Танымның адам өмірінде алатын рөлін мәтінге талдау жасау арқылы айқындау


Мазмұны
Кіріспе3
І Бөлім
І Көркем мәтінді танымдық тұрғыдан талдаудың ғылыми-теориялық негізі
1. 1. Көркем мәтін тіліндегі танымдық ерекшеліктер5
1. 2. Тілдік құрылымдардың көркем мәтін тілінде алатын орны 14
1. 3 Көркем мәтінді танымдық тұрғыдан талдаудың психологиямен
байланысы 23
ІІ Бөлім
ІІ Көркем мәтінді танымдық тұрғыдан талдаудың мәні мен маңызы
2. 1. Лексиканы танымдық тұрғыдан талдау 34
2 . 2 Одағайды танымдық тұрғыдан талдау 41
- Көркем мәтін тілінің танымдық ерекшелігін айқындауда диалог пен монологтың алатын рөлі 44
Қорытынды51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі53
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диплом жұмысының өзектілігі . Мәтін тілінің танымдық сипатын айқындау адам факторының ішкі жан-дүниесіндегі ерекшеліктерді тіл арқылы тануға негіз болады. Адамның ішкі әлемі, құпия қалтарыстарына лингвистикалық тұрғыда сараптама жасалғанда адам болмысының, танымының шексіз әлемі танылады. Оны мәтін тілі арқылы зерттеудің маңыздылығы мынада: біріншіден, мәтін тілі арқылы автордың психологиялық танымы, оның бойындағы ерекше қасиеттер, тапқырлық, ұшқырлық, шеберлік, адамгершілік т. б сияқты қасиеттері айқындалады. Бұл тілдік қолданыстар арқылы ұлттық болмысымызға тән ерекшеліктерді айқындауға негіз болады. Адам бойындағы психологиялық құбылыстарды арнайы ғылыми сараптама тұрғысында емес, тіл арқылы танытуда мәтіннің алар орны ерекше. Адамға тән жақсы қасиеттерді игерудің, жаман қасиеттерден жиренудің жолдарын танымдық тұрғыда жеткізуде әр түрлі тілдік тәсілдер қолданылған шығармаларға лингвистикалық талдау жүргізудің бір қыры танымдық ерешеліктерден көрініс табады;
Екіншіден, кейіпкерлерді сөйлетудің жолдары арқылы адамның ішкі сезімін, жай-күйін, жалпы, психологиялық бітімін айқындайды. Кейіпкердің әр түрлі қалыптағы ішкі ой-толғаныстарының өзгеруін, сезім қайшылықтарының мәнін ашудың жолдарын айқындаудағы тілдік қолданыстар да мәтін тілінің танымдық сипатын ашары сөзсіз. Көркем мәтін тіліне танымдық сараптама жасау адам болмысының мәнін ашатын тіл мен психологияның сабақтастығынан туындайды. Мәтін тілінің танымдық сипатын ашатын тілдік амалдар адамның сезімін, ойын, толғанысын тереңдетіп көрсетеді. Ол тілдің барлық қабаттарында өмір сүріп, тілдің құрылымдық жүйесінен бастап, концептілік деңгейге дейін танылады.
Көркем мәтін ─ автордың есінде сақталған қабылдау мен елестерді қайтадан өңдеп, сұрыптаудың нәтижесінде белгілі бір қоғамда өмір сүретін, жаңа кейіпкерлердің бейнесін жасайтын коммуникативтік бірліктер жиынтығы. Ол шығармашылық еңбек болғандықтан, ойлау процесімен тығыз байланыста келіп, автордың алдын ала болатын жайтты болжауы жаңа бейнені жасауы, іске асырылған нәрсені елестету арқылы жүзеге асады.
Көркем мәтінде адам басында үздіксіз пайда болып отыратын мол бейнелер, яғни, бұрын көрген, естіген, білген нәрселер автор санасында қайта жаңғырады. Бұл қиял қызметінен туындайтын коммуникативтік бірлік болғандықтан, адам факторының психологиялық жақтарын танытып, кейіпкердің сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын, көңіл-күйін, жалпы психологиялық жай- күйін көрсетеді.
Диплом жұмысының нысаны . Көркем мәтінді танымдық әдіс арқылы меңгерту.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты - танымның адам өмірінде алатын рөлін мәтінге талдау жасау арқылы айқындау. Таным ғылымын зерттеуші ғалымдар пікірлеріне тоқталу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді:
― когнитивтік лингвистика туралы ой-пікірлерге шолу жасау;
― танымдық әдістің мәніне, оның психологиялық негіздеріне сүйене отырып, көркем мәтінді талдаудың жолдарын айқындау;
― лексиканы, фразеологизмдерді, одағайларды танымдық әдіс арқылы оқытудың маңызына тоқталып, адам бойындағы танымдық қабілеттердің дұрыс дамуының, ойлау жүйесі жетілуінің алға шарттарын таныту;
― көркем мәтіннің танымдық сипаты функционалдық, коммуникативтік, мәдени-эстетикалық жақтан жүйеленетінін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы . Көркем мәтінді танымдық әдіс арқылы оқыту студенттердің тілдік қабілетінің дұрыс дамуына, ойлау жүйесінің жетілуіне көмектеседі. Талдау барысында ұсынылған тапсырмалар тілді сапалы және жан-жақты меңгертуге, студенттердің сөздік қорын байытуға мүмкіндік жасайды.
Диплом жұмысының ж етекші идеясы. Қазақ тілі сабақтарында көркем мәтінді танымдық тұрғыдан талдау тілдің қоғамдық-әлеуметтік рөлін арттыруға көмектеседі. Студенттердің қызығушылығын туғызуға ықпал етеді. Тапсырмалар олардың өз бетінше ізденуін, білімге ұмтылысын тудырады.
Диплом жұмысының әдістанымдық негізі. Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі бойынша әдіскер-ғалымдардың жинақтаған тәжірибелері, шетел тілдерін оқыту әдістемесі жөніндегі зерттеу еңбектер, халықтық педагогика, психология ілімдерінің жетістіктері басшылыққа алынды.
Диплом жұмысында қолданылған әдістер. . Жұмыста ғылыми-теориялық әдіс, жинақтау, сұрыптау, салыстыру, талдау, қорытындылау әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың құндылығы. Көркем мәтін тіліндегі танымдық ерекшеліктер ауызекі сөйлеу тіліндегі, жазба тіліндегі, бұқаралық ақпарат тіліндегі ерекшеліктер тұрғысында талданады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:
― көркем мәтінді танымдық тұрғыдан талдаудың жолдары көрсетілді;
― танымдық әдістің қазақ тілін терең меңгертудегі рөлі айқындалды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Көркем мәтінді танымдық әдіс арқылы меңгертудің ғылыми-теориялық негізі
1. 1. Көркем мәтін тіліндегі танымдың ерекшеліктер
Көркем мәтінді танымдық талдауда адамның ішкі дүниесіне, мінезіне, жалпы адам баласына қатысты деректерді алға тарту маңызды. Бұл адамның ішкі жан қуаттарының ерекшелігін танытады. Көркем мәтінге танымдық талдау жүргізу Шәкәрімнің «тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, мұрын - иіс, тіл - дәмнен хабар бермек, бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек» деген танымдық тұжырымына сай келеді. Өйткені, адамның жан-дүниесіндегі сезім күй жақсы-жаман ұғымының негізінде тілде көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда, көркем мәтіннің танымдық сипатын тілдік модель және психологиялық модель деп екі топқа бөлуге болады. Тілдік модель мен психологиялық модель мәтін тілінің екі жақты мәнін ашады. Тілдік модельдер концептілердің лингвофилософиялық жағын танытады да, психологиялық модельдер концептілердің танымдық жағын танытады. Мысалы, Шалкиіз жыраудың мына өлең жолдары жақсы мен жаман концептілерінің тілдік моделі болып табылады.
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар.
Шешен адам сөз бастар,
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер . . .
Жақсылардың өзі өлсе де сөзі сау.
Ойлап тұрсам жаманның
Жалаңдаған өз басына тілі жау.
Бұл тілдік модель жақсы жаман ұғымының лингвофилософиялық мәнін айқындап тұр. Психологиялық модель лингвофилософиялық ұғымның моральдық-психологиялық нормаларын айқындайды. Мәселен, жақсы лингвофилософиялық ұғымының психологиялық моделі адамгершілік, имандылық, адалдық, шыншылдық, мейірімділік, ізгілік, жауапкершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, ізеттілік т. б сияқты әдептік-психологиялық қасиеттердің адам бойындағы көрінісімен байланысты келеді. Оның тілдік моделі көбінесе, бата, тілек, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерден анық көрінеді. Сабақ барысында студенттерге мынандай мысалдарды талдатуға болады:
Нақыл сөздер
Мінезді болса алғаның, одан артық жар бар ма?
(Ақтамберді жырау)
Ат биеден туады, алып анадан
Ел ағадан туады, топ жағадан
Қатын ерден үлгі алар, іні ағадан
(Жанақ ақын)
Жақсы болса әйелің, Үйіңдегі ырысың. Жақсы болса ұл балаң, Қайрап қойған қылышың. Жақсы болса келінің, Басып қойған күрішің,
Жақсы болса қыз балаң, Жайлы қоныс, тынысың
(Құлтума ақын)
Жақсы туған жігітті
Жаным десе жарасар,
Жақсы ұл туған қатынды
Ханым десе жарасар ( Төле би)
Жаман еркектің басын жақсы әйел хан қылады (Төле би)
Фразеологизмдер
Ананың ақ сүтін ақтады; Атадан асып туды; Аталықтай ақсақал, аналықтай бәйбіше; Қыздың жиған жүгіндей; Қыз мінезді; Ата баласы теңдікке тұрса да, кемдікке тұрмайды; бала мінез; балаша мәз болды;
Мақал-мәтелдер
Өсектен сау сонау қыз, Шайқалмаған сары уыз; Жемісті ағаш жергі иіліп тәжім етеді, Жетелі жігіт елге иіліп тәжім етеді; Қыз қылығымен көпке жағады; Суды құм бөгейді, дауды қыз бөгейді; Жігіттің екі өнері бар: атқанда ─ жыққан, ашқанда ─ оқыған; Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар; Қапияда әйел ақыл табады; Жақсы еркектің ішінде алтын ерлі ат жатар, Жақсы әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар; Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар; Ерін баққан әйел елін де бағар, Еріне жаққан әйел елге де жағар; Ана жақсылығын ауырсаң білерсің; Ана алдынды құрмет, Ата алдында қызмет; Таза сабаның қымызын іш, Мейірбан ананың қызын ал;
Бата
Ақ жүрек болсын жолдасың, адалдық сені қолдасын, жақсылық үшін тірессе, жаныңды арың қорғасын; найзадай болсын намысың, қиындық көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кішіге, үлкенді үлгі тұт алға
Мақал-мәтелдер
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жер;
Жақсы қыздың жасауын, жақын-жаран жасайды, Жаман қыздың жасауын, сұрап-тілеп жасайды.
Қатының жақсы болса шырағың, Атың жақсы болса пырағың. Ел жақтаған жігітті қыз жақтаған;
Ата даңқымен қыз өтер, Мата даңқымен бөз өтер;
Фразеологизмдер
Ананың ақ сүтін кешті; Ата-баба аруағы қолдасын; Бала балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық, мамықтан жұмсақ;
Нақыл сөз
Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер ( М. Қашқари) Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар (С. Датұлы) Әйел ердің тәңірісі, Жарата да алады, Сүйдіре де, күйдіре де алады ( М. Жұмабаев) Ата-ананың ақылы қазулы қара жолмен тең (Д. Бабатайұлы)
« Кімде кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты жоқ. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ. Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы. Нысап, ұят бұл ғадеттен шығады. Жасанды кішіпейілділік - жақсы қасиет емес. Кішіпейілділіктің жетімсіздігі - ақылдың жетімсіздігі. Егер де естілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жетісіне бір, ең болмаса айына бір өзіңнен өзің есеп ал! »( Абай. )
Бата
Бала берсе адалынан, ағынан берсін!
Бұл модель адам концептісіне қатысты ұнамды әдеттерді, мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынады.
«Жамандық» лингвофилософиялық ұғымының тілдік моделі көбінесе, ұлы адамдардың ұлағатты сөздері мен ой-түйіндерінде, мақал- мәтелдерде көрініс табады. Мұхаммед пайғамбардан бастап, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Әлішер Науаи, Ахмед Иүгнеки, Махмуд Қашқари сынды ғұламалар мен Абай Құнанбайұлы, Бауыржан Момышұлы, Кенен Әзірбайұлы т. б сияқты ұлыларымыз әр заманда ғұмыр кешкенімен, адамдардың психологиясына тән нашар мінездердің болатынын, олардың қоғамға кері әсерін жақсы түсінеді. Адамдардың жамандықтан жиренуін, өзін-өзі тәрбиелеуін мақсат ете отырып, жамандыққа байланысты ой-пікірлерін білдіріп отырады. Бұл «жақсы», «жаман» концептісінің лингвофилософиялық мәнге ие болуына мүмкіндік беріп, қазіргі таңда оның тілдік моделі мен психологиялық моделін айқындауға жол ашты. Мәселен, жаман ұғымының лингвофилософиялық мәнінің моделін былайша көрсетіп, өздеріне осындай тапсырмалар жасап келу тапсырылады:
Мақал-мәтелдер
Арсыз болса - қыз қорлық , ақылсыз болса - ұл қорлық.
Әйелің жаман болса, жұрттың тыныштығынан не пайда?
Жаман әйелдің мінезі қиық келер, сөзі сұйық келер;
Нақыл сөздер
Екі жаман қосылса, ұяларлық ар бар ма? (Ақтамберді жырау)
Керіскек болса, келінің жау (Үмбетей жырау)
Қойныңдағы қатының жаман болса, қаңтардағы мұзбен тең (Үмбетей жырау)
Арсыз - адамның қоры . (Ж. Баласағұни)
Ұялмайтын бетке талмайтын жақ береді . (К. Әзірбаев)
Опасызда ұят жоқ, ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)
Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ. (А. Құнанбаев)
Арсыз адам - тұзсыз тағам.
Мақал-мәтелдер
Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді;
Фразеологизмдер
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенеді (Абай Құнанбаев)
Ақымақ ақыр заман болса да мәз боп жүреді (Ж. Баласағұни)
Мақал -мәтелдер:
Ақымақты мақтасаң - қуанады.
Әлсіз адам - сүріншек, ақылсыз адам - еріншек
Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды (А. Югнеки)
Өзі жетпей мал жинап сараң болады, содан күні қараң болады. (М. Қашқари)
Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды (Ж. Баласағұни) .
Сараңдық пен пайдакүнемдік
Екіжүзділіктің белгісі үшеу: өтірік айту, уәдесінде тұрмау, аманатқа қиянат жасау. (Мұхаммед пайғамбар)
Мақал- мәтелдер
Жағымсыз надан - жаудан жаман.
Жарлық айтпасаң, жалтақ жатып алады.
Жағымпаз - жасқаншақ, жаман - мақтаншақ.
Екіжүзділік, жағымпаздық
Жақындатпа өсекшіні жырынды, көріп біліп елге жаяр сырыңды (Ж. Баласағұн)
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық. (Б. Момышұлы)
Мақал-мәтелдер:
Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.
Өтірікші алдымен өзін алдар.
Өсекшілдік, өтірікшілдік
Күншілдік - өзгенің мықтылығы мен өзінің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс. (Бауыржан Момышұлы)
Жарақат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді (Сайф Сараи)
Мақал мәтелдер:
Күншілдіктің күні кеш, еңбегі еш.
Күншіл адам - міншіл
Күншілдік, іштарлық
Мақтаншақ кісі - өзімшіл, менмен кісі; менмендік, тәкаппарлық - адамның міні, тәрбиенің жоқтығы.
Тәкаппарлық - қай тілде болса да қасиетсіз сөз. (Ж. Баласағұн)
Мақал-мәтелдер:
Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.
Өр кеуде жігіт дауға жолығады.
Мақтаншақтық - өтірік айтқызады.
Мақтаншақтық пен тәкаппарлық
Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны (А. Құнанбаев)
Еріншекке есік те асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк көрінер (Махмұт Қашқари)
Мақал- мәтелдер:
Салақ қатынның үйінен сабақты ине табылмас; Еріншек әйелдің етегі жыртық, ерке қатынның ерні тыртық; Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер, илеген терісі шіріп кетер;
Еріншектің ерні жібімес, жалқаудың ісі мандымас.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.
Еріншектік пен жалқаулық
Маскүнемдік - адамның басын өзі масқаралап, қорлауы. Арақкеш - мал сияқты өзін-өзі айуанның қатарына апарып қосады.
( В. А. Сухомлинский)
Мақал-мәтелдер:
Арақ ішу- айып, мас болу қылмыс.
Ішіп мас боп жатады, сөйтіп құдай атады.
Маскүнемдік, нашақорлық
Мәтін тіліндегі танымдық ерекшеліктер концепт теориясы, коммуникативтік теория негізінде тілтаным мен оны сыртқа шығарушы тілдік амал-тәсілдердің өзара байланысуынан қалыптасады.
Мәселен, «Жігіт» концептісінің танымдық ерекшелігінің мәтін тіліндегі көрінісін осы тұрғыда былайша талдатып, түсіндіруге болады:
Ақан серінің «Айтамын замандасқа біраз кеңес» өлеңі бойынша
Пайдасыз білімділік, білгіштік
(Білімді бірақ, оның басқаға пайдасы жоқ)
А. В. . Маслованың: « . . . концепт ─ есте сақтаудың, ментальдык лексиконның, концептуалдық жүйе мен тілдің, ақыл-ойдың адам жүйкесінде бейнеленген дүниенің бүкіл бейнесінің мазмұндық бірлігі» деген тұжырымына сүйене отырып, концепт теориясының бір бағыты таныммен ұштасады деп танимыз. [1. 35]
Мәтін тілінің танымдық сипаты концепт теориясы тұрғысында талданады. Концептілер сөйлеу мен ойлаудың бірлігі тұрғысынан алғанда, танымдық мәнге ие тілдік тұлға ретінде танылады. «Ойда адамның айтайын деген тақырыбы белгіленеді. Сол тақырып туралы не айту, қалай айту керек деген предикатты мазмұн ішкі сөйлеуде жүзеге асырылады. Ол қысқа, фрагментарлы, аморфты сипатта болады. Бұл тұрғыда ішкі сөйлеу ішкі субективтік мәнді сыртқы аршылған мағыналар жүйесіне айналдыратын механизмі болып табылады . . . Естілген сөзді ұғынуда 1-саты сөз мағынасын айыру, яғни көпмағыналықтан нақты мағынаны айыру болып табылады. 2- саты сөйлем жүйесін білу (егер сөз мағынасын шамалап түсініп, ал сөйлем құрылымын білмесе, күңгірт түсінік түрінде қалады. ) 3- саты бүкіл хабарды түсіну керек. Мұнда 1, 2 саты тілдік ережелер аясында жүрсе, соңғысы тілдік ойлау психологиясына барады. » [ 2. 89 ] Тілдік ойлау психологиясы ─ мәтін тілінде айқын көрініс табады. Мәтін тілі тіл мен ойлаудың органикалық бірлігін танытып, концептілердің танымдық мәнін, мазмұнын ашады.
Мәселен, Шәкәрімнің «Ашу мен ынсап» өлеңі ашу және ынсап концептісінің мәнін айқындауда тілдік ойлау психологиясына негізделген.
Үміт деген қорқақ Ой,
Дірілдеді қалшылдап.
«Мүмкін емес мұны қой», -
Деп жалынды жалпылдап.
Бір жағымнан Еріншек,
Тағы келді салпылдап.
Болмаймын деп келіншек,
Ашу келді арсылдап.
«Елді сөк те жаманда, -
Деп ұрысты Ашуым, -
Жамандықтан аман ба
Шыңнан қалай қашуың?»
Қиын болды баяндап,
Аяқты қалай басуым.
Сабыр келді аяңдап,
« Жарамас - деп сасуың.
Бәріне де хабар сал,
Рақым, ұят, ар қайда?
Қаруыңды жиып ал,
Құр ашудан не пайда?
Қайратың мен сақтығың
Көріне ме маңайда?
Өлше істің ақтығын,
Ынсап бар ма оңайда», - дейді. ( Ш. Құдайбердіұлы. Өлеңдері мен поэмалары. Алматы, 1990)
Өлең жолдарында ой, еріншек, ашу, сабыр, рақым, ұят, ар, қайрат, сақтық, ынсап сияқты психологиялық модель құрайтын ассоциациялар тілдік ойлау психологиясының негізі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz