Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі



КІРІСПЕ

1 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ РӨЛІ, ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі туралы педагогикалық
еңбектерге тарихи шолу

I.2 Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі отбасының рөлі

1.3Бастауыш сыныпта ата . ананың беделін арттырудың педагогикалық шарттары


2. ОТБАСЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1Отбасы тәрбиесіндегі негізгі қағидалар

2.2Отбасында балаларды тәрбиелеуде тәрбиенің комплекстілігі

2.3 Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесі


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» -деп атап көрсетілген[1].
Қазақстан – 2030 ұзақ бағдарламасында «жанұяның балалары мен немерелері алдында жауапкершілігін атап көрсетіліп, олар балаларымы мен немерелерін болашақта, олар ата-әжелерінің жасына жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді»- деп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Олай болса отбасы тәр000биесі де ұзақ мерзімді 2030 бағдарламасына сай іске асырылуы тиісті және кезек күтуге, кейінге қалдыруға болмайтын мемлекет деңгейінде шешімін күтіп тұрған мәселе[2].
Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеуі т. б. отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратыны белгілі. Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де белгілі. Нақтылап айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің жетіспеуі, осы жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екені айқындала түседі.
Отбасы – баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды беріп, онда айналасындағы басқалармен қарым-қатынас орнатуға іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше жағдайларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін үшін жазаланатынын, мадақталатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, сол себепті жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуда.
1.Қазақстан Республикасының конституциясы. –Алматы, 1995
2.Назарбаев Н.Ә.Қазақстан -2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы /Егемен Қазақстан 11.10.1997
3.Әбиев Ж Педагогика тарихы; - Алматы, 2006
4.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.. Педагогика.- Астана, 2005
5.Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы – Алматы, Білім, 2003
6.Жұмабаев М. Педагогика – Алматы: Ана тілі, 1997
7.Жарықбаев Қ., Қалиев С.. Қазақ тәлім-тәрбиесі – Алматы «Санат», 1995
8.Ғабдуллин М.. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес – Алматы: Мектеп 1966
9.Дулатов М, Шығармалары. – Алматы, 1991
10.Құнанбаев А. Шығармалары –Алматы, 1977
11.Әуезов М.А.Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы, қызметі. –Алматы, 1953
12.Жарықбаев Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы- Алматы, 1965
13.Оразбекова К. Иман және инабат – Алматы: Ана тілі, 1993
14.Байжанова Ж. Семья бақыты – Алматы: Қайнар, 1990
15. Сухомлинский В.А.Балаларға жүрек жылуы. –Алматы, 1976
16.Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1990
17.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары – Алматы, 1968
18. Әуезов М.Әр жылдар ойлары – Алматы, 1959
19.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші – Қызылорда, 1924
20.Аймауытов Ж. Психология. – Алматы, 1995
21.Аймауытов Ж. Шығармалары – Алматы, 1991
22.Ғабдуллин М. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. –Алматы, 1966
23.Қоянбаев Р.. Основные пути интенсификации процесса воспитания детей в семье – Алматы, 1981
24. Қоянбаев Р.Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» - Алматы, 1981
25.С.Қалиев «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі»-Алматы, 1987
26.С.Қалиев «Қазақ этноакдагогикасынң теориялық негіздері мен тарихы»-Алматы, 1998
27.Жақыпов Қ.. Баланы семьяда тәрбиелеу – Алматы: «Білім» 1987
28.Халитова И.Р. Отбасындағы ата-ананың тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары Алматы: 2004
29.Сухомлинский В.А. Нравственный идеал молодого поколения – М, 1961
30.Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы.- Алматы, 1987
31.Макаренко А.С. Ұстаздық дастан.- Алматы, 1989
32.Боданов Ж.Отбасы-тәрбие бесігі.- Жамбыл,1994
33. Асанов Ж.. Отбасы тәрбиесі || Бастауыш мектеп №4,2007
34.Алиядинова Е. Ата-ана, сынып жетекшісі және бала || Сынып жетекші №1-2, 2002
35.Ахметқалиева М.Сынып жетекшісі және ата-ана || Сынып жетекші №4, 2004
36.Өтебаева Г. Отбасындағы тәрбие принциптері || Отбасы және балабақша №2, 2002
37.Әжібаева Бастауыш сынып отбасы тәрбиесі арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру. Автореферат - Тараз 2007
38. 44.Акбарова Ж. Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері || Бастауыш мектеп №4, 2005
39.Отажанова Ш. Балаларды отбасында тәрбиелеу мәселелері || Қазақстан мектебі №4, 2000
40.М.Коксимова. Ата-аналардың азаматтық борышы || Тәрбие құралы №5,2007
41.Бейсенбаева К. Отбасының адамгершілік негіздері || Тәрбие отбасынан басталады №1,2008
42.Педагогика: Оқулық 2-басылым./Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р.- Астана 2010
43.Сейлхан Г.И. Отбасы тәрбие барысында балалардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру //«Жастардың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыруда тәрбие жүйесін іске асыру: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –Тараз- 2009
44.Губашева С.Г. Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі –Астана, 2007
45.Педагогика: Оқулық ҚҰПУ педагогика кафедрасының авторлар ұжымы – Алматы., 2005
46.Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. –Алматы., 2004
47.Бабаев С. Б. Бастауыш мектеп педагогикасы: Оқу құралы – Алматы., 2007
48.Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика: Оқу құралы – Астана., 2009
49.Асанова Г. Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі || Қазақтан мектебі №1,2007
50.Жанказакова Қ.. Отбасында баланы дұрыс тәрбиелеу жолдары || Бастауыш білім №1, 2006
51.Асанов Б. Жас ұрпақтың рухани сәулеткері || Сыныптағы тәрбие №5, 2007
52.Жүнісханова Қ. Бәрі де отбасынан басталады || Қазақтан мектебі №5-6, 2007
53.Майғаранова Ш. Баланы отбасында рухани дамудың кейбір қырлары || Бастауыш мектеп №1, 2002
54.Асанова Г. Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі || Қазақтан мектебі №1,2007
55.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы -/Егемен Қазақстан 14.08.2007
56.Аббасова А. Жас ұрпақтың рухани сәулеткері || Сыныптағы тәрбие №5, 2007
57.Н.Жапанбаева. Отбасындағы тәрбие – этномәдени тәрбиенің бастауы ||
58.Қалижанқызы Р. Бала тәрбиесіндегі халық даналығы || Ұлағат №3, 2005
59.Акбарова Ж. Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері || Бастауыш мектеп №4, 2005
60.Титов В.А7.Семейная педагогика и домашнее воспитание.- Конспект лекций – М. –2006.
61.Жанказакова Қ.. Отбасында баланы дұрыс тәрбиелеу жолдары || Бастауыш білім №1, 2006

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ РӨЛІ, ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі туралы педагогикалық

еңбектерге тарихи шолу

I.2 Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі отбасының рөлі

1.3Бастауыш сыныпта ата – ананың беделін арттырудың педагогикалық
шарттары

2. ОТБАСЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1Отбасы тәрбиесіндегі негізгі қағидалар

2.2Отбасында балаларды тәрбиелеуде тәрбиенің комплекстілігі

2.3 Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап,
2-тармағында Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың
табиғи құқығы, әрі парызы -деп атап көрсетілген[1].
Қазақстан – 2030 ұзақ бағдарламасында жанұяның балалары мен
немерелері алдында жауапкершілігін атап көрсетіліп, олар балаларымы мен
немерелерін болашақта, олар ата-әжелерінің жасына жеткен кезде қандай
күйде көргіміз келеді- деп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар
қойылған. Олай болса отбасы тәр000биесі де ұзақ мерзімді 2030
бағдарламасына сай іске асырылуы тиісті және кезек күтуге, кейінге
қалдыруға болмайтын мемлекет деңгейінде шешімін күтіп тұрған мәселе[2].
Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа
деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеуі т. б. отбасы тәрбиесіне оның
құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратыны белгілі.
Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен
отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де белгілі. Нақтылап
айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің жетіспеуі, осы
жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-
ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі
екені айқындала түседі.
Отбасы – баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында
өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мағлұматтарды беріп, онда айналасындағы басқалармен қарым-
қатынас орнатуға іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай
екенін, басқалардың кім және қандай екенін сынап байқап көреді.
Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше жағдайларда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-
насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының
психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды
бағалау критерийлері қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін үшін
жазаланатынын, мадақталатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында
жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес,
ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, сол
себепті жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке
жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз
мойнына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі – толық емес отбасылар көбейіп, ата,
әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т. б. туысқандық байланыстар әлсіреді.
Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де
төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа, ондағы бала
тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.
Отбасы тәрбиесіне байланысты негізгі ойлар, Сайфи Сараи, Махмуд
Қашқари, шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында,
Ш.Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев еңбектерінде, Дулат Бабатайұлы,
М.Ғабдуллин мұраларынан да елеулі орын алғанымен, әлі толық зерттеле қойған
жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х.Арғынбаев, Г.А.Уманов,
К.А.Оразбекова, Ж.Қоянбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Жақыпов, Ж.Байжанова,
А.Капенова т. б. еңбектері жарық көрді[3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14] .
Осы және басқа да пайымдауларымыз мынадай қайшылықтардың бетін ашты:
Көріп отырғанымыздай отбасы тәрбиесінің ғылыми-теориялық, тарихи-
педагогикалық тәжірибесінің молдығына қарамастан олардың осы уақытқа дейін
практикада қолданылмауы арасында; отбасы қарым-қатынасының тәрбиелік
ықпалын арттырудың мүмкіндігі мен оның педагогикалық шарттарының
айқындалмауы арасындағы қайшылықтар зерттеу тақырыбын Бастауыш сынып
оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Зерттеу нысаны – Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалы.
Зерттеу пәні –Отбасы тәрбиесі
Зерттеудің ғылыми болжамы – Егер бастауыш сыныпта отбасы мен мектеп
бірлікте жұмыс жасаса, бала мен ата-ана, ата-ана мен мұғалім, оқушы мен
мұғалім қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалы артып, қазіргі заманғы отбасы
тәрбиесіндегі кемшіліктердің алдын алуға болады.
• Зерттеу міндеттері:

- Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы педагогикалық

еңбектерге тарихи шолу
- Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі отбасының рөлін ашу;
- Бастауыш сыныпта ата – ананың беделін арттырудың педагогикалық
шарттарын анықтау;
- Отбасы тәрбиесіндегі негізгі қағидаларды, тәрбиенің комплекстілігін
талдау;
- Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесіне
статистикалық өңдеу;
Зерттеу әдістері:педагогикалық, психологиялық, мерзімді басылымдарға
теориялық талдау, бақылау, ата-аналар және мұғалімдермен әңгіме,
сауалнама; эксперименттік жұмыс; статистикалық талдау .
Зерттеу көздері – Қазақстан Республикасының Конституциясы Неке
және отбасы туралы заң, педагог, психолог, философ, әлеуметтану
ғылымындағы отбасы қарым-қатынасына қатысты еңбектер, тәрбие туралы
тұжырымдама; оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, отбасы тәрбиесі бойынша
жекелеген ғалымдардың, ата-аналардың бала тәрбиесі бойынша сауатын ашуға
арналған бағдарламалары.
Зерттеу базасы – № Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш
сынып оқушылары.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең: 2010-2011- оқу жылында зерттеу тақырыбына байланысты
педагогика, психология, әлеуметтану, философия т.б. еңбектер, ата-аналарға
арналған оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар талданып жұмыстың ғылыми
аппаратына қатысты ұғымдар анықталды; эксперименттік тәжірибе жоспарланып,
материалдар жинақталды.
Екінші кезең: 2011-2012 оқу жылында жинақталған материалдар
жүйелі сарапталып, зерттеу мәселелері бойынша ретімен зерттеу кезеңдері
іске асырылып, ата-аналарға арналған ұсыныстар әзірленді. Сауалнама
нәтижесі өңделіп диплом жұмысына енгізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі
дәлелденген және мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу пәні, зерттеу нысаны,
зерттеу көздері, ғылыми болжамы, зерттеу әдістері, зерттеу базасы,
анықталған.
Отбасы тәрбиесінің рөлі, оның ғылыми теориялық негіздері– деп
аталатын бірінші бөлімде бала тәрбиесіндегі ата-анағның рөлі туралы
еңбектерге тарихи шолу жасалған. Сонымен қатар оқушыларды тәрбиелеудегі
отбасының рөлі, ата-ананың беделін арттырудың педагогикалық шарттары
қарастырылған.
Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері-
деп аталатын екінші бөлімде ата-ана тәрбиесіндегі негізгі қағидалар ,
отбасында балаларды тәрбиелеуде тәрбиенің комплекстілігі, зерттеу тақырыбы
бойынша эксперимент нәтижесі берілген.
Қорытынды зерттеу жұмысы қорытындыланып алдағы уақытта бастауыш сынып
оқушыларына ата-ананың тәрбиелік ықпалын арттыруға бірнеше ұсыныстар
берілген.

.

1.ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ РӨЛІ, ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі туралы педагогикалық
еңбектерге тарихи шолу

Аса бағалы педагогикалық мәні бар ежелгі жазба деректерден Шумернама
(б.з.д. IV ғ. аяғы - III ғ. басы), Ассирияның заңдары (б.з.д. I ғ. екінші
жартысы), Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары (б.з.д. 1792 ж.), Израилдың
патшасы Сүлейменнің өсиеттері (б.з.д. I ғ. басы), Индияның
бхагавадгиттерінің есиеттері (б.з.д. I ғ. басы), Ашшурбанапал патшаның қыш
кітабы (б.з.д. 612 ж.), Қабуснама, құрметті Авеста, Құран, Библия, Жамиғат-
Тауарих т.б.) отбасында балаға білім беру заңды түрде талап етіліп,
құкықтық негізде бекігенін, мұның езі ежелгі өркениетті қоғамдағы отбасы
мен мектептің бірлікте тұлғаны тәрбиелеп, мәдени өрісін жан-жақты дамытуға
бағытталған білім беру жүйесінің негізінің қалануына себеп болғандығын
көреміз.
Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы оқытудың ошағы - б.з.д. III
ғасырдағы Шумер мектебінің іс-тәжірибесінен бастау алады. Ол деректерден
отбасы мен мектептің арасында сыйластықтық қарым-катынас қалыптасқанын,
мектептің негізгі қалыптасуы жанұяда жатканын, отбасында берілген халықтық
білімнің негізі мектепте жалғасқанына көз жеткіземіз.
Мектепте отбасының бір үйдің балалары арасындағы әдептілік, татулық,
қамқорлық, оларды өмірге үйрету, т.б. туыстық жақсы дәстүрлері сақталған.
Оқу-тәрбие әдістері әкесінің баласына ақьл айтып үйретуінде жатқанын
аңғарамыз. Шумер мектебі туралы еңбектер жанұя мен мектептің бірлесе
атқарған оқу - тәрбие жұмысы әдістемесінің тууына негіз болғанын айқын
аңғаамыз.
И.С.Кон ата-аналардың балаларға ықпал ету керектігін төмендегідей үш
түрлі сипатга бейнелейді:
-Балаға ата-ананың ықпалын нығайту. Баланың жақсы жақтарын қолдап,
жағымды кылықтары мен істерін қуаттау, оң мінез-құлық үшін көтермелеу,
теріс әрекеттерін ескерту, жаман мінез-құлыктары мен іс-әрекеттері үшін
орынды әрі әділ сөгіс бере отырып, оны санасына біртіндеп, белгілі бір
мінез-құлық нормалардың жүйесін сіңіру. Сөйтіп олар баланың ой елегінен
өтіп, іс-әрекет, жүріс-тұрыс ережесіне айналады. Күнделікті өмірде көп рет
қайталану барысында ол әдетке, ішкі жан-дүниесінің қажетті құрамдас бөлігі
ретінде калыптасады.
Баланың ата-анаға ұқсауға ұмтылуы, оны өздеріне ұқсастыру. Бұл баланың
ата-анасына деген сүйіспеншілігі мен беделіне, құрметке негізделеді. Бала
әкесі не шешесіне ұқсауды армандайды. Егер ата-ананың баласы сыйлайтын
қылығы болмаса, ата-ана беделін таяқтан қорқып қана таныса, оңда ұқсау
міңдеті орыңдалмайды, не болмаса әлгі жалған беделінің әсері ойға келмеген
нашар салдарымен қорқынышты.
Ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік. Өз баласының ішкі жан
дүниесін, мінез-құлық ерекшеліктерін білу, оларды толғандыратын барлық
сұрақтарына елгезектікпен жауап беріп отыру, баланың алдындағы
қиыншылықтарға, онымен қоса төтеп беру арқылы ғана оны толыққанды тұлға
етіп тәрбиелеуге болады.
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің аты әлемге әйгілі ақын,
философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн. Ол өз еңбектерінде бала
тәрбиесіне де баса назар аударып, бұл орайда бала тәрбиесіндегі ата –
ананың ролі мен жауапкершілігін атап көрсетеді. Егер бала тәртіпсіз болса,
оған әкесі де кінәлі деген [3].
Атақты Диуани лұғат - ат – түрк еңбегінің авторы Махмуд Қашқаридің
да қазақ топырағында еңбек етуді сүйетін, білімге құштар, өз болашағы үшін
күресе білетін ұрпақты тәрбиелеуді насихаттайды. Оның бұл еңбегінде әдеп,
тәлім – тәрбие, моральдық ой – пікірлері қомақты орын алады. Сонымен қатар
мұнда адам бойындағы кейбір дүниеқорлық, мансапқорлық, опасыздық, қорқақтық
сияқты жаман қасиеттер қатты сыналып, ерлік, ізгілік, қонақжайлылық сияқты
адамгершілік қасиеттер дәріптеледі[3;59-65].
Осы кездерде қалыптасқан Джон Локктың Мектеп балаларды теріс және
келіссіз тәрбиелейтін ұя деген пікірінде мектептегі тәрбие жұмысының кері
әсерін айтып, отбасы тәрбиесін қуаттаған.
Ж.Ж.Руссо пікірінше , қоғам, мемлекет отбасынан, басталады. Біздің
халқымыз Отан – отбасынан , - деп отбасы тәрбиесініе көп көңіл бөлген.
Еркін тәрбие теориясының негізін салушы Жан – Жак Руссо Адам
тәрбиесі оның өмірге келуімен басталады, сөйлемес бұрын, естімес бұрын, ол
тәлім негізін ала бастайды деген. Ағартушы педагог баланы қадірлей отырып
тәрбиелеу, еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін
дамыту тәрбиенің негізіне айналуы тиіс екендігін көрсеткен. Жан-Жак Руссо
өз шығармаларымен адам баласының ең қымбат болашағы – балаға деген тым
ыстық сүйіспеншілігін көрсетті[3;184].
Г.И.Песталоцци бала дамуындағы тәрбие жұмыстарының ролін жоғары
бағалап, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастыру
қажеттігін атап көрсеткен. Тәрбиенің міндеті – адамның барлық табиғи
күштерін, қабілетін дамытуда дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған
тәрбие ғана баланың жан-жақты дамуына негіз болады деп көрсетті. Оның
көзқарасының құнды жақтары –гуманизм, демократиялық талаптар[3;187].
И.Гербарт пікірлерінде тәрбиелеуді басқару, оқыту, адамгершілікке
тәрбиелеу арқылы шешуге болады деген. Соның ішінде балаңыз өз әрекетін
түсінбейтін кезеңінде оны тәрбиелемей, бағындырып басқару керек деген
пікіріне қосыла алмаймыз. Мектепте тәртіп ережесін бұзған оқушылар үшін
айып кітабын тәрбиелеу тәсілі ретінде қолданған. Оның бұл көзқарасы бүгінге
дейін қалыптасқан ғылыми ой – пікірлерімен қарама – қайшы келеді.
И.Гербарт бала еңбектенсін – деген ұсыныс жасады. Ол балалар
қоғамдастығын ұйымдастырып, оны үлкен еңбек ұжымына дейін көтеру
қажеттілігін ұсынды. Тәрбие –тәрбиеленушілердің қалыптасуының қайнар көзі,
негізі болуын талап етті. Оның бұл пікірі қазіргі педагогикалық ой-
пікірлермен сәйкес келеді[3;192].
К.А.Гельвеций пікірінше: Тәрбие, ең бастысы біздің жүрегіміз шашқан
жылуын жеткізе білсе, ол қоғамға және жеке тұлғалар үшін пайдалы да,
күнделікті әдетпен дағдыға айналар еді. Менің барлық өмірім сол , ол
–дәлірек айтсам, ұзақ ғұмырлы тәрбие - деп тәрбиенің толастамайтын ұзақ
процесс екендігіне тоқталды[3;193].
А.Дистервек өз шығамаларында Адам алған тәрбие, өз мақсатына сонда
ғана жетеді және біткен болып есептеледі, оның күшін және еркін билеп, өзі
әрі қарайғы өмірінде туындатып, жаңартып жинай білсе және оның әдісімен
құралын меңгере білсе, осылай айнала ортамае қарым-қатынас жасай білсе,
міне тәрбие күші осында деген пікір білдірді[3;194].
В.Г.Белинский өз еңбектерінде тәрбиенің адамды қалыптастырудағы
рөлін: Тәрбие аса маңызды, тамаша іс: ол адамның тағдырын шешеді. Жас
ұрпақ қазіргі шақтың жемісіне қонақ және де келешектің қожасы -деп жоғары
бағалайды[3;219].
В.Г. Белинский Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі дегенде бала
тәрбиесіне ерекше мән беріп, тәрбиенің арқасында болашақ азамат тағдырының
негізгі мәселесі шешілетінін білгірлікпен дөп басып айтқан. Бала тәрбиесі
қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Дегенмен, бастауыш сынып жасы
тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ. Сондықтан осы уақытта жас
жеткіншектерге отбасында тәрбиеге көп көңіл бөлудің маңызы зор
К. Д. Ушинский кезінде ересектер назарын мынадай бір нәрсеге аударды:
егер жас ағаштың жіп – жіңішке бұтағында торғай отырса, бұтақ өзінің өсу
бағытын өзгертеді. Бала да сол сияқты: ол өз жан дүниесінің даму бағытын
өзгерте салуы үшін онша көп нәрсе керек емес. Тәрбиеде барлығы да
тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге
әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес екендігін
өз еңбектерінде ашып көрсетті[3;243].
Қазір күнде отбасы тәрбиесінде ата – аналар және қалың бұқара
арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте
зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде тиімді әсер етеді.
Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата –аналарды педагогикалық минимуммен
қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Н.К.Крупская үлкендер тәрбиесін насихаттау, тәрбиенің ұрпақтан
ұрпаққа жалғасуы тарихи дамудың негізі –деген қағиданы көтерді, оны
тәрбиенің арқауы етті [3;255].
А.С.Макаренко көп балалы еңбекқор отбасындағы тәрбие - бала дамуының
жағымды ортасы, ондай ортада бала жақсы дамиды дейді. Ол өзінің Ұстаздық
дастан, Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында, Ата-аналар кітабы,
Жазалау және ықпал жасау шаралары, Коллективтегі қатынас, стиль, сыңай
еңбектерінде бала тәрбиесі жөніндегі педагогикалық тәжірибесін ортаға
салып, ата-аналардың баланы тәрбиелеудегі міндеттерін үнемі есте ұстауын,
өз баласының ерекшелігін ескере отырып тәрбиелеуін айрыкша бағалады. Ол
Баланы жас кезінде, әсіресе бес жасқа дейін тәрбиелей білу керек. Оның
келешекте қандай адам болуы, ең алдымен бес жасқа дейін дұрыс тәрбие бере
алмасаңыз, кейін оны қайта тәрбиелеуге тура келеді. Ал қайта тәрбиелеу -
өте қиын іс. Баланы дұрыс тәрбиелесек, қартайғанда өміріміз бақытты болмақ,
жаман тәрбиелесек зор қайғыға ұшырап, үлкен бақытсыздыққа тап болғанымыз.
Жаман тәрбиеленген бала – басқа адамдар алдында, бүкіл еліміз алдында
жасаған үлкен кінәміз - деп атап көрсеткен. Семья - өте үлкен және аса
жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз
бақыты және балалары алдында жауап береді, деді А.С.Макаренко [3; 267.].
А.С.Макаренконың педагогикалық идеялары мен отбасы тәрбиесіндегі
тамаша құнды тәжірибелерін біздің халқымыз өте жоғары бағалайды. Оның
идеялары бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
В.А.Сухомлинский отбасы тәрбиесінде халықтық педагогиканың үлгісіне
сүйенді.
Көрнекті орыс жазушысы М.Е.Салтыков-Шедрин: Адам баласының басына
түсетін барлық бақытсыздықтың ішінде отбасының қайғысынан қатерлісі, ауыры
жоқ. Ол көзге көріне бермейді, қайта өзінің қасіретін жұрттан жасыруға
тырысады, оның елеусіз қала беретіні де сондықтан. Адамды бірден
өлтірмегенімен, тіршілігінің әрбір қас-қағым бөлшегін мысқылдап улап,
ақырында өмір сүру қабілетінен айыратын осы бір кішігірім көрінетін наза-
наланың, осы бір арылмас азаптың еңсені басатын тауқыметін түсіну үшін
адамның өзі оны бастан кешуі керек, - деген.
Орыстың ұлы ағартушысы М.Горкийдың пікірінше: Жаңа өмірдің
негізін қалаған ата-аналардан гөрі олардың балалары әлдеқайда мәдениетті,
әлдеқайда белсенді болуға тиіс, - деген екен.
Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына. Қазақ топырағында ағартушылық
идеяның туын алғаш көтерген Ш.Уәлиханов озық идеямен нәрленген мұғалімдер
жас буындарды қоғамдағы зұлымдық атаулымен күресе алатын, адамгершілігі мол
жеке мақсатын халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогресситті
көзқарасы бар адам етіп тәрбиелеуді талап етті [16]
Дарынды жазушы тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам
қайраткері, аса талантты ағартушы- педагог Ы.Алтынсарин өзінің саналы
өмірін ағартушылық және оқытушылық жолына жұмсаған.
Ыбырай қазақ отбасының жақсы дәстүрін жоғары бағалайды, ата-ананың
балаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін, ата-анаға баланың борыштылығын
Ананың сүті атты еңбегінде толық сеніммен баяндайды [17].
Абай Құнанбаев: Балаға үш мінез түрлі адамнан жұғады,оның біріншісі
ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан, деген екен. Қай бала
болса да құрбысы мен ұстазынан гөрі жанұясында көбірек болатындықтан ата-
анасынан үйдегі өнегесі, мәдениеті мен ішкі жан дүниесі балаға көбірек
ықпал ететіні белгілі [10]
Жақсы қасиет пен жаман қасиетті бала басқа жақтан алмайды, көбіне ол
отбасында көргенін қайталайды. Ата- ана – жанұя жүрегі. Олар өнегелі
ісімен, ар тазалығымен бала болашағын қалыптастырады.
Отбасы қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттыратын негізгі құралдың
бірі-оның мүшелерінің пікір алмасуы. Бұл отбасы мүшелерінің көрген-білгені,
басынан өткізген сырымен бөлісуі. Сол арқылы олардың арасында қарым-қатынас
орнайды, өйткені, пікір алмасу барысыңда бірін-бірі таниды. Одан туындаған
қанағаттану, қуаныш, таңдану сезімдері танымды әсер қалдыруымен құңды. Бала
үшін отбасы бір жағынан-тіршіліктегі қорғаны болса, екінші жағынан-
тәрбиелік орта. Баланың алғашкы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа
жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, -
қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да және әдеп пен өнер
кілті де.
Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезов былай деген екен: Адам
баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі-өнеге,
білетіндігінен. Көпшілікті адамшылдыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап
тәрбиелеу қажет. Ал, осы жас буынды тәрбиелеуді отбасынан бастап және
мектептегі тәрбиемен ұштастыра отырып ғұлама даналар айтқандай, қандай
қасиеттердің қажет екенін балаға дер кезінде сіңіруіміз керек [18].
М.Жұмабаев ата-ананың әділдігімен, адамгершілік парасаттылығымен
тәрбиеленген, ұстаздар А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлынан дәріс алып, олардан
үлгі-өнеге алған ағартушы, әрі педагог болған.
М. Жұмабаев тәрбие түрлерін төртке бөліп қарастырады. Олар: дене
тәрбиесі, жан тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, әсемдік пен құлық тәрбиесі. Автор
олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын түсіндіре келіп, ата-аналарға
жоғарыда аталған тәрбие түрлерін берсін деп ата-аналарға талап қояды.
Өткен ғасырдың орта тұсында ұлттық өркениет қорына елеулі үлес қосқан ұлт
тәлімінің жаршысы – Д. Бабатайұлы ата-ананың, көпті көрген даналардың ақыл-
кеңестері жас буын тәрбиесінде таптырмайтын құрал екендігін баса көрсетеді:
Ата-ананың ақылы сызылған қара жолмен тең, жақсылардың ақылы гауһар шырақ
шаммен тең. Ол жастарға ата-анаңды, үлкендерді тыңдап, дана қариялардың
ақылын алсаң жақсы азамат болып өсесің, олардың ақыл-кеңесі әр уақытта
алдыңда шырақтай жарқырап жанып, жол көрсетіп тұрады, қисық-қыңыр мінезді
бойыңа дарытпауға, теріс жолға түспеуіңе жағдай жасайды дейді.
Қазақтың көрнекті жазушысы, психолог, ағартушы-педагог Жүсіпбек
Аймауытов уақыт талабына сай халқымыздың тыныс-тіршілігіне негізделген
тәлім-тәрбиелік мәні зор ғылыми педагогикалық еңбектер жазып қалдырған.Ол
ұлттың, ұрпақтың ұлы байлықтарының бірі – бала ата-ана тәрбиесімен, іс-
әрекеттерімен, дәстүр өнегелерімен табиғи байланыста тәрбиелену қажеттігін
өзінің Тәрбиеге жетекші, Психология, Жан жүйесі және өнер таңдау атты
көлемді еңбектерінде баяндаған[19,20,21].
Ж. Аймауытов Тәрбиеге жетекші атты мақаласы бірнеше маңызды
қырларымен назар аудартады. Олар отбасында: тәрбие мақсатын айқындаудан;
тәрбие туралы ойшылдар пікірлерін назарда ұстаудан; тәрбие шарттарына көңіл
бөлуден; тәрбие маңызын арттырудан тұрады. Сондықтан мақала түйінінде
айтылғандай: .Ақылды адам көбейсе Отанның күзетшісі, қорғаны тәрбиешіге
Отанның келешек өмірін тапсырған болды - дейді[19].
Ең негізгісі, әрбір отбасы шаңырақтағы балаларды - өмір жалғасы,
қоғам тірегі, ұлт болашағы деп танып, оларға деген берік сенім мен оң
көзқарасты жоғалтпауға, төмендетпеуге тиіс деп санаймыз. Ж.Аймауытовтың
бала мен отбасы, ой-пікірлерін бәсекеге қабілетті жан-жақты үйлесімді тұлға
тәрбиелеуде отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекетінде басшылыққа алу
өзектіліктен түспейді.
Қазақ халқының отбасылық тәрбиесін зерттеу қажеттігін ең алғаш
көтерген академик М.Ғабдуллин. Ол өзінің Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес
атты еңбегінде қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-
жақты түрде қарастыру-өз алдына зерттелген мәселе деп келіп: Ертедегі ата-
аналар өздерінің балаларын жастайынан еңбекке баулып тәрбиелегенде, олардың
еңбек сүйгіш, еңбекқор және тұрмыс-тіршілікке икемді, қолынан іс келетін ер-
азамат болуын көздеген дейді [22].
К.Оразбекованың Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын
қоғамдық тәрбиемен ұштасу деген анықтамасымен келісе отырып, біз Қазақ
отбасылық тәрбиесі – нақты бір жанұяда ата-аналар мен туыстардың ұлттық
рухани дәстүрлер мен құндылықтар арқылы балаларға беретін ұлттық тәрбие
жүйесі деп санаймыз[13].
Шарафадин А.А. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын
арттырудың педагогикалық шарттары атты ғылыми еңбегінде отбасы
тәрбиесінің педагогикалық шарттары дегеніміз балаға тәрбиелік ықпал ету
үшін ата-ананы және басқада отбасы мүшелері тарапынан жасалған жағымды
жағдай - деп анықтама береді.
Отбасында балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу проблемасы бойынша
Ж.Қоянбаевтың, Қ.Жақыповтың, Ж.Байжанованың ғана еңбектері жарық көрген.
Ж.Б.Қоянбаевтың Основные пути интенсификаций процеса воспитания
детей в семье атты құралында дамыған қоғамда отбасында баланы тәрбиелеу,
отбасы-алғашқы тәрбиелік ұжымы, отбасының тұрақтандыру – балаларды тиімді
тәрбиелеудің қажетті шарты, отбасында балаларды тәрбиелеуді жетілдірудің
қажетті шарты – ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру екендігі,
жас ұрпаққа тәрбие берудегі мектептің, отбасының және жұртшылықтың бірлігі,
отбасылық тәрбие мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарына талдау
берілген[23].
Сондай-ақ Ж.Қоянбаевтың Семья және балалар мен жеткіншектер
тәрбиесі атты оқу құралында отбасындағы тәрбие мен жас ұрпақты оқыту
мәселелерінде мектептің, отбасының, еңбек ұжымының мақсаты мен міндеттері
сөз болады[24].
Есім Ұ.Ә.Қазақ отбасында халықтың педагогикалық құралдары арқылы
мектеп жасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары атты
еңбегінде: жанұяның әсері басқа тәрбие ықпалдарының бәрінен де күшті,
себебі жанұяда өз елінің патриотын тәрбиелеу, мемлекет заңдарын мойындап,
құқыктарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін дамыту мүмкіндіктері
шексіз, отбасының болашақ мамандығын таңдауға да тигізер әсері орасан
зор, - деп жанұядағы тәрбиеге ерекше мән береді.
С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі атты
көмекші құралының Бала тәрбиелеудегі отбасының ролі бөлімінде Баланы жан-
жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеуде отбасы басты рол атқарады. Халықтық
педагогика – отбасындағы тәрбиенің негізі. Адамның жеке басының мінез-
құлқын қалыптастыруда, оның бойына жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңіруде
отбасының атқаратын қызметі ерекше деп, қазақ халқының педагогикасының
атбасылық тәрбиедегі маңызын ерекше көрсеткен. Сондай-ақ автор бала
тәрбиесіндегі ана мен әкенің, атасы мен әжесінің ролдері, отбасындағы қыз
және ұл бала тәрбиесі, келін тәрбиесінің ауыз әдебиетіндегі көрінісіне
нақты мысалдар келтірген[25].
С.Қалиев Қазақ этноакдагогикасынң теориялық негіздері мен тарихы
еңбегінде: Адамның бір этносқа тән қасиеті оның бойына сәби кезінен бастап
ата-ананың қарым-қатынасы, мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы дарып
қалыптасады, - деген. Демек бала бойындағы жақсы қасиеттерді жан-жақты
дамытып, саналы, жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін
жұмыстардың қай-қайсысында болмасын отбасының орны зор екені анықтала
түседі [26].
Қ.Жақыповтың Баланы семьяда тәрбиелеу атты еңбегінде ата-ана мен
бала арасында қарым-қатынасты қалай реттеуге, баламен қалай тіл табысуға
және оны ата-ана тарапынан бақылаудың маңызы мен тәрбиенің кейбір
ерекшеліктеріне тоқталған[27].
И.Р.Халитова Отбасындағы тәрбие бір жақты емес, жан-жақты, әртарапты
ерекшелігі бар, өсу, даму процесі бар педагогикалық мәселе деп, отбасы
тәрбиесі –маңызды мәселе екендігін дәлелдеп, баланы оқытуда үй тапсырмасын
орындауын бақылау және еңбекке дағдыландыру, өйткені еңбек - өмір көркі,
қиын балаларды тәрбиелеу және бақылау, баланың бос уақытын бақылау және
ересек адамдардың, әсіресе ата-ананың бала тәрбиелеудегі ролі, балаға сенім
көрсету арқылы тәрбиелеу қажеттігі нақты мысалдар келтіру арқылы сөз
болады[28].
. Т.Қоңыратпаева диссертациясында кәсіпке үйретудің басты ерекшеліктері
қазақ отбасыңдағы тәрбие әдістеріне негізделе отырып анықталады. Қазақтың
отбасындағы бала тәрбиесі, біріншіден, тәрбиешінің балаға айтар ақыл-
кеңесі, жеке басы өнегесімен ұштасып отырған; екіншіден, үлкендердің
тарапынан бақылауда болған; үшіншіден, жыныс, жас ерекшілігі, икемі
ескерілген; төртіншіден, балаға сенім артып, шарт койып, талаптарды бірте-
бірте күрделендіріп отыру арқылы сынақтан өткізілуімен ерекшеленеді.
Отбасында баланың шамасына, мүмкіндігіне, қабылдауына қарай тәлім-тәрбие
берілген.
Ж..Байжанованың Семья бақыты атты кітабында қоғамымыздың болашақ
азаматтары, бүгінгі балалар – ертеңгі аналар мен әкелер тәрбиелеудегі
отбасының ролі, олардың өз отауларын берік құруына қажетті мәселелер сөз
болады. Әсіресе автор бала тәрбиесіндегі ананың ролі туралы ерекше
әңгімелейді[14].
М.Жұмабаев ата-ананың әділдігімен, адамгершілік парасаттылығымен
тәрбиеленген, ұстаздар А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлынан дәріс алып, олардан
үлгі-өнеге алған ағартушы, әрі педагог болған.
М. Жұмабаев тәрбие түрлерін төртке бөліп қарастырады. Олар: дене
тәрбиесі, жан тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, әсемдік пен құлық тәрбиесі. Автор
олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын түсіндіре келіп, ата-аналарға
жоғарыда аталған тәрбие түрлерін берсін деп ата-аналарға талап қояды.
Өткен ғасырдың орта тұсында ұлттық өркениет қорына елеулі үлес қосқан ұлт
тәлімінің жаршысы – Д. Бабатайұлы ата-ананың, көпті көрген даналардың ақыл-
кеңестері жас буын тәрбиесінде таптырмайтын құрал екендігін баса көрсетеді:
Ата-ананың ақылы сызылған қара жолмен тең, жақсылардың ақылы гауһар шырақ
шаммен тең. Ол жастарға ата-анаңды, үлкендерді тыңдап, дана қариялардың
ақылын алсаң жақсы азамат болып өсесің, олардың ақыл-кеңесі әр уақытта
алдыңда шырақтай жарқырап жанып, жол көрсетіп тұрады, қисық-қыңыр мінезді
бойыңа дарытпауға, теріс жолға түспеуіңе жағдай жасайды дейді.
Қазақтың көрнекті жазушысы, психолог, ағартушы-педагог Жүсіпбек
Аймауытов уақыт талабына сай халқымыздың тыныс-тіршілігіне негізделген
тәлім-тәрбиелік мәні зор ғылыми педагогикалық еңбектер жазып қалдырған.Ол
ұлттың, ұрпақтың ұлы байлықтарының бірі – бала ата-ана тәрбиесімен, іс-
әрекеттерімен, дәстүр өнегелерімен табиғи байланыста тәрбиелену қажеттігін
өзінің Тәрбиеге жетекші, Психология, Жан жүйесі және өнер таңдау атты
көлемді еңбектерінде баяндаған[19,20,21].
Ж. Аймауытов Тәрбиеге жетекші атты мақаласы бірнеше маңызды
қырларымен назар аудартады. Олар отбасында: тәрбие мақсатын айқындаудан;
тәрбие туралы ойшылдар пікірлерін назарда ұстаудан; тәрбие шарттарына көңіл
бөлуден; тәрбие маңызын арттырудан тұрады. Сондықтан мақала түйінінде
айтылғандай: .Ақылды адам көбейсе Отанның күзетшісі, қорғаны тәрбиешіге
Отанның келешек өмірін тапсырған болды - дейді[19].
Ең негізгісі, әрбір отбасы шаңырақтағы балаларды - өмір жалғасы,
қоғам тірегі, ұлт болашағы деп танып, оларға деген берік сенім мен оң
көзқарасты жоғалтпауға, төмендетпеуге тиіс деп санаймыз. Ж.Аймауытовтың
бала мен отбасы, ой-пікірлерін бәсекеге қабілетті жан-жақты үйлесімді тұлға
тәрбиелеуде отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекетінде басшылыққа алу
өзектіліктен түспейді.
Қазақ халқының отбасылық тәрбиесін зерттеу қажеттігін ең алғаш
көтерген академик М.Ғабдуллин. Ол өзінің Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес
атты еңбегінде қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-
жақты түрде қарастыру-өз алдына зерттелген мәселе деп келіп: Ертедегі ата-
аналар өздерінің балаларын жастайынан еңбекке баулып тәрбиелегенде, олардың
еңбек сүйгіш, еңбекқор және тұрмыс-тіршілікке икемді, қолынан іс келетін ер-
азамат болуын көздеген дейді [22].
К.Оразбекованың Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын
қоғамдық тәрбиемен ұштасу деген анықтамасымен келісе отырып, біз Қазақ
отбасылық тәрбиесі – нақты бір жанұяда ата-аналар мен туыстардың ұлттық
рухани дәстүрлер мен құндылықтар арқылы балаларға беретін ұлттық тәрбие
жүйесі деп санаймыз[13].
Шарафадин А.А. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын
арттырудың педагогикалық шарттары атты ғылыми еңбегінде отбасы
тәрбиесінің педагогикалық шарттары дегеніміз балаға тәрбиелік ықпал ету
үшін ата-ананы және басқада отбасы мүшелері тарапынан жасалған жағымды
жағдай - деп анықтама береді.
Отбасында балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу проблемасы бойынша
Ж.Қоянбаевтың, Қ.Жақыповтың, Ж.Байжанованың ғана еңбектері жарық көрген.
Ж.Б.Қоянбаевтың Основные пути интенсификаций процеса воспитания
детей в семье атты құралында дамыған қоғамда отбасында баланы тәрбиелеу,
отбасы-алғашқы тәрбиелік ұжымы, отбасының тұрақтандыру – балаларды тиімді
тәрбиелеудің қажетті шарты, отбасында балаларды тәрбиелеуді жетілдірудің
қажетті шарты – ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру екендігі,
жас ұрпаққа тәрбие берудегі мектептің, отбасының және жұртшылықтың бірлігі,
отбасылық тәрбие мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарына талдау
берілген[23].
Сондай-ақ Ж.Қоянбаевтың Семья және балалар мен жеткіншектер
тәрбиесі атты оқу құралында отбасындағы тәрбие мен жас ұрпақты оқыту
мәселелерінде мектептің, отбасының, еңбек ұжымының мақсаты мен міндеттері
сөз болады[24].
Есім Ұ.Ә.Қазақ отбасында халықтың педагогикалық құралдары арқылы
мектеп жасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары атты
еңбегінде: жанұяның әсері басқа тәрбие ықпалдарының бәрінен де күшті,
себебі жанұяда өз елінің патриотын тәрбиелеу, мемлекет заңдарын мойындап,
құқыктарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін дамыту мүмкіндіктері
шексіз, отбасының болашақ мамандығын таңдауға да тигізер әсері орасан
зор, - деп жанұядағы тәрбиеге ерекше мән береді.
С.Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі атты
көмекші құралының Бала тәрбиелеудегі отбасының ролі бөлімінде Баланы жан-
жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеуде отбасы басты рол атқарады. Халықтық
педагогика – отбасындағы тәрбиенің негізі. Адамның жеке басының мінез-
құлқын қалыптастыруда, оның бойына жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңіруде
отбасының атқаратын қызметі ерекше деп, қазақ халқының педагогикасының
атбасылық тәрбиедегі маңызын ерекше көрсеткен. Сондай-ақ автор бала
тәрбиесіндегі ана мен әкенің, атасы мен әжесінің ролдері, отбасындағы қыз
және ұл бала тәрбиесі, келін тәрбиесінің ауыз әдебиетіндегі көрінісіне
нақты мысалдар келтірген[25].
С.Қалиев Қазақ этноакдагогикасынң теориялық негіздері мен тарихы
еңбегінде: Адамның бір этносқа тән қасиеті оның бойына сәби кезінен бастап
ата-ананың қарым-қатынасы, мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы дарып
қалыптасады, - деген. Демек бала бойындағы жақсы қасиеттерді жан-жақты
дамытып, саналы, жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін
жұмыстардың қай-қайсысында болмасын отбасының орны зор екені анықтала
түседі [26].
Қ.Жақыповтың Баланы семьяда тәрбиелеу атты еңбегінде ата-ана мен
бала арасында қарым-қатынасты қалай реттеуге, баламен қалай тіл табысуға
және оны ата-ана тарапынан бақылаудың маңызы мен тәрбиенің кейбір
ерекшеліктеріне тоқталған[27].
И.Р.Халитова Отбасындағы тәрбие бір жақты емес, жан-жақты, әртарапты
ерекшелігі бар, өсу, даму процесі бар педагогикалық мәселе деп, отбасы
тәрбиесі –маңызды мәселе екендігін дәлелдеп, баланы оқытуда үй тапсырмасын
орындауын бақылау және еңбекке дағдыландыру, өйткені еңбек - өмір көркі,
қиын балаларды тәрбиелеу және бақылау, баланың бос уақытын бақылау және
ересек адамдардың, әсіресе ата-ананың бала тәрбиелеудегі ролі, балаға сенім
көрсету арқылы тәрбиелеу қажеттігі нақты мысалдар келтіру арқылы сөз
болады[28].
. Т.Қоңыратпаева диссертациясында кәсіпке үйретудің басты ерекшеліктері
қазақ отбасыңдағы тәрбие әдістеріне негізделе отырып анықталады. Қазақтың
отбасындағы бала тәрбиесі, біріншіден, тәрбиешінің балаға айтар ақыл-
кеңесі, жеке басы өнегесімен ұштасып отырған; екіншіден, үлкендердің
тарапынан бақылауда болған; үшіншіден, жыныс, жас ерекшілігі, икемі
ескерілген; төртіншіден, балаға сенім артып, шарт койып, талаптарды бірте-
бірте күрделендіріп отыру арқылы сынақтан өткізілуімен ерекшеленеді.
Отбасында баланың шамасына, мүмкіндігіне, қабылдауына қарай тәлім-тәрбие
берілген.
Ж..Байжанованың Семья бақыты атты кітабында қоғамымыздың болашақ
азаматтары, бүгінгі балалар – ертеңгі аналар мен әкелер тәрбиелеудегі
отбасының ролі, олардың өз отауларын берік құруына қажетті мәселелер сөз
болады. Әсіресе автор бала тәрбиесіндегі ананың ролі туралы ерекше
әңгімелейді[14].
Кітаптың бірінші тарауы Қызым саған айтам... деп аталып, онда
отбасы сәні – силастық, балалы үй-базар, қыз-өмірдің қызғалдағы; екінші
тарауда ұл баланың дүниеге келуі, оқушы болуы, студент болуы, отау иесі-әке
болуында отбасындағы тәлім-тәрбие; үшінші тарауында отбасының алтын қазығы
бола білген аналардың балаға тәрбие берудегі ролі, келін тәрбиесі туралы
мәселелер өмірден алынған мысалдар негізінде баяндалған [14;561]
Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы әрбір
мүшенің өзін-өзі сыйлау қажеттілігінен туындайды. Отбасында адамның жеке
басының қасиеті қалыптасады. Ол белгілі дәстүрдің, жағымды өнегелердің,
мұралардың сақтаушысы.
Капенова А. Ә: Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың
қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру тақырыбына дайындаған дисертация
жұмысында төмендегідей мәселе қарастырылады:
- дисертация тақырыбына сай ұғымдардың мәнін ашып, олардың құрылымы мен
қызметтерін анықтайды,
- алғаш рет қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың
айналасындағы адамдармен қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми
тұрғыда жүйеге келтірген.
- Бес алты жасар балалардың ата – аналармен қатынас мәдениетінің
қалыптасу өлшемдерін, көрсеткіштерін жасаған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында 27-бабында балаларға
қамқорлық жасау және оларды қорғау, тәрбиелеу ата-ананың міндеттері екені
айтылған.[1].
Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын
және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі. Сондай-ақ Білім туралы
Қазақстан Республикасының Заңының 49-шы бабында Ата-аналар, заңды өкілдер
баланың тілегін, бейімділігін, ерекшеліктерін ескеріп, білім беру ұйымын
таңдауға, білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, өз
балаларының үлгеріміне, мінез-құлкына, үлгіріміне қатысты ақпарат алуға,
балаларына психологиялық-педагогикалық көмек алуға құқығы бар. Ата-аналар
балаларына өмірі мен оқуы үшін салауатты, қауіпсіз жағдайлар жасауға, ой-
өрісі мен дене күшін дамыту, рухани-адамгершілік тұрғысынан қалыптасуын
қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балаларының
сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті, - деп ата-аналарға үлкен
жауапкершілік жүктеген.

I.2 Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі отбасының рөлі

Отбасы – тәрбиенің негізі. Бала тәрбиені ең алғашқы отбасынан алады.
Отбасы деген сөз әлеуметтік өмірімізде ертеден орын алса да, семья ,
жанұя , үйелмен деген сөздер оның орнын алмастырып жүр. Өйткені,
олардың түпкі мағынасы - әке мен шешенің және қандас адамдардың тіршілік
ету кезіндегі бірлігі, одағы. Әйтсе де отбасы деген түсінігінің өзіндік
ерекшелігі бар. Себебі, адам өмірінде қажеттілігіне байланысты от жақты,
үй салды, жанұя құрды, бала сүйіп, өмірлерін жалғастырды. Олай болса ,
жанұя сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Соған
орай соңғы жылдарда жарық көрген еңбектерден жанұя , үйелмен деген
ұғымдар орын алған. Жанұя тәрбиесі – барлық тәрбие салаларының ішіндегі ең
негізгісі. Себебі баланың өмірге келген кезінен бастап, есейгенге дейінгі
уақыттарда болашағына негіз болатын тәрбие. Ол жанұя мүшелері арқылы
беріледі. Олар баланы ата -әжелеріміздің өміріндегі еңбек және қоғамдық
әрекеттердің барысында ғасырлар бойы жинақтаған өмірлерінен өнеге алып, оны
құрметтеуге, жаманнан үйреніп, жақсыға ұмтылуға,айналадағы қоршаған
ортасымен қарым – қатынас жасауға, баланы өз бетімен тіршілік етуге
бейімдеп отырған.
А.С.Макаренко: жанұя тәрбиесінде балаға неғұрлым көп талап қойса, ол
адамгершілігі жағынан толыға беруге тиіс, сондықтан талап шалағай болмай ,
белгілі мақсатқа жеткенше қойылуы керек., - деді[30].
Н.К.Крупская: Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс
халықтарынан үйренсін , - деп орынды айтқан. [31].
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын, бірлесіп әлеуметтік
тұрмыста өмір сүретін адамдар.Отбасы шын мәнінде тату – тәтті болса, одан
рухани адамгершілік, қайырымдылық көрінісі туады.
Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбекке, адамдар арасында өмір
сүре білуге үйрету. Ал даналар сөзі ұрпақ үшін тек танымдық дүние ғана
емес, ол ата – аналар үшін де ақсап, сусап оқитын тәлімдік, тәрбиелік
өнеге.
Бабаларымыз отбасында бала көп болса, адамның өрісі ұзарады, олжа да,
кіріс те мол болады деп, сол кезде-ақ көргендікпен тұжырымдай білген.
Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру
парыз деген.
1)Зерде – зейін, 2)Өнер - өріс, 3)Тапқырлық, талап, ерлік, 4)Жігер – күш.
5)Қайрат – қару, 6)Білім. Осы алты қасиетпен бірге 1) елімен туған – туыс,
жұрағат – жекжат, дос – жолдасқа адал болу; 2) өте әділетті болу; 3)
шындықты тура бетке айту сияқты үш асыл мінезді атап көрсеткен.
Қазіргі қоғамдық дамудың кезеңдеріне байланысты туындап жатқан мәселелер,
еліміздегі әлеуметтік – экономикалық түбегейлі өзгерістер, саяси – рухани
саладағы жаңарулар жалпы педагогика ғылымының күрделі бөлімі: отбасы
педагогикасының алдына жаңа міндеттерді жүктеп отыр. Бұл жағдайда
мектептегі тәрбие үрдісінің нәтижесі барлық тәрбие ұстанымдарының негізінде
педагогикалық ықпалдың және отбасының бір-бірімен байланыстылығы әрі
сабақтастылығы арқылы ғана іске асырылады.
Қазіргі XXI ғасырдағы қазақ отбасының негізгі міндеті – қоғамдық, топтық
және жеке қажеттілікті қанағаттандыру. Бұл ғасырды тәуелсіз болып аттаған
Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік ұясы болғандықтан, отбасы бірнеше маңызды
талаптарды орындауды мойнына алады. Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшелерінің
ортақ мүддесін басты міндет етеді. Патриархалды отбасы алғашында ежелгі
гректер отбасында, соңынан римдік отбасы түрінде қалыптасты. Римше отбасы –
familia, семья рабов – құлдар отбасы деген мағынаға ие. Сондықтан болар,
гендерлік саясатты насихаттаушылар арасында отбасын басқарушы әкеден
басқасы құл ретінде саналды деген түсінік бар. Алайда, оны басқаша да
түсінуге болады. Адам баласы өздерін жаратушының құлымыз деп түсінгендіктен
де осындай атауды лайық көруі мүмкін. Сондықтан да бұл атау отбасының
патриархалды немесе матриархалды екендігіне қатысты емес деген пікір қосуға
болады. Адам баласының қалауынша отбасын құрып ұрпақ таратуы, бірлесіп
қалыптасқан өмір салтымен ғұмыр кешуі, ғасырдан ғасырға мирас болған –
этномәдениет негізі. Адамзатқа этномәдени құндылық болып саналған отбасылық
өмірдің қазақ ұлты үшін де мақсат-мүддесі ерекше.
Отбасын құрудың әлеуметтік негіздері бар, яғни, әлеуметтік қажеттіліктер
тұрмыс құрып-үйленуге, отбасын құруға итермелейді. Бұл қажеттіліктер
төмендегіше:
- ұрпақ тарату үшін;
- ата – анаңды бағу үшін;
- махаббат пен сүйіспеншілік;
- бөлек өмір сүру үшін;
- мұрагерлікке ие болу үшін;
- қамқорлық жасау үшін;
- мүдде көздеп немесе арнайы есеппен;
- басқалардың ықпалымен;
- өзара түсінісу, ұнату;
- құмарлық, нәпсі жетегінде;
- кездейсоқтық;
- тәуелділік.
Ата – аналарды өз ұрпағын отбасылық өмірге дайындаудағы басты мақсаты
баланың өз отбасына деген қарым-қатынасын қалыптастыру және оның
жауапкершілігі мен тұлғалық маңызын сезіндіру болып табылады.
- А.С.Макаренко өз еңбектерінде тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету,
бұйыру арқылы емес ата-ана өмірдің әр сәтінде, тіпті ата-ана үйде
болмаған кезде де іске асатындығын атап өткен. Тәрбие сіздің қалай
киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не
ойлайтыныңыз, сіздің дос-дұшпандарыңызбен қалай қарым-қатынас
жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс-
әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің
өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне
беймәләм жолмен келіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал отбасында сіз
дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға
жаман тәрбие бересіз.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін
құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-
қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып
отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан
дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен
қалыптастырған. Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық
көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген
сенімін қалыптастырып отырған. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай
дейді: Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, арпа ек, он жылдық өміріңді
ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле .
Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік,
рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы түсініктерді ана
тілі арқылы халықтың мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі
ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп,
терең меңгерсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына,
балаған. Сондықтан да халқымыз Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар ,
Босағасын алтыннан соқсаң да, перзент сүймей, адамның мейірі қанбас,
Ақыл – тойға келген қыз емес пе, айлық қолға ұстаған мұз емес пе деп
барлық асыл сөздерін арнаған.Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген.
Қазақ отбасы ата – ана, әке – шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрған. Ата
– ана мен әке – шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан
толысып жетілуіне үлкен үлес қосады. Кішкентай сәбилердің үлкендер не айтса
соны айтатыны, не істесе соны істейтінін күнделікті өмірде жиі көріп
жүрміз. Сондықтан да отбасы – баланың бастауыш тәрбие мектебі дегеніміз өте
орынды. Ата-ананың жасөспірімдерді қалыптастырудағы ролі өте зор. Ата-
ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделі жоғары болуы керек.
Кез келген адам ұшқыш немесе ұста бола алмайды. Ал өмірге ұрпақ әкелген соң
өнегегелі отбасын құрып, әке мен ана болу - әрбір адамның міндеті. Ата-
ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты,
үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейірімділік, төзімділік,
балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері
анық. Баланың үйде көргені, ата-анасынан, жақын туыстарынан естігені – ол
үшін тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Тәрбие процесінің сипаттамасы
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жолдары
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
Пәндер