«ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері»


ТҮЙІН

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Осы дипломдық жұмыста қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау және қарауыл бастығының міндеттері тереңінен қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша қарауыл бастығының міндеттері және қарауыл қызметін ұйымдастыру жан-жақты қарастырылған.

АННОТАЦИЯ

Тема дипломной работы: Методика проведения занятия по теме: «Обязанности начальника караула: устав гарнизонной и караульной служб Вс РК». В этой дипломной работе глубоко изучены и рассмотрены вопросы организации караульной службы, назначение военнослужащих в состав караула, оборудование постов и обязанности начальника караула. Результаты исследования организации караульной службы приводятся в дипломной работе.

ANNOTATION

Theme of the diploma work: Procedure of occupation on the theme: “The responsibilities of guard commander: Garrison and Guard Duty Regulations Of [vs] RK”. In this diploma work are deeply studied and examined questions of the organization of guard duty, designation of soldiers in the composition of guard, the setting-up apparatus and responsibility of guard commander. The results of investigating the organization of guard duty are given in the diploma work.

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

Бірінші бөлім: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің

гарнизондық және қарауылдық қызметін ұйымдастыру. Жалпы ережелер . . . 11

1. 1. Гарнизондық және қарауылдық жарғыдан оқыту әдістері . . . 11

1. 2. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру . . . 15

1. 3. Гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері . . . 20

Екінші бөлім: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі 25

2. 1. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру . . . 25

2. 2. Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері . . . 30

2. 3. Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері . . . 36

3. Қарауыл бастығының құқықтары мен міндеттері . . . 42

3. 1. Қарауыл бастығы . . . 42

3. 2. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын күзету жөніндегі қарауыл

бастығының ерекше міндеттері . . . 47

3. 3. Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері . . . 53

34. Қарауыл қызметі бойынша сабақ өткізу әдісі . . . 59

Қорытынды . . . 65

Қолданылған әдебиеттер . . . 68

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым - қатынастары анықталады.

Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.

Казіргі кезде жарғыларды Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көпжылдық тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери - техникалық прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.

Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байлансты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Презідентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы № 4156 Жарлығымен бекітілді.

Жалпы әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, шекара мен ішкі әскерлердің орындауы міндетті.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін қүрайды».

Заң тұрғысынан алғанда, жалпы әскери жарғылар - дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жоғары үйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін реттейді.

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және карауылдық қызметті тағайындау мен үйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен қүқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және баска да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.

Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды. Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттерін оқыту әдістемесі» деген тақырыбты жан-жақты талдау жасау және оның оқыту ерекшеліктерін анықтау.

Дипломдық жумыстың зерттеу объектісі: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген тақырыб бойынша сабақты жүргізу

Зерттеудің пән:і «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген сабақты өткізудің әдістемелік ерекшеліктері

Зерттеудің мәселелері:

I. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген сабақтың үйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктерін айкындау және талдау;

2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» атты сабақтың үйлесімді мазмұнын және жоспарлауын анықтау;

3. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» атты сабақтың әдістемелік ерекшеліктерін айкындау;

4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» атты сабақты үйлесімді өткізуге байланысты әдістемелік нүсқау беру.

Зерттеудің әдістері:

I. Зерттеу мәселері бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді талдау;

2. мектеп мүгалімдердің тәжірибелік жұмыстарын зерттеу ;

3. сабақтың үстінде педагогикалық бақылау жүргізу;

4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген тәжірибелік сабақтың нәтижелерін талдау.

Зерттеудің кайнарларымен Қазақстан қарулы күштерінің дамуын аңықтаушы ресми қүжаттар болды (Қазақстан Республикасы - 2030 даму стратегиясының концепциясы), жалпы білім беретін орта мектептердегі алғашқы әскери дайындықтың типтік бағдарламалары, алдынғы педагогикалық тәжірибе.

Зерттеудің ұйымдастыру мен кезеңдері : Зерттеу 2011 / 2012 оқу жылында, екі кезеңде Сарысу аудандық Жаңатас қалалық орта мектебінің базасында өткізілді.

I кезең - зерттеу тақырыбын айқындау, педагогика теориясында тап осы зерттеу түралы күй - жағдайын анықтау, зерттеудің ғылыми апаратын айқындау, зерттеудің жоспары мен мазмұнын күру.

II кезең - осы мәселе түралы әдебиеттерді талдау, зерттеу және өндеу, мектептің ұздік мүгалімдерімен кеңес өткізу, мектептің және жаттығу сабақтарын талдау, мектептегі мүгалімдердің сабақтарын бақылау, алынған мәліметтерді өндеу және жүйеге келтіру.

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің жалпы негіздері

1. 1. Гарнизондық және қараулдық жарғыдан оқыту әдістері

Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Осыған орай, мектептерде қолданып жүрген технологияларының бірі - саралап-даралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың Алғашқы әскери дайндыққа қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру.

Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.

Алғашқы әскери дайндық пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой- пікірін дамыту.

Саралай оқыту әрекеті - білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама, психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу - тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

Өзіндік әдісті жүзеге асыруда мына мәселелер көзделеді:

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.
  2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.
  3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.
  4. Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа, стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге болады.

Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.

Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) - білімнің минималдық шегі. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.

Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) - материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр - түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.

Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.

Даралап-саралап оқытудың маңыздылығы:

1. Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

2. Бос отырған оқушы болмайды.

3. Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.

4. Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.

5. Ізденіс дағдысы қалыптасады.

Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:

  1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
  2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.
  3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Ерекшелігі:

  1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.
  2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
  3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.

Даралап - саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар даралап - саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.

Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын Алғашқы әскери дайындық сабағында пайдаланған өте тиімді.

Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін -өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.

Оған мынадай басты талаптар қойылады:

  1. әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;
  2. өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
  3. өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
  4. серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;
  5. әрбір оқушы кезектесіп (ауысып) не оқушы, не мұғалім болады;
  6. әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді.

Әдістеменің ерекшелігі:

  1. жекелеу оқыту;
  2. қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
  3. топпен оқыту;
  4. ұжымдық оқыту.

Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”, “Модульдік оқыту ” технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау - сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндігі бар.

Оқу процесін жеделдету міндетіне байланысты, орыс мектептерінде қазақ тілін үйретуінде әр түрлі әдіс тәсілдерді, методикалық құралдарды қолдану қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Мен бастауыш сыныптарында өзім жасаған «Дыбысты бағдаршам» деген құралды жиі қолданам. Алғашқы кезеңдерінде уақыттың тығыздығына байланысты тақырыпты қайталауға, бекітуге үлгере алмайтын жағдайлар болды. Енді «Дыбысты бағдаршамды » қолданғаннан бері уақытымды үнемдеп, бірнеше секундта сыныптағы барлық оқушының жалпы білім әсерін көремін. Жалпы сыныптың айқын білім деңгейі анықталады. Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды көз аясында ұстап, әр баланың өткен материалды қалай меңгергенін біледі. Бұл құралды оқушылар мұғалімнің басшылығымен өздері жасай алады.

Екінші “Бақылау сұрау” деген құралды үлкен тақырыпты қайталау және бекіту кезеңдерінде, әрбір тоқсан соңында, немесе жыл аяғында оқушылардың қорытынды білімін тексергенде қолдану өте тиімді.

Мұндай бақылау құрал ұжымдық және топтық әрекетті пайдалана отырып жүргізгенде нәтиже береді. Тәрбиелік мағынасы өте зор - әр оқушы өз тобы үшін жауапкершілігін арттырады, өз үшін ғана емес, өз тобы үшін ынтасын көтереді.

1. 2. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру

Елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі - әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды.

Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін.

Гарнизон шекаралары гарнизонның барлық жеке құрамына дейін жеткізілуі тиіс.

Гарнизондық қызмет жеке құрам арасында жоғары әскери тәртіпті ұстау, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізу үшін арналған.

Гарнизон шектерінде гарнизондық қызметке басшылық жасауды гарнизон бастығы жүзеге асырады. Ақмола және Алматы гарнизондарын қоспағанда, өңірлік қолбасшылықтың жауапты аймағында орналасқан гарнизондардың бастықтары өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады.

Әскерлер оқу-жаттығу орталықтарында және лагерьлерде орналасқан кезде әскерлердің күнделікті тіршілігін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі жарғысына (бұдан әрі - Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес жүзеге асырылады.

Гарнизондық қызметті өткеруге гарнизон құрамына кіретін әскери бөлімдер тартылады.

Әскери бөлімдердің гарнизонда гарнизондық қызметті өткеру кезектілігін гарнизон бастығы белгілейді.

Жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті өткеретін бөлімшелер гарнизондық қызметті өткеруге тартылмайды.

Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен, әдетте, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады, қажет болған кезде: гарнизонның штаб бастығы, гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары, гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін (1-қосымша) .

Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің командирлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері командирлерінің атқарып отырған лауазымы бойынша жоғары болған гарнизондарда гарнизон бастықтары басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен тағайындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
Өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметі
Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
Қазақстан Республикасының қарулы күштері
Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелері
Өртке қарсы қызметтің күштері
Өртке қарсы қызмет құралдары
Гарнизондық нарядтың міндеттері және құқығы, қарауылдық қызметтің ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz