Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы мағлұмат
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 . 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
3. 2003 . 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 . 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері
4. Бағдарламаның мақсаты және күтілетін нәтижелер
5 Үкіметтің 2006 . 2008 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Ұлттық Банктің банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін қорғауға бағытталған.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі Ұлттық Банк) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан
Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық
өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі және
өкілеттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасының Заңында айқындалады.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері
бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі
үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Ұлттық Банктің банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан
Республикасының ақша-кредит саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер
кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін
қорғауға бағытталған.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен
және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге
қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын
басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз
қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде
тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді,
өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және
егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын
жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған
құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару
органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық
Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi
функцияларды орындайды:
– Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;
– Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың
эмиссиясын жүзеге асырады;
– банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да
мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің
агенті функцияларын жүзеге асырады;
– төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
– Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды
жүзеге асырады;
– Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
– қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың
Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді
және басқасын жүзеге асырады.
Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:
- ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен
ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты
ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы
нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының
негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың
орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- инфляциялық процестердi ақша-кредиттiк реттеудiң жанама әдiстерiмен
тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген
салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында
кредиттеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып
қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы
ставкаларды белгілеу және кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы
операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық
шектеу қоюға құқылы;
- ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің
Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге
берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері
мен лимиттерін айқындайды;
- депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте
депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін,
мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
- валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы
шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы
жүзеге асырады;
- мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар
– Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады,
сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының
және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;
- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде мемлекеттік және
басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді
қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта
есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта
есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.
Ұлттық Банк 2002 жылдан бастап ақша-кредит саясатының бағдарларын жыл
сайын нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды, бұл экономикадағы және
қаржы нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған
болжамдарды және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін,
елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге
байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін
пайдаланумен белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан
бастап базалық инфляция индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес
факторлар бағаларының деңгейіне күйрете әсер етуді жояды және инфляциялық
процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдан бастап тоқсан
сайынғы есеп – Инфляцияға шолу шығарылады.
2006 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008
жылдарға арналған Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары қабылданды.
Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит
саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындайды.
Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс
жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып
ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 2006 жылы іске асыру белгіленген
шараларды нақтылаумен үш жылға (2006-2008) ұсынылған, бұл осы құжаттың
орта мерзімдік бағытын атап көрсетеді. Кейінгі жылдардың көрсеткіштері
ағымдағы жылдың соңында нақтыланады.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
· 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке
басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
· 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің
қызметін қамтамасыз ету орталығы
· Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
· 4 есеп беретін ұйым:
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорны
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық
жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Ұлттық Банк:
· Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры
· Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
· Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры
· Қазақстан Актуарлық орталығы акционерлік қоғамдарының
құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк сондай-ақ Ұлттық процессинг орталығы акционерлік қоғамы
құрылтайшыларының бірі болып табылады.
Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
акционерлерінің бірі болып табылады.
Құрметті қауым, ардақты ағайын!
Оңтүстік Қазақстан облысы ғасырлар бойы қазақтың
салт-дәстүрі мен ұлттық әдет-ғұрпының қаймағын бұзбай, саф
алтындай сақтап келе жатқан, республика бойынша
демографиялық көрсеткіш жағынан да озық келе жатқан киелі
өлке.
Ең алдымен сіздерге Елбасымыз Оңтүстік Қазақстан облысының
әлеуметтік және экономикалық проблемаларына үлкен мән
беретінін, Үкімет Президент тапсырмасы бойынша
іс-шараларды жүзеге асыруға кіріскенін айта кеткім келеді.
Біз мақта саласындағы күнделікті жұмыс барысында сіздер
кездесіп отырған қиындықтарды жақсы білеміз.
Сіздер еліміздің экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес
қосып келесіздер. Бәрімізге белгілі, бүгінде қазақстандық
мақтаның 90 пайызы таяу және алыс шетелге экспортқа
шығарылады.
Осы орайда, Үкімет Президенттің тікелей тапсыруымен
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін
дамытуды қолға алуда.
Ондағы басты мақсат – тоқыма өндірісінің, мақтадан
жасалатын дайын және өзге де тауарлардың үлесін арттыру
есебінен осы өңірдің халқының экономикалық жай-күйін
көтеру болып табылады.
Осы мақсаттағы Елбасының тапсырмасын орындау барысында
Үкімет және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
тарапынан бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда және бұл
шаралар бірінші кезекте мақта саласына тікелей қатысты
екенін айта кетпекпін.
Енді атқарылатын нақты іс-шараларға тоқталып өтейін:
Біріншіден, Үкіметтің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633
қаулысымен Тоқыма өнеркәсібі кластерін дамытудың
бағдарламасы бекітілді. Онда мақта және тоқыма
өнеркәсібінде кездесетін проблемаларды шешудің негізгі
жүйелі мәселелері мен арнайы шаралар айқындалған.
Саладағы негізгі мақсаттар, біздің ойымызша, мыналар:
· мақта өндірісі үшін мамандар дайындау сапасын арттыру
· сала бойынша ғылыми және іргелі зерттеулерді дамыту
· ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілерге әржақты қолдау
көрсету шаралары
· шикізат базасын дамыту
· мақта талшығына халықаралық стандарттар сапасын енгізу
· кластер үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру
· және өзге де шаралар.
Айта кетерлік жәйт, бұл шаралар мен саланы дамыту
құралдары кластерге тікелей қатысушылардың – яғни, жеке
кәсіпорындардың, сондай-ақ мақта және тоқыма өнеркәсібі
бойынша дүниежүзілік сарапшылардан алынған ұсыныстардың
негізінде жасалды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Оңтүстік Қазақстан облысында Оңтүстік арнайы
экономикалық аймағы құрылды. Бұл туралы сіздер жақсы
білесіздер деп ойлаймын.
Осы Арнайы экономикалық аймақты дамыту үшін Үкімет тек
биыл ғана өз резервінен 821 миллион теңге бөлді.
Бөлінген қаражат есебінен Арнайы экономикалық аймаққа
жұмыс істеуге келетін кәсіпкерлердің кіреберіс жол
құрылысы, қажетті инженерлік коммуникация (су, электр
желісі, тағы басқалар) жүргізулері үшін қолайлы жағдай
жасайды.
Арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ) аясында елеулі
инвестициялық салық жеңілдіктері, кедендік баж салықтан
босату, сондай-ақ мемлекеттік заттай гранттар
қарастырылады. Атап айтқанда, аймақтың ішінде тауарлар мен
қызмет көрсету айналымы, сондай-ақ өндірісте онан әрі
пайдалану үшін аумаққа келіп түсетін тауарлар мен қызмет
түрлері қосымша құн салығынан (НДС) босатылады.
Оңтүстік Арнайы экономикалық аймағын дамыту және
өндірісті ұйымдастыру үшін 500 миллион долларға жуық
жекеменшік инвестиция тарту жоспарлануда. Арнайы
экономикалық аймақта орналасқан мата кәсіпорындары 100 мың
тоннаға дейін тек қана отандық мақтаны өңдейді деп болжап
отырмыз.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы негізгі қызмет
түрлері мынадай болады деп жобалап отырмыз.
Бұлар -
· мақталық жіп және иірілген жіп дайындау
· мата шығару өндірісі
· бояу өңдейтін өндіріс
· дайын мата өнімдерін шығаратын өндіріс
· киім өндірісі
Қазіргі уақытта Президент Жарлығына сәйкес, Оңтүстік
Қазақстан облысының әкімдігі Арнайы экономикалық аймақтың
жобасын әзірлеумен айналысатын, құрылыс жұмыстарын
жүргізетін және Арнайы экономикалық аймақты электрмен,
жылумен, бумен, сумен қамтамасыз ету қызметін іске
асыратын Оңтүстік Арнайы экономикалық аймағының
Дирекциясын құрды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Сыртқы істер министрлігі
мен Маркетинг және аналитикалық зерттеулер орталығы
акционерлік қоғамы арқылы Оңтүстік Қазақстан облысында
тоқыма саласын дамытуға қаражат салуға дайын отандық және
шетелдік инвесторларды тарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп
жатырмыз.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында жіп иіретін, мақта
және тігін кәсіпорны құрылысын салу туралы бірқатар үнді,
түрік, итальян компаниялары алдын ала өз тілектерін
білдірді.
Мысалы, Текстайлс үнді компаниясы Арнайы экономикалық
аймағы аумағында құны 50 миллион АҚШ долларын құрайтын ірі
тоқыма және жіп иіру цехы кешенін салу туралы өтініш
білдірді. Мұндай өтінішті түрік компаниясы да білдіріп
отыр.
Қазірдің өзінде Арнайы экономикалық аймақ аумағында
өкілдігін ашу туралы немістің Textima Export Import
компаниясымен келісімге қол қойылды.
Арнайы экономикалық аймағы аумағында жұмыс істеуге
өздерінің қызығушылығын білдіріп қана қоймай, жаңа
жобаларын ұсынған бірқатар қазақстандық компаниялардың
бары қуантады. Олардың қатарында Казақ-Орыс тоқыма
Альянсы, сондай-ақ ЮТЕКС, Алматы тоқыма-қағаз
комбинаты, Джин текс жауапкершілігі шектеулі
серіктестік және тағы басқалары бар.
Бұл шаралар өңір тұрғындары үшін, сіздер үшін қандай нақты
нәтиже береді?
Біріншіден, Арнайы экономикалық аймағы аумағында қызмет
көрсететін көмекші өндірісті дамытуды есептемегенде, осы
мекемеде 5 мыңнан астам қосымша жұмыс орны ашылады.
Екіншіден, бүгінде мақта талшығы өндірісінде қосымша құнды
арттыру есебінен жұмыскерлердің еңбекақы деңгейін бірқатар
ұлғайтуға мүмкіндік береді, демек жергілікті халықтың өмір
сүру деңгейі бірқатар артады деген сөз.
Үшіншіден, бюджеттік түсімдер артады. Бұдан басқа, дайын
өнім өңдеуде қазақстандық мақташылардың жоғары үлесіне қол
жеткізеді. Былайша айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында
жаңа толқындағы кәсіпорындар қалыптасады. Ендігі жерде
біздің жастар өз қабілеттерін жоғары технологиялық тоқыма
немесе тігін өнеркәсібінде көрсетуге жол ашылады.
Біз бүгін Арнайы экономикалық аймақ құру сіздердің
өмірлеріңізге бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелетінін
әлі де толық сезінбей отырмыз деп ойлаймын. Алайда,
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың бастамасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы
бүгінгі күні үлкен индустриялық және агроиндустриялық
дамудың алдында тұр.
Үшіншіден, Үкімет тарапынан биылғы жылы өнімділікті
арттыруға, мақта жинаудың өнімділігіне ерекше назар
аударылып отыр. Өнімділікті арттыру дүниежүзілік саладағы
құралдармен жабдықталған техника мен мақта жинаудағы ең
озық стандарттарды енгізу жолымен қамтамасыз етіледі деп
жоспарлануда.
Дәл осы мақсаттар үшін Үкімет Қазақстанның Даму Банкіне
(Банк басшысы Қамбар Шалғымбаев араларыңызды отыр )
республикалық бюджеттен 5,1 миллиард теңге бөлді.
Бұндай қомақты қаражат арнаулы мақсат саласында лизингілік
компаниясын құру үшін бөлінді, ал бұл өз тарапында мүдделі
кәсіпорындарға қысқа мерзімде, арзан қаржылық жағдайда
техника сатып алуға мүмкіндік береді.
Қараша айының басында Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл
өндірушілермен кездесу өткізіліп, жаңадан құрылған
лизингілік компания таныстырылды. Алғашқы лизингілік
шарттар да жасалды. Мақта жинаушы бірлестіктерге ауыл
шаруашылық техникасына лизинг беру ісі басталды. Сондай
кәсіпорынның алғашқысы - Кетебай өндірістік кооперативы.
Осы орайда, Үкімет шаруаларды тиімділік пен өнімділікті
жетілдіру жолымен тұрақты және бәсекеге қабілетті
бірлестіктерге бірігуге шақырады. Бұл бастама шаруаларға
бүгінгі күні мемлекет көрсеткен қолдауды барынша пайдалана
отырып, өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге
жол ашады.
Тағы да бір сіздер үшін аса маңызы бар мәселе. Бұл
-мақташылар үшін мемлекет тарапынан Оңтүстік Қазақстан
облысында осы заманға сай мақта өңдеу зауытын салуға
бағытталған шаралар. Бұл зауыт мемлекет иелігінде болады.
Шаруалардың экономикалық жай-күйін көтеру, олардың
әлеуметтік проблемаларын шешу, мақта өңдеу саласында
бәсекелестікті дамыту үшін зауыттарда акционерлік қоғам
құрылады.
Мемлекет оның 50 пайыз құратын акцияларын осы өлкенің
шаруа қожалықтары иелігіне беруді жоспарлап отыр!!!
Бұл - мақта өндірушілер мен шаруа қожалықтары арасындағы
тең құқықты және әділетті қарым-қатынастарды дамытудың
алғашқы қадамы деп санаймыз.
Аталған шараны іске асыру үшін Үкімет мақта өңдеу
жөніндегі осы заманға сай зауыттарды сатып алу және осы
облыста оларды іске қосу үшін Азық-түлік келісім
корпорациясы акционерлік қоғамына 2006 жылғы бюджеттен
қосымша 1 млрд. теңге қаражат бөліп отыр.
Атап айта кетуім керек, бұл қаржы осы мақсатқа биылғы жылы
бөлінген 500 млн. теңгеге қосымша бөлініп отыр.
Өздеріңізге жақсы белгілі болар, бұл бағыттағы жұмыстар
басталып та кетті. Жақында ғана Оңтүстік Қазақстан
облысында екі моделді мақта өңдеу зауытын салуға жауапты
Мақта келісім корпорациясы Мырзакент, Атакент, Асықата,
Жылысу ауылдарында болып, өздеріңізбен пайдалы кездесулер
өткізді.
Төртіншіден, мақта саласын дамытудың тағы бір қадамы -
құқықтық базаны құру болып табылады.
Осы ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігі Мақта саласын
дамыту туралы заң жобасын әзірлеп, бүгінгі күні Үкімет
қарауына ұсынды. Бұл заң мақта рыногындегі қатынастарды
реттейді, мақта өндірушілерді қолдау саясатын жүзеге
асырады деп сенеміз.
Өйткені Мақта саласын дамыту туралы заңның негізгі
мақсаты – шаруалар мүддесін қорғау, шаруалар мен мақта
зауыттары арасындағы қарым-қатынастардың ашық және
әділетті ережесін белгілеу болып табылады.
Аса айта кететін тағы бір жай. Республика Үкіметі
шаруаларға мақта өндірісінде арзан қаржылық ресурстарға ие
болу, мақта-шикізатын нақты өз бағасына сатуды қамтамасыз
етуді қолдау үшін мемлекеттік көмек көрсету мақсатында
2006 жылғы бюджеттен 3,8 бүтін млрд. теңге бөлуді
қарастырды.
Бесіншіден, 2006 жылдан бастап қазақстандық мақта
талшығының сапасын арттыру мақсатында өндірілген мақта
шикізатына, оның сапасына қарай әділетті баға белгілеу
үшін, Үкімет Қазақстанда өндірілетін мақта талшығына
міндетті сертификаттауды енгізуді жоспарлап отыр. Бұл шара
бізге елімізде мақта талшығына халықаралық стандарттарды
енгізуге, соның нәтижесінде халықаралық рынокте оның құнын
бірталай өсіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Үкімет Қазақстанда талшықтың сапасын бағалау
жөнінде зертхана ұйымдастырудың әр түрлі нұсқасын
қарастыруда. Атап айтқанда, осы саладағы әлемдегі ірі екі
компаниямен – Уэйкфилд Инспекшн Сервисес (Англия) және
ЭС Джи ЭС (Швейцария) компанияларымен келісімдер
жүргізілуде.
Оның үстіне, сіздер білулеріңіз керек, Үкімет Мақта
саласын дамыту туралы Заңның аясында шаруаларға
мақта-шикізатын өткізуде сапа бағасын белгілейтін мақта
өңдеуші компаниялардың зертханасына қатаң талаптар қоятын
болады. Сондай-ақ, мақта өңдеуші компаниялардың тарапынан
өздерінің монополиялық ережесін теріс пайдалануды алып
тастау үшін, Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық
деңгейде тәуелсіз зертханалар құрылатын болады. Олар мақта
зауыттарының аталған зертханаларға қайта тексеріс
жүргізуді қамтамасыз етуі мүмкін.
Осы ретте, шаруалар үшін мақта сапасын бағалау бойынша
қызмет көрсету құны нөлдік ставка болады.
Үкімет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің
сараптамасына жұмсалған шығын орнын толтыруға
республикалық бюджеттен биыл 254 млн. теңге бөлген. Бұл
туралы сіздерге белгілі болар деп ойлаймын.
Қабылданған мұндай шаралар Қазақстанда өндірілетін мақта
талшығының сапасын арттыруға және шаруалардың алданып
қалмауына мүмкіндік туғызатынына мен сенімдімін.
Алтыншыдан, мақта-тоқыма кластерін дамыту аясында, Үкімет
жекеменшік капиталмен бірлесіп Арыс және Манкент
станцияларында көлік-логистикалық орталығын құруды
көздеуде.
Орталықтың негізгі жаңалығы - мақта талшығын тасымалдау
контейнерлерін дамытуға, жылдамдықты арттыруға және көлік
қызметі құнын ағымдағы жағдайдан 15 пайызға дейін
арзандатуға мүмкіндік береді. Арыс станциясында
орналасатын бұл орталық стратегиялық мәнге ие. Өйткені
облыстың мақталы аудандары мен халықаралық көлік дәлізі
осында түйіседі.
Бұл шара - мақта зауыттары мен шаруалар арасында үлесті
әділетті бөлуге ықпал етуі тиіс.
Алайда, шаруалардың өздері Үкімет әзірлеген бастамаларды
пайдалануға дайын болулары керек. Және де олардың өздері
шаруалардың институционалдық нығаюын және олардың
анағұрлым тұрақты әрі тиімді шаруашылық бірлестіктерге
бірігуін қамтамасыз етулері керек.
Құрметті ағайын!
Жалпы, 2005-2006 жылдары мақта шаруашылығын дамыту
бағдарламасын жүзеге асыруға Үкімет тарапынан 11
миллиардтан астам теңге бөлінеді.
Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, Үкімет Қазақстандағы
мақта саласында бәсекелестікті арттыру, мақтаның егілу,
айдалу және өңделу әдістемелерін жетілдіру, саладағы
шаруалар мүддесін қорғау жөнінде кешенді жұмыстарды
жүргізуде. Аса айта кететін жай - аталған іс-шаралардың
бәрі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы
бойынша жүзеге асырылуда.
Елбасымыз Оңтүстік Қазақстан облысында болған сапары
аясында, облыстағы мақталы аудандарды өзі аралауы,
мақташылармен кездесуі – ел үшін Оңтүстік Қазақстан
өңірінің экономикалық және әлеуметтік жағынан зор маңызы
барына айқын дәлел.
Осы орайда, республика үкіметі осы мақта өндіру
саласындағы барлық белгіленген бастаманы жүзеге асыруды
жалғастырады және осы өңір халқының экономикалық
өркендеуін қамтамасыз етуге нақты бел шешіп кіріседі деп
сенемін.
Сөзіміздің нақты бір дәлелі ретінде, бағана жиылыстың
басында өздеріңізге айтқанымдай, Республика Үкіметі кеше
ғана оңтүстік өңірдің мақта саласындағы ғылыми-зерттеу
жұмыстарын одан әрі жетілдіру үшін арнайы қаулы қабылдады.
Осыған сәйкес, Мақтаарал ауыл шаруашылығы тәжірибе
станциясын қосу арқылы, Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік
ауыл шаруашылығы орталығы құрылады.
Бұл кәсіпорынға өздеріңіздің Мақтаарал ауданында арнайы
Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ашу
тапсырылды. Осы мақсатқа келесі жылы ел бюджетінен 93
миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
Алдымызда тұрған мақсат-шараларды өздеріңіз де бағамдап,
оны жүзеге асыруға бәріміз де белсене қатысайық, ағайын!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы баяндама
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астан, 2007
жылғы 28 ақпан. (І Б.)

жылғы 28 ақпан. (ІІ Б.)
Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына
Выступление Президента Республики Казахстан
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы. Наурыз 2006 ж.
Қазақтанның Қазақстан - 2030 ұзақ жылдарға арналған дамуының
стратегиясы
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы

1. Кіріспе
Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы осы Баяндама
Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының 2-тармағына сәйкес
енгізіліп отыр.
Баяндаманың негізгі ережелері Үкіметтің қызметіндегі Мемлекет басшысы
айқындап берген орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды толық
көлемде ескереді және 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын және
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясын одан әрі іске асыруға бағытталған.
2. 2003 - 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және
Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
нәтижелері
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму,
экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру
Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты
ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған
индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 - 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында
Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру
деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық
қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму
саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 - 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық
нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.
Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді
жүргізу 2003 - 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық
қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005
жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері
бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.
Қазақстан халқының өмір сүру әл-ауқатын арттыру экономикалық өсумен
барабар жүргізілуде. Осы салада 2006 жылы халықтың жан басына шаққанда
ЖІӨ-нің деңгейін 2600 АҚШ долларына дейін арттыру міндеті қойылды.
Алайда экономиканы өсірудің жоғары қарқыны 2005 жылдың қорытындылары
бойынша-ақ осы көрсеткіштен едәуір асып түсуге мүмкіндік берді. Алдын
ала деректер бойынша 2005 жылдың қорытындылары бойынша халықтың жан
басына шаққанда ЖІӨ 3620 АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда 2003 -
2005 жылдары халықтың жан басына шаққандағы есеппен ЖІӨ-нің көлемі 1,3
есеге өсті.
Мұндай даму экономикада құрылымдық реформаларды ауқымды жүргізу
нәтижесінде мүмкін болды, оған Үкімет басым мән береді.
Макроэкономикалық ахуал тұтастай алғанда тұрақты болып қалуын
жалғастырды және экономиканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы белгіленген параметрлерден шыққан жоқ, қаражатты
Ұлттық қорда жинақтау жөніндегі саясат жалғасты, оның активтері жыл
басында 8 млрд. АҚШ долларынан асты.
Үкіметтің алдыңғы Бағдарламасын қабылдау сәтінде Ұлттық Банктің
ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық инфляцияны
2003 - 2004 жылдары 4-6 % шегінде ұстап тұру, оны 2005 жылға қарай 3-5
%-ға дейін және 2006 жылы 4,5 %-ға дейін төмендету болатын.
Алайда 2003 - 2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша
инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2002 жылы 5,9 %-дан 2005 жылы 7,6 %-ға
дейін ұлғайды.
Инфляция қарқынының жылдамдауы бірқатар микро- және макроэкономикалық
факторларға негізделген. Олардың ішінде шетелдік валютаның елеулі
ағынын, бюджет шығыстарының ұлғайғанын, сондай-ақ халықтың кірісінің
өскенін бөліп айтқан жөн.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстарын барлық
халықаралық қаржы және рейтингілік агенттіктер таныған болатын. Соңғы
жылдар ішінде Қазақстанның іс жүзінде барлық әлемдік рейтингілерінің
тұрақты түрде жақсарғаны байқалады.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating,s рейтінгілік агенттігі Қазақстан
Республикасының инвестициялық рейтингін шетелдік валютадағы ұзақ
мерзімді облигациялар бойынша "ВВВ" дейін және ұлттық валютадағы ұзақ
мерзімді облигациялар бойынша "ВВВ+" деңгейіне дейін өсірді.
Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Бәсекеге қабілеттік жөніндегі
есепте бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 2005 жылы тұңғыш
рет қатыса отырып, ТМД-ның барлық елдерін арттыра қалдырып, 61-орынға ие
болды.
2006 жылғы қаңтарда жарияланған экономикалық бостандық рейтингінде
Қазақстан бір жыл ішінде 17 орынға жоғарылап, Ресейді (122-орын) басып
озып және Қытайға (111-орын) етене жақындай отырып 113-орынға ие болды.
Сонымен қатар өткен жылдардағы экономиканың даму қорытындыларын талдау,
Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар тарапынан рейтингілік бағасы
олармен жұмыс істеуге тура келетін шешілмеген проблемалар әлі де көп
екенін көрсетеді.
Ең басты проблема белгілі бір табыстарға қарамастан, әлемнің дамыған
экономикасы бүгінгі таңда қызметтер мен технологияларды тұрақты түрде
жетілдіру есебінен дамып отырғанда, Қазақстан экономикасының бәрі бір
басым түрде шикізат болып қалуының жалғасуында.
Дамыған елдерде ЖІӨ өсімінің жартысынан көпшілігі жаңа технологиялық
шешімдермен қамтамасыз етіледі. Мұндай экономика неғұрлым орнықты,
өйткені олар ұзақ мерзімді бәсекелес басымдықтарға ие. Олар
әртараптандырылған, демек - перспективалы және тұрақты.
Үкімет дәл осындай экономика Қазақстанның бәсекеге ең қабілетті елдердің
тізімінде лайықты орынды жеңіп алуына мүмкіндік береді деп санайды.
Мемлекет басшысы өзінің 2005 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына
жолдауында қажеттілігін атап өткен елді жедел жаңғырту инновацияларға,
экономиканы өсірудің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі
бәсекелес басымдықтарын жақсы пайдалануға негізделген дамудың барлық
бағыттары бойынша сапалы серпінді секірісті талап етеді. Бұл адамдардың
өмір сүру сапасын және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мүмкіндік береді.
3. Бағдарламаның мақсаты және күтілетін нәтижелер
Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу
қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясаттың
негізгі бағыттарын жалғастыруда сабақтастықты растап, Үкімет басты
мақсат ретінде Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел
азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық
және экономикалық шарттар құруды айқындайды. Бұл таяудағы он жылда
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі
жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Таяудағы үш жылда Үкімет Бағдарламаны орындаудың мынадай шешуші
индикаторларына қол жеткізу міндетін алға қояды.
Экономиканың серпінділігін қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнімнің орташа
жылдық нақты өсімі 8,5 % мөлшеріне жететін болады. Экономиканың жалпы
өсімі үш жыл ішінде 27,7 %-ды құрайды. Бұл 2008 жылы 2000 жылға
қарағанда ЖІӨ-нің екі еселенуі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге
мүмкіндік береді.
Тұрақты макроэкономикалық шарттарды қамтамасыз ету мақсатында орташа
жылдық инфляция деңгейі 5 - 7,3 % дәлізінде ұсталатын болады.
Еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3 - 7 %-ға өсіру есебінен жылдамдатылған
экономикалық дамуға қол жеткізілетін болады.
Экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканың
барлық салаларын жылдам дамыту үшін қолайлы жағдай жасалатын болады.
Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімі 5 %-ды құрайды, оның ішінде
өңдеуші өнеркәсіпте - 6,7 %. Негізгі капиталға инвестициялар орта
есеппен жылына 14 - 15 %-ға өсетін болады.
Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарын арттыру мақсатында
халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2008 жылы 5450 АҚШ
долларына дейін жетеді, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есеге жоғары.
4. Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасының басым
бағыттары
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің
2006 - 2008 жылдарға арналған қызметінің басым бағыттары мыналар болып
белгіленді:
• Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі;
• Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді
қамтамасыз ету;
• әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы
заманғы әлеуметтік саясат.
4.1. Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі
Үкімет өз жұмысын мынадай бағыттарда құруды жоспарлап отыр.
4.1.1. Макроэкономикалық саясат
Макроэкономикалық саясат саласында салық, бюджет және ақша-кредит
жүйелерін реформалау жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда тұр.
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін сыртқы
факторлар едәуір өзгерді. Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспортының
өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға, газ бен металға әлемдік бағаның
ұлғаюына, евроға шаққанда доллардың айырбас бағамы қатынасының
өзгеруіне, шетелдік капиталдың едәуір ағынына байланысты.
Осы факторлардың барлығы макроэкономикалық теңгерімнің бұзылуына едәуір
қатер төндіреді, өйткені инфляцияның өсу, теңгенің айырбас бағамының
шамадан тыс нығаю, экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге
қабілеттілігінің төмендеу және экономиканың "қызып кету" қаупі күшеюде.
Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын
төмендетуге, теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге,
мемлекеттік шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын
тапшылықты төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға
бағытталуға тиіс.
Үкімет пен Ұлттық Банк фискальдық және ақша-кредит саясатының келісілген
түрде жүргізілуіне жұмыс істейтін болады.
Үкіметтің экономикалық саясаты елдегі экономикалық өсуді көбінесе еңбек
өнімділігін арттыру есебінен ынталандыруға бағытталған.
Макроэкономикалық теңгерімді сақтау мақсатында, сондай-ақ мұнай
байлықтарын неғұрлым тиімді пайдалану үшін мұнай мен газ өндіруді өсіру
қарқынына қатысты ұзақ мерзімді перспективаға арналған оңтайлы саясат
әзірленетін болады.
4.1.1.1. Салық саясаты
Салық саясаты тұтастай алғанда, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, салық
санын оңтайландыру және салықтың жинақталуын арттыру жолымен бизнес пен
халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға бағытталған.
Салық салу мен салықтық әкімшілендіруді оңайлату мақсатында салық
заңнамасына салық есептілігін, салықтық тексеру нәтижелеріне шағым
жасауға өтініштер беру мерзімін ұзарту, сондай-ақ есепті салық кезеңі
үшін акциздер бойынша ақы төлеу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер
енгізілетін болады. Салықты және төлемдерді банкоматтар мен
Web-дүңгіршектер арқылы төлеу тетігін енгізу жоспарланып отыр.
Кеден ісі бөлігінде кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату жүргізіледі
және кедендік әкімшілендіру жақсартылатын болады.
Бұдан басқа, салық және кеден органдары қызметінің сапасын бағалау
өлшемі өзгертілетін болады. Бағалау өлшемінің кешені бюджет кірістері
бойынша жоспарлардың орындалуын бағалауды алмастыратын болады.
Негізгі салықтардың ставкаларын төмендету көзделуде. Атап айтқанда,
өндірісті дамыту және кеңейту мақсатында қосылған құн салығына,
сондай-ақ корпорациялық табыс салығына ставкалар кезең-кезеңімен
төмендетілетін болады. Әлеуметтік салықты төмендету жалақының көлеңкелі
төлемдерін одан әрі барынша азайтуға ықпал ететін болады. Бір уақытта
ҒЗТКЖ-да инвестицияларды ынталандыратын жеңілдіктер жасалатын болады,
бұл экономиканың өңдеуші секторының технологиялық дамуын жеделдетуге
мүмкіндік береді.
Сондай-ақ салық пен алымдардың кейбіреуін біріктіру жолымен олардың саны
қысқартылатын болады, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолдану
тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Ішкі отын нарығында айқын салық салуды құру салық ауыртпалығын мұнай
өнімдері нарығының субъектілері арасында қайта бөлуді болжайды.
Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық технологияларды
және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін
электрондық бақылауды кеңінен пайдалану жолымен Салықтың жинақталуын
арттырға қол жеткізілетін болады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу
мүмкіндігі де қарастырылатын болады.
Барлық салықтық реформалар бақылаушы органдар сыбайлас жемқорлық
деңгейін едәуір төмендеткен жағдайда ғана табысқа жететін болады, бұл
басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта салық органдары
салық төлеушілерге ұсынатын электрондық қызметтердің тізбесін кеңейту
жолымен кәсіпкерлік субъектілері мен бақылаушы органдардың жеке
байланысын барынша азайту ұсынылып отыр.
4.1.1.2. Бюджет саясаты
Бюджет саясаты мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге,
бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет
қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым
секторларын дамытуды ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған
жіктерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың
және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына
сәйкес бюджетті теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру
ұйғарылып отыр. Осыған байланысты Бюджет кодексіне және басқа да
заңнамалық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Өзгерістер ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру мұнай емес
сектордан түсетін түсімдердің есебінен, ал даму бюджетін қаржыландыру
көбінесе Ұлттық қордың трансферттері есебінен жүзеге асырылатындығында.
Осылайша, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстарды ұлғайту
мұнай емес сектордан кірістерді барабар өсірусіз мүмкін емес.
Ұлттық қордың жаңа Тұжырымдамасын енгізу экономикада тұтынушы мен
жинақтау арасындағы қажетті пропорцияларды сақтауды, экономиканың
шикізат емес секторын дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық шарттар
құруды, мұнай кірістерінің елеулі бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың
әлсіреуіне жол бермеуді ескере отырып, мұнай кірістерін оңтайлы
пайдалануға мүмкіндік береді.
Бюджет саясатын жүргізу кезінде Үкімет, сондай-ақ экономиканың өсу
қарқынымен сыйымды мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын
қамтамасыз етудің және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп
төмендетудің қажеттілігін ескеретін болады.
Бюджеттік жоспарлаудың сапасын және бюджет қаражатын пайдалану
тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар әкімшілеріне қойылатын бюджет
тәртібін жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру призмасы арқылы
жұмсауда басымдықтарды талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік
бағдарламалардың стратегиялық (бағдарламалық) құжаттармен үйлесуіне
бағытталған талаптар күшейтілетін болады. Бюджеттің атқарылу процесін
бюджеттің кассалық атқарылуына емес, бюджеттік бағдарламаларды іске
асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне бағдарлау қажет.
Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын
мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен
оңтайлы үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
2007 жылы "2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми
трансферттер туралы" жаңа Заңның жобасы әзірленетін болады, бұл орта
мерзімді кезеңге арналған субвенциялар мен алулардың мөлшерін бекітудің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл өңірлердің салықтық әлеуетін ұлғайтуда жергілікті атқарушы
органдардың қызығушылығын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру
мәселелерінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін
арттырады. Салық салынатын базаны кеңейтуге олардың қосқан үлесінен
алынатын барлық қосымша кірістер жергілікті бюджеттерде қалады және
өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті
атқарушы және өкілді органдардың қалауы бойынша бөлінетін болады.
Өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, Конституция
кепілдік берген мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қол жеткізуін
қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік алулар мен субвенцияларды
есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетін болады, яғни өңірлерді төмен
бюджеттік қамтамасыз етуден республикалық орташа деңгейге көтеру
ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру әзірленген Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейінгі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту
тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Осыған
байланысты негізгі міндеті мемлекеттік сатып алуды сапалы, тиімді және
уақтылы жүргізу болып табылатын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасы әзірленді.
Атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне конкурстық өтінімдері
бар конверттерді ашу кезінде конкурстарға бақылаушы ретінде қатысу
мүмкіндігі енгізіледі. Бұдан басқа, электронды мемлекеттік сатып алу
жүйесін дамытуға ықпал ететін және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
барысында сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың деңгейін төмендетуге әсер
ететін электронды мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу
шарттары белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқару жүйесі қайта
қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz