Сөйлеу мәдениеті



1. Сөз мәдениетіне қойылатын талап.
2. Сөз мәдениетінің шарттары
3. Сөйлеу мәдениетіндегі калька мәселесі
4. Көркемдік амалдардың қалыптасуы
5. Тілдегі көркемдік тәсілдер
Қазір өндірісті, оның процестерін, мекеме жұмысын ұйымдастыруда да жеке адам ез тіршілігін құруда болса да көркемдікке, мәдениеттілікке, эстетикалық талғамға қол созады. Бұл - заман белгісі, елімізді экономикалық, әлеуметтік жағынан дамытудың үзбей жүзеге асуының көрінісі.
Халыққа жаппай орта білім беру мақсаты кезектегі іс қатарына енгізілді, мамандық беретін орта және жоғары оқу орындары көбейтіліп, олардың студенттерге білім, тәрбие беру жұмысы жетілдірілуде, еңбектегі жұртшылықтың творчество жолында ізденуіне, өнерін дамытып, көрсетуіне жәрдемші болатын ұйымдар көптеп ашылуда. Интеллигенттік, өнершілдік, мәдениеттілік көптен озық шыққан аз топтың еншісі емес, қалың жұртшылықтың, еңбектің бар саласында жұмыс істеушінің бір-бірінің қолын созса уысына түсетін телі болды. Осы жаппай әлеуметтік ағым қоғамның тіл қолдану тәжірибесіне де әсер етуде. Олай болмауы мүмкін де емес. Пікір алмасу интеллектуалдық процесс. Кісінің ой білдіруінен, сөйлеуінен оның бар рухани сырын, қазынасын байқауға болады. Сондықтан да қоғамдағы тіршілік әрекетіне салмақпен байсалды қарайтын адам сөйлеу мәдениетін ерекше құнттайды.
Тілдің құрылысы қаншалықты күрделі болып, тіл білімінің міндеті қаншалықты қиын болғанмен, сол тілде сөйлеуші жұрттың тілді игеру, жұмсау жағдайы одан өзгеше. Әр кісі өз ана тілін жарық дүниеге келгеннен құлағына құйып, практика жүзінде игереді, оның тіл білуі - практикалық білу. Сондықтан да сөйлеушінің сол тілде сөйлеу дағдысына сүйенеді және тек жеке басының дағдысына емес, коллективтік дағдыға сүйенеді.
1. Е.Сағындықов “Қазақстанның ұлттық ойныдары”.
2. Б.Төтешев “Қазақстанның ұлттық ойындары”

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Сөз мәдениетіне қойылатын талап.
2. Сөз мәдениетінің шарттары
3. Сөйлеу мәдениетіндегі калька мәселесі
4. Көркемдік амалдардың қалыптасуы
5. Тілдегі көркемдік тәсілдер

Қазір өндірісті, оның процестерін, мекеме жұмысын ұйымдастыруда да
жеке адам ез тіршілігін құруда болса да көркемдікке, мәдениеттілікке,
эстетикалық талғамға қол созады. Бұл - заман белгісі, елімізді
экономикалық, әлеуметтік жағынан дамытудың үзбей жүзеге асуының көрінісі.
Халыққа жаппай орта білім беру мақсаты кезектегі іс қатарына
енгізілді, мамандық беретін орта және жоғары оқу орындары көбейтіліп,
олардың студенттерге білім, тәрбие беру жұмысы жетілдірілуде, еңбектегі
жұртшылықтың творчество жолында ізденуіне, өнерін дамытып, көрсетуіне
жәрдемші болатын ұйымдар көптеп ашылуда. Интеллигенттік, өнершілдік,
мәдениеттілік көптен озық шыққан аз топтың еншісі емес, қалың жұртшылықтың,
еңбектің бар саласында жұмыс істеушінің бір-бірінің қолын созса уысына
түсетін телі болды. Осы жаппай әлеуметтік ағым қоғамның тіл қолдану
тәжірибесіне де әсер етуде. Олай болмауы мүмкін де емес. Пікір алмасу
интеллектуалдық процесс. Кісінің ой білдіруінен, сөйлеуінен оның бар рухани
сырын, қазынасын байқауға болады. Сондықтан да қоғамдағы тіршілік әрекетіне
салмақпен байсалды қарайтын адам сөйлеу мәдениетін ерекше құнттайды.
Тілдің құрылысы қаншалықты күрделі болып, тіл білімінің міндеті
қаншалықты қиын болғанмен, сол тілде сөйлеуші жұрттың тілді игеру, жұмсау
жағдайы одан өзгеше. Әр кісі өз ана тілін жарық дүниеге келгеннен құлағына
құйып, практика жүзінде игереді, оның тіл білуі - практикалық білу.
Сондықтан да сөйлеушінің сол тілде сөйлеу дағдысына сүйенеді және тек жеке
басының дағдысына емес, коллективтік дағдыға сүйенеді.

Сөз мәдениеті жетік болсын дегенде, оған қойылатын бірнеше талап бар:
сөз жүйелі, анық, түсінікті айтылуға тиіс; сөз тілдегі орфоэпиялық,
грамматикалық, лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуға тиіс; сөз жағдайы
қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуға тиіс; сөз сөйлесу жағдайына
қарай бейімделуге тиіс. Ең алдымен, бірінші талабымызды айқындап, ашып
алайық. Кісі ой айтқанда оны неден бастап, неден аяқтайтынын, негізгі
пікірін қалай айқын білдіретінін жоспар алады. Бұл - әсіресе келелі іс,
мәселе жөнінен пікір алысқа немесе көпшілік алдына шығып баяндама, лекция
өткізген әңгіме жүргізгенде ескеретін жағдай. Кейде біреулер дайындықсыз
(бұны ғылымда экспромтпен деп атайды), ойша сөйлеп шыққандық
мақтаныш көреді, ерекше шеберлік санайды. Әлбетте, мұндай сөз сәтті
болып шыққанда еркін көсілген шабыттың, творчествоның көрінісі ретінде
ұтымды шығатыны рас. Бірақ ылғи да экспромт сәтті шыға бермейді, көпшілік
алдындағы жауапкершлікке, талапқа сай келе қоймайды. Сөйлеушінің
көңіл күйі немесе аудитория жағдайы мұндайда көп мән алып кетеді.
Сондықтан да жауапты сезінген адам айтатын сөзін алдын ала түйіп ала,
Мұндайды антика дәуірінің атақты сөз шебері Демосфен де ар көрмеген.
Тарихта Мидияға қарсы дау деп аталып, қалған сөзінде Демосфен: Афина
азаматтары, мен алдарыңда айтатын сезімді әлім келгенше құрап, жаттап
алдым. Оны сендерден жасырмаймын деген.
Сонымен, сөйлейтін сөзді жоспарлап, жүйеге келтіріп алу - сөз
мәдениетінің бір шарты.
Адамның әр құбылыс, зат туралы білімінің нақты да анық болуы тиімді.
Өмірдің осы интеллектуалдық талабы мәдениетінен де көрінеді. Әр кісі
бір тақырыпты қозғап өткенде оны ғылымдық негізін біліп сөйлеуге тырысады.
Мәдениетті адамдар қазір киноға, театрға барады, музейге сурет көрмелеріне
қатысады, концерт тыңдайды. Бірақ алған әсерін таратып, жеткізіп айтып беру
әркімнің қолынан келе бермейді. Көпшілік жағдайда кино қызық екен,
көрмедегі суреттер әдемі екен, концерт жақсы екен деумен тынады.
Симфониялық немесе ұлт аспаптары оркестрінің концертін тыңдап, алған
әсерін білдіруді үйренген адам шығармадан жанрын, сазын, қандай музыкалы
аспаптардың қатысатынын, үндердің сырын айтуға машықтанады. Осыны ешкім туа
білмейді, жүре, талап қылып үйренеді (оған үлгі-жетек болатын халық сөзі,
жазушылар сөзі, музыкаға, сурет, сахна өнеріне арналған мақалалар,
еңбектер, солардың таңдауы. Маған Т. Әлімқұловтың домбырашы өнерін
суреттеген мына бір үзіндісі өте ұнады:
Домбыраның құлағы қатты бұралған екен. Дәрменнің байырырғы текірегіне
ырық бермей, басы қатты асаудай алып қаша жөнелді. Әуелінде "Көңіл ашардан"
бастамақ еді, бірақ өзінене де түсініксіз тызалақтаған сары дыбыстар салдыр-
гүлдір еткендей болды. Енді бір жерде жазушы "талмаураған сыбызғының
сыңсуы", "домбыраның бебеуі қосылды" деп сурет келтіреді (Т.Әлімқұлов,
"Сейтек сарыны", "Сары жайлау”).
Осы үзіндіде профессионалдық терминдер жоқ десек те болады. Бірақ
жазушы халық тіліндегі сөздерді орындаушылыққа, үнге байланысты музыкалық
ұғымдарды білдіру үшін шебер қатыстыра білген. Жатық, ұтымды терминдер осы
жолмен жасалады. Біз де өз сөзімізде айтатын ойымызды тиісті терминдерді,
атауларды келтіріп, олар ойға түспегенде, орайлы сөзбен дәл атап сөйлеуіміз
керек.
Сөз мәдениетінің екінші шарты деп оның орфоэпиялық, лексикалық,
грамматикалық нормаларға сай айтылуын атағанбыз. Бұл талап - тілдің
қоғамдық, қатынас құралы болуының басты бір шарты. Тілдегі сөздердің,
барлық грамматикалық формалардың құрылуы, айтылуы, қызметі, жұмсалу
аясы сол тілде сөйлеушілер түгел мойындаған межеге, шартқа бағынады.
Сонда әр тіл даму, қалыптасу үстінде, сөйлеушілердің сол тілді пайдалану
тәжірибесі негізінде, өзіне ыңғайлы норма қалыптастырады. Тілімізге тән
ережені біз бәріміз ұстаймыз. Тілдегі сөздерді, грамматикалық формаларды
қауымның бәрі қабылдап, ұстанған шартты ережеге сай жұмсамасақ, біз
бірімізді-біріміз нақты түсінбеген болар едік, тіл қоғамдық қатынас құралы
ретінде қызмет ете алмас еді.
Тілдегі негізгі лексикалық, грамматикалық амалды жаппай жұмсала
бермейді, сөйлеу тәжірибесінде көп амалдар белгілі стильдік аяға немесе
контекске ыңғайланып жұмсалады. Өзге стильдік аяда немесе контексте сөздер
тобында басқа синонимдес амалдар жұмсалады. Осы пікіріміз түсінікті болу
үшін мынандай мысалды келтірейік. Қазақ тілінде аспан, көк деген екі сөз
синоним ретінде жұмсалады.
Бірақ белгілі бір контекстерде бұларды саралап жұмсау керек болады.
Күлі көкке ұшты, жерден іздеп, көктен іздеп таба алмадым деген тәрізді
экспрессивті сөйлемдерде аспан сөзін қатыстыра алмаймыз Күлі аспанға
ұшты, жерден іздеп аспаннан іздеп таба алмадым деп айтсақ, тілге сақ
қарайтын кісі бізді тіл білмегеннің санына жатқыза салады, әйтпесе “мына
сөзің қазақша емес, қарағым” деп ескертуі де мүскін.
Мәдениетті жұрт, тілін қадірлейтін жұрт осылай істейді де, тілдің
мұндай нәзік жайларын елеусіз қалдырмайды. Шынында да, тілдің сөздік
құрамын, негізгі грамматикалық жүйесін білу - тілді шебер білу емес.
Тілге шеберлік аталғаннан нәзік нормаларды игеруден басталады.
Осындай норма грамматика жүйесінде де бар. Осыған да бір мысал
келтіре кетейік. Қазақ тілінде изафеттік тіркестің үш түрі бар: қой қора,
қой қорасы, қойдың қорасы. Осылардың әрқайсысының ерекше қызметі,
жұмсалатын аясы, ерекшелігі бар. Изафеттік тіркестің жалғаусыз, қабысу
арқылы құралатын түрі айтуға жеңіл, ықшам болғандықтан затты, құбылысты
атау үшін көп пайдаланылады: қой қора, қол сағат, бала жігіт, бал ара т.б.
Біріккен сөзге қосып жүрген көптеген атаулар осы изафеттік тіркестердің
негізінда пайда болған қолғап, белбеу, т.б. Ал изафеттік қалған түрлері
меншіктілік қатынасты білдіру үшін жұмсалады: заводтың маңы, ел аңызы т.б.
Бірақ изафеттік тіркестердің өзара ерекшеліктерін ескере жұмсау ескеріле
бермейді. Және бұл тек ауызекі сөзде ғана емес, газет тілінде де ұшырап
қалатын кемшілік.
Мектепте қазақ тілін оқыған кісі орфографиялық норманың не екенін
білуге тиіс. Бірақ осыны теория жүзінде білеміз де, сөйлеуде, практикада
көп ескере бермейміз. Орфоэпиялық нормалардың бұзылып айтылуына көп себеп
болатын - сөздердің жазылу қалпы. Көп жағдайда, әсіресе кітаптан оқу
үстінде, біз сөздерді жазылуына қарай айтамыз. Орфография сөздің айтылуына
әрқашан дөп келе бермейді. Күрделі сөздерді біз бөліп жазамыз, бірақ
айтуда, дұрысын ұқсақ, тұтастырып айтуға тиісиіз. Сөздегі дауысты, дауыссыз
дыбыстар белгілі бір позицияда тіліміздегі заңдылықтарға сай өзара үндесіп
айтылуға тиіс. Сөйлеуде, кітаптан текст оқуда біз осы тілдік талапты
ескере бермейміз. Бұл кішігірім кемшілік емес. Тілді сүйген, қадірлеген
азаматқа бұлай айту өрескел, қиянат көрінеді. М.О.Әуезов осындайдан заңы
болып өз пьесасының атын орфографиялық ережеден шығарып Қарагөз,
(Қаракөз емес) қалпында жазылуын көптен-көп қалап алғаны мәлім. Осы
тәрізді себеппен - Мұқанов та романның атын "Ботагөз" қалпында жаздырып
жүрді. Бұдан басқа көптеген сөздерді түрліше айтып жүргеніміз тағы бар.
Мысалы: естіді - есітті, тыңлады - тыңдады, балуан — палуан, т.б. Кейде
қала аттарын бұзып Чимкент, Урал деп айтатынымыз тағы бар. Қоғамдық
тіршілігін жүйелі тәртіпке түсірген, мәдениетті жұртқа бұл да үлкен
нұқсан.
Сөйлеу мәдениетін сөз еткенде ерекше ескеретін бір жай бар. Ол -
калька мәселесі. Калька деп тіл білімінде екінші бір грамматикалық,
лексикалық нормасының үлгісімен сөз жұмсауды, сөз тудыруды, сөйлем құрауды
айтады. Тілдер көрші келіп, өзара қарым-қатынасқа түскенде, кальканың
болуы заңды, бұл және тіл байытудың бір көзі екені де анық.
Калька - қай тілде болса да бар нәрсе. Қазақ тілінде бұрын болмаған
көптеген саяси, әлеуметтік терминдер, ғылым, техника атаулары, фразалар,
идиомдар калька амалы арқылы жасалып, тиісті орнын алды. Бірақ кальканы
тілдің қажетіне сай, терминдерді байыту, көркемдік тәсілдерді молайту
тұрғысынан пайдалану бар да, тілдік қатынасқа талғамсыз қарап, сөзді салдыр-
салақ құрай салудан туатын калька бар.
Трамвайда, автобуста, басқа да жерлерде кісі аузынан естіген бір-екі
мысалды келтірейік. Бізге командировкадан келген кісі. Дала жұмысы кең
майданда жүріп жатыр деп елде көргенін айтып жатыр. Осы сияқты мекеме
тәртібіне пысық жігіттің Бастығымның басынан секіріп істей алмаймыз дегені
немесе ренішті кісінің сөзім жселге ұшып кетті дегені, жас ананың сәбиіне
қолыңды аузыңа алма дегендер қазақ тілінің сөз жұмсау ретіне дөп
келмейтіні, тыңдаушыны қиысусыз соз боп көрінетіні аңғарылып тұрады. Бұл
сөздер түгел калька ретімен құрылған.
Сөзге талғамсыздықтың тағы бір көрінісі - екі тілден білетін сөздерді
араластырып сөйлеу. Көрші тілден сөз алмаспайтын тіл болмайды.
Жаңа ұғымдарды атау үшін немесе екінші бір елдің тұрмыс, мәдениет
ерекшеліктерін өз бояуымен білдіру мақсатында сол елдің атауы, сөзі
пайдаланылады. Бірақ бұл саналы талаппен, мұқтажына қарай жасалады.
Тіл адамның ақыл-ойын ғана білдіріп қоймайды, сезімін білдіреді. Кісі
сөйлескенде өз бойындағы әсер-сезімін тыңдаушысы да сезінсе дейді, оны да
еліктіргісі келеді, сөзінің тыңдаушыға сыпайы, жағымды тиюін де
ойластырады. Сондықтан тілде бір ұғымды білдіретін бірнеше сөз,
грамматикалық форма болады. Логикалық ұғымға байланысты негізгі сөзден
бөлек, онымен қатар жұмсалатын экспрессивті, эмоциялы сыңар сөздер болады.
Тілді бай, икемді ететін - осылар. Экспрессивтілікке эмоцияны білдіруге
байланысты атау сөздер мен грамматика формаларды шет шығарып, тілде тек
логикалық мағынаға байланысты сөздер мен формаларды қалдырсақ, тіліміз
қораш, жұтап қалар еді. Тілді кибернетикалық машиналар қажеті тұрғысынан
ықшамдау талабына сай зерттеулер осыны байқатады.
Тіліміздегі сөзге әсерлік, көркемдік беретін амалдардың бәрін бір
мақалада атап, көрсету мүмкін емес. Бірақ сол амалдарды байқату үшін
М.Әуезовтің Абай романынан алынған мына үзіндіні келтіргіміз келеді.
Бұл үзінді де отырғанымыз - Құнанбай қоныс жерлеріне Сүгір мен Сүйіндікті
еншілес етсін деп хабар бергенде, Байдалының айтқан ашу сөзі. Ол сөз мынау:

Ендеше жаттан айтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам,
әкеңнің өз көзіне айтқаным! - деп аз бөгелді де, - “Татуластық, табыстық
деп ек кеше тамам арғынның тобында. Сол татуласқан сиқым осы ма!
Тәтті күнде тағы артыма қылжуыр байлайтын болса, анадағы араздықтан
мұның несі алды! Ие жаздым! Сенің әкеңе не жаздым осы мен, Жігітек! Атаң
Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасып беріп, би сайлапеді. Өз баласы, өз
туысы жоқ емес еді ғой сонда. Осы болсыншы деп бермеп пе еді. Ал бұл
болса, бүгін мінеки, алысқа абыройы асса, айналып кеп Жігітекті
жаныштайды, Жақынға жуықса кеп тағы Жігітекті жентектейді. Бір жібімей
кеткені ме өсітіп! Шапқа түрте-түрте барып, ақыры бір күн өлермен бол да
отқа түс, соныңды көрмей тоқтамаймын! -дегені ғой мұнысы. Қоймас болса,
қолқасын алар. Алмай тынбас сенің әкең! Осыны айт! Бір мен емес, Жігітек
сәлемі деп айт осыны! Ал мына жерін алсын, бір бұл емес, тағы тансын, тағы
алсын! деп қолын бір-ақ сілікті де, тоқтап қалды.
Осы үзіндіде Байдалы сөзіне әсер, жігер беріп отырған тіл амалдары
едәуір. Ол амалдар - көп сөйлемдердің, әсіресе ашу, ыза сезімдерін
білдіретін сөйлемдердің тұжырымды, лепті болуы, экспрессив сөздердің
жұмсалуы немесе қарапайым сөздердің ерекше мағына атқаруы, сөздердің
қайталануы (Не жаздым! Сенің әкеңе не жаздым, осы мен!), полемикалық
мағынаға бейімделген сөйлемнің жұмсалуы, баласы, өз туысы жоқ емес еді
ғой сонда, т.б.
Үндес сөздер қатыстырып ритм тудыру, ұйқастық оң беру амалы Досбол
сөзі деп аталып жүрген мына шешендік мұрадан айқын көрінеді.

Аста бас қосып, қымыз ішім дүрілдесіп отырғанда, бір би Досболға
көңлі толмай:
Қара ағаштай қалтия қалған қаралдысы жоқ бұл жатқаның кім? -
дейді. Сонда Досбол: Рас, мен қара ағаштай қатушы едім, сендей талайлардың
есінен қалғысыз қылып шымбайына батушы едім, өзімді елеп еңкейгендерге бал-
шекердей татушы едім, қарайғанды ескермей, қалқиғанды қош көрмей,
кақиғанды хан демей елдің шетінде, жаудың бетінде жатушы едім. - дейді.
Қызықты образ тудыратын, көркемдік тудыратын қысқа аңыз
әңгімелерді қосу да сөзді әсерлеудің бір амалы. Әдебиеттің мәні туралы
пікір алысуда бір жазушы мынадай сөз айтыпты Теңіздің жағасында қасық
ұстап бір бала тұр екен. Франциско Ассизский одан Сен осы қасықпен теңізді
сарықпақсың ба деп сұрапты. Өмір - осы теңіз де, әдебиет осы бала ұстаған
қасық тәрізді. Бірақ осы ұшан теңіздің жағасында оны танимын деп тұруы -
әдебиеттің бақыты. Әдебиет пен өмірдің ара қатысын, әдебиеттің өмірді
тану мақсатын көрсететін осы теңіз жазушының сөзін көркейтіп тұр.

Көркемдік амалдар көп дәуір бойында қалыптасқан. Олардың әрқайсысының
жұмсалу аясы, жөні бар. Сары аяз, қызыл іңір, қоңыр дауыс деп айту бар,
бірақ басқа түс атауларын бұл тіркеске қатыстыру тілде жоқ. Сондықтан бұл
сөздерді жұмсауда да тиісті тіл нормалары ескеріледі.
Тіл, бір жағынан, әр сөйлеушінің өнеріне, творчествосын сүйенеді,
содан нәр алып дамиды. Тілдегі бар қазына өздігінен жаратыла салған емес,
ұзақ жылдар бойы әр сөйлеушінің тіл тұтынушының өнерінен, тапқан олжасынан
құралған. Бүгінде де әр сөйлеуші өз сөзіне творчестволық талаппен қарауға
тиіс. Шешен сөйлеу, көркем сөйлеу әр кісінің творчестволық қабілетіне,
интеллектуалдық мәдениетіне сүйенеді. Көп оқып, көп көріп, оқығанынан,
көргенінен жадында образ әсер, ой қалдыра алған адам, оларды сөзінде жұмсай
білген адам ұста сөйлейді. Шешендік сөзде жұмсалған метафора сөйлеушінің
сол сәттегі сезіміне, ой-пікіріне, зат-құбылысты тануына сай, соны дәл
беретін болуға тиіс, өз көкейінен толғап шығуға тиіс. Сонда айтылған сөз
нанымды, әсерлі болады. Абай романында Құнанбай істі болып Қарқараға
келіп Майырмен тілдескенде, тілмаш олардың ашу сөздерін бір-біріне
жеткізуге қорқып, сасқалақтайды. Сонда Құнанбай бұнысына ыза болып Ей,
тілмаш, осы саған, әке дейді, жарықтығым, тек дегенімді түгел жеткізші!
Ін аузына отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы сен! -
дейді. Құнанбайдың тілмаш қалпын бейнелеуі сонша дәл, қызғылықты болып
шығып, ызғар үстінде отырған жұртты езу тарттырады.

Әр заманның сөз өнеріне қоятын өз талабы бар. Ертедегі би сөздерінде
ритмге құрылған тақпақ сөйлемдер, үндес сөздер қатыстыру сияқты амалдар
ұшырайды. Қазір сөйлеуші сөзін сырт жылтыратудан гөрі оның түрлі эмоция,
образдылық тудыратын мазмұнды метафора, өткір сөз қолданып құруға тырысады.
Оның үстіне бүгінгі таңдағы қазақ сөз өнерінің интеллектуалдық, эстетикалық
базасы кең. Осы бағыт әсіресе жастар тілінен анық көрінеді.
Осының дерегі ретінде Әзілхан Нұршайықовтың Махаббат жырлары деген
романынан бір диалог келтірмекпін. Диалогтың мазмұны - студенттердің
махаббат, достық туралы пікірлесуі. Ол мынау:
- Иә, әркімнің өз Пенелопасы болғанға не жетсін, - деді Қанипа жұрт
тегіс тынышталғаннан кейін маған көзінің астымен қарап қойып, өзгелерге
бұрылып, көзін бір қысып алып...
- Жоқ, - деді Зайкүл қолын сермеп, - Бұл - Ерболдың, Ербол сияқты
ұлдардың айтатын сөзі. Біз оны өзгертіп әркімнің өз Одиссейі
болғанға не жетсін - деуіміз керек, қыздар. Маған Одиссей керек!
Бұл диалогта сүйіскен берік дос ұл-қыздың образы ретінде көне грек
мифтарының геройларын - Пенелопаны, Одиссейді атау тың ассоциация тудырып,
сөзді әсерлеп тұр.
Образдылықты тек бір ғана туған мәдениттен іздеп қана қоймай, дүние
жүзілік мәдениеттен іздеу, бір жағынан соған қол арту озық ойлы, кең
құлашты творчество қайраткерлерінің бәріне тән дәстүр.

Антифашист, публицист, көптеген тарихи оқиғаларға, жазушылар өміріне
арналған тартымды еңбектері бар Стефан Цвейг Бальзакқа арнаған шығармасында
оның жазушылық өнер жолына түсердегі мұқтаж, тапшы халін суреттеп былай
дейді:
"Әкесі мен баласы бір рет қағазға қол қойып, контракт жасайды. Бұл
контракт бойынша әкесі 1821 жылдың күзіне дейін оған өлмес қаражат - айына
жүз жиырма франк (бір күнге төрт франк) беріп тұрмақ болады. Осы болмашы
қаражатпен Бальзак өмірден мәңгілік орын алу үшін конкистадорлық жорыққа
аттанды". Осы суреттеуде Стефан Цвейг испан тарихына байланысты испан сөзі
конкистадорлықты бекер қолданып отырған жоқ. Конкисты (жаулап алу),
конкистадор (жаулаушы) барлық тілде баламасы бар сөз. Ол балама Стефан
Цвейг жазған неміс тілінде бар. Бірақ Цвейг осы сөзді бекер жұмсап отырған
жоқ.
Стефан Цвейг Бальзак конкистадорлық жорыққа аттанды дегенде оның
жазушылық сапарға аттанардағы жағдайын образды түрде байқату үшін оны
конкистадорларға тең осы арқылы тарихи оқиғалар, конкистадорлар тура
жазылған көптеген шығармалардағы өжет, өр, тәуекелшіл кейіпкерлердің,
образдардың ассоциациясын тудырып отыр.
Стефан Цвейг асқан білімпаз, озық тіл шебері болатын. Оның
тапқырлығымен, ой, сезім жүйріктігімен жасалған образды сөздер әлі күнге
әлемді аралап жүр. Қиын-қыстау сыны, өткелі көп, ғажабы көп сапар-саяхатты
не өмір кезеңін Иллиада, Одиссея деп атау - осы Степан Цвейг дәстүрінен
қалған із.
Тілдегі көркемдік тәсілдер бүгінгі эстетикакалық, мәдениет талабына
сай болсын, образдылықтың рационалистік негізі кең болсын, ескі
фольклорлық дәрежеде қалып, батырды айтқанда арыстанға, жолбарысқа теңеп,
сұлуды айтқанда ақ қардай, сары майдай толықсып деп теңеп жату ескіргендік
екенін айтып, жаңаға жөн сілтеген М.О.Әуезов болатын. М.О.Әуезов
жазушыларды дүние жүзілік әдебиет тілінің эстетикалық талғамынан тәрбие
алуға шақырған болатын. Жазушылар творчествосына қойылған осы талапты әр
саналы азаматқа да айтуға болады. Қоғамдағы өмір-өрісіміз бүгін де осыны
талап етеді. Шынын айтқанда, М.О.Әуезовтің осы мәселені көтерген мақаласы
шыққанда (Социалистік Қазақстан, 24 февраль, 1954, Әдебиет және
искусство, 1954, бұл пікірді халықтық қазынаны қораш көру, шет қағу
тәрізді көріп едік. Өмір М.О.Әуезовтің мәдениет бағытын кең өрістен биіктен
өлшегенін дәлелдеп берді.
Жаңаға талап қою ескіні ұмыт, керексіз ет деген емес. Тілдің байлығы,
икемділігі ескіні де, жаңаны да бойында сақтап, оларды сөйлеудің әр
жағдайына қарай ұсына білуінде. Осы себеппен халықтың өз өмір тәжірибесімен
қалыптасқан ай, мерзім аттарын (наурыз, мамыр, шілде, олара т.б.) тілімізде
жұмсай береміз.
Сөз құрау әңгіменің түріне, жағдайға, ортаға, психологиялық жағдайда
байланысты. Осы ретте кейде жай хабар ретінде, репортаж ретінде айтылған
сөзде экспрессивті сөздер қатыстырып, қажетсіз әшекейлеу бар екенін айтқым
келеді.
Бірде (10 октябрь күні 1974) радио арқылы сөйлеуші Кісілер жүгіріп
барып дала кемесіне мінді, тағы бірде ІІІымкент облысында ақ алтынды
жинау одан әрі жүруде деп жатқаны бар. Ал Аманкелді Тынышбеков футбол
ойыны туралы теледидар арқылы репортаж беріп жатып Шахтер командасының
қақпасын көгілдір экрандарыңыздың сол жағынан көресіздер”, “Жаңа жауған
жаңбырдан жасыл алаңда жүгіру қиындады деп сөйлегені бар. Осы сөздерге
дала кемесі, ақ алтын, көгілдір экран, жасыл алаң деген метафоралар өте
қажет болып тұрған жоқ, қайта сөзді жөнсіз аланыш әшекейлеу етіп көрсетіп
тұр. Қарапайым хабарды қарапайым етіп айтқан орынды болар еді.
1974 жылдың күзінде Сахалин тұрғындары табиғаттың үш дүлей соққысымен
(нөсер жауын, циклон, теңіз суының басуы) күресті. Сол туралы жазған
Комсомольская правда газетінің тілшілері Мұнда біз қаһармандық, батылдық
деген сияқты көтеріңкі, әсерлі сөздерді жұрт аузынан естімедік. Бұл заңды
да болар. Ондай сөздерді күніге айтсақ бояуы өшіп, құны түсер еді деп
жазған болатын (Комсомольская правда, 1 октябрь, 1974).
Біз сөйлеу мәдениетін, адамдар арасындағы қатынасты, пікір алысуды
дұрыс құруды мәдени талғамы тұрғысынан баяндауды көздедік. Ол - тілді
рухани мол қазына ретінде құрмет тұту. Осы қазынаға біз мұрагерміз, әрі
оның таза, жетік болуына жауаптымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Бекматова “Тіл және мәдениет”
2. Е.Абақан “Тілдің мәдени философиясы”. Алматы – 2000 ж.
3. А.Жаңабекова “Сөз формаларын жасаудағ қосымшалардың функциялыө
ерекшелігі.

Жоспар

1. Қазасқатнның ұлттық ойындары туралы жалпы түсіінк.
2. Дене шынықтыру, спорт ойындары.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың
қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі — ұлт ойындары. Бүгінде
ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек,
адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның
аталып жүруі де жайдан-жай емес.
Қазақ халқы — материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса
бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да
жатады.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті
жазушысы М.О.Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен — ұзақ жылдарында,
өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше,
көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңлін шаттандыру ғана емес, ойынның
өзінше бір ерекше мағыналары болған,— деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Мұхтар Омарханұлының бұл пікірін теориялық қағидаларға ғана сүйеніп
айтылмаған, өзі өмір сүрген ортасының шындығынан және Семей қаласында
тұңғыш отау көтерген “Ярыш” атты футбол командасының құрамында ойнаған
белсенді өмір тәжірибесінен шығарған қорытындысы деп білеміз.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсаң, содан үлкен де мәнді-
мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің
болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз
бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы
шалқар дария болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-
кішілі арналардан бас құрайтын сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан
шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге
онша илана қоймас та еді.
Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осі суреттерді елестетеді.
Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны
анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық
жиналған думанды сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне
айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам
еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі,
дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар
өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін
білуге тиіс.
Марксизм-ленинизм классиктері ойынның пайда болуына, дамуына
материалистік тұрғыдан қарай отырып, оны адамдардың дүниені сезім арқылы
нақты бейнелеудегі қабілетінің көрінісі және дамуының жалпы заңдылықтарының
айқындаушы құбылысы деп түсіндіреді.
Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына
байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса
отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте
ертеде туып, оның көші – қоны тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай
әсер береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа
лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігінде ғана емес,
сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында
екендігіне көзіміз жетеді.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының
қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық
ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.
Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып
жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер
тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде
әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-
бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның
бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын
тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке,
т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне
де пайдасын тигізеді.
Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын,
ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің
қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп,
рухани азық болатын да — осы ойын.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде
ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі
бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен Қазақтың ұлттық ойындары туралы
қағаз бетіне түскен алғашқы деректер XIII ғасырдан басталады. Оны алғаш
жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини
болды. XIII ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен
саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы
өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары
жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.
Одан кейінгі деректерді біз итальяндық Марко Поланың австралиялық С.
Герберштейннің, итальяндық И.И. Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И.
Рычковтың, орыс ғалымы П.С. Паластың, венгер зерттеушісі А.Вамберидің,
неміс этнографы Р. Картуцканың, неміс ғалымы А. Гумбольдтың, поляк халқының
өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Зеленскийдің, т.б. жазбаларынан
кездестіреміз. Одан кейінгі кезеңде Қазақ халқының бай этнографиялық
материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы
пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И. Гродеков, Е.А.
Алекторов, Э.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазеревский, П.П.Пашин,
Г.С.Загрянсский, А.Шиле, А.Харунзин, А. Горячкин, П. Ходырев, Е. Букин, О.
Әлжанов, т. б. болды..
Қазақтың ұлт ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке
нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер туралы ой
Сөздің психологиялық құрылымы
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сөз мәдениеті
Мәдениет тілі туралы
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
Пәндер