Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Шымкент институты

Қазақ әдебиеті кафедрасы

"Әдебиет теориясы" пәнінен

ЛЕКЦИЯЛАР ТЕЗИСІ

Лектор: ф. ғ. д., профессор К. Сыздықов

Шымкент- 2005 ж.

№ 1. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары

Жоспар:

1. Көркем әдебиет және ғылым

2. Әдебиеттану ғылымы және оның негізгі түрлері.

3. Әдебиет тарихының зерттеу ауқымы.

4. Әдебиет теориясының зерттеу обьектісі.

5. Әдебиет сынының өзіндік ерекшеліктері

6. Әдебиеттану ғылымының қосымша салалары:

а) Библиография

ә) Текстология (мәтінтану)

б) Историяграфия (тарихнама)

7. Әдебиеттану ғылымы түрлерінің өзара байланысы.

Лекцияның мақсаты

Қоғамдық сананың негізгі түрлері болып саналатын ғылым мен көркем өнердің, оныі ішінде көркем әдебиеттің өзара байланысы мен өзгешелік ерекшеліктерін ашып көрсету.

Әдебиеттану ғылымының негізгі түрлері: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әідебиет сынына және оның қосымша салалары: библиография, текстология, историяграфияларға жеке-жеке түсінік беріп, олардың өзара арақатынасы мен байланыстарына тоқталып, нақты мысалдар арқылы түсіндіру.

Әдебиет теориясы пәнінен ұсынылатын әдебиеттер:

1. М. Әуезов 20 томдық шығармалар жинағы 15-20 т. т., А. 1984-85.

2. М. Әуезов әдебиет тарихы А., 1991.

3. Әдебиетттану терминдерінің сөздігі А., 1998.

4. А. Байтұрсынов Әдебиеттанытқыш А., 1989.

5. Н. Гуляяев Теория литературы. М., 1986.

6. Қ. Жүмалиев. Әдебиет теориясы. А., 1972.

7. Т. Кәкішев. Қазақ әдебиеті сынының тарихы, 1. 2 бөлім, А., 2003.

8. З. Қабдолов. Сөз өнері А., 2002.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 2004.

10. Д. Ысқақов. Сын өнері А., 2001.

11. Л. Тимофеев. основы литературоведения. М., 1970.

Әдебиет туралы ғылым және оның салалары

Әдебиет (араб сөзі , қазақша - сөз, үлгілі сөз) - өнердің нетізгі түрлерінің бірінші сөз өнері. Сез - адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. Сөз өнері - өнер атаулының ішіндегі ең құдіреттісі, сондықтан да халқымыз "Өнер алды -қызыл тіл деп бекер айтпаған.

А. Байтұрсыков өзінің әйгілі "Әдебиет таныітқышында" өнердің әр түрлі болатыңцығын, олардың өзіндік ерекшеліктерін (сәулет өнері - архитектура, сымбат өнері - скулъптура, кескін өнері - жиповись, әуез өнері - музыка) айта келіп, әдебиетке: "Нөрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту әнері. Бұл - сөз өнері

. . . Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүйреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, сүйреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді", - деп анықтама береді.

Әдебиеттану - сөз өнерін, тарихи-әдеби процесті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылығын зерттейтін ғылым.

Әдебиеттану - филология ғылымдарының бір тармағын Филслофия - тіл мен әдебиетті зерттейтін ғылым (грекше - fileo ұнату, сүю, logos - білім, сөз),

Тіл ғылымы грамматика, фонетика, лексикология болып жіктелетіні секілді, әдебиеттану да бірнеше салаға бөлінеді: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны.

Әдебиет тарихы әр халықтың әдебиетін тарихи қалыптасу тұрғысында қарастырып, дәуірге бөліп, әдеби бағыттарды, оған үлес қосқан ірі жазужылар шығармажылығын нақтылы зерттейді.

Әдебиет теориясының негізгі мақсаты - әдебиеттің даму заңдылықтарын, көптеген шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілерді айқындау. Сондықтан әдебиеттің қоғамдық өмірмен байланысын ашатын идеялық, танымдық, ұлттық және интернационалдық сипаттарын, көркем шығарманың құрылыс бітімін, мазмұны мен түрі, тіл ерекшеліктері, әдебиетте қолданылатын көркемдік әдістерді, кең тараған жанрларды тағы басқа осындай мәселелерді зерттеп білуге көбірек мән беріледі.

Әдебиет сыны көркем шығармаларға талдап баға беру, олардың идеялық мазмұнын, қоғамдық мәнін, басты көркемдік ерекшеліктерін ашып беруді мақсат етеді. Ол өз тұсындағы әдеби процеспен тығыз байланыста болады. Бұрынғы қай дәуірдің әдебиетін алсақ та ондағы идеялық ізденіс күрес-тартысты анық танып білу үшін сол кездегі әдебиетке көзқарасты, әдебиет жайлы үғым-түсініктерді және сол пікірлердің ақын-жазушыларға қандай талап қойып, қай тұрғыда айтылғанын ескерудің мәні зор.

Әдебиеттану ғылымының жоғарыда аталған жекелеген салалары әрқайсысы өз алдына өрістеп-өркендей отырып, бір-бірімен сабақтас, тығыз байланыста болады. Әдебиет теориясы әдебиет тарихына сүйеніп дамиды. Өткен замандардағы және бүгінгі әдеби процесті теориялық тұрғыдан қарап тану, түсіндіру - оның басты міндеттерінің бірі. Ал әдебиет тарихы ғылым ішінде ойдағыдай өркендеуі үшін теориялық принциптерді, әдебиет теориясының жетістіктерін пайдалануы шарт. Сондай-ақ, әдебиет теориясы бүгінгі әдеби процесті таңдап, ғылыми топшылаулар жасау үшін оның әдеби сынмен тығыз байланыста болуы қажет.

Әдебиеттану ғылымының бұлардан басқа текстология, библиография секідді жанама тармақтары да бар.

Библиография:

1. Белгілі бір мәселе немесе автор шығармаларына байланысты әдебиеттердің көрсеткіші;

2. Библиографиялық қызметтің теориясы мен методикасын жасайтын ғылыми еңбектер;

3. Жарияланған, басылып шыққан басылымдар жөніндегі пікірлер жарық көрген газет, журналдардың бөлігі. Қорыта айтқшнда, әр түрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерғе анықтама - мағлұматтар беретін, көмекші құралдар жасайтын жинама ғылым салаеы.

Текстология - филологияның шығарма мәтінінің анық - қанығын салыстырып тексеретін, жариялайтын саласы.

Текстология дербес ғылым ретінде 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методологиялық тұрғыдан танылады. Белгілі бір көркем шығарманың тарихын анықтау үшін тексеру тәсілдерін қарастырады, түпнұсқаны айқындау мақсатында зерттеп, екшеуден өткізеді, қосымша нұсқаларды, басылымдарды қарайды.

Текстолоғияның негізгі міндеті - автор мәтінінің нағыз, дәл нұсқасын анықтап, ешбір қоспасыз, қатесіз жармялау.

Меторияграфия - әдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәлімдемелер жинағы.

Әдебиеттану ғылымының пәнін зерттейтін объектісі сөз өнері болғандықтан , ол да әдебиетке, өнерге жақын сезіледі.

Әдебиет өмірді бейнелей көрсетсе, әдебиеттану ғылымы соның мәнін, өзгешелігін айқындап көрсетуді мақсат етеді. Яғни әдебиет ғылымына да ой бейнелілігі мен сезімталдық қажет, ол әдебиеттің қоғамдық-эстетикалық мәнін түсініп - білу үшін керек. Бұл жағынан алғанда, әдебиет ғылымы сөз өнерінің, жалпы көркем өнердің көп қасиет - жетістіктерін бойына сіңіріп, нәр алып, өркендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың органикалық заттары
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Хромосома типтері
Қабілет анықтамасы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Түркістан АКСР білім мәселелері
Спорттық жаттықтыру әдістері
Органикалық қосылыстардың классификациясы
Педагогикалық эксперимент түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz