Меншік формалары


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Экономикалық жүиедегі меншік
2. Меншік. Иемдену. Айналыс.
3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
4. Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мәні, объектілері, субъектілері
5. Меншіктің формалары мен типтері
6. Меншік формасын өзгерту әдістері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Экономикалық жүйедегі меншік
Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды
роль атқарған. «Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеле
нуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез-кел-
ген үкімет меншік туралы заңдар шығарады. Меншік құқықтық мағынасында
мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгілен-
ген мүлік тән. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық про-
цесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау
мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік- бұл зат емес, заттарға байланысты туындаитын қатынас. Мен-
шік ретінде тұлғаның затты пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұл-
ға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары:
жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т. б. жата-
ды. Басқаша айтсақ, меншік-бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен
нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену-
әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «ием-
дену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік- анағұрлым абстрактілі
нақты ұғым. Иемдену- бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қоғамның д-
дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп
1
отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық
игіліктерді өндіру үйренбестен бұрын пайда болды. Меншікпен иемденудің
ішкі заңдары бар. Олар екеу: бірінші -өз еңбегінің өнімін иемдену, меншікті
заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек -бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар
жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тен.
Айналыс-бастапқы иемдену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде
Капиталистік тауарлы өндіріс әрекет етеді. Осылайша, бірінші меншік заңы
бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге ба-
йланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иелену заңы бөтеннің еңбегін
және осы еңбектің нәтижесін айрбас арқылы, яғнни айналыс сферасы арқылы
иемденумен байланысты. Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс
құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күінің өндіріс құралдарымен бір-
ігу әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді. Меншік қаты-
настары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Ай-
талық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыс-
пайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір
жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында
мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің менші-
гін иелену, пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұн-
дай қатынастарға мысал ретінде жалға беру - адамдарға белгілі бір ақыға
2
беру шартын келтіруге болады. Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі,
олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып
табылады. Тарихи бастама ортақ меншік болды. Ол ортақ еңбек пен оның
нәтижелерін бірігіп иеленуіне негізделді. Кейіннен жеке меншік пайда бол-
ды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік
тұлғалары- жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқа да адамдар өз
еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айна-
лысатын фермерлер мен адамдар жатады. Жеке меншіктің екінші түріне
бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлі- гі
азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл
игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның
әлеуметтік жіктелуі туады. Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде
мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құра-
лады. Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа
да меншік түрлері танылады.
Мемлекеттік меншік- бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік
өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүй-
есін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде,
аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Ұжымдық меншік-бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін
3
ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар
жүйесі. Қ. Р-да қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акци-
нерлік, қоғамдық ұйымдар және т. б меншіктер формалары жатады.
Ұлттандыру- бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына жекее меншіктің
мемлекет меншігіне көшірілуі. Жекешелендіру-бұл мемлекеттік немесее
муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелен-
діру жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұл-
ғалар мен компанияға жалға беру, бөлшектеп, мысалы акциялардың тек бір
бөлігінің сатылу мүмкіндігі; денационализация мен реприватизация түрінде
жүзеге асырылуы мүмкін. Денационализация-ұлттандырылған мүліктерді
бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді. Қазіргі кезде бұл процесс Балтық ел-
дері-Эстония, Латвия, Литвада кеңінен іске асырылуда. Реприватизация-
бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып алынған кәсіпорындар,
жер, банктер, акциялар және т. б. сияқты мемлекеттік меншікті жеке
меншікке қайтару. Ркприватизация денационализациядан айырмашылығы,
әдетте ол мемлекеттік билік актілерімен жүргізіледі. Жекешелендіру эконо-
микадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұлым ірі процестің бір бөлі-
гі болып табылады.
Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мәні, объектілері,
субъектілері. Эконмикалық биліктің мәні ол-негізгі құрал-жабдықтарға
4
және оның нәтижелеріне кімнің иелік жасайтындығында. Сондықтан әрбір
мемлекеттің меншік туралы заңы болады. Меншік заңы жағынан мүліктік қа-
тынастарды анықтайды. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адам-
ның иеленуінен шыққан. Меншік термині екі бір-біріне ұқсамаитын түсінік-
терді ббілдіреді: 1) Меншік экономикалық мағынасында de facto (лат. -шын
мәнінде нақты) 2) Меншік құқықтық мағынасында немесе de yure(лат. -заңды
түрде құқығы бойынша)
Бұл екі түсінік өіара қалай ажыратыллады. Мұны анықтау үшін меншік-
тің экономикалық мазмұнын ашу керек. Меншік бұл адамның белгілі бір
затты пайдалануына байланысты құқығы. Осы жерде екі элементті көруге
болады: меншік иесі және қандайда бір мүлік. Алайда бұл жағдайда жанама
түрде басқа тұлғаның менншіктен аласттатылуы, яғни оның меншігін
мойындамау көрінеді. Сондықтан меншіктің экономикалық қатыннасын
меншік иесі -мүлік -басқа субъектілер формасында көрсетуге болады. Мен-
шікті экономикалық мағыннасында жжн-жақты зерттеу үш басты әлеуметтік
экономикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді: 1. Экономикалық билікке
кім ие, яғни өндіріс факторлары мен нәтижелерін кім иеленеді? 2. Өндірістік
шарттардың тиімді пайдаланылуын қандай экономикалық байланыстар қам-
тамасыз етеді? 3. Шаруашылық қызметтен түсетін табыс кімге тиесілі?
Осыған сәикес меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі келесі
элементтерді қосады:
5
а) өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемдену;
б) материаалдық және басқада құралдарды шаруашылықпайдалану;
в) экономикалық тиімділікке қол жеткізу;
Иемдену -бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Меншіктің экономика-
лық мағынасы өндірістік қатынастардың жиынтығын көрсетеді, яғни бүкіл
шаруашшылық прроцесін қамтып, пайдалы иггіліктермен қызметтерді өнді-
ру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатыннастаарын білдіреді. Меншік құқық-
тық мағынасында мүліктік қатынастарды ббілдірееді. Меншік иесіне заңмен
алдын ала белгіленген мүлік тән. Осыған сәйкес белгілі бір мүлік тиесілі әр
түрлі меншік иелерінің топтары көрінеді. Меншік объектісін иемдену
мүмкіндігі мен құқығына ие меншік субъектілеріне мыналар жатады:
адам, заңды тұлғалар, жанұя, әлеуметтік топтар, тұрғындар. Меншік объекті-
леріне жер, табиғат ресурстары, өндіріс құрал-жабдықтары, мүллік,
құндылықтар, ақша және бағалы қағаздар, ақпарат, интеллектуалдық меншік,
жұмыс күші жатады. Заңды актілерге сәйкес субъектілер меншік құқығына
ие болады. Бұл құқық меншік иесінің келесі элементтерін өзіне қосады:
1. Иемдену- затқа физикалық иелік ету
2. Пайдалану-қажеттіліктерді қанағаттандыру үшіін затты тұтыну
3Басқару- мүлікті иемденуді өзгерту формасы. Ол әр түрлі келісімдерді
жасау жолымен жүзеге асырылады. Меншік саяси -экономикалық категория
ретінде өндірістің қоғамдық формасын анықтайтын, адамдарр арасында құ-
6
рал-жабдыққтарды пайдалану процесіндегі болатын қатынастар жүйесі деп
түсіннеміз. Алайда, әр түрлі жағдайда меншік белгілі бір әллеуметтік форма-
да болады: мемлекеттік, жеке меншік, ұжымдық және т. б. Меншік күрделі қа-
тынастар иемдену, билеу, пайдалану қатынастары ретінде осы қоғамның
экономикалық қатынастарының барлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Жеке иемдену-бұлл жеклеген адамдардың мүлікке жеке байлық көзі ретін-
де қарауын білдіреді. Жеке иеемденудің екі түрі бар: өз еңбегіне негізделгген
меншік және біреудің еңбегіне негізделген меншік. Жеке иемденумен салыс-
тырғанда жалпы үлестік иемденудің ерекше белгілері бар: а) меншік
қатысушылардың жеке салымдарын біріктіру жолымен құрылады; б) жалпы
үлестік меншік бірігіп басқару мен бақылау арқылы иемденушілердің кол-
лективтік мүддесімен пайдаланылады; в) жалпы меншікті шаруашылық пай-
даланудың соңғы нәтижелері коллективтік шаруашылықтың қатыысушыла-
ры арасында әрқайсысының меншік үлесін есепке ала отырып бөлінеді. Жал-
пы үлестік мееншікк келесі формалармен сипатталады: шаруашылық серік-
тестік, акционерлік қоғам, өндірістік коорператив, шаруашылық бірлестік
біріккен кәсіпорын. Шаруашылық серіктестік -жарғылық капитал мен
қатысушылармен үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлік қо-
ғам-жарғылық капиталы акйиялардың белгілі бір санына бөлінген ұйым. Ак-
ция дегеніміз - акционерлік қоғамға қаржы саалынған және АҚ пайдасының
7
бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқығын беретін құнды қағаз. Өндіріс-
тік кооператив -біріккен өндірістік немесе шаруашылық қызмет жасау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz