Сарыарқаның табиғаты


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

1 - тарау. Сарыарқаның табиғатының жалпы ерекшелігі.

1. 1. Сарыарқаның физикалық - географиялық орнының ерекшеліктері. Зерттелу тарихы.

Сарыарқаның физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу өткен ғасырдың ортасынан басталады. Ол кезде геомарфология атауы әлі қалыптасып үлгермеген. Сарыарқаның жер бедерін зерттеуге үлкен үлес қосқан. И. П. Герасимов, Б. А. Петрушевский, С. Ю. Геллер, В. Н. Кунин, Л. Г. Гаель, М. П. Петров, Д. С. Коржинский, Н. Г. Кассин, Г. Ц. Медоевтар, Герасимовтың еңбектерінде үлкен территориялық және әдістемелік маңызы бар (19371943, 1946, 1947) . Олар нақты біраймақтың материалдары негізінде алғаш рет Қазақстанның жер бедерінің морфоқұрылымдық және морфомүсіндікер екшеліктерін ескере отырыпжіктеді. Қазақтың ұсақ шоқыларының көп қабаттылығының қалыптасуы оның мезозойлық пенеплен мен эрозиялық үрдістердің әсерінен бөлшектенуі жайлы тұғырнаманы 1940 жылдары Г. Ц. Медоевң өзінің еңбектерінде көрсетті. Сарыарқаның жер бедерінің геоморфологиялық ерекшеліктерінжан-жақты зерттеуге З. А. Сваричевский (1940, 1958, 1916, 1965) Е. Е. Милановский (1961, 1967) К. В. Никифорова (1960), В. И. Бабак (1964, 1968), зор үлес қосты. Олардың еңбектерінде ұзақ жылдар бойыжүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жинақталған маңызды геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық деректер бар. Рлар өз зерттеулерін жинақтай келе«Орта Азия мен Қазақстанның жазықтары мен таулары» атты монография шықғарды. Қазақ КСР ғалым академиясының геология ғылымдары инситутының геоморфология бөлімі Г. Ц. Медоевтың жетекшілігімен орталық Қазақстанда жиырма жыл көлемінде геологиялық- геомарфологиялық түсірілімдер жасады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының алғашқы 1:1. 5 масштабты геомарфологиялық карталарысы жасалды. 1991 жылы шыққан бұл картада өте құнды ғылыми және бибилографиялық деректер бар.

Сарыарқаның жер бедерін, геологиялық және тектоникалық құрылысын, пайдалы қазбаларын зерттеуге әр түрлі гелологиялық ұйымдарының белді ғалымдары А. А. Абдуллин, А. Д. Архангельский, В. Ф. Бесполов, Р. А. Барукаев, Ш. Е. Есенов, Н. Г. Кассин, Н. Н. Костенко, Г. Ц. Медоев, К. И. Сәтпаев, Е. Д. Шдыгин, Г. Н. Щерба, Б. А Федорович, А. Л. Яншин тағыда басқалаоы зор үлес қосты. Олардың жеке зерттеулері нәтижесінде Сарыарқаның жер бедері, геологиялық және тектоникалық құрылысы, пайдалы қазбалары жөнінде жан-жақты мағұлмат беретін ғылыми әдебиеттердің шығуына мұрындық болды. Олардың басшылығымен 1967-1970 жылдар аралығында Қазақ КСР-ның геологиясы, , Қазақстанның тектоникалық карталарын «Геофизикалық мәліметтер бойынша Қазақстанды аудандастыру», «Қазақстанның полеозойға дейіңгі полеозой кезінде» тағыда басқа әдебиеттер шығарыды. Солардың ішінде Сарыарқаның жер бедерін, геологиялық және тектоникалық құрылысын, пайдалы қазбаларын жөніндегі маңызды деректер А. А. Абдуллин, В. Ф. Беспаловтың монографияларында, Қазақстанның геологиялық даму тарихын зерттеген Н. Г. Кассиннің (1947), Е. Д. Шлыгиннің (1952, 1969) жылдағы еңбектерде жақсы қамтылған. [2]

ХVІІІ ғасырдан бастап өлкеміздің қазба байлықтарын зерттеушілер қазақ жері және оның қойнауындағы байлықтар жайлы бірталай жазба мәлі-меттер қалдырған. Солардың бірі И. И. Лепехиннің «Росия мемелекетінің рудалы өлкелеріне саяхат» («Ежегодник», выпуск №16, Санк-Петербург, 1873г) деген еңбегі. Онда «Чудь» дәуірінің Қазақстан жеріндегі іздері іспетті деп жазды Көне замандағы тау кең өндірісінің орындары жайлы жақсы деректер бар. Шынында да мұнда мыңдаған жылдар бұрын қазылған карьерлер республика аума-ғында көп кездеседі, кейбіреулерінің көлемі де үлкен. Кен іздеп кен орындарын ашудың негізгі қола дәуірінен басталады. Сол дәуірдің өзінде мыс пен қалайы, қосындысынан әртүрлі қару-жарақтар жасалған. Көне дәуірдің куәлері әсіресе Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Ұлытау мен Атасуда жиі ұшырайды. Геолог С. С. Черниковтың есебі бойынша қола дәуірдің өзінде жыл сайын бес тоннаға жуық қола өндір-ілген көрінеді. Сарыарқада қола дәуірінің адамдары кен орындарын іздестіру мен кен өндіру жұмысын қатар жүргізген. Жер бетіне жақын жатқан желілі кендерді тастан жасалған құралдар мен қазып алған. Сондай тас құралдарының бірі Атбасар ауданының Есіл совхозына жақын жердегі бағзы заманынан қалған шұңқырдың ішінен де табылды. Басқа кен орындарында да осындай руда өндіру құралдары жиі кездеседі. «Чудь» дәуірінің адамдарының кен қазудағы тағы бір ерекшеліктері, олар кен алынған жыраларды бос топырақтар мен толтырып отырған. Сондай жыралардың тереңдігі он метрге дейін жетеді де, екі кен желісінің енінен аспайды. кен қазушы әрі байытушы, әрі металл қортушы болған. Кен орнын барлау, оны қазу, руданы байыту және қорыту жұмыстары бірге жүргізілген. Осыған орай кен орнын барлаған жерлерде қоқыстармен бірге құмыра ыдыстың сынықтары да кездеседі. Қалдық қоқыстарда он проценттен астам мыс бар екендігі анықталады. Ойдым-ойдым болып кездесетін қоқыстар қалдығы ондаған шаршы шақырымнан астам аралықта бір қабаттағы жыныстар бойынан ғана кездесіп отырады. Бағзы заманындағы тау-кен жұмысы көп кездесетін жерлері-Жезқазған, Көп-қазған, Алтынқазған, Әулиетас, Қроғасын, Берқара, Успенка, Александров, Шатыркөл, Майқайын, Гүлшат, Көктас-Жартас, , Сайақ, тағы басқа орындар. Аталған төңіректерде ұсақ карьерлердің саны көп. Саяқтағы көне заман карьерлері бір-бірімен тіркес жатыр, олардың ұзындығы 7 кшақырым шамасында. Сарыарқадағы көне заман кен көздері жақсы сақталған, олардың дені жер бетіне айқын көрініп жатады. Міне осы «Чудь» дәуірінен кейін қазақ жерінде тау кен өндірісі XVІІІ -ғасырдан қайта басталады. Бұл кезде қазақ даласына орыс империясының алғашқы экспедициялары шыға бастайды. Ол экспедициялардың негізгі міндеттері қазақ жерін орыс патшаларына қосу үшін ең алдымен қазақ елінің ішкі экономика-сын зерттеп саяси-әлеументтік жағдаймен танысу еді. Бірақ бұл экспедициа-лар құрамына кірген орыс оқымыстыларының көпшілігінің алға қойған мақсаттары бұдан мүлдебасқаша болатын, олар патша өкіметінің отаршыл-ық саясатына араласпай, қазақ жерінің байлығын зерттеуге кіріскен адамдар еді. Қазақстанға аттандырылған алғашқы экспедитция І Петрдің тікелей нұсқауымен ұйымдастырылды. Бұл экспедициалар геологиялық барлауларын Ертіс өзенінің бойымен Зайсан көліне дейін, Тарбағатай және Сарыарқаның тау сілемдерін шолып өтіп, көптеген геологиялық, архелогиялық және этнологиялық материалдар жинады. 1733-1771 жылдар аралығында Ресей ғылым академиасы ұйымдастырған экспедициалар Қазақстанның батыс өңірін зерттеді. Оларды сол кезде таны-мал болған атақты ғалымдар И. Г. Гмелин, П. С. Паллас, И. Ф. Фальк т. б. бас-қарған. 1755-1771 жылдарда Орталық қазақстан өңірін әскери топографтар экспедициясы зерттеді. Бұл экспедиция Батыс Қазақстан жерін Ұлытау өңіріне дейін шолып өтіп көптеген геологиялық, этнографиялық мәліметтер жинаған. Жергілікті тұрғындардың көмегі мен сол кездегі табылған кен орындарын картаға түсірген. Экспеди-ция өзі жинаған деректерге сүйене отырып, Жезқазғаннң Ұлытау өңірінің, тағы басқада кен орындарының қоры туралы алғашқы мәліметтер келтіреді. [2] Н. А. Рычковтың жол дәптеріне Ұлытау өңіріндегі көптеген өзендердің (Кеңгір, Сарыкеңгір, Жезді, Ұлыжыланшық) бойында кездесетін ертедегі руда өндір-ген шұңқырлар мен «чудь» дәуірінің қазбалары жайлы құнды мәліметтер бар. Онымен қоса Н. Рычков жергілікті тұрғындардың мәліметіне сүйене отырып, мыс пен қорғасынның, алтын мен күмістің мол қоры осы Ұлытау төңірегінде бар екендігін анықтаған. Қазақстанның гео-логиясындағы жаңа бетбұрыс 1916-1920 жылдар аралығында басталған. Оған қатынасқандар солтүстік және Орталық Қазақстандағы П. И. Шангиннің Мұғалжар мен Алакөл ойпатындағы Эвересмаңының, Үстірт бойындағы Л. С. Берегтің Алтай тауларындағы А. Гумбольдт пен В. Р. Розеннің экспедициалардан кейін Н. А. Северцеп пен И. А. Борщев басқарған экспедиция (1857) Доссордан мұнай кен орнын ашТы, Олар Сарыарқаның Алатау мен Қаратау өңірінен бірнеше қорғасын, мыс, күміс кен орындарын тауып, көптеген геологиялық деректер жинайды. 1865-1879 жылдар аралығында орыс геологтары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп көптеген кеноры ашты. Оны естіген Ресейдің алыпсатар өнеркәсіп иелері қазақдаласына ағылып келіп руда іздестіреді., Орталық Қазақстан-дағы мыс кен орындарын Н. А. Ушаков иеленіп алады. Осындай жер бетіне таяу жатқан бай рудаларды іздеп Қазақстан жерлерін шкрықтап кезген алыпсатарлар жергілікті халықтарды жұмсап бірталай кен орындарын пайдаланады. ХІХ ғасырдың 1890-жылдары Сібір темір жолын салу жоспарына байланысты Қазақ-станның солтүстік-шығысына көптеген зерттеу Экспедициялары шыға бастады. Бұл экспедициялардың кей біреулерін белгілі геологтар: А. А. Краснопольский, А. К. Мейстер, А. Б. Высоцкий, т. б. Көптеген кен орындарын ашады. Солардың ішіндегі Экібастұз, Майкүбі, Сарадыр таскөмір кенорындары бар.

1918 Жылдан бастап республика аумағының жаппай геологиялық картасын жасау ісі қолға алынды. Осыған орай 1921 жылы Қазақ жерінің рудалы алқабы аталатын Сарыарқада 8 геологиялық барлау тобы жұмыс істеді, ал 1927 жылы ондай геологиялық топтардың саны жиырмаға жетті. . Мысалы, Орталық Қазақстан байлығын ашқан А. А. Гепевті, Н. Г. Кассинді, Қ. И. Сәтпаевты, Н. И. Наковникті, И. С. Яговкинді, Е. И. Водорезовты, Алтай өңірінде геологиялық жұмыстар жүргізген. Олар кен көздерін ашып қана қойған жоқ, соымен бірге жер қыртысының даму тарихын, тектоникалық ерекшеліктерін, стратиграфиялық заңдылықтарын, тау жыныстарының өзгеріске ұшырау жолдарын зерттеп, сол жұмыстардың нәтижесінде алғаш рет кендердің орналасу зандылықтары жайлы болжамдар айтты. Геологиялық тарихи кезеңмен байланысты тау жыныстарының құралуына, кендердің орналасуына, шоғырлау зандылықтарына назар аударды. 1919-1923 жылдар ішінде Қарағанды көмір кенінің мол қоры анықталды. Сол кезде жас геологтар Н. И. Наковник (кейінен профессор) мен М. П. Русаков (кейінен академик) Орталық Қазақстанда кең тараған кварцит жыныстарының руда шоғырландыру қасиетін терең зерттеп, олардың таралу зандылықтарына болжам жасаған. Кейініректе осы болжам дұрысқа шығып, М. П. Русаков 1928 ж. атақты Қоңырат мыс-молибден, Р. А. Барукаев (кейінен академик) 1930 ж. Бозшакөл мыс кен орнын ашқан.

Орталық Қазақстанда геологиялық жұмыстардың жоспарлы жұргізілуіне арнайы ұйымдасқан тау-кен геологиялық мекемелері де үлкен үлес қосты. Трестің сол кездегі басшыларының бірі, атақты ғалым Қазақ ССР Ғылым академиясы-ның тұңғыш призденті Қ. И. Сәтпаев трестің геологиялық бөлімін басқарып, Орталық Қазақстанда, әсіресе Жезқазған өңірінде үлкен геологиялық жұмыс-тар жүргізді, белгілі кен орындарын мүмкіндігінше қайта зерттеп, олардың жалпы қорын анықтады. Аталған мекемелер сонымен бірге көптеген рудалы аудандардың геологиялық картасын жасаумен де шұғылданды. [4]

Белгілі геолог, ғылым докторы М. С. Быкова 1932 жылы Торғай даласында геологиялық карта жасау жұмысымен шұғылданып жүрген кезінде Түлкісай өзенінің жағасынан боксит кенін кездестірген. Барлау жұмыстарының нәтижесінде Арқалық, Амангелді сияқты боксит кен орындары ашылып, олар қазір Павлодар алюминий заводының негізгі шикізат базасына айналып отыр. Геологиялық барлау жұмыстары бұрын зерттелген аудандар-да зор қарқынмен жүргізілді. Аға буын геологтар ішінен Қазақстан территори-ясының геологиясын зерттеуге сүбелі үлес қосқан ғалымдардың бірі-академик Н. Г. Кассин, оны Қазақстан геологиясының ақсақалы депте атайды. Ол 40 жылға жуық өмірін Қазақстанның кен байлығын зерттеу ісіне арнады, руда көздерін ашу жөнінде ғылыми болжамдар айтты, республика территориясының геологиялық ерекшеліктерін сипаттап монографиялық енбектер жазды. [ 5]

А. Қ. Қайыповтың Жезқазған мен оның рудалы аудандарын зерттеуде С. Ш. Сейфуллиннің Өспен және Шу-Іле өңірлерінің кен орындарын зерттеуде Г. Н. Щербанның тағыда басқа толып жатқан ғалымдармен геологтардың жемісті еңбектерін атап өтуге болады. Қорыта айтқанда орталық Қазақстанның жер қойнауындағы мол қазынаны ашып, оны халық шаруашы-лығының қажеттеріне жаратуда ат салысқан геологтар аз емес. қазіргі кезде Сарыарқаның жер бетіне жақын немесе бетінде көрніп жатқан кендердің азаюына байланысты жылдан-жылға кен орындарын ашу мәселесі қиынға түседе. Сондықтан бұрынғы таралу тәсілде-рін өзгертіп, геофизикалық, геохимиялық, металлогениялық, ғарыштық материалдарды және кен жаралуы мен орналасу зандылықтарына сүйенген ғылыми болжамдарды комплексті талдау арқылы тереңде жатқан кендерді ашу керек. Бұл геологтар алдында тұрған қазіргі ең басты, ең жауапты мәселе.

Қазақтың ұсақ шоқылы аласа таулы аймағы Сарыарқа Тұран солтүстік Қазақстан Ертіс Құйынды жазықтары мен Тарбағатай тауларының аралығында орналасқан. Оңтүстік шекарасы 47 - 78° солтүстік ендігі Ұлытаудың оңтүстік сілемдері мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауымен шектесетін шыбыр тау арқылы өтеді.

Солтүстік шекарасы 53° солтүстік ендіктегі Есіл, Тобыл даласы солтүстік шығыс орта Ертіс аңғарындағы ескі арналы Сілеті теңіз, жалаулы, шүрексор көлдері арқылы өтеді. Батыс шекарасы Ұлытау Жыланшық таулары арқылы өтіп, біртіндеп солтүстік Торғай ойысы мен Торғай қаласына ұласады.

Шығыс шекарасы 80° шығыс бойлықтағы Сарыарқаның қолба, Тарбағатай тау жоталарына ұласатын бөлігі болып табылатын Аягөз, Шар өзендерінің аңғарлары арқылы өтеді. Қазақстанмен Ресей ғалымдарының қазіргі кездегі зерттеушілерінің деректеріне сай Сарыарқа геотектоникалық құрлысы жағынан тау түзілу кезеңдері Палеозой эрасының каледон, герцин қатпарлығында аяқталып кайназой эрасының неоген төрттік дәуірдегі геотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу жүрген, ұсақ шоқылар мен олардың аралығын бөліп жатқан қабатты денудациалық жазықтардан тұратын эли палеозойлық платформа болып табылады.

Материктің ішкі аймағындағы құрлықтық сектордағы орнына сай климаты шұғыл континентті қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігіндегі дала, шөлейт және шөл зонасына тән аумақтың табиғат кешендері таралған ежелден мал шаруашылығы дамыған аймақ болып табылады. 61 - 85° шығыс бойлықтар аралығында аймақ 1500 шақырымға, батыс бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке 95° шығысында 350 - 400 шақырымға созылып жатыр. Қазақтын ұсақ шоқылары Сарыарқаның аумағы 700 мың шаршы шақырым. Сарыарқа аумақтық тұрғыдан жер бедері аталған аймаққа сәйкес келетін ірі орографиялық бірлік болып табылады. Аталған аумақта қатпарлы негіздегі денудациялық жазықтармен аласа таулы алқаптар кең таралған.

1. 2. Сарыарқаның геотектоникалық құрлысы жер бедері.

Қазақтың ұсақ шоқылы аймағы Сарыарқа тектоникалық құрлысының ерекшеліктеріне жас эпигерциндік Орал - Сібір платформасының қалқаны болып табылады. [4]

Кристалды қалқанның геологиялық құрлысы біршама күрделігімен ерекшеленеді. Мұнда протерезой, каледон, герцин құрлымдары кең таралған. Бір және әр түрлі жастағы қатпарлы құрлымдар әр түрлі бағытқа бағытталып жатуы кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан ежелгі және біршама жас таулы алқаптардың үйлесуіне мүмкіндік береді. Архей мен ерте протерезойда Қазақтың ұсақ шоқылы аймағын Ұлытау, Көкшетау таулы алқабында гнейстен, кристалды тақтатастан, гранидтен, мәрмәр мен амфиболиттен тұратын қатпарлы іргетасы қалыптасты. Оның эрозияға ұшыраған бетінде шөгінді жанартаулық шөгінді жыныстар жинақталады. Сарыарқаның шегіндегі төменгі және орта протерезойда түзілген ежелгі кристалды жыныстар Ұлытау, Көкшетау, Қарсабай Шыңғыстау; Атасу мойынты су айрығында жер бетінде шығып жатыр. Жоғарғы протерезойдың шөгіндік жыныстыры мен Ежелгі метоморфты түзілістер ерей мен тау мен Баянауыл аласа таулы алқаптарында таралған, Сарыарқадағы жоғарғы протерезойдың шөгінділері қалың Кварцитті жыныстарынан тұрады. Литологиялық тұрғыдан қалың кварцитті қабаттың бетін бетінде ұзақ уақыт теңіз табиғаты болғанын айғақтайтын үгілу қабатының өнімдері жауып жатыр [2]

Қарқынды тектоникалық қозғалыстар жүріп қатпарларының үрдістері болды. Қатпарларды бөліп жатқан иіндерде шөгінді және жанартаулық шөгінді қабаттар жинақталды. Төменгі палеозойды Сарыарқаның солтүстігі мен батысында ерте калидондық салайыр қатпарлығынын жоғарғы қабаты түзілді. Палеозойды Сарыарқаның негізгі құрлымдық - тектоникалық, геологиалық белгілері айқындалды, Палезойдың басында аймақтың басым бөлігінде геосинклиналдың жағдайы сақталып жер қыртысының Мантияға бату үрдісі байқалғандықтан ежелгі Саяз теңіздері алып жатты. Теңіздердің аралықтарында протерезойда түзілген Көкшетау, Ұлытау, Қарсақбай Атасу сияқты таулы алқаптар арал түрінде сақталды. Палезой эрасының кембрий шөгінділері. Қазіргі Баянауыл, Ерей мен тау мен бетпақдалада кездеседі олардың негізгі бөлігі узивті магматизм нәтижесінде түзілген жанартаулық күндер құрайды. Миогеосинклинальдық миогеосинклинальды тынтег кембрий жыныстары Сарыарқаның қиыр батыс және орталық бөлігінде Есіл өзенімен Ұлытаудың аралығында таралған негізінен кристалды тақтатастың экзогенді түзілістерден тұратын. Палеозойдың бірінші жартысында Сарыарқадағы саяз теңіздерден көтеріп тұрған аралдардың көбі каледон қатпарлығына дейін түзілген үстірттерді құрады. Олардың кейбіреулері жанар тау болды. Олардың қатарына қазіргі Ұлытау Қарсынбай Атасу, Көкшетау сиақты Аралдар тізбегін жатқызуға болады. Кембридегі палеоклиматтық жағдай ыстық әрі біршама құрқақ болуымен ерекшеленді орда бекте кембриге қарағанда геологиалық режим түбегейлі өзгеріске ұшырағандықтан Сарыарқаның басым бөлігін теңіз алқаптары алып жатты. Шеткі аймақтарын қоршап жатқан аралдар тізбегінін шойылуына байланысты. Сарыарқаның шегіндегі Сілеті, Баянауыл, Сарысу теңізі, Шығыс Көкшетау, синклинориіндегі теңіз табандарына сазды және жанартаулық шөгінділер жинала бастады. Магмалық әрекет ордовиктің бірінші жартысында күшті жүріп, терең тектоникалық жарықтармен байланысты ультро негізді және негізді интрузивтік жыныстар пайда болды. Ордовитің басында палиоклиматтық жағдайы кембрий мен ұқсас жалпы әрі біршама құрғақ болғанымен дәуірдің ортасы мен соңында трансгрессияның нәтижесінде теніздердің аумағының артуына байланысты палеоклиматы ылғалды әрі жылы болды. Төменгі Силурдың соңында Көкшетау Тянь-Шань геосинклинальды белдеуінде қуатты қатпарлану үрдісі жүріп, каледон тау түзілу кезеңінде теңіз табанынан тау жоталары көтеріліп Сарыарқаның аумағында аралдардың ауданын арттырды. Каледон қатпарлығындғы Шығыс шетінде ғана сақталды.

Каледон қатпарлығының нәтижесінде тау жоталарының түзілу орасан зор бос тау жыныстарынын Қазақтың ұсақ шоқылы аймағында субтропиктік жылы Климаттың қалыптасқаның көрсетеді. Силурда Магмалық өрдіс біршама қарқынды жүрді. Девон дәуірінде теңіздік аймақта жағдай жойылып толығымен құрлыққа айналды Теңіз-Сарысу, Сілеті-Баянауыл ойыстарында ежелгі көлдер сақталды. Орталық Қазақстанның шеткі бөліктерінде көтерілген Көкшетау, Ұлытау, Қызбел, Атасу-Мойынты, Баянауыл таулары төменгі девонда Сыртқы күштердің әсерінең денудацияланып аласара бастады. Төменгі девонда Алтай жақтан енген теңіз біртіндеп Сарыарқаның шығыс бөлігін басты. Сарыарқаның теңіз суы басқын шығыс бөлігіндегі әктастар эффузивті шөгінділермен кезектесіп отырады. Жоғарғы девонның ортасында трансгрессия жүріп аймақтың орталық бөлігін теңіз суы басты оның жағалау сызықтары Сілеті көлімен Ұлытау жотасының аралығы арқылы өтті. Тұтасымен алғанда Сарыарқаның аумағында тау түзілу үрдісі жүрген жоқ. Девон шөгінділері орталық Қазақстанда құрлықтың көтерілуіне байланысты климатының құрғақ болғанын ашық қызыл түсті шөгінділердің кен таралуы дәлелдейді. Сарыарқаның орталық бөлігіңдегі теңіздік шөгінділерде теңіз маржандарының кездесуі субтропиктік климаттың басым болғанын көрсетеді. Девонды магматизм үрдісі қарқынды жүрді. Жанартау Ақтау нәтижесінде түзілген қышқыл және негіздік лаваның қалың қабаты Сарыарқаның орталық бөлігінде сақталған. Таскөмір дәуірінде жүрген қарқынды тектоникалық қозғалыс нәтйжесінде Сарыарқаның орталық бөлігінде тұрақсыз қозғалмалы обылыстың қалыптасуына әсер етті, нәтижесінде аймақтың орталық бөлігінде Аяз, Бұғылы, Кент Қызыл арай Қу таулары төзілді. [3]

Төменгі және орта тас көмірде жүрген герцин қатпарлығының әсерінен Каледон қатпарлығында түзілген таулар жаңғырып көтерілді Сарыарқаның каледон қатпарлығында түзілген тауларының тас көмір қабаттары негізінен ашық қызыл түсті құнтастарынаң, әктасты, Сазды шөгінділерінен Сарыарқаның батысымен солтүстік бөлігінде Калидон құрлымдыры мен шектесетін Бату зонасындағы терең тектоникалық теңіз - Сарысу Баянауыл - Сілеті ойыстарында Қарағанды, Майкүбі Шұбыркөл алаптарында қалың көмір қабаттары түзілді. Сарыарқаның жоғарғы орта және төменгі таскөмір қабаттары құмтастардан, кониелераттардың жанартаулық Күлден тұратың күрделі эффузивтік-шөгінді жыныстардың кешенінен құралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Геологиялық құрылысы мен жер бедері
Сарыарқаның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын айқындау
Туған жерім тұғырым
Қазақстан облысы
Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеусауықтыру орындарының сипаттамасы
Техногендік шөлейттену
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
Қарқаралы ұлттық саябағының көрінісі
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz