғни өзім жайлы компьютерлік оқыту
процесі арқылы жүзеге асуы тиіс (компьтерлік құралдар арқылы ойлау
қабілетін басқарудан өзін-өзі басқаруға ауысу).Сондықтан компьютерлік
оқыту программасын жетілдіру істі жақсарту үшін өте қажет.
Жалпы технологияға мінездеме бере келе,барлық әрекет
жоспарларыбір-бірімен тығыз байланыста болуға тиіс қазіргі біздің
компьютерсіз оқытуымызда сондықтан да компьютерлік оқыту программаларын
жандандыру керек.
2.1.Оқу процесін концептуальді негізінде құрудың технологиясы.
Концептуальді негіз:
- бірдей негізде ;
- курстың негізгі терең ойы;
- пәнаралық ой.
Нағыз мұғалім сабаққа сабаққа алдын ала даярланған үлгімен келеді
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Касіптік білім беру
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ерекшелігін зерттеу
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Мектеп оқушыларына информатиканы оқытуға арналған толықтырылған шынайылық элементтерін әзірлеу
Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Пәндер