Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
КІРІСПЕ.
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ.
1.1 Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің
рөлі
1.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесі.
2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ..
2.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті
несиелеудегі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру
3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеуді жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын бизнес көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің 40-50 пайызын, ал кейбір салаларда – 70 – 80 пайызға дейін құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды. Шағын кәсіпкерлік қоғамдағы орта топтың қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнес туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін атап өтті: «... біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек»[1].
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына «тежегіш» болып тұрған себептер бірнеше.Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі табылады.
Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ал оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, республикадағы кәсіпкерліктің дамуы тарихы небары он жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезеңде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және соның төртеуі толық іске асырылды, ал бесіншісі (2004-2006 жж. арналған) іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдердегідей аса елеулі болмағанымен, шағын кәсіпкерлік біздің елімізде іскерлік өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын шағын бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.

1. «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2005 жылғы 18 ақпан //Егемен Қазақстан, 2005 жыл 19 ақпан.
2. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства» от 13.03.2003// Бюллетень Финансы и Право, 2003, №21.
3. «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1997 жылғы 6 наурыз №3398// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 1997, №12.
4. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 26 сәуір, №665// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 1997, №17.
5. Шаяхметова К., Шаяхмет А. «Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы» // ҚазҰУ хабаршысы. №1 (47) 2005.
6. Блеутаева К. «Кәсіпкерліктің жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттің рөлі» // АльПари. -2004 - №3.
7. Қарабаев Ш. «Кәсіпкерліктің әлеуметтанулық мәселелері» // Саясат.2005. №2.
8. Қинашева Ж. «Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі»// Ақиқат. 2002. №2.
9. Мейірбеков Б. «Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер» // Хабаршы. 2004. №1.
10. Мейірбеков Б. «Елдегі кәсіпкерлікті тиімді дамыту жолдары» // Хабаршы. 2004. №1.
11. Назарбаев Н. «Шағын кәсіпкерлікке үлкен жауапкершілік жүктелді» // Егемен қазақстан. 2002. 20 қыркүйек.
12. Мырзабеков С. «Шағын және орта кәсіпкерлік өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру» // Жаршы. 1999. №2.
13. Шымғанов Ә. «Кәсіпкерлік іс-әрекетті салықтық реттеу» //Ізденіс. 2001.№2.
14. Ахметов С. «Финансово-кредитные рычаги для малого бизнеса в развитых странах мира» //Банки Казахстана. 2005. №1.
15. Ким Г. «Особенности кредитования малого и среднего бизнеса» //Вестник КазНУ. №4. 2004.
16. . Ильясов А. «Кредитование коммерческими банками малого и среднего предпринимательства в Казахстане» // Вестник КазНУ. №5. 2004.
17. Омарбекова Н. «Шағын және орта бизнесті дамытудың экономикалық рөлі» // Заң . 1999. №11.
18. Райхан Н. «Шағын кәсіпкерлік бүгіні мен ертеңі» // Ақиқат. 1999. №2.
19. Әлжанов А. «Шағын және орта бизнес: шетелдік тәжірибе» // Қаржы-қаражат. 1998. №12.
20. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» // Егемен Қазақстан. 1998. 19 қараша.
21. «Шағын және орта бизнес экономикалық тұрақтылық кепілі» // Егемен қазақстан. 1997. 19 маусым.
22. Статистическое обозрение Казахстана, 2005 г, №1.
23. Қазақстандағы шағын бизнес 2000-2002. Статистикалық шолу, Алматы-2002.
24. Еркебалаева В.З. “Шаруа (фермер) қожалықтарында қаржы-несиелік қатынастарды ұйымдастыру механизмін жетілдіру жолдары”//АльПари,№1 2004 ж.
25. «Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы»// "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 11 мамыр N 95
26. Есентугелов К. К вопросу о расширении кредитования малого бизнеса.//АльПари, №6-2002.
27. Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // «Экономика и статистика»,№2,2003.
28. Лишанский М.Л., Маслова И.Б. Краткосрочное кредитование сельхозяйственных предприятий.-М.: ЮНИТИ, 2000,-287.
29. Бекмуратова А.А. Комплексная оценка банковской деятельности.-А.:ЭкономикС.2003.
30. Хамитов Н.Н., Байбулатов Р.Ж. Банковский надзор в Казахстане.-А.:Экономика, 2001.
31. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность в Казахстане.-А.: Экономика 2001.
32. Сайденов А., Елемесов А. Национальный Банк Республики Казахстан//Мир финансов №9, 2004г.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ
НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.1 Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ..
2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУ
ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ..
2.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
2.2 Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын
кәсіпкерлікті
несиелеудегі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
2.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру
3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
3.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеуді жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық
экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын бизнес
көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің 40-50 пайызын, ал
кейбір салаларда – 70 – 80 пайызға дейін құрай отырып, оның құрылымын және
сапасын анықтайды. Шағын кәсіпкерлік қоғамдағы орта топтың қалыптасуының
негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы
республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне
әкелуі мүмкін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнес
туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі
екендігін атап өтті: ... біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың
түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның
бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек[1].
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше
мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың
ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына тежегіш болып тұрған
себептер бірнеше.Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі
табылады.
Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ал оны мемлекеттік қолдаудың
нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу
барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда,
республикадағы кәсіпкерліктің дамуы тарихы небары он жылдан астам мерзімді
құрайды. Осы кезеңде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды және соның төртеуі толық іске асырылды, ал
бесіншісі (2004-2006 жж. арналған) іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына
әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін Батыс
Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған
елдердегідей аса елеулі болмағанымен, шағын кәсіпкерлік біздің елімізде
іскерлік өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке
секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын шағын
бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде кәсіпкерлік
ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке
секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі
негізгі бағыттарды айқындады.
Қазіргі уақытта елімізде екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету сапасы
күннен-күнге жақсаруда. Банктердің негізгі экономикалық функциясы –
кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлік фирмаларды және жеке тұлғаларды,
олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруды жүзеге
асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да елдегі бірқанша банктер
өзінің несиелеу қызметін жүзеге асыруда: көпшілік экономикалық жағдайларға
байланысты клиенттерге қызмет көрсету, жаңа жұмыс бастаушы кәсіпорындарды
несиелеу, халықты жұмыспен қамту деңгейін көбейту және олардың экономикалық
өмірге икемділігін қамтамасыз етуде.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі
проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және
айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының
жоқтығы болып табылады. Банктер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кепіл
қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру
жолымен тәуекел құнын несиелеуге ауыстыруға мәжбүр.
Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпорындарының қормен жарақтануының төмен
деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан шағын кәсіпкерлік
секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және
негізгі құралдарды кепілге қойып шағын кәсіпкерлікке несие берілуін
тежейді.
Осы тұрыдан қарағанда менің жоғары оқу орнын бітіру жұмысым экономика
дамытуда бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Менің дипломдық жұмысымда, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын
кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету және мемлекет тарапынан
жасалған несиелеудегі жеңілдіктерді зерттеп, оның нәтижесін негіздеу басты
мақсат ретінде көрсетілген.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде, шағын кәсіпкерлікті
қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі, Қазақстан
экономикасын қалыптастырудағы рөлі, шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік
тәжірибесі туралы, ал екінші бөлімде, қазіргі жағдайда екінші деңгейлі
банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу динамикасына талдау жасалған, шағын
кәсіпкерлікті несиелеу ерекшеліктері қаралған. Үшінші бөлім, шағын
кәсіпкерлікті несиелеудегі бірқатар мәселелер мен оларды жетілдіру жолдары
келтірілген.

НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ

Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның
нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен,
нарықтың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік
берді. Жалпы алғанда кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес
ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық
дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын
кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс
деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге деген сеніммен қарау мүмкіндігін
арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың
даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ та барлық жұмыс күшінің 50
пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33 пайызын нақ сол
сала қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын
кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне
тиеді. АҚШ та шағын кәсіпкерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана
жүзеге асырсада, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын
қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты
айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен
салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе
көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнертапқыштар жаңа технологияның 90
пайызынан астамын жасайды.
Бұл деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі рөлі мен
маңызы туралы бұлтартпас дәлелі бола алады. Бірақ, мәселе, сандық
көрсеткіштерде ғана емес. Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен нарықты
экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін
құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта
кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олардың экономиканы қайта құру
қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы
сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге,
салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру әлі жүріп жатыр.
1990-жылдардың басында Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әртүрлі құрылымдарға
түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан аз жұмысшысы бар
кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да
көп жұмысшы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан
бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатқызылатын
кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың
экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және
шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатынасына қарай, шағын деген анықтама жұмысшылардың саны,
жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін.
Фирмалардың көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі
ескерілді: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50
адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғалар ретінде құрылмаған
жеке тұлғалар мен серіктестіктер немесе өндірістік кооперативтер түріндегі
заңды тұлғалар, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын,
орташа жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны есепті көрсеткіштің алпыс мың
есесінен жоғары емес, кәсіпкерлік қызметімен шұғылданатын субъектілер
жатады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге
асырады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-
құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
толық серiктестiк;
коммандиттiк серiктестiк;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны
барлық қызметкерлердi, оның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса
атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының,
өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере
отырып анықталады.
Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi
бойынша жатқызылады.
Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң
өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын
субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 проценттен аспауға тиiс.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және:
есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымымен байланысты қызметтi;
акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан,
платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа);
ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны
басқару саласындағы қызметтi;
банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң
қызметiнен басқа) қызметтi;
бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды.
Кәсіпкерлердің көпшілігі жоғары білімі бар және онысын жұмысында
қолданады. Олардың жартысыан астамы өз білімін қанағат тұтады. Сондай-ақ,
мемлекет тарапынан болмаса да, шетелдік ұйымдар тарапынан техникалық көмек
көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті, деп
санайды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69 пайызының жоғары білімі
болған. Олардың 42 пайызы техникалық, 12,7 пайызы қоғамдық, 6,9 пайызы
экономикалық жоғары оқу орындарының түлектері. Тек 5,8 пайызы ғана орта
мектепте алған білімімен шектеліп қалған.
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп
отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып кележатқан
бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. Өсім
соншалықты жоғарыда емес, небәрі пайыздық бөлшегі ғана. Дегенмен, өсім бар.
Оның ЖІӨ де өзіндік үлесі бар.
Бүгінгі күнде тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу
деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік
кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шағын және орта кәсіпкерлік
нысандары арасында тауар айналымының ең жоғары деңгейі коммерциялық және
делдалдық қызмет бөлігінде, сонымен қатар ол жұмыс орнының саны жағынан да
алда.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ, шағын бизнеспен
айналысатын әрбір үшінші адам сауда жүйесінде, әрбір бесінші адам
өнеркәсіптік өндірісте, әрбір алтынша адам құрылыста еңбек етеді.
Тұрғындардың жұмыспен қамтудың жалпы саны жағынан алғанда сауда саласында
олардың 36,1 пайызы, өнеркәсіптік өндіріс орындарында 21,2 пайызы істейді,
қалғандары түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректерден сауда ісі
әлі де басым екендігін, салалық құрылымдарда өндіріс көлемі әлі де өзгере
қоймағанын көруге болады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамту және фирмалар санының өсуі негізінен коммерциялық кәсіпорындар
есебінен толығып, жалпы алғанда баяу өсуде. Сонымен бірге, өндірістік
сипаттағы кәсіпорындар саны қысқарды. Өндіріс ғимараттары негізінен
мемлекеттен немесе мемлекеттік кәсіпорындардан жалға алынса, негізгі құрал
жабдық фирмалардың өз еншісінде. Оның көпшілігі бұрын да пайдаланылып
келінген.дегенмен, өнімділігі мен техникалық жайы кәсіпкерлерді
қанағаттандырады. Іс жүзінде жаңа қондырғылар алуда кедергі жасалған жоқ.
Шағын кәсіпкерлік, әсіресе агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап
дамуға тиіс. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кірігу жүйесіндегі шағын
кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл селоларды дамытудың басты
бағыттары туралы заңда: Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтар,
фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушыларкооперативтері,
ұйымдар, сондай-ақ, ауыл-шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын,
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп,
олардан алынғанөнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін ...
шаруашылық нысандары кіреді, - деп атап көрсетілген.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы бар
бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай-
ақ, қсақ кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Еліміздің тұтыну нарығының 70
пайыздан астамы ауыл шаруашылық шикізаттарынан дайындалған азық-түлік пен
тауарлар есебінен молығады. Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген
өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп
өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Ауыл-
селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік-
құқықтық база және нарық кеңістігі өте қажет. Экономиканың ауыл шаруашылығы
бөлігіндегі көп қырлылық еркін және тауар өндірушілер болуға тиісті,
меншіктің түрлі саласындағы ірі, орта және шағын кәсіпорындардың оңтайлы
ұштастырылуын талап етеді. Олардың бәсекелестік негізінде, нарықты
өркендетіп, оның дамуына қолайлы жағдай жасайды, сонымен бірге, дамудың
болашағы мен тиімділігін айқындайтын ықпалдастықта болады. Шағын
кәсіпорындар материал және қаржы ресурстарын ұтымды пайдаланып, ғылым мен
техника жетістіктерін ескере отырып, өндірісті тұтынуы мүддесіне қарай
неғұрлым тез бейімделетіндігін байқауға болады.
Нарықтық экономикаға көшуге орай көптеген жаңа шаруашылық түрлері
пайда болды. Меншіктің мемлекеттік және кооперативтік түрлері қатарына жаңа
түрлер көптеп қосылды. Олардың арасында жеке меншікке негізделген шаруа
қожалықтарының өзіндік салмағы бар.
Батыста ірі және ұсақ өндіріс орындарының мәселелері кәсіпорын
ауқымындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау барысында шешімін табады.
Аграрлық кәсіпорындарының көлемі, көбінесе өндіріс технологияларымен
басқаруға жұмсалатын шығынға байланысты болады. Бүгінгі күні шағын
кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген
ғалымдар нарықтық экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ,
сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке
меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді
десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады., үшіншілері
осы және басқа да меншік түрлерін мойындайды. Бірақ шаруашылықты
басқарудың кез келегн түрі, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана
табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық түрлері үшін бірдей нарық
шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор.
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге,
қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы
болып табылады. Ол шағын және орта қалалар мен аудандар аумағында тұратын
адамдардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын
кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп
шығын жұмсалмайды.
Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту жолындағы көптеген кедергілер
бүгінгі күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын
кәсіпкерліктің дамуына күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі
проблемалар. Несие алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі; шағын бизнесті
қорғау, қолдау жөніндегі заңдылық базаның шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті
қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несиенің қысқа мерзімге ғана
берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы; несие беру құжаттарын
толтырудың тым қиындығы; білікті кадрлардың жетіспеуі, тағы басқалар.
Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген.
Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету,
экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру,
айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік
иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс:
ұтымды нарықтық инфрақұрылымдықалыптастырып дамыту; салалық
министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті
дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын
кәсіпкерлікті қолдау аясында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;
сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде
нақты жұмыс істеп, даму үстінде деп сеніммен айтуға болады.
Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығын
монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа
кәсіпорындарға беру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда
өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын кәсіпкерлік ретінде шағын
кәсіпкерлік қызметті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр.
Бұл саланың дамуынсыз нарықтық экономикаға тәжірибе жүзінде өту
немесе қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бірнеше
заңнамалық актілер, кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламалары (1992-1994 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002.,2004-2006 жж.)
қабылданды. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі рыногы құрылды және
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары
айқындалды.
Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде шағын кәсіпорындардың
қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған белгілі бір
ілгерілеу шаралары көзделген. Ұйымдық-құқықтық нысанына, кіріс деңгейіне
қарай шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген режимін
беруге сараланған көзқарас, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілер үшін айрықша режим енгізу олардың ішіндегі маңыздысы болып
табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөлімінде
салық жүктемесін айтарлықтай төмендететін және салық салу жүйесін, соның
ішінде шағын бизнес субъектілеріне, шаруа фермер қожалықтарына, заңды
тұлғалар – ауыл шаруашылығ өнімдерін өндірушілерге қатысты оңайлатылған
арнайы салық режимдері бір жолғы талондардың, патенттің және оңайлатылған
декларацияның негізінде айқындалады.
2002-2003 жылдардың ішінде Қазақстан республикасының салық кодексіне
шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге
байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету рыногын
дамытуға және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын
ынталандыратын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін
әзірлеуге мүмкіндік береді.
1.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Шағын кәсіпкерліктің дамуы, мемлекет экономикасында осы бағыттың
преспективасы нарықтық қатынастарды тереңдетуде маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономика дамыған елдер тәжірибесі көрсетгеніндей, шағын
бизнестің қалыптасуы экономика дамуының негізгі факторы болып есептеледі.
Сондай-ақ, ЕО-қа мүше 15 мемлекетте шағын (250 адамға дейін жұмыс істейді)
және орта (500 адамға дейін жұмыс істейді) кәсіпкерлік үлесіне: 72 млн
адам, осы елдерде тіркелген жалпы (16,04 млн) компанияны4 16,02 млн фирма,
я5ни 99,9 %-і; ЖІӨ-нің 70 %-ы сәйкес келеді.
Шағын бизнесті дамытудың негізгі қажеттіліктерінен бірі оны қаржылық-
несиелік қамтамасыз ету. Шағын бизнесті мемлекет тарапынан кең және түрлі
қаржылық-несиелік қолдаусыз, оның даму инфрақұрылымын қалыптастырусыз
ойдағыдай (табысты) дамыту мүмкін емес.
Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін үйреніп, оны Қазақстан
практикасына қолдау мүмкін. Бірақта, кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау
жүйесін қалыптастыруда түрлі варианттарды, экономика ерекшеліктерін,
бюджеттік және қаржылық-несиелік жағдайларды және басқа көптеген
факторларды ескеру қажет. Американдық, британдық немесе жапондық шағын
кәсіпкерлікті несиелеу жүйесінің моделін Қазақстан практикасына тікелей
қолдау мүмкін емес. Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесін
үйрену, жалпы инструменттерін айқындау, олардан мемлекет экономикасына
қолдау мүмкін болған жағдайларды ажыратып алуға болады.
АҚШ-та шағын бизнесті несиелеу, несиелік рисктерді үйлестіру Шағын
Бизнес Әкімшілігі (ШБӘ) арқылы жүзеге асырылады. Банктың жалпы талаптары
бойынша несие алалмайтын шағын кәсіпорындарын несиелеуде осы әкімшілік
кепілдік береді.
Германияда шағын кәсіпорындар несие алуда несиелік кепілді банк
арқылы алады. Осы жүйе іске асырылғаннан бері шағын және орта
кәсіпорындарға берілген несиелер саны 100,0 мыңнан артық, оларға берілген
кепіл сомасы 10 млрд. маркаға жетті. Осы салаға коммерциялық несиелер,
лизинг келісім шарттары бойынша және венчурлық қаржыландыруға жалпы сомасы
14 млрд. марка берілді.
Бұл елдерде Европа қайта даму бағдарламасы бойынша шағын
кәсіпкерлікке ұзақ мерзімді жеңілдетілген ставкалар бойынша инвестиция беру
үшін арнаулы бюджеттік қордан жеке мамандандырылған банктерге ресурстар
бөлінген. Шағын кәсіпкерлікті қайта дамыту үшін бұрынғы ГДР аймағында шағын
кәсіпкерлікті субсидиялау олардың жеке капиталының үлесін көбейту
мақсатында Федеральдық бағдарлама қаралды. Осы бағдарламаны іске асыру
бойынша 1992-1995 жылдары бюджеттен 3,2 млрд. марка бөлінді.
Ұлыбританияда шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеушілер: Сауда
және өнеркәсіпті қаржыландыру Корпорациясы, Англия бақылау Банкі және
клиринг Банктері есептеледі. 80-жылдарда 3900 шағын фирмаларды
инветициялауға сомасы 500 млн фунт стерлингнен артық қаражат жұмсалды. Бұл
корпорация барлығы, яғни шағын компаниялардың 20%-на несие берді. Несиені
кепілдеу бағдарламасы бойынша несиенің көп бөлігі (70-80%) Үкіметтің
кепілдігімен шағын бизнеске берілді. Жыл сайын бюджеттен 50,0 млн фунт
стерлинг шамасында банк кепілі өтеледі.
Францияда шағын кәсіпкерлікті дамытуға банк арқылы көмек көрсетіледі.
Бұл банк капиталының басым бөлігі француз мемлекеті, жартылай мемлекеттік
депозиттер кассасы және активтерді басқаруға (ішінде акционерлер, сондай-
ақ, бірқанша жеке қаржылық ұйымдар, шағын және орта бизнеспен арнайы
мамандандырылған жұмыстар) тиісті. Банктің басты мақсаты – шағын және орта
бизнесті мемлекет тарапынан ерекше қолдау болып табылады. Жыл сайын банк
көрсетпесі бойынша 650,0 млн франкқа дейін пайызсыз ссудалар (депозит
кассасы және активтерді басқару бақылауында) бөлінеді. Шағын кәсіпкерлікке
несие жалпы жұмыстарды (аймақтық, жол, тұрғын үй және т.б.) орындау үшін
беріледі, 1996 жыл осы мақсатқа бөлінген несиенің жалпы сомасы 24 млрд
франкті құрастырды. Шағын кәсіпкерлікке бөлінген кепіл несие – 15 млрд
франк, құрал-жабдық және лизинг арқылы орналастыру сомасы 30 млрд франкке
дейін жетті.
Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті реттеу және ынталандыру
орталығы: Орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, тәуелсіз
шағын бизнес бірлестігі есептеледі. Жапонияда шағын және орта фирмалар даму
спецификациясы – 70% шамасында Жапония шағын және орта фирмалары ірі
компаниялардың мердігерлері есептеледі.
Жапонияда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мақсатты қаржыландыру
бюджетінен жүзеге асырылады. Сондықтан министрліктер мен ведомствалар шағын
кәсіпорындар салаларының шығындар қаражаттары бойынша сметада қарастырады.
Бұл қаражаттардың айтарлықтай бөлігі ұлттық қаржылық корпорацияға,
шағын бизнесті қаржылық сақтандыру компаниясына және басқа ұйымдарға
депозит және салымға бағытталады. Бұл мекемелер қаражатты арнайы қаржылық
компаниялары–банктер, инвестициялық, сақтандыру және басқа қаржылық
мекемелер яғни, қаржылық қызмет нарығына жібереді. Одан басқа, бұл
ұйымдардың ресурстарының қосымша шығыскөзін қалыптастырудан ірі бизнес
депозиттері мен ақша салымдары, жергілікті билік органдары, тәуелсіз шағын
бизнес бірлестігі, қаржылық және сақтандыру ұйымдары шағын бизнестің елде
дамуына мүдделі.
Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру үшін банктер және
арнайы ұйымдастырылған қаржылық органдары арқылы, сондай-ақ, кепілдермен
жеке меншік банктерде несиелеуде қатысады.
Басқаратын үш үкімет институты есептеледі:
▪ Сауда және өнеркәсіпті қаржыландыру үшін ұйымдастырылған орталық
кооперативтік банк (негізі сауда және өнеркәсіптік жобаларды, банк
капиталының 23 –і мемлекет жарнасынан құралған);
▪ Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру халықтық корпорациясы (кепілсіз
қаржыландыруды жүзеге асырады, корпорация ең кіші компанияларды
қаржыландыру үшін жаратылған);
▪ Мемлекеттік қаржылық корпорация (приоритетті салаларды инвестициялық
және қауіпті жобаларды қаржыландырады); сауда - өнеркәсіп палаталары
үлкен тармаққа ие (мемлекет бойынша 500-ден астам), ол жылына сомасы
500 млрд иен займдар береді.
Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру корпорациясы мемлекет меншігінде,
негізгі ресурс базасы мемлекет бюджетінің қаражатынан қалыптастырылады.
Шағын кәсіпкерлікке несиенің шекті мөлшері 400 млн иен, пайдалану мерзімі
10 жылға дейін. Коммерциялық несиелердің пайыз ставкасы минимал ставка
деңгейінде ірі компанияларға беріледі.
Жапонияда тағы бір мамандандырылған мекеме – банк Соко-Чукин (100
бөлім), қаржыландыру қызметі – кооперативтер, шағын және орта
кәсіпорындары.
Шағын бизнесті қаржыландыру корпорациясы және мемлекеттік қаржыландыру
корпорациясы арнайы приоритетті бағдарламалар үшін, шағын және орта
кәсіпорындар құрылымын қайта құру, қоршаған ортаны қорғау, электржинақтаушы
өндіріс орындарына ең жоғары жеңілдіктермен несие береді.
Қаржылық көмектің басқа түрі – шағын кәсіпкерлер бірлестігі жергілікті
және мемлекеттік бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша
мемлекеттік корпорация арқылы ұзақ мерзімді (5-20 жылға) ссуда береді.
Жапонияда да Қосымша қоғамдық несиелеу жүйесі несиені кепілдеу және
сақтандыруды қамтамасыз ету арқылы шағын кәсіпорындарды несиелейді. Осы
жүйе коммерциялық қаржылық институттары компанияларының шағын және орта
бизнесті капиталмен қамтамасыз етуіне жағдай жасайды. Осы механизмның іске
асуын мемлекет несие кепілдігі ассоциациясы (мемлекетте саны 52 –ге жетті)
шағын және орта бизнесті сақтандыру корпорациясы арқылы қамтамасыз етеді.
Жапонияда қайтарылмайтын қаржылық көмек тек тиімді ғылыми-техникалық
бағдарламаларға беріледі. Техникалық қайта қаруландыруды қаржылық қолдау
жергілікті бюджеттен қамтамасыз етіледі.
Жапонияда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесінің ажыралмас элементі –
бұл компенсациялық шығындар, кадрларды дайындау шығындары. Шығындардың 23-
і жұмысшылар сапасын жақсартуға жұмсалады. Шағын және орта кәсіпорындарға
ақпараттық қызмет көрсетуді субсидиялауға қаражаттар мемлекеттік және
жергілікті бюджеттен бірдей мөлшерде жұмсалады. Бұл жергілікті ақпараттық
орталықтары жүйесі арқылы іске асырылады (олардың саны мемлекетте 47 ге
жетті).
Бұл елде өте кіші фирмаларда акция шығаруды қолдайды. Мемлекет ірі
делдалдық акционерлік қоғамдарды, онша ірі болмаған компаниялардың акция
шығарып және акция сатып алуын, сондай-ақ, шағын және орта компанияларға
да акциялардың тарауын қолдайды.
Жапонияда қаржыландырудың және бір формасы – кәсіпорынның акционерлік
капиталына қосылу арқылы оның акциясының бір бөлігіне ие болу. Бұл
сақтандыру жүйесі және шағын кәсіпорындардың акционерлік капиталына
мүмкіншілік туғызады және шағын бизнесті қаражатпен нсиелеуге жол ашады.
Нарықтық экономика дамыған елдерде шағын бизнесті мемлекеттік
қаржыландыру жүйесі өте жақсы үйлестірілген. Бұл мемлекеттік қаржылық
институттар, қаржылық бағдарламаларды қайта өңдеу, екіншідеңгейлі банктер
арқылы несиелеу, мамандандырылған коммерциялық қаржылық мекемелері:
венчурлық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары арқылы шағын бизнестің
динамикалық дамуына жағдайлар жасалған.
Біз жоғарыда дамыған елдерде мемлекет тарапынан шағын бизнесті қаржылық-
несиелік белсенді қолдау экономиканың белсенді инструменті елде шағын
кәсіпкерліктің дамуы екендігінің куәсі болдық.
Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесін экономикалық
ерекшеліктерді ескере отырып біздің елімізге де қолдау қажет.

ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ
2.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу ерекшеліктері
Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз
міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмат көрсетуді кең мағынада
түсінуіміз қажет. Мәселен, бұлар–ғимарат және құрал жабдықтар, үй–жай,
мүлік, өндіріс және тұтыну тауарлары,ақпарат, интеллектуалды нәтиже, ақша,
валюта, құнды қағаздар, басқа да тауарлар, жұмыстар мен қызметтер болуы
мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестер
беру болып бөлінеді. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен
жетістіктері бар. Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
● өнімді өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
● ақпаратты өңдеу және жинау;
● рухани құндылықтарды игеру;
● тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өндірістері - өндірістік орта және кіші бизнес
және мекемелер, коммерциялық сауда мекемелері, тауар – қор биржалары,
банктер мен халықтар және т.б. Қызмет түрін таңдауда алдын – ала
маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет
көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы,
келешек даму тенденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім
өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау.
Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатындығы
белгілі. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы – қаражаттың
шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға
дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға
бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл
процес делдал агенттіктер, брокер немесе орта және кіші бизнестің өз
к.шімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты
кезі.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-
айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде бұл тауармен қызмет көрсету
қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы –
мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Мұндағы ең басты мәселелер :
● нені сатып алу керек
● нені сату керек
● қайда сату керек , деген сұрақтарға жауап іздеу.
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала
бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекетін жоспарын "бизнес жоспарын" жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында: сатып алу-сату мәмілесін жүргізу,
тауарларды көтере сатып алу және сатубағалары бойыншаесеп айырысулар, шығын
мен ақырғы нәтижелер, жұмысшылардың саны, көлік жұмысының ауқымы, жарнама,
коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Бизнес- жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
1. тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
2. ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға
төлем жасау;
3. тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді
өткізетін сауда орындары;
4. тауарларды өткізу нысандары;
5. несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
6. мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті
төлемдерді өтеу.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны,
валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация), яғни ақшаны тікелей
және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты
ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға
қатысушылар: коммерциялық банктер, қор биржалары, кейбір орта және кіші
бизнестер мен ұйымдар, кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-
әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен меркетингтік қызметті ұйымдастырудан
бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың
көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны- меншіктік акцияға,
облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға қатысты
құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен – орта және кіші бизнес.
Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды
құқықтары бар дара шаруашылық субьектісі өзіне бекітіліп берілген
мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әртүрлі
қызмет көрсетеді.
Орта және кіші бизнестің ықшам ортасы
Сурет 1
Қаржы бөлімі қаржы жағдайын қарастырады.Ол маркетингтік жоспарды нақтылы
іске асыру үшін қажетті қолма-қол ақшамен, оларды қолдану жұмыстарымен
айналысады.
Ал ғылыми зерттеу бөлімі зиянсыз тауарларды жобалау жұмыстарымен,
техникалық зеруліктерді анықтаумен және оларды өндірудің тиімді
әдістерініздестіріп, табумен шұғылданады.
Өндіріс бөлімінің негізгі бағыты қажетті мөлшерде тауарларды өндіруді
қамтамасыз ету.
Материал және техникамен қамту бөлімі қажетті ішкі заттар мен
бөлшектердің жеткізіп тұруына тиісті жағдай жасауға міндетті.
Бухгалтерлік есеп бөлімі орта жіне кіші бизнес кірісі мен шығысын
бақылайды жіәне маркетинг қызметкерлерін көздеген мақсатқа жетудің
қаншалықты сәтті жүріп жатқандығы жөнінде хабардар етеді.
Орта және кіші бизнес қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі
талдау мақсаттарына байланысты болады:
- Стратегиялық мақсат.Осы орта және кіші бизнес қызметі нәтижелігінің
өзімен бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметінен салыстыру қажет.
Осыған орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметінің қандай да
бір элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
- Тактикалық мақсат. Басшылық орта және кіші бизнес қызметін
бақылайды. Кейбір бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің
жұмыс істеу тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
- Жоспарлау міндеті. Түрлі ресурстардың немесе осы ресурстардың
түрліше ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
- Басшылықтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымның шарт
жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу.
- Орта және кіші бизнестің өндірістік-шаруашылық және коммерциялық
қызметі қасиетінің әртүрлілігі және түрлі елдегі көрсеткіштердің көптеген
түрлеріне ықпал етеді.
Оларды пайдалану проблемасы мынадан тұрады: олардың бірде бірі
әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, мағынада, бизнесте қол жеткен табыстар
немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі туады. Сондықтан да,
практикада әр уақытта бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі
пайдаланылады, бағаланады немесе орта және кіші бизнес қызметінің түрлі
жақтарын көрсетеді.
Орта және кіші бизнестің қаржы жағдайын талдау.
Орта және кіші бизнестің бірден-бір басты міндеті – оның қаржы
жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе
қаржы коэффициентін анықтайды.
егізгі қаржылық коэфициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға
болады:
- өтімділік (төлем қабілеттілігі);
- пайдалылық (табыстылық);
- активтерді басқару тиімділігі.
Кесте 1
Орта және кіші бизнестің қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың
негізгі принциптері.
Принциптері Принциптің мазмұны
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге негізделеді.
Жиынтылығы Процесті объективті бағалау мақсатында
оны жан-жақты зерттеу.
Жүйелілігі Бір-біріне өзара байланысты экономикалық
құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау
емес.
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті, алдын-ала белгілі
аралық уақыт арқылы жүргізу керек
Объективтілігі Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және
зерделеу, объективтік қөрытындылар жасау.
Пәрменділігі Практикалық мақсатты пайдалану, өндіріс
қызметінің жаңа нәтижелілігін талдау.
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты шығындар,
оны жүргізу нәтижесінде алынған сол
экономикалық тиімділіктен шектеулі түрде
аз болуы керек.
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау қорытындылары
бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы
керек, ал аналитикалық процедураларды
тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың
сабақтастығы сақталуы қажет.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға
теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі
нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы - орта және кіші бизнеске сырттан
түсетін ресурстар.
Орта және кіші бизнестің қаржы ресурстары
Сурет 2
Қазіргі кезде Қазақстанда коммерциялық банктер клиенттерге қызмет
көрсетуде банк операцияларының жаңа техникаларын қабылдап, жоғары деңгейде
қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде. Банктердің негізгі экономикалық
функциясы – кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлік фирмаларды, жеке
тұлғаларды, олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын
қаржыландыруды жүзеге асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да
еліміздің бір қанша басты банктері өзінің несиелеу қызметін жүзеге асыруда,
көпшілік экономикалық жағдайларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету,
сондай-ақ жаңадан жұмыс бастаған кәсіпорындарды несиелеу, жұмыспен қамту
деңгейін көбейту және олардың экономикалық өмірге икемділігін қамтамасыз
етуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 01.01.2007
жылда коммерциялық банктер экономикаға 1484,3 млрд. теңге салған. Ұлттық
валютада берілген несие көлемі 714,3 млрд. теңгені құрады, ол 2006 жылдың
осы кезеңіндегі деңгейімен салыстырғанда 64%- ға (278,9 млрд. теңгеге), ал
шетел валютасында берілген несие 770,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2004
жылдың осы кезеңіндегі деңгейімен салыстырғанда 42%-ға (227,2 млрд.
теңгеге) артқан. Несиенің мерзімі бойыншада өсу байқалды. 01.01.2007 жылда
ұзақ мерзімге берілген несие көлемі 975,4 млрд. теңгеге жетті. Коммерциялық
банктердің шағын кәсіпкерлікке берген несие көлемі 01.01.2006 жылда 196,2
млрд. теңгені құраған болса, бұл көрсеткіш 01.01.2005 жылда 288,4 млрд
теңгені құрады немесе жалпы экономикаға салынған несие көлемінің 19,4%-ына
тең.
Қазіргі уақытта отандық беделді банктер жеке кәсіпкерлікті және шағын
кәсіпорындарды несиелеуді қолға алуда. Шағын бизнесті несиелеу
бағдарламасын жүзеге асыру - қазақстандық банктердің несиелеу қызметін
дамытудың бірден-бір перспективтік бағыты есептеледі. Бағдарламаның мақсаты
– кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар және шағын
кәсіпорындарға жоғары болмаған ставкалармен несие ресурстарын беру,
қаржылық қолдау көрсету.
Банк келесідей жобаларды қарастырады:
• машиналар, құрал-жабдық, шикізат және материалдар алу;
• өнім өндіруді жақсарту;
• кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс, жылжымайтын мүліктерді
өңдеу және т.б.
Банк қызметкерлері төмендегідей қызметтерді тегін көрсетеді:
- клиенттерге консултация;
- қаржылық экспертиза;
- кепілді бағалау;
- заем алушының құжаттарын юридик экспертизадан өткізу.
Бұл жоғарыдағы банк талаптары несие ресурстарының импорт тауарларды және
коммерциялық мақсаттарда пайдалануына мүмкіндік бермейді. Азиялық несиелеу
компаниясы жолы бойынша несие ресурстарын тек өнім өндіру және халыққа
қызмет көрсету жобаларын қаржыландыруға береді.
Алматы сауда-қаржылық банкі арнайы Бизнесті несиелеу және дамыту
Бағдарламасын істеп шықты. Банк шағын және орта бизнесті қаржыландыру
бойынша Европа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, германиялық Несие
институтының (KFW) экономиканы қайта қалыптастыру жобаларына қатысуда.
Казкоммерцбанк Европа қайта құру және даму банкімен бірлесіп
қазақстандық шағын және орта кәсіпорындар үшін шағын бизнесті несиелеу
бағдарламасына қатысуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қазақстандық шағын
және орта кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсету, сондай-ақ, кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға несие ресурстарын тиімді жағдайларда
беру болып табылады.
Кәсіпкерлікті несиелеуде кедергі болып отырған ең негізгі шағымдар.
Біріншіден, несие алу күрделілігі және берілген өтінішті қарап шығу
мерзімінің ұзақтығы, екіншіден, несие сыйақы ставкаларының жоғарылығы,
үшіншіден, несиені қамтамасыз ететін кепілге қатаң талаптардың
қойылғандығы.
Жағдайдың күрделілігінің бірден-бір себебі, банктер үшін несие рискінің
жоғары деңгейде екендігі, сондықтанда, шағын бизнес субъектілеріне несие
қысқа мерзімге беріледі. Көпшілік шағын және орта бизнес субъектілері аз
өтімді (мало ликвидный).
Тағыда үлкен қиындық жаңа жұмысты бастау және дамыту үшін қосымша
инвестиция қажет ететін бастаушы кәсіпкерлерде байқалады. Банктер банк
рисктерін басқару бойынша өзінің ішкі несиелік саясатын және нормативтік
құжаттарын басқарады, табысы тұрақты болмаған кәсіпорындарға ақша салмайды.
Нарыққа жаңа шығып жатқан фирмалар өзіне жоғары деңгейде банкроттық
рисктерін алады, осы нарықта қызмет көрсетіп жатқан, тәжірибесі мол ірі
және шағын кәсіпорындармен бәсекелесе алмайды.
Шағын кәсіпкерлікті несиелеуде тағы да бір проблема бизнесті жаңа
бастаушылардың несие алу жағдайында еместігі, себебі коммерциялық банктер
несие ресурстарын тұрақты жұмыс істеп тұрған және әр ай саын табыс алатын
шағын кәсіпкерлікке ғана береді.
Шағын кәсіпкерлікті несиелеуде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді
несиелеу ерекше орын алады. Бұл саланы несиелеуде риск деңгейі өте жоғары.
Бұл біріншіден, аграрлы өндіріс табиғи жағдайларға өте байланысты болса,
екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тұрақсыз.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті несиелеуде аграрлық секторды қаржы-
несиелік реттеу өзінің бірқанша сипаттарымен ерекшеленеді. Сондықтан-да,
аграрлық секторды несиелеудің нарықтық механизмін қалыптастыру қажеттілігі
мен оның жолдарын негіздеу қажет.
Егер экономикалық дамыған елдерде несиелік қарым-қатынастар механизмі
игеріліп алынған болса, Қазақстанда ол әлі қалыптасу кезеңінде тұр.
Қазіргі уақытта қазақстандық банк жүйесінің несиелік мүмкіндіктері
шектеулі, оған қоса шаруашылық субъектілері де оларды тиімді жұмсай алмай
отыр.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржы айналым құралын қалыптастырудың
негізгі көзі жекеменшік қорлар мен банктік несие болып табылатыны белгілі.
Ең маңыздысы және күрделі мәселе – несиенің қайтарылмауы, ол қазіргі
кезеңдегі экономикалық ауыр қаржылық жағдайының тікелей салдары болып
табылады. Нарықтық қатынастардың тұрғысынан несиенің қайтарылмауы – кері
көрініс, себебі бұл мерзімдік, қайтарымдылық, ақылы, қамтамасыз етілу
принциптері бойынша әрекет ететін несие капиталының табиғаты мен сәйкес
келмейді. Құн қозғалысының қайтарымдылығы ретінде несие сипатынан шығатыны,
тек уақытша маусымдық қаржылар мен шығындар несие алудың есебінен құралуы
мүмкін.
Бұл принциптер сақталмаған жағдайда, экономиканың әрекет етуінің бүкіл
нарықтық механизмі бұрмаланады, объективті пропорциялар мен шаруашылық
байланыстар бұзылады.
Несиенің пайыздық ставкасы туралы мәселе де өнім өндірудің маусымдық
сипатындағы қаржы ресурстарының әркелкі ағыны орын алған экономикадағы
бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналып отыр. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде
егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы маусымдық несиесіз ойдағыдай дами
алмайды. Ауыл шаруашылығында негізгі қорларды молайту және ғылыми-
техникалық прогресс өлшемімен олардың құрылымын жетілдірудің маңызды көзі
болып табылатын ұзақ мерзімді несиелерге деген қажеттілік те жоғары.
Сондықтан ауыларуашылығының индустриалды дамуының деңгейі қаншалықты жоғары
болса, несиенің ролі де соншалықты мәнді.
Қазақстанда аграрлы сектордағы экономикалық реформа өте баяу және
ауыр өтуде, нарықтық қатынастарға көшу жылдарында республиканың қаржы-несие
жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырағанына қарамастан, ол әлі де қалыптасу
кезеңінде тұр.
Бұл жағдай мемлекеттік аграрлы саясатқа да, Қазақстанның
агроөнеркәсіп кешенінің қаржы-несие қатынастары механизміне де маңызды
түзетулер енгізуді талап етеді.
Бәрімізге белгілі, нарыққа өтудің басты мәні мемлекеттік қамқорлық,
арқа сүйеушілік, иесіздік пен жауапкерсіздік орнына шаруашылық ісінің
еркіндігі, жоғары өнімді еңбек материалдық берекесінің шешуші факторы болып
табылатын тауарөндірушілердің бастамасы болуы керек еді. Нарыққа өтудің
мәні экономиканың барлық саласы мен өрісі үшін бір, бірақ өту жолдары,
формалары, жағдайлары маңызды арнайы ерекшеліктерге ие. Бұл әсіресе өзіндік
әлеуметтік-экономикалық жүйе болып келетін өндірістің аграрлы саласына
қатысты. Бұл мәселе тек максималды түрде нақтылы және қоғамдық еңбекке ғана
емес, сонымен қатар жерді, малды және биологиялық мүмкіндіктерге де
бағытталуға тиіс шаруашылық механизміне едәуір талаптар қояды.
Ауылшаруашылығының нарыққа өту кезеңінің ерекшелігі салааралық
байланыстарының күшеюі де оны ұйымдастыру, басқару және қаржылық-шаруашылық
механизмінің мазмұнына жаңа әдістемені қажет етеді, ол, яғни қаржылық-
шаруашылық механизмі нарықтық қатынастар мен қазіргі заманға менеджменттің
жаңа жетістіктері негізінде агроөнеркәсіп кешені барлық әріптестерінің
мүдделерін келістіреді.
Салалар мен кәсіпорындар арасындағы әкімшілік-орталықтандырылған
байланыстар негізінде құрылған агроөнеркәсіп кешенінің өзгеруі нарық және
кәсіпкерлік заңдары негізінде әрекет етуші агробизнеске, дамуы үлкен
қиындықтар мен өткір қарсылықтарды жеңумен, көптеген дәстүрлі емес
тапсырмалар мен мәселелерді шешумен байланысты өте күрделі процесс. Осыған
байланысты агроөнеркәсіп кешенін реформалау төңкеріс жолымен емес,
біртіндеп, эволюциялық жолмен, оған қажетті қаржылай және
материалдықресурстардың пайда болуы жағдайына қарай жүру қажет.
Қазақстанның аграрлы секторының даму ерекшеліктерін ескере отырып,
ауылшаруашылығының тиімділігін арттырудың қазіргі уақытта, біздің ойымызша,
мына бағыттары бар: а) тікелей мемлекеттік қолдау (бағаның тұрақтылығы мен
табыс алуды қолдау, табиғи ресурстарды қорғау, ауылды әлеуметтік дамыту,
ғылыми-техникалық ақпараттың дамуын қуаттау үшін бюджеттік қаржыландыру
түрінде); б) компенсациялық төлемдер (географиялық, табиғаттық-климаттық,
әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларға байланысты мақсатты
дотациялар мен субсидиялар бөлу түрінде); в) салық саясатын өзгерту; г)
агротүзілімдерді несиелеу (жер және жылжымайтын мүлік кепілдігі негізінде
берілетін несие түрінде); д) қаржы – несие механизмін жетілдіру
(ауылшаруашылық өнімдеріне мемлекеттік кепілдік беру, несиелік серіктестер
мен кооперацияларды дамыту түрінде).
Бірінші бағыт 2003-2005 жылдары ауылға кең көңіл бөлініп
отырғандықтан, қазіргі кезеңде қолға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz