«Жамбыл облысының мысалында туристік қызметті ұйымдастырудың тиімділігі»


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 5

ТАРАУ 1. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1. Туристік бизнестің түсінігі және оның классификациясы . . . 7

1. 2 Туризмнің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері . . . 17

1. 3 Кластер - туризмді ұйымдастырудың тиімді моделі . . . 19

ТАРАУ 2. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ТУРИСТІК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ . . . 28

2. 1 Облыстың туристік нарығының дамуы . . . 28

2. 2 Туристік рыноктің инфрақұрылымның дамуы . . . 32

2. 3 Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы . . . 41

ТАРАУ 3. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМІ . . . 47

3. 1 Туристік кластердің қалыптасуы және дамуы . . . 47

3. 2 Облыста туристік кластерді ұйымдастыру . . . 53

Қорытынды . . . 61

Әдебиеттер . . . 63

Аннотация

Дипломдық жұмыс: «Жамбыл облысының мысалында туристік қызметті ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыбына жазылған. Жұмыста теориялық зерттеу жүргізілген, оның нәтижесінде туристік нарықтық түсінігі нақтыланған: экономиканың осы секторының тиімділігін бағалайтын көрсеткіштердің топтамасы жүргізілген және туризмді ұйымдастырудың тиімді формасы- кластерлік модель анықталған Жамбыл облысының туристік рыногіне аналитикалық зерттеу жүргізу облыстың туристік потенциалын бағалауға және оның даму болашағын анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыста кластерлік моделді дамытудың негізгі шарттары тұжырымдалған және жақын арадағы болашаққа оның тиімділігі сипаттайтын көрсеткіштер есептелген.

Аннотация

Дипломная работа выполнена на тему: «Эффективность организации туристической деятельности». В работе выполнены теоретические исследования, в результате которых уточнены понятия туристического рынка: проведена классификация показателей, оценивающих эффективность этого сектора экономики и определена эффективная форма организации туризма - кластерная модель. Выполненные аналитические исследования туристического рынка Жамбылской области позволили провести оценку туристического потенциала области и определить перспективы его развития. В работе сформулированы основные положения развития кластерной модели и рассчитаны показатели, характеризующие его эффективность на ближайшую перспективу.

Annotation.

The theme of the diploma work is: Effective organization of touristy activity . In this work carry out theoretical investigation, in result which specify understanding of working marking. Working market: led the classify of statement, value effective of this sector economic and fixed effective form of tourism organization clastering model. Executed annalistic investigation of working market of Zhambul region permitted to install valuation of working potential of region and to define perspective of it’s distinction. In this work basic position of develop clastering model and calculated index, characterize its effect on nearest perspective.

КІРІСПЕ

Туризм көптеген елдердің экономикасына әсер ететін маңызды әлуметтік және экономикалық құбылыс болып табылады. Бұл сала мұнай-газ, тамақ, көлік өнеркәсібі салаларына салынатын инвестициялық салымдардың тиімділігімен салыстырғанда жоғары табысты сала болып табылады. Дамыған елдердің экономикалық саяси және әлуметтік тұрақтылығын қолдаудың әлемдік тәжіриебиесі мен практикасы, елдердің географиялық жағдайы, олардың табиғи-климаттық ресурстары және көрікті жерлері болып табылады.

Ұлттық экономиканы реформалау басқарудың механизмдері мен инструменттерін қайта бағыштау туристік ұйымдардың қызметі жүйесіне едәуір өзгерістер енгізді және бірқатар маңызды мәселелерді қалыптастырды. Бұған қоса олар дұрыс демалуды қамтамасыз етуде және қазақстан халқының денсаулығын нығаиту тәрізді маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде үлкен роль атқарды. Осыған байланысты ел президентінің қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпанында жолдаған жолдауында еліміздің экономикасының шикізатты емес саласында ұзақ мерзімді мамандануын анықтайтын болашағы зор кластерлердің бірі туризм болып анықталды, ол республикамыздың қазіргі инфрақұрлымының қалыптасуына және республика аймақтарының дамуына ықпал етеді. Дүние жүзілік туристік ұйым болжауымен, туризімнің дамуы жаңа аймақтардың пайда болуы есебінен жүзеге асуы тиіс, өйткені әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары іс жүзінде рекреацялық сыйымдылық шегіне жетті. Осыған байланысты Қазақстанда туристік қызметтің әлемдік рыногінде өз орнын алуына бірегей мүмкіншілік туды. Соңғы он жылдықта Қазақстан туристік нарыққа белсенді түрде кіреді. Дегенмен туризмнің индустриясын басқару мәселелері аз зерттелген болып табылады. Бұған қоса нарықтық қатынасқа өту жаңа ұйымдастыру формаларын және басқару қатынастарын пайдалану есебінен туристік мекемелерде бәсекелес артықшылықтардың пайда болуына байланысты жаңа проблемаларды шешуді талап етті. Бұл өз кезегінде олардың потенциялын зерттеуді және даму болашағын анықтауды талап етті. Сонымен туристік қызмет нарығын басқару проблемасы Қазақстанда ерекше өзектілікке ие болады және терең теориялық зерттеуді кешенді талдауды, сондай - ақ осы бағытта негізделген ұсынымдарды дайындауды қажет етеді. Берілген дипломдық жұмыс Жамбыл облысы мәліметтерінің негізінде жазылған. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде туристік қызметті тиімді ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылған, яғни адамның туристік қызметімен байланысты барлық түсініктер қарастырылды. Бұған қоса қарастырылған аймақтағы туристік қызметтің тиімді ұйымдастыруын сипаттайтын көрсеткіштер келтірілген. Бұл жерде көрсеткіштердің екі топтамасы қарастырылады: Бірінші топтама тікелей туристік қызметті сипатайды, Екіншісі - туризм инфра құрылымының қолда бар обьектілерін сипаттйды. Сондай ақ жұмыстың бірінші тарауында кластерді ұйымдастыру шарттары келтірілген: түсінігі, элементтері, олардың арасындағы өзара байланыс.

Жұмыстың екінші тарауында Жамбыл облысы туристік рыногінің қазіргі жағдайына және дамуына баға берілген. Орындалған талдаудың негізінде туризмнің облыс экономикасының саласы ретінде өте нашар дамығандығы анықталды.

Жұмыстың үшінші тарауында облыстағы туристік нарық дамуынынң кластерлік моделі келтірілген, осы саланың маңызды туристік турлары анықталған.

ТАРАУ 1. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Туристік бизнестің түсінігі және оның классификациясы

Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.

Туристік бизнес - әлемдік шаруашылықтың едәуір тез дамитын салаларының бірі. Халықаралық туризм үш ірі экспорттық саланың құрамына мұнай және көлік өндіретін салалардан кейін кіреді. Басқа ақпараттар бойынша туризм әлемдік шаруашылықтың ең тиімді саласы болып табылады. Туризм индустриясында жер бетіндегі барлық жұмыс күшінің 60 пайызы жұмыспен қамтылған.

Әлемдік табыс туризмнен 1998 жылы әуе тасымалдау сатылымдарынан түскен түсімді есептемегенде 44467 млрд долл құрады. 1995 жылы ол 372 млрд долл., 1950 жылы 261 млрд долл құрады.

Болжамға сәйкес 2000 жылы туризмнен алынған табыс әлемде 621 млрд долл жетті. 2020 жылы ол триллион долларға дейін жетеді. ДЖС ұйымының бағалауы бойынша 2010 жылы туристердің саны 1018 млн адамға дейін ұлғаяды [2] .

Туризмнің әлемдегі маңызы әрқашан өсіп отырады, бұл жекеленген елдердің экономикасына туризмнің әсерінің өсуімен байланысты. ЕҚ елдерінің және басқада өнеркәсіптік дамыған елдерде туризмнен алынатын табыс жалпы ішкі өнімнің 5, 5 пайызын құрайды.

Туристік бизнес кәсіпкерлер үшін әртүрлі себептермен тартымды:

- алғашқы инвестиция көлемінің шағындығы;

- туристік қызметтерге сұранымның өсуі;

- рентабельділік деңгейінің жоғарлығы;

- шығынның өтелу уақытының төмендігі;

Туризмнің тиімділігі келесі функциялардың жиынтығынан тұрады:

1. туризм валюталық түсімнің көзіжәне ел ішіндегі халықты жұмыспен қамтудың құралы;

2. туризм елдің төлем балансына салымдарды кеңейтеді;

3. туризм осы салаға қызмет көрсететін салаларды дамыта отырып экономиканың диверсификациялануына ықпал етеді; құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығ, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т. б.

1 кесте - Индустриалды дамыған елдердің туризмі саласындағы жұмыс бастылық

Ел
Жұмыспен қамтылудың жалпы санындағы туризмнің үлесі, %
Туризмдегі жұмыс бастылық, мың адам
барлығы
түзу
жанама
Барлығы
Түзу
жанама

1- кестенің жалғасы

Греция
10, 0
6, 1
3, 9
360
220
140
Греция: Испания
10, 0: 9, 1
6, 1: 5, 4
3, 9: 3, 7
360: 1400
220: 823
140: 557
Греция: Швейцария
10, 0: 8, 2
6, 1: 5, 7
3, 9: 2, 5
360: 293
220: 205
140: 89
Греция: Италия
10, 0: 7, 7
6, 1: 4, 8
3, 9: 2, 9
360: 1722
220: 1063
140: 659
Греция: Франция
10, 0: 4, 8
6, 1: 3, 6
3, 9: 1, 2
360: 1200
220: 895
140: 305
Греция: Германия
10, 0: 6, 5
6, 1: -
3, 9: -
360: 1800
220: -
140: -
Греция: Австралия
10, 0: 6, 0
6, 1: -
3, 9: -
360: 458
220: -
140: -
Греция: Жапония
10, 0: 1, 6
6, 1: -
3, 9: -
360: 990
220: -
140: -
Греция: Австрия
10, 0: -
6, 1: 13, 9
3, 9: -
360: -
220: 586
140: -
Греция: АҚШ
10, 0: -
6, 1: 5, 1
3, 9: -
360: -
220: 6000
140: -
Греция: Канада
10, 0: -
6, 1: 4, 0
3, 9: -
360: -
220: 467
140: -
Греция: Түркия
10, 0: -
6, 1: 0, 7
3, 9: -
360: -
220: 129
140: -

Туризм пайдалылығына қарамастан батыс елдерінің престижін нығайтатын, оның маңызының әлемдік қоғамдастық және қатардағы азаматтар алдында өсуінің мықты факторларының бірі болып табылады. Туризмнің аймақ бойынша дамуы бірқалыпты болмайды: ең жоғары өсу қарқыны Азия және Тынық Мұхит елдерінде күтіледі, Еуропа және Америка елдерінде ол жалпы әлемдіктен төмен болады. ( кесте 2) .

2. Кесте- 2020 жылға туристтерді қабылдау бойынша алғы шептегі елдер

Ел
Туристердің келіп жетуі, млн адам.
Дүниежүзілік селде үлес, %
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %
Ел: Қытай
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 137, 1
Дүниежүзілік селде үлес, %: 8, 6
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 8, 0
Ел: АҚШ
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 102, 4
Дүниежүзілік селде үлес, %: 6, 4
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 3, 5
Ел: Франция
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 93, 3
Дүниежүзілік селде үлес, %: 5, 8
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 1, 8
Ел: Испания
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 71, 0
Дүниежүзілік селде үлес, %: 4, 4
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 2. 4
Ел: Гонконг
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 59, 3
Дүниежүзілік селде үлес, %: 3, 7
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 7, 3
Ел: Италия
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 52, 9
Дүниежүзілік селде үлес, %: 3, 3
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 2, 2
Ел: Ұлыбритания
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 52, 8
Дүниежүзілік селде үлес, %: 3, 3
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 3, 0
Ел: Мексика
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 48, 9
Дүниежүзілік селде үлес, %: 3, 1
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 3, 6
Ел: Ресей
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 47, 1
Дүниежүзілік селде үлес, %: 2, 9
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 6, 7
Ел: Чехия
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 44, 1
Дүниежүзілік селде үлес, %: 2, 7
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 4, 0

Жоғарыдағы мәліметтерден көріп отырғанымыздай 2020 жылы Қытай адамдар көп келетін туристік орта болуы тиіс. Сондай-ақ жоғары өсу қарқыны Гонконг және Ресей елдерінде де күтілуде. Қытай мен Гонконг үлесі туристердің жалпы әлемдік ағымынан 12, 3 пайызды алады. Әсіресе ерекше өзгеріс Ресейде болжамдалуда: 2020 жылы елден шығатын туристердің саны 1, 5 есеге артады. Европа елдерінің ішінде Чехия үлкен жетістікке қол жеткізеді.

Халықтың едәуір туристік қозғалысы Нидерландия, Германия, Ұлыбритания, Канада және Жапония елдерінде күтілуде, мұнда осы елдердің бір адамына бір жылда шет елге шығу 1, 5-2-ден келеді. Алғашқы ондыққа кіретін басқа көптеген елдерде туристік қозғалымдар айтарлықтай төмен

( кесте 3) .

Кесте 3-2020 жылға туристтердің шығуы бойынша алғы шептегі елдер

Ел

Туристердің шығуы

млн адам

Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %
Ел: Германия
Туристердің шығуымлн адам: 163, 5
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 10, 2
Ел: Жапония
Туристердің шығуымлн адам: 141, 5
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 8, 8
Ел: АҚШ
Туристердің шығуымлн адам: 123, 3
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 7, 7
Ел: Қытай
Туристердің шығуымлн адам: 100, 0
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 6, 2
Ел: Ұлыбритания
Туристердің шығуымлн адам: 96, 1
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 6, 0
Ел: Франция
Туристердің шығуымлн адам: 37, 6
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 2, 3
Ел: Нидерланд
Туристердің шығуымлн адам: 35, 4
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 2, 2
Ел: Канада
Туристердің шығуымлн адам: 31, 3
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 2, 0
Ел: Ресей
Туристердің шығуымлн адам: 30, 5
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 1, 9
Ел: Италия
Туристердің шығуымлн адам: 29, 7
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 1, 9
Ел: Барлығы
Туристердің шығуымлн адам: 788, 9
Дүниежүзілік ағымдағы үлес, %: 49, 2

Қазіргі кезде туризмді топтастыру үшін ең алдымен оның маңызды топтамалық белгілерін анықтау қажет. Ондай белгілерге геграфиялық белгісі, туристік ағымның бағыты, жол жүру мақсаты, жол жүру әдісі, туристерді орналастыру құралдары, қатысушылардың саны, ұйымдастыру-құқықтық формалары т. б. жатады (кесте 4) .

4 кесте- Туризмнің топтастырылуы

Таптастырғыш белгі
Туризм түрі
Таптастырғыш белгі: 1. Географиялық принцип
Туризм түрі:

1. 1. Ішкі

1. 2. Халықаралық

Таптастырғыш белгі: 2. Туристік сел бағыты
Туризм түрі:

2. 1. Келу

2. 2. Шығу

Таптастырғыш белгі: 3. Мақсат
Туризм түрі:

3. 1. Рекрационный

3. 2. Шипалы демалыс

3. 3. Танырлық демалыс

3. 4. Кәсіпшілік-іскер туризм

3. 5. ғылыми

3. 6. Спорттық демалыс

3. 7. Шоп-тур

3. 8. Оқиғалық

3. 9. Қажылық

3. 10. Ностальгиялық

3. 11. Экотуризм

3. 12. Экзотикалық және т. б.

Таптастырғыш белгі: 4. Қаржыландыру қайнары
Туризм түрі:

4. 1. Әлеуметтік

4. 2. Сауда

Таптастырғыш белгі: 5. Жылжу тәсілі
Туризм түрі:

5. 1. Жаяу

5. 2. Авиациялық

5. 3. Теңіз

5. 4. Өзен

5. 5. Автотуризм

5. 6. Теміржолдық

5. 7. Велосипед

5. 8. Араласқан

Таптастырғыш белгі: 6. Орналастыру құралдары
Туризм түрі:

6. 1. Қонақ үй, қонақ үйдің

6. 2. Мотель

6. 3. Пансионат

6. 4. Кемпингі

6. 5. Шатыр және т. б.

Таптастырғыш белгі: 7. Қатысушылардың саны
Туризм түрі:

7. 1. Дара

7. 2. Жанұялы

7. 3. Топталған

Таптастырғыш белгі: 8. Ұйымдық түр
Туризм түрі:

8. 1. Ұйымдық

8. 2. Ұйымдастырылмаған

Туристік кәсіпорын - бұл мүлікті еңбек ұжымның пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен тұысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.

Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрі- туроператор) өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі.

Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі-турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі.

Тур- белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.

Туристік жолдама - турситік қызмет көрсетту кешенін алуға құқықты растайтын құжат.

Туристік өнім - саяхат барасында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.

Туристік қызмет көрсету - туристік саяхат кезңінде және осы саяхатқа байланысты туристің қажеттіліктерін қанағаттарндыру үшін маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер) .

Экскурсант - бір жерге, елді мекенге, аумаққа немесе сол жердегі басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға.

Экскурсиялық қызмет - азаматтардың уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын қамтиды.

Экскурсовод - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, кәсібі даярланған жеке тұлға.

Туризмнің нысаны- халықаралық және ішкі туризм.

Халықаралық туризмге:

келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты;

шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге аяхатын қамтиды.

ішкі туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты кіреді [ 3 ] .

Қазіргі туризм классификациясы, бәрінен бұрын, территориялық туристік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажетті. Бұл классификацияның мәні туризмнің жеке түрлерін бөліп көрсетуге болады.

Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған. Оны тәжірбиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігі түсіндіріледі.

Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады: мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне, орналасу жолына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т. б. Бірақ, шешуші ролді атқаратын-саяхаттың мақсаты.

Формасы мен кластардан айырмашылығы -туризмнің түрлері өте әр түрлі. Олар бірқатар факторларға бағынышты, олардың ішіндегі ең айрықшалары:

-бос уақыттың болуы мен ұзақтығы ;

-жасы, жынысы, деңсаулығы, рухани даму деңгейі, адамның жеке талғамы және материалдық молшылық;

-табиғи жағдай мен мезгілдің әр түрлілігі;

-қозғалудың мүмкіндіктерінің болуы және басқалар.

Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай, туризм кластарға және түрлерге бөлуге болады .

Қоғамдық функциясы мен өндірістік техналогиясына қарай туризмнің үш негізгі түрін бөліп қаруға болады: емдеу, спорттық сауықтыру, танымды.

Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыу түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Жоғарыда айтылған түрлері арқылы туризмнің классификациясы құрастырылып жіктеледі.

Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқықтық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі ( ұлттық) және (шетелдік) . Ішкі туризм -бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм-бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм-бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.

Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты-кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Бір турист бірден щығуда және кіруде турист бола алады.

Ұлттық туризм ішкі және сыртқы шығу туристік ағымдардан құралады. Бір елдің ішіндегі уризм - ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Халақаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі-елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін белсенді туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді бесенді емес дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шынында да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық тиризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық туризмнің дамуына жәрдемін тигізетін негізгі факторларды статистикалық және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне жататындар: табиғи -географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін және келе бермейтін маңызы бар. Адам оны өзінің тек қана керегіне ыңғайлап, пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық техникалық және саяси факторлар. Бұл факторлардың бағасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.

Халықаралық туризмнің дамуының табиғи географиялық факторлары сұлу, бай, табиғат, климат, жер беделдерінің көрінісінен табылады. Табиғаттың жаратылысы бойыша рекреациялық іс әрекеттің жағдайы ретінде болады. Рекреациялық сұраныстың пайда болуының арқасында оларға баға беріліп, технологиялық деңгейге дейін жеткізілінеді, содан кейін туристік рекреациялық ресурсқа өтеді.

Сол сияқты процестер әлеуметтік экоконмикалық объектіллер экскурсилық туристік рекреациялық ресурстарға өткенде де қайталанады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Туристік саланы дамыту перспективалары
Туристік өнімді қалыптастыру, өңдеу және өткізу жүйесін, тартымды туристік өнімді қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
«Алтын Керуен» ЖШС – нің мысалында экономикалық және қаржылық жағдайы туралы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz