Сынып жетекшісінің қызметі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

ОРЫНДАҒАН:

ЖЕТЕКШІСІ:

І. Кіріспе бөлім.

ІІ. Негізгі бөлім.

Теориялық.

§1. Сынып жетекшісінің қызметі.

§2. Сынып жетекшісінің

ұйымдастырушылық қызметі.

§3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие

жұмысын ұйымдастыру формалары мен

тәсілдері.

§4. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанмен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буыны ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктелді. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысакды.

Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т. б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмірі жағдайларына байланысты қарастыру.

Сынып жетекшісінің міндеті-сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп іздегністі талап етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

  1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
  2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
  3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушщылардың ата аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
  4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
  5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
  6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
  7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қкамтамасыз ету.
  8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
  9. Тәрбиенің негңзгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т. б.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін “Класс жетекшісінің жұмысы туралы” методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің Жарғысымен т. б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетіледі.

Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға- мектептегі сыныпжетекшісі.

Кеңкс өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек ХІХ ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Дегениен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналасушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастиапқы кезде “күтушілер” /няньки/\, кейіннен “губернанткалар” ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы “Университеттік мекеме Жарғысына” сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші- ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.

1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген.

Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалардың тәрбие ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да (“надзиратели”) жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-құлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылады. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болады.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы “гимназиядағы сынып тәрбиешісі” Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім беруменде айналысты.

Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болды; сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау, мектеп іс-қағаздарын жүргізу, оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу, сол сыныпта сабақ жүргізктін оқушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемілекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болады. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылады.

Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектеледі. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналасуғаға уақыттары да аз болады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көз қарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті-оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т. с. с.

ХХ ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әр түрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.

1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формамалары пайда болды: тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер; қойылым спектакль қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағыда негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.

Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктеледі. Оларды топ жетекшілері деп деп атады. Негізгі міндет Коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие

жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т. с. с. болды.

1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына басымдылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.

1930 жылдары отандық мектепте өте маңвзды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т. б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.

1934 жылы “Жалпы еңбек мектебінің” Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу- тәрбие процесін топтан оқыту тәртібіне көшіру, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызметде бекітілді.

1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа Ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық-саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың “Оқушылар ережесін” үйренуі міндеттелді.

Осыдан 1971 жылғы жаңа “Сынып жетекшісінің Ережесіне” дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады.

Соңғы жылдары кейбір мектептерде “Сынып жетекшісінің” орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес “Сынып тәрбиешісі” деген қызмет пайда болуды. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъекіт ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процестерге ендіру қажеттілігі басмдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделуде.

Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипатты оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т. с. с. соның барысында кейбір классикалық тұрғыда білім беретін жалпы орта мектептердің педагогикалық әрекеті өзгерістерге ұшырауда. Соған сай сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен сипаты да өзгеруде:

  • пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшіснің қызметін атақарушы;
  • сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
  • сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
  • сынып тәрбиешісі

Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшісінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғный сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы да осы құжатқа негізделген.

Дегенмен, баланың тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік өмірде өздерін өзі тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепте, оқуышлар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болды. Сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өз ара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағыоқуышлардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.

70-80 жылдардағы мектептен өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде сынып жетекшілерінің ол жөніндегі көзқарастары басқаша. Яғный, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әр баланың дене және психикалық дамуына байланысты болады. Мұндайда, бірінші кезекте сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, жағымды психиолгиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғйзуға, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.

§1.

Сынып жетекшісінің қызметі

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекеленген оқуышға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін үш бағытта қарастыруға болады.

  1. Педагогикалық және әлеуметтік гуманитарлық.

Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай туғызуға, тұлғалық өзекті мәселелерін шешугу, өмірге араласу және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге арналған. Баланың от басымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тағыз байланыс орнату. Рухани адамгершілік және эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2. Оқуышлардың жалпы әрекетін басқару. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өһзін өзі басқаруды ұйымдастыру дамыту.

3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

Нақатамалық қызметі сыныпта оқу процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді, сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осныдай жұмыстарды атқару барысында, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екінші, нақтама жұмысының нәтижесін пайдалануда оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі мен сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысынң мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісініңғ мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрніс табады.

Жоспарлау - бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процестеріндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарлы орындауды қамтамасыз ету, онда белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуынш күнін, болашағын болжау , оны жобалаудың да маңызы ерекше.

А. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В. А. Сухомдинский де “тәрбиені ғылыми түрғыда алдын ала болжамдау, онда ол қарапайым көрніске: тәрбиеші - сауатсыз күтушіге, педагогика - балгерлікке айналар еді” - дейді. Сондықтан тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжамдау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір бөлігі. Онсыз тәрбиедегі мақсаттылық та, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы - бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекеленген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.

Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық жұмысының маңызын анықтайды.

Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы /октябрят, пионер, комсомол/ жұмысының тоқталуымен байлансыты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері, қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшілері үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжрибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланы әртүрлі әлеуметтік қатынасатарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т. с. с.

Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әр түрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қажағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті - тәрбие жұмысы деп атаймыз.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижеғлі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен үш бағытта жүреді.

  1. Оқушыға тікелей ықпал жасау; оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасмын танып білу; тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау; жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру; тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу;
  2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру; оқушылар ұжымын қалыптастыру; ондағы жағымды көңіл-күйді қалыптастыру; оқушыларды әлеуметтік әректетке қатыстыру; оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту
  3. Баланың әлеуметтік қатынасқа ықпал ететін әртүрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау; отбасына әлеуметтік қолдау көрсету; мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету; бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау; мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс-қимыл жасау.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы.

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандай әрекет болмасын, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмавса әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысынгң принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысына дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуын, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барыснда әртүрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Мәселе, тек мақсатты қоюда ғана емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,

А) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;

ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;

б) қол жеткізетін нәижені алдын ала жобалауды бірінші кезекте ескеру керек.

Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін айқын түсінуі керек.

Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:

  1. Педагогикалық процесті алдын-ала болжау.
  2. Өткен оқу жылының қортындысына талдау жасау.
  3. тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.
  4. мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Сынып жетекшісінің функциялары
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Сынып жетекшісінің қызметтері
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz