«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«БАСҚАРУ» ФАКУЛЬТЕТІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: «Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде) »

Орындаған:

4 курс (404 тобы) студенті

күндізгі бөлім

050904 - «Тұрмыстық қызмет көрсету

және сервис » мамандығы

Бакеева Ж.

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Иляшова Г. К.

Сын-пікір беруші:

«Complete Service» ХТС президенті

Сарсенбаев А. Б.

Жұмыс қорғауға жіберілді

«___» 2008 ж.

«Маркетинг және коммерция»

кафедрасының меңгерушісі,

э. ғ. д., профессор

Есімжанова С. Р.

Алматы, 2008 жыл

МАЗМҰНЫ

бет

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТУРИЗМ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

1. 1 Туризм индустриясы түсінігі . . . 7-15

1. 2 Туризм менеджментінің мәні және түрлері . . . 15-21

1. 3 Туризмдегі басқару құралдарының бірі − маркетинг . . . 21-26

2 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

("ABDI TRAVEL" ЖШС-НІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

  1. "ABDI TRAVEL" ЖШС-ның сипаттамасы . . . 27-35
  2. "ABDI TRAVEL" ЖШС-ның қаржылық-экономикалық

көрсеткіштерін талдау . . . 36-45

  1. "ABDI TRAVEL" ЖШС-ның туристік менеджмент қызметі . . . 45-60
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСУПБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІҚазақстан Республикасындағы туризмді дамыту мәселелері мен оны шешу жолдары . . . 61-70Қазақстан Республикасындағы туризм қызметіндегі менеджменттің экономикалық тиімділігі . . . 70-74

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75-77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78-79

ҚОСЫМШАЛАР . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Елбасының жыл сайынғы жолдаулары әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді.

Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері елдің басты стратегиялық мақсаты болып қала бермек.

Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды. Осы жылға арналған мемлекет басшысының жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталады және бұл елдің мемлекеттік саясатының басты мақсаты болып табылады. Бұл жолдауда ел халқының әлеуметтік жағдайын көтеру туралы шаралар қарастырылды және соған сәйкес міндеттер құрылды. Өмір сапасы стандарттары адам капиталы мен Қазақстанның әлеуметтік модернизациялануын дамытудағы тиімді нарықтық құралы ретінде болуы тиіс. \1\, \2\

Туризм индустриясы - әлемдік шаруашылықтың ең тез дамушы саласы, ол әлемдік ЖҰӨ-нің алтыдан бір бөлігін құрайды. Бұл бизнес кәсіпкерлерді көптеген себептермен қызықтырады: бастапқы үлкен емес инвестициялар, туристік қызметке сұраныстың өсуі, өтімділіктің жоғары деңгейі және шығындардың аз уақытта жабылуы.

Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2, 5 пайызға келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет-бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті.

ДТҰ, Туризм жөніндегі мамандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрінде түсіндіріледі.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

  1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
  2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде ел экономикасының 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
  3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға көмектеседі. \3\

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірбиеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен біілм алудың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттеріінң арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден-бір факторы болып табылады.

Қазақстандық экономиканың ашықтығының кеңеюі, оның салаларының бәсекеге қабілеттілігіне, кәсіпорындардың сапалы басқару деңгейіне деген талаптар қатаң бола бастады. Осының бәрі туризм аясындағы кәсіпорындарға да қатысты. Қазіргі заманғы жағдайларға байланысты туризмдегі бәсекеег қабілеттіліктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары материалдық базаның техникамен қамтылуы болып табылады. Бұл оны сапалы материалдық қамтылудың жоғарғы деңгейіне ауыстыру қосымша қаржылық ресурстарды тартусыз және оларды инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жолында ұтымды пайдаланбаса іске асыру мүмкін емес.

Қазақстандық экономиканы реформалау кезеңінде қаржыландырудың көздері және сипаты инвестицияны тартудағы нақты әдістері мен түрлері, олармен жұмыс жасау технологиясы түбірімен өзгерді. Өкінішке орай туризм индустриясына капитал салудың орталықтанғанының тез қысқаруы инвестициялық ағынның ұлғаюы ретінде өтелмеді. Бұл жағдай сонымен қатар салаларды қаржыландыру сипаты қажетті инфрақұрылымның: экономиканың нақты секторында инвестициялаумен айналысатын банктердің, кепілдік қорлардың, сақтандыру компанияларының жоқ болуына қарамай өзгертілді.

Өз қызметтерін кеңейткісі келген және қаржылық ресурстарды тартқысы келетін туристік кәсіпорындардың менеджерлері, бірнеше жылға дамудың қаржылық-экономикалық стратегиясын анықтауды және оны іске асыруды білу керек. Кәсіпорындағы бірнеше жылдың, ең кемінде 3 жылдың, қаржылық-шарушылық жағдайын талдау қазақстандық және шетелдік инвесторлармен жұмыс жасауда негізгі анықтаушы болып табылады. Нарықта жақсы экономикалық әсер беретін іскерлік ұсыныстармен сұраныстың бар болғанымен Қазақстандық және шетелдік инвесторлар осы кезеңдегі төменгі қаржылық көрсеткіштері немесе олардың жағымсыз өзгеру тенденциясы бар кәсіпорындармен жұмыс істемейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - теориялық білімді жүйелендіру, тереңдету және оны практикамен ұштастыра отырып зерттеу объектісінің нәтижелерін объективті бағалау үшін компанияның маркетингтік және экономикалық қызметінің тәжірибелік жинағын меңгеру және компанияның дамуы, экономикалық өсуі, табысының жоғарлылығы бойынша қорытындылар мен ұсыныстар беріп болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндетте р қойылған:

  • компания қызметінің құрылымымен, негізгі технологиялық үрдістерімен және экономикалық негіздерімен танысу, білу; компанияның нарықтағы орны мен рөлін анықтау; негізгі экономикалық көрсеткіштерін, олардың даму тенденцияларын айқындау; компанияның маркетингтік қызметінің бағытын, элементтерді жүзеге асыруын, менеджменттің принциптері мен қызметін зерттеу; менеджер қызметінің мақсатын, қызметін, құрылымын білу; маркетингтік ортаның ішкі және сыртқы факторларын зерттеу; компания қызметінің басқару, ұйымдастыру және жоспарлау тәртібімен танысу; компания қызметінің қорытынды талдау нәтижелерін көрсету және жетістігі бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі - ЖШС "ABDI TRAVEL" туристік агенттігі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты, міндеттері және жұмыстың құрылымы берілген. Бірінші бөлімде Туризм менеджментінің теориялық мәні және мазмұны ашылған, екінші бөлімде "ABDI Travel" ЖШС-нің материалдары негізінде туристік қызметтер нарығының ерекшеліктері берілген, үшінші бөлімде Қазақстан Ресупбликасындағы туристік қызметтер нарығының тиімділігі анықталған. Қорытындыда жұмыстың қысқаша сипаты, зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша жасалынған ұсыныстар берілген. Жұмыстың жалпы көлемі 79 бет.

1 ТУРИЗМ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

1. 1 Туризм индустриясы түсінігі

Қазақстан Республикасының 2001жылы 13-ші маусымда № 211-II қабылдаған "Туристік қызмет туралы" Заңы бойынша туризм − жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) табыс табу мақсатынан басқа, барлық мақсаттар бойынша түнеп өтетін саяхаты, ал туризм индустриясы туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Туристік қызмет − жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсеті жөніндегі қызметі.

Экскурсиондық қызмет − азаматтардың уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды. \3\

Туризм типтер мен категорияларға бөлінеді (Сурет 1) . Туризмнің үш типі бар: ікші, шығу, келу.

Ішкі

туризмі

ел ішіндегі ұлттық

туризм туризм

Кіру халықаралық Шығу

туризмі туризм туризмі

Сурет 1 − Туризм типтері мен категориялары.

Туризм категориялары: халықаралық және ұлттық, сондай-ақ ел ішіндегі туризм. Түнейтін келушілер туристер, иал біркүндік келушілер - экскурсанттар болып саналады. Экскурсанттар қатарына елге круиздік кемемен, яғни түнеу үшін жергілікті орналастыру құралдарын қолданбайтын туристер де кіреді.

Турист − жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Ішкі туризм − ел іші бойынша сол елде тұрақты тұратын тұлғаның саясаты.

Шығу туризмі − сол елде тұрақты тұратын тұлғаның басқа елге саясаты.

Келу туризмі − басқа елде тұрақты тұратын тұлғаның осы немесе басқа елге саяхаты. Әлеуметтік туризм − ол әлеуметтік қажеттілікке мемлекетпен бөлінген қорлардан көмектік (субсудиялық) саяхат, ал өнерпаздық туризм − мемлекетпен бекітілген ережелер мен нормаларды ескере отырып, туристердің өз бетінше ұйымдастырған жылжытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолданумен саяхат.

Туризмдегі қажеттілік турист пен экскурсант қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыру үшін қолданылатын туристік өнімдердің құнымен анықталады. Бұған келушінің қызметтер пакетіне кететін шығындары немесе орналасуға, тамақтануға, көлік, демалыс, спорттық, мәдениеттік, экскурсиондық және басқа да шараларға, сондай-ақ келу орнындағы сатып алуларға кеткен шығындар және т. б. шығындар жатады.

Туристік өнім − туристің, оның саяхаттау кезеңінде туындаған және сол саяхатпен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті заттай

(тауар) және заттай емес (қызмет) тұтынушылық құндардың жиынтығымен түсіндіріледі.

Туристік тауар болып сатуға құрылған және туристер мен экскурсанттардың қолдануы үшін арналған өндіруші салалар қызметтерінің еңбек өнімі табылады.

Туристік қызмет көрсету − саяхаттауда, демалыста немесе эскурсияларда келушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің немесе аазмат-кәсіпкерлердің қызметтері.

Туристік тауарлар мен қызметтер кешенді сапарлардан тұрады − қызметтер пакеті, орналастыру, тамақтану, көлік қызметтері, мәдени, спорттық, рекреациондық, экскурсиондық және басқа, соның ішінде арнайы қызметтер, келу орнында (жерінде) қолданылатын тауарлар мен сувенирлер (карталар, сызбалар, күннен көзілдіріктері, рюкзактар және т. б. ) .

Қызмет пакетінің құрамы:

  • орналастыру қызметінен;
  • тамақтану қызметінен;
  • көлік қызметінен,

• трансферден (қарсы алу, шығарып салу, турист пен оның жүгін әкеліп беру немесе тұратын орнына дейін және керісінше апару) ;

• экскурсиондық, рекреациондық, мәдени және спорттық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсетуден;

• дүкендерді аралауды ұйымдастыру бойынша қызметтен,

• басқа қызметтерден (паспорттарды, визаларды, медициналық және ветеринарлық сертификаттарды рәсімдеу, автокөлікті жалға алу, сақтандыру және т. б. ) тұрады.

Туристік қызметтер негізгі (келісім шартқа кірген және келушімен төленген) және қосымша (саяхаттау уақытындағы немесе келу орнындағы (жеріндегі) тұтыну кезінде төленетін) болып бөлінеді.

Сонымен, тур дегеніміз − белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.

Ал турпакет дегеніміз − кешенді туристік қызмепен жеке немесе топтық негізде алдын ала брондалған және жол жүру билеттерімен белгілі бір маршрут және бағдарлама бойынша ұйымдастырылған саяхат пен қонақ үй, көлік, экскурсиодық қызметтері мен тамақтану қызметтрі, визаларды рәсімдеу, сақтандыру және т. б. түсіндірілді. Тур түсінігі турпакеттен айырықшаланады және ол төмендегі (2-суретте) көрсетілген.

Туристік өнім: Туристік өнім
Тур: Тур
:
Тауарлар: Тауарлар
Қосымша туристік-экскурсиондық қызметтер: Қосымша туристік-экскурсиондық қызметтер
Кездесуорны:

Кездесу

орны

:
Көлік: Көлік
:
Орналастыру: Орналастыру
:
Трансфер: Трансфер
:
Экскурсиондық және мәденибағдарлама:

Экскурсиондық және мәдени

бағдарлама

Туристік пакет: Туристік пакет

Сурет 2 - Тур мен туристік өнім құрылымы.

Туристік нарықта туристік өнімнің бастапқы сату бірлігі болып тур есептеледі. Турлардың біршама таралған түрлері: инклюзив-тур және инсентив-тур.

Инклюзив-тур [inclusive tour, packeage tour (АҚШ), paushalreise (ФРГ), voyoge a′ forfait (Франция) ] − визаны алу, тасымалдау, қонақ үйге орналасу, тамақтану, трансфер, саяхат маршруты бойынша экскурсиондық қызмет көрсетуден тұратын толық қызметтер кешені түріндегі туристік фирмалармен сатылатын саяхат. Инклюзив-тур жеке сияқты топтық саяхаттауға да құрылады. Мұнда саяхаттаудың топтық туризм түрі көптеп қолданылады.

Инсентив-тур − бұл ұйымдардың өздерінің жұмысшыларына жұмыстағы жетістіктері үшін (тиімді жарнама, жалпы сату көлемінің өсуі, персоналды оқытудағы көме және т. б. ) компания есебіндегі ынталандырушылық сапар.

Кез келген сапардың белгілі бір мотивтері бар. Туризм сапары мақсаттары бойынша келесідей жіктеледі:

Рекреациондық − демалыс пен емделу мақсатымен сапар;

Экскурсиондық − елдің табиғи, тарихи және мәдени салттарымен танысу бойынша сапар;

Іскерлік − іскерлік сөйлесулерді жүргізу үшін сапар;

Ғылыми − ғылым мен техникға қол жетімділікпен танысу, конгресте, конференцияға қатысу;

Этникалық − өзінің ата-бабаларының отанын және туысқандарын аралау сапары.

Топтық саяхат әдетте бірнеше адамдардың бір маршрут және бәріне бірдей шарт бойынша біріккен сапар түсіндіріледі. Саяхаттаушылардың бір топқа бірігуі ықыластары мен сапарларының мақсатарының ортақтылығымен шарттастырады, сонымен қатар топтық саяхатта жеке саяхатқа қарағанда бағалар төменірек болады. Халықаралық ереже бойынша топтық саяхат болып 15 және одан жоғары адамнан біріккен сапар саналады. Жеке саяхат − ол бір немесе бірнеше адамның тәуелсіз саяхаты және ол персоналды сипаты бар қызмет көрсетумен байланысты. Халықаралық тәжірибеде жеке саяхат болып 15 адамға дейінгі тұратын сапарлар есептеледі.

Туристік қызметте мамандандырылған және әлеуметтік туризм, таймшер, сонымен бірге альтернативті туризм ажыратылады.

Мамандандырылған туризм − мамандаедырылған турды сатып алатын және жеке басының тәжірибесін дамыту, спорттық нормативтерді тапсыру, белсенді демалу үшін сол немесе басқа орынның (жердің) спецификалық ерекшеліктерін зертеу мақсатымен баратын ткристерді көрсетуде қолданылатын термин. Мамандандырылған тур шеңберінде ерекше назар қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, мәдениетпен, баратын жердің табиғатымен, саяхатшылардың спорттық- туристік қызығушылықтарымен байланысты сұрақтардың кең диапазонына бөлінеді. Қазақстан Республикасы тәжірибесінде бұл өнерпаздық және спорттық туризм болып табылады.

Халықаралық тәжірибеде мамандандырылған туризмнің мынандай түрлері көрсетілген, хиқаялы туризм ("жұмсақ" және "қатаң"), экотуризм, этникалық, ауылдық, фермерлік, экологиялық туризм, спорттық кішкентайлар-жас өспірімдерге арналған және т. б. туризм. Соңғы уақытта ақпараттық желінің дамуымен альтернативті туризм таралды. Мұнда саяхатты ұйымдастырушы ретінде туроператор емес, жеке туристік қызметтерді орындаушыларының жаранмалық материалын қолданатын және осы қызметтерге ақпараттық желі көмегімен тапсырыс беретін турист, саяхатшының өзі болып табылады.

Кез келген жағдайда саяхат бұрын таңдалған бағыт (маршрут) пен келу бағдарламасы бойынша жүргізіледі және белгілі бір мақсаты мен ұзақтығы болады. Бағыт (маршрут) − саяхаттау кезіндегі туристердің маршрутта аялдама пунктері арасында жылжуы үшін қолданылатын көлік түрлері көрсетілген, барлық географиялық пункттер мен жерлердің тізбегі кескінделген туристің жол бағдары. Бағыттың (маршруттың) бастапқыжәне соңғы нктесі болып саяхаттың басталу мен аяқталу пункттері саналады. Маршрут басы − ол туристке келісімде көрсетілген бірінші туристік қызметті көрсету орны. Маршрут соңы − соңғы туристік қызмет көрсетілге орын. Маршарутпен жол жүру кезіндегі орын ауыстыруға байланысты бағыттың сызықтық, сақиналы, радиальды және құрастырылған (комбинирілденген) түрлері бар (сурет 3) .

Сызықтық бағыт (маршрут) − бағыт басы және соңы әртүрлі географиялық келу пункттерінде болатын маршрут, мысалы, Санкт-Петербург − Мәскеу.

Сақиналы бағыт (маршрут) − бағыт басы мен соңы бір гоеграфиялық келу пункттерінде болатын бағыт, мысалы, "Америка" туры (Нью-Йорк - Вашингтон - Атлантик - Сити - Филадельфия - Нью-Йорк) .

Радиальды бағыт (маршрут) − бағыт басы мен соңы бір географиялық келу пунктінде болатын, яғни турист саяхатты басқа келу пункттерінде аяқтай отырып, бастапқы келу пунктіне қайта оралады.

Құрастырылған бағыт (маршрут) − бағыт (маршрут) сол немесе басқа комбинациядағы сызықтық, сақиналы және радиальды маршруттардың элементтерінен тұрады. Бағытпен (маршрутпен) жол жүру кезінде ішкімаршрутттық деп аталатын алуан көлік құралдары қолдануы мүмкін.

ПП1: ПП1
ПП1: ПП2

Б

ББ

Сызықтық бағыт (маршрут)

ПП1: ПП1
ПП2: ПП2
ПП3: ПП3

Сақиналы бағыт (маршрут)

ПП2: ПП2
ПП1: ПП1
ПП3: ПП3

Радиальды бағыт (маршрут)

ПП2: ПП2
ПП2: ПП3
ПП1: ПП1
:
ПП4: ПП4

Құрастырылған бағыт (маршрут)

Сурет 3 - Бағыт (маршрут) түрлері.

Мұндағы:

Б-басы, С-соңы, ПП1-ПП4 - аралық келу пунктері.

Туристік саяхат бағдарламасы − қонақ үйде, бағытпен (маршрутпен) аялдама пункттерінде болу уақыты мен мерзімі көрсетілген шара жоспары, сонымен қатар бағдарламада көрсетілген ішкі маршруттық көліктік құралдар көмегімен маршрутта орын ауыстыру. Келу бағдарламасы келісім шартта бекітілген саяхатшыға сатылған туристік қызметтерді іске асыру жоспары болып табылады. Қосымша қызметтер туристерге тікелей келу орнында (жерінде) саяхатты жауапкершілігіне ала отырып жеке төлемге ұсынылады.

Келу ұзақтығы немесе сапарлар максималды шекті анықтауда басты рөлді атқаратын маңызды статистикалық көрсеткіш болып табылады. Халықаралық ереже бойынша максималды мерзім бір жыл. Минималды ұзақтығы (24 сағат) да турист пен экскурсант арасындағы айырмашылықты білдіру үшін қолданылады. Келу ұзақтығы сондай-ақ туристік шығындарды

Жанама бағалау үшін қолданылады, әсіресе егер орташа зақтық топтық саяхат үшін анықталатын болса. Келу ұзақтығы келесі бірліктермен өлшенеді: бір күндік сапар - сағаттар саны, ал жиырма төрт сағаттан асса, онда түнеу санымен.

Халықаралық туризмде саяхат ұзақтығы болған орында (жерде) уақыт өтізген санымен өлшенеді (сағат немесе түнеу күнімен) немесе тұрғылықты орнынан (жерінен) тыс өткізген уақыт санымен өлшенеді (ішкі туризм) . Сонымен, тәжірибеде турөнім нарықта үш негізгі мүмкін болатын ұсыныстар түрімен түсіндіріледі.

Бірінші түрі - тур, кешенді туристік қызметтер. Фирмалармен, туроператорлармен ұсынылатын тур тұтынушыға жеке қолданысы үшін (бөлшектеп), сонымен қатаркөтермесатып алушыға экономикалық пайдасын шығарып алуы үшін (делдал-фирмалар, турагенттер) сатылуы мүмкін. Бөлшектеп сатылатын тур фирма бекіткен туристік жолдамаларды сату ережесіне сәйкес сатылады.

Екінші түрі −жеке туристік қызметтер, яғни көліктік қызметтер, орналастыру, сақтандыру, экскурсиондық бағдарламаны, бару еліне визаны және шетелге шығу паспортын рәсімдеу бойынша қызметтер, автокөлікті жалға алу және көптеген т. б. қызметтер.

Үшінші түрі − туристік арнайы тауарлар, келу орнындағы (жеріндегі) туристке немесе саяхатшыға қажетті алуан түрдегі ақпараттық материалдар (каталогтар, анықтамалар, карталар, сөздіктер, жолсілтемелері, сувенирлер және т. б. )

Туристік өнімді дайындау − ол маркетингтік зерттеуден және нарық сегменті мен бәсекелестерін, жорамалдаған тұтынушылық сұранысты, сыртқа шығуды бағыттаудан, туристік нарық конъюнктурасын талдаудан, дайындауға кететін шығындарды бағалаудан, турөнім мен жарнаманы жылжытудан құраалтын өте күрделі және көпсатылы үрдіс. Тұтынушылардың мүмкін болатын табыстары мен талап-тілектері, турөнімді дайындауға кететін шығындары туралы қолда бар мәліметтерді талдай отырып, оның дайындалуының экономикалық тиімділігі мен мақсаттылығын бағалауға мүмкіндік береді. \4\

  1. Туризм менеджментінің мәні және түрлері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм инновациясы
Туризм кәсіпорынында маркетингтік зерттеу
Туризм саласындағы жарнама қызметтерінің арнайы сипаттамасы
Туризм индустриясының құрылымы
Туристік өнімді жылжытудағы жарнаманың ролін анықтау және ұлттық туристік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары
Туристік қызмет нарығында заманауи-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Туристік бизнес жайлы
Туристік бизнесті жоспарлау
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz