Қауіпсіздікті нығайтуға арналған ұйым



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Еуропадағы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған алпауыт ұйымдар
2. НАТО
3. Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға арналған отырған ұйым.
4. Шанхай ынтымақтастық ұйымы
5.ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық жөнінде

Қорытынды
Халықаралық қауіпсіздік жүйесі әлемдік саясаттың тоқтаусыз және тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, қатысушы мемлекеттер басым көпшілігінің мүдделерін жүзеге асыру үшін халықаралық ортадағы тұрақтылықты ұстау үшін керек.
Халықаралық қоғамдастық тарапынан жаңа халықаралық жүйе қалыптастыру қажеттігі мойындалғанымен, бүгінгі күн шындығында пара-пар прогресс анықталмай отыр.Бірінші кезекте мұны қауіпсіздік мәселелеріндегі көп қырлы проблемаларды шешуде бірізділіктің жоқтығымен байланыстырған жөн. Осының салдарынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күрт әлсіреп кетті деуге негіз бар.
Халықаралық қатынастар жүйесі толықтай әрі түбірінен трансформацияланған кезеңде тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін әлемдік дамудың жағалауында қалып қоймау өз алдына, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде тұрақтандырушы факторға ие болудың маңызы зор еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аймақтық және планетарлық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болуы тиіс екенін нақты айқындап берді.
1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Алматы: «Қарасай», 2006.-98-б.
2. Жұмағұлов Т. Кең болған кең болмайды // Егемен Қазақстан, 2006,13 маусым.
3. Самат М. Әріптестік// Егемен Қазақстан, 2005,6шілде.
4. Самат М. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі// Егемен Қазақстан,2005,8шілде.
5. Кушкумбаев С. Шанхайский процесс// Саясат, 2005, С.30-32.
6. Иванов П, Халома Б Россия –НАТО: Европейская безопасность на рубеже столетий// Мировая экономика и международные отношения. -2001.-№4-С.-25-30.
7. Кузнецов Е.А Сотрудничество ОБСЕ с Республикой Казахстан // Вестник, Серия «Международная жизнь и политика», Алматы: КАЗНПУ им. Абая .-2006.-№2(11) .-С.3-13.
8. Тоқаев Қ Қазақстан Республикасының Дипломатиясы. Алматы: Ғө Пбк «GAUHAR», 2002.-309-б.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Еуропадағы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған алпауыт ұйымдар
2. НАТО
3. Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға арналған отырған ұйым.
4. Шанхай ынтымақтастық ұйымы
5.ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық жөнінде

Қорытынды

КІРІСПЕ
Халықаралық қауіпсіздік жүйесі әлемдік саясаттың тоқтаусыз және
тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, қатысушы
мемлекеттер басым көпшілігінің мүдделерін жүзеге асыру үшін халықаралық
ортадағы тұрақтылықты ұстау үшін керек.
Халықаралық қоғамдастық тарапынан жаңа халықаралық жүйе қалыптастыру
қажеттігі мойындалғанымен, бүгінгі күн шындығында пара-пар прогресс
анықталмай отыр.Бірінші кезекте мұны қауіпсіздік мәселелеріндегі көп қырлы
проблемаларды шешуде бірізділіктің жоқтығымен байланыстырған жөн. Осының
салдарынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күрт әлсіреп кетті деуге негіз бар.
Халықаралық қатынастар жүйесі толықтай әрі түбірінен
трансформацияланған кезеңде тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін әлемдік
дамудың жағалауында қалып қоймау өз алдына, сондай-ақ аймақтық және
халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде тұрақтандырушы факторға ие болудың
маңызы зор еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік
жүйесі аймақтық және планетарлық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болуы тиіс
екенін нақты айқындап берді.

1. Еуропадағы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған алпауыт ұйымдар

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым ХХ ғасырдың
аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы еуропалық қауіпсіздік жүйенің маңызды
элементі болып табылады.
Бұл орайда өзіне ТМД, Орталық және Батыс Еуропа елдерін, АҚШ пен
Канаданы қосатын ЕҚЫҰ-ның басында-ақ еуро-атлантикалық сипаты болды.
Орталық Азия аймағында жаңа қауіп-қатердің пайда болуына байланысты соңғы
уақытта осы ұйымның азиялық мәні туралы айтуға болады.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫҰ 1994
жылғы 31 желтоқсанға дейін осылай аталды).
Еуропа мен Американың 35 елінің мемлекеттері мен үкіметтері басшылары
Хельсинкиде жиналып, ЕҚЫҰ-ның қорытынды актісіне қол қойған 1975 жылғы 1
тамызда ресми түрде рәсімделді. Осы оқиғаның алдында Женевада Кеңестер
Одағы мен бірқатар батыс елдерінің көп жылдарға созылған келіссөздері
жүрген болатын. Келіссөздердің нәтижесінде ЕҚЫҰ-ны құрумен қатар,
стратегиялық қару-жарақты шектеу туралы шартқа және бірқатар басқа да
маңызды халықаралық құжаттарға қол қойылды.
Қорытынды актіні әзірлеу кезеңінін өзінде келіссөздерге қатысушылар
құрылып жатқан корпоративтік қауіпсіздік жүйесінің сол кездегі бар
блоктық құрылымдардан принципті ерекшелігін атап көрсетті. Ол ерекшелік
мынадан көрінді: ЕҚЫҰ сыртқы қауіп-қатердің бетін қайтаруға емес, осы
жүйенің ішіндегі қауіп-қатердің алдын алуға бағытталды. Белгілі бір
деңгейде ЕҚЫҰ қырғи қабақ соғыс жылдарында ядролық дипломатия мен блоктық
қарама- қарсы тұрудың шеңберінен шыға алған бірден-бір ұйым болды.
1990 жылғы қарашада мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларының
кездесуінде қабылданған Жаңа Еуропаға арналған Хартия Кеңестің
мақсаттары мен міндеттерін нақтылады. Онда былай деп айтылды: Біздің
уақытымыз – біздің халықтарымыздың жүрегінде ондаған жылдар бойы өмір
сүрген үміттер мен ізгіліктерді жүзеге асырудың уақытысы, адам құқығы мен
негізгі бостандықтарға негізделген демократияға берік адалдықтың;
экономикалық еркіндік пен әлеуметтік әділеттілік арқылы гүлденудің және
барлық елдер үшін тепе- тең қауіпсіздіктің уақытысы.
Құжатта блоктық тікетіреске байланысты емес , жаңа қауіп-қатердің
пайда болуы көрініс тапты. Еуропада жанжал азайғанымен, басқа да қатерлер
біздің қоғамдарымыздың тұрақтылығына қауіп төндіреді. Біз қатысушы
мемлекеттердің тәуелсіздігін, егеменді теңдігін немесе аумақтық тұтастығын
бұзатын іс-әрекеттерден демократиялық институттарды қорғау ісінде
ынтымақтасуға ниет білдіреміз. Оған сырттан қысым көрсетуді, мәжбүрлеуді
және астыртын қызметті қамтитын заңсыз іс-әрекеттер жатады. Біз террордық
қылмыстық актілерін, әдістерін және практикасын үзілді-кесілді айыптаймыз
және оларды екі жақты негізде сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық арқылы жою
мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге бекем бел буғанымызды білдіреміз.
Қазіргі кезде ЕҚЫҰ-на 55 мемлекет мүше. Оған Еуропа құрлығындағы
елдер, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Америка елдері енді. ЕҚЫҰ –на
қатысушы мемлекеттер тепе-теңдік мәртебеге ие, шарт бойынша міндеттер
жүктелмейді, сондықтан ол саяси мәні бар, бірақ заң жүзінде міндеттеуші
сипаты жоқ ұйым .
1994 жылғы желтоқсандағы Будапешт саммитінін маңыздылығы, ең алдымен
мынадан көрінді: саммитте үш ядролық держава –Ресей, АҚШ және Ұлыбритания
–Қазақстанның қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандумға қол қойды. Олар
өздерінің біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін құрмет тұту,
оған қатысты күш қолдану саясатын қолданудан бас тарту сияқты
міндеттемелерін қуаттады. Меморандумда сондай-ақ, егер Қазақстан
Республикасы ядролық қару қолданатын шабуылға ұшыраса немесе шабуыл
қаупінің объектісіне айналса, онда Ресей, АҚШ және Ұлыбританияның
Қазақстанға тиісті көмек көрсету жөнінде іс-шаралар қолданатындығы
айтылды. Әдетте ЕҚЫҰ адамдық өлшемдерге жатқызылатын салада күшті деп
саналады. Алайда мәселелердің бұл гуманитарлық топтамасы ЕҚЫҰ-ның
демократияны, адам құқықтарын қамтамасыз ету қызметімен көбірек
байланыстырылатыны ешкімге құпия емес. Сонымен қатар конфессиаралық және
ұлтаралық келісім баршаны қамтитын қауіпсіздіктің, тұрақтылықтың,
елдердің өскелеңи экономикалық және саяси дамуының өзегі болып табылады.
ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық
берілетін бағыттардың бірі болып қала береді. ЕҚЫҰ жинақтаған мол тәжірибе
және оның кең ауқымды институттар базасы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуден
бастап бітімгершілік операцияларына бақылау жасауға дейін ЕҚЫҰ-ның түрлі
міндеттерді шешуіне мүмкіндік береді.
Біздің еліміз азиялық қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру
процесінде ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастыққа зор маңыз береді, мұндай қауіпсіздік
өзегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес
болды.
2. НАТО
Солтүстік Атлантикалық одақ(НАТО) 1949жылы құрылды. Вашингтон
келісіміне қол қойған кезде ұйымға мүше елднрдің саны небары 12 болатын.
Олар-Бельгия, Дания, Италия, Люксембург, Норвегия, Канада, Франция,
Исландия, Нидерланды, Португалия, АҚШ және Ұлыбритания. Ұйымның алға қойған
мақсаты –КСРО тарапынан төнетін қауіп-қатерге қарсы тұру, бірлесе қорғану.
Содан бері альянс ұйым мүшелерінің санын ұдайы арттырып келеді.
1952 жылы Түркия мен Грекия кірсе, Германия 1955жылы қабылданды.
Испания ықпалды ұйымға 1982 жылы мүше болса, ал дүниенің есігін екі жақтан
шығарып қойған қырғи-қабақ соғыс аяқталып, Берлин дуалы құлағаннан кейін
НАТО-ның стратегиялық қуаты, ауқымы мүлде ұлғайды. 1999 және 2004жылдары
жоғарыда аталған елдерден өзге НАТО-ға Болгария, Чехия, Эстония,
Венгрия,Латвия,Литва, Польша, Румыния, Словакия, Словения елдері мүше болып
қабылданды. Албания, Македония және Хорватия мемлекеттері алдағы уақытта
мүшелікке дайындалуда. Қазіргі уақытта Солтүстік Атлантикалық одаққа мүше
мемлекеттердің саны-26.
Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді,
әскери күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай процестер
жалғасуда. Соның нәтижесінде Блоктың әскери құрылыс стратегиясы елеулі
өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары
азайды және Блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері
қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан саяси -әскери ұйымға айналдыру процесі
күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава шартының басқа да қатысушыларына
бағытталған кейбір әскери және саяси доктриналар қайта қаралды.
1994 жылғы 10-11қаңтарда Брюссельде болған НАТО-ға мүше елдердің
мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының кездесуінде НАТО Бейбітшілік
жолындағы әріптестіктің алғашқы құжаттарында қандай да бір мемлекеттің
аумақтық тұтастығына, сондай-ақ саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолдану
қаупін туғызудан немесе оны қолданудан тартыну, қазіргі бар шекараларды
құрмет тұту және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу міндеттемелері баяндалды.
Ұзақ мерзімді перспективада Солтүстік Атлантика одағына мүше елдердің
қарулы күштерімен жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылға дайын күштерді
қалыптастыру, сондай-ақ егер Бағдарламаға қатысушы, оның аумақтық
тұтастығына, саяси тәуелсіздігіне немесе қауіпсіздігіне тікелей қауіп
бар деп санаса, НАТО-мен консультациялар өткізу мүмкіндігі туралы
баяндалады.
НАТО-ға жаңа мүшелерді жеделдетіп қабылдау үрдісі де байқалады. Бұл
әсіресе блоктық құрылымдардың шапшаң түрде ұлғаюына бағдарланбаған,
Еуропадағы қауіпсіздік саласындағы жағдайға қатысты.
НАТО-ның басты мақсаты –Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы ұйымға
мүше мемлекеттердің бостандығын және қауіпсіздігін БҰҰ-ның жарғыларына
сүйене сүйене отырып, қамтамасыз ету. Солтүстік Атлантикалық одақтың
әскери және саяси ықпалдылығы екі бастан бірінші орында.
НАТО-ның бір кездегі тастай қатты есіктері ашылды. Елдер жекелеп
қана емес, топ-тобымен кіретін болды. НАТО-ның кеңеюіне кешегі күндері
КСРО, ал кейін оның бас мұрагері саналатын Ресей қарсы болды. НАТО-ға
кіруге кезекке тұрғандардың қатарында Молдова мен Әзірбайжан да бар.
Қазақстан мен НАТО-ның қарым-қатынасы НАТО-ның бұрынғы Бас хатшысы
М.Вернердің 1992 жылғы қарашадағы Алматыға сапары кезінде басталды.
Қазақстанның НАТО-ға толық құқықты мүше болу ниеті жоқ. Бірақ өзінің сыртқы
саясатының принциптерін негізге ала отырып, Қазақстан Батыс және Шығыс
Еуропа елдерінің сондай-ақ кеңестен кейінгі республикалардың әскери- саяси
ынтымақтастығын жандандыру бүкіл Еуразия кеңістігінде сенім білдіру
ахуалын нығайту үшін пайдалы болады деп есептейді. Сонымен НАТО-мен бірге
бірлескен жобаларға қатыса отырып, Қазақстан, ең алдымен жеке қарулы
күштерінің әзірлік деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.
1994 жылғы 27 мамырда Бейбітшілік жолындағы әріптестік атты негізгі
құжатқа қол қойып, Қазақстан Бағдарламаға қатысушы 19-шы мемлекет болды.
Қазақстан мен НАТО-ның бірлескен қызметін үйлестіру үшін 1996 жылғы
қарашада Монс қаласында (Бельгия) НАТО желісі ашылды. 1997 жылғы мамырда
САЫК Еуро Атлантикалық әріптестік кеңесі (ЕАЭК) болып қайта құрылды және
Қазақстан САЫК мүшесі ретінде автоматты түрде ЕАЭК-тің мүшесі болды.1998
жылғы 20 қаңтардағы Брюссель келісімінің ережелеріне сәйкес Қазақстанның
НАТО- да өкілдігі ашылды.
Біздің еліміздің басшылығы Қазақстанның Альянспен қатынасын дамытудың
жаңа басымдықтарын белгіледі. Бірінші кезекте өзара іс-қимылдың әскери-
саяси аспектілеріне назар аударылады. Еуразия аумағындағы қауіпсіздік пен
тұрақтылықтың проблемалары бойынша ақпарат алмасу, сондай-ақ өзара
мүдделілік білдірілетін және тікелей жария дипломатиялық тетіктеріне
қатысты мәселелер бойынша тұрақты консультациялар өткізу маңызды бағыт
болып табылады, терроризм, экстремизм, есірткілердің заңсыз айналымы сияқты
жаңа қауіп-қатерді ауыздықтау үшін НАТО әлеуетін пайдаланудың маңызы зор.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатының принциптерін негізге ала
отырып, Батыс жэне Шығыс Еуропа елдерінің сондай-ақ Кеңестен кейінгі
Республикалардың әскери- саяси ынтымақтастығын жандандыру, бүкіл
Еуразия кеңістігінде сенім білдіру ахуалын нығайту үшін пайдалы болады
деп есептейді. Сонымен бірге НАТО-мен бірге бірлескен жобаларға қатыса
отырып, Қазақстан, ең алдымен жеке қарулы күштерінің әзірлік деңгейін
көтеруді мақсат етіп отыр.
НАТО- ол әлемдегі ең үлкен әрі ең мықты әскери одақ, заманымыздың
өзгеруіне байланысты оның құрылымында да, саясатында да, көптеген
өзгерістер болды.
НАТО ұлы әскери одақ болғаннан кейін, ол қандай да бір мемлекеттің
қауіпсіздігінің кепілі бола алады.

3. Азия кіндігінде қауіпсіздікті нығайтуға ұмтылып отырған ұйым.

1992 жылы 20 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Президент
Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары
жөніндегі кеңесті(АӨСШК) өткізу туралы ұсынысын азия құрлығындағы
халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі
ретінде қарауға болады. Азияда қауіпсіздік құрылымын құру үшін
жауапкершілік ауыртпалығын халықаралық құқықтың субъектісі ретінде таяуда
ғана танылған тәуелсіз мемлекет өзіне алды.Қазақстан Республикасы
халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері жөніндегі өзінің барлық
практикалық істерінде екі принципті негізге алады.Біріншісі-қазіргі бар
геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды барабар қабылдау қажет,
халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарының және тетіктерінің
құрылысымен бірте-бірте айналысу керек. Екіншісі- аймақтық қауіпсіздік
жүйесін құра отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудың тиімді жолдарын
іздестіру сияқты міндетті де ұмытпаған жөн.
Қазақстандық дипломатияның алдына Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық
проблемаларын шешуге қызмет ететін АӨСШК идеясын өмірге енгізу сияқты
күрделі міндет қойылды. Беделді мамандардың пікірі бойынша бүгінгі күні
аймақ елдерінің алдында міндеттердің тұтас кешені тұр. Олардың ішінде
неғұрлым басымдық берілетіндері мыналар болып табылады:
- аумақтық дауларды шешу;
- қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласында нақты прогресске

қол жеткізу;
- есірткілердің және әдеттегі қару-жарақтың заңсыз айналымына,
терроризмге
және халықаралық қылмысқа қарсы күрестегі шараларды келісу;
- экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу.
Шындығында бұл идея еліміздің алғашқы ғаламдық бастамасы болатын.
Саяси құрылымды ұйымдастыру жөніндегі құнды бастама еліміздің сыртқы саяси
қызметінің әлемдік қауымдастыққа еркін көрсете алатын басты құжаты болып
табылады.[?]
1996 жылы біздің дипломатиямыз Азия елдерінен мынадай тұжырымға
қолдау ала алды: АӨСШК планетаның барлық халқының прогресс жолындағы
жаһандық үдерісінің бір бөлігі ретінде, әлемнің осы бөлігінде тұрақтылық
пен гүлдену режимін орнату мақсатындағы Азия елдерінің бейбіт қатар өмір
сүруі бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығы үдерісі ретінде
қарастырылады.
Азиялық қауіпсіздіктің негізгі проблемаларымен қатар АӨСШК барысында
қауіпсіздік жүйесін құрудың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге де
проблемалар көтерілетін болады. Оларға, қарапайым қару-жарақтар
мәселелерін, қауіпсіздіктің экономикалық және экологиялық аспектілерін,
гуманитарлық ынтымақтастықты, лаңкестік пен есірткі биснесімен күресті,
иммиграциялық саясатты жатқызуға болады.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қанат Саудабаев атап өткеніндей,
1992 жылы АӨСШК шақыру жөніндегі бастаманы ұсынып, оны ойдағыдай жүзеге
асыра отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев біздің жас мемлекетіміз әлемдік
саясаттың сыртында қалып қоймай, халықаралық үдерістердің белсенді
қатысушысы болуына қол жеткізді. Бүгінде АӨСШК Еуразияда бейбітшілік пен
өзара түсіністікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосып отырған беделді
Кеңес ретінде орнықты. Бұл ғана емес, біздің күрделі кезеңде ол өте өзекті
де қажет болып шықты, мұның өзі Н.Назарбаевтың әлемдік даму үдерісін
стратегиялық болжай білуінің айқын дәлелі болып табылады. Бүгінде АӨСШК
–бұл ешкімнің күдігін де, қарсылығын да, қаупін де туғызбайтын альянс.
АӨСШК үдерісінің қисынды жалғасына айналған, алдағы болатын Әлемдік және
дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезі жер бетінде бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Қазақстан қосқан лайықты үлес болып
табылады.
АӨСШК осы заманғы сынақтарға қарсы тұруда жаһандық жүйесінің
ажырағысыз бөлігі бола алады және болуға тиіс,- деді Қазақстанның
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммитті ашқандағы сөзінде.
Барлық қиындықтарға қарамастан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
ШЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздігін сақтау саласындағы қызметі
Біріккен ұлттар ұйымы әмбебап ұйым ретінде
Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру
Пәндер