«Кәсіпорында шикізатты кешенді пайдалдану мен қалдықсыз технологияларды қолданудың экономикалық тиімділігі»
Кіріспе ... ..
1 Кәсіпорындарда құрал . жабдықтарды және қалдықсыз технологияларды қолдану
1.1 Дамыған елдердің кәсіпорындарның құрал . жабдықтарды, технологиялардың құрылымы..
1.2 Жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған
әрi ресурстарды үнемдейтiн бағыттарды сипаттау...
2 Кәсіпорындардың құрал . жабдықтарын технологиялық қайта жабдықтаудан өткізу
2.1 Қалдықсыз технология бойынша өнімді өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қазақстран Республикасындағы шикізат кешендері ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Қазақстан Республикасының кәсіпорындағы шикізатты кешенді пайдалану процесі
3.1 Кәсіпорындарда шикізат кешенін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Шикізат пен құрал . жабдықтардың саны мен сапасына талдау жасау.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі

Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр.
Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

1. 14. 01. 1997ж. Өзгерісі және толықтылығымен Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқауы.
2. 24. 08. 1993ж. Министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс – сапарлық қызметі жөнінде нұсқауы.
3. А. Үмбеталиев, Ғ. Керімбек, «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік».
4. В. В. Ковалев «Финансовый анализ», Москва 1995г.
5. А. Д. Шеремет, М. И. Баканов «Теория анализа хозяйственной деятельности», Москва 1987г.
6. Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.
Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
7. Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
8. Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
9. Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
10. Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
11. Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
12. Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
13. Шеденов ¬Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
14. Саясат-№1,2002
15. «Халық кеңесі»-№72,1995
16. Ізденіс(Поиск)-№5,1998

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Кәсіпорындарда құрал – жабдықтарды және қалдықсыз технологияларды
қолдану
1.1 Дамыған елдердің кәсіпорындарның құрал – жабдықтарды,
технологиялардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
1.2 Жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған
әрi ресурстарды үнемдейтiн бағыттарды
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Кәсіпорындардың құрал – жабдықтарын технологиялық қайта жабдықтаудан
өткізу
2.1 Қалдықсыз технология бойынша өнімді
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Қазақстран Республикасындағы шикізат
кешендері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3 Қазақстан Республикасының кәсіпорындағы шикізатты кешенді пайдалану
процесі
3.1 Кәсіпорындарда шикізат кешенін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Шикізат пен құрал – жабдықтардың саны мен сапасына талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі:
Курстық жұмыстың мақсаты:
Индустриалды-инновациялық қызметтің негізінде кәсіпкерлікті
өркендетудің ілімдік негіздері.
Қазақстанда нарықтық экономикалық қатынастарды қалыптастыру мақсатында
бәсекеге қабілетті өнімдерді жаңа жоғарғы технологияларды игеру негізінде
өндіру, индустрия , ғылым және техникадағы әлеуетін дамыту басты
стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.
Индустриалды-инвестициялық қызмет мемлекеттік дәрежеде ең алдымен
инвестициялық портфель құрумен байланысты. Ол өзіне нақты және қаржылық
инвестиция объектілерінің жиынтығынан тұрады және оның мақсаты инновациялық
және инвестициялык стратегиясын жүзеге асыру болып табылады.
Кіріспе
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң
түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен
капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық
қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан,
кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа
iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа
технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс
тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың
негiзгi құралы болып отыр.
Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту,
бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық
технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-
техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық
қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi
стратегиялық мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi
жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi
өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық
әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге,
индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты
трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге
бағытталуы керек.
Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай
инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп
өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының
үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап
отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.

технологиялардың құрылымы
Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын
кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге
қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр.
Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау)
мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз
қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң
бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын
бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның
iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және
шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен
дамыту үшiн жағдай жасау керек.
Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар
деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау
саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты
қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен
компанияларына тағылымдамаға жiберу және отандық кадрлар даярлау үшiн
республикаға жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн
болады.
Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми
әзiрлемелер мен қажетсiз өндiрiстер санының көптiгiмен сипатталады. Бұл
айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметтi дамытудың
негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы тиiс.
Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық
қызметтi дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас
субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк
меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен
ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды
өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет
көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.
Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (өcipу) және
сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр.
Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге
негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы
елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi
стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл
мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады.
Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары:
мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiк қорлар құру және венчурлiк
капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен
әдiстерiн әзiрлеу;
инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк
сипаттағы маманданған субъектiлерiн құру енетiн инновациялық
инфрақұрылымдық алыптастыру;
инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;
өнеркәсiптiң базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым
қалыптacтыру;
технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни
авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық
халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн
ынталандыру;
отандық кәсiпорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа
стандарттарына өтуiн жандандыру;
халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-кредит және шаруашылық
құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.
Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге
асыру қағидаттары.
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi
және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы
жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн
бiлдiредi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға
дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол
жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық
экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн
құруы тиіс.
Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал
ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың
экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша
айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес
келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және
секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның мiндеті:
өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн
кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық
институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты
өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру; ғылымды көп
қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер
құруды ынталандыру;
елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен
қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы
әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету
болып табылады.
2003 – 2015 жж даму стратегиясының басты мақсаттары:
Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi: жеке сектормен
серiктестiк; инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің
шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң
бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң
жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк
қаржылық және өзге қолдау көрсету;
қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға
мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны
қалыптастырудықамтамасызету;
қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан
бастарту;
индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға
бағытталуы.
Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi
сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған
мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол
жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Ғылыми дамыту әзiрлемелердiң қажет болмауы, соның салдарынан
өнеркәсіптегi инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң төмендiгi өндiрiс
факторларының өнiмдiлiгiн жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық және
инновациялық прогресс есебiнен мүмкiн бола тұра, экономиканы реформалаудағы
ғылым рөлiнiң жете бағаланбауынан туындап отыр.
1.2 Жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған әрi
ресурстарды үнемдейтiн бағыттарды сипаттау
Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ғылымның
дамуының қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және
қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке
сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете
игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және дамытуға жан-жақты
жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-
техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы
ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та
246,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,9 %), Жапонияда 94,2 млрд. долларды (IЖӨ-
нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0
млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,25 %), Швецияда 7,6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4,0
%) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне ғылымға арналған салымдар деңгейiн ІЖӨ-
нің 2,5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын атап өту керек.
Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0,2 %-
iн құрап отыр, бұл жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық
мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 %
және 2015 жылы 2,5-3 % деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi
жүзеге асыру қажет.
Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы мен
тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан кетуiне, ғылымның
материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi.
Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет.
Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары:
әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының
бiрi етiнде ғылымды айқындау;
жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп
қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза өндiрiстi
құруға бағытталған зерттеулердi дамыту;
ғылыми жетiстiктердi нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен
ынталандыру жүйесiн құру;
жаңа жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру
(сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң
пайдалануы үшiн жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру);
ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту;
кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым
бағыттары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау;
ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату үшiн ғылыми
ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту;
ғылымның мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны
қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау;
талантты жас ғалымдарды қолдау;
мамандарды әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткiзу;
грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау мен
жетiлдiру;
қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа
интеграциялануын қамтамасыз ету.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi
нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың
өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық қуатын
айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi.

отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз. Өнеркәсiп
пен экономиканың басқа да салаларының бәсекеге қабiлеттi көп жағдайда
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым жағдайына тәуелдi.
Ақпарат, телекоммуникация және көлiк инфрақұрылымының барабар сапасы
болмайынша тиiмдi экономикалық даму мүмкiн емес. Инфрақұрылымның осы
элементтерiнiң әлемдiк деңгейге сәйкестiгiнiң өзi-ақ қазiргi заманғы
әлемдегi елдiң бәсекелестiк қабiлетiнiң маңызды факторы болып табылады.
аламданудың үдей түсуi мен ғаламдық бәсекелестiктiң күшейе түсуi жағдайында
шаруашылық субъектiлердiң әлемдiк рыноктың тегеурiнiне дер кезiнде әрi
пәрмендi жауап әрекетi қабiлетi iскерлiк табыстың негiзi болып табылады.
Елде дамыған ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы ұлттық
экономиканың өсуiнiң, қоғамның iскерлiк және зияткерлiк белсендiлiгiнiң
артуының басты факторларының бiрi болып табылады, ол халықаралық
қоғамдастықтағы елдiң беделiн айғақтайды. Бүгiнгi күнi бизнестiң бiрде-бiр
түрi өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi арасында да, сондай-ақ сыртқы әлеммен
де байланыстың сапалы жүйесi болмайынша дами алмайды.

2.1 Қалдықсыз технология бойынша өнімді өңдеу
Өңдеу кәсіпорындарының құрал-жабдықтары да технологиялық және моральдық
жағынан әбден тозығы жеткендіктен қазір оларды заман талабына сай қайта
жабдықтау мәселесі қолға алына бастады. Егер ол оңды шешілген жағдайда ауыл
шаруашылығы саласы еліміздің ішкі қажеттілігін толық өтеп қана қоймай,
дүниежүзілік рынокқа да шығаруға толық мүмкіндік туатынын мамандар жиі
айтады. Бұл ауыл шаруашылығы саласын өрге сүйрейтін өте тиімді жол болмақ
дейді олар. Ол үшін, сонымен бірге, халықаралық стандарттарды да игеру
қажет. Бұл болашақтың ісі, дегенмен әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қауқар
көрсетер жолдың бірі де осы болмақ екен. Ал, әзірге облысымыз бойынша азық-
түлік және өңдеу өнеркәсібі 20 сала бойынша 1200-ге жуық кәсіпорынды құрап
отыр, оның ішінде 130-ға жуығы шағын және орта кәсіпорындар. Осылардың
ішінде он шақты кәсіпорынның халықаралық сапа сертификаты бар болса, тағы
да сондай кәсіпорындар оны енгізуге дайындық жасап отыр. Яғни, олардың
болашақта өз өнімдерін дүниежүзілік рынокқа еркін өткізуге қолдары жетпек.
Әзірге ауыл шаруашылығы саласы үшін шетелдерге тек астық пен балық және
оның өнімдері шығарылуда. Оның өзінде негізінен шикізат түрінде.
Осы өңдеу саласында өзгелерден мойны озық тұрғаны балық өнімдерін
шығарушылар деуге болатындай. Себебі, олардың алды әлдеқашан халықаралық
стандарттарды игеріп, өнімдерді әлемдік рынокқа шығарып отыр. Оның ішінде
ірілері Зайсандағы Шығыс балық, Исмайлов және К жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктері мен Восток – Запад фирмасы болса, басқа да бірқатар
кәсіпорындар облыс, республиканың ішкі рыногына жұмыс істейді және көбі
қалдықсыз технология бойынша өнімді терең өңдеуге қол жеткізген. Осылардың
ішінде, мәселен, Исмайлов және К серіктестігі бірнеше жылдан бері
көксерке балығының таза жон етін Ресейге, Европаның алты елімен қоса АҚШ-
қа, Сейшель аралдарына экспорттайды. Халықаралық стандарттардың сапа
сертификатына ие кәсіпорын осы заманғы ең соңғы жабдықтармен жабдықталып,
жаңа технология бойынша жұмыс істеп, жылына 1000 - 1200 тоннаға дейін өнім
шығарады. Кәсіпорын қазір 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, әсіресе, Европа елдеріне қатты әсер
етіп, өнімдерге сұраныс азайғанымен серіктестік жұмыс орнын қысқартпай,
ішкі рыноққа жұмыс істеуді жалғастыра бермек. Біздің мүмкіндіктеріміз
мұнан да көп өнім шығаруға жетер еді, егер шикізат мәселесі, яғни, балық
жеткілікті болса дейді. Жалпы алғанда облысымыздың басты байлықтарының
бірі – балық аз болмағанымен, оның көбі шикізат күйінде арзан бағамен шетел
асып кетеді.
Мәселен, Ресейдің бізбен көршілес облыстарында дәл біздердегідей балық
өңдейтін бірнеше заводтар жұмыс істейді екен. Олар негізінен бізден
жеткізілетін шикізатқа, яғни, балыққа үміт артып, соған есептеліп салынған.
- Мұны қалыпты жағдай деуге болмайды, оны өзімізде өңдеп сатсақ, қосымша
жұмыс орны ашылып, қазынаға түсер салық төлемі артар еді. Сондықтан да біз
бұл мәселе бойынша сыртқа балық шикізатын шығаруды тоқтату немесе шектеу
туралы ұсыныстарымызды Ауыл шаруашылығы министрлігінен бастап, басқа да
құзырлы органдарға жеткізіп жүрміз, бірақ әзірге құлақ асқан ешкім жоқ, –
дейді. Таяуда ғана облысымызға Ресей мамандары осы балық өнімдерін
экспорттайтын кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сай
жұмыс істеп жатқандықтарын өз көздерімен көру үшін арнайы келіпті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында балықтан басқа ет пен сүт,
астық шикізаттарынан дайын өнімдер даярлау деңгейі әзірге ақсап тұр деуге
болады. Оның ішінде ет пен сүт бағытында біраз жетістіктер болғанымен тұтас
алғанда талапқа сай деп айтудың ауылы алыс. Ал, одан басқа жүн, тері өңдеу
туралы айтпай-ақ қоюға болады. Жеміс-жидектерден дайын өнім шығару да сол
деңгейде. Астықтан ұн тартып, нан-тоқаш өнімдерін, макарон бұйымдарын
шығарып, алкогольды сусындар дайындаймыз. Алайда мұның барлығы шетке
шығарғанды қойып, (алкогольдік өнімдерден басқасы) ішкі қажеттілікті өтеуге
де жеткіліксіз болғандықтан, облыстық деңгейде бірталай шаруалар қолға
алынып, іске асырылуда. Өткен жылы осы мақсат үшін облыстық бюджеттен ғана
260 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Бұл оның алдындағы жылдармен
салыстырғанда анағұрлым мол қаржы. Соның нәтижесінде өткен жылдың тоғыз
айында ғана облыста өңдеу өнімдерін шығару көлемі жеті пайызға жуық артқан.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының барлығы дерлік шағын және
орта бизнес саласына жататындықтан өткен жылғы оларды тексеруге жарияланған
мораторийдің оған оң ықпал еткенін кәсіпкерлер бірауыздан айтады.
Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану негiзiнде
экономикалық өсу және ұлттық жалпы өнiмдегi шикiзатты құрайтын жоғары
технологиялық экспортқа бағдарланған өнiмге кезең-кезеңмен алмастыру
Қазақстанның стратегиялық дамуының негiзгi бағыттарының бiрi болып
табылады.
Құрылыстың жоғары қарқыны мен құрылыс материалдарының өндiрiсi үшiн
ресурстардың болуы құрылыс материалдарының рыногын қалыптастырудың негізгі
алғышарты болып табылады.
Қазақстанда құрылыс материалдарының өндірісі үшін бай шикізат қоры
бар, бірақ жұмыс істеп тұрған кен орындарының жартысы ғана кен шығарады.
Мысалы, қыш санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру үшін сапасы жоғары
шикізат қоры, табақ шыны өндіру үшін кварцты құм, жылу оқшаулағыш және отқа
төзімді материалдар өндіру үшін шикізат бар, бірақ оларды өндіру жолға
қойылмаған.
Қазақстанда іс жүзінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz