Испания мемлекеті


КІРІСПЕ
Испания - еуропалық және әлемдік деңгейде қайта гүлденуші ел. Көптеген жылдар халықаралық изоляция, саяси тұрақсыздық пен экономикалық артта қалушылықтардан кейін Испания қазіргі таңда сыртқы саясат саласында үлкен мақсаттар қоятын және қарқынды түрде дамушы ел болып табылады.
Испания - фашистік диктатура неғұрлым ұзақ уақытқа созылған Еуропадағы жалғыз ел. Ол фашизм идеологиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз өмірін тоқтатпай, авторитарлық режим тек 1975 жылы генерал Франциско Франконың өлімінен кейін табиғи, тыныш түрде жоқ болған бірегей ел десе болады. Франконың өлімінен кейінгі жыл заман талабына сай зиялы Испанияның демократиялық бастауымен сипатталады. Еркін түрде сайланған Адольф Суарес және Фелипе Гонсалес, ал 1996 жылдан Хосе Мари Ансар үкіметтері бірте-бірте және мақсатты түрде елді экономикалық және саяси мәнде «ашуды» бастады. Еуропа Одағы мен НАТО-ға кіру қызу тартыстардан кейін орын алса да көптеген испандықтар бұл шешімді қолдайды. Қазіргі таңда елдің демократияға көшкеніне дәлел болатын мысалдар баршылық: 1978 жылы жаңа конституцияны қабылдау мақсатында референдум өткізілді, мұнда автономды қауымдастықтардың құқығы бекітілді, некені бұзуға рұқсат етілді, өлім жазасы жойылды. Қоғамдық өмірдегі өзгерістердің көрінісі ретінде бұрын орталықтанған мемлекеттің плюралистік құрылымға айналуын келтіруге болады.
Испания оңтүстік-шығыс Еуропада орналасқан және Пиреней түбегінің шамамен 85%-ын алады. Жалпы аудан: 504750 шаршы шақырым. Испания Франциямен 623 км, Португалиямен 1214 км, Андоррамен 65 км, Гибралтармен 1, 2 км шекаралас. Шығысы мен оңтүстігін Жерорта теңізі, ал батысында Атлант мұхиты Испания жағаларын шайып жатыр. Астанасы - Мадрид.
Испания Еуропаны Америка және Африка континенттерін байланыстыратын маңызды су және ауа жолдарының тоғысында орналасқан.
1978 жылғы Испанияның Конституциясы
1975 жылы Генерал Франконың өлімінен кейін франкизмді саяси жүйе ретінде жоққа шығару туралы сөз айту ертерек болатын. Бір саяси режимнен екіншісіне өтудің өтпелі кезеңі шарықтап тұрды. Саяси демократизация процесін дамыту міндетімен қатар, экономика саласындағы дағдарыстан шығуға шаралар қолдану міндеті тұрды.
1977 жылы үкімет пен парламенттегі партиялар арасындағы үш апталық келіссөздерден кейін «Монклоа пактісіне» қол қойылды. Оны елдегі жағдайдың тұрақталуына, өтпелі кезеңнің әрі қарай дамуына бағытталған экономикалық және саяси бағдарлама құрады.
Өкілдік демократия режимінің тұрақтануы мен экономикалық дағдарыстың салдарын жеңілдету секілді ортақ мақсатқа жету жолында «Монклоа пактісі» ымыраластық болып табылатын. «Монклоа пактісі» орындалу аяғында оған келісім берген партиялар белгіленген бірнеше мақсатттарға қол жеткізді: инфляция темпі 2 есеге азайды, ағымдағы төлем балансы оң сальдоға жеткізілді, сонымен қатар песеттердің әлемдік нарықта позициясы күшейді. «Монклоа пактісі» испандық солшылдар мен оңшылдардың ұлттық келісімінің материализациясына айналды. Партияаралық келісім франкистік заңнаманың орнына Испанияның демократиялық конституциясының жасақталуына жағымды климат тудырды.
1977 жылы 15 маусымда сайланған жаңа Кортестер 1808 жылғы алғашқы испан революциясынан бергі 11-і конституцияны дайындады. 15 ай бойы конституцияны жасау үшін Кортестерде құрылған конституциялық комиссия жұмыс жасады. Оған үкімет және басты партия өкілдері кірді. Бұл келісім конституциясы болды. Испанияның конституциясы 1978 жылғы 6 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық референдумда көпшілік дауыспен (87, 7%) қабылданды және өз күшіне сол жылдың 29 желтоқсанында енді. Оның қабылдануы саяси жүйе ретінде франкизмнің өмір сүруін тоқтатты, яғни жаңа демокртияның құқықтық негізі болды. Испания парламенттік монархия басқару формасын таңдады. Унитарлық саяси әкімшілілік құрылымда қалыптасты. Мемлекетті құраушы бірліктер - автономды қауымдастықтар мен демократиялық саяси режимдерге айтарлықтай құқықтар берілді. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттері конституциядағы бірқатар баптармен және органикалық, сондай-ақ қарапайым заңдар жинақтарымен анықталады.
Мемлекет басшысы - Король І Хуан Карлос Бурбонский ұлт бірлігінің белгісі болып табылады. Конституцияда былай деп белгіленеген: «Испания тәжі патша ағзам Дон І Хуан Карлос Бурбонскийдің, яғни тарихи әулеттің заңды мұрагерінің ұрпақтарына беріледі». Сонымен Генерал Франко тоқтатқан Бурбондар билігінің мұрагерлігі жалғасын тапты. Хуан Карлостың заңды мұрагер болуы Испанияға көп уақытқа үзіліп қалған ұлтық танымынқайырды. Премьер-министр кеңесі мен король министрлер кабинетінің мүшелерін тағайындайды. Еуропаның өзге монархтарынан айырмашылығы монарх тек қана символикалық тұлға емес, сонымен қатар ықпалды саясаткер. Конституция бойынша ол көптеген өкілеттіліктерге ие. Король ең қайшылықты саяси күштердің тартылу полюсіне айналды. Монархия институты ықпалының өсуін және ол туралы түсініктің өзгеруін зерттеген испандық политологтар Р. де Агила және Р. Монтеро осы процестің келесі 3 фазасын белгіледі: «Испандық саяси бағытта монархия - республика дилемасы диктатура - демократия дихотомиясына орын берді. Монархия ақырындап жүйенің арбитріне айналды, кейінірек оның негізі болды, одан соң бірлік пен тұрақтылық белгісі болды, енді ақырында бостандықтың қорғаушысына айналды». Формалды түрде басқарудың монархиялық формасы 1947 жылы жарияланған, бірақ Франконың өліміне дейін іске аспады.
Испанияның конституциясында испан қоғамының саяси ұйымдастырылуы анықталған, оған сәйкес Испания өзін демократиялық мемлекет деп таниды, заңға бағынады және басты құндылықтар ретінде бостандықты, әділеттілікті, теңдікті және саяси плюрализмді таниды.
Испан қоғамындағы монархия мен король орны конституциямен анықталады. Оған сәйкес испан мемлекетінің саяси формасы парламенттік монархия болып табылады. Аталмыш формула Испанияның конституциялық дәстүріндегі жаңалық, бұрын басқару формасы ретінде парламенттік монархия анықталынатын. Алдыңғы конституцияларда егемендік пен заң шығарушы функциялар король мен парламент арасында бөлінетін, соңғы конституцияда егемендік халық қолында, ал заң шығарушы функциялар тек Кортестерге тиесілі.
Конституцияға сәйкес король - «мемлекет басшысы, бірлік және тұрақтылық символы, құрылымдар қызметіндегі арбитр және достастырушы», Испанияның халықаралық қатынастардағы жоғарғы өкілділігін қолына алады. Корольдің құқықтық жағдайы көп баптар бойынша скандинавиялық үлгімен құрастырылған. Корль бас Кортестерді шақырады және таратады, конституциямен қарастырылған сайлаулар мен референдумдарды белгілейді, қарулы күштердің жоғарғы басшылығын іске асырады, елшілер және басқа да дипломатиялық өкілдерді тағайындайды. алдын ала Кортестердің келісімі бойынша соғыс ашады және бітімгершілікті іске асырады. Корольдің ерекшелігі билік тармақтарына интегрцияланбауында, атқарушы билік монархтан бөлініп, үкіметке берілген. Конституцияға сәйкес король тұлғасына қол сұғылмайды және ол жауапкершілік арқаламайды. Оның актілері үкімет төрағасы және министрлер қолымен бекітіледі. Король актілері үшін өз қолдарымен бекіткен тұлғалар жауапты. Хуан Карлос саяси мәселелердің шешілуіне араласпайды, яғни король үкіметке өтініш пен тілек білдіріуі мүмкін емес, тек үкімет корольге ғана өтініш білдіреді.
Үкімет.
Билік және басқару органдары жүйесіндегі басты рольді конституция үкіметке бекіткен. Үкімет ішкі және сыртқы саясаттың бағыттарын анықтайды, азаматтық және әскери әкімшіліктің қызметін, мемлкет қорғанысын басқарады, регламентерлық және атқарушы билікті іске асырады. Үкіметке заң шығарушылық бастаманың маңызды құқығы берілген, яғни парламентке заң жобаларын ұсыну құқығы. Үкімет басында премьер-министр тұрады, оны король конгрестегі депутаттардың көпшілігінің ұсынуымен және осы кандидатураны қабылдауымен тағайындайды. Мемлекеттің премьер-министрі үкіметтің барлық қызметтерін басқарады, үкімет мүшелерінің функцияларын үйлестіреді. Премьер-министр орынбасарлары және министрлер испания королімен тағайындалады және босатылады, бұл премьер-министр ұсынысымен іске асады. Испания министрлер кеңесі - әр апта сайын жиналатын үкіметтің кеңесуші органы. Бүгінгі таңдағы Испанияның үкіметі премьер-министрден, 12 министрден (оның екеуі мемлекет министрлерінің орынбасарлары болып табылады) тұрады. Үкімет депутаттар конгресінің алдында мемлекеттің саяси басшылығы үшін жауапкершілік арқалайды. Үкімет жұмысына бақылауды депутаттар конгресі сұраулар және интерпелляциялар, сенім туралы міселе және ол бойынша дауы беруді талқылау, сенімсіздік вотумын білдіру және сол арқылы премьер-министр орнына жаңа кандидатура ұсыну арқылы жүргізеді.
Парламент.
1978 жылдың конституциясына сәйкес Франко кезінде кеңесуші роль атқарған кортестердің (парламент) құқықтық жағдайы айтарлықтай өзгерді.
Кортестер заң шығарушы билікті іске асырады және үкімет қызметіне бақылау жүргізеді. Парламент екі палатадан құралады: төменгі - депутаттар конгресі, жоғарғы - сенат. Депутаттар мен сенаторлар 4 жылға сайланады. Парламент таратылуы корольге жолданған премьер-министр ұсынысы бойынша іске асырылуы мүмкін.
Парламенттің төменгі палатасы 350 депутаттан тұрады, олар пропорцияналды жүйе негізінде жалпы тең, тікелей сайлаулар жіне құпия дауыс беру арқылы сайланады. Сенат 256 сенатордан құралады, оның 208-і жалпы тікелей сайлау арқылы сайланады (4 өкіл әр провинциядан), қалған 48 сенатор автономды қауымдастықтардың заң шығарушы органдарымен ұсынылады. Сенат аумақтық өкілдік палатасы болғандықтанған сайлау мажоритарлық жүйеге негізделеді. Депутаттар мен сенаторлар қол сұқпаушылық және парламенттік иммунитет иегерлері болып табылады. Испандық кортестер ұйымдастырылған парламенттер қатарына енеді. Екі палатадығы депутаттар мен сенаторлар партиялар бойынша парламенттік топтарға (партиялық фракциялар) біріктірілген. Парламенттің заң шығарушылық қызметі әр қилы. Парламент үкіметтен, жекек депутаттардан, сенаторлардан, автономды облыстар ассамблеяларынан, сондай-ақ 500 дейінгі сайлаушылар топтарынан конгресс пен сенатқа түсетін заң жобалары және ұсыныстарды қарастырады. Барлық заң жобалары бірінші төменгі, кейін жоғарғы палаталарда дауыс беруге қойылады. Екі палата арасында келіспеушілік туындаған жағдайда шешуші таңдау конгреске беріледі. Кортестер үкіметке заңды күші бар актілерді шығару өкілдігін бере алады. Бұл парламентке үкіметтің заң шығару әрекетін тұрақты түрде бақылау мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар Конституция бойынша үкіметті бақылау құқығы бар, парламентке тікелей бағынышты арнайы екі орган құрылған. Ол - бұқаралық сектордағы есептеулердің дұрыстығы мен жалпы елдің экономикалық басқаруын тексеретін Есеп палатасы және негізгі құқықтардың сақталуын бақылайтын Омбудсман институты - Парламенттің жоғарғы комиссары. Омбудсман институты министрлер мен әкімшілік биліктің әрекетін бақылайды және парламентке мәлімдейді.
Сот жүйесі.
Жоғарғы сот елдегі ең жоғарғы юрисдикциялық деңгей болып табылады. Жоғарғы сот Төрағасы юриспруденция бойынша Бас Кеңестің ұсынысымен король тағайындайды. өз кезегінде юриспруденция бойынша Бас Кеңес барлық соттар мен магистрлердің негізгі басқарушы органы болып табылады. Арнайы Органикалық заңда соттар мен трибуналдардың функциялары, соттардың статусы жіне олардың функциялары белгіленген. Бас Кеңес Жоғарғы соттың төрағасынан тұрады, ол бір уақытта Кеңес және парламент ұсынысымен король бекіткен 20 мүшенің төрағасы болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік сенім жүктелген тұлға қызметі бар. Мемлекеттік сенім жүктелген тұлға парламент ұсынысымен және юриспруденция бойынша Бас Кеңестің алдын ала консультациясымен король тағайындайды. Мемлекеттік сенім жүктелген тұлға мақсатына әкімшіліктің инициативасы немесе қызығушылық білдіруші жақтардың сұрауы бойынша азаматтардың құқығы мен мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін заңды әрекеттерді арандату кіреді. Сонымен қатар ол соттар тәуелсіздігін куәландырады.
Сот билігі туралы Органикалық заң сот билігінің ролінде тек қана испан заңы орнатқан соттар мен трибуналдар емес, сонымен қатар халықаралық келісімдерде көрсетілген сол сияқты органдар бола алатынын көрсетеді. Сонымен, Испания 1979 жылы адам құқығы мен фундаменталды еркіндіктері туралы Рим конвенциясына қосылды. Оған сәйкес испандықтар өз еліндегі барлық инстанциялардан өткеннен кейін адам құқығы бойынша Еуропалық трибуналға жүгіне алады.
Мемлекеттің территориалдық ұйымдастырылуы. Конституциядағы маңызды орынды ұлттық құрылымды белгілейтін «Мемлекеттің территориалдық ұйымдастырылуы туралы» атты бөлім маңызды орын алады. Бұрынғы басқару жүйесінде де шешімін таппаған ұлттық-аймақтық мәселе ғасырлар бойы Испания саяси өмірінің ең әлсіз тұсы болып табылады. Конституция осы ұлттық мәселелерді шешуге белгілі негіздер салды. Ол кез келген тарихи облысқа автономдық статусын беру құқығын қарастырады.
Испания әкімшіліктік жағынан 17 автономды қауымдастыққа біріктірілген 52 провинцияға және даму мәселесін айтарлықтай өз еркінше шешетін, Марокко аумағында орналасқан Сеута және Мелиллья автономды қалаларға бөлінген. Әрбір облыстың өз парламенті және үкіметі бар. Провинциялардың муниципалитет мүшелерін қауымдар сайлайды және автономды қауымдастық парламенттерімен бірге өз өкілдерін Мадридтегі Ұлттық Заңшығарушы жиналыстың сенатына жіберіледі.
Автономды қауымдастықтар әкімшіліктік-территориалдық бөліністерді бекітуге өзін-өзі басқару жүйелері мен жергілікті органдардың әрекетін реттеу жергілікті маңызға ие авто және темір жол жүйелерін, порттар мен ауежайларды басқару, облыс масштабындағы ауыл, орман, су және балық шаруашылығын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім және мәдениет, туризм және спорт және т. б. жүйелерді басқару құқығына ие болды.
Мемлекет испан азаматтарының құқығы, еркіндігі, міндеттері, испан азаматтығы, миграция, шетелдіктер жағдайы, халықаралық қатынастар, елдің қорғанысымен қарулы күштердің тұрғызылуы, заңшығарушы, сыртқы сауда, кедендік режим, қаржы, несиелік, банкілік жүйелер мен сақтандыру жүйесі, жалпы экономикалық жоспарлау, ғылыми және техникалық зерттеулердің координациясы секілді мәселелерді өзінің айрықша құзырында сақтады. Егер де «автономды қауымдастық конституция және өзге де заңдар жүктеген міндеттемелерді орындамаса немесе өзінің әрекеттерімен Испанияның жалпы мүдделеріне зиян келтірсе», үкімет кортестер келсімімен «аталған міндеттемелерді мәжбүрлеу тәртібінде орындауға қажетті шаралар қолдануға құқылы». Конституцияға сәйкес Испания автономды қауымдастықтардан басқа муниципалитеттер мен провинцияларға бөлінген. әкімшілік-территориалдық бірліктердің әр қайсысы жергілікті мәселелерді шешуде дербестікке алған. Қаржылық қызметінде өздерінің мүмкіндіктерімен қатар мемлекет көмегіне де жүгінеді.
Автономиялар мемлекеті деп аталатын испандық аймақтық автономизация моделін квази-федерация немесе жартылай федерация деп сипаттау керек, яғни мемлекет орталықтанудан федеративтік құрылымға транзиттік стадияда. Бүгінгі таңда Испанияның қаржылық децентрализациясы дәстүрлі федеративтік мемлекеттер (АҚШ және Германия) көрсеткіштеріне жақындап қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz