«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Кіріспе ... ... ... 4

1.Макроэкономика пәнін үйренудегі курстық жұмыстың маңызы ... 4
2. Курстық жұмыстың құрылымы ... ... ..6
3. Курстық жұмыстың орындалуына қойылатын негізгі талаптар ... ..8
4. Курстық жұмыстың орындалу тәртібі ... .9
5. Курстық жұмысты безендіру (оформление) ... ... ... ... ... ... ... ..12
6. Курстық жұмысты қорғауға дайындық...23
7. Курстық жұмысты қорғау ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... .26
Қосымшалар
Жоғары оқу орындарының оқу жоспарларында «Макроэкономика» пәнінен студенттердің курстық жұмысты орындауы қарастырылған. Курстық жұмыс экономикалық ғылымды үйренудің, өзіндік білім, тәжірибе алудың жағдайлар, қорытындылар, заңдарды терең меңгерудің теориялық негіздерін үйренуде студенттердің тәжірибелерін жетілдіруде маңызды бөлігі болып табылады. Мұның барлығы болашақ маманның кәсіптік қызметіне қажет.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйретумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және т.б. жұмыстарды орындауда студенттердің даму мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйретумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және т.б. жұмыстарды орындауда студенттердің даму мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.
Сонымен қатар, курстық жұмысты орындау студенттен жұмыс жоспарын жетілдіруде ғылыми аппаратты дұрыс қолдануды, пайдаланылған әдебиеттердің библиографиялық тізімін және т.б. құрастыруды талап етеді.
1. Жоғары оқу орындарында оқытылатындардың үйымдастыру тәртібі мен қорытынды аттестация жүргізу туралы Ереже. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 12.06.00ж.№714 бұйрығымен бекітілген.
2. М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің ережелер жинағы /У.К.Бишимбаев ред. –Шымкент, ОҚМУ баспа, 2001
3. МИ ОҚМУ 4.7.-00.6-2004. Курстық жұмыс жобасы (курстық жұмыс). Курстық жобалауды ұйымдастыру. Мазмұны, құрылуы, сипатталуы және толтырылуына жалпы талаптар –Шымкент, 2004.
4. Диссертациялар мен авторефераттарды толтыру бойынша нұсқау. Ғылыми мамандарды аттестациялау департаменті –Алматы, 1998.
5. Кузин Ф.А. Дипломдық жұмыс –М.:1990 Каленова Р.А. Дипломдық жұмысты жазу және толтыру бойынша ұсыныстар // Қазақстан банкі -2001.№9. 48-50 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Ф 4.7-008-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

"Экономикалық теория" кафедрасы

Жұлдызбаев Н.Е.

050509 - Қаржы, 050508 - Бухгалтерлік есеп, 050507 - Экономика,
050510 - Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050506 - Менеджмент,
050511- Маркетинг мамандықтарының студенттеріне арналған
Макроэкономика пәні курстық жұмысты орындауға арналған
әдістемелік нұсқау

Шымкент – 2007

ӘӨЖ 330.8. (083.13)
Ж 87
ББК 65.01 я 73

Құрастырған:Аға оқытушы Жұлдызбаев Н.Е.

"Макроэкономика" пәні бойынша 050509 - Қаржы, 050508 - Бухгалтерлік
есеп, 050507 - Экономика, 050510 - Мемлекеттік және жергілікті
басқару, 050506 - Менеджмент, 050511- Маркетинг мамандықтарының
студенттеріне арналған курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.-
Шымкент, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2006 ж.- 36 бет.

Пікір беруші: э.ғ.к., экономикалық теория кафедрасының доценті
Райымқұлұлы С.Р.

Бұл әдістемелік құрал экономикалық мамандықтар бойынша
“Макроэкономика”пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сай курс
жұмысын жүргізу бойынша қажетті барлық деректерді қамтиды.

Экономикалық теория кафедрасының (хаттама № _________2007 ж.),
Экономика және қаржы факультетінің әдістемелік кеңесінің мәжілістерінде
талқыланып, баспаға ұсынылды (хаттама № _________2007 ж.)

М. Әуезов атындағы ОҚМУ – нің Әдістемелік кеңесінде баспаға
ұсынылды (хаттама № ____ _____________ 2007 ж.)

© М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ 2007

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.Макроэкономика пәнін үйренудегі курстық жұмыстың маңызы ... 4
2. Курстық жұмыстың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3. Курстық жұмыстың орындалуына қойылатын негізгі талаптар ... ..8
4. Курстық жұмыстың орындалу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
5. Курстық жұмысты безендіру (оформление) ... ... ... ... ... ... ... ..12
6. Курстық жұмысты қорғауға дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
7. Курстық жұмысты қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарларында Макроэкономика пәнінен
студенттердің курстық жұмысты орындауы қарастырылған. Курстық жұмыс
экономикалық ғылымды үйренудің, өзіндік білім, тәжірибе алудың жағдайлар,
қорытындылар, заңдарды терең меңгерудің теориялық негіздерін үйренуде
студенттердің тәжірибелерін жетілдіруде маңызды бөлігі болып табылады.
Мұның барлығы болашақ маманның кәсіптік қызметіне қажет.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйретумен қатар,
библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал
мақалалары және т.б. жұмыстарды орындауда студенттердің даму мүмкіндігін
жетілдіру болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйретумен қатар,
библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал
мақалалары және т.б. жұмыстарды орындауда студенттердің даму мүмкіндігін
жетілдіру болып табылады.
Сонымен қатар, курстық жұмысты орындау студенттен жұмыс жоспарын
жетілдіруде ғылыми аппаратты дұрыс қолдануды, пайдаланылған әдебиеттердің
библиографиялық тізімін және т.б. құрастыруды талап етеді.

1. Макроэкономика пәнін үйренудегі курстық жұмыстың маңызы.
Курстық жұмыс жоғары білікті мамандарды дайындау формаларының бірі
болып табылады. Оны жазу үлкен маңызға ие:
• біріншіден, ол экономикалық әдебиеттермен шығармашылық өзіндік
жұмыспен айналысуға, негізгі ережелерді үйренуге жағдай жасайды,
нақты материалдарды талдауға, кестелер мен диаграммаларды
құрастыруға көмектеседі;
• екіншіден, студент теориялық мәліметтерді талдау кезінде өзінің
көзқарастарын тиянақты, экономикалық түсінікті баяндауға және
экономикалық теорияны шығармашылық қолдануға, оны практикамен
байланыстыруға үйретеді;
• үшіншіден, жұмыс макроэкономика пәні бойынша студенттердің білімін
тереңдетеді және нығайтады.
Курстық жұмыс студентті ғылыми-зерттеу жұмысына үйретеді және
тәжірибелер мен дағдылар алуға септігін тигізеді. Курстық жұмыс сонымен
қатар макроэкономика пәнінің маңызды мәселелерінің бірі ретіндегі
студенттердің өзіндік үйренудің нәтижесі болып табылады.
Ұсынылатын талаптарға жауап беретін курстық жұмысты дайындау үшін,
студент жалпы экономикалық теория бойынша алынған теориялық білімдерді ғана
емес, барлық шаруашылық субъектілерінің, соның ішінде қаржылық–несиелік
мекемелердің қызметін сипаттайтын нақты мәліметтерді қолданады.
Студенттер курстық жұмысты оқытушының жетекшілігімен орындайды.
Орындалған жұмыс тексерілуғе беріледі. Жақсы бағалағаннан кейін курстық
жұмыс қорғалуы тиіс.
Экономикалық теория пәнінен емтиханға тек курстық жұмыс жақсы бағадағы
студенттер жіберіледі.
Курстық жұмыс студентке қайтарылмайды және Экономикалық теория
кафедрасында сақталады.
Курстық жұмыстардың тақырыптары макроэкономика пәнінің оқу
міндеттеріне жауап беруі тиіс және ғылым мен өндірістің практикалық
талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Тақырыптар нақты болуы керек, яғни студенттердің өзіндік шығармашылық
жұмыстарды үйренудегі ғылымилық, өз уақытысында және бағыттылық
прициптеріне жауап беруі тиіс.
Курстық жұмыстың тақырыбына негізгі талаптарының бірі кешенділік, яғни
өзара байланыс көпшілік сұрақтардың шешілуі. Тақырыптың жеке бір сұрақтарын
да нақты және кең көлемде жетілдіруі тиіс.
Курстық жұмыстардың тақырыбы А қосымшасында көрсетілген.

2. Курстық жұмыстың құрылымы.

Курстық жұмыстың құрылымына курстық жұмыстың мазмұны мен графикалық
бөлімінің мазмұны кіреді.
Курстық жұмыстың мазмұны төмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды:
- сыртқы беті (қосымша Ә)
- тапсырма (қосымша Б)
- аннотация:
- мазмұны:
- белгілеу мен қысқартулар
- кіріспе
- үш бөлім (екі бөлім) құрайтын жұмыстың негізгі мазмұны:
- қорытынды
- қолданылған әдебиеттер тізімі
- қосымшалар.
Сыртқы беті Ә қосымшасына сәйкес А-4 форматтағы параққа орындалады.
Сыртқы бетте сөздерді тасымалдау рұқсатетілмейді. Нүкте соңында қойылмайды.
Егер топтық курстық жұмыс орындалса, онда сыртқы бетке барлық орындаулар
көрсетіледі. Қажет болған жағдайда курстық жұмыстың мазмұны бөлігіне әрбір
орындаушының қатысқандығы көрсетіледі.
Курстық жұмысқа тапсырма оқу процесінің кестесіне сәйкес ағымды
семестрдің алғашқы аптасынан кешіктірілмей беріледі.
Кафедра тапсырмасында жобаны орындау үшін негізгі қажетті мәліметтер
беріледі (қосымша Б).
Тапсырмада төмендегілер көрсетілуі керек: жұмысқа байланысты, оқыту
пәні; студенттердің аты–жөні мен тобы; жұмыс тақырыбы, жетілдіру кезеңдері
мен орындалу мерзімдері; жетекшінің аты – жөні, оның қызметі, қолы және
тапсыру мерзімі.
Әрбір тапсырма әдістемелік және ғылыми негізде ойластыруы керек және
студенттердің дайындалу деңгейі мен жұмысты орындауға кеткен уақытқа жауап
беруі тиіс.
Тапсырмалар Б қосымшасына сәйкес бланктерде толтырылады. Тапсырмада
студенттің тапсырманы алған күні көрсетіледі және қолы қойылады.
Қажетті мәліметтерге ҚР нормативтік-заңдық актілер, оқулықтар, оқу
құралдары, монографиялар, анықтамалық әдебиеттер, статистикалық
материалдар, мерзімдік басылымдар жатады.
Курстық жұмыстың мазмұнында төмендегідей құрылымдық элементтердің
айқындалуы тиіс: кіріспе, үш (екі) тарау, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімі.
Орындалу мерзімі төмендегіде ұсынылады: кіріспе - 1-2 апта, қорытынды -
1-2 апта, әрбір тарау - 2-3 апта, қолданылған әдебиеттер тізімі - 3-5 күн.
Сонымен қатар, жұмыстың құрылымдық элементтерің көлемі: кіріспе - 2-3 бет,
қорытынды - 2-3 бет, әрбір тарау - 10-15 бет, қолданылған әдебиеттер тізімі
-1-2бет.
Есептік – графикалық бөлімде слайдтар, плакаттар аталуы, орындалу
мерзімі, беттер саны көрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан кем емес орындалу
ұсынылады.
Аннотацияда курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер қысқаша беріледі.
Аннотацияда курстық жұмыс көлемі, кестелер, сызба, қосымшалар туралы
мәліметтер қамтылады. Аннотацияны жазу үлгісі В қосымшасында көрсетілген.
Мазмұнында бөлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік
номерлері кіреді.
Мазмұны сөзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады. Қосымшада
_______ тақырыбына курстық жұмыстың мазмұнын толтыру үлгісі көрсетілген.
Белгіленулер мен қысқартулар құрылымдық элементінде курстық жұмыста
қолданылатын белгіленулер мен қысқартулар тізімі сипатталады. Сөздерді
қысқарту үлгісі төмендегіше:
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер.
Кіріспеде автор таңдалған тақырыптың өзектілігі, ондағы мәселерді
жетілдіру деңгейі мен шешу жолдарын көрсетеді. Кіріспе қысқаша болуы керек
(2-3 бет).
Жұмыстың негізгі бөлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Бұл бөлім
зерттелінетін тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады.
Тарауларды артттыру қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай
көлемінің өсуіне әкеледі. Жұмыстың негізгі бөлігі компьютерлік текстпен 25-
30 бет немесе қолмен жазып 30-40 бет болуы тиіс.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың материалдары бойынша ұсыныстар
енгізіледі. Қорытындысы 2-3 беттен тұрады.
Курстық жұмыстың соңында белгілі бір тәртіппен библиографиялық тізімдер
берілуі тиіс.
3. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар

Курстық жұмысты орындайтын студент экономикалық теория бойынша жазбаша
жұмыспен ұсынылатын талаптарды білуі тиіс.
Жұмыста зерттелінетін тақырып бойынша жан – жақты тереңдетілген
теориялық білімдерге негізгі көңіл аударылады.
Курстық жұмысты жазу әрбір бөлімнің негізгі сұрақтардың мазмұнын қою
мен сипаттаудан басталуы тиіс. Мазмұнын айқындау ғылыми дәл, анық және
түсінікті болуы керек. Теориялық ережелер және қорытындылар нақты
материалдарға негізделуі керек. Экономикалық заңдар мен болмыстар туралы
дұрыс түсіну үшін, мүмкіндігінше оларды тарихи аспектілерінде қарастырылуы
керек. Ең маңыздысы, курстық жұмыстың материалы логикалық тәртіппен
сипатталынуы.
Сол себепті, студентке ,курстық жұмыс тақырыбының мазмұнын дұрыс толық
айқындау үшін, қажет:
- экономикалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтары,Елбасының халыққа жолдауы , Үкіметтің шешімдерін үйрену;
- осы аталған мәселе бойынша қазақстандық және шетелдік ғалымдардың
ғылыми жұмыстарын зерттеу:
- мерзімдік басылымдар мен статистикалық жинақтарда жарияланған
статистикалық мәліметтермен танысу:
- таңдалған тақырып бойынша журналдарда басылып шыққан мақалаларды
үйрену.
Теориялық білімді жиналған материалды жазбаша түрде сипаттау –бұл
курстық жұмысты орындаудағы жаңа маңызды кезең, білімдерді қалыптастыруының
келесі сатысы, оларды жүйелеу және түсіну. Ақпаратты өзіндік алудың
әдістерін үйрене отырып, студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру
керек. Студент курстық жұмыс орындау кезінде мәліметтердің өзара
байланысын, сызба бойынша жұмыс істеу, теориялық және аналитикалық
жағдайларды байланыстың сипаттамасын бейнелейді.
Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылуы тиіс. Тіл, стиль, қысқа
сөйлемдердің құрылуы, өз ойын түсінікті әрі жаттық тілде жеткізе білуі өте
үлкен роль атқарады. Сөздерді қысқартуда, белгілеуде бірыңғайлықты сақтау
керек. Басқа да қысқартулар рұқсат етілмейді.

4. Курстық жұмыстың орындалу тәртібі.

Курстық жұмыстың орындалуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:
• тақырыпты таңдау;
• әдебиеттерді іріктеу және үйрену;
• жұмыс жоспарын құрастыру;
• нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;
• курстық жұмысты жазу;
• курстық жұмысты толтыру (оформление);
• курстық жұмысты қорғау.
Курстық жұмыс тақырыбы Экономикалық теория кафедрасының ұсынысымен,
өздігінше таңдалады. Жеке жағдайларда студент кафедраның тізімінде
кіргізілмеген тақырыптарды алуға құқылы болады.
Экономикалық теория кафедрасы курстық жұмыс тақырыптарын
құрастырғанда оқу әдебиеттерінің тақырыптарына сәйкес болмайтындығын
байқауы керек және студентті өзіндік жұмыспен айналысуына әдістемелік
мүмкіндік жасайды.
Тақырыпты таңдауда бір оқу тобында курстық жұмыстың бір тақырыбын тек
бір ғана студент орындайды.
Тақырыпты таңдаудан соң, каталог бойынша қажетті әдебиеттер тізімін
құрастыру, іріктеу және зерттеу қажет. Бұл жұмысты экономикалық теория
ұсынылған оқу бағдарламасы мен семинарлық сабақты жүргізу бойынша
әдістемелік нұсқаулардағы әдебиеттер тізімімен жұмыс істеуді бастау қажет.
Мерзімдік әдебиеттерді үйрену соңғы жылдары жарияланған және курстық
жұмысты толық қамтитын басылымдарға, содан соң бұрынғы басылымдарға ауысуға
болады. Әдебиеттерді үйренудің осындай тізбегі соңғы жылдағы экономиканы
тереңдету реформасымен байланыстырады, себебі экономикалық ғылым –
шығармашылық ғылым, тұрақты түрде дамиды және жаңа ережелер, қорытындылар,
концепциялармен толықтырылып отырады.
Әдебиеттерді іріктеу және үйренуден соң студент курстық жұмыстың
жоспарын ойланып, мұқият құрастыру керек, бұл негізгі сұрақтарды ашып
көрсетуге мүмкіндік береді. Жоспар – бұл жұмыстың негізі, осы жазбаша
жұмыстың деңгейі жоспардың құрылуына толығымен сәйкес болады.
Құрастырылған жоспар кафедраның оқытушысы – жетекшесімен келісуге
ұсынылады.
Әдебиеттерді таңдау және үйренуден, жоспар құрастырудан, статистикалық
материалдар іріктеліп және жетілдірілген соң курстық жұмыс жазуға кірісуге
болады.
Курстық жұмыс 1 кестеде көрсетілген график бойынша қатаң түрде
орындалуы тиіс.

Кесте 1
Курстық жұмысты орындау кестесі
№ Жұмыс элементтері Балдары Орындау
мерзімі
1. Тақырып таңдау - - 1 апта
2. Әдебиет көздерін табу5 3 1
3. Кіріспе 5 3 1
4. 1 бөлім 10 6 2
5. 2 бөлім 15 6 3
6. 3бөлім 15 6 3
7. Қорытынды 5 3 1
8. Жұмысты безендіру 5 3 1
9. Жұмысты қорғау - - 1
10.Барлығы 60 30 1

5. Курстық жұмысты толтыру (оформление)
5.1. Жалпы ережелер

Курстық жұмыс МИ 4.7-006-2004 көрсетілген талаптарға сәйкес толтырылуы
тиіс.
Жұмыстың мәтіні (тексті) А4 парағының бір бетіне жазылуы тиіс,
төмендегідей алаңдарды сақтай отырып: сол жақтан -30мм, оң жақтан -10мм,
жоғары және төменнен-20мм. Мәтінді компьютермен жазуда бірынғай интервал,
14 кегль болуы керек.
Жұмыстың ескі вариантын жақсылап қарап шығып, оны қолмен таза әрі
түсінікті етіп көшіріп жазу керек немесе компьютерде өз еркімен
қысқартуларсыз жазуға болады. Грамматикалық және стилистикалық қателіктер
рұқсат етіледі.
Курстық жұмыстың мәтендегі барлық анықтамалар мен сандық мәліметтерге
шыққан алғашқы деректер (источники) көрсетілуі тиіс. Курстық жұмыстың
беттері нөмірленуі тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен жазылуы керек.
Студент жұмысты жазып және толтырған соң күнін белгілеп, қол қойып
экономикалық теория кафедрасына өткізуі тиіс.
5.2. Мәтінді, кестені, графикалық материалдарды толтыру тәртібі.

Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, зерттеу тақырыбы мен мазмұнына
байланысты, әр түрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде
(сызба, диаграммалар) өрнектелуі тиіс.
Жұмыстың мәтіні зерттеу объектісі туралы ақпараттармен тиянақты және
логикалық түрде қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бөлімдерге бөлінеді,
әрқайсысының өз нөмері араб цифрларымен сипатталуы тиіс.
Тақырыпша атаулары. Бөлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты және
қысқа айқындауы тиіс. Бөлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан
нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі
тақырыпшалар атаулары ірі әріптермен, нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен
жазылады. Мұнда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді.
Атаулар мен мәтін арасындағы қашықтық 0,7мм болуы керек.
Курстық жұмыстың бөлімдері мен тараулары араб сандарымен нөмерленеді.
Тараулар барлық мәтіндегі реттік номерлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы –
1,2,3 және т.б.
Бөлімдер әрбір тарау бойынша реттік номерлеу бойынша, мысалы -1.2, 2.1,
3.1. т.с.с. іске асырылады. Тараулар, бөлімдер номерлерінен соң нүкте
қойылмайды (мысалы 1).
1 мысал

1 Қазақстан Республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
динамикасы және экономикалық циклдердің теориялық мәселелері
1.1 Қазақстан Республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
түрлері мен есептеу тәсілдері

Мәтіндегі теңдеулер мен формулалар бөлек әріптермен айқындалады. Әрбір
формуланың жоғары және төменгі жағына бір бос қатар қалдырылады. Егер
теңдеу бірқатарға сыймаса, онда мынандай белгілермен теңдік белгісі (=)
немесе қосу белгісі (+), алу ( - ), көбейту ( х ) немесе ( : ) ауыстырылуы
керек.
Кестелер. Кестелер формалары бірқатар қасиеттер бойынша, көптеген
объектілер жайлы сандық және сөздік ақпараттарды бейнелеуде қолданады.
Кестелер көрсеткіштерді салыстыру мен көрнекілігі үшін қолданады.
Кестелер екі мәтіннен вертикалдық – графалар, горизонталдық – қатарлар –
графалар номерленуі керек, ал егер кесте 1 беттен көп болса, онда келесі
беттен графа номерлері қайталанады. Графалардың атаулары зат есімдегі
жекеше атаулары тек жалпыға белгілі қысқартуларға рұқсат етіледі.
Кестелер курстық жұмыста тікелей мәтіннен соң орналасады, немесе келесі
бетте көрсетіледі. Барлық кестелерге түсініктеме беріледі.
Түсініктемелерде кесте номері көрсетіледі.
Мәтіндегі кестелер курстық жұмыстың барлығындағы реттік араб сандарымен
номерленеді. Номер кесте аталуының жоғары сол жағында орналасады, Кесте
сөзі жазылады.
Әрбір қосымшадағы кестені араб сандарымен белгілейді және сан алдына
қосымша белгісін қосады. Мысал – Кесте В.1 (егер кесте В қосымшасында
көрсетілсе).
Әрбір кесте өзіндік атауы болады. Кесте аталуы оның мазмұнын дәл
анықтайды. Кесте атауы ортадағы жолдан Кесте сөзінің астында жазылады.
Кестенің графасы мен қатарының аталуынан соң нүкте қойылмайды. Кестелер
мен мәтін арасындағы қашықтық 2 ұяшық қатарларды құрайды.
Кесте келесі бетке ауыстырылса, онда тек кестенің бірінші бөлігін ғана
орналастырады. Келесі бетте сол жақта ... кестенің жалғасы... және графа
номерлері көрсетіледі (2 мысал).
Мысал 2
Кесте 1
Ақша айналымының негізгі көрсеткіштері
2002 2003 2004 2005
Ақша массасы, М3 млн. теңге 172999 148549 273880 397015
Соның ішінде:
Айналымдағы қолма –қол ақшалар,9270,6 68728 103486 106428
млн.теңге
Қолма –қолсыз ақшалар 80203 79821 170394 290587
Ақша мультипликаторы 1,5 1,8 2,2 2,3
Ақша массасының айналысының 9,7 11,7 7,4 6,5
жылдамдығы

Иллюстрация. Иллюстрациялық материал (сурет, сызба, схемалар, диаграммалар)
зерттеу объектісін сипаттау немесе мәтінді (текст) жақсы түсіну үшін
қолданады.
Иллюстрациялық материал, қажетті ақпаратты қамтамасыз ететін, тікелей
мәтіннен соң орналасады немесе келесі бетте орналасады. Барлық
иллюстрацияларда курстық жұмысқа түсініктеме беріледі. Иллюстрация Сурет
сөзімен сипатталады, мәліметтерді түсіндірген соң қатардың ортасында
орналасады.
Жұмыстағы орналасқан суреттер (сызбалар, графиктер, схемалар,
диаграммалар) конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік
стандарттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Курстық жұмыстың иллюстрациялық материал түрлеріне схемалар,
диаграммалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мароэкономика
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МАШИНА ПАЙДАЛАНУ
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Беттердің рет саны
Экономика ғылымы ұланғайыр
Лекциялардың қысқаша конспектілер
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту
Жұмысқа керек материалдар
Пәндер