Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы


Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек
тәрбиесі туралы (1499-1551)
Белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен Орта Азияға тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын - "Тарихи Рашидидің", "Джаханнама" дастанының авторы.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың балалық шағы Темір әулеті мемлекеттерінің күйреуі, Моғалстанның ыдырауы және қазақ хандығының өркендеу дәуірімен тұтас келеді. Сұлтан Махмуд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның фердалдық соғыстары кезінде, туыстары, оны Кабулдағы Бабырға жібереді. Бабырдың айтуы бойынша Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақта білімді адам болған. Сол кездегі саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия, Моғолстанның өткен тарихын, әсіресе халықтың дәстүрін, оқу-ағарту мәселелерін, тәрбие тағылымдарын жақсы білген. Тәрбиені "Бабырнама" негізінде құрды, ең бастысы тарихын, сол дәуірдегі әрбір халықтың ұлт-дәстүрін, қоғамдық-құрылысты, тарихи - тәжірбиені, саяси-ақуалды, ұлттық тәрбиені - халықтық педагогика сол кездегі ата-бабалық тәрбие деп түсінгені негізінде жүргізуді уағыздаған.
1541-1546 жылдары Кашмирде "Тарихи Рашидиді" жазды. Ол бұл еңбегіңде қазақтардың өз тайпасы Дулаттардың өткені жайлы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әңгімелер, алғашқы қоғамдағы еңбек процесінің құрылғандығы, феодалдық қоғамдағы таптық тәрбиенің пайда болуы, Моғолдардың аңызы, туралы жырлар, Моғол хандарының әлеуметтік-тәрбиелік үстемдігімен хандардың оқу, тәрбие ісіндегі дара ерекшеліктері, олардың еңбек бөлінісі, дәуірдің тәрбиелік ерекшеліктері қарастырылды. Әсіресе, еңбек, еңбек ету, еңбек тәрбиесі туралы бұрынғы тәжірбиелер мен соңғы деректердің тарихи және тәрбиелік мәні келтірілді, еңбек парсы тілінде жазылған. Автор өзінен бұрынғы белгілі ғалымдар - Жувейнидің, Жамал Қаршидің, Рашид ад-дидің, Ходдолла Казвинидің, Шарафаддин Әли Иоздидің, Абдуразақ Самарханидің т/б. тарихи шығармаларын пайдаланды. Олардың әрқайсысының өмір сүрген дәуірінде еңбек ету, еңбек тәрбиесінің қойылысына, еңбектің қоғамдағы орнына талдау жасаған. "Тарихи Рашиди де" қазақ хандығының құрылғаны және одан кейінгі Жетісу мен Дешті қыпшақтағы оқиғалар, тарихи тәжірибе мен тәрбие тағылымдары, сол кездегі педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен дамуы талданып жазылады. Сондай-ақ, еңбекте Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтар мен қырғыздардың, өзбектермен достастық одағының қалыптасуы мұндағы саяси оқиғалар, жеке адам санасының қалыптасуындағы тәрбиенің атқаратын ролі жайлы көптеген мағлұматтар келтіріледі. Мұхаммед Хайдар "Тарихи Рашидиде" еңбек пен еңбек тәрбиесін жеке адамды қалыптастырумен ұштастыра қарастырды ол өзінің дәлелдеулеріңде - жеке адамды қалыптастыру еңбек пен еңбек тәрбиесінің нәтижесі дей келіп, "Жеке адам болу дегеніміз - өзін азаматың адамы ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игілікгерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасына, күнделікті тұрмысқа енгізу - дейді. Хайдар - тәрбие адамды ақылдыққа адамгершілікке үйретеді, адамгершілік пен-ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы ұғымдарын енгізді. Сондай-ақ ол өз еңбегінде «Жеке адам болмыстың жаңа формасы жөніндегі өз халқының жасампаз істерін, бұхараның творчествосына белсенді және саналы түрде қатысатын, қоғамға пайдалы болуға деген ішкі қажеттілікті сезінетін адамды айтамыз» деген тұжырым жасады. Хайдар Дулатидың осы пікірлеріне орай Шығыс тарихының докторы, Леиинградтық ғалым - академик Бартольд - Василий Владимирович өзінің «Хайдар мырза» - деген еңбегінде былай деп көрсетті. "Хайдар Дулати әл-Фкрабидан кейінгі еңбек пен еңбек тәрбиесінің негізін салды, қоғамдағы еңбек пен еңбек тәрбиесі аса құнды да пайдалы категориялар, Хайдар әрбір жеке адамның еңбек тәрбиесі арқылы биікке көтерілуі тиіс екенін дәлелдеп берді.
БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1668-1781)
Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар өсерлілігімен, кездегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көпмағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. (М. Мағауин. )
XVIII ғасырдағы тарихи жағдай. XVIII ғасырдағы- қазақ халқының тарихындағы өте бір ауыр кезең. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу мақсатымен талай рет шабуыл жасаған. Сол шабуылдарының ең күштісі, ең үлкені 1723 жылы болды. Бұл жорықтың салдарынан сол жылы қазақ халқы жойқын қырғынға, қисапсыз күйзелушілікке ұшырады. Қара құрттай қаптаған қалмақтың қалың қолының тұтқиылдан жасаған мейлінше қатал, жойқын шабуылына төтеп бере алмай, соғыста қатты жеңіліс тапқан қазақ рулары үй-жайын, мекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Ол кезең "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп аталады.
Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген - Қанжығалы Бөгенбай батырдың қолы. "Қалмақ қолы жеңілмейді-мыс" деген жалған лақаптың осыдан кейін күлі көкке ұшады. 1726 жылы Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар қатты жеңіліп, қырғынға ұшырайды. Одан кейінгі үлкен бір айқас 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде болады. Бұл жолы да қазақ қолы жеңеді.
1741 жылы қалмақтар қайта шабуыл жасап, қазақтарды тағы да көп қырғынға ұшыратып, көптеген адамдарын тұтқынға алады.
Қазақтар Ресей патшалығының көмегімен 1743 жылы тұтқындарын босатып, әр түрлі дипломатиялық қарым-қатынастар жасау арқылы 1755 жылға жетеді. Сол жылы Жоңғар қалмақтарына Қытай шабуыл жасайды. Осыны пайдаланып, қазақтар ақырғы рет қалмаққа тойтара соққы беріп, 1723-1741 жылдар арасында айырылған жерлерін түгелдей қайтарып алады. Сөйтіп, қалмақтарды Алтайдың шекарасына дейін айдап салады.
Осындай қиын-қыстау заманда туып, авторының атын сақтаған өлең-жырлардың бір алуаны Бұқар жыраудың есімімен байланысты. Бұқар жырау - XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі.
Өмірі және жыраулық өнері. Бұқардың өз әкесі - Қалқаман батыр. Бұқар жырау Баянауылда туып, Далба тауында дүние салған (қазіргі Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы) . Оның ұрпақтары да осы маңда өмір сүріп жатыр.
Бұқар - XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың тұстасы, Абылайдан жасы үлкен. Ол Абылайға: "Абылайшам", "Абылайша" деп сөйлейді екен.
Бұқар - халқының, елінің тағдырына қабырғасы қайысып, парасатты ой түйген жырау, қазақтын ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар - аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатерді, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан жырау.
Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін философ ақын Бұқардың есімі де халық сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленді. Қарағанды қаласының ең бір үлкен көшесіне, бір ауданына Бұқар жырау есімі берілді. Жыраудың дүние салған жеріне оның ұрпақтары зәулім күмбез тұрғызған.
XVIII ғасырдағы бізге мәлім ақындардың ішінде әлеуметтік мәселелерді көбінесе басымырақ жыр еткен ақын - Бұқар. Ол өз кезіндегі әр алуан қоғамдық мәні зор мәселелерге үн қосып, өзінің көзқарасын білдіріп отырған.
Бұқар жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол хат білген адам болса керек.
Бірақ оның "Керей, қайда барасың?", "Айналасын жер тұтқан", "Бірінші тілек тілеңіз", "Жал-құйрығы қаба деп", "Асқар таудың өлгені", "Ей, Абылай, Абылай!", "Сен он бір жасыңда", "Қалданменен ұрысып", "Көрілік", т. б. өлеңдерінін бәрі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен.
Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген - белгілі ғұлама, фольклорист әрі ділмар ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ол Бұқардың шығармашылық өнерін аса жоғары бағалаған.
Жырау - жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді. Өз жанынан еш нәрсе шығармай-ақ біреудің шығарғанын жаттап алып та оның жыршы атануы мүмкін.
Жырау - әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бір белгілі өлшемге жататын өлеңді жыраулардың өздері шығаратын болуы шарт. Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сүлу шешен сөздер, нақыл сөздер болып келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәнісіндегі жырау атағына ие болады.
Жалпы жыраулардың өлең құрылысы тәрізді Бұқар өлеңдері де ылғи толғаулардан тұрады. Толғау - заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын үгіт, дидактикалық өлеңдер. Жыраулар қоғамдық мәні бар үлкен-үлкен тақырыпты алады да, аз сөзге көп мағына сыйғызып, өмір құбылыстарын кеңінен шолады, онда жақсақ ой болмайды. Толғауда ой желісі үзілмейді, пікірі тұтас, бір қазықтың айналасына түйіледі. Ой жүйесінде шашырандылық жоқ кесек. Дауыл да, шешуін де өзі айтады.
Бұқар жырлары әлеуметтік мәселелерге арналған әрі олар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты туған. Оның толғаулары ой тереңдігімен, білгірлік-парасаттылығымен, аз сөзбен көп мағына бере алуымен ерек-шеленеді. Бұқардың ақындығы философиялық толғауларында айрықша байқалады.
Көргені көп, тоқығаны, түйгені мол жырау өмір құбылыстарына іштей бойлап, замана жайын терендей зерттеп, кейінгіге өнеге боларлық толғаулар қалдырған. Үлгі-өрнекке толы жырау нақылдары күні бүгінге дейін ел аузында.
Бұқар поэзиясы - қазақ әдебиеті тарихында дидактикалык поэзияның жақсы үлгісі. Ол қазақ әдебиетінің өзінен кейінгі дамуына үлкен шарапатын тигізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz