С. Торайғыровтың "Қамар сұлуы"



1 «Қамар сұлу» туралы
2 Шығарманың желісі
"Қамар сұлу" (1914) - Сұлтанмахмұт 1933, 1950, 1957 жылдағы жинақтарына еніп келген. 1950, 1957 жылдарғы басылымдарына сәйкес романның жазылуы "1914 жыл" деп белгіленіл отыр. Ал, 1933 жылғы жинақта "1917 жыл" болып берілген, алайда сол 1933 жылғы жинақтың алғы сөзінде бұл шығарма "1914 жылы шығарылған" деген де дерек бар.
"Қамар сұлудағы" оқиғаның өрбіп, дамуына келетін болсак, жазушы негізінде хронологиялық әдісті қолданған, мұнда шегіністер немесе өз алдына қатар жүріп жататын эпизодтар жоқ. Барлық оқиға бір Қамардың басына байланысты, шығармадағы басқа кейіпкерлердің қайсысының болсын бейнелері де сол Қамар сұлуға қарым – қатынасы арқылы айқындала ашыла түседі.
С. Торайғыровтың "Қамар сұлуын" шын мөніндегі роман дәрежесіне көтеріле алмады десек те, оның қазақ прозасының дамуындағы лайықты орынын, роман жанрының қалыптасуы, өркендеуі жолындағы белгілі рөлін кеміте алмаймыз. Өйткені жазушы өз заманынын көрінісін жан-жақты алып, оны реалистік тұрғыдан сыпаттауға тырысқан, бұл ретте көптеген табыстарға жеткен. Ең алдымен, автор әйел теңдігіне байланысты мәселені көтеріп, сол кездегі қазақ арасында етек алған ескі әдет-ғұрыптарды қатал сынайды, ендігі жастардың келешегі оқуда, еркін тұрмыста екенін Ахмет пен Қамардың трагедиялық халдері арқылы мегзейді. Сөйтіп ол осы шығармасында бір топ кейіпкерлерінің ұмытылмастай жарқын, сенімді образдарын жасайды. Бұл жаңа ғана қалыптаса бастаған қазақ прозасына қосылған зор үлес еді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
"Қамар сұлу" (1914) - Сұлтанмахмұт 1933, 1950, 1957 жылдағы
жинақтарына еніп келген. 1950, 1957 жылдарғы басылымдарына сәйкес романның
жазылуы "1914 жыл" деп белгіленіл отыр. Ал, 1933 жылғы жинақта "1917 жыл"
болып берілген, алайда сол 1933 жылғы жинақтың алғы сөзінде бұл шығарма
"1914 жылы шығарылған" деген де дерек бар.
"Қамар сұлудағы" оқиғаның өрбіп, дамуына келетін болсак, жазушы
негізінде хронологиялық әдісті қолданған, мұнда шегіністер немесе өз алдына
қатар жүріп жататын эпизодтар жоқ. Барлық оқиға бір Қамардың басына
байланысты, шығармадағы басқа кейіпкерлердің қайсысының болсын бейнелері де
сол Қамар сұлуға қарым – қатынасы арқылы айқындала ашыла түседі.
С. Торайғыровтың "Қамар сұлуын" шын мөніндегі роман дәрежесіне
көтеріле алмады десек те, оның қазақ прозасының дамуындағы лайықты орынын,
роман жанрының қалыптасуы, өркендеуі жолындағы белгілі рөлін кеміте
алмаймыз. Өйткені жазушы өз заманынын көрінісін жан-жақты алып, оны
реалистік тұрғыдан сыпаттауға тырысқан, бұл ретте көптеген табыстарға
жеткен. Ең алдымен, автор әйел теңдігіне байланысты мәселені көтеріп, сол
кездегі қазақ арасында етек алған ескі әдет-ғұрыптарды қатал сынайды,
ендігі жастардың келешегі оқуда, еркін тұрмыста екенін Ахмет пен Қамардың
трагедиялық халдері арқылы мегзейді. Сөйтіп ол осы шығармасында бір топ
кейіпкерлерінің ұмытылмастай жарқын, сенімді образдарын жасайды. Бұл жаңа
ғана қалыптаса бастаған қазақ прозасына қосылған зор үлес еді.

Қамар сұлу туралы
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасын түгелдей алып қарағанда
идеялық мазмұны мен көркемдік қасиеттері жағынан оқшау тұрған екі шығарма
бар. Оның бірі — Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Қамар сұлуы, екіншісі —
Спандияр Көбеевтің Қалың малы. Алайда, бұл екі шығарманың қазақ
прозасының даму жолындағы мән-маңызын мойыңдай отыра, олардың екеуін де шын
мәніндегі романдар деп кесіп айта алмаған болар едік. Оған мынадай бір
себебі бар. Кейбір зерттеушілердің айтуынша роман деген термин XII—XIII
ғасырларда пайда болғанмен, оның кемеліне келген кезі XIX ғасырдың орта
шені, демек сыншыл реализмнің өркендеген шағы. Сондықтан да сол кездің
өзінде, одан сәл кейінірек те романды тек буржуазиялық жанр деп қарап,
қателесушілер болған. Сонымен бірге роман жанрының дамуы, оның болашағы
және де өткен ғасырдың аяқ кезінен бастап, күні бүгінге дейін айтыстар
тоқталған емес. Батыс Европаның қайсыбір жазушылары (мысалы, Ален Роб-Грийе
т.б.) ескі романның дәуірі өтті, Л.Н. Толстойды музейге беру керек деп
даурықса, біздің советтік әдебиет тану ғылымында романның болашағына шәк
келтірмейді, тек оның жаңа жағдайға сәйкес, социалистік реализм негізінде
мазмұнының байып, формасының жетіле түсетіні жиірек сөз болып жүр. Әдетте,
роман деген терминге түсінік бергенде былайша сипаттама береді. Роман
дегеніміз көркем әдебиеттің эпикалық формасының ең күрделі бөлегі, онда
өмір жан-жақты, кең қамтылып, қоғамдық процестің қайшылықтары сан қилы
болып келетіндігі және даму жолдары суреттеледі. Сондықтан да романда
бірнеше сюжеттік линиялар қатарынан жүріп отырады да оған, яғни романға,
көптеген персанаждар қатысады, осыған-орай романның түрі де сан алуан:
тұрмыс-салт, тарихи, сатиралық, психологиялық, ғылыми-фантастикалық
романдар.
Біздің зерттеуіміз үшін роман турасындағы айтыстардың немесе оның
даму жолындағы ерекшеліктерінің оншама қажеті жоқ, өйткені XX ғасырдың
басындағы қазақ әдебиеті үшін сол роман ең жай түрінің өзі тың дүние
болатын.
Жазушы шығармасының структурасын қызық құрған. Автордың өзі ақын
болуымен бірге, тегі шығыс әдебиетіндегі дәстүрдің әсері де тисе керек,
Сұлтанмахмұт өлең формасын жиі қолданады, мүмкін мұнысы тәсіл де шығар,
оған кезінде тоқталамыз.
Ал, енді Қамар сұлудағы оқиғаның өрбіп, дамуына келетін болсақ,
жазушы негізінде хронологиялық әдісті қолданған, мұнда шегіністер немесе өз
алдына қатар жүріп жататын қосалқы эпизодтар жоқ. Барлық оқиға бір Қамардың
басына байланысты, шығармадағы басқа кейіпкерлердің қайсысының болсын
бейнелері де сол Қамар сұлуға қарым-қатынасы арқылы айқындала, ашыла
түседі. Жоғарыда айтқанымыздай жазушы бірден Қамардың асқан көркін, әсем
мүсінін, жібек мінезін, сан қырлы өнерін, шартарапқа жайылған даңқын
көкке көтеріп мадақтап, жұрттың бәрін оған құмар етіп қояды. Өзіндік
дөңгелек орта шаруасы бар, ақылды әке (Омар) мен қалада орысша оқып жүрген
жақсы ағаның (Қасен) ортасында Қамар қыз гүл-гүл жайнап еркін өседі, оны
қоршаған шаттық дүниесі: әсем ән, домбыра, өлең-жыр, ойын-күлкі. Ағайын-
туысқандары да осал адамдар емес, сол елдің кісілікті саналатын
шонжарлары — бірі -қажы (Қалтан), бірі би (Оспан). Жас сұлуға ынтық
болған елдегі қызба бозбалалар да басып-көктеп сөз айта алмай, тек оны
сыртынан иемденіп сұқтанады, қызғанады. Автор бұларды тобымен шұбыртып
қойған, дараламаған, көбінесе, оларға кекесін көзбен қарайды. Қамар сұлуға
тең келерлік бір ғана жігіт бар: ол Омарларға үш-төрт атадан барып
қосылатын Сарбасауылындағы Жәуке деген кедейдің оқу "соңында" жүрген
баласы — Ахмет. Жазушы Ахметтің ақылын, білім іздеген талабын-айта келе,
оны былайша сипаттайды: ... Ахметтің "ақыл," ой, зеректігінің үстіне,
сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге
шешен, ойдан шығарғыш —ақын, жарып салма өткір еді. Той секілді жұрт
жиналған жерлерде өлең болсын, ойын болсын, газет, журнал, кітап
оқып, шариғат, насихат айту болсын, ең арты, біреуді сықақтаған қулық
болсын бас бәйгі Ахметтікі еді. Тартылмай тамылжытып сөйлегенде де өзінен
үлкен-кішілердің аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы
еді.
Демек жігіттер ішінен Қамар сұлуға тең келетін осы Ахмет қана, бірақ
бар - кемшілігі әкесінің қолы қысқа, шаруасы шағын. Қамар қыз Ахметті іштей
ұнатса да, екеуінің қосылуына оның кедейлігі зор кедергі деп санайды.
Мысалы, әуелде Қамар тартыншақтап, ағайын-туысқандарын бәрібір мені
Ахметке бермейді, ал Ахмет өз бетімен алып қашып ала алмайды деп, ыстық
сезімнен гөрі салқын зердеге бағынса, Ахмет Қамарды қанша сүйгенмен, оның
басына ауыр күн түскенде арашаға келе алмай, өз басын алып қашады.
Шығарманың желісі мынадай: Ахмет ақыры Қамар сұлуға хат жазып өзінің
ғашық екендігін білдіреді. Қыз бен жігіт арасында хаттар жүріп, Қамар сұлу
соңғы сәлемінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері
Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау
ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). Міржақып пен Көкбайдың айтысы жайлы
Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес
С. Торайғыров шығармалары
С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" романы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
С. Торайғыровтың лирикасы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармалары
Пәндер