Ата заңның аясында


Жоспар:
Кіріспе
І. Негізгі бөліғм. Ата заңның аясында
1. 1. Еліміздің негізгі заңы - Конституция
1. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығынан
1. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ата заңы
Еліміздің соңғы жылдарда жүріп өткен жолының ең басты нәтижесі не дегенде, барлығымыздың тәубе ететініміз- тәуелсіздігімізді сақтап қалғанымыз, оны саяси тұрғыдан баянды ете алғанымыз болса керек. Әлемдегі талай елдер сияқты тәуелсіздікке соқтықпалы, соқпақсыз ұзақ жолмен, аңсап жүріп, әрең қол жеткіздік. Бұл азаматтық үшін алысқан мың- мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл табиғатында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халқымыз пейілінің қайырлы қайтарымы дер едік.
Тәуелсіздік жолындағы күрес тарихын таразыласақ, бүгінгі жемісіміз- берік конституциямыз екені анық. 1995жылғы Ата заңымызды күнделікті өмірде оқып үйрену, оның барлық бөлімдерінің басты-басты қағидаларының ғылыми байыптамаларымен мұқият танысу әр Қазақстан азаматының парызы. 1995 жылғы 30 тамызда референдумда қабылданған, міне, 13 жыл бойы қолданылып келе жатқан Қазақстан Республикасы Конституциясының әрбір әріпі астарында қандай мән-мағына барын байсалдықпен бағалауға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сондай-ақ осынау ресми текстің рухын қазақстандықтарға терең түсіндіруге де даңғыл жол ашады деп ойлаймын. Жаңа қабылданған Конституция бойынша әркімнің негізгі бір міндеті Ата Заңды және соның негізінде қабылданған заңдарын сақтау болып табылады.
1995 жылғы Конституция республика тарихындағы тұңғыш Конституция емес. Қазақстанның жаңаша тарихында төрт рет яғни, - 1926, 1937, 1978 және 1993 жылдары қабылданды. Осылардың ішінде 1993 жылғы қабылданған конституцияның орны ерекше екенін атап өту керек. Өйткені,
1. Тәуелсіз ел ретінде қабылданған тұңғыш Конституция
2. Мемлекеттік рәміздер туралы;
3. Ұлттық теңгеміз тағы да басқа ел тарихындағы тұңғыш ұғымдар туралы жарғылар енгізілген конституция екені даусыз.
Негізінде, біздің қазақ заңға катты бағынатын халық. Осы орайда бізге кей кездері «Осы біздің халықта әдет-ғұрыптардың, жарғы-заңдардың бұлжытпай орыңдалу себебі неде?» деген ой келді. Соған байланысты өткен-кеткенімізді зерделей карағанымызда олардың бәрінің берік сакталуына ең алдымен қазақ халқынын түрлі заңдардын нығаюына орай жөн-жоралғылар шығаруы себеп болды. Осы тақырыптың өзекті мәселелерін қарастыра отырып мынадай міндеттерді назарға алдым:
- Қазақстан Республикасы Контитуциясының мән-мағына барын бағалау;
- Ресми тексттің рухын қазақстандықтарға терең түсіндіруге жол ашу;
- Ата Заңды және соның негізінде қабылданған заңдарын сақтау;
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы деген атпен бұрынғы Кеңестік
I Бөлім. Ата заңның аясында
1. 1. Еліміздің негізгі заңы - Конституция.
Еліміздің Негізгі Заңы - Конституциямыз 1995 жылдың 30-тамызында республика бойынша жалпы-халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Осы Ата Заңымыздын аясында егемен еліміздің буыны бекіп, іргесі қатайып, бұл күндері төрткүл дүниеге мәшһүр болып отыр. Конституцияға сай әрбір республика азаматына төменгі мөлшерде жалақы, жасына карай зейнетақы беріліп, ауыра қалған жағдайда, сондай-ақ асыраушысынан айрылғанда мүгедектік жәрдемақы тағайындалып, ә леуметтік кызмет көрсетіледі. Денсаулығын сактауға, ол үшін медициналык тегін көмек алуға құкылы. Мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға мүмкіндік жасалынған. Ал орта білім алу - әрбір жасөспірімнің міндеті.
Жуырда Ата Заңымызға ішінара өзгерістер енгізілді. Атап айтатын болсақ, 42-баптың «Президент» 3-бөліміне енгізілген өзгеріс тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзі бастаған елімізде саяси-экономикалық білімді қамтамасыз ету және республикамызды әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына енгізу, демократиялық мемлекет болып түбегейлі қалыптасу ісін жалғастыру үшін тарихи мүмкіндік береді.
Конституцияның 56-57-баптарына енгізілген өзгерістер К. Р Парламенті Мәжілісінің өкілеттілігін белгілі дәрежеде кеңейтуге жол ашты. Енді заң шығарушы Төменгі палата жалпы депутаттар санының көпшілік даусымен Президентке Премьер-министрді тағайындауға келісімін береді. Сонымен катар, Парламенттің әр палатасы бір-бірінің катысуынсыз дербес түрде Конституциялык Кеңеске 2 мүше, Орталық сайлау комиссиясына 5 жыл мерзімге 2 мүше тағайындай алады.
Теменгі палата депутаттары Премьер-министрдің кандидатурасына келісім берумен катар, оны кері қайтарып алу жөнінде мемлекет басшысына ұсыныс жасауға құкылы. Мұның өзі Мәжіліс депутаттары өкілеттілігінің Конституция берген пәрменділігін білдірсе керек.
КР Конституциясына енгізілген тағы бір өзгеріс - Парламент Мәжілісінің 9 депутатының Казакстан халқы Ассамблеясынан сайланатындығы. Бұл еліміздің өміріндегі соны жаңалықтардың бірі. Елімізде тұрақты тұратын өзге ұлт өкілдерінің мемлекетті баскару ісіне қатысуына, түрлі заңдарды кабылдауға атсалысуына және өз халкының мүдделерін реті келгенде жоғарғы орындарға жеткізуіне мүмкіндік туғызады. Бұл - Қазақстанның демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет екендігінің жарқын көрінісі болса керек.
Дәл осы жерде, Мемлекеттік рәміздеріміз туралы жарғыға тоқталып өтсем. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша Мемлекеттік рәміздер туралы Президент жарғысы төмендегідей:
1. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығынан.
«Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы» 1993 жлығы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 9- бабын іске асыру мақсатында осы жарлықты шығарамын.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні болып табылады;
2-бап. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының бейнесі (сызба және түрлі-түсті бейнелер қоса беріледі) .
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі (ақ- қара және түрлі- түсті бейнелер қоса беріледі) .
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні (қоса беріледі) .
3- бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау белгіленген заң тәртібіне сәйкес рұқсат болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін қастерлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін қорлауға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
1. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛКЕТТІК ТУЫ
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы- 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.
5- бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мынандай жерлерде тігіледі немесе орнатылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясының, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокураторасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің ғимараттарында- ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кабинетінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің кабинетінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісінің сессия (бірлескен және бөлек) отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сессиялары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, оның алқалары мен басқа да соттарының сот мәжілісі залдарында, сондай-ақ дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркейтін орын-жайларда-ұдайы;
3) егер бұл халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе орын-жайларда;
4) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;
5) белгіленген тәртіппен тіркелген кемелердің бұлқынындағы ту ретінде;
6) Қазақстан Республикасының әскери корабльдері мен кемелерінде- әскери жарғыларға сәйкес;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Республикалық ұланының әскери құрамалары мен бөлімшелерінде - ант қабылдау кезінде;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі күні және мереке күндері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының бейнесі Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде орнатылады.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының өзге де ретте міндетті түрде тігілуі немесе орнатылуы көзделуі мүмкін.
6-бап. Ұлттық азаға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тұғырдың биіктігінің жарты деңгейіне ұлттық аза тұту мерзімі бойынша төмен түсіріледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының көшірме бейнесі, көлеміне қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталонының түрлі-түсті немесе ақ-қара бейнесіне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.
8- бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясының, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ғимараттарында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Республикалық ұланының құрамалары мен бөлімдерінің штабтарының, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері мен консулдық мекемелерінің ғимараттарында;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кабинетінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының сессия (бірлескен және бөлек) отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен оның Төралқасының отырыстары, Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының сессиялары өткізілетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, оның алқалары мен басқа да соттарының сот отырысы залдарында, дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркеу орындарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкімет наградалары тапсырылатын орын-жайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қабылдау залдарында;
3) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның Палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен оның Аппаратының, Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокураторасының, Қазақстан Республикасының заңдары мен мөрлеріне және құжаттарының бланкілеріне елтаңбаның бейнесін орналастыру құқығы берілген;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен тиын ақшаларында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақшалай-заттай лотерея билеттерінде;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін басқа да төлқұжаттарда;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында орналастырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнесінің көшірмесін орналастырудың басқа да реттері көзделуі мүмкін.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
9- бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні:
1) Қазақстан Республикасы Парламентінің сессияларын ашу және жабу кезінде;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz