«Информатикадан деңгейлік тапсырмаларды жасау әдісі»



КІРІСПЕ
1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР.
1.1.Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
1.2 Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері.
1.3 Дидактикалық материалдардың тиімділігі.
1.4.Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру
2. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Тестік тапсырмалар.
2.2 Бақылау жұмыстары.
2.3 Үлестірме қағаздар мен перфокарталар.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталған. Сонымен қатар, курсты оқытудың дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы ақпаратлық процестер мен факторлардың фундаментельды ролін мойындау болып табылады.
Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.
Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады.
- оқу үрдісінде дидактикалық материалдарды дайындауды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау.
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде материалдарды дайындаудың үлгілерін пайдалану әдістемесін жасау.
- мұғалімдердің дидактиканы меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру.
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін сабақта пайдалануға үйрету.
- мектептің материалдық-базасын нығайту.
Бірінші кезең – информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Екінші кезең – информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Негізгі әдебиеттер:
1. К.З. Халықова ИЕТН пәні бойынша орта мектепке арналған типтік бағдарлама.
.- А.: АГУ им.Абая, 2003 ж
2.Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.- А.: Білім, 2004ж
3. Н.В.Апатова Инновационные технологии в школьном образовании. - Москва : 2003

4. В.П.Беспалько Программированное обучение.Дидактические основы. –Москва.: 2001

5. М.П.Лапчик,И.Г.Семакин,Е.К.Хеннер. Методика преподования информатики.
–Москва.:Академия,2001.
6. К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология -Алматы: 2004
7. К.Ж.Бұзаубақова Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық
технологиялары - Алматы :Жазушы .,2005

Қосымша әдебиеттер:
1. Информатика негіздері №3 – 2005ж. 15-бет.
2. Алборова С.З., АТАЯН A.M. Компьютерные деловые игры как средство информационной культуры // XI Международная конференция - выставка «Информационные технологии в образовании». Сборник трудов участников конференции. Часть II. - М.: МИФИ, 2001, с. 12-13. 3.Смолянинова О. Г. Инновационные технологии обучения студентов на основе метода Case Study: M.- сборник "Инновации в российском образовании", ВПО, 2000г, с. 34 - 38.
4.Михайлова Е. И. Кейс и кейс-метод: общие понятия. // Маркетинг, 1999, №1, с. 38-84.
5.Башмаков М.И., Поздняков СП., Резник Н.А. Процесс обучения в информационной среде//Школьные технологии. - М., 2000, №6. - 158 с.
6. Қазақстан мектебі №1 – 2009ж. 25-бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қорғауға жіберілді
Информатика және ЕТ кафедрасың
меңгерушісі
_________ М.М.Абдимомынова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Информатикадан деңгейлік тапсырмаларды жасау әдісі

050111 – мамандығы бойынша – Информатика

Орындаған ________________ Абдешова К. инф – 29
–1с

Ғылыми жетекшісі
________________ Қалақбасова Н.Б.
аа оқытушы

Тараз – 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР.

1.1.Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер

1.2 Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері.

1.3 Дидактикалық материалдардың тиімділігі.

1.4.Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру

2. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1 Тестік тапсырмалар.

2.2 Бақылау жұмыстары.

2.3 Үлестірме қағаздар мен перфокарталар.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта
мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі
тәжірибелері жинақталған. Сонымен қатар, курсты оқытудың дидактикалық
жүйесі де қалыптасып келеді.

Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және
табиғаттағы ақпаратлық процестер мен факторлардың фундаментельды ролін
мойындау болып табылады.

Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен
модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік,
психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді
талап етеді.
Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады.
- оқу үрдісінде дидактикалық материалдарды дайындауды іске асырудың жүйелі
ғылыми-әдістемелік жолын анықтау.
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде материалдарды дайындаудың үлгілерін
пайдалану әдістемесін жасау.
- мұғалімдердің дидактиканы меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша
кәсіби біліктілігін жетілдіру.
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін сабақта пайдалануға үйрету.
- мектептің материалдық-базасын нығайту.
Бірінші кезең – информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді
білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың
саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Екінші кезең – информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық
ерекшеліктерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру тиімділігін арттырудың
қуатты құралы болып табылады.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен
оқыту әдістерін ғана емес, дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану
арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай
оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады.
Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі.
Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт
үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады,
ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу
дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
- дидактиканың тиімділігін оқу процесіне енгізу жағдайында
тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны
мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды
болжау;
- білім беруді тапсырмалар жағдайына педагог мамандардың біліктілігін
көтеру;
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған
сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың сабақта дидактикалық функцияларды пайдалана алу
дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың
ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- педагог мамандарды дидактиканың үлгілерін өз қызметтеріне енгізуге
байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
Қазіргі мектептің даму болашағы
Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын
дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімін
арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі,
жан –жақты болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Ғасырлар мақсаты
– қоғамның нарықтық қарым –қатынақа көшу кезінде саяси –экономикалық және
рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы,
іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру,- деп
тұжырым жасады.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру
талабы білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік
белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны
қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған
сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің
әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ
құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары
деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгерудің әдіс – тәсілдері
сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз
еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды
шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік
тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар
арқылы информатика пәнінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра алады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың
негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,
мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог -
психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді.
Мұғалімнің аса маңызды іс әрекетінің бірі - әртүрлі іс-әрекеттің
саналы түріне оқушыларды ұйымдастыру: мұғалімді және жолдастарын тыңдау,
ғылыми танымал сабақта және үйде әртүрлі оқу материалымен өз бетімен
жұмыс істеу.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болашақ мұғалімге қажетті
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейін үйрену, негізгі әдіс-
тәсілдерді меңгеру, келешекте өз ісін жетік меңгерген маман болып
қалыптасу.

І. ДИДАКТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ

1.1.Информатика және дидактика

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ клас- сабақ жүйесінің
негізін қалайды. Оның мынадай негізігі сипаттары бар: 1) оқу топтарының
құрамы; 2)әр кластағы оқу мазмұнын қатаң анықтау; 3) оқу сабақтарының нақты
белгіленген кестесі, 4) оқушылар жұмыстарының жеке және бірлескен түрлерін
ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші ролі; 6) оқушылар білімін жүйелі тексеру
және бағалау.

Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Каменскийден бастау алған класс-сабақ
жүйесі бүгінге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып
келеді.Информатика негіздерін оқыту да дидактиканың қалыптасқан бай
тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра
түседі.

Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері
пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал,
дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған
сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар: 1) жаңа сабақ (тың
хабарлар айту, түсіндіру сабағы);

2) оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу
сабағы)

3) оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.

Көптеген жағдайда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың
біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына
сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен
қолданылады.аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар
артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді
сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті
басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз
етеді.
Информатикадан өтілетін сабақтардың өз ерекшеліктері де бар. Академик
М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану
мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды зертханалық жұмыс
және практикум.
Дидактик мұғалімнің қандай жалпы дидактикалық әдісті қолданғанын,
қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту
әдістері мен сабақ материалының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттеріне
сәйкес болуына назар аударады.Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың
сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке
оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту практикасы төмендегі факторларымен
сипатталады:
1) Қазіргі уақытқа дейін Информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту
тереңдігі мен материалдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірімен
айырмашылығы бар, әртүрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланып
келді. Оның үстіне информатиканы оқытатын мұғалімдердің мамандық деңгейі
мен базалық білімі әртүрлі.
Сондықтан әр мектептегі информатиканы оқөытудың нақты мазмұны мен бұл пән
бойынша оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын
талаптардың деңгейі түрліше.
2) Қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары сыныптарда емес, оны
төменгі буынға көшіру қолға алынды. Жалпы біілм беретін орта мектепте
информатикадан берілетін міндетті білім көлемін қамтитын базалық курс орта
мектептің 7-9 сыныптарынан бастап оқытылады. Мұның өзі инфооматиканың
мазмұнының және оқыту нәтижесіне қойылатын талаптардың осы жастағы
оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуын талап етеді.
3) Информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік
сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды ақпараттық қоғамда
еңбек етуге дайындау үшін енгізілген болатын. Бұдан бұл курстың жалпы білім
беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта информатика
курсын мектепке жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытуда
компьютерді қолдану, ЖАТ –ны (жаңа ақпараттық технология), АКТ-ны
(ақпараттық-коммуникациялық технология ) пайдалану компьютерлік
сауаттылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім беретін пән
ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр.

1.2.Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер

Информатика пәнінің орта мектепке енгізілгеніне үшінші онжылдыққа
аяқ басып барады. Осы уақыт аралығында курсты оқытудың әртүрлі
бағыттары пайда болды.Орта мектептегі басқа пәндермен салыстырғанда
информатика әлдеқайда жас ғылым.Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына
қарай, курстың мазмұныны да өзгеріп отырғаны белгілі. Курс мазмұнының
өзгеруі мен программалық және техникалық құралдардың әртүрлігі, сондай-ақ,
информати канны оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстың мазмұны мен
оқыту әдісі, оқыту құралдарын таңдауда информатика пәнінің мұғалімдеріне
айтарлықтай қиындық туғызуда.Мұндай аса күрделі мәселені шешуді
дидактиканың жалпы принциптерінен іздеген жөн. Дидактиканың жалпы
принциптері информатика курсын оқытуда нақтылана түседі [1,5].
Ғылымилық принципі – бұл принцип білім беру мазмұнынан оқушының
танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа
жетістіктері орын алуын талап етеді. Аталған мәселе тұтасымен алғанда
жеңілдей түседі, өйткені информатика курсында жоғарғы, төменгі деп
бөлінетін нақты бөліну жоқ, пәнішілік байланыс өте жоғары. Олай дейтініміз
– информатика ғылымындағы көптеген түсініктер мектептегі пәннен өзінің
ұқсастығын тауып жатады. Курста қарастырылатын ақпарат , алгоритм және
атқарушы ұғымдарының іргелі ұғым екені белгілі. Алғашқы екі ұғымның
мағынасының айқын екені түсінікті, ал атқарушы ұғымы көп мағыналы, ол
информатика курсында бірнеше қызметтер атқарады:

1. алгоритмді атқару процесіне көрнекілік беретін дидактикалық құрал
(тасбақа, робот және т.б. атқарушылар);
2. бұл көптеген мәселелерді бірыңғай бағытта сипаттауға мүмкіндік
беретін ұғым: тасбақа – графикалық атқарушы, редактор – текстік
атқарушы, операциялық жүйе – файлдар атқарушысы, принтер – тексті
қағазға шығаратын атқарушы және т.б.
3. кез келген атқарушыдағы компьютерлік модель құрылымы компьютерлік
білімділікті қалыптастыру мақсатын ашады.
Сондай-ақ, кез келген атқарушыдағы компьютерлік модельді обьектілі
бағдарланған программалау терминдеріндегі модуль немесе обьект ретінде
түсінуге болады.
Оқытудың ғылымилық принципі оқытудың жаңа әдістеріне сүйенеді. Ол
информатикаға қатысты модельдеу, алдымен, кең мағынада оқушының зерттеу іс-
әрекетін қамтитынын көрсетеді.
Бірізділік және қайталау. Бірізділікті тура мағынасында алып қарайтын
болсақ, оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық
тұйықталмаған тармақ түрінде берілген, ал қайталау тек берілген материалды
бекіту үшін деп түсіну мүмкін. Бірақ, бұл түсінік информатика курсында аса
күшті пәнішілік байланыстың әсерінен басқаша сипат алады.мысалы, қайталану
командасы бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау
күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.
Бұл тұжырымды, яғни бірізділік принципін қайталану түрінде жүзеге
асыруды А.П.Ершов ұсынған болатын. Ол ұғымның жаңа тұжырымдарда,
контекстерде кеңейтіліп, қайталана беретінін көрсетеді.
Мысалы, А.Г.Куширенко бастаған топтың оқулығында алғашында көмекші
алгоритмдер Роботқа арналған алгоритмдердің жазылуын қысқарту үшін
пайдаланылса, кейіннен Сызушыға арналған алгоритмдерде аргументке ие болып,
толығымен сандық есептерге айналады. Бұл оқулықтың баяндалуында бірізділік
қайталау айқын көрініп, осыдан пәнішілік байланыс ашыла түседі.
Іс - әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы. Дәстүрлі оқыту әдісінде
ұғынықтылық оқушылардың өз іс-әрекетіндегі білім мазмұны мен құралдарын
толық түсінуі болып табылады, сондай-ақ, бұл қағида барлық пән үшін
орындалады деп есептелінеді. Бірақ, компьютер бұл ұғынықтылықты оқыту
мақсаттарымен шектеуге мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда оқушыда бірін-бірі
толықтырып отыратын әртүрлі көзқарастар қалыптасуы және олар жинақтала келе
сол ұғым жөніндегі жалпы сипаттаманы беруі тиіс. Ең бастысы оқушыда жан-
жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім
деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші роль атқарады.
Мазмұнының тиімділігі. Тиімділік принцип оқыту деңгейлерін бөлу мен
компьютердегі жұмыс мөлшерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым
дайын программалық құралдармен жұмыс компьютерді пайдаланудың ең төменгі
деңгейі болып табылады. Барлық оқушылар үшін бұл деңгей компьютерді тиімді
пайдаланудың белгісі іспетті. Мысвлы, аса маңызды да, күрделі тақырып –
алгоритмдердің күрделілігі. Бұл тақырыпты оқушылардың мынадай есептен
бастағаны дұрыс: есептің көлемінің уақытқа тәуелоділігін практикалық
зерттеу.сондай-ақ, тиімділік ақпаратның графикалық түрде берілуімен де
жүзеге асады.
Іс - әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі. Көрнекілікті информатиканы
оқытудың ажырамайтын бөлігі деп те айтуға болады. Ол информатика курсының
мазмұнындағы ақпарат ұғымының әртүрлі сипатта берілуімен түсіндіріледі: бір
ақпаратның өзін графикалық бейнелер жиынтығы түрінде беруге болады. Мысалы,
блок-схеманы алатын болсақ, шағын алгоритмнің құрылымы мен атқарылу
процесін өте көрнекі сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, программалау
тілдерін сипаттаудағы көрнекі диаграммалар да көрнекілік болып табылады. Е
– практикум жүйесіндегі алгоритмнің кесте түріндегі атқарылуы да
көрнекілікке жатады. Алгоритм тексінің құрылымдық сипатта жазылуының өзі –
көрнекілік. Қозғалмалы бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы дв
көрнекілікті кеңейтеді. Мысалы, Бейсик тіліндегі қарапайым ВЕЕР командасы
өте сирек қолданылады. Ал, аталған команданың көмегімен программадағы
кездескен қатені, программаның бақылау нүктесінен өтуін және т.с.с.
көрсетуге болады. Сонымен қатар, редактормен жұмыс кезіндегі компьютердегі
оқушының іс-әрекетін мұғалімнің демонстрациялауы да көрнекілік болып
табылады.
Белсенділік және өз бетінділік принципі. Оқушының белсенділігі оның
іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді оқыту барысында педагог
оқушылармен тікелей байланыста жұмыс істейді, олардың реакциясын көріп, өзі
басқарады. Ал информатика курсында оқушының жұмысы мұғаліммен жекпе-жек
болуы мүмкін. Сөйтіп, информатика сабағында оқушының белсенділігі тек
мақсат қана емес, табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады.
Е.И.Машбиц, білімнің оқушыға бере салатын зат емес, оның жеке тұлғалық
қасиетіндегі өзгерісі екенін өте орынды атап көрсетті. Ол белгілі бір
мақсатты көздейтін, белсенділіктің нәтижесінде жүретін процесс. Бұл,
әсіресе, жүйелі де, жан-жақты бвйланыспен білім беретін информатика пәніне
тән. Белсенділіктің байқалу тәсілдері әртүрлі, мысалы, өзінің іс-
әрекетіндегі жүретін рефлекция арқылы өзіндік бақылау, өздерінің алгоритм
құруы және дайын алгоритмді түрлендіру. Белсенділіктің оқуға деген
қызығушылықтан шығатыны түсінікті, бірақ оқыту барысында бақыланатын
нәтиженің қандай болатынын мұғалімнің нвқты тұжырымдамауы қажет, дәлірек
айтсақ, нені тапсыруы қажет. Оқытудың басында бір компьютерге екі
оқушыдан отырғызу жұмыс белсенділігін арттырады, өйткені сенімсіздік
азайып, диалог пайда болып, өзара оқыту жүреді.
Оқушының өзбетінділігі де информатиканы табысты оқытудың мақсаты және
қажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы
проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол
өзбетінділікке жатпайды. өзбетінділіктің мүмкін болатын даму кезеңдері
төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір
мөлшерде компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруға
көшуі болып табылады. Шығармашылық іс-әрекетке көшу барысында өзбетінділік
толық жүзеге асырылады. Оқушылардың көмек сұрауы - белсенділіктің белгісі,
бірақ ол өзбетінділікке жатпайды.
Өзбетінділік оқушыны өнімді (продуктиаті) оқуға, қиын жағдайлардан
өзі жол таба білу іскерлігін қалыптастыруға әкеледі ( әдебиеттерді
пайдалану, компьютерлік құралдардың көмегімен іздеу, оқу және т.б.). Жоғары
деңгейдегі өз бетінділіктің белгісі – оқушының өзі есеп құруы мен
компьютердегі ізденушілік іс-әрекеті болып табылады.
Өз бетінділік оқытудың мақсаты ретінде ЭЕМ – ны қолдана отырып,
программистен тәуелсіз оқушыны болашақ кәсіптік іс - әрекетке дайындауды
көздейді.
Білімнің беріктілігі мен жүйелілігі. Білімнің беріктілігі пәнаралық
және пәнішілік байланыстарды құру мен ізденіске негізделген білімнің
жүйелілігімен тығыз байланысты. Көптеген заңдылықтардың жиынтығына
байланысты ұғым әлсіз байланысқан ұғыммен салыстырғанда адамның есінде ұзақ
сақталады. Мысалы, математика немесе зоология үшін оқылатын курстың
құрылымы тармақты түрде бірін – бірі толықтырып, ұғымдардың салаларымен
өзара кеңейтіліп отыруы тиіс. Мұнда қолданбалы, әрі көп салалы есептер
маңызды роль атқарады. Информатиканың мазмұнын әрі ғылым, әрі оқу пәні
ретінде бір ғана тармақ ретінде қарастыру қиын. Оны ақпарат, алгоритм,
ЭЕМ және т.б. тәрізді ұғымдармен дамып, таралатын ірі сала ретінде
қарастыруға болады.
Оқытуды дербестендіру мен ұжымдандыру. Оқытуды дербестендіру мен
ұжымдандыру, әсіресе, информатика сабағында бірін – бірі толықтырып
отырады. Орнықты коллективті жұмысты ұйымдастырғаннан кейін ғана өте мықты
және әлсіз оқушылармен жұмыс істейтін уақытты табуға болады. Осы тұрғыдан
алғанда компьютер дидактикалық екі жақты құрал болып табылады.
Дайын оқыту программаларын көбейте отырып, бірыңғайлы, фронтальды
топтық іс-әрекетті ұйымдастыруға қамтамасыз етуге болады, бірақ оқушылардың
программамен жұмыс істеу тәсілі - әр оқушының дербес қарқынымен, қиындықты
жеңу жолымен ерекшеленеді. Оқушылардың дербестік қасиеттерінің пайда болуын
Автор – ЭЕМ – Атқарушы, Супер ЭЕМ тәрізді рольмен атқарылатын ойындар
қамтамасыз етеді. Бір компьютерге екіден отырып жұмыс істеген оқушыларда
орындаушы, нұсқаушы тәрізді орнықты қатынас қалыптасады. Сондықтан
оқушылардың орны мен ролін ауыстырып отырған дұрыс.
Оқу іс-әрекетінің тиімділігі. Оқу іс-әрекетінің тиімділігі ең үлкен
пайдалы әсер коэффицентін (ПӘК) қамтамасыз ететіні оқушы мен педагогтың
жұмсайтын күшін үйлесімді етуді қамтиды. Мұндағы ПӘК дегеніміз – бірлескен
іс-әрекет нәтижесінде алынған білімнің жұмсалған күшке қатынасы. Мысалы,
блок – схемалар тек шағын есептерге ғана әрі ыңғайлы, әрі көрнекі, ал
күрделі алгоритмдерді бейнелеуде ол информатиканы сызуға айналдырып жіберуі
мүмкін. Паскаль мен МАТ - алгоритмдеу мен программалауды жүйелі оқытуға
тиімді. Ал, 357 165 тәрізді өрнекті есептеуге онша қолайлы емес. Мұндай
өрнекті есептеуге қарапайым калькулятор немесе Бейсиктың диалогты режимі
ыңғайлы.

Машиналық уақытты үнемдеуде компьютермен жұмыс істеу тиімділігін
арттыру үшін оқушылардың командаларды оқып, алдын – ала дайындығы
қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, программадағы ана тіліндегі түсінікті
хабарламалар (контекстік көмек) өте тиімді. Корвет тәрізді дербес ЭЕМ –
да Бейсик тілінде редакциялаудың өте тиімсіз екенін практика көрсетті.
Тиімділік оқыту мақсаттарына бағынуы тиіс.
Теория мен практиканың байланысы. Білімді алудан оны қолдануға
дейінгі жолды қысқарту жағынан информатика пәні тіпті еңбек пәнінен де
озып кетеді.
Ешқандай қаржы шығармай – ақ, оқушының мұғалімге, класқа немесе
мектепке қажетті мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар. Мысалы, оқушының
мұғалімге қажетті дидактикалық материал дайындау, кітапханаға, оқу
үлгеріміне, мектептің жабдықталуына қатысты мәліметтер қорын құрып,
толтыруына болады. Мұнда теориядан практикаға дейінгі жол өте қысқа болуы
мүмкін.
Мұның екінші жағы бар, ол – информатиканың өзін оқудағы теория мен
практиканың байланысы. Мұнда теория мен практиканың ғылыми категориялары
мен оқушы және мұғалімнің іс әрекетінің түрлерінде таңқаларлық ұқсастық
байқалады. Шын мәнінде, теория тәжірибенің нәтижесін болжайды немесе
түсіндіреді (компьютердегі алгоритмнің орындалуы), ал практика (
компьютердегі жұмыс) теорияны және гипотезаны тексеру құралы қызметін
атқарады, мысалы, программаның немесе компьютерлік ортаның қызметі жайлы.
Іс - әрекеттің бұл екі түрі оқушының ойлау деңгейінде тығыз байланыста
болады.

Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы
мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: Қазақстан Республикасы дүние
жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
нақты жолына түсуі, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге
негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл
орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай
дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға
арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және
тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер,
оқыту орталары электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып
табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман
талабына жауап бере алмайтындығы өз - өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт
талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық
тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог
Ш.А.Амонашвили: Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда,
жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан
соң содан бастау керек, - дейді. Менің ойым да сол. Информатика пәнін
оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты,
бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп
ойлаймын.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру
саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптасып келеді. Бұл бағыттағы
алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру
бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдегенде бір компьютерлік
сыныппен қамтамасыз етуімен 2002жылы іске асырылған болатын. Кейіннен
қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын
қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасында компьютерлік
технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп
отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін
күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген
пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне
жұмылдыру жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін
ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік
оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға
көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты
экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық. 1980 –
жылдардан бастап мектептерде Информатика мен есептеуіш техника пәні
жүргізіліп келеді. 1990жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім
академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік
стандарт бағдарламасы шықты. Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мпамандар
осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұмыс істегенді оңай көреді.
Онда программалау тілдеріне аз көңіл бөлінген. Программалау тілдерін орта
буында тереңдетіп оқытпасақ, оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында
оқуы қиын болады. Және олимпиадаларда да жоғары нәтиже ала алмаймыз.

1.3.Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері.

Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері
пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал,
дидактикалық мақсат – оқушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес
дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:

1. Жаңа сабақ ( тың хабарлар айту, тұсіндіру сабағы);
2. Оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы
(жаттығу сабағы);
3. Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.
Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың
біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешуіне немесе барлығына
тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен
қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар
артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді
сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті
басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз
етеді.
Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:
- Оқушының оқу танымдық іс-әректін басқару;
- Оқушының ақпаратлық процестерді басқаруы;
- Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.
Аталған аспектілерге сәйкес:
❖ Оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері: класс – сабақ жүйесі және
т.б.
❖ Оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллектиатік, топтық.
❖ Тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, - болып бөлінеді.
Педагогикалық оқу іс – әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің
қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін
материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып
табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз
деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады.
• Түсіндірмелі – иллюстрациялы;
• Программаланған;
• Модельдік;
• Эвристикалық;
• Проблемалық.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс дегеніміз – оқушыларға талқыланатын
тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы
ретінде жоспарлағанда пайдалануға болады. Графикалық операторлар
тақырыбын бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың
алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды қайталау;
қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарапайым
программа жазу.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту
әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен
таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет алынатынын біледі,
бірақ суретті салу – әр оқушыға жеке тапсырма.
Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса, ол
оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.
Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейін белгісіз болса, ол
дидактиканың проблемалық әдісі болып табылады. Мысалы, үйретуші программа
құру проблемалық оқыту болып табылады.
Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары
белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты
таңдап, модель құүруға болатынындай етіп ұйымдастырады. Одан кейін соңғы
нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған
нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс
енгізіліп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанады.
Аталған оқыту әдістері әртүрлі формада қолданылуы мүмкін. Сабақты
ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:
- Ұйымдастыру;
- Қайталау;
- Жаңа материалды өту;
- Бекіту;
- Бақылау;
- Оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарын толтыру.
Информатика пәні – басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және
оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының,
көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау
нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс – күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Ол
педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан – жақты зерттелген,
зерттелуде. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан
оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға
дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен
байланысты екендігіне көздері жетеді.

1.4.Информатика сабағында дидактикалық материалдардың тиімділігі

Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын
талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі
елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру –
мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс
уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер
туғыздырады
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған
өзіндік, бақылау және тесттік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының,
қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту
сипатына, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып
беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын
қалыптастыруғакөмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған.
Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт
көлемі қатаң ескеріледі.
Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте
анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс. Тест
тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды
жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп, қай
материалды қандай түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.
Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.
Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын
арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Ойын
элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін
ескере отырып, мен өз іс – тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын.
Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады.
Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып,
сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі
болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге қызықтырады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде
пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп.
Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән ретінде
енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П.Лапчик
информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ – ді қолдану мөлшеріне
қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және
практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу
сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтаймыз:
Оқу сабағының түрі Сабаққа тән дидактикалық функциялары
Сабақ Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі
іскерліктерді қалыптастыру: оқулықпен, анықтамалық
әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау
жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару.
Лекция (теориялық Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып
оқыту) немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу,
лекция жазу, жоғарғы оқу орнындағы оқу түріне
дайындау іскерлігін қалыптастыру.
Семинар (теориялық Өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап,
оқыту) жүйелеу; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу
іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен
мақалалардағы баяндалған материалды салыстыра білу,
өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу
іскерлігі. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және
хабарламалар жазу; оқылғанды конспектілеу, көшірме
жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін
пайдалану.
Конференция Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетіп,
(теориялық оқыту) кеңейту; қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істей білу
іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама
немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз
бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әңгімелесу (теориялықНегізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау;
оқыту) біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу,
пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.
Консультация Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою,
(теориялық оқыту меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда
болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр
түрін меңгеруге көмек көрсету.
Фронтальдық Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс
лабораториялық жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды
меңгеру, бекіту, меңгерілген материалды тексеру),
жеңіл есептерді орындау өз бетімен эксперимент
нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.
Практикум Күрделі программалармен және ПҚ – дің қосымшаларымен
жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен
зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни
сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын.
Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір – біріне етене ұластырып
ұйымдастырған жөн.
Оқушы ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал
оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім,
білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған
жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін
көтеріледі.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны
мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен
практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті
материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне
оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай
алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың
және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген
ойындарды атап өтейін.
1. Көкпар ойыны. Ойынның шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім
сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ
оқушылар лақты алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса,
қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы
лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
Көкпар ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1. Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар.
2. Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар.
3. Параметрлі цикл операторының жалпы түрін жазыңдар.
4. Графиктік операторларды атаңдар.
Көкпар ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты
дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге, функциялар мен операторларды
дұрыс айта білуге, жылдамдыққа дағдыландырып, есте сақтау қабілетін
дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады.
2. Арқан тартысу ойыны. Ойынның шарты: Бейсик бұйрықтарының,
операторларының және функцияларының аттары көрсетіледі. әрбір топтың
оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді. Кезектегі
оқушы түсініктеме бере алмай қалса, сол жерде ол қатар үшін ойын
тоқтатылады және ол оқушы жазаланады. Мысалы: өнер-білімге, тәлім-
тәрбиеге байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады. Жауап беру келесі топқа
өтеді. Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе, сол топ жеңді деп
есептелінеді.
Арқан тартысу ойынының тиімділігі: алдында өтілген материалдарды
қайталап отыруға қолайлы, оқушылардың есте сақтау, тез ойлану қабілеттерін
дамытып, оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.
Сабақ үстінде кроссвордтарды шешуге арналған қысқаша бақылау
жұмыстарын да орындауға болады. Кроссворд жасау – үй жұмысы. Балалар арнайы
әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім
олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын крассвордтың құрылу күрделілігін,
қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты
қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен
айналысуына түрткі болады, олардың тек компьютерде жұмыс істеуге ғана
қызығушылығын емес, пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын
технологияларын пайдалануға болады. Мысалы, Литерлік шамаларды өңдеу
операциялары тақырыбын өткенде, қиып алып желімдеу операцияларын да
қарастырамыз, олардың жаңа сөздер табуға көмектесетінін де айтып кетеміз.
Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы Жұлдызды сағат
хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік беріледі. Бір сөз жазылады
да, олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз
тіркестерін компьютерге енгізу керек.

Компьютерді экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға,
мәдениетті дамытуға қолдануға, информатиканы георафия, физика, химия,
еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға
болады.

Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді
игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі.
Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе
басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды.
Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс
үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі
есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүние танымы жан –
жақты болады. Сондықтан оқыту барысында мен осы екінші жолдың үлесін
көбейтуге тырысамын. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдерді,
ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.
Информатика сабағына қойылатын негізгі талап ғылыми негізде оқыту,
термин сөздермен, сандармен, алгоритмдер құру, программалар жазумен,
компьютерде жұмыс жүргізу, пән аралық байланыс жасау, өмірмен байланыстыру,
халық педагогикасын қолдану болатын болса, мен осы жоғарыдағы талаптарды өз
сабағымда басшылыққа аламын.

Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар,
дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар, кітаптар және журналдарды
көптеп пайдаланамын. Журналдағы ақпараттық технологиялар жайындағы
жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда
информатика кітапханасында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.

1.5.Информатикадан деңгейлік тапсырмалар

Қазіргі кезеңде халыққа білім беру жүйесі қайта құру бағытында
,яғни жүйенің барлық аспектілерін демократияландыру мен ізгілендіру
бағытында дамуда. Білім берудегі демократияландыру халыққа әртүрлі білім
беру қызметін ұсыну болса, ал ізгілендіру жеке оқушының тұлға ретінде
дамуына бағытталған.

Ізгілендіру мен демократияландыру педагогикалық ғылымның әдістері мен
парадигмасына өзгерістер енгізуді қажет етіп, мемлекеттік білім стандарты
деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды
ендіруді міндеттейді. Осыған орай , соңғы жылдары еліміздің білім беру
жүйесінде оқытудың модульдік технологиясы мен педагогика ғылымының
докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі кең өріс алуда.

Қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде.
Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың
деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы
болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында
бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.

Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен
оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды.
Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар
оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін
мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып
табылады.Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік -*
теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік –
психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді
дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми
түрде ұйымдастыру қажет.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей
бағалауға болады:
І деңгей (төмен )- эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім
көмегімен жүзеге асырылады;
ІІ деңгей (орташа ) - түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70% ғылыми ұғымдарды
саналы түрде анықтайды; ІІІ деңгей (жоғары ) – бастапқы ғылыми ұғымға өту
деңгейі деп белгілейді.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді,
тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл –
ойы дамиды, ойлауына жан – жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші
деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан
меңгерілетін білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік
береді.
Екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар, ал үшінші деңгей танымдық - іздену түрдегі заңдылықтар
шығару, қорытындылау жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқушыны деңгейге
бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар
беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге
асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі
бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс
жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып,
шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,
оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің
даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің
әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын жеке тұлғаны жетілдіру
мектебіне айналуына себебін тигізеді, мұндай мектепте балалар оқуға
талпынатын, пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына
айналады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар – базалық стандарт болып табылады.
Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып
беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін
жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді.

Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап, талдап
пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы
сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.

Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам
қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын,
жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай
қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзі жақсы қорғай алады.

Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі – екіден
топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны)
жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талқылап, шығару жолын
қарастырып, компьютерде шығарып, шығарған есептерін бірлесіп қорғайды. Егер
әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, яғни дұрыс жауап бермесе,
екіншісінің де бағасы төмендетіледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке
қасиеттерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге
үйретеді.

1.6.Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.

Информатика өткен ХХ ғасырдың ортасында алғашқы цифрлық ЭЕМ-ры
Н.Виннер мен К.Шеннонның ,Фон Нейманның фундаментальды еңбектері жарық
көрген ғылым ретінде қалыптасты.Осы себепті информатика пәні де білім беру
жүйесінде кешеуілдетіп енгізілген пәндердің бірі.
Информатиканың орта мектеп бағдарламасыны енгізілгеніне небәрі 20
жылдың көлемінде ғана. Сондықтан да информатика пәнінің әдістемелік жүйесі
қазіргі таңда әлі де зерттеу деңгейінде, енді-енді қалыптасып келеді.
Информатиканың басқа мектеп пәндерінен ерекшелігі, оның зерттеу
объектісі де, оқыту объектісі де компьютер болып табылады.
Адам қызметінің барлық саласының жаһандық ақпараттануы жағдайы мен
информатиканың басқа ғылымның барлығына енуіне байланысты
информатиканы оқыту әдістемесін ғылымның кез-келген саласымен
байланыстыруға болады.
Әдіс (гректің methodos-зерттеу сөзінен алынған) алға қойған нақты
мақсаты міндетті шешуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістері
Оқушылардың информатикадан білім сапасын жетілдіру
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ САБАҚ ЖҮРГІЗУ
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру
Пәндер