Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3
1 Негізгі құралдар туралы жалпы түсінік...
1.1 Негізгі құралдарды есепке алудың пайдалану аудиті ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Негізгі құралдарды кіріске алу, түгендеу аудиті ... ... ... ... ... ... ..
2. Негізгі құралдарды талдамалық процедуралары
2.1. Негізгі құралдарды тестілеу құжаттары процедуралары
2.2 Негізгі құралдарды аудиторлық жұмыстарының құжаттары ... ... ... ... ...
Қорытынды...
Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі құралдарды пайдалану- тиімділігін анықтау тексерудің маңызды процедураларының бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әртүрлі тәуелді байланыстарды көрсеткіштердің және коэффициенттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек. Сонымен қатар қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қор жарақтандырылуы, айналымдылығы, негізгі құрал- жабдықтарының жаңаруы, істен шығуы мен тозуы коэффициентері, негізгі құралдарды және тағы басқа экстенсивті , интенсивті және интегралды коэффициенттері сияқты көрсеткіштер есептеледі.
Негізгі құралдар есебі бойынша негізгі құралдардың мақсаты субъектілерге жататын негізгі құралдар есебінің меншіктік құқықтық анықтау жүргізу немесе оперативті басқару болып табылады. Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді . Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс- шараларды да тексеруге міндетті. Аудитордың басты мақсаты негізгі құралдар нысандарының падалану мақсатына сипатына меншіктік қатынасына , болмыстық құрамдастарына қарай дұрыс топтап сыныпталғандарынын анықтау болып табылады. Негізгі құралдарды жаңартып , толықтырып ескіргендігін және шаруашылыққа қажет емес пайдаланылмай тұрғандарын дер кезінде шығысқа шығарып отырудың маңызы зор. Кіріске алынатын негізгі құралдарды , оларды топтау принциптерін сақтай отырып бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының «Айналымнан тыс активтер» тарауының 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің сәйкес синтетикалық шоттарына таратып жазады. Аудитор күрделі шығындар есебіне аудиторлық тексеру жүргізген кезде негізгі құралдардың мүліктік құнын қалыптастыратын және олардың құнын ұлғайтпайтын шығындардың есебінің жеке –жеке жүргізгеніне назар аудару керек. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы өндіріс процесінде қатысып қалпын сақтай біртіндеп тозатындықтан олардың есебіне аудит жүргізген кезде аудиттің негізгі мақсаты негізгі құралдарға қаралған тәртіптерге сәйкес тозу есептелгенін анықтау болып табылады. Аудитор жөндеу қорына болу көлемінің қаншалықты негізді екеніне көз жеткізу керек. Негізгі құралдар негізінде екіге бөлінеді: өндірістік құралдар және өндірістік емес құралдар болып.Негізгі құралдар материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге қалпын қасиетін жоғалпай сақтап пайдалынатын материалдық активтер. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады.

1. «Экономикс» П.Самуэльсон , П.Р.Папович , Н.П.Никалевна Алматы
1998ж.
2. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» А.П.Мусабаева , Н.Ә.Алиев Алматы
экономика 2005ж.
3. «Принципы бухгалтерского учета» В.К.Александров, П.Н.Николаев
Москва 1995г
4. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» В.К.Радостовец , Т.Ғ.Ғабдуллин. Алматы 2003ж
5. «Қаржы» Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев. Алматы 2005ж
6. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» П.Ш.Дүйсенбаев, Е.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиев. Алматы 2001ж
7. «Аудит және бухгалтерлік есеп» Т.Ә.Әбдіқалықов. Алматы «Қазақ университеті» 2000ж
8. «Бухгалтерлік есеп» С.Б.Баймұханов, Ә.Ж.Балапанов. Алматы. 2001ж
9. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева. Алматы 2003ж
10. «Экономикалық теория негіздері» Алматы «Қазақ университеті» 1988ж
11. «Саяси экономика» оқулық Алматы «Ана тілі» баспасы 1992ж
12. «Нарықтық экономика» Б.Р.Мадешов, У.Р.Алдиярова Алматы 1995ж
13. «Нарықтық экономика негіздері» Б.Ж.Жүнісов, Д.Х.Сматуллаев. Алматы. 1994ж
14. «Бухгалтерлік есеп принциптері» А.Н.Қалтаев, Д.И.Жансүгіров Алматы. 2002ж

Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Негізгі құралдар туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Негізгі құралдарды есепке алудың пайдалану
аудиті ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Негізгі құралдарды кіріске алу, түгендеу
аудиті ... ... ... ... ... ... ..
2. Негізгі құралдарды талдамалық процедуралары
2.1. Негізгі құралдарды тестілеу құжаттары процедуралары
2.2 Негізгі құралдарды аудиторлық жұмыстарының құжаттары
... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Негізгі құралдарды пайдалану- тиімділігін анықтау тексерудің маңызды
процедураларының бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әртүрлі тәуелді
байланыстарды көрсеткіштердің және коэффициенттерді есептеулерге сүйене
отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді
талдау жүргізу керек. Сонымен қатар қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қор
жарақтандырылуы, айналымдылығы, негізгі құрал- жабдықтарының жаңаруы, істен
шығуы мен тозуы коэффициентері, негізгі құралдарды және тағы басқа
экстенсивті , интенсивті және интегралды коэффициенттері сияқты
көрсеткіштер есептеледі.
Негізгі құралдар есебі бойынша негізгі құралдардың мақсаты
субъектілерге жататын негізгі құралдар есебінің меншіктік құқықтық анықтау
жүргізу немесе оперативті басқару болып табылады. Аудитордың міндеті қолда
бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын
тексерумен шектелмейді . Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты
атқарылған іс- шараларды да тексеруге міндетті. Аудитордың басты мақсаты
негізгі құралдар нысандарының падалану мақсатына сипатына меншіктік
қатынасына , болмыстық құрамдастарына қарай дұрыс топтап сыныпталғандарынын
анықтау болып табылады. Негізгі құралдарды жаңартып , толықтырып
ескіргендігін және шаруашылыққа қажет емес пайдаланылмай тұрғандарын дер
кезінде шығысқа шығарып отырудың маңызы зор. Кіріске алынатын негізгі
құралдарды , оларды топтау принциптерін сақтай отырып бухгалтерлік есеп
шоттарының типтік жоспарының Айналымнан тыс активтер тарауының 2410
Негізгі құралдар бөлімшесінің сәйкес синтетикалық шоттарына таратып
жазады. Аудитор күрделі шығындар есебіне аудиторлық тексеру жүргізген кезде
негізгі құралдардың мүліктік құнын қалыптастыратын және олардың құнын
ұлғайтпайтын шығындардың есебінің жеке –жеке жүргізгеніне назар аудару
керек. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы өндіріс процесінде қатысып қалпын
сақтай біртіндеп тозатындықтан олардың есебіне аудит жүргізген кезде
аудиттің негізгі мақсаты негізгі құралдарға қаралған тәртіптерге сәйкес
тозу есептелгенін анықтау болып табылады. Аудитор жөндеу қорына болу
көлемінің қаншалықты негізді екеніне көз жеткізу керек. Негізгі құралдар
негізінде екіге бөлінеді: өндірістік құралдар және өндірістік емес құралдар
болып.Негізгі құралдар материалдық және материалдық емес өндірістік
салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге қалпын қасиетін жоғалпай
сақтап пайдалынатын материалдық активтер. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар
негізгі құралдар деп аталады.
. Егер негізгі құралдардың саны онша көп болмаған жағдайда , оларға жаппай
түгендеу жүргізуге міндетті . Егер негізгі құралдар саны көп болған
жағдайда , онда оларды ішінара және жаппай түгендеу , тексеруге жататын
топтарға бөлуге болады . Аудитор толтырған түгендеу көшірмелерінің сапасына
ерекше назар аударуға тиісті . Кейде нысандар туралы мәліметтер түгендеу
көшірмелеріне мүліктік карточкалардан немесе өткен жылдардың
материалдарынан сол күйінде көшіріле салады да түгендеу үстіртін қалай
болса солай жүргізілген жағдайлар кездеседі . Сатуға немесе шығысқа
шығаруға жататын нысандарға жеке түгендеу көшірмелерін толтырып
1. Негізгі құралдар аудитінің түсінігі
Негізгі құралдар дегеніміз – материалдық және материалдық емес
өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге қасиетін, қалпын
жоймай сақтап пайдаланатын материалдық активтер.
Негізгі құралдар – ұзақ мерзімге пайдаланатын (1 жылдан артық)
материалдық активтер, яғни, материалдық өндіріс сферасында және материалдық
өндірістен тыс сферада қолданылатын активтер.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді (1 жылдан артық).
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталынады. Олар
бухгалтерлік есепте осы бағамен есептелінеді және субъектілердің балансында
көрініс табады. Негізгі құралдар өндіріс процесінде пайдалану кезінде ұзақ
мерзімге пайдаланылып, өз құнын бірте- бірте жаңадан өндірілген өнімге
аударады. Бұл жағдайда олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрі
сақталады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге
бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар (машиналар, жабдықтар, көлік құралдары,
ғимараттар және тағы басқа) дегеніміз – мөлшері мен техникалық деңгейіне
қарай суъбектілердің техникалық жарақтандырылуына тікелей байланысты
болатын өндірістік құралдар.
Өндірістік емес негізгі құралдар – тұтынушыларға арналған құрал –
жабдықтар. Олар субъектінің мәдени – тұрмыстық (ғимараттар, коммуналдық
шаруашылық тұрғын үй, денсаулық сақтау мүлкі және тағы басқа)
қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтуге арналған.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің алдында төмендегідей
міндеттері бар:
- негізгі құралдардың есеп регистрлігі бойынша мезгілінде алынуын және
жұмыстрдың дұрыс толтырылуы;
- негізгі құралдардың тозу сомасын дұрыс анықтау және есептеу;
- істен (есептен) шығарылған негізгі құралдардың қорытынды сомасын
дәлдікпен анықтау;
- негізгі құралдардың жөнделуін, сақталуын және тиімді пайдалануын
бақылау;
Негізгі құралдар есебін жоғарыда айтылған міндеттеріне сай жүргізу
(ұйымдастыру) үшін, ғылыми түрде негізделген негізгі құралдарды бағалау
принциптерін анықтаудың, есеп регистрлері мен бастапқы құжаттардың
формаларын анықтаудың маңызы өте зор.
Негізгі құралдардың қайта бағалау үшін оған керекті көрсеткіш түрі толық
баланстық құннан алынып, оны өсу коэффицентіне көбейтеді.
Негізгі құралдарды есепке алу және пайдалану ерекшелектерінен оның
аудитінің мақсаты туындайды. Яғни, аудиттің мақсаты негігі құралдардың
сақталу орындары бойынша ішкі және сырқы қозғалыстарының құнына пайдалы
қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік
есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен
сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету
үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Негізгі құралдарды есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты
міндеті:
- негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың
қамтамасыз етілгендігін;
- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың
жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша
топталғандығын;
- есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;
- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс
көрсетіліп құжатталғандығын;
- есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп
құжатталғандығын;
- негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;
- бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі
құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс
көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын
бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді.Оларды
сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге
міндетті. Ол үшін шарушылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың
сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның
тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды
жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын;негізгі құралдардың
сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының
тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында
түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын
және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негігі құралдардың кем шығу,
жоғалған , бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай
әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті.
Негізгі құралдарды, аудитордың бағдарлама көрсетіп отырғандай, алдымен
олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 2410(12) Негізгі
құралдар, 2421(13) Негізгі құралдардың тозуы бөлімшелерінің құрамына
енген синтетикалық шоттарындағы қалдықтарының Бас кітаптағы басқа есеп
регистрларындағы, машинжазбалардағы көрсетілген мәліметтермен және
аналитиқалық есеп шоттарындағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы
синтетикалық есеп шоттарындағы мәліметтерімен сәйкестігін анықтау қажет.
Олардың есепті кезеңдегі бастапқы және соңғы қалдықтары айлық айналымдары
сәйкес келуі керек. Мәліметтерінде ауытқулар кездескен жағдайда, себебін
анықтау үшін субъектіге негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді ұсыну керек.
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының аудиті
Негізгі құрал өндіріс процесінде қатысумен, жылдар мерзімімен
әсерінің, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесі де біртіндеп
тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық), (заман
талабына сай келмеуі). Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс
процесінде қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей
қатыспай-ақ сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны)
пайда болады. Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық
прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып
келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі
құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай,
пайдаланудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып,
құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың
барынша жаңа неғұрлым жетілдірілген үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе
жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен
сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдалынып жүрген негізгі
құралдардың бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды:
өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды
неғұрлым жаңа өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті
жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы жабдықтар
жарамайды; шығарылатын өнімнің номенкулатурасын өзгерткенде және
жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал жабдықтар жарамсыз болып табылады)
жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі,
өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және
пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі
мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін
шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін
салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. Моральдық
тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-
жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне
ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал жабдықтар
объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем
туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер
көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа құралдар
моральдық тозуға ұшырайды. Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) –
тозудың құндық көрінісін білдіреді. Алтыншы “Негізгі құралдардың есебі”
бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет
еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығыстық ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу
келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күніменен басталады, ал шығып
кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады. Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар
бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің)
құнына толықтай ауысқаннан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта
жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация
есептелінбейді. Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші
немесе құралдар бойынша амортизация есептелінбейді; жер, өнім беретін
малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен
өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары. Негізгі құралдардың тозуын
есептеу үшін 13 “Негізгі құралдардың тозуы” бөлімшесінің мынадай
синтетикалық шоттары: 131“Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 132 “Машиналар
мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктерінің тозуы”, 133 “Көлік құралдарының
тозуы”, 134 “Басқа негізгі құралдардың тозуы” пайдаланылады. Жоғарыда
көрсетілген шоттардың әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1
“Меншікті негізгі құралдардың тозуы” және 2 “Ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құралдардың тозуы”. 12-ші бөлімшенің шотттарында (122-125 шоттар)
есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизацияны
есептелген кезде шоттардың келесі корреспонденциясы жасалынады, ол төменде
келтіріледі.
№ Шаруашылық операция мазмұны Сомасы, Шоттар
теңге корреспонденция
сы
дебет кредит
1 Қолданыстағы негізгі құралдар бойынша
есептелген амортизациясы:
- негізгі өндіріс цехтарында пайдаланған 540 000 935
негізгі құралдардың амортизациясы 131-134
технологиялық құрал жабдықтар;
- көмекші өнідіріс бойынша 197 000 935
131-134
2 Негізгі құралдар бойынша есептелген
амортизациясы:
а) жалпы өндіріс цехтарында есептелген
амортизациясы 398 000 935
131-134
б) басқару әкімшілігіндегі объектілерінде293 000 821
есептелген амотизациясы 131-134
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша аморизациялық
аударымдарды жалға алады. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының есебін
жүргізуші 126, 935, 946, 821 шоттардың дебетінде және 13-ші бөлімшенің 131,
132, 1333, 134 шоттарының 2-ші “Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдардың тозуы” деп аталатын аралық шотының кредитінде көрініс табады.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 2-ші “Ұзақ
мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы” деген аралық шотының
дебеті бойынша және 13-ші бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша
көрсетіледі. Негізгі құралдардың аморизациясын есептеудің әртүрлі әдістері
бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
дербес тұрғыда өздерінің есеп саясатында аморизацияны есептеудің тәсілі
бойынша жасалынады, олар:
– құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
– құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорциональды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
– жеделдетіп есептен шығару;
– қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
– құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Көбінесе негізгі құралдарпдың сақталуына көңіл бөлінеді, ал кей
жағдайларда оларды пайдалану тиімділігіне қарайды. Кәсіпорында олардың
жағдайы оншалықты қызықтыра қоймайды, біріқ бәсекелестік жағдайына келгенде
жақсы бағаланады, оның сомасы емес оларды айдалану тиімділігі, яғни
қаншалықты қолдануға болатындығы, моральді ескірген және тозу, олардың өнім
өдіру қабілеті, әлемдік техника – технологияның техника – экономикалық
мәселелерін шеше алатындығы. Сонымен қатар, есептілік кезеңінде қандай да
бір жаңалақтарға жету үшін, кәсіпорын аудиторы қалыпты және қатаң түрде
жаңару коэффицентін анықтайды, сондықтан барлық филиалдар мен бөлімшелерді
жекелей осы көрсеткіштермен есептеп және кәсіпорын басшысына тексеру
есептілігінде көрсету керек.
Негізгі құралдар жағдайының көрсеткіштері:
- тозу коэффициенті;
- жарамдылық коэффициенті;
- жаңару коэффициенті;
- моральді шығару коэффициенті;
- қор қайтарымдылығы;
- қор сыймдылығы;
- қор ауысымдылығы;
- қор қарулануы.
амортизация
сомасы
1. Орташа шығару коэффициенті =
НҚ бастапқы құны
НҚ қалдық құны
2. Жарамдылық коэффициенті = НҚ бастапқы құны
НҚ қолдануының
басталуы(есептілік кезеңінде)
3. Жаңару коэффициенті =
барлық НҚ
құны (есептілік кезең соңына)
4. Негізгі құралдардың моральдық тозу
Негізгі құралдардың моральді тозуы олардың бастапқы құының төмендеуіне
алып келеді.
Өнімді өндіру көлемі
5. Қор қайтарымдылығы =
Негізігі өндірістік құралдар
орташажылдық баланстық құн
Бір күнде өңделегендер саны
сағат - станоктар
6. Қор ауысымдылығы =
Жалпы станоктар саны
әрекет етіп тұрған өндірістік НҚ
орташа жылдық құны
7. Қор қарулануы =
жұмысшылар аусымының орташа саны
Сақталу көрсеткіші жүйелік бухгалтерлік есепте негізгі құрал
объектілерді тіркеу және қорытындылау арқылы қамтамасыз етіледі, онда әр
объектінің техникалық және экономикалық сипаттамасы, орналасу орны,
бастапқы құны, қайта бағалау бойынша мәліметтері, және де негізгі
құралдардың объектілерінің сақталуына және жағдайына жауапты тұлғалар
көрсетіледі. Негізгі құралдардың нақты жағдайын кәсіпорынның аудиторы
білгісі келсе түгендеуді жүргізу жолымен немесе жақын уақытта филиалдарда,
кәсіпорынның бөлімшелерінде жүргізілген түгендеу нәтижелерін қолдану арқылы
жүзеге асыра алады (егер кәсіпорынның аудиторы бұл материалдарға сенімді
болса). Тексеру барысында аудитор негізгі құралдардың объектілерінің нақты
бір қызметкерге бұйрықпен немесе өкіммен бекітілуін, негізгі құралдардың
есеп карточкаларының сақтау жағдайын тексереді.
Іс – тәжірибеде құрылтайшылық салым ретінде негізгі құралдарды (НҚ),
материалды емес активтерді (МЕА) және тауарлы – материалдық құндылықтарды
(ТМҚ) салады, бірақ бұл шаруашылық операцияларды инвнстиция және капитплды
қалыптыстыру циклінде есепке алу жағдайлары кездеседі. Сонымен қатар,
оларды НҚ, МЕА, ТМҚ қалыптастырудың бір бағыты ретінде сатып алу циклінде
да есепке алуға болады. Бұл кезде әр қатысушыныңқұрылтайшылық салымның
сомасына ерекше көңіл бөлу керек, одна кейін НҚ, МЕА, ТМҚ қабылдаумен
байланысты операциялардың заңдылығын тексереді, сонымен қатар
лицензияларының сәйкестігін өкілетті мекемелерде дұрыс бағалануын
тексереді. Бұдан басқа, қабылданған активтердің кәсіпорнын профиліне сай
келетіндігін анықтау керек. Одан кейін, бухгалтерлік есептің шоттарына
кіріс бойынша көрсеткіштердің дұрыстығы, бастапқы және жинақтаушы
құжаттарды дұрыс көрсетілуін, егер ол ТМҚ болса, онда қандай қоймадағы есеп
бойынша рәсімделгендігі тексеріледі.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы
әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана
тәсілі пайдаланады. Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің
есептік саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан еккінші бір
есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін
болса, онда оның себебін ашу керек. Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың
есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады. Негізгі
құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу
әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс
шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі
құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып
келеді. Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:
– қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің
жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланыстыболып келеді
(жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін
әсері т.б.);
– Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі
белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы,
жүк автокөлігінің бастапқы құны – 100000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен
кейін оның жойылу құны 10000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл
сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнының 20% құрайды
немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула
бойынша есептелінеді.
Бастапқы құн – жойылу құны 100 000 – 10 000
----------------------------------- ---- = --------------------- =
18000
пайдалану мерзімі 5 жыл
Осыған сәйкес ай сайынға амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады
(18000:12).
Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып
топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінң
пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне
пропорциональды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың
тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және
оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда
сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік,
ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге
есептелінетін аморизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.
Бастапқы құн – жойылу құны
----------------------------------- --- =
(100 000 – 10 000): 900000 км =0,10 теңге
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде
ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу
тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды
пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе
ғана пайдаланады.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс
өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері
бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің
өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың
өзі екі талай.
Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады: а) кумулятитвтік
әдісі; ә) азайып отыратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда – өсу, жиналу деген мағынаны
білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді,
демек объектінің қызмет етуіндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
Мысалы, автокөліктің болжамдық қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы
объектінің бастапқы құнының 5:15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші
жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы 2:15, бесінші жылы 1:15
бөлігіне. Жыл сайынға амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының
қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін – 5, екінші жыл үшін – 4, үшінші
жыл үшін – 3, төртінші жыл үшін – 2, бесінші жыл үшін – 1 болатын бөлшек
саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құнға (90000
теңге) көбейту арқылы жыл сайынғы аморизациялық соманы анықтайды.
Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдісте кумулятивтік әдістің
принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын
қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда
айтылған автокөліктің қызмет ету (пайдаланудың) мерзімі бес жыл. Бірқалыпты
үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20% болады (100% :5). Екі
еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде
амортизациялау нормасы мынаған тең 40% (20% х2) болады. Бұл белгіленген
ставка (40% ) қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады. Қалдық құнды
азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды
есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады. Халықаралық
практикада баяу амортизация деп аталатын әдіс бар, мысалыға, күрделі
пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл
әдістің мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдаланудың бірінші
жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол
біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы
және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.
Амортизацияны есептеу 1999 жылдың бірінші қаңтарынан басталған.
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша
есептелінеді: 15х (15+1) 2 =120.
3. Негізгі құралдарды кіріске алу, түгендеу аудиті
Негізгі құралдар аудитін жүргізу барысында объектілердің түсуін
есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстылығы тұрғысынан тексерілуі
қажет. Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор
операцияларының қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі,
салық салу қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен
операцияларын типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде
дербес анықтайды.
Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес
операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар
объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың
толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың
техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі.
Негізгі құралдарды есепке алған кезде олардың қозғалысы келесідей
стандартты құжаттар көмегімен рәсімделеді:
1. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі.
Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның
біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін
мамандар енуі керек.
Бұл форма негізгі құралдар құрамына олардың эксплуатацияға енуін
есепке алу үшін жеке объектілердің енгізілуі кезінде, негізгі құралдар
құрамынан басқа кәсіпорынға берілетін объектілерді алып тастау үшін,
сонымен қатар, негізгі құралдардың ішкі қозғалысын рәсімдеуде қолданылады.
Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде
кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (Ф. NOC-1)
толтырылғаннан кейін, осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге
бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы
немесе өкілетті тұлға бекітеді.
2. Жөндеуден, қайта жөндеуден өткізілген және жаңартылып
жетілдірілген объектілердің қабылдау-тапсыру актісі.
Негізгі құралдарды жөндеуден, күрделі қайта жөндеуден, жаңартудан
қабылдауды және сәйкесінше тапсыруды рәсімдеуге қолданылады.
Расталған актіні бухгалтерияға өткізгеннен кейін негізгі құралдар
есебінің инвентарлық карточкасында сәйкес белгі соғылады.
3. Негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкасы.
Ол негізгі құралдардың барлық түрлерінің есебін жүргізуге арналған.
Карточкаларды бухгалтерияда әр объект бойынша жүргізеді; акт негізінде
немесе техникалық құжаттар негізінде бір данада толтырылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы деген бөлімде оның негізгі
сапалық және сандық көрсеткіштері жазылады.
4. Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы. Бұл
форма негізгі құралдардың аналитикалық есебі кезінде ашылатын инвнтарлық
карточкаларды тіркеуге арналған.
Жазбаларды негізгі құралдардың сыныпталған топтары бойынша жүргізеді.
5. Негізгі құралдар қозғалысын есепке алу карточкасы.
Инвентарлық карточка мәліметтері негізінде жүзеге асады.
6. Негізгі құралдардың инвентарлық тізімі (олардың эксплуатацияға
орналасуы бойынша). Бұл формада материалды жауапты тұлғалар бойынша негізгі
құралдардың тұрған жерінде әр объектінің есебі жүргізіледі. Аудитор
міндетіне кіріс құжаттарына барлық деректемелердің, инвентарлық
объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың нөмірі, күші), оның
толықтылығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру енеді.
Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен жағдайда
аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың дұрыстығын,
қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.
Негізгі құралдардың есебінің жағдайын тексеру барысында аналитикалық
есептің дұрыс ұйымдастырылуына көз жеткізу керек; негізгі құралдардың
барлығы материалды жауапты тұлғаға жүктелген ба; соңғы түгендеу дұрыс
жүргізілген ба, нәтижелері қандай және олар есепте көрсетілген ба; есептік
мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу керек.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі инвентарлық карточкаларда
жүргізіледі. Ол есептік жұмыстың еңбек сыйымдылығын төмендетеді, негізгі
құралдарды топтастыруға мүмкіндік береді, есетік процесті автоматтандыруға
мүмкіндік береді, және негізгі құралдардың жекелеген объектілері жөнінде
ақпараттар алуды жеңілдетеді.
Аудитор негізгі құралдардың жекелеген және топтастырылған есебінің
карточкаларының дұрыс жүргізілуін тексеруі керек. Карточкалардың барлық
реквизиттерінің дұрыс және уақытылы жасалғанына үлкен көңіл бөлу керек.
Инвентарлық карточкалардың санын тексеру керек. Жетіспеушілік
байқалған жағдайда себебін анықтап, инвентарлық карточкасы жоқ
объектілердің түгелдігіне көз жеткізіп, негізгі құралдардың әр объектісі
бойынша аналитикалық есебін қалпына келтіруді ұсыну керек.
Аналитикалық және синтетикалық есептер арасында сәйкес келмеушіліктер
байқалған жағдайда олардың себебін, кінәлі тұлғаларды анықтап, салдарын
көрсетіп, бұл кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу керек.
Инвентарлық карточкадағы мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу
керек. Ол үшін құралдардың жекелеген түрлері бойынша таңдамалы тексеріс
жүргізу керек.
Негізгі құралдардың сақтығын қамтамасыз ететін маңызды жағдай болып
олардың сапалы түрде түгендеуден өтуі табылады. Сондықтан, бақылау кезінде
оның толықтылығы мен уақытылылығын, нәтижесінің бухгалтерлік есепте дұрыс
көрсетілгендігін тексеру керек. Бұл аудиторға аудиторлық тәуекелділікті
төмендетуге көмек береді.
Негізгі құралдар саны ондац көп болмаса аудитор жаппай тексеріс
жүргізуіне болады. Жыл соңына қарай түскен құралдарға ерекше көңіл бөлу
керек.
Түгендеудің барлық материалдарын зерттеу негізінде оған қорытынды
беріліп, есебін жетілдіру туралы ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, ҚР
Үкіметімен қарастырылған мүлікті қайта бағалау жүргізілді ма, объектілердің
баланстық құнын есептеу коэффициентінің дұрыс қолданылуын тексеру керек.
Негізгі құралдардың дұрыс бағалануын тексеру қажет. Ұйымға жаңадан
келіп түскен негізгі құралдар құрылысына, сатып алуға, жеткізуге,
монтаждауға, құруға кеткен шығындары және жобалық –сметалық құжат құны
кіретін бастапқы құны бойынша есепке алынады. Эксплуатацияда болған негізгі
құралдар сатып алу құны мен жеткізуге, құруға кеткен шығындар және тозу
сомасының қосынды сомасы арқылы кірістеледі.
Капиталдық салымдар арқылы жүзеге асқан объектілердің қосымша
құрылысы мен жабдықталуын сонымен қатар, тиісті ережелерге сай негізгі
құралдардың қайта бағалануын ескермегенде, негізгі құралдардың бастапқы
сомасы өзгертілмейді.

Ішкі аудит барысында аудиторлық дәлелдерді жинау кезінде талдамалы
процедуралардың орны айырықша кәсіпорында қаржылық экономика көрсеткіштері
арасында: анықтау, бағалау, тексеру және олардың өзара байланысын
анықтаудан тұрады. Талдамалы процедураларының негізгі мақсаты – шаруашылық
қазметтің нәтижелерін және әлеуетті (потенциалды) тәуекелділігінің көлемін
анықтайтын әдеттегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz