Жалпы патогенез: мал ауруларының этиологиясы, организм реактивтілігі және нейро-гуморалдық механизмдер


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ

Патогенез туралы ілім жәке патогенездің себеп-салдар байланысы. Мал дәрігерлері үшін ауру этнологиясын ғана білу жеткіліксіз. Сондықтан аурудың пайда болу және даму механизмдерін, яғни ауру патогенезін де зерттеу қажет. Патогекез гректің раіһоз-зардап шегу, ауру, депезіз - шығу тегі сөздерінен тұрады. Патогенез - мал ауруының пайда болу механизмі дамуы, барысы және ақыры туралы ілім. Этиология және патогенез бір-бірімен тығыз байланысты. Патогенезді айқындау аурудың мәнін және оның ақырғы нәтижесін толық танып-білуге байланысты.

Ауруды зерттеуде ең күрделісі - патогенез мәселесі. Табиғаты инфекциялық көптеген аурулардың себептері белгілі болғанымен, алайда жекелеген патогенді агенттердің организмге әсер ету механизмі жеткілікті анықталмаған немесе мүлде белгісіз. Сондықтан ауру патогенезін қарастырған кезде мынадай мәселелер туындайды:

а) аурудың дамуында этиологиялық фактордың ролі;

б) аурудың пайда болуында және барысында организм реактивтілігінің маңызы;

в) жалпы және жекелей өзгерістердің мәні және олардың өзара байланысы;

г) патогенездің негізгі буыкдары және себеп-салдар байланыстары;

д) функционалдық және морфологиялык өзгерістердің мәні және ауру кезінде олардың өзара байланысы;

е) аурудың дамуы үшін нерв жүйесі фуккциясының мәні;

Этиологиялық факторлардың әсер етуінің шартты түрде үш типін бөлуге болады:

бірінші жағдайда, ауру себебі қысқа уақытта әсер етеді. Мысалы: жоғары температура, жарақат, электр тогы, сәуле энергиясы т. с. с. Мұндай жағдайда аурудың дамуы этнологиялық фактордың күшіне, ұзақтығына және сипатына тәуелді;

екінші жағдайда, этнологиялық фактор организімде ұзақ уақыт болады да, тітіркендіргіш болғанға дейін ауру созыла береді. Мәселен, ішек гельминттері. Паразиттер құртылғаннан кейін ауру тоқталады;

үшінші жағдайда, этнологиялық фактор организмде бүкіл патологиялық процесте сақталды, онда аурудың онан әрі өршуіне жол бермейтін бірқатар өзгерістер тудырады. Мысалы, микробты енгізу факторында организмде, микробқа карсы бағытталған антитела қалыптасады. Мұндайда этнолоиялық фактордың роліне баға бере отырып, әрбір аурудың себеп-салдарының ауысу сипатын ескеру қажет. Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі (қарсы тұру қабілеті) аурудың пайда болуында және барысында үлкен роль атқаратындығы дәлелденген, Мұндайда организмнің реактивтілігі ішкі ортаның реттелуі тұрақтылығына (гомеостазға) тікелей байланысты болады. Организмнің жауап қайтару реакциясының сипаты нерв жүйелерінің функционалдық күйіне байланысты.

Патогенездің барлық буындарын өрістетуге өте қажетті құбылысты немесе процесті негізгі буын деп атайды. Мысалы, қан кетудің негізгі буыны қан айналу көлемінің азаюы және соған байланысты қанда оттегінің жетіспеушілігі (гипоксемия) болып саналады. Патогенездің негізгі буынымен қоса жетекші буынын да ажырату кажет. Егер әр түрлі процестің негізгі буыны біркелкі болмаса, онда патогенездің кейбір жетекші факторлары көптеген ауруларға (оттегінен ашығу, зат алмасудың бұзылуы т. с. с. ) ортақ болады.

Пайда болған ауру, себеп-салдар қатынастарына байланысты әр түрлі кұбылыстардың нәтижесінде, өзінің ішкі заңдылығымен дамиды.

Кейбір ауру малдарда әр түрлі патологиялық зақымдалу кезінде өте күрделі өзара әрекет туындайды: бір құбылыс екіншісін тудырады, оның өзі үшіншісінің пайда болуына ыкпал етеді т. б. ал соңғысы жаңа құбылысты күшейте түседі. Демек, мұндайда себеп - салдар қатынасы түйісіп, «тұйыққа тірелу» деп аталатын пайда болады.

Дәрігер негізгі процестің буынын тауып, себеп-салдар қатынасын анықтап, тиімді патогенетикалық емдеуді колданады және негізгі өзгерісті қалпына келтіре алады.

Соңғы жылдары патологиялық өзгерістердің молекулалық деңгейде пайда болуы мүмкін екендігі дәлелденді, әрине мұны арнайы зерттеу тәсілдерімен ғана байқауға болады. Осыған орай С. С. Вайль (1954) пікірінше, патология жағдайында орган функциясы бұзылатын, ал морфологиялық өзгерістер мүлде болмайтын жағдай да кездесуі мүмкін. Осы аталғандармен қатар, тіпті бір органдағы әр турлі құрылымдардың оның функциясы үшін әр келкі мәні болады. Сонымен, Вирхов ойлағандай, морфологиялық және функционалдық өзгерістер тура пропорционал бола бермейді. Мұндайда Ф. Энгельстің форма мен мазмұн морфологиялық және функционалдық бірлестік туралы қағидасын еске түсірген жөн. Бүкіл органикалық табиғат форма мен мазмұнның бара - барлығының немесе ажырағысыздығының кілең бір дәлелі болып табылады. Морфологиялық және физиологиялық кұбылыстар, формалар мен функциялар біріне-бірі өзара себепші болып отырады. Табиғат диалектикасы, «Қазақстан», 1982, ауру патогенезінде организмнін орталық нерв жүйесі мен ішкі ортасының қарым-қатынасының бұзылуы үлкен орын алады. Патологиялық процестердің дамуында парабиоз күйі (Н. Е. Введенский), доминанттар механизмі (А. А. Ухтомский), қалдық реакциясы (В. Д. Сперанский) және нерв жүйесінің басқа да қасиеттері зор роль атқарады.

Соқымен, нерв жүйесі функциясының өзгеруі аурудың пайда болуында және дамуында ерекше роль атқарады.

Функция регуляциясында аса маңызды буынның бірі - гуморалдық механизмдер, әсіресе нейро-эндо-кринді және эндокринді механизмдер.

Әр түрлі аурулардың патогенезінде ауру тудыратын агенттердің енетін орнының және таралу жолдарының зор маңызы бар.

Оргакизмде ауру тудыратын агенттер былайша әре-кет жасауы мүмкін:

а) жалғасу және жанаса отырып жа. йылу;

б) тамыр (қан, лимфа) жүйелері арқылы етуі;

в) нерв жүйелері арқылы етуі.

^Таралудың гуморалдық жолы инфекция қоздыр-ғыштары тамыр арнасына түсіп, гематогендік жолмен, яғни кан аркылы таралғанда пайда болады.

Нерв тармағы арқылы таралу құтыру вирусына және сіреспе токсикозына тән.

Алайда атап көрсететін жайт, ауру тудыратын агенттердің организмге таралуы тек тамырлар мен нервтердің бағытына ғана байлаяысты деп үстірт корытынды жасауға болмайды. Организмнің ішкі орган

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патологиялық физиология: пәні, әдістері, жалпы патогенез және организм реактивтілігі
Клиникалық патофизиология: аурудың жалпы заңдылықтары, патогенез және организм реактивтілігі
Патофизиологияға кіріспе: жалпы нозология, этиология-патогенез, организм реактивтілігі және су-электролит алмасуының бұзылыстары
Аурудың теориялық негіздері және мал ауруларының даму сатылары мен жалпы этиологиясы
Жүйке жүйесінің жалпы патологиясы: этиология, патогенез және нейродистрофиялық механизмдер
Ісікке қарсы иммунитет: этиология, ісік антигендері және жасушалық-гуморалдық механизмдер
Табиғи резистенттіктің бактерицидтік факторлары: жасушалық және гуморальдық механизмдер
Иммунитет пен иммунология: тарихи шолу, негізгі гуморалдық және клеткалық механизмдер, антигендер мен антителдер
Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігінің патологиялық процестердегі маңызы
Вирустардың организмге енуі мен таралуы және иммунитеттің гуморальдық, жасушалық және жалпы физиологиялық механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz