Жауапкершілігі Шектеулі серіктестік «А-БЕК» матеилдарының нәтижесінде ондағы ақша қаражаттарының есебін қазіргі талап деңгейіне сай уйымдастыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 «А-БЕК» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ -ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 7

1. 1 Кәсіпорынның мінездемесі және есеп саясаты . . . 7

1. 2 Серіктестіктің қаржылық және экономикалық жағдайын талдау . . . 14

2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ . . . 29

2. 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы және нақты ақшасыз есеп айырысу нысандары . . . 29

2. 2 Кассадағы нақты ақшаның есебін ұйымдастыру . . . 35

2. 3 Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі . . . 37

2. 4 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп . . . 43

2. 5 Консолидацияланған қаржылық есеп беру . . . 46

3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІ . . . 49

3. 1 Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, ақша қаражаты бойынша аудитті жүргізу жоспары . . . 49

3. 2 Касса операцияларының аудиті . . . 52

3. 3 Банкте ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті . . . 55

3. 4 Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының күшеюі қоғамдық өндірістің материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың нәтижелігіннің өсуін көздейді. Ресурстарды экономдау саясаты қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерінің негізгі көзі болып отыр. Осындай жағдайларға көңіл бөліп қарау үшін материалдық ресурстардың қозғалысының есебін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды.

Нарықтық экономика ең алдымен микро деңгейдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің дамуының қажеттілігін қамтамасыз етеді, өткені нарықтық экономиканың негізін әр түрлі меншік иелігінде бар жеке кәсіпорындар құрады.

Микро деңгейдегі талдау мен зерттеу күнделікті болып отыратын ұйымның қаржы-шаруашылық қызметімен, оның ұжымымен, менеджерлерімен және де меншік иелерімен байланысты нақты мазмұнды болып келеді.

Қазіргі кезде бизнес-жоспарлардың, маркетингтік зерттеулердің, өндірістің және өнімді сатудың мүмкіншілігін, өндіріске және өнімнің өткізілу процесіне, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына, нақты тұтынушылардың талғамын және шығарылған өнімнің сапасын бағалауға әсерін тигізетін дәлелдерді талдау жүргізу өте қажет.

Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің нәтижесінде Республикамызда көптеген жаңа шаруашылық жүргізуші субъектілер пайда болды. Елімізде шаруашылық жүргізуші субъектілердің-шаруашылық серіктестіктердің, шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылықтардың қызметін реттейтін біршама заңдар да шықты.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім - шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақтық шоттар - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай -ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің өмірі үшін есептен шығырылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақша төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма - қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді ; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Менің жазып отырған дипломдық жұмысым Алматы қаласындағы «А-БЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ақша қаражаттарының есебін жүргізіп, есепке алу ерекшеліктерін, оның қызметін талдап зерттеуге бағытталған.

«А-БЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007жылы құрылған. Оның негізгі көрсететін қызметі -жаңа және озық техникаларын, қазіргі болашақтағы жұмыстарынды инновациялық - технологиялық және - жан жақты жарнамалық безендіру жұмыстарын ұсыну қызметі болып табылады. Менің дипломдық жұмысымда ең алдымен осы ұйымның өндірістік процесінің бухгалтерлік есебін жүргізу және қалыптастыру қарастырылған.

Өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құның калькуляциялауға ғана әсерін тигізбейді, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құның есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау және жоспарлау үшін аппараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының күшеюі қоғамдық өндірістің материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың нәтижелігінің өсуін көздейді. Ресурстарды экономдау саясаты қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерінің негізгі көзі болып отыр. Осындай жағдайларға көңіл бөліп қарау үшін материалдық ресурстардың қозғалысының есебін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды.

Экономикалық бақылау жалпы экономикадағы және әр бөлек кәсіпорындардағы ең басты элемент болып табылады. Кәсіпорын қызметін бақылаудың ең негізгі де маңызды бағыттарының бірі ұйымға тәуелсіз аудиторлардың жасайтын тәуелсіз бақылауы. Аудиттың ең басты бағыттарының бірі болып ұйымдағы ақша қаражаттарына аудит жүргізу болып табылады. Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есепте толық және нақты көрсетілуі үшін нормативті құжаттарымен яғни заңдармен заңдылықтарға сүйену қажет. Өйткені, ұйымның ақша қаражаттар жүйесінде ауытқулар мен қателіктер өте көп кездеседі. Осыған орай, ақша қаражаттардың дұрыс бухгалтерлік есебінің ұйымдасуы мен аудит жүргізілуі кәсіпорын қызметінің дамуының ең басты жағдайы болып отыр.

Ақша қаражаттарының есебі және оның аудиті деген тақырыптың өзектілігі оны әліде ары қарай терең зерттеп, талдап қарастырылуында болып отыр. Бұл тақырыптың әдістемелік негізі ретінде ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру бойынша нормативті құжаттар болып отыр.

«Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті » тақырыбы бойынша диплом жұмысы нарықтық экономика жағдайында дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында маңызды орын алып отыр. Диплом жұмысын орындау барысында Жауапкершілігі Шектеулі серіктестік «А-БЕК» шағын кәсіпорын материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмыстың негізгі мақсаты - Жауапкершілігі Шектеулі серіктестік «А-БЕК» матеилдарының нәтижесінде ондағы ақша қаражаттарының есебін қазіргі талап деңгейіне сай уйымдастыруы мен оның ішкі, сыртқы ауитын жүргізу процесстерін зерттеп, оның артықшылығы мен кемшілігін анықтау және оның ары қарай даму жолдарын қарастыру. Нақты ақшаның жоғарыда аталған сақталу орындары бойынша есебі төмендегі тарауларды толық ашалып көрсетіледі:

-Кәсіпорынның табиғи-экономикалық сипаттамасы

-Есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

-Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы және нақты ақшасыз есеп айырысу нысандары

-Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру;

-Банктегі есеп айырысу шотындағы жәнебасқада шоттардағы ақша қаражаттарының есебі

-Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, оның аудиты.

Дипломдық жұмысты орындау барысында әдістемелік нормативтік, құралдар ретінде ҚР-ның бухгалтерлік есеп және есеп беру және де басқа заңдарымен соларға байланысты нормативтік актілері, тақырып бойынша жазылған ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. Сонмен қатар «А-БЕК» ЖШС -тің шаруашылық қызметтерінің мәліметтері, бухгалтерлік есеп құжаттары, регистрлар, қаржылық есептіліктер мәліметтері негіз болды

1 «А-БЕК» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ

ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Кәсіпорынның мінездемесі және есеп саясаты

Жауапкершілігі Шектеулі серіктестік «А-БЕК» 19. 06. 1997 ж. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бірлесіп қызметін жүргізу мақсатында құрылған.

Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлға құқығына иеленеді.

Серіктестік қаржылық және өндірістік қызметті шаруашылық дербестіктің негізінде жүзеге асады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің дербес балансы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық фирмалық атау көрсетілген мөрі, банктік шоттары бар. Есеп айырысу шоттары - Центркредит банкте ашылған.

Серіктестік қызмет мақсаты ҚР және серіктестікке қатысушылармен мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтері біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестік өз мақсаттарына сәйкес өз қызметінің түрлері мынандай бағыттарда жүзеге асырады:

- жалпы құрылыс және жөндеу жұмыстары;

- азаматтық және өндірістік ғимараттарды жөндеу және салу;

- келісім бойынша әр түрлі жұмыс пен қызмет түрлерін көрсету және түрлі ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелердің тапсыомаларын орындау.

Серіктестік өз міндеттемелеріне өзіне тиісті барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелеріне жауап бермейді, іс - әрекет етуші заңдармен қарастыоылған жағдайларды санамағанда.

Серіктестіктің қатысушысы оның міндеттемелеріне жауап бермейді және серіктестіктің әрекетімен байланысты шығынын қауып - қатерін өздері салған салым құнын шегінде көтереді.

Серіктестіктің қатысушысы құқылы: осы жарғымен белгіленген тәртіпке серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға; серіктестіктің әрекеті туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге құжаттарымен танысуға; серіктестік әрекетінен табыс табуға; серіктестік таратылған жағдайда несие алушылармен есептескеннен кейін қалған мүлікті алуға; жеке шешімі бойынша серіктестікті тоқтатуға.

Серіктестіктің қатысушысы міндетті: осы жарғының талаптарын сақтауға; осы жарғымен қарастырылған тәртіпте, мөлшерде, әдіс пен мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салым салуға; серіктестік коммерциялық құпия деп мәлімдеген мәліметтерді жария етпеуге.

Серіктестіктің қатыспаушылары заңдармен қарастырылған басқада құқықтарға (міндеттерге) ие атқара алады.

Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ, жер пайдалану құқығы мен жеке әрекет қорытындыларының құқығы және өзге мүлік бола алады.

Мүлік және мүлік емес құқықтар және басқа материалдық емес игіліктер түрінде салуға құқсат берілмейді.

Серіктестіктің мүлігі қатысушылардың жарғылық капиталға салған алғашқы жарнасы, қосымша жарна, кәсіпкерлік әрекеттен түскен пайда, сондай - ақ, заем қаражаттары және басқа серіктестік белгіленген тәртіпте сатып алған немесе тапқан өзге мүлік арқылы құрылады.

Қатысушылардың шешімі бойынша серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгере алады.

Серіктестіктің жарғылық капиталының көбеюінің қатысушысымен енгізілген қосымша салымдар, серіктестіктің жеке капиталы, нақты құны баланс құнынан асатын таза активтерді қайта бағалау, серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алу арқылы жүзеге асырылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталының заңдармен белгіленген ең аз мемлекеттік тіркеу сәтінде азаюына рұқсат берілмейді.

Серіктестіктің жоғарғы органы қатысушысы жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің қатысушысының жалпы жиналысының айрықша құзырына келесілер жатады.

1) серіктестіктің жарғысының өзгеруі, оның жарғылық капиталының мөлшерінің, орналасқан мекен - жайы мен фирмалық атауыынң өзгеруі, немесе серіктестіктің жарғының жаңа басылымда бекітілуін қоса;

2) Серіктестіктің атқарушы органынан құрылуы және оның өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы сондай - ақ, серіктестіктің беру туралы немесе оның мүлігінің сенімді басқаруға берілуі туралы шешім қабылдау және осындай берілудің шарттарын анықтау;

3) Серіктестіктің тексеру коммисиясының өкілеттерін сайлау және мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ, серіктестіктің тексеру коммисиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;

4) Жылдық қаржылық есепті бекіту және таза пайданы тарату;

5) Ішкі ережелерді, оларды бекіту және таза пайданы тарату;

6) Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;

7) Серіктестіктің қайта құру немесе жою туралы шешім;

8) Тарату коммисиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

9) Серіктестіктің барлық мүлігінің кепілоі туралы шешім;

10) Серіктестіктің мүлігінің осымша жарна енгізу туралы шешім;

Серіктестіктің атқарушы органы жалпы жиналыста сайланатын директор болып табылады, ол қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, оның анық құрылтайшысын дайындау барысында еңбек қарым - қатынастары еңбек заңдарына сәйкес ретке келтіріледі.

Директор қатысушының айрықша құзырына жатпайтын барлық мәселерде құзырлы, соның ішінде:

- ағымдағы және болашақ жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

- қатысушының шешімдерінің дайындалуы мен орындалуын ұйымдастастырады;

- серіктестіктің мүлігіне, оның ақша қаражаттарына қатысушымен берілген шетке билік етеді;

- ұйымдармен, сол сияқты мемлекеттік органдармен, соттармен қарым - қатынаста қатысушымен берілген және осы жарғымен берілгеннен өкілеттіктер шегінде серіктестіктің әрекетінің жөніндегі мәсілелер бойынша серіктестік ұсынады;

- өз құзыры шегінде басқа да қызметтерді атқарады;

Серіктестіктің директорының өкілеттіктері:

- Серіктестіктің атынан сенімхатсыз іс - әрекет етеді;

- Серіктестікті таныс ету құқығына сенімхат береді, сол сияқты, қайта сенім білдіру құқығымен сенімхататр береді.

- Серіктестіктің жұмысшыларына қатысты оларды қызметке тағайындау, ауыстыру немесе орнынан босату туралы бұйрық шығарады, еңбек ақысын төлеу жуықтайды, лауазымды еңбекақының және жеке үстеме ақы мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін шешеді, ақы төлеу шараларын қабылдайды және тәртіптік айып төлемдер салады;

Серіктестіктің директорына тиым салынады:

1) қатысушының келісімісіз серіктестікпен мүліктік пайда табуға бағытталған мәміле жасауға (сыйға тарту, қарызға беру, қайтарусыз пайдалану, сауда - саттық келісім шарттарын қоса) ;

2) серіктестіктің өзінен сияқты үшінші тұлғалардан серіктестіктің үшінші тұлғалармен мәміле жасалғаны үшін коммиссиондық сыйлық алу;

3) олардың серіктестікпен қатынасында үшінші тұлғалардың атынан немесе мүддесіне әрекет етуге;

4) серіктестіктің әрекетімен бәсекелесетін кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға;

Серіктестік заңдарға сәйкес есеп және есеп беру шынайылығы мен тәртібі сақталмағаны үшін жауапкершілік артады.

Серіктестіктің директорының қаржылық - шаруашылық әрекетіне бақылауды жүзеге асыру үшін қатысушы тексеру коммисиясын құра алады.

Тексеруді жүргізу үшін сыртқы аудитор жұмысқа кірісе алады. Тексеру коммисиясының (ревизор) жұмыс тәртібі серіктестіктің ішкі әрекетін ретке келтіретін ережелер мен өзге құжаттармен белгіленеді.

Серіктестікпен оның әрекетінің қорытындылары бойынша бір жыл ішінде табылған таза пайдасы қатысушының жеке шешіміне сәйкес таратылады.

Әр жұмысшының еңбек кірістері ең көп мөлшермен шектелмейді және белгіленген ережелерге сәйкес салық салынады.

Серіктестік еңбек ақыны төлеу формасы мен жүйесін жеке анықтайды, мемлекеттік тарифті жұмысшылар мен сәйкес мамандардың еңбек ақысының төлеуінің ең аз мөлшердегі кепілі ретінде қарастыра отырып, еңбек келісім - шарттарында тарифтік қойылым мен еңбек ақысының мөлшерін қарайды. Серіктестіктің жұмысшылары заңдарға сәйкес пенсия және әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар [3] .

«А-БЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп саясаты Қазақстан Республикасының қаржылық есептін Ұлттық стандарттарына (НСФО №2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарын мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған [4] .

Есеп саясатының келесі бөлімі ұйымның заңды статусы мен ұйымдастырылу құрылымын қарастырады. Қоғам жекеменшіктік заңды тұлға болып табылады.

Есеп саясатының келесі бөлімінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ішкі бақылау жүйесі келтіріледі. Ұйымдастыру негізіне қарай:

- қабылданған есеп саясатын есепті мерзім бойы бақылау;

- қаржылық міндеттемелер мен мүліктерді түгелдеу нәтижелерін сондай - ақ барлық шаруашылық операцияларын түгелдей есепте қамтылғанын;

- есепті мерзімге шығындар мен табыстардың дұрыс жатқызылғанын;

- аналитиклық және синтетикалық есеп нәтижелерін дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есеп принциптеріне кәсіпорын өзінің саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

- бухгалтерлік есептің уақтылығы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;

- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;

- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;

- актив пен міндеттемелерді түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті) ;

- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;

- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;

- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізге факторлар әсер етеді:

- меншік нысан мен құқықтық - ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа) ;

- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа) ;

- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;

- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа) ;

- қаржы - шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері) ;

- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;

- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық - әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар) ;

- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.

Барлық бухгалтерлік жазбалар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Типтік жоспар шоттарына сәйкес жасалынған Жұмыс шоттар жоспары жіктемесіне қарай жасалынып, Серіктестіктің қызмет ерекшелігіне байланысты құрылады.

Жалпы бухгалтерлік жазбалар келесідей тәртіппен жасалады:

Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай алғашқы құжаттарға жазылады.

Алғашқы құжаттардағы мәліметтер екі жақты жазумен корреспонденцияланып, журнал - ордерлер, ведомостерге жазылады.

Осы құжаттардың негізінде қаржылық есеп құрылады.

«А-БЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шаруашылық операцияларының құжатталу тәртібі, құжаттардың айналымы, бухгалтерияға немесе архивке түсу уақыты, өңделуі ішкі есеп ақпаратының құжат айналымына сәйкес жүргізіледі. Серіктестікте бухгалтерлік есептің келесідей әдістері қолданылады:

- аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлары мен қаржылық есеп беру үшін дербес компьютерлер беріліп - есеп жартылай автоматтандырылған немесе журнал - ордерлік нысанда жүргізіледі яғни екі нысанда да жүргізіліп отыруға болады;

- барлық жасалынған құжаттардағы мәліметтер қызметінің коммерциялық құпиясына жатады;

- құжаттардағы мәліметтермен танысуға басшысының рұқсатын коммерциялық құпиясына жатады;

- серіктестікке келесідей ішкі ұйымдық құжаттар жасалынады: ережелері, қызметкерлердің қызметтік нұсқаулары, іс және іс - жүргіу нұсқаулары, мүліктерге инвентаризация жүргізу нәтижелерін рәсімдеу мен талаптар, материалдық емес активтер, тауарлы - материалдық қорлар, негізгі құралдар, есеп айырысу құжаттары, инвестициялар, қатаң есеп берудегі құжаттар т. б. туралы инвентаризациялық жеке құжаттар.

- қаржылық есеп нәтижелеріне аудиторлық тексеру жүргізіп отыру;

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шруашылық (жарғылық және басқа) қызметінің фактілерін жинақтап қорытындылау есеп принциптерін мұқият орындау керек:

1. Үздіксіз қызмет. Субъект үздіксіз қозғалушы ретінде есептеледі, яғни функцияланған болашақта көзделіп жалғастырушы.

2. Аударым. Кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте бекітіледі және субъектінің қаржылық есеп беруінде байқалады және пайда бола бастағанда, қажеттілікті төлеу және қолма -қол түрінде емес.

3. Анықтылық. Ақпарат, шаруашылықтағы субъектінің қаржылық есеп беру ұсынымы барлық қолданушыларға түсінікті болуы керек.

4. Мағыналық. Қаржылық ақпарат үлкен және аса мағыналы болуы керек, қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және оларға дұрыс шешім қабылдауға көмек көрсету.

5. Маңыздылық. Есеп саясаты қаржылық есеп беру ақпаратын ашып көрсету үшін бағытталған және ол өте маңызды болуы керек, оның дұрыс болмай және қате кетуі қаржылық есеп беру пайдаланушыларының экономикалық шешімдеріне кері әсер тигізу мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
Тауар қозғалысының аудиті
ЖШС «Бұрғылау»Жанаөзен қаласы. Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі есеп
Ақша қаражаты қозғалысының есебі және аудиті
Төлем талап тапсырмалары
Ақша қаражаттарының есебі және аудиті
Серіктестіктер туралы
Контал жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі
Сарыағаш-жер ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
Қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz