Елдік пен ерлік киесі



1 Тәуелсіз даму
2 Ежелгі Қаратау
3 Ұлы Мұхамбет
4 Нәрік ұлы Шора
Тәуелсіз даму – өткенді мұхият зерделемей, келешекті кеңінен болжамай, жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да қалың жұртшылық бүгінгі ұлттығымыз бен мемлекеттігіміздің тарихи бастауларына айрықша ықылас аударуда. Тек күні кеше ел жолында жан қиған боздақтарымызбен қоса ұлан-ғайыр атамекенімізді қорғап қалған бағзы бабаларымызға, рухани түрлаулығымызды қалып-тастырған ойшылдарымыз бен пірәдарларымызға ризагер ұрпақтың атынан тағзым етіп, құрмет көрсетуде. Ондай қастерлі есімдер мен мубәрак жәдігерліктер кең-байтақ еліміздің қай шалғайында да халық назарынан қақыс қалып жатқан жоқ. Далба тауында атақты Бұхар Қабанбайға Мінәжат орны салынды. Жендеттік пен шолақ белсенділік жер төмпешікке айналдырған Махамбет қабірі ат басын бұрып, іздеп барар зиярат орнына айналды. Еділ бойында Құрманғазы сағанасы еңсе көтерді. Мұндай жан қуантар жақсы құбылыстар, әсіресе, халқымыздың қай ғасырда да қасиетті қара орыны саналған ежелгі Қаратаудың екі бетінде өте көп. Күнгейі біршама көзге ілігіп, зерттеліп келсе, теріскейі енді-енді назарға іліге бастады. Ғалым Мелиоранский Шаш уалаятының бас пірәдары санаған Қызылкөл маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіздің күмбезі жаңартылды. Тұран даласында мұсылман дінін таратуда тиянақ бекеті болған Баба-Атаның көне ғимараттары археолог күрегі мен жәдігерлікті жаңғыртатын зерделі құрылысшы қалағын сағынып тұр.
Қыр мен Сыр арасындағы қарым-қатынастың кіндігі болган Көне Созақ шаһары әлі ат басы бұрылмаған тың тұрақ. Ол тек транзиттік сауда бекеті ғана емес, ұлттық мемлекеттілігіміздің бесігі болған саяси орталық. Оның көне топырағына көмілген құпия мен сыр әте көп. Тек кілтін тауып, қаныға білу керек. Сондай бір ыждаһатты зерделеуді талап ететін нысана – Қарабура мазары. Ол туралы ел аузында айран-асыр қалдыратын аңыз көп. Кешегі солақай заманда әулие деген сөзден ат-тонымызды ала қаштық. Олар жайында ойлануға да құлқымыз болған жоқ. Халықтың ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ерекше ықыласының сыры неде екеніне де назар аудармадық. Оны біржолата надандыққа, санадағы мешеулікке сайыдық. Ауызша мәдениет өкілдерінің ақиқаттың өзін аңызға айналдыруға мәжбүр болғанын түсінбедік. Өйтпесе, ел өмірінде елеулі маңызға ие болған небір ерекше тұлғалар мен оқиғалар әлдеқашан естен шығып кетер еді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК КИЕСІ

тарихнамалық эссе

Тәуелсіз даму – өткенді мұхият зерделемей, келешекті кеңінен болжамай,
жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да қалың жұртшылық бүгінгі ұлттығымыз бен
мемлекеттігіміздің тарихи бастауларына айрықша ықылас аударуда. Тек күні
кеше ел жолында жан қиған боздақтарымызбен қоса ұлан-ғайыр атамекенімізді
қорғап қалған бағзы бабаларымызға, рухани түрлаулығымызды қалып-тастырған
ойшылдарымыз бен пірәдарларымызға ризагер ұрпақтың атынан тағзым етіп,
құрмет көрсетуде. Ондай қастерлі есімдер мен мубәрак жәдігерліктер кең-
байтақ еліміздің қай шалғайында да халық назарынан қақыс қалып жатқан жоқ.
Далба тауында атақты Бұхар Қабанбайға Мінәжат орны салынды. Жендеттік пен
шолақ белсенділік жер төмпешікке айналдырған Махамбет қабірі ат басын
бұрып, іздеп барар зиярат орнына айналды. Еділ бойында Құрманғазы сағанасы
еңсе көтерді. Мұндай жан қуантар жақсы құбылыстар, әсіресе, халқымыздың қай
ғасырда да қасиетті қара орыны саналған ежелгі Қаратаудың екі бетінде өте
көп. Күнгейі біршама көзге ілігіп, зерттеліп келсе, теріскейі енді-енді
назарға іліге бастады. Ғалым Мелиоранский Шаш уалаятының бас пірәдары
санаған Қызылкөл маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіздің күмбезі жаңартылды.
Тұран даласында мұсылман дінін таратуда тиянақ бекеті болған Баба-Атаның
көне ғимараттары археолог күрегі мен жәдігерлікті жаңғыртатын зерделі
құрылысшы қалағын сағынып тұр.
Қыр мен Сыр арасындағы қарым-қатынастың кіндігі болган Көне Созақ
шаһары әлі ат басы бұрылмаған тың тұрақ. Ол тек транзиттік сауда бекеті
ғана емес, ұлттық мемлекеттілігіміздің бесігі болған саяси орталық. Оның
көне топырағына көмілген құпия мен сыр әте көп. Тек кілтін тауып, қаныға
білу керек. Сондай бір ыждаһатты зерделеуді талап ететін нысана – Қарабура
мазары. Ол туралы ел аузында айран-асыр қалдыратын аңыз көп. Кешегі солақай
заманда әулие деген сөзден ат-тонымызды ала қаштық. Олар жайында ойлануға
да құлқымыз болған жоқ. Халықтың ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ерекше
ықыласының сыры неде екеніне де назар аудармадық. Оны біржолата надандыққа,
санадағы мешеулікке сайыдық. Ауызша мәдениет өкілдерінің ақиқаттың өзін
аңызға айналдыруға мәжбүр болғанын түсінбедік. Өйтпесе, ел өмірінде елеулі
маңызға ие болған небір ерекше тұлғалар мен оқиғалар әлдеқашан естен шығып
кетер еді.
Халық ондай ұмытылмас тұлғаларды қандай тауқымет тартса да, естерінен
шығарған жоқ, Енді соның сырына салихалықпен қарамай, әншейін көп ертегінің
бірі ғой деп салғыртсынсақ, тарихи санамыз тайыздана түспесе, молаймайды.
Онда біздің этникалық, саяси қалыптасуымыздың, әсіресе, бастапқы
кезеңдерінің қыр-сыры қалтарыста қала береді.
Ендеше, ең болмаса, аты ұранға айналып, бір тайпа елдің туына айналған
тұлғаларға байланысты ақиқаттарды аңыздан аршып алуға күш салмасақ
болмайды. Ол, әрине, бір сәтте жүзеге аса салмайды. Ұзақ уақытты, көп
әрекетті қажет етеді.
Бұл, әсіресе, қазір керек. Елдігіміз бен жер-суымызды неше қилы
таласқа салғысы келетін кертартпа солақайлық арылмай тұрғанда керек. Кеше
неге олай болғанын, бүгін неге бұлай болатынымызды да дәлелдеу үшін
өткеннің куәгерлігі керек. Сол бағзының бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа
ұласып келе жатқан жалғастығы керек.
Бәлкім, халқымыздың: Ағайын бір – әліде, бір – тіріде, – дейтіні де
сондықтан шығар. Өйткені, орасан қуаныш пен орасан қайғы жан-жағыңды
еріксіз түгендетеді. Талабың оңға басу үшін тәуекеліңе тәуекел қосар күш
керегі даусыз.
Адам ғана емес, тұтас халық та солай. Басына қиын міндет түскенде ол
да алды-артын тегіс барлап, жан-жағынан таяныш-тірек іздейді.
Біз қазір де дәл сондай өткелектің өтінде тұрмыз. Тарих бүгінгі
ұрпақтың мойнына бабаларымыздың да иығына түсе қоймаған ауыр жүк артып
отыр. Абыройлы атқарып шығу үшін өлінің шарапатына, тірінің қолғабысына
жүгінбеске шара жоқ.
Азаттық жегенің аузында, жемегенің алдыңда, қарқалазы боп шалқып
жүруге емес, болғаның мен болмағыңды, бүгінгің мен болашағыңды өзің
қарастырып, өзің қамдастырып жүру үшін керек. Кісіге қол жайып, күніңді
басқаға қаратпауың үшін керек.
Азаттықтың дәмін бір татқан оны аңсамай тұра алмайды. Аңсағанына
жетпей тынбайды.
Біз бүгін бұрын да азат болған жұрттың ұрпағы болғасын азат болып
отырмыз. Сондай дәуренді бастан кешкен бабалардың рухына сеніп, тәуекелге
бел буып отырмыз.
Ежелгі Қаратау – халқымызды жаңа бір құбылыс ретінде қалыптастырып,
қияға қанат қақтырып ұшырған құтты ұя. Теріскей мен Күнгейдің, Шығыс пен
Батыстың ортасындағы қыр арқа қырбық шоқылар жан-жақтан тарам-тарам ағылып
келген әр төркін нәсілдердің басын қосып, бір жүйектен дәм, бір жүлгеден
нәр татырып, қоян-қолтық араластырып, бір бүтінге айналдырып, қайтадан
өрелі іске жұмылдырып, өрісті жолға шығарып отырған. Біздің түп-төркініміз
болып есептелетін қай нәсіл де осындай көпті бастан кешкен. Алты жалаулы
Алаш атанғанда да осылай еттік. Үш жалаулы Алаш атанғанда да осылай еттік.
Үш жалаулы Қазақ атанғанда да да осылай еттік.
Ежелгі Қаратау соны еріксіз еске салады. Оның теріскей бетіндегі ұшан
далаға ұласар жердегі ескі Созақ шаһары да соны еске салады. Сол шаһардың
ту байлар тұлғасындай қайта бой көтерген Қарабура мазары да соны еске
салады.
Қарабура... Әлденеше ғасыр бойы ауыздан түспей келе жатқан есім.
Қиналғанда медет болар Қуат. Шамданғанда қайрат бітірер Ұран. Қалай
болғанда да, бүгінгі қазақтың ұлт болып ұйысуына ғасырлар бойы нақты үлес
қосып келе жатқан нақты құбылыс. Оның халқымыз дамудың жаңа жолына түсіп,
күллі адамзатқа танылып, жаңа заманаға көшіп жатқан тарихи кезеңде қайтадан
ауызға алынып, кеңінен ұлықталып жатуы да әбден заңды.
Қарабураны мыңдаған жандар тарихи тұлға деп, нақты адам деп, нақты
адамдардың нақты баласы деп біледі.
Бірақ оның хатқа түскен өмірбаяны жоқ. Тегі, ортасы, өмір сүрген
заманы – бәрі тек тұспалдап мөлшерленеді. Бірақ одан оның тұлғасы
аруақтанбаса, әлжуазданбайды, биіктемесе, аласармайды. Оның Қарабура атануы
да, Қожа Ахмет Жасауиды ақ жауып, арулаған, демек бір тайпа ел емес, күллі
түркі дүниесі мойындарлық рухани Пір саналуы да тегіннен-тегін емес.
Ол бір кездегі бабаларымыздың нақты тарихи тағдырларын еске салады.
Шежіреге айтқызсаңыз, ол – Тама батырдың баласы. Ал, Тама батыр атақты
Қырымның қырық батыры дастанының бір тарауы Қарадөң балалары топтамасында,
Мұрын жыраудың айтуынша, былайша өрбиді: Қарадөң батыр, оның баласы –
Жұбаныш, оның баласы – Сүйеніш, оның баласы – Ер Бегіс, оның баласы – Ер
Көгіс, (кеңде Тоғыс деп та аталады), оның баласы – Тама, одан – Тана туады.
Жырау бір топтаманы осы арадан үзіп, Нәрікхан мен оның баласы Шора батыр
туралы жеке жырлайды.
Ал қазақ аузындағы шежіреде Тамадан – Қарабура, Қарабурадан – Нәрік,
Нәріктен – Шора, Шорадан – Есенгелді, Есенгелдіден – Атамшыл, Атамшылдан –
Торым, Торымнан – Базарқұл, Базарқұлдан – Көкі, Көкіден – атақты Есет батыр
туады. Орынбор губернаторы И. Неплюевтің 1747 жылдың 8 шілдесіндегі Сыртқы
істер коллегиясына жолдаған ақпарында Есет тарханның жасы сексенде екені
айтылады, ал 1750 жылғы 5 шілдеде берілген Қырғыз Шектінің батыры
Бәйімбеттің асына қатысқанына қарағанда жасы тоқсанды тақымдап барып қайтыс
болғанға ұқсайды. Бұл мәліметке қарағанда, Есет 1667 жылы туған болып
шығады, Оның оныншы атасы болып табылатын Қарабура, шамамен, IV ғасырдың
орта шенінде өмір сүрген кісі болып шығар еді. Олай болса, қазір бір тайпа
елге атау болып отырған Тама сол XIV ғасырдың аяқ шамасында немесе XV
ғасырдың бас шамасында дүниеге келгенге ұқсар еді.
Олай болуы қисынға келе ме?
Бұған тек тарихқа сүйеніп қана жауап таба аламыз. Ал ел аузындағы
шежіреде аталатындардан нақты тарихи деректер қалдырған сүйекті тұлға –
Нәрік ұлы Шора батыр. Оның есімі жырда да, аңызда да Қазанға
байланыстырылып айтылады. Қазақтың Шора батыр және Нәріктің ұлы Шора
дастандары қазақтың тама тайпасын бір кезде Қазан маңын жайлаған ел қып
бейнелейді. Сондықтан Шора мен Нәрікханның басқа да балалары бар болғаны
114 жыл өмір сүрген Қазан хандығының тарихында өшпес із қалдырған тарихи
тұлғалар ретінде бауырлас татар халқы да зор мақтаныш тұтады.
Ендеше, бұл мәселеде көп нәрсенің түйінін шешетін
Қазан қаласын 1177 жылы бұлғарлардың Сайын деген ханы салдырған деп
есептеледі. Бұлғар мемлекетінде Сайын деген хан болды деген басқа мәлімет
жоқ. Бұл арада да Сайын деген лақап та иеленген Бату сөз болып отыруы әбден
мүмкін. Ендеше, бұл қаза Батудың ұлы Сартак үшін салдырылған деген сөздің
жаны бар болып шығады. Қайткен күнде де ол 1376 жылы Ақсақ Темір
шапқыншылығына ұшырағанға дейін назарға көп іліге қоймайды.
Қираған қаланың қайтадан қалпына келуіне Тоқтамыс ханнан кейін Қыпшақ
хандығын біршама қайтадан күшейткен Ұлы Мұхамбет хан көп әсер етеді.
Ұлы Мұхамбет – Мәскеу патшалығын қалтыратқан ең соңғы Алтын Орда ханы.
Ол 1444 жылы Нижегород пен Рязаньды шауып, Суздаль түбінде орыс әскерін тас-
талқан етіп женді. Ұлы князь Василий Васильевичті қолға түсірді. Бірақ,
кейін Алтын Ордадағы ішкі алауыздықтық Ұлы Мұхамбетке орыс падишасымен
мәмілеге келуге мәжбүр етті. Патша тұтқыннан босаған кезде Ұлы Мұхамбеттің
баласы Қасым сұлтанға Мешер өлкесін тарту етті. Көп уақытқа дейін Қасым
хандығы деп аталған жеке ұлыстың астанасы болған Қасымов хандығы деп
аталған жеке ұлыстың астанасы болған Қасымов қаласы дүниеге солай келді.
Бірақ, Тоқтамыс пен Едіге көбесін күйретіп кеткен Алтын Орда бәрібір
қалпына келе алмады. Әр тараптың сыртқы ықпалының ыңғайына жығылған
шонжарлар ішкі алауыздықты күшейтті. Қыпшақ даласында ықпалы күшейе
бастаған кіші Мұхамбет Ұлы Мұхамбетті жұмбақ жағдайда саясат сахнасынан
кетуге итермеледі. Біреулер, оны үлкен ұлы Махмутбектің қолынан қаза тапты
деседі. Біреулер кіші Мұхамбет өлтірді деседі. Біреулер, дәурені өткен
билеуші бір кезде өзі тұтқыннан босатқан орыс падишасына барып бас
сауғалады деседі.
Не де болса, Ұлы Мұхамбеттен соң Алтын Орданың қайтадан басы құралады
деген үміт азайып, оның орнында пайда болған ең үлкен Хандық – Қыпшақ
хандығының өзі тоз-тоз боп ыдырай бастады. Кіші Мұхамбет Дон мен Жайық
арасына оған шектес Шибан, Түмен хандықтарына ықпал жүргізе алды. Сейдахмет
хан Днепр мен Дон арасын, Ұлы Мұхаметтің аталас інісі Хажы Герей Дон мен
Қырым арасын биледі. Ұлы Мұхамбеттің үлкен ұлы Махмутектің үлесіне
Самарадан Сура өзені аралығындағы өлке тиді. Ол өз ұлысына бір кезде қирап
қалған Қазан қаласын астана етіп, қайтадан қалпына келтіре бастады.
Махмутек кенже інісі Қасыммен араз болды. Қасым Мешерде қалып өз
хандығын құрды. Қалған бауырларының қысастығынан қауіпсіз болу үшін орыс
падишасымен ықпалдасты. Махмутек бар болғаны үш жыл билік құрды. Оның
орнына келген Ибрагимді Қазанның түпкілікті тұрғындары ұната қоймады. Қазан
шонжарлары Қасымды таққа шақыруды қолай кәрді. Бұл Қазанның саяси өміріне
Мәскеу ықпалының араласуына жол ашты. Қайтыс болған Василий Васильевичтің
ұлы Үшінші Иван Қазан тағына өз одақтасын апару үшін Ибрагим ханға қарсы
соғыс ашты. Екі жылға созылған соғыс Ибрагимді жеңілуге мәжбүр етті. Бейбіт
келісім жасалып, Ибрагим Руське қарсы әрекеттерден тиылуға уәде берді.
Бірақ, ол араға тоғыз жыл салып, Вятка шабуыл жасады. Тағы да жеңілді,
Қазандағы алауыздық қайта қозды. Біреулер таққа Ибрагимнің үлкен ұлы Әлиді,
біреулер екінші ұлы Мәмет Әминді қойғылары келді. Ноғай Ордасының
араласуымен Әли таққа отырды. Жеңілген Мәмет Әмин Үшінші Иванға барып
паналады, Кашир қаласын иеленді. Үшінші Иван әлдеқандай сылтау тауып, 1487
жылы соғыс ашып, Қазанды үш апта бойы қоршауға алды. Әли жеңіліп, берілуге
мәжбүр болды. Ол Вологдаға жер аударыдды, таққа Мәмет Әмин отырды. Бұл хан
орыс падишасының айтқанынан шықпады. Әйел құмар болды. Соның салдарынан
шонжарлармен тіл табыса алмады. Олар 1496 жылы Сібірдің Мамық ханын таққа
шақырды. Мамықты Ноғай Ордасы жақтады. Бірақ, Мамық та Қазан диуанымен тіл
табыса алмады. Олар Мәскеумен астыртын сөз байласып, қашып кеткен Мәмет
Әминнің өзін емес, баласы Әбділ-Латифті шақыртты. Ол үш жыл билік құрды.
Бірақ, дүниеқоңыздыққа жол берді. Қазандықтардың шағымы бойынша, Иван
Васильевич оны 1502 жылы тұтқынға алып, Белоозеро деген жерге аударып,
орнына әкесі Мәмет Әминді қайта қойды. Мәмет Әмин Вологдаға жер ауып кеткен
ағасы Әлидің әйеліне үйленді. Ноғай ханшасы қайнысын патшаға қарсы шығуға
көндірді. 1502 жылы тұтқынға алып, Белоозеро деген жерге аударып, орнына
әкесі Мәмет Әминді қайта қойды. Мәмет Әмин Вологдаға жер ауып кеткен ағасы
Әлидің әйеліне үйленді. Ноғай ханшасы қайнысын патшаға қарсы шығуға
көндірді. 1505 жылы орыс елшісі мен саудагерлерін өлтіріп, Төменгі
Новгородті қоршауға алды. Бұл Иван Васильевичтің өлген көзі еді. 1507 жылы
жаңа патша Үшінші Василий қалың қолмен Қазанға аттанды. Мәмет Әмин райынан
қайтып, қайтадан мойынұсынды, 1517 жылы Әбділ-Латиф, 1518 жылы Мәмет Әмин
өлді. Сүйтіп, Ұлы Мұхамбет ұрпағы атымен тақтан тайды.
Бұл екі арада Түркия күшейді. Ол мұсылман дүниесіндегі ықпалды елге
айнала бастады. Қырым хандығын өз жағына шығарып, солар арқылы Қазан
билігіне араласуға күш салды. Мәмет Әминнің орнына келген Шах-Әлиге қарсы
Қазан шонжарларын азғырды. 1521 жылы оны тақтан тайдырып, орнына Қырым
ханының інісі Сахип-Герейді қойғызды. Ол 1524 жылы орнына баласы Сафа-
Герейді қалдырып, Қырымға барып келуте кеткенде, орыстар көп әскермен
келіп, Қазанды қамайды. Қазандықтар бітімге келуді ұсынып, жас бала Сафа-
Герейді өздеріне хан қылып қалдыруды өтінді. Бірақ, көп ұзамай
қырымдықтардың алауыздық әрекеттерінің жандана бастағанын байқап, Мәскеу
патшасы Сафа-Герей мен шонжарлардың ант беруін талап етті. Қазан қайтадан
ереуілдеді. Патша әскері жеңіске жетіп, СафаТерей елден қуылды. Патша
бұрынғы хан Шах-Әлидің інісі Жан-Әліні таққа отырғызды. Қазандықтар 1535
жылы оны да қуып шығып, орнына Сафа-Герейді қайта қойды. Сафа-Герей Қазанға
ықпалы күшті Ноғай Ордасының аузын алуға тырысты. Едігенің немересі
Жүсіптің қызы Сүйінбикеге үйленді. Мәскеу патшасы Иван Грозный ол кезде әлі
сәби еді. Анасы Елена Глинская Шах-Әлиді қайта отырғызуға күш салды.
Нәрік ұлы Шора, міне, осы кезде тарих сахнасында шығады. 1545 жылы 29
шілдеде Ұлы князьге Қадыш төре мен Шора Нәріковтің жұмсауымен Галич
боярының баласы Васька Бортев келіп, Қазанға әскер жіберуді сұрайды. Ал
1546 жылы 17 қаңтарда патша сарайына Қазандағы елші Игнатий Яхоньтьевтан
Рудак Бултаев арнайы хат әкеледі. Онымен бірге Гамет шейх, Абүйірхан, Сейіт
және Қадыш пен Шора мырзалар келіп, Сафа-Герейді қуып шыққандарын мәлімдеп,
орнына астрахандық Шах-Әлиді таққа отырғызуды сұрайды (Ноғай істері, 4
жазынды, 43 парақ).
Қазандықтар Шах-Әлиді қуана қабылдады. Бірақ, көп ұзамай,
қырымдықтардың азғыруымен, қайтадан қудалай бастады. Хан жағында азғантай
топ қалды. Әсіресе, Шора Нәрікұлы ханды қастандықтан сақтандырып, бір ұлы
жиынның үстінде, жұртқа байқатпай қашырып жібереді. Сафа-Герей үшінші рет
көп таққа отырады. Шах-Әлидің жақтастарын қуғындай бастады. 1546 жылы 15
тамыз күні Қазанда Шора, Баубек, Қыдыш және басқаларды өлтіреді. Шах-Әлиге
жақтас болған Шора Нәріковтың бауырлары қындап қалғандықтан, Қырымға қарсы
жорықты кейінге қалдырады. Кейін әлденеше рет барып, Қазан төңірегіндегі
елді шапқанмен, Сафа-Герей берілмеді. Үш жылдан соң барып дүние салады.
1549 жылы орнына Сүйінбикеден туған ұлы Өтеміш хан сайланды. Бұл жағдайда
қырымдықтар өз ықпалын күшейте түсті. Иван Грозный жорыққа шығуға мәжбүр
болды. Қазанның қақ түбінен Свияжск қамалын салып, болашақ жорыққа әзірлене
бастады. Қазандықтар орыс тұтқындарын босатып, Шах-Әлиді хан қоюға көнді.
Ол да Сүйінбикеге үйленіп, Ноғай Ордасынан көмек дәметуте мәжбүр болды.
Алайда, көп ұзамай, қастандық жасады деген сылтаумен, Сүйінбике мен
Өтемішті Мәскеуте жіберткізеді. Бұл жағдайды одан сайын қиындатып жіберді.
Шах-Әли Свияжскіге қашып, Қазанда астрахандық сұлтан Жәдігер-Мұхамбет хан
сайланды. Ол Түркия ықпалындағы билеуші еді. Иван Грозный 1552 жылы
маусымда шешуші жорыққа аттанады. Бұл жорыққа 1546 жылы қол астына қашып
барған Қазан шонжарларын мейлінше пайдаланғысы келіп, оларға жақсы жағдай
жасап баққанды. Алайда, ол есебінен түк шықпады. Сол кездегі Синод
жылнамасында жазылғандай, Қазан қашқыны Шапқын төре Руське қызмет етуге
қашып келгенде, Ағзам оған Мәскеуден үлкен үй берді. Оңбаған бес жыл қызмет
етіп, жылап-сықтап Қазанға қайтаруды сұрады. Қайтып барған соң әйелінің
айтқанына еріп, қазандықтар жағына шығып кетті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйінбай — айтыс өнерінің алтын діңгегі
Қазақ халқының батырларының ерлігі
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Ұлттық публицистика дәстүрі
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Бекзат Саттарханов
М.Жұмабаев поэзиясындағы хандар бейнесі
Ақтан Керейұлы
Сөз – халық педагогикасындағы тәрбиенің құралы
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
Пәндер