Терроризм ұғымының мән жайына, оның қазіргі көріністеріне талдау жасау


Кіріспе ... ..3 бет


1. Терроризм әлеуметтік.құқықтық құбылыс ретінде ... . 4 бет

1. Терроризм ұғымы, мән.жайы мен белгілері ... ... ... ... .4 бет

2. Террористік қызметтің мақсаты мен міндеттері ... ... 13 бет

3. Террористік қызметтің субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ...19 бет

4. Терроризм типологиясы ... ... ... .25 бет


2. Терроризмді алдын алу шаралары ... 38

1. Терроризмге қарсы әрекет көрсету шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ..38 бет

2. Жаппай қырып жою қаруларын пайдадана отырып, халықаралық террористік актілердің жасалуына қарсы шаралар көрсету ... ... ...46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ...52

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ...54
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемде террористік ұйымдар қызметі белсенді әрекетке көше бастады. Терроризм біртіндеп адамзаттың ғаламдық мәселелерінің біріне айналды, өйткені ол қалыптасқан әлемдік және ішкі мемлекеттік тәртіптерін қауіп төндіруде адамзат өркениетінің іргелі құндылықтары адамның өмір сүру құқығына, бостандығына, меншігіне қол жұмсауда, мұның өзі әлемдік қуымдастықты халықаралық ынтымқтастықтың сипатымен басымдылықтарына жаңаша баға беруге мәжбүлеуде , ұлттық қауіпсіздік мәлелерін қайта қарау қжеттіліктерін тудыруда, осы құбылыстың мән жайын, себептері мен белгілері тереңдеп зертеуді және террористік қызметті жою жолдарын іздестіруді қажет етуде.
Терроризм мәселелерін зерттеуге бірқатар ресей ғалымдары Ю.И.Авдеев, Ю.М. Антонян , С.С. Босхолов, В.И. Замковой, М. Ильчиков, В.С.Комиссаров, Е.Г. Ляхов, Л.А.Моджорян, В.Е. Петрищев және т.б. маңызды үлес қосты. Олардың еңбектері терроризм ұғымы мен оның мән жайын зерттеуде, саралауға идеалдық негіздері, себептілік факторлары мен бпсқа да аспектілерін анықтауға арналады. Алайда , осы мәселе жөнінде едәуір ғылыми жұмыстар бар болғанымен, терроризмнің түрліше сипаттары оның ұғымдық аппаратының әлі күнге дейін жеткілікті түрде әзірленбегендігін көрсетуде , терроризмнің субъектілері , типолпгиясы және оған қарсылық көрсетудің негізгі бағыттары бойынша мәселелерде пікір бірілігі жоқ.
1. ҚР қылмыстық кодексі, Алматы, 1997.
2. Уголовный кодекс РК. Алматы, 1997.
3. Антонян Ю. М. Терроризм. Криминологическое и уголовно-правовое исследование. М., 1998.
4. Белкин Р.С. Криминалистическая энциклонпедия. М., 2003.
5. Босхолов С.С., Литвинов Н.Д. Проблемы нормотивного регулирования борьбы с терроризмом в современной России // Актуальные проблемы борьбы с организованной притупностью . Калининград, 1197.
6. Витюк В.В. , Эфиров С.А. «Левый» терроризм на Западе. История и современность. М., 1987.
7. Горбунов Ю.С. К вопросу о классификации терроризма // Моковсий журнал международного права. 2003 № 1.
8. Емельянов В.П. Терроризм и преступления с признаками терроризования. М., 2000.
9. Единные правила безпасности при взрывных работах. М., 1992.
10. Замковой В. , Ильичков М. Терроризм – глобальная проблема современности. М., 1996.
11. Ивлиев С., Майстренко Н., Шакин А., Щербаков Г. Поис и обезвреживание взрывных устройств. М., 1996.
12. Кожушко Э.П. Современный терроризм: Анализ основных направлении. Минск , 2006.
13. Кузовлев Ю.В. Рвасследование преступлении, совершаемых с применением взрывчатых веществ и взрывных устройств. Тула, 1996.
14. Мелентьева Н. Размышление о терроре // Элементы Евразийское обозрение. 1996 . № 7.
15. Международный терроризм : документы , свидетельства , факты. М., 1986.
16. Моджорян Л.А. К вопросу о сотрудничестве государств в борьбе с международным терроризмом. // Советское государство и право. 2001. № 3.
17. Моджорян Л.А. Терроризм: правдв и вымысед. М., 1986.
18. Миньковсий Г.М., Ревин В.П. Характеристика терроризма и некоторые направления повышение эффективности борьбы с ним // Государство и право . 1998. № 8.
19. Нелесов М.М., Сапрыков В.Н. Современный терроризм: социальные истоки, цели , проявления. М., 1984.
20. Основы борьбы с организованной преступностью. / Под ред. В.С. Овчинского , В.Э.Эминова, Н.П. Яблокова . М., 1996.
21. Перищев В.Е: Правовые и социально-психологические проблемы с терроризмом. // Государство и право. 1980 № 3.
22. Современный терроризм: состояние и перспективы. / Под ред. Е . И . Сепанова . М., 2005
23. Терроризм и демократия // Актуальные проблемы Западной Европы: экономика, политика, идеология. Реферативный сборник. М., № 37
24. Ляхов Е.Г., Попов Д.В. Терроризм: национальный, региональный и международный контроль. Ростов – на Дону, 1999.
25. Терроризм: психологические корни и правовые оыенки («Круглый стол» журнала «Государство иправо» ) // Государство и право. 2002 № 4.
26. Федянин В. Ю. Проблемы выработки универсального определения терроризма //Московский журнал международного права. 1998. №1.
27. Хвыля-Олитер А. Ваххабизм: вчера, сегодня, завтра //Профессионал. 2000. №6.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 1900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3 бет

1. Терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4 бет

1. Терроризм ұғымы, мән-жайы мен белгілері ... ... ... ... .4 бет

2. Террористік қызметтің мақсаты мен міндеттері ... ... 13 бет

3. Террористік қызметтің субъектілері мен
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 19 бет

4. Терроризм типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
бет

2. Терроризмді алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ..3 8 бет

1. Терроризмге қарсы әрекет көрсету
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 38 бет

2. Жаппай қырып жою қаруларын пайдадана отырып, халықаралық террористік
актілердің жасалуына қарсы шаралар
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .52 бет

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 4 бет

Кіріспе

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемде террористік ұйымдар
қызметі белсенді әрекетке көше бастады. Терроризм біртіндеп адамзаттың
ғаламдық мәселелерінің біріне айналды, өйткені ол қалыптасқан әлемдік және
ішкі мемлекеттік тәртіптерін қауіп төндіруде адамзат өркениетінің іргелі
құндылықтары адамның өмір сүру құқығына, бостандығына, меншігіне қол
жұмсауда, мұның өзі әлемдік қуымдастықты халықаралық ынтымқтастықтың
сипатымен басымдылықтарына жаңаша баға беруге мәжбүлеуде , ұлттық
қауіпсіздік мәлелерін қайта қарау қжеттіліктерін тудыруда, осы құбылыстың
мән жайын, себептері мен белгілері тереңдеп зертеуді және террористік
қызметті жою жолдарын іздестіруді қажет етуде.
Терроризм мәселелерін зерттеуге бірқатар ресей ғалымдары Ю.И.Авдеев,
Ю.М. Антонян , С.С. Босхолов, В.И. Замковой, М. Ильчиков, В.С.Комиссаров,
Е.Г. Ляхов, Л.А.Моджорян, В.Е. Петрищев және т.б. маңызды үлес қосты.
Олардың еңбектері терроризм ұғымы мен оның мән жайын зерттеуде, саралауға
идеалдық негіздері, себептілік факторлары мен бпсқа да аспектілерін
анықтауға арналады. Алайда , осы мәселе жөнінде едәуір ғылыми жұмыстар бар
болғанымен, терроризмнің түрліше сипаттары оның ұғымдық аппаратының әлі
күнге дейін жеткілікті түрде әзірленбегендігін көрсетуде , терроризмнің
субъектілері , типолпгиясы және оған қарсылық көрсетудің негізгі бағыттары
бойынша мәселелерде пікір бірілігі жоқ.
Осы диплом жұмысының мақсаты терроризм ұғымының мән жайына, оның
қазіргі көріністеріне талдау жасай отырып зерттеу, осы құбылысты
сипаттайтын белгілерді анықтау, теріс әлеуметтік құқықтық құбылыстың
маңызды қасиеттерін айқындау, сондай-ақ оған қарсы күрес жүргізу әдістерін
белгілеу болып табылады.

1 бөлім. Терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде

1. Терроризм ұғымы, мән жайы мен белгілері.

Терроризмді зерттеудің іргелі мәселелерінің бірі оның ұғымдық
аппаратын , ең алдымен белгілерін анықтау болып табылады. Осы мәселені шешу
терроризмді басқа қоғамдық қауіпті әрекеттерден ажырата білетін анық
критерилерді табуды қамтамасыз етуі тиіс. Мұның өзі жасалған террорлық
актілердің саны туралы статистикалық деректерде қорытынды жасауға, олардың
жасалу формалары мен әдістерін анықтауға, осы феноменнің себептері мен
үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.
Бір атап өтетін жағдай, қазіргі таңда әлемдік қауымдастық терроризмді
ұғыну, оның белгілерін анықтауда бірыңғай әдіс қолдамай отырған жоқ.Ғалым
теролоттар, танымал саясаткерлер ұсынған осы құбылыстыңанықтамалары әр
түрлі. Мәселен, әдебиеттерге жасалған талдау терроризмнің 100-ден 200-ге
дейін ұғымдарын көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ олардың ешбірі де
классикалық тұрғыдан танылған емес.
Терроризмді ұғынудағы алшақтықтар оның мақсаттары мен мотивтерін
көрудегі айырмашылықтармен байланысты болып келеді. Автордың пікірлері
терроризм субъектілері және элементтері мен белгілері мәселесі бойынша
сәйкес келе бермейді.
Әсіресе, көптеген зерттеушілер террористік құрылымдардың қызметі
ерекше саяси бағытта болады.
-----------------------
Босхолов С.С. , Литвинов Н.Д. Проблемы нормативного регулирование борьбы
с терроризмом в современной России Актуальные проблемы борьбы с
организованной приступностью. Калининград, 1997.С.70.

Мәселен, ГФР-ның арнаулы қызмет басшысы Г.Нонлау қарастырылушы феномен
саяси мақсатта мемлекеттік органдарды мәжбүрлеуге , азаматтарға күш көрсете
отырып және қауіп төндіріп, белгілі бір әрекеттер жасауға талпынады деп
есептейді. (1)
Белгілі ресей ғалымы Л.А.Моджорян былай деп атап өтеді: терроризм –
бұл белгілі бір адамдар , ұйымдар немесе үкіметтік органдардың өздеріне
тиімді емес мемлекеттік және саяси қайраткерлердің көзін құрту, мемлекеттік
құқық тәртібін жою мақсатында жасаған зорлық зомбылықтары (2)
Сонымен қатар терроризмді оның барлық көріністері арқылы зерттеу осы
құбылысты кеңірек зерттеуге мәжбүрлейді. Мәселен , Дж. Буш АҚШ вице-
президенті бола отырып, терроризммен күрес жөніндегі ведомстволарының
комиссиядан баяндамасында мынадай анықтама береді: Террориз бұл саяси
немесе әлеуметтік қол жеткізу үшін адамдар немесе объектілерге күш көрсету
және күш көрсету қаупін құқыққа қарсы пайдалану. Әдетте ол саясат пен іс-
әрекетті өзгерту үшін үкіметті, топтарды немесе жеке адамдарды қорқытуға
бағытталады. Аса кең таралған анықтамалардың бірін америкадан зерттеушілер
В. Малисон мен С. Малисон ұсынады. Олардың пікірі бойынша терроризм-бұл
көпшілік және әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу үшін күш көрсету және күш
көрсету қаупін төндіруді жүйелі пайдалану

----------------------------------- ------------------------------- ---------
------------------------

1Федянин В.Ю. Проблемы выработки универсального определения
терроризма Московский журнал международного права. 1998. № 1.

2 Моджорян Л.А. К вопросу о сотруднечестве государств в борьбе с
международным терроризмом. Советское государство и право. 1990.
№ 3.

Көптеген танымал ғалымдар терроризм субъектілері мәселесі бойынша әр
түрлі пікір айтады. Мәселен, егер Л.А. Моджорян террористіеқызмет
субъектілеріне үкіметтік органдарды жатқыза, ал бірқатар ғалымдар осы
қоғамдық құбылыстың мән – жайы мемлекеттік күш көрсетін емес, жеке
адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты деп есептейді. Жетекші
террологтардың бірі У. Лакер терроризм дегеніміз қоғамда шу тудыру,
лауазымды тұлғаларды әлсірету, тіптен олардың қызметінен алу және
саяси өзгерістер шығу мақсатында мемлекеттік емес күш көрсету
немесе күш көрсету қаупін төндіру деп бағалайды.
Т. Герцег психикалық әсер ету мақсатында белгілі бір саяси
стратегия шеңберінде асяси мативтер бойынша жеке адамдардың күш
көрсетуін немесе күш көрсету қаупін төндіретін терроризмге
жатқызады.
Терроризмнің әр түрлі теориялық модельдері әлемнің көптеген
елдеріндегі нормативтік – құқықтың актілерде тиісті әрекеттерге тыйым
салатын заңисмалдардың сәйкес келмеуіне байланысты. Мәселен, В.П.
Емельянов бірқатар қазіргі мемлекеттердің қылмыс- тық заңдарына
жасалған талдау терроризм құрамдарының қылмыстық кодекстеріндегі
баптау өз белгілері бойынша маңызды түрде ерекшеленіп тұрады,
тіпті сәйкес те келмейді деп атап өтеді. (1). Латвияның қылмыстық
заңында сараланған іс - әрекеттер ( 88-бап, 1- бөлім ) терроризм деп
еөрсетілсе, ал Ресей (281 бет) және Белорусь (360 бет) қылмыстық
заңдарында диверсия ретінде беріледі. Грузияның қылмыстық
кодексіндегі арнаулы Терроризм бөлімі қылмыстың тоғыз құрамынан
құралады, олардың басым көпшілігі басқа мемлекеттерде терроризм
ретінде бағаланбайды.

Емельянов В.П. Терроризм и преступления с признаками
терроризирования. М., 2000.
Әлемнің көптеген елдерінің заңнамалары тіптен терроризм
анықтамасыннан құралмайды.
Әлемдік қауымдастықта терроризмнің мән жайы мен белгілерін ғылыми
негізде ұғынудың жоқтығы, осы қоғамдық қауыпті әрекеттің құрмдары
құрылымдарының әр түрлі болып келіуінің өзі әлем елдерінің
террористік актілерін қарсы күрес жұргізуде бірігуіне кедергі
жасауда.
Осы құбылыстың табиғатымен оған тән қасиеттеріне арналған ғылыми
көзқарастар, сондай-ақ халықаралық құқықтық құжаттар мен бірқатар
елдердің соның ішінде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамалары
әлеуметтік – құқықтық құбылыс ретінде терроризмнің келесі белгілерін
айқындауға мүмкіндік береді: (1)
- террористік қызметтің ерекше әдістері, соның ішінде күш
қолдану; мүлікті жою (зақымдау) немесе қажет емес салдарды тудыру
қаупі; адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкінің сақталуына
қауіп төндіретін жағдайлар жасау;
- қасақана қорқыныш жағдайын жасау;
- террористік акциялардвң жариялылығы, насихаттың сипаты;
- тиісті қоғамдық қауіпті әрекеттер арқылы субъектілердің
мүдделеріне тікелей зиян келтіру террористердің мүдделері үшін басқа
бір адамдарда белгілі бір әрекеттер жасауға мәжбүрлеу болып
табылады;
- жоғары қоғамдық қауіптілік.

Нелесов М.М., Сапрыков В.Н. Современный терроризм: социальные истоки,
цели, проявления. М., 1984.

Жоғарыда аталған белгілерге мұқият талдау жасайық.
Зорлық – терроризмнің негізгі белгілерінің бірі ретінде танылады.
Оған осы феноменді зерттеуші барлық ғалымдар назар аударады.
Мәселен, Ю.М. Антонян терроризмді шу тудыру, мемлекеттік және қоғамдық
тәртіпті бұзу, қорқыныш тудыру, қарсыласын өзіне тиісті әрекет
жасауға мәжбүрлеу, басқа адамға қауіп төндіру дей түсінеді (1).
Терроризмнің осы қарастыруиа белгісі дене зорлығын көрсету, сондай-
ақ адамдардың санасы мен ерік – жігерлеріне психикалық әсер ету
ретінде беріледі мерелкін (психикалық зорлық).
Дене зорлығы адамдардың өміріне қауіп төндіру, олардың
бостандығын шектеу арқылы жүргізеді; генерал Де Гольдің өміріне
қастандық жасау, Италияның жетекші саяси қайраткерлерінің бірі А. Морроны
ұран әкету әрекеттері жатады.
ХХ ғасырда психологиялық әсер етуді ( психикалық зорлық) пайдалана
отырын, террористік актілер жпсау үлесі ұлғая түсті. Бірқатар зерттеушілер
бұл әдістердің қылмыстық мақсатқа қол жеткізу механизімін едәуір
жеңілдетуге мүмкіндік береді деп атап өтеді. Психикалық террордың
әдістерінің жиынтығы объектілерге қандай да бір маңызды зиян келтіру мен
байланысты емес. Негізінен, бұл әрекеттер көрнекілік- қауіп төндіру
сипатына ие. Лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға ашық немесе
жасырын қауіп төндіру мұнда жетекші орынға ие болады.

Антонян Ю.М. Терроризм. Криминологическое и уголовно- правовое
исследование. М., 1998.

Террористік қызмет тәжірибесінде жеке адамдардың мүліктеріне жою
(бүлдіру), тұрғындардың өміріне қажет түрлі объектілерді, өнеркәсіптік
кәсіпорындарды бұзу сияқты әдістер кең таралған .
Мәселен, Ресейдегі шешен содырлары мен АҚШ-тағы Аль-Каида
содырларының террористік сумен қамтамасыз ету жүйелеріне қызығушылық
танытады.
Террористік актілер жасау әдістерінің ішінде қылмыскерлердің
биологиялық және химиялық заттарды қолдану ерекше орын алады. Мәселен, 1972
жылы АҚШ-та Күншығыс ордені оң экстремистік тобы мүшелерін тұтқындау
кезіне сүзек ауруын қыздыратын 36 кг дақыл тәркіленді, сол арқылы
террористер АҚШ-тың Чикаго, Сент-Луис және басқа да қалаларындағы су
жүйелерін улағысы келген. 1975 жылы АҚШ-та жаңа ұлтшыл топ мүшелерінен
дәл осы мақсатта Нью-Йорк пен Вашингтон пайдалануға арналған 115 кг цианид
алынды. 1995 жылы АумСинрике сектасының діни фанатиктері токио
метросында зарин және ацетонитрил газдарын қолданды, соның салдарынан 12
адам қайтыс болып, мыңдаған адамдар уланды (1). 2001 жылы АҚШ-та сібір
жарасын тарататын бактерияларды қасақана тарату фактілері әлемді дүр
сілкінтті.
Терроризмнің басқа бір маңызды белгісі қорқыныш жағдайын тудыру болып
табылады. Террор термині латынша terror яғни қорқыныш сөзінен келіп
шығады

Петрищев В.Е. Российское законодательство: профилактика
терроризма Современный терроризм: состояние и перспективы. М.,
2000. С. 200.

Ю..М. Антонян мемлекеттік және саяси қайраткерлерін, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері мен жай азаматтарға шабуыл жасау, кезінде,
завод,, фабрикалар мен байланыс кәсіпорындарын, көлікті зақымдау
кезінде, түрлі мақсаттар орын алуы мүмкін, бірақ терроризм туралы жасалған
әрекет қорқыныш, үрей тудырғанда ғана айтуға болады деп атап өтеді . Мұның
өзі ұқсас қылмыстарда бірін-бірінен ажыратуға, оның мән-жайын анықтауға
мүмкіндігін беретін қажет.
Осы бір ерекше белгі белгілі шешен террористі С. Радуевтың 1997 жылы
садырлар дайындау орталығын бітірушілер алдында сөйлеген сөзінен де
көрінеді. Ол террорист- садырлардың негізгі міндеті- Шешенстан
территориясы мен оған жақын маңайда орналасқан әскерлер арасында өлім
үдейін тудыру деп атап өтеді. Радуев өз сөзінде әскерлерді үдейлендіре
отырып қорқыту, кепілін алып өлтіру керек дейді (1)
Қорқыныш жағдайын орнату өздігінше террористердің мақсаты болып
табылмайды. Мәселен, қылмыстық құқық бойынша сөздікке сәйкес терроризм
дегеніміз- бұл қылмыстық ниетіне қол жеткізу үшін тұрғындар мен билік
органдарын қорқыту арқылы берілетін қылмыстық қызмет. Қорқыныш мақсатқа
қол жеткізу құралы ретінде көрінеді.
Сонымен қорқыныш дене зорлығын көрсетуден де нәтижелі қару
болып табылады деген пікіріне келеді. Қорқыныш адамдарда есінен айырады,
қарсылық көрсету күшін жояды, үздіксіз әсер етіп отырады. Терроризмнің
келесі бір түрі ерекше белгісі оның көпшіліктігі, жариялылығы болып
табылады. Егер басқа бір қылмыс жасау кезінде қылмыскерлер оны жариялауға
мүдделі болмаса, ал террористік акциялар барлық кезде өзін-өзі
жарнамалаумен байланысты болып келеді.

Хвыля-Олинтер А. Ваххабизм: вчера, сегодня, завтра
Профессионал. 2000. №6

. М.П. Киреев дұрыс атап өткеніндей, терроризм – бүгін күнде
сөзсіз құбылыс, көпшіліктің қабылдауына арналған зорлық формасы. Жалпы
алғанда, террористік акт қоғамға қаншалықты танымал болса, ол соншалықты
түрде үрей тудырып, тұрғандарға үкімет пен жеке адамдарға күшті қорқыныш
әсерін береді. Сонымен қатар мұндай тәжірибе тұрғындарының белгілі бір
бөлігінің қылмыстық ұйымдарға қолдау қөрсетуіне қамтамасыз етуге
бағытталады.
Терроризмнің көпшіліктігіне адамдардың өмірі мен денсаулығын қауіп
төндіретін ірі материалдық зиян келтіретін әрә қоғамдық қауіпті
әдістер мен формаларды пайдалану арқылы қол жеткізіледі. 2001 жылы
қырқүйекте Нью-Иоркте 11 мың адамның өліміне алып келген жарылыстар мен
Вашингтонда американ сібір жарасы бактериалары мен ауыруы осыған мысал
бола алады.
Сонымен қатар террористер өз ұстамдарының әскери соғыс қуатын
идиологиясын жариялайтын ерекше тәсілдер де қолданады. Оған мыналарды
жатқызуға болады; жасалған қылмысқа қатыстылығын көпшілікке жариялау;
бұқаралық ақпарат құралдарының жеке бір өкілдерін террористердің
талаптары мен іс-әрекеттерін кең түрде жариялау, олардың лидерлерін
батыр етіп көрсету және тағы басқалар.
Зорлық, қорқыту және көшіліктігі смяқты қасметтермен қатар
терроризмге тән таға бір қасиет мынадай болып келеді, қоғамдық
қауіпті әрекетке жеке адамдар, олардың мүліктері ұшырайды, ал зорлық
зорлық акцияларының мақсаты басқа бір субъектілерді белгілі бір іс-
әрекетке мәжбүрлеу болып табылады. (1).

----------------------------------- ------------------------------------
---------------------

1. Современный терроризм: состояние и перспективы.под ред. Е.И.
Степанова. М., 2000.

Мәселен, қара қыркүйек деп аталатын палестин террористік
ұйымының содырлары1972 жылы қыркүйегінде израильдің олимпиядашы-
спортшыларын кепілге алады, Гфр және израиальдегі осы ұйымның 234 мүшесін
босатуды талап етеді. Буденновск, Кизлярде адамдарды көптеген кепілге
ала отырып, ланкестер ресей үкіметін олардың саяси талаптарын орындауға
мәжбүрлемек болды.
Терроризмнің шоғыры қоғамдық қауіптілігі қылмыс – керлердің өз
мақсатына қол жеткізу үшін адамзат қоғамының заңмен қорғалатын аса
маңызды құндылықтарды – адам өмірі, денсаулуғымен жеке бас бостандығы,
жеке меншігі мен қоғамдық тәртіпке маңызды зиян келтірумен байланысты болып
келеді. Террористер адамдарды көптеп құртып, оларға ауыр дене жарақатын
келтіреді, материалдық объектілерді қиратады.
Сонымен қатар терроризм кез келген адам құрбан болуы мүмкін
қылмыстық зорлыққа жатады., өйткені нағыз террористік актіні
тудырған дау-жанжалға ешбір қатысы жоқ адам да зардап шегуі
мүмкін.
Әрине, террористер тек қана қорқыныш тудырып қоймайды, олар өз
әрекеттерін мақтан тұтады., соның негізінде олар жаңа ақпараттық
технологиялардың қарыштап дамуына байланысты көп адамдарды өздеріне
баули алады.
Терроризмнің ерекше қауптілігі оның нақты бір елде немесе
аймақта қоғамдық – саяси және экономика – лық жағдайда нашарлатуға
бағыттыауынан көрінеді. Терроризм қайта қалпына келмейтін материалдық
және рухани құндылықтарды бұзады.
Терроризмнің масштабы, оның ұлтаралық бірігуге арналған жалпы
үрдісі өте маңызды әскери жанжалдар, кейде соғыс қаупін тудырады.
Сонымен қатар террористік актілер қоғамдық – саяси және экономикалық
жағдайды маңызды түрде тұрақсыздандырады. Жалпы алғанда, терроризм
тұрғындары көпшілік билікке деген сенімдерін бұзады, қорқыныш
жағдайын орнатады, болашаққа деген сенімсіздікті тудырады, қоғамдық
байланыстардың бүкіл жүйесіне кері әсер етеді.
Терроризмнің жоғарыда қарастырылған белгілеріне қорытынды жасаи
отырып, мемлекеттік органдарды, мемлекеттік емес ұйымдарды, заматтар
мен басқа да субъектілерді өз мүддесіне орай белгілі бір әрекеттер
жасауға мәжбүрлеу арқылы террористердің мақсатқа жетуін қамтамасыз
ететін және жоғары қоғамдық қауіптілігімен сипатталатын, көпшілікті
қорқыту зорлығы ретінде бағалауға болады.
Терроризімнің жоғарыда қарастырылған белгілеріне қорытынды
жасай отырып, оны мемлекеттік органдарын, мемлекеттік емес ұйымдарда,
азаматтар мен басқа да субъектілерді өз мүддесіне орай белгілі бір
әрекеттер жсауға мәжбүрлеу арқылы террористердің мақсатқа жетуін
қамтамасыз ететін және жоғары қоғамдық қауіптілігімен сипатталатын,
көпшілікті қорқыту зорлығы ретінде бағалауға болады.

2 . Террористік қызметтің мақсаты мен міндеті

Террористік ұйымдардың мақсаты мен міндеттерін қарастыра
отырып, осы категориялардың маңызы мен арақтынасын сипаттау қажет
болды. Өйткені, кейбір авторлар терроризмнің мақсаты мен міндеттерін
ажыратып көрсетпейді, сол арқылы әртүлі реттегі құбылыстарды атап
өтпейді. Мәселен, И.Д. Литвинов мақсаттың келесі түрлерін көрсетеді:
жалпы мақсат (негізгі және түпкілікті), тікеоей, қамтамасыз етуші,
сүйемелдеуші мақсаттар. Ю.И. Авдеев масштабы мен мазмұнына қарай
террористік ұйымдардың стратегиялық және тактикалық мақсаттарын атап
көрсетеді.
Сондай-ақ философиялық, әлеуметтану және заң әдебиеттерінде мақсат,
міндет және олардың арақатынасын анықтауда айқын әдістер жеткілікті.
Мақсат деп өз қызметі барысында ұйымдық жүйеге қол жеткізуі тиіс нәрсе,
яғни түпкілікті нәтиже ұғынылады, сол арқылы белгілі бір қызмет іске
асырылады.
Ұйымдардың міндеті рқылы аралық нәтижелер белгіленеді, онсыз
түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сонымен, террористік ұйымдар
белгілі бір міндеттерді шешу арқылы ғана мақсатқа қол жеткізеді. Сондықтан,
жоғарыд келтірілген жіктемелерді (классификацияларды) қарастыр отырып,
террористердің мақсатына текқана жалпы (негізгі) мақсат (Н.Д.Литвинов) және
стратегиялық мақсатты (Ю.И.Авдеев) жтқызуға болады, ал көрсетілген вторлар
белгілеген тікелей, қамтамасыз етуші, сүйемелдеуші және тактикалық
мақсаттарда дұрысырағы міндеттер ретінде қарастырған жөн.
Террористік қызмет субъектілерінің мақсаттарын іске асыру саласында
олар экономикалық және саяси болып бөлінуі мүмкін. (1).
Террористік акциялар бағытталатын экономикалық мақсаттарғ экономикалық
күш-қуатын жою, адамды қорқыту арқылы белгілі бір терроризм, бөлігі бір
қызмет саласымен бизнес бойынша бәсекелестерді ығыстырып шығару жатады.
Көрсетілген мақсаттарға өндіріс және бәсекелес фирмалардың бсқ да
объектілерін жару, өртеу, жүйелі түрде ұрып-соғу, осы ұйымдардың
жұмыскерлерін ұрлау арқылы қол жеткізіледі.
Террористердің саяси мақсаттары екі топқа бөлінуі мүмкін: ішкі
саяси және сыртқы саяси .
Ішкі саяси мақсаттарға мемлекет ішіндегі қатынастар саласында қол
жеткзіледі, бұл қатынастарға мемлекет, оның органдары, қоғамдыұ және басқа
да мемлекеттік емес ұйымдар, тұрғындар енеді.
Мақсатың осы түрінің құрылымында мемлекеттің территориялық бүтіндігін
бұзуға бағытталған және елдің шекарасының өзгеруімен байланысты емес
мақсаттарды бөліп көрсетуге болады.

1. Замковой В., Ильчиков М. Терроризм-глобальная проблема
современности. М., 1996.
Мақсаттардың жоғарыда көрсетілген бірінші тобына сепаратистік, яғни
тәуелсіз елдің территориялық бөлімдерін бейконституциялық бөлу және жаңа өз
бетінше мемлекет құруға байланысты топты жатқызамыз.
Мемлекеттік территориялық бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес
ішкісаяси мақсаттардың екінші тобын былай бөліп көрсетуге болады:
-елдің қоғамдық қондырғысын өзгерту немесе саяси тәртібін өзгерту;
-демократиялық қайта құрулардың бұзылуы немесе оларды жүргізудің
қиындауы; ішкісаяси жағдайдың тұрақсыздануы;
-қатаң, әділетсіз, авроритарлық және террористердің іс-әрекетін ақтауға
бағыттау үшін мемлекеттік билікті тұрғындар көзінше мәжбүрлеу.
Ю.И.Авдеевтің батыс Европа , Латын Америкасы елдеріндегі көптеген
солшыл террористік ұйымдардың қызметіне жасалған талдауы көрсеткендей,
олардың ішкі саяси мақсаттарына капиталистік жүйесі жою, тұғындары
капиталистік құрылысқа қарсы революциялық сөздермен үгіттеу, NATO
елдерінің әскери дайындықтарына кедергші жасау әркекттері жатады.
Көтеген оңшыл террористік ұйымдардың ішкі саяси мақсаттарына келсек,
олар ұлттық мемлекеттер құру, ұлт тазалығы үшін күрес, нәтижелә күшті
билік, шетелдердіктің қоныстануына қарсы күрес түрлерінде болып
келеді. Терроризм мәселесі бойынша американдық ірі сарапшы Брайан Дженкине
былай деп атап өтеді: АҚШ-та оңшыл экстремизм ерекше кең таралған, бұл
ұйым үнемі түрін өзгертіп отырады.Оларға ортақ қажет-ксенофобия,
антисеметизм, ақ нәсілдің үстемдігі, иммигранттарда жек көру былай келеді.
АҚШ-та оңшыл экстремистер иммиграциялық саясатқа әсер етуге ұмтылады, өз
талаптарын белсенді түрде насихаттайды.
Бірқатар Ұлттық террористік ұйымдардың мақсаттары аймақтардың құқықтық
мәртебесін өзгерту арқылы мемлекет құрылысын өзгерту былай табылады.
Мәселен Испанияда 1950 жылдардан бастап ӘТА азаттық қозғалысы басклер
мекендеген елдің солтүстік аудандарына автономия

мәртебесін беру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. ( 1 )
Сыртқысаяси мақсаттарды халықаралық байланыстар саласында
террористік қызмет субъектілер жүргізеді. Олардың ішіндегі аса кең
таралғандарына тұрақсыздықты , бір елдің басқа елмен қатынасының өзгеруін
жатқызуға болады. Мұндаы идиолгиялық мақсат негізі ретінде бұл
жағдайда елді американдық империализм экспилициясынан , буржуазиялық
моральға жат мәдениеттен , агрессивтік ішкі саяси ақцияларға
қатысудан қорғау әрекеттері танылады. Сондай-ақ сыртқы саяси мақсаттарға
мыналар жатады: шетелдік тәуелділіктен территория бөлімін бөліп алу
нәтижесінде жаңа мемлекет құру; хаықаралық аренда нақты бір елдің
беделін түсіру ; аймақтың немесе халықаралық қатынастарды шешуге
бағытталған халықаралық акцияларға кедергі жасау; жеке мемлекеттердің
саясатына қарсы наразылық білдіру.
Бір атап өтетін жағдай, ішкі саяси терроризм шетелдік
экстромистік ұйымдардың қолдауына сүйенеді, олардың мақсаты сыртқы
саяси сипатта болады. Мәселен 1996 жылдың тамыз айында Судан ,
Эфиопия , Сомали, Иемен елдеріндегі террористік топтардың Могадишодағы
(Сомали) жиынында Шешен еліне 1996 жылдың күзінде араб елдерінен 700-
ге дейін содар жіберу туралы шешім қабылданды.
Террор субъектілерінің қызметіне бағытталған міндеттердә
шешу міндетін екі топқа бөлуге болады: негізгі және көмекші
(қамтамасыз етуші ).
Негізгі міндеттерді шешу , жоғарыда атап өткеніміздей ,
террористердің негізгі мақсаттарының іске асуына мүмкіндік беретін
аралық нәтижелерімен байланысты. Міндеттің осы түріне мыналар
жатады: нақты бір мемлекеттік қайраткердің көзі жою, сол арқылы
халықаралық келісімге кедергі жасау , елдегі саяси жағдайда
Международный терроризм : документы , свидетельство, факты. М
1986.

міндеттерді іске асыру барысында экстромистік ұйымдар террористік
акцияларды материалдық – техникалық , қаржылық, кадрлық ,
ұйымдастырушылық даярлықтан өткізеді. Мәселен, қаржы құралдарын алу
үшін банктерді тонау , қару саудасымен айналысу, жеке бас
бостандығынан айырыоғандады азат етуге талпыныс жасау. Соңғы жылдары
террористік ұйымдар өз қызметін қаржыландыру үшін есіткі ұйымымен
көбірек айналысуда. Оның түрі әр түрлі болуы мүмкін: есірткі
құрамды өсімдіктерді өсіру , өндіру және (немесе) есірткі
контробандасы есірткі дақылдарының плантацияларын қорғау, есірткі
жасаушылардың бәсекелестері мен құқық қорғау органдарына байланысы
бар деп күдік келтіретін азаматтарды өлтіру тапсырмаларын орындау.
Алтын үшбұрыш ауданында сепаратистік ереуілдік қозалыстар
әсәресе, Мео тетігінің мүшелері генерал Ванг Пао басшылығымен
есірткі бизнесімен белсенді түрде айналысуда. Мьянмада (Бирма)
Бирма коммунистік партиясы деп аталатын отрядтар ұзақ уақыт әрекет
етіп, 90-жылдардың басында ұлттық белгілері бойынша жеке топтарғ
ыдырап кетті. Олардың ішіндегі ең ірісін Кун Са (шын аты – Чан-
Чифу) басқарады. Кейбір деректер бойынша ол Алтын үшбұрыштағы
опиум өндірісінің 80 пайызына дейін бақылап отырған. Күлгін солшыл
экстремистік топтар Филипинде марихуана өсіру және есірткі
саудасымен айналысатындарға сату арқылы түскен қаржымен қамтамасыз
етіледі. Есірткі саудасымен Ливандағы ислам фундаменталистері де
айналысады, оған белгілі террористік Хезболлах ұйымы да енеді.
Бекаа алхабында индия есірткі өсімдігі (20 кв . км-ге дейін)
плантациялары орналасқан, өзара бір-бірімен қырылысқан Ливан
құрылымдары оларға бақылау орнату үшін көрсетуде. Колумбияның
революциялық қарулы күштері бөлімшесі кок өсіру және оны кокайнге
қайта өңдеумен айналысуда. Кейбір деректер бойынша бұл Қызыл
картель есірткі саудасымен жыл сайын 400 млн. Долларға дейін кіріс
табады. Колумбиялық 19 сәуір қозғалысы мүшелері есірткі саудасымен
тығыз айналыса отырып, 1989 жылы есірткі мафиясының қылмыстық
әрекеттерінің дәлелдерін жою мақсатында Әділет сарайын шабуыл жасап,
елдің Жоғарғы Сотының бірнеше мүшелерін өлтірген. Еуропа елдерінің
құқық қорғау органдары туркиялық Сұр қасқырлар , испандық Баса
елімен азаттық (ЭТА) , итальяндық Қызыл бригадалар сияқты
террористік ұйымдардың есірткі саудасымен байланысы туралы деректерге
ие. (1) Көмекші міндеттер құрылымында жеке қауіпсіздікті қамтамасыз
ету маңызды орын алады. Негізінен бұл міндетке келесі жолмен қол
жеткізіледі. - террористік ұйымдар қатарына қабылданатын адамдарды
мұқият тексеру; - ақпараттың сыртқа таралу дабылдарын іздестіру; -
жеке операцияларды қарсы бақылаумен ранайы түрде қамтамасыз уту
(оларды орындаушыларды жасырын бақылау , дайындау). - Мемлекттік
және полиция құрылымдарына өз агенттерін ендіру.- полиция
шенеуніктерінің қатарынан сенімді тұлғаларды арбау;- ұйымдардың соғыс
объектілерін және олардың басшыларын қорғау.Сонымен, терроризм
субъектілері өз қызметінде саяси және экономикалық реттегі түрлі
мақсат пен міндеттерге ие. Олардың мазмұнын зерттеу терроризмнің мән
жайы мен табиғатын ұғынуға мүмкіндік беретін маңызды шарт болып
табылады.

1. Основы борбы с организационной преступностью. Под. ред. В.С.
Овчинского, ВЭ. Эминова , Н.П.Яблокова. М., 1996, С. 24-25.

3. Террористік қызметтің субъектілері мен объектілері

Халықаралық терроризм субъектілері бір-бірімен өзара қиын
қатынастағы және қарсы күрестегі мемлекеттік және мемлекеттік
емес құрылымдардың кең жүйесін танытады. Террористік ұйымдарда
түрлі мемлекеттердің немесе саяси ұйымдардың басқарып отыратын
, қаржыландыратын жағдайларда жиі кездеседі . Терроризмнің
барлық субъектілері келесі түрлерге бөлінуі мүмкін:
- жекелей террористік ұйымдарға қолдау көрсететін немесе
террористік акцияларды өз саяси мүдделеріне қарай пайдаланатын
мемлекеттер;
- саяси мақсатта қоғамдық қауіпті әрекет жасайтын
мемлекеттік емес террористік ұйымдар;
- саяси емес мақсатқа қол жеткізу құралы ретінде террорды
пайдалнатын қылмыстық ұйымдар;
- жеке террористер
Ю.И. Авдеев қазіргі таңда бірінші топтағы субъектілерге
кейбір авторитарлық тәртіптегі таяу шығыс мемлекеттері, сондай-
ақ түрлі экстремистік ұлттық, , діни-саяси, , оңшыл немесе
солшыл қозғалыстар мен қоғамдық-саяси ұғымдар жатады деп атап
өтеді. (1) 1997 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті баяндамасында
халықаралық терроризмді қолдаушы мемлекеттер қатарына Куба,
Солтүстік Корея, Иран, Ирак, Судем, Сирия сондай-ақ Ауғанстан
елдері жатқызылған. Баяндама авторларының пікірінше , осы
мемлекеттердің үкіметтерінің өзі , осы террористік қызметке
қатысуда немесе террористерге қару , жатын орын, қаржылай
қолдау және басқа да көмектер беруде . Ресейдегі Ауғанстан
Ислам мемлекетінің өкілетті елшісі А.В Асафи терроризм
демеушілері мемлекеттерінің санын біршама басқаша

бағалайды. Ол қазір әлемде терроритерді дайындау лагерлері
орналасқан 60- жуық ел бар деп есептейді. (2)
Террористік қызмет субъектілеріне террористік акциялар жасауға
рналған кейбір шетелдік мемлекетттердің мемлекеттердің бөлімдері
мен арнайы қызметтері де жатады. Мұнда әңгіме ең аымен
демократтарға қарсы, авторитарлық тәртіп орнаған мемлекеттер және
шетелдік мемлекеттердегі имигранттар арасында зорлықты саяси күрестің
негізгі әдісі ретінде қолданады (мұндай ұйымдар, мәселен, қазіргі
таңда терроризм дәстүрлі түрде тараған елдерде ғана емес,

Авдеев Ю.И. Типология терроризма Современный терроризм:
состояние и перспективы. М., 2000. С.67.
Современный терроризм: состояние и перспективы. Под ред. Е.И.
Степанова. М., 2000.
Сондай-ақ Ресей мен ТМД-ның басқа да елдерінде де бар.(1).
Аса танымал террористік ұйымдарға мұқият сипаттама берейін.
Жапон қызыл армиясы. Бұл халықаралық террористік топ 1970 жылы
құрылған. Осы армия жасаған ірі террористік актілер арасында- 1972 жылы
Израильдегі Лод әуежайында көпшілік адам өлтіру, Куала- Лумпурдағы АҚШ
елшілігін басып алуға талпыныс жасау, екі әуе лайкерін басып алу әрекеттері
орын алған. Америкада 1988 жылы осы армияның содыры жарылғыш затпен
ұсталған .
Армия мүшелерігің саны белгісіз, басшылықта 8 адам бар. Ұйымның
орналасқан жері де белгісіз. Оның лидері бостандықта жүр.
Моджахедин-е-Хальк ұйымы. 1960 жылы жоғарғы білім алған Иран
комерсанттары балаларымен құралған. Мақсаты- шах тәртібіне батыстың шектен
тыс әсер етуіне қарсы әрекет жасау. Олар өз идеяларын насихаттау мен қатар
терроризмді де қолданады. Басты мақсаты- белсенді батысқа қарсы қызмет. Бұл
ұйым есебінде Америка әскерлерін өлтіру, әлемнің 13 еліндегі Иран
елшілігіне шабуыл жасау әрекеттері бар. Бірнеше мың содырлары бар.
Полистинадан ислам жихадының Шакаки тобы. 1970 жылы Газа секторында
полистиндік содырлар арқылы құрылған. АҚШ бұл ұйымды Израильге .

Миньковский Г.М., Ревин В.П. Характеристика терроризма и
некоторые направления повышения эффективности борьбы с ним .
Государства и право. 1997. № 8.

қолдау көрсеткендігі үшін басты жауы деп санайды. Ұйымда қанша
адам бар екендігі туралы дерек жоқ.
Ең ірі топ Сирияда орналасқан. Қаржылый көмек негізінен Ираннан
келеді.
Әл-Каида. Ұйымды 1990 жылы Усама бен Ладен шамамен 1990 жылы
құрған. Оның басқаша бір атауы Еврейлер мен крест ұстанушыларға қарсы
жихадтың бүкіл әлемдік ислам майданы. Мақсаты бүкіл әлемде мұсылман
мемлекетін орнату. Ұйым барлық мұсылмандар барлық жерде Американдық
азаматтарды өлтіруге міндетті деп есептейді .
Әл-Каида есебінде мынадай қылмыстар бар: Наироби, Кения, Дар-эс-
Салам, Танзаникадағы американ елшіліктеріндегі жарылыстар. 301 адам
өліп , 500 адам жараланған . Сонымен қатар Африка елдерінде Американ
әскерлерінің өлтірілуі, американ самолеттерінің жарылуы. Ұйым 1994
жылы миналарға сапарында рим папасын өлтіруді, сол уақытта американ
және Израиль елшіліктерін жаруды, 1995 жылы президент Клинтонды оның
Филиппенге сапары кезінде өлтіруді жоспарлаған. (1). Осы ұйым 2001
жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк пен Вашингтонға камикадзе ұшақтарыдың
шабуыл жоспарлап іске асырды.Ұйымда бірнеше мың адам бар. Олар
террористер дайындайтын лагерьлерге ие. әл-Каида 300 млн. Доллар
қаржыға өмір сүреді, ол ақшаны бен Ладен өз әкесінен мұраға алған.
Сонымен қатар әл-Каидаға қатысты кәсіпорындардан да қаржы кірісі де
түсуде.
Хезболлах. Басқаша атауы- Құдай партиясы, ол Жаратушының
партиясы , Ислам жихады деген атауларға да ие. Ұйым батыс пен
Израильге өшпенді сезімде құралған.

Кожушко Е.П. Современный терроризм: Анализ основных направлений.
Минск, 2000.

Американдықтар осы құрылымның Ақш-қа қарсы жасалған көптеген
террористік актілерге қатысы бар деп есептейді. 1983 жылы комикадзе
жүргізушісі жүк машинасына жарылғыш зат артып алып, Бейруттағы АҚШ
елшілігі ғимараты мен теңіз жаяу әскерлері казармасы алдында өзін
жарып жіберді, соның нәтижесінде 300 жаяу әскер қаитыс болды.
Кейінше содырлар Американ азаматтарын ұрлаған, кепілдікке алған.
Соның ішінде Ливандағы АҚШ азаматтарын кепілдікте ұстаған.Саны
бірнеше мыңға жетеді. Ұйымның ұялары Европада, Америкада, Солтүстік
және Оңтүстік Америкада орналасқан. Қомақты қаржылай қолдау алып
отырады.Әбу Нидал ұйымы. Оны Қара қыркүйек деп те атайды,
халықаралық террористік ұйымды Сабри аль-Банна басқарады. Бұл ұйым
әлемнің 20 елінде террористік актілер жасаған, мыңдаған адамға
дейін қайтыс болған немес жараланған. Қара қыркүйектің Европа
елдерінен басқа нысанасы- АҚШ. Әлемнің көптеген әуе жаиларында, оның
ішінде Рим мен ВВенада террористік актілер жасаған. 1986 жылы
Карачи қаласынан Пан Америкэн ұшағын алып ұшқан.Ұйым мүшелерінің
саны Ливандағы құрылымы мен шетелдердегі көмекші құрылымдарын
есептемегеннің өзінде бірнеше жүз мыңға жетеді. (1). Үшінші топқа
саяси мақсатты көздеймейтін бірақ террорды пайда табу жолы ретінде
пайдаланатындар тән. Мұндай қылмыстық ұйымдар өздерінің криминалдық
кәсіпорындарының қызметіне жағдай жасау үшін террористік актылер
жасайды. Жалпы олар өздері өмір сүріп отырған жүйеде шамалары
келгенше жұмысын жалғастыруға дайын.----------------------------- --------
------------
Кожушко Е.П. Современный терроризм: Анализ основных направлений. Минск,
2000; Безымянная война Российская газета. 2001. 14 сент.

Олардың іс әрекеттері сол елдердегі билік құрылымдарына емес,
заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы нақты саясатқа қарсы
бағытталған.
Атап өтетін жағдай халықаралық және ұлттық деңгейдегі қылмыстық
мафиялық ұйымдар террористік әдістерді пайдлануға көбірек жүгінуде,
сондай-ақ жеке террористік құрылымдар мен тығыз байланыс жасауда.
Мұндай мафиялық құрылымдар Латын Америкасы мен әлемнің басқа
аймақтарында көбірек белсенділік танытуда.
Терроризм субъектілерінің төртінші тобын жеке жұмыс істейтін
бірегей террористер құрайды. Бұл етррористердің жасаған террористк
актілері (жару, өртеу, қоғамдық орындарда адамдарды атып өлтіру, саяси
немесе қоғам қайраткерлерін өлтіру) кек алу, психикалық аурудан
туындаған мотивтерге байланысты болуы мүмкін. Н. Мелентьеваның
пікірінше, жеке террор қоғамның басқа мүшелеріне қатысты түрде
жасалатын зорлық пен сипатталады, мұның өзі оның субъективтік
наразылығы, қоғамға қарсы жеке көтерілісі болып табылады. (1).
Қазіргі таңда террористік қызмет объектілерінің ауқымы күрделене
әрі кеңейе түсті. Террорлық қол жұмсау объекті ретінде осы әрекет арқылы
зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар ұғынылады.
Ғылыми әдебиетте әлеуметтік-саяси талдау шеңберінде осы объектілердің
негізгі екі объектін- жалын және тікелей түрлерін бөліп көрсету ұсынылады.
Объектілердің бірінші түріне социумның негізгі өмір саласы- саясат,
экономика, әлеуметтік қамтамасыз ету,

Мелентьева Н. Размышления о терроре Элементы. Евразийское обозрение.
1996. № 7. С. 19.

мәдениет салаларында жинақталған қоғамдық қатынастар жатады. Осы
қатынастардың бұзылуы, ұйымдастырылу жұмыстарының нашарлауы террорлық
әрекеттерін түпкілікті мақсаты болып табылады. Көрсетілген салаларда
террористердің қол жұмсау объектілері ретінде мыналар танылады:
халықаралық қауіпсіздік, елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігі қоғамдық
құрылыс негіздері, қоғамның саяси ұйымдастырылуы, мемлекеттік билік,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, сондай-ақ тағы басқа объектілер.
Сонымен, Ресейдегі, Югославиядағы, Ұлыбританиядағы ұлттық-
террористік ұйымдар қызметінің ортақ объекті ретінде осы мемлекеттердің
территориялық бүтіндігі болып табылады. Батыс Европа, Латын Америка
елдеріндегі солшыл экстремистік ұйымдардың қол жұмсау объекті болып олардың
конституциялық құрылымы, демократиялық институттары есептеледі.
Террористік акциялар объектілерінің екінші тобына террористердің
түпкілікті негізгі нәтижелеріне қол жеткізу, ортақ объектіге зиян келтіруге
мүмкіндік беретін тікелей қол жұмсау, нақты қатынастар енеді. Мұндай
объектілерге жеке адамдардың өмірі, денсаулығы, бостандығы, түрлі
өнеркәсіптік және басқа да объектілердегі, көлік құралдарындағы адамдардың
қауіпсіздігі, тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты жұмыс
істеуі, компьютерлік ақпараттардың қауіпсіздігі жатады.

4. Терроризм типологиясы

Терроризм типологиясы аса маңызды мәселелер бойынша жіктеме жасауды
қарастырады. Қарастырылушы қоғамдық қауіпті құбылыстың негізгі түрлерін
бөліп көрсету оның маңызын, белгілерін терең ұғынуға мүмкіндік береді,
мұның өзі террористер қызметіне қарсы шаралар қолдану жүйесін жасауға алғы
шарт болып табылады.

Терроризмге өздігінше күрделі әлеуметтік-саяси феномен ретінде көріне
отырып, әдістері, мақсаты, субъектілері, пайдаланушы құралдары,
идеологиялық негіздері және басқа да критерилері бойынша жіктеме жасалуы
мүмкін.
1.Пайдаланушы әдістеріне қарай дене және психологиялық террор деп
бөлу қабылданған. (1). Дене (физикалық) террор индивидтерге тікелей
зорлық жасаумен байланысты. Ол адам өмірін жою, дене жарақаттарын келтіру,
бас бостандағын шектеу арқылы сипатталады.
Психологиялық террор материалдық объектілерді (кәсіпорындар,
мекемелер, коммуникациялар және т.б.) бұзу, мемлекеттік, қоғамдық және
басқа да ұйымдардың жеке адамдардың мүліктерін жою арқылы қорқыту
нәтижесіне қол жеткізумен білдіріледі. Сонымен қатар психологиялық
террорға мемлекетті, оның органдарын және басқа да субъектілерді
террористердің талаптарын орындауға мәжбүрлеу мақсатында қорқыту, үркіту
арқылы моральдік- психологиялық зорлық жасау да жатқызылуы мүмкін.
2. Аңду мақсаты бойынша ғылыми дерек көздерінде саяси, саяси емес
(пайдақорлық-экономикалық) терроризмдер, психикалық ауру адамдардың
ирроцианалдық мотивациясы негізінде жасалған террорлық актілері
көрсетіледі.
3. Террористік әсер ету объектінің сипаттамасына қарай селективтік
террорда ажыратып көрсету керек, яғни мұнда террор нақты мемлекеттік,
қоғамдық қайраткерлерге, азаматтарға, олардың мүліктері мен баршаға арнап
бағытталады.

Горбунов Ю.С. К вопросу о классификации терроризма Московский журнал
международного терроризма. 1993. №1.

Баршаға, яғни қалың көпшіліке бағытталған террор жағдайында қоғамдық
қауіпті қол жұмсау қоғамдық орындардағы жиналған көпшілік адамдарға қатысты
іске асырылды (көшелер, сачбақтар, көлік обеътілері, өндірістік
кәсіпорындар).
4. Қарастырылушы фонеменнің жіктемесі критерилері ішінде пайдаланушы
құралдардың сипаты маңызды орын алады, соның негізінде дәстүрлі және
техналогиялық терроризм бөлініп шығады.
Дәстүрлі тероризмге зорлық еөрсету, адамзатқа бұрыннан белгілі жою
құралдарын, суық қаруды, жарылғыш зттарды кең түрде пайдалана отырып
материалдық объектілерді жою, зақымдау істері жатады.
технологиялық терроризмге озық технологиялрды- радиоактивтік,
химиялық заттарды, уларды, биологиялық қолдану жатады. Қазіргі таңда
мамандар ядролық қаруды пайдалну мүмкіндігін жоғары бағалап отыр. Мұның өзі
осы қырып жою қаруының әлемде кең тарауы, электр станцияларының санының
ұлғаюы, жаппай қырып жою қаруын дайындау мәселелері бойынша ғылыми
білімдердің таралуы сияқты факторлармен байланысты болып келеді. Көптеген
авторлардың пікірінше, (1) технологиялық терроризмнің ерекше бір түрі
ақпараттық терроризм болып табылады. Қоғамдық қауіпті қол жұмсаудың осы
бір түрі адамдардың санасына ақпараттық әсер беріп, олардың ерікжігерін
улап, қызметтерін ыдыратып дәрменсіз қалыпқа келтіруімен сипатталады.

1. Терроризм и демократия Актуальные проблеми Заподны Европи: экономика,
политика, идеология. Реферативны сборний. М., 1988. №3.

Қазіргі телекомуникациялық және компьютермен құралдарды террористердің
мүдделеріне орай пайдаланып, белгілі бір талаптады орындауға мәжбүрлеуімен
ерекшеленеді. Ақпараттық терроризм актілеріне қасақана модификациялау
және компьютерлік жүйелерде ақпараттарды бұзу, ол үшін вирус қолдану ,
террорлық актлер туралы жалған хабар тарату жатады.
5. Идеалық негіз , докторинаға қарай терроризмді ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде
Саяси экстремизм мен терроризмнің идеологиясы
Діни экстремизм мен терроризмнің оппозициялық биліктік сценариі
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Өзін өзі тану
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
Терроризм қылмысының болу себептері
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі
Пәндер