Византияның сыртқы саясаты мәселесі


КІРІСПЕ
Орта ғасырлардағы сыртқы саясат феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдеріне лайықты орнатылып, сол кезеңдердің ерекшеліктерін дәлме-дәл бейнеленеді.
Алдымен ол қатынастар бұрынғы Рим империясының қалдығындағы және Орталық, Солтүстік пен Шығыс Европада орнап, феодалдана бастаған варварлық державалардың мақсат-мүддесіне қызмет етті. Ақыры ірі феодалдық-абсолюттік монархиялардың өмірге келуіне байланысты орта ғасырлық дипломатия сол монархиялардың біріктіру саясатының құрамына айналды.
Ортағасырлық құрылыстың негізін крепостниктік қатынастар қалады. Бұл қатынастар оның алдындағы құл иеленушілік қатынастармен салыстырғанда едәуір озық қатынас болды. Феодалдық-крепостниктік қатынастар сонау ерте орта ғасырлардағы варварлық мемлекеттерде қалыптаса бастаған болатын. Бұл мемлекеттердің сыртқы саясаты да феодалдық-крепостниктік мақсат-мүддеге бағынышты болды. Неғұрлым көп жер басып алуға, әскери олжа түсіруге, тырысып, варварлық мемлекеттер бір-бірімен тынымсыз соғыстар жүргізді. Олар бұрынғы ұлы Рим державасының бір сынығы-шығыс Рим империясымен де қақтығысып отырды.
Дегенмен варварлық мемлекеттер өз сыртқы саясаттарын реттеу үшін өз ара да, көршілермен де еріксіз келісім жасауға мәжбүр болатын. Ерте орта ғасырлардағы жаңа саяси бірлестіктердің өте қарапайым түрін бейнелейтін дипломатия осылай туа бастайды.
Жас варварлық мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына кейінгі римдік империясының дипломатиялық дәстүрлерін ұстанған византия зор ықпал етті.
Бұл шығыстық дипломатияның өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, оның салтанатты рәсімі айлакерлігі мен қулық-сұмдығы, қиыннан қисынын тапқыштығы, қарсыластарды татуластыру шеберлігі, өз мақсатына жету жолында сауда-саттық, мәдени және діни байланыстарын пайдалана білу-осының бәрі орта ғасырлық дипломатияға үлкен әсерін тигізді.
Орта ғасырлық дипломатияға римдік дәстүрдің ықпалын күшейтудің басқа құралының бірі - күрделі халықаралық байланысы қалыптасқан, папалық жүзіндегі шіркеу болды. Папалық тек діни ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік те күш болды, өзінің территориясына арқа сүйей отырып, өте бай материалдық қоры мен қалың тыңшылары жүйесін пайдаланып, папство өзінің бірлігі мен халықаралық беделін Европада қайнап жатқан бытыраңқылық пен өзара қырқысқа қарсы қойып отырды.
Папалық өз үстемдігін нығайта түсу мақсатында ол қырқыстарды онан әрі өршіте түсуге бағытталған белсенді дипломатиялық әрекет жасап отырды. Осы жолда папа Римнің ұлыдержавалық саясатындағы әдістерінен бастап, шіркеуден аластау, сатқындық, тыңшылық және құпия қастандық сияқты қолынан келетін барлық амалдар мен тәсіл-құралдарды кеңінен пайдаланды. Мәселе орта ғасырлық қоғам негізінде натуралдық шаруашылық жүйесінің жатқандығында еді. Ол жүйе нашар дамыған өндіріс құрал-жабдықтармен бірге Европадағы экономикалық байланыс-тардың қалыптасуына кедергі жасап, саяси бытыраңқылықтың басты бір себебі болды. Жаулап алу негізінде құрылған мемлекеттік бірлестіктер берік болмай, оңай ыдырап кетіп жатты. Варварлық корольдіктер тағдыры осылай болды. Ерте ортағасырлық ірі мемлекеттік бірлестіктер: батыстағы Ұлы Карл Империясы мен Шығыстағы Рюриковичтер державасының ақыры да солай болды. Кейініректегі дүниежүзілік папа державасын, қасиетті Рим империясын құру әрекеттерінің сәтсіздіктері де сол себептермен түсіндіріледі.
Ортағасырлық Еуропадағы бытыраңқылық кезінің дипломатиясы қалыптасқан феодалдық-крепостниктік құрылыстың болмысын бейнелей-ді. Бұл кезде Еуроап көптеген ұсақ дербес мемлекет-сымақтарға бөлініп кетті. Сеньорлық-мемлекетке теңестірілді. Ірі жер иесі-тақсыр, ал мемлекет - оның вотчинасы болды. Мемлекет пен жеке иелік арасындағы шекара жойылды, жеке бас құқы мен көпшілік құқы арасындағы айырмашылық та жойылды. Осындай жағдайда жеке бастар арасы мен халықаралық қатынастар арасындағы айырмашылықтар да мәнісін жоғалтты.
Сюзерендер мен вассалдар қатынасын анықтайтын бағыныштылық жүйесіне қарамастан, әрбір ірі сеньория азды-көпті тәуелсіз сыртқы саясат жүргізді. Жеке бастар соғыс құқы жарияланды. Сүйтіп, құқ күшпен алмастырылды.
Бұл кездегі дипломатияның қызметі вотчинниктердің арасындағы көршісінің жерін, халқын жаулап алу үшін жүргізген қақтығысын тоқтатуға, айтыс-тартыс, дау-дамайды шешуге бағытталды. Кейде ол қызмет ірі мәселелерді, айталық, тақсыр-вотчиниктердің арасындағы ортақ жауға қарсы күресте (Батыс Еуропадағы мұсылмандар қаупі, феодалдық руське-татар-қыпшақ қаупі төнгендігі) туған айтыстарды, қайшылықтарды шешуге де бағытталатын. Мұндай дипломатияның үлгісін феодалдық Русь кезіндегі князьдік қатынастардан айқын көруге болады.
Дегенмен бытыраңқы феодалдық қоғам ішінде орталықтануға итермелейтін күштер де болды. Өндіргіш күштердің өсуі шаруашылық байланыстарының нығаюымен бірге жүрді, еңбек бөлінісі күннен-күнге дами түсті, ақша-товар қатынастары дамып келе жатты, ұлттар қалыптаса бастады, жаңа тап-буржуазия қалыптаса бастаған қалалар қатары өсті. Бұл буржуазия ұлттық рынокпен бір орталыққа бағындырылған өкіметтің құрылуына мүдделі болды. Бір орталыққа бағындырылған күшті өкіметтің құрылуына ірі феодалдар қыспағынан құтылуға тырысқан, өздерінің таптық үстемдігін нығайтып, шаруаларды қанауды күшейтуді көздеген ұсақ феодалдар да мүдделі болды. Нығая бастаған феодалдық монархияның одақтасы-шіркеу болды. Ол жергілікті сеньор билігінен құтылуға ұмтылды, ол саудаға тартыла бастады.
Франция, Англия, Испания мен Киев сияқты ірі феодалдық монархиялардың сыртқы саясаты мен дипломатиясы феодалдық бытыраңқылықты тоқтатуға, мемлекет территориясын біріктіріп, онан әрі кеңейтуге, қарсыластарынан әскери күш пен сауда жағынан қуаттылығын асыруға, одақтастар табуға бағытталды. Мұндай жағдайда дипломатиялық қызмет маңызды мемлекеттік іске айналды.
Оны ұйымдастыру мен қабылдауда жаңа заман дипломатиясына жақын белгілер көріне бастады.
Орта ғасырлық Еуропа дипломатиясында әсіресе Италия қалалары өте үлкен маңызды роль атқарды. Италияда басқа елдердегіден бұрын капиталисттік қатынастар қалыптаса бастады. Онда сауда мен қол-өнері дамыған Венеция, Генуя, Турин, Пьемонт, Флоренция сияқты тәуелсіз, дербес қалалар үздіксіз бақталастыққа болып, сыртқы рынок үшін күрес жүргізді. Олардың ешқайсысында - да қарсыластарын жеңіп, өзіне бағындырып, біртұтас Итальян монархиясын құруға жеткілікті күш болмады. Мұндай біругіге папа мемлекеті кедергі жасап бақты. Ватикан өте қарқынды сыртқы саудамен айналысатын Италия қалаларының сыртқы қатынастарын реттеу қажеттігі шебер ұйымдастырылған дипломатияны туғызды. Ол дипломатияда шығыс дәстүрі, оның ішінде Византия дипломатиясының дәстүрі, басым болды. Ал Итальян қалаларының дипломатиясы өз кезінде Европада қалыптаса бастаған абсолюттік монархиялардың дипломатиялық практикасына зор ықпалын тигізді.
Византия империясы мың жылдан астам уақыт өмір сүрді. Сол кезде оның сыртқы саясатының озық үлгісі жасалды. Ол үлгі тек Византияға қарыздар славян халықтары ғана емес, тәуелсіздік алғанына жиырма жыл да толмаған бұрынғы Кеңес Одағының республикалары үшін де өте пайдалы. Себебі Византияның сыртқы саясатындағы жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді білу, ескерту бүгінгіге сабақ, болашаққа бағдар бола алады. Сондықтанда Византия дипломатиясын терең зерттеп, оның озық үлгілерін меңгеру жас Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды мәселе деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осындай маңыздылығына қарамастан Византияның сыртқы саясаты мәселесі біздің елде зерттелмей келеді. Сол себепті де біз диплом жұмысымызды әрі қызықты, әлі зерттелмеген осы мәселеге арнадық. Аталмыш мәселе славян елдерінде (Болгария, Ресей, т. б. ) біраз зерттелген. Біз ол зерттеулерге диплом жұмысымыздың бірінші тарауында толығырақ тоқталамыз.
Тақырыптың деректік негіздері. Диплом жұмысымызды жазуда латын, грек тілдерінен орыс тіліне аударылған дерек көздеріне сүйендік. Олар «Юстинианның құқ жинақтары», «Эклога», «Егіншілік заңы», «Василики» деген құқтар жинағы, «прохирон» деген заңдар жинағы, «Эпанагога» деген жарғы, Анна Комнинаның «Алексиадасы», Прокопий Кесарийскийдің «Война с готами» деген еңбегі, т. б. Бұл деректерге сипаттама диплом жұмысымыздың бірінші тарауында берілді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазу барысында ерте орта ғасырларда ең қуатты болған, бірақ дамыған феодализм дәуірінде құлдырай бастаған «Византия» деп аталып кеткен Шығыс Рим империясының сыртқы саясатындағы жетістіктер мен кемшіліктерді ашып көрсету мақсатын көздедім. Ол мақсатқа үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек болды:
- Византия империясының құрылуын анықтау;
- жаңа империясының халықаралық жағдайын саралау;
- империяның халықаралық аренадағы көздеген мақсатын, оны жүзеге асыру жолдарындағы әдіс-тәсілдерін талдау.
Бұл мақсат, міндеттерді орындап шығу үшін тарих ғылымында қалыптасқан талдау , салыстыру , статистика , т. б. әдістерін қолдандым.
Диплом жұмысының құрылымы. Алға қойылған мақсат міндеттерге сай диплом жұмысымыз кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде таңдап алынған тақырыптың маңыздылығы ашып көрсетілген, диплом жұмысының мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістері, зерттелу деңгейі баяндалған. Бірінші тарауда дерек көздеріне және Византия империясының тарихына қысқаша шолу жасалған. Екінші тарауда халықтардың ұлы қоныс аударуы кезіндегі сыртқы саясатқа талдау жасадық. Үшінші тарауда Византия дипломатиясының принциптері баяндалады. Соңғы, сөртінші тарау Рим папасымен және франктер мемлекетімен қарым-қатынас кезіндегі саясаттың әдіс-тәсілдеріне арналды.
І-ТАРАУ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ
Византия империясының оның сыртқы саясатының негізі болып табылатын әлеуметтік экономикалық қоғамдық құрылысы туралы біраз құнды дерекнамалар біздің заманымызға дейін сақталып жеткен. Солардың ең алғашқылардың бірі - Юстинианның азаматтық құқ жинақтары. Ол 529 жылы жазылып біткен, 534 жарияланған, 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім - Дигесталар (лат. «собранное») 50 кітаптан тұрады. Оларда атақты Рим заңгерлерінің еңбектерінен алынған ережелер мен қағидалар келтірілген. Дигесталар кейінгі Рим мен Византияның империясы жайлы өте құнды деректер кездестірді. Олардың негізгі жеке бас құқының мәселелері құрайды. Мұрагерлік өсиет, неке - отбасы, мүлік, өзара айырбас, сауда-саттық, қарыз алу, беру мәселелері қамтылған.
Сондай-ақ қылмыстық құқ пен іс жүргізу көптеген халықаралық құқ мәселелерін де қарастырған. Бұл құжаттық ескерткіш ІҮ-ҮІ ғасырлардағы қоғамдық қатынастардың даму барысын көрсетеді.
Жинақтың ІІ бөлімі Юстиниан кодексі. Ол құқ мәселелерінің кең шеберін қамтиды. Басты назар жеке бас құқына аударылған, әкімшілік қылмыстық құқыққа аз мән берілген. Кодексте құқықтың негізі мен жоғарғы әкімдердің, ұлықтардың міндеттері ерекше атап көрсетілген. Юстиниан кодексінің кең көлемді мазмұны оны өте құнды тарихи дерекке айналдырған. ІІІ бөлімнің Юстиниан институциялары құрайды. Ол Рим құқын пайдалануға басшылық материал. Өзінің заңды бұлжытпай орындау жөніндегі нұсқауларында Юстиниан жаңа қабылданып жатқан заңдардың мәні-маңызын, бұрынғы заңдармен байланысын көрсетеді. Бұл құжат ҮІ ғасырдың ІІ жартсында жазылған. Сол кездегі Византиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірді зерттеуде өте құнды дерек боп табылады. 169 Юстиниан новеллалары дәл сол күйінде сақталған. Олар грек тілінде жазылған.
Новеллалар бойынша неке және мұрагерлік құқтарын елеулі өзгерістер енгізілген. Құлдардың, колондардың және еріктілердің жағдайында жаңа өзгерістер болды. Новелларларда шіркеу істеріне, үстемдік етуші дінді қорғауға көп көңіл бөлінген.
Көптеген новеллалар өкімет басшылығындағы өзгерістерге арналған. Жаңа басып алынған жерлердегі азаматтық және әскери билік мәселелеріне ерекше новеллалар арналған.
Византия империясының қалаларындағы қоғамдық құрылыс туралы құнды дерек Х ғасырдың басында жазылған. «Эпарх кітабы». Ол қалалық басқарманың шығарғын жинағы. Қолөнер мен сауда корпорацияларға біріккен. Корпорацияға қосылмаған қолөнершілер ешқандай артықшылықтармен пайдаланбаған және өкімет тарапынан сүйеушілік көрмеген. Ондай қолқнершілер корпорация тарапынан қуғынға ұшырайтын. Қолөнершілерден гөрі саудагерлер корпорациялары көп жеңілдіктермен пайдаланған. Кейбір ауқатты шеберлер құл еңбегңн, сол сияқты жалдамалы қызметкерлер - мистилер еңбегін пайдаланатын болған. Корпорациялар өздеріне заказ беретін өкіметке тікелей тәуелді болды. Мемлекет корпорациялардың ұсақ-түйек мәселелеріне шейін кірісетін және оларға қазымырлықпен бақылау жасайтын.
Өндірістің аумағы, шеберханалардың көлемі және шикізат запасы, сауда жасайтын орын мен уақыт бәрі-бәрін корпорациялар емес, қалалалық эпархтың чиновниктері белгілейтін және оны мемлекеттік қазынаның мүддесімен ұштастырып отыратын. Осы кезеңдегі константинопольдік корпорацияларда батыс европалық цехтармен біршама ұқсастық байқалатын еді.
Келесі құнды дерекнамалардың бірі - «Эклога». Ол 726 жылы император ІІІ-Лев Исаврийский басып шығарған қысқа заңдар жиынтығы. Жинақтың мақсаты - жеке меншіктік принципін нығайту болды. Бірақ эклогада семья басшысының билігі шектелді.
Сүйтіп ол патронимияның беделін төмендетті. Кіші, шағын семьяны қолдады. Бұл әрекет славяндар ықпалының нәтижесі еді. ІҮ-ҮІ ғасырлардағы көп сөз болатын тәуелді шаруалар колондар туралы эклогада ештеңе айтылмаған. «Эклоганың» кейбір статьялары сол кездегі саяси жайғдай талабын - халифатпен соғыс кезіндегі мұқтаждықты бейнелейді. Жауға қарсы соғысқа қатысқан құлдарға бостандық берілетін болды; соғыста түскен олжаны бөлу тәртібі белгіленді.
«Эклога» орталық басқару жүйесін нығайтуды да көздеді. Оның кіріспе бөлімінде төрешілердің халықтан пара алмауы ескертіледі. Құдайдан безгендерді жазалау шаралары белгіленген. Әсіресе манихейлер мен монтанистер қатаң қудаланды.
ІХ ғасырдағы Византия империясының қоғамдық құрылысы туралы құнды дерекнама - «Эпанагога». Ол 880 жылдары император І-Василийдің (867-886) атынан құрастырылған византиялық құқтар жинағы. Кейін Василийдің балалары ҮІ Лев (886-912) пен Александр (912-913) бұл жинақты толықтырған. Эпанагоганың көп бөлігі компилятивті сипатта құрылған. Ол көптеген Прохирон мен Эклога нормаларын қамтыған. Біраз жаңа ережелер де енгізілген. Мысалы патриарх билігі туралы дінбасылардың құқы жөнінде «Патриарх билігі император билігін толықтырады» деп көрсетілді.
Византия империясының қоғамдық құрылысы жөніндегі ең құнды дерекнамалардың бірі «Егіншілік заңы». Ол ауылдық жердегі құқ қатынастардың белгілейтін қысқаша юридистикалық жинақ. Кіші Азияда ҮІІ ғасырдың аяғы, ҮІІІ ғасырдың басында құрастырылған болса керек. Кәдімгі құқты Рим құқтық нормалармен, библиялық қағидалармен ұштастыра отырып жазылған. ҮІІ ғасырдағы Византияға славян және басқа халықтардың келіп қосылуынан кейінгі деревняны зерттеу жөніндегі өте құнды дерек. Ол византиялық шаруалардың күнделікті өмірінде басшылыққа алып отыратын құжатты. Бұл заңның нормалары Юстиниан заңдарының жинағынан кейінгі аграрлық қатынастардағы өзгерістерді көрсетеді.
Византия империясы 395 жылы құрылды. Сол жылы император Федосий-І қайтыс болды. Ол өлер алдында империясының Батыс бөлігін үлкен ұлы Гонорийге, Шығыс бөлігін кіші ұлы Аркадийге берген болатын. Шығыс бөлігінің астанасы Константинополь қаласы болды. Ол алғаш Византий деп аталған. Оның негізі біздің заманымызға дейінгі 660 жылы қаланған 324 жылы Рим империясының астанасы деп жарияланды. 330 жылдан бастап Константинополь деп аталды.
Бұл қала астанаға айналғаннан бастап Рим империясы жікке бөлінді. 395 жылы бұл жікшілдік бөлінумен тынды. Империяның Шығыс бөлігі көбінесе оның астанасының бұрынғы атымен Византия деп аталып кетті. Рим империясының астанасын Босфор бұғазына көшірудің экономикалық, мәдени, саяси маңызы болды. Себебі ол Европа мен Азияның арасындағы Қара теңізбен Эгей теңізі арасындағы жолдарының қиылысатын жерінде болды. Ол Шығыс пен Батыс аралығындағы «Алтын көпір» деп аталады. Константинополь құрғақтан да, судан да жақсы қоршалған әскери-стратегиялық орталық болды.
408 жылы 1 мамырда император Аркадий-ІІ өлді. Енді таққа жасы кәмелетке жетпеген «Кіші» ІІ-Феодосий отырды. (408-450) . Билік тізгіні бұрынғысынша Анфимидің қолында болды. Иранмен ара қатынас жақсара түсті. Осы мақсатпен император Аркадий өлер алдында парсы патшасы І-Иездегерді (399-420) өзінің артында қалып бара жатқан жас баласы Феодосийдің қамқоршысы, тәрбиешісі болуын өтініп еді.
Иездегерд келіскен. Сол себепті Персияда христиандарға деген көзқарас та өзгерді. 412 жылы оларға Персия мемлекетінің ішінде ерекше христиан шіркеуін салуға рұқсат етілді.
414 жылы өкімет билігінде елеулі өзгеріс болды. Енді билік тізгіні жас императордың әпкесі 16 жасар Пульхерияның қолына көшті. Ол өте қу, айлакер еді. Жас император толығымен Пульхерия ықпалында болатын. Сондықтанда оның әпкесі барлық билікті інісі атынан өзі жүргізді.
«Пульхерия төңірегіне пайда табуды ойлаған пысықтар құмырсқадай үймеледі. Пульхерия кезінде қандай да болса қызмет аукционнан сатылғандай таратылатын еді» * , дейді оппозициядағы тарихшылар. Константинополь провинцияларды майлы жілікше соруын бұрын соңды болып көрмеген дәрежеге жеткізді. Жергілікті кұл иеленушілерді күйзеліске ұшыратып, елді жиі-жиі ашаршылыққа ұшыратты. Әсіресе 419 жылғы ашаршылық күшті болды. 416 жылы әкімшілік аппаратта тазарту жұмысы жүргізілді. Үмітті ақтамаған, көңілден шықпаған, сенімсіздік танытқан әкімдер жұмыстан қуылды. Осы кезде Константинопольдің ктиторлар қызметті ақшаға сатып алып, қарық болып қалды.
Ерікті адамдар сауда-саттық істерінде бай адамдардың қолжаулығына айналды. Байлар солардың атынан мал-мүлік, т. б. иеліктерді сатып, немесе алып отырды. Қала тұрғындарының арасында патронций деген тарай бастады. Кейбір қолөнершілер мен саудагерлер хрисаргирден құтылу үшін бұл салықтан босатылған ақсүйектер үйінің мүшесі болып жазылуды шығарды. Бұл әрине тегін емес, бірақ ақсүйекке хрисаргирден әлдеқайда аз ақы берді.
418 жылғы 21 тамыздағы жарлық бойынша патронцийге қатаң тиым салынды.
Әскер ісінде де біраз өзгерістер болды. Енді варварларды әскерге бұрынғыдай тайпасымен, көсемімен емес, жеке-жеке алатын болды. Офицерлер негізінен грек ұлтынан дайындалды. Әскерді ұстау қымбаттай бастады. Өкімет адерация саясатын жүргізді. Бұрынғы азық-түлікпен, мал-мүлікпен төленетін салықтар ақшалай салықпен алмастырылды.
1) Пульхерия сыбайластары Константинопольдік текті ақсүйектердің мақсат-мүддесін қорғады. Олар Константинопольдің астаналық жағдайын
*История Византии. М., 1967. т. 1 стр. 186
тиімді пайдаланып қалуға тырысты.
2) Бұл топқа императрица Евдоксия (ІІ-Феодосийдің әйелі) мен Кир деген префект (әкім) бастаған ктиторлар (ірі меншік иелері, шіркеу старосталары), зиялылар (интеллигенция) қарсы тұрды.
3) Египеттің ірі саудагерлерімен тығыз байланыстағы константинопольдік іскерлер (дельцы) партиясы жоғарыда аталған 2 топқа бірдей қарсы тұрды. 425 жылы Константинопольдегі жоғарғы оқу жүйесін кеңейту жөнінде жарлық шықты.
Константинополь университетінің материалдық жағдайы нығайтылды. 429 жылы заңдар жинағын жасау комиссиясы құрылып, іске кірісті.
Ол комиссия 438 жылы ақпанда жинақты жасап шықты. Кодекс елді басқаруды, сауда-саттық қатынастардың жақсартуға үлес қосты.
413 жылы «Константинопольде Феодосий дуалдары - қабырғалары тұрғызылды». Дунай өзені бойында да қамалдар тұрғызылып, флот құрылды. Балқан жарты аралығындағы қалалардың айналасында да қабырғалар (дуалдар) салынды. 441 жылы билік Александрия патриархын ашық қолдаушы Хрисафий деген евнухтің қолына тиді. Оның саясаты константинопольдік сауда-қаржы иелерінің мүддесін көздеді. Олар Египеттен байланысты нығайтуды қалады. Хрисафий билігі кезінде 446 жылы сенаттың заң актілерін міндетті түрде 2 қайтара оқып шығып, талқылауы керектігі туралы жарлық шықты. Пульхерия бастаған топ Хрисафий билігіне қарсы тұрды.
Сарай топтарының бұл өзара кикілжіңіне цирктік ұйымдар да тартылды. Олардың арасында қарулы қақтығыстар орын ала бастады. Бұл спорттық бірлестіктер мен қоғамдардың белсенділігінің артуы Ү ғасырлардың 40 жылдарындағы гундер қаупіне байланысты болды. Осы сыртқы қауіптен қорғану мақсаты спорттық қоғамдардың саяси қоғамға айналуына себеп болды. Олар димдер деп аталды. Бастылары венеттер (ақсүйек-әкім-билерден құрылған), мен прасиндер болды. Соңғысы қолөнершілер мен саудагерлер мүддесін қорғады.
Бұл партиялар цирктерде, ипподромдарда құрылған, қазіргі фанаттар сияқты. Ойындар мен ат жарыстарының барысында жанкүйерлер партиялары қалыптасты. Ол партиялар возницалардың киімдерінің түсіне қарай бөлінді. «Венет» - көк, ал «прасиндер» - жасыл. Димдердің сайланып қойылатын басшылары болды.
Сондай-ақ қызметкерлері мен күйме артистері, қонақ үйге ұқсас үйлері, аттары, ақша қазынасы болды. Алғаш димдер таза спорт ұйымдары болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz