Қолданбалы қолөнер



1. Түсініктеме
2. Курс мақсаты мен міндеті
3. Кіріспе. Пәннің мазмұны
4. Қолданбалы қолөнер және кілем тоқу (135 сағат)
5. І.тарау. Кілем тоқуға керекті құрал.жабдықтар
мен өрмек ағашты жұмысқа даярлау.
6. ІІ.тарау. Сәндік айқаспалардың күрделі түрлері.
7. ІІІ.тарау. Крок (торкөз) арқылы күрмеп алу әдісімен (гиордес) ою.өрнек әуенін түкпен шығару.
8. ІҮ.тарау. Шағын гобелен түрін тоқып шығару.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Жалпы шығыс жұртының, оның ішінде қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі қолөнерінің бірі – кілем тоқу. Осы ұлтымыздың қолданбалы қолөнерінде қазақ әйелінің дүниетанымға көзқарасы, қажырлы еңбегі айқын көрінеді. Оның еңбегінің нәтижесі белгілі бір өзінің өнерге көзқарас жүйесі емес, сонымен бірге қоғамның ой-санасындағы әсемдікті таңдауда сұранысын қанағаттандырған және істеген бұйымын орнымен пайдаланған (кілем жарға ілу, жерге жаю). Осындай өзіне тән терең жайылған түр-сипаты, қалыптары бар, жұртшылықтың рухани және эстетикалық талғауының өсуіне ықпалын тигізетін дәстүрлі кілем тоқу өнері, әрине қазіргі кезеңде қоғамды бұқарашыландыруда жастарымыздың ой-өрісін кеңейтуде, көркемдікті қастерлеуде және өнер ғылымға құштарлығын арттыруда өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Қазақ қолөнерінде кілемдерді екі түрге бөледі. Олар тоқу әдіс-тәсілдерімен құрамымен, ою-өрнек әуендерімен, мазмұнымен және сипатымен танымал.
Біріншісі түкті кілем – бірнеше қабат жіптерден тұрады. «Түк» атауы көне түркі тілінде қалың деген мағынаны білдіреді. Мұндай кілемнің тоқу барысында бірнеше жіптер қолданылады. Олар: желі жіп, арқау жібі, жиектеу жібі және әр түсті теру жібі.
Түкті кілемді жерге төрт қазықпен бекітілген «өрмек ағашта» тоқиды. Тоқу екі әдіс-тәсілге бөлінеді. Біріншісі: күрмеп алу әдісі, ғылыми атауы «екі түйінді айқаспа» немесе «гиордес» кейде «түрік» айқаспасы деп аталады. Осы айқаспа кілем тоқуда кеңінен тараған.
Гиордес – түркі елінің кілем тоқу орталығы болып саналатын шағын қаласы.
Тоқу әдісі өте қарапайым. Түк шығаратын жіпті екі желі жібінің үстіне көлденең қоя отыра, екі ұшын желі жібінің сырт жағынан артына қайыра отырып ортасынан бетіне шығарамыз. Сонымен түк теру жібінің екі ұшы сырттан ішке кірді. Қазақша «кір» түрікше «гир». Менің тұжырымдауымша «гиордес» сөзі «гир» түбірі қазақтың кір, дес деген жалғаудың мағынасы мынада деп ойлаймын, қазақтың бірлес, жерлес, қандас, тұқымдас сөздерінің мағынасындай бір жіптің екі ұшы бірігіп бір жерден шығуы болған сияқты.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі

Алматы
2006

Алғы сөз

1. Типтік оқу бағдарламаның авторы: Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі,
доцент міндетін атқарушы Орымхан Жұмахан, оқытушы Бәкірова Ләйлә.
2. Типтік оқу бағдарламасы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика
институтының оқу-әдістемелік бөлімінде ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы
... ... ... ... № бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ
4. АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
5. Типтік оқу бағдарламасы 050120-Кәсіптік білім мамандығының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес
құрастырылған
6. Бағдарламаны Институттың ОӘБ кеңесі баспаға ұсынған (бұйрық № ... .
... ... ... ... . 2006 ж.)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы
типтік бағдарламаны көбейтуге және таратуға болмайды.

МАЗМҰНЫ

1. Түсініктеме
2. Курс мақсаты мен міндеті
3. Кіріспе. Пәннің мазмұны
4. Қолданбалы қолөнер және кілем тоқу (135 сағат)
5. І-тарау. Кілем тоқуға керекті құрал-жабдықтар
мен өрмек ағашты жұмысқа даярлау.
6. ІІ-тарау. Сәндік айқаспалардың күрделі түрлері.
7. ІІІ-тарау. Крок (торкөз) арқылы күрмеп алу әдісімен (гиордес) ою-өрнек
әуенін түкпен шығару.
8. ІҮ-тарау. Шағын гобелен түрін тоқып шығару.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Дәстүрдің озығы бар,
тозығы бар
әр халықтың қалдырған
өз ізі бар.

Түсініктеме

Қолданбалы қолөнер пәні 050120-Кәсіптік білім мамандығының
студенттеріне дәстүрлі кілем тоқу жолын үйретеді.
Жалпы шығыс жұртының, оның ішінде қазақ халқының көнеден келе жатқан
дәстүрлі қолөнерінің бірі – кілем тоқу. Осы ұлтымыздың қолданбалы
қолөнерінде қазақ әйелінің дүниетанымға көзқарасы, қажырлы еңбегі айқын
көрінеді. Оның еңбегінің нәтижесі белгілі бір өзінің өнерге көзқарас жүйесі
емес, сонымен бірге қоғамның ой-санасындағы әсемдікті таңдауда сұранысын
қанағаттандырған және істеген бұйымын орнымен пайдаланған (кілем жарға ілу,
жерге жаю). Осындай өзіне тән терең жайылған түр-сипаты, қалыптары бар,
жұртшылықтың рухани және эстетикалық талғауының өсуіне ықпалын тигізетін
дәстүрлі кілем тоқу өнері, әрине қазіргі кезеңде қоғамды бұқарашыландыруда
жастарымыздың ой-өрісін кеңейтуде, көркемдікті қастерлеуде және өнер
ғылымға құштарлығын арттыруда өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Курс мақсаты
Әр студенттің жеке басының қабілетін көрсетуіне, эстетикалық
тәрбиесіне, көркемдікті ұнатуын жоғарғы деңгейде қалыптастыруына және
мәдениетті, әдепті болуына барлық жағдай жасау. Мұндай көркемдік бастама
студенттің болашақ жас маман ретінде жұмысын жандандырып, тұрмысын безеп,
игілендіру. Осы оқу барысында алған білім шеберлік пен тәжірибе – жаңа
жағдайда ұлттық мәдениетіміздің бір саласы кілем тоқу өнерін сақтап және
дамуына мүмкіндік туғызу.

Курс міндеті
- болашақ жас маманды халық қазынасында бар жоғарғы мәдениет эстетикасын
түсіндіру;
- студенттерді халқының тарихына деген ықыласын ояту;
- студенттерді бірлескен еңбекте шеберліктерін шыңдап, қосылып немесе
екі, үш мақаммен халық әндерін айтуға дағдыландыру;
- кілем тоқу қолөнерінің барлық түрлерін құнды көркемдік дүние деп
қарап, зерттеп тану;
- кілемнің сыртқы пішіні, көрінісін, құрамын және мазмұнымен таныстыру;
- үйлесімді ой мәні тоқылған бұйымның ою-өрнектерінде, түс-реңдерінде
болатынын түсіндіру;
- кілемнің және кілем бұйымдарының көшендік құрамымен таныстыру;
- тоқу әдіс-тәсілімен ою-өрнек әуендерін ұластыра білуге машықтау;
- ойдағы нақтылы жобаны нобайы арқылы қағазға түсіріп оны тоқу-әдіс
тәсілімен тоқыма бұйымдарына түсіру.

Қолдан кілем тоқу негізін үйрену барысында студенттер мынаны білу керек:
- қолдан кілем тоқу қазақтардың қолданбалы қолөнерінің бір бөлігі бола
тұра, қазіргі дүниетаным мәдениетінің маңызды тарауы болатынын;
- кілемнің бүгінгі интерьерді (бөлме іші) безендіруде дүние бұйым
ретінде қалыптасқан орны мен ролін яғни адамды қоршаған көркемдік-
эстетикалық өнер туындысы екенін;
- кілем тоқу өнері – көркем шығармалы құрал жиынтығы және оған қоғамдағы
көзқарастың біртұтастығы, дидактикалық ағымдағы жаңа ескінің орнын
басушы екенін;
- кілем тоқудағы қазақ ою-өрнегінің ерекше белгісі – оның материалымен
байланысы, көзге шақырайып көрінбей биязы-жұмсақ көрінуі және
кідемдерді жіктеу орны.

Студенттер істей білу керек:
- ою-өрнек әуендердің күрделі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерімен және
түрлі айқаспалардың түкті, қарапайым, өрім, тұзақ т.б. қолданып отырып
шығара білу;
- әртүрлі тоқу әдіс-тәсілдерімен мысалы, арқау жіптерін бір-бірімен
айқастырып қайыру, айқастырмай қайыру, арқау жіптерін желі жібінен
қайыру, еркін сызықшаларды түсіре білу, төсеу және орау тәсілдерін.
Студенттерді кілем тоқуға іс-тәжірибе арқылы баулу. Осы іс-тәжірибені
оқу барысында студенттер кілем тоқу әдіс-тәсілдерін толық меңгереді.

Бағдарлама мынаны көздейді:
45 сағат іс-тәжірибелік сабақ
15 сағат 1 семестрде
30 сағат 2 семестрде
Студенттердің білім деңегйі емтихан арқылы тексеріледі.

Тақырыптық жоспар

рс Тақырыптар Сағат
көлемі
Кіріспе.
1. Кілем тоқуға керекті
құрал-саймандарды өрмек ағашы мен
1.1 жіптерін дайындау 2
1.2 Желі жіптерін өрмекағашқа керу 2
Кілем желісіне бірінші айқаспаны
орындау, алабас немесе алақұрт
1.3 оны қарапайым айқаспамен 2
жалғастыру.
1.4 Тықыр кілем тоқу әдіс-тәсілдері. 3
Палас, сумах, килим, шпалера.
2. Кілем тоқығанда қолданылатын
қарапайым айқаспаның жаңа
2.1 әдіс-тәсілдері. 3
Сәндік айқаспалардың күрделі
түрлері: еркін орау, созбалық
2.2 тұзақ. 3
Бірыңғай орай әдісінің үстінен
2.3 репс айқаспа түрімен арқау 3
жібін өткізу және маржан
2.4 айқаспасы. 3
Күрмеп алу (қос түйінді, гиордес)
3. айқаспасымен түк шығару.
Оңды-солды шалып алу (бір жарым
3.1 түйін) сэнне айқаспасы арқылы түк4
шығару.
Скандинав түйіні, араб не испан
3.2 түйіні арқылы түк шығару. 4
Крок (торкөз) арқылы күрмеп алу
әдісімен (гиордес) ою-өрнек
4. әуенін түкпен шығару.
4.1 Крок (торкөз) арқылы оңды-солды 4
шалып алу сеннэ айқаспасы арқылы
ою-өрнек әуенін түкпен шығару.
Крок (торкөз) арқылы құрамалы
тәсілмен – гиордес+араб не
4.2 болмаса сеннэ+скандинав түйіні 4
арқылы ою-өрнек әуенін түкпен
шығару.
Шағын гобелен түрін тоқып шығару.
4.3 Қуыс қалдырып тоқу әдіс-тәсілдері4
арқау жіптерін бір-бірімен
қайырмай қатар тұрған желі
жіптерінен қайырсақ, келесі
4.4 қатарда осы қуыс үстінен арқау 4
жібін аттатып отырсақ онда
астында қуыс қалып отырады.
4.5 Қиғаштап тоқу әдісі – арқау жібін4
әр қатар сайын бір желі жібінің
бойына кем орап отырсақ тоқыған
4.6 бұйымда баспалдақтас ою көзі 4
пайда болады.
Оңды-солды арқау жібін желі
жібінен қайыру алдымен сол
жақтағы арқау жібін содан соң оң
жақтағы арқау жібін екеуін бір
желі жібінен қайыру.
Арқау жібін топтастырып желі
жібінен қайырсақ, осы әдісті
кірпіш немесе топтасу деп атайды.
Арқау жіптерін бір-біріне қайырып
тоқу – сол жақтағы арқау жібін оң
жақтағы арқау жібімен екі желі
жібінің ортасынан қайырып тоқу.
Ою-өрнек әуенін дөңгелетіп орау
әдісімен тоқу.
Барлығы 45

Кіріспе

Қазақ қолөнерінде кілемдерді екі түрге бөледі. Олар тоқу әдіс-
тәсілдерімен құрамымен, ою-өрнек әуендерімен, мазмұнымен және сипатымен
танымал.
Біріншісі түкті кілем – бірнеше қабат жіптерден тұрады. Түк атауы
көне түркі тілінде қалың деген мағынаны білдіреді. Мұндай кілемнің тоқу
барысында бірнеше жіптер қолданылады. Олар: желі жіп, арқау жібі, жиектеу
жібі және әр түсті теру жібі.
Түкті кілемді жерге төрт қазықпен бекітілген өрмек ағашта тоқиды.
Тоқу екі әдіс-тәсілге бөлінеді. Біріншісі: күрмеп алу әдісі, ғылыми атауы
екі түйінді айқаспа немесе гиордес кейде түрік айқаспасы деп аталады.
Осы айқаспа кілем тоқуда кеңінен тараған.
Гиордес – түркі елінің кілем тоқу орталығы болып саналатын шағын
қаласы.
Тоқу әдісі өте қарапайым. Түк шығаратын жіпті екі желі жібінің үстіне
көлденең қоя отыра, екі ұшын желі жібінің сырт жағынан артына қайыра отырып
ортасынан бетіне шығарамыз. Сонымен түк теру жібінің екі ұшы сырттан ішке
кірді. Қазақша кір түрікше гир. Менің тұжырымдауымша гиордес сөзі
гир түбірі қазақтың кір, дес деген жалғаудың мағынасы мынада деп
ойлаймын, қазақтың бірлес, жерлес, қандас, тұқымдас сөздерінің мағынасындай
бір жіптің екі ұшы бірігіп бір жерден шығуы болған сияқты.
Екінші түрі – желі жібінің біріне түк шығаратын теру жібін шалып,
екінші желі жібінің артынан шығарып теру. Жіптің ұшын бос тастайды. Осы
әдісті қазақша оңды-солды шалып алу деп атайды. Ғылыми атауы полуторный
немесе сенне (синэ, сехна) бұл көне иран жеріндегі Сеннэ қаласы (қазіргі
Сенендедж). Бұл қала қазірде Иран елінің кілем тоқу орталығы.
Кей кездерде бұл түйінді парсы түйіні деп атайды. Енді ең бастысы,
жоғарыда айтылып кеткендей түкті кілемді еденге төселген аласа өрмек ағашта
тоқылады. Көлемі тықыр кілем тоқитын өрмек ағашынан әлдеқайда үлкен болады.
Желі жіптері осы өрмек ағаштың үстіңгі және астыңғы бел ағаштарына оралады.
Адырғы арқылы желі жіптерді астыңғы және үстіңгі жіптерге бөледі. Үстіңгі
қатардағы жіптерді қазақ еркек жіп деп атайды, ал астыңғы қатардағы
жіптерді ұрғашы жіп деп атайды. Басқа халық тілдерінде де бұл атаулардың
мағынасы осындай ұғымды білдіреді.
Тоқымашы кілем желісінің үстінде орналасқан жылжымалы орындықта
отырып тоқиды. Еден бойлай жатқан кілем желісінің желі жіптеріне теру
жіптерімен түкті айқаспа шығарсақ, түк шығарған теру жібіміз кілем желісіне
қарағанда тік бойлай орналасып шығады, ал арқау жібімізді алатын болсақ, ол
тыным таппай кілем желісінің бір жиегінен екінші жиегіне қарай екпінді
қозғалыста болады. Осыған орай арқау жібінің міндеті түк шығаратын теру
жіпті орынға қозғалтпай қатырып түйіп тастайды. Енді теру жібі болса бір
орынға түйін болып қатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Қайың қабығы, қабығы
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Гобелен тоқу технологиясы
Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Қазақ халқы қолөнерінде шәкірт тәрбиелеу жүйесі – дуальді оқыту бастауларының негізі
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Пәндер