«Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу»


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу»

Орындаған:

3-курс студенті Шарғынбаев А. К.

Ғылыми жетекшісі:

ғылыми дәрежесі

з. ғ. к., доцент Нұрмухамбет Д. Ы.

Нормабақылаушы:

«__ » 2010 ж.

Қорғауға жіберілді:

кафедра меңгерушісі,

з. ғ. к.

«__ » 2010 ж.

:
:

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТКІРІСПЕ1 ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ1. 1 Қылмыстық ісі жүргізу қатынастарында жеке айыптаудың түсінігі мен мәні1. 2 Жеке айыптау айып тағудың бір түрі ретінде және оның қылмыстық-материалдық және қылмыстық-процессуалдық аспектілер бойынша түсінігі1. 3 Жеке айыптауды өзіндік айып тағудың түрі ретінде жеке -даралық негіздері2 ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ2. 1 Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері2. 2 Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық істерді сотта қарастыру ерекшеліктеріЖеке айыптау өндірісіндегі прокурордың орныҚОРЫТЫНДЫПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІҚосымша:

РЕФЕРАТ

КІРІСПЕ

1 ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

1. 1 Қылмыстық ісі жүргізу қатынастарында жеке айыптаудың түсінігі мен мәні

1. 2 Жеке айыптау айып тағудың бір түрі ретінде және оның қылмыстық-материалдық және қылмыстық-процессуалдық аспектілер бойынша түсінігі

1. 3 Жеке айыптауды өзіндік айып тағудың түрі ретінде жеке -

даралық негіздері

2 ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері

2. 2 Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық істерді сотта қарастыру ерекшеліктері

  1. Жеке айыптау өндірісіндегі прокурордың орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымша

34-78-318-1516-2324-3132-5532-3839-4949-5556-5859-6465-67:

3

4-7

8-31

8-15

16-23

24-31

32-55

32-38

39-49

49-55

56-58

59-64

65-67


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда Конституциясының қабылдануымен басты құндылығы адам, оның құқығы мен бостандығы болып табылатын демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру туралы ұран тасталды. Саяси тоталитарлық мемлекеттен құқықтық мемлекетке өту жағдайында қоғамда адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарда айтарлықтай өзгерістер болды. Мемлекет тұлғалардың құқықтары, еркіндігі және заңды көзқарастарының қорғалуы - үкіметтік билік органдарының басты міндеттердің бірі екендігін мойындады.

Елде жүргізілген кең ауқымдағы құқықтық реформа адам іс-әрекетінің барлық сферасындағы түпкі өзгерістерге, құндылықтарды қайта бағалау, халықаралық стандарттар, құқықтық нормалар мен қағидаларға сәйкес, мемлекеттік заңнамаларды жақсарта түсуге деген қажеттілікке алып келді. Тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына сүйене отырып, барлық салалық заңнамалар, оның ішінде қылмыстық-процессуалдық та өзгертіліп, жақсартылуда.

Қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық кодекстің концепциясы институттар, нормаларды қайта құрастыру мен «жазалаушы органдардың озбырлықтарынан сақтаудың кепілі болып табылатын, қорғаушы типті» сапалы, жаңа қылмыстық үрдіс құруды алға тартады. Осыған орай, қылмыстық сот ісін жүргізудің жеке және бұқаралық бастамаларының дифференциациясына қатысты сұрақтар туады. Себебі, мемлекет пен тұлғалар арасындағы қатынастар сипаты осы елдің, және де оның құқықтық жүйесінің шынайы түрін анықтайды.

13 желтоқсан 1997 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық кодексінің негізгі ерекшелігі болып, қылмыстар тізімінің кеңеюі табылады. Ол бойынша іс қозғау бойынша бастама мен аяқтау шаралары, яғни қылмыстық істің тағдыры жәбірленушінің еркіне және оның айыпталушымен ымыраға келуімен байланысты. Сәйкесінше, қылмыстық іс жүргізудің жариялылық түрі жеке (диспозитивті) бастамаларға кең тұрғыдан енгізілуде. Мұнда заң шығарушының әділдігін ескеру керек және ең алғашқы рет сот ісін жүргізу тәжірибесінде жәбірленушінің құқықтарының қамтамасыз етілуі мен маңызын көтеріп отыр.

Біз қылмыстық сот ісін жүргізудегі диспозитивтілік элементерін кеңейту заңшығарушының екі жақтың да құқықтарын толық ескеруі мен азаматтардың көзқарастарын түсінуіне, қылмыстық-процессуалдық іс-әрекеттерді гуманистік және бұқаралық-құқықтық бастамамен үйлестіруге ұмтылысын арттыруға себепші болады дейтін ғалым-процессуалистердің ойымен толықтай келісеміз.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Мемлекеттің еркі қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың шешімдері мен іс-әрекеттерін өзіне бағындыра алатын қылмыстық процесстің жариялылық бастамасынан, кезеңдері мен институттарынан көрініс табады. Прокурор, тергеуші және істің ақ-қарасын анықтайтын органға міндеттер қоя отырып, қылмыстың іс қозғау және әрбір заң бұзушылықтардың белгісі байқалған жағдайларда іздестіру жұмыстарын жүргізуге кірісу керек (ҚР ҚІЖК-нің 36-бабы), осылайша мемлекет тәртіптің қатаң, үлгілік моделін жасай отырып, оларға шешім қабылдауда екі жақ арасында таңдауға қалуға альтернативалар ұсынбайды. Оның үстіне жәбірленуші көзқарасы мен позициясына, оның өз құқықтарының орындалуын талап етіп, етпеуіне аса назар аударылмауы тиіс.

Әртүрлі кезеңдердің қылмыстық-процессуалдық заңнамаларында жариялылық және жеке бастамалар мазмұны толығымен ашылмақ түгілі, олар туралы ештеңе айтылмайтын да. Қылмыстық-процессуалдық теорияның даму кезеңінде кеңес ғалымдары берілген терминологияны мүлдем қолданбады, тіпті осы бастамалардың мәнін түсінуге ынта-жігер байқатпады. Тек Кеңестік Ресейге дейінгі кезеңнің ғалымдары (И. Я. Фойницкий, В. К. Случевский және т. б. ) қылмыстық іс жүргізу сферасында екі бастаманың бар екендігін мойындады және оны түсіндіріп өтуге тырысты.

Қоғамдық және жеке көзқарастардың, мемлекет пен тұлғалардың арақатынасы, жариялылық пен диспозитивтілік категорияларында көрінеді. Егер қылмыстық процессте «бұқаралық бастау» түсінігі аз жетілдірілген болса, ал «диспозияциялық бастау» түсінігі тіптен аз қарастырылған.

Кеңестік процессуалды әдебиеттерде алғашында диспозитивтілік тек қана қылмыстықта емес, сонымен қатар азаматтық сот ісін жүргізуде де теріске шығарылды. Қазіргі таңда диспозивтілік субъектілердің диспозитивті бостандығын (құқығын) бере отырып, өздерінің материалдық және процессуалдық құқықтарын қорғап шығуға мүмкіншілік береді.

Жеке істің басы сот ісінің жариялылығымен бірге қылмыстық-процессуалдық іс-әрекет сферасын құрайды, мұнда нақты адам өз құқықтары мен көзқарасын қылмыстық-процессуалдық заңнама шегінде қорғай алады, қамтамасыз ете алады.

Қылмыстық процесс сферасында диспозитивтілік элементері, жеке бастамалардың шығуы қылмыстық ізге түсу, жеке және жекелік-жариялық айыптауларды жүзеге асыруда ерекше қаралады (ҚР ҚІЖК 32-бабы, 2-тарау) . «Барлық осындай жағдайларда жәбірленушінің жеке көзқарасы қылмысты ашу мен жауапкерді жазалаудан маңыздырақ деп танылады».

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Құқықтық әдебиеттерде жеке айыптаудың проблемалары Н. А. Неклюдов, А. К. Резон, Н. Н. Розин, Д. Г. Тальберг, Л. Я. Таубер, И. Я. Фойницкий және т. б. көтеріліске дейінгі кезеңдегі атақты орыс проссесуалистерінің ғылыми зерттеулері мен еңбектерінде көрініс тапқан. Өткен ғасырдың 20-сыншы жылдарында жеке айыптау В. В. Зенькович және Н. Н. Полянскийлердің еңбектерінің зерттеу пәні болды. Сосын бұл құқықтық институт 60 жылдарда қылмыстық айыптаумен Н. Я. Калашников, К. Ф. Гуценко, одан кейін В. П. Божьев, С. И. Катькало, Л. Д. Кокоревтар айналысқанға дейін заңгерлермен жөнсіз ұмытылып кетті. Соңғы жылдары бұл А. В. Еремян, А. М. Ларина, А. С. Мамыкина, И. Л. Петрухина, Ю. Е. Петухова, О. И. Роговой, П. С. Яни сияқты ғалымдардың зерттеу пәніне айналып отыр.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай республикадағы заң бұзушылықтардың қарқынды өсуімен құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстарға басты назар аударуда. Сонымен қатар қоғамдық қауіп тудырудың аса үлкен емес деңгейінде жүретін, бірақ бұқаралылыққа қарағанда жеке намыстарға тиетін заң бұзушылықтар да жазасыз қалдырылып жатқан жоқ. Сондықтан, қылмыстық процесстің барлық кезеңдерінде жәбірленуші құқықтарынның қорғалуы мен сақталуы, айыптаушы жақтан қатысушы субъектілерді белсене қатыстыру шынайы өажеттілкке айналып отыр. Көрсетілген жағдай өз кезегінде сот ісін жүргізудегі «жеке айыптауды» жетілдіруді талап етеді. Ол бойынша азаматтардың жеке көзқарастарын ескеру, қылмыстық қол сұғушылықтардан зардап жеккен жәбірленуші көзқарасын ескеру оңай жүргізіледі.

Осылайша, қазіргі таңда жеке айыптау институты жаңа тарихи жағдайларға байланысты ғана емес, сонымен қатар кешендік зерттеу, ғылыми тұрғыдан оның мәні мен дефинициясын анықтау, құқықтық табиғатын ашу, ары қарай жетілдіру жолдары мен себептерін қарастыру сияқты талдауларды қажет етеді.

Зерттеу нысаны ретінде қылмыстық сот ісін жүргізудегі жеке айыптау институтының қызмет етуімен байланысты құқықтық қатынастар жиынтығы алынды.

Зерттеу пәні болып , жеке айыптау институтын теориялық жетілдіру мәселесі табылады.

Жұмыстың мақсаты жаңа конституциялық әдістер мен құқықтық ғылымның жеткен жетістіктері негізінде жеке айыптаудың мәні, ерекшеліктері мен мағынасын зерттеу, түрлі қылмыстық-процессуалдық сұрақтарды шешуде жаңа жолдарды қолдану мүмкіншіліктерін, қылмыстық жеке бастамалардың кеңейтілуін сараптау.

Дипломдық жұмыстың теоретикалық маңыздылығы зерттеу шегінде жеке айыптау институтының мәнін анықтау болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік негізін объективті іс-әрекеттілікті ғылыми танудың диалектикалық әдісі, және де философияның әдістемелік негізі, жалпы құқық теориясы құрайды. Зерттеуде танудың арнайы әдістері: жүйелі-құрылымдық, логикалық, статистикалық, әлеуметтік, тарихи, салыстырмалы-құқықтық және т. б. әдістер пайдаланылды.

Заңдық мәліметтер көзі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы нормалары, ҚР қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамалары және басқа да нормативтік құқықтық актілер қолданылды.

Зерттеудің теориялық негізін жеке айыптау мәселерімен айналысқан ғалымдардың еңбектері құрады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы қойылған талаптарға сай келеді. Дипломдық дұмыс кіріспеден, алты тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖЕКЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

1. 1. Қылмыстық істерді жүргізудің құқықтық қатынастар сферасындағы жеке айыптау түсінігі мен мәні

Қылмыстық жеке айыптаулардың бастамасымен қылмыстық процесстің тарихы басталды.

Бұл термин туралы революцияға дейінгі кезеңдегі әдебиеттерде айтылып кеткен. В. А. Случевский жеке бастама деп, процессте жеке тұлғалардың ерікті іс-әрекетінің басталуын айтады және қылмыстық процесстің жариялылық көзқарасымен жеке қатысушылардың да көзқарастары ескеріледі, оларды шектеу үшін «бастама процесінің шектеуші жариялылық принципі» яғни, процесстегі жеке тұлғалардың ерікті іс-әрекеттерін шектеу жүргізіледі, оның күшімен заң белгілеген шекте сот өз құқықтарын қорғау түрлері бойынша қатысушы жақ мойындаған осы іс-әрекетті қозғай алады [2, 69б] .

Қазіргі таңда қарастырылатын құқықтық құбылысты белгілеу үшін «жеке бастама» термині қолданылады, ол көп жағдайларда көпше түрде «жеке бастамалар» деп те беріледі. Заңнамаларда ол қолданылмайды және шартты ұғым болып табылады. Процессуалдық әдебиеттерде оны қылмыстық сот ісіндегі әртүрлі сұрақтар бойынша шешім қабылдауда нақты адамның еркін ескеретін жағдайларды сипаттау үшін қолданады.

Егер жариялық бастама мемлекеттік көзқарас сферасына тарайтын болса, соған сәйкес басымдылыққа мемлекеттік билік органдары ие болады, ал қоғамдық қатынастарды реттеу орталықтандырылған болады және жеке, дербес көзқарастар сферасын анықтайтын субординация бастамаларында құрылады. Мүнда құқықтық басымдылық жеке адамдарға - азаматтарға тиесілі болады, ал пайда болған құқықтық қатынастарды шешуге қатысатын мемлекеттік органдар және оның лауазымды тұлғалары өздерінің іс-әрекеттерін адамның еріктік қалуымен үйлестіруі қажет.

Дегенмен, қылмыстық қудалау жеке және жеке-бұқаралық сипатта жүретін

заң бұзушылықтар тізімі кеңейтіліп, қылмыстық-процессуалдық заңнамада қылмыстық ізге түсудің жариялылық қағидасына сәйкес іс-әрекет сферасы айтарлықтай тарылтылды. Сонда да жариялылық идеясы қылмыстық-процессуалдық іс-әрекеттің барлық сфераларында көрініс тапқан. Жеке бастама идеясы процесске қатысушы жеке субъектілер арасындағы қатынастарды реттейтін қылмыстық-процессуалдық заңның нормаларында және қылмыстық-процессуалдық құқық құрылымында қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерін реттейтін, салыстырмалы түрде алғанда құқықтық нормалардың үлкен емес, тұрақты тобына біріктіретін құқықтық институт ретінде шығады. Қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке бастама институты нақты тұлғаның - процесске қатысушы және жариялылық бастамасы сферасымен қамтылмаған мүшенің ерік білдіруіне байланысты құқықтық қатынастар пайда болған жағдайда күшіне енеді. Жеке бастама қылмыстық істе билеп-төстеуші ретінде азаматтар қатысатын ерік бостандығының оқшауланған, өзіндік зонасын құрайды. Бір жағынан, осы зонада көрсетілмеген басқа жағдайларда мемлекеттік органдардың басып кіруіне рұқсат етілмейді. Ал, екінші жағынан мемлекет жеке тұлғадардың тілегі мен әрекеттерін мойындап қана қоймай, сонымен қатар оны қорғай білуі тиіс.

«Жеке бастама» термині тұлғаның құқықтық еркін білдіру мүмкіндігін білдіреді, ол өз құқықтарын қорғаушы тұлға сүйенетін негіз болып табылады.

«Жеке» - қоғамдық емес, мемлекеттік емес, тек бір жеке-дара тұлғаға тиесілі дегенді білдіреді. «Бастама» - ол негіз, түпдерек, негізгі жол-жоба [3, 71б] .

Қылмыстық процесске қатысты жеке бастаманы көпжоспарлы құқықтық құбылыс ретінде түсіну қажет және оны әртүрлі мағыналық тұрғыдан қарастыру керек.

Ең алдымен бұл - қылмыстық іс жүргізуде қалыптасатын көптеген жағдайларды шешудің заңмен анықталған әдістемесі. Құқықтық қатынастардың өзіндік пайда болу, тоқтатылу және өзгеруі нақты жеке тұлғаның еркі мен көзқарасына байланысты болады.

Жеке бастама тұлғаның өз қалауы бойынша іс-әрекетінің бастапқы, жіберілетін, бекітілетін құқықтық жағдайын көрсетеді.

Жеке бастаманы анықтайтын қалыпқа сәйкес, қылмыстық процесске қатысушы тұлға қандай жағдайда не істеу керек екендігін өзі шешеді. Дегенмен, адам тек қана заң белгілеген шекте өзінің қалауын жүзеге асыра алады.

Заңгер адамға бұлай ойла, немесе басқаша ойла деп бұйрық бере алмайды, бірақ, оған белгілі бір қалыппен әрекет етуді міндеттейді немесе басқа таңдау үшін альтернатива ұсынады. Қылмыстық процессте байқалатын әрбір жеке тұлғаның еркін білдіруі тек қана заңмен бекітілген шек көлемінде болады. В. И. Рогованың көрсеткеніндей, адамның өзін өзі ұстаудағы бостандығын шектеу - олардың құқықтарын жоққа шығару деген сөз емес, қайта заңды кепілдіктің құқықтық қамтамасыз етілуі [4, 67б] .

Жеке бастама қылмыстық процесстерде нақты бір адамның, яғни процесске қатысушының тек қана ерігімен көрінеді. Дара тұлғаның ерігі жеке іс қозғалатын негізгі элемент болып табылады. Адамның ерік-жігері буралы ары қарай толығымен қарастырудың аса маңызы жоқ, себеі ол психологияның зерттеу пәні болып табылады. Дегенмен, құқықтық қатынастарда ерік таныту сәттері өзіндік ерекшелік пен спецификаға ие болады.

Ерік - бұл адамның өз іс-әрекетімен мақсатты бағытталған реттелуі немесе іс-әрекет таңдау қабілеттілігі мен оның жүзеге асырылуы үшін ішкі күштердің болуы.

Ойластырылған және мақсатқа бағытталған адамның еріктік іс-әрекеті өте күрделі сипатта болады. Профессор И. Е. Фабер адамның өз еріктілігін көрсетуінің үш кезеңін көрсетеді. Бірінші кезеңде адам өзін іштей дайындайды. Міне осы жерде шешім қабылданады. Екінші кезеңде нақтылық пен белгілі бір тұлғаның жігерлілігін қажет ететін қабылданған шешімнің жүзеге асуы жүреді. Еріктік іс-әрекет қойылған мақсатқа жетумен аяқталады. Ал, үшінші кезең адамның болашақ іс-әрекеті үшін үлкен маңызға ие болатын жасалған жұмысты бағалау болып табылады [5, 16б] .

Құқық ерікті білдірудің күрделі сипатын ескере отырып, ең бастысы адамның іс-әрекетін реттейді. Есепке ең алдымен тұлғаның ішкі ниеттері емес, іс-әрекеттің объективті нәтижелері алынады. «адамның саналы әрекет етуінің ең тиімді қабілеттері: өз ісіне жауап беруі, залал келтіруінің материалдық және рухани зардаптарын есептей алуы, адами тұлғаның шынайы қасиеттерін көрсете алуы болып табылады. Адамның іс-әрекетін құқықтық реттеу қажеттілігі осы тұлғаның саналы әрекет етуінің объективті қабілетін ескереді».

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың өзіндік еріктілігін анықтап, өз тілектерін көрсете алуы заңды және заңсыз түрде болуы мүмкін. Адамның заңды түрде еркін білдіруі құқықтық қатынастарды құру, өзгерту немесе тоқтатуға бағытталады және ол үшін ең маңыздысы адамның заң қабылдаған мүмкіндіктер және әрекеттер арқасында өзіне міндет ала алатын құқықтық қабілеттілігі және іс-әрекет қабілеттілігі болып табылады.

Мемлекетпен жалпы (абстрактлы) мүмкіншілік ретінде мойындалған құқықтық қабілетке барлық азаматтар ие болады. Ол адамның туылған кезінде қалыптасып, қайтыс болғанында тоқтайды.

Әрекет ету қабілеттілігі (дееспособность) субъектің тек құқық пен міндеттерге ие болу мүмкіншілігін ғана емес, сонымен қатар, өзінің жеке іс-әрекеттерімен сол мүмкіншіліктерді жүзеге асыра алуы, нәтижесіне жауапкершілік алуы, құқықтық қатынастардың мүшесі бола алу қабілеті болып табылады 1 .

Қылмыстық-процессуалдық құқық - құқықтық қәбілет және іс-әрекет қабілеттілігі деген ұғымдарды білмейді. Дегенмен, құқықтық әдебиеттерде бұл ұғым туралы айтылады және қылмыстық-процессуалдық құқықтық-субъектілік тұлғаның жасы, істің мәнін дұрыс түсінуге, дұрыс ашуға, өз іс-әрекетінің маңызы мен нәтижесін, мемлеткеттік және басқа да орган қызметкерлерінің іс-әрекетін сараптауға мүмкіндік беретін оның физикалық және саналық дамуымен анықталады [6, 78б] .

Қылмыстық процессте тұлғаның еркін білдіруіне байланысты шешім қабылдау кезінде ол адамның өз іс-әрекеттеріне толық есеп бере алуын және басқара алатындығын ескеру керек. Егер тұлға кәмелеттік жасқа толмаған болса, немесе психикалық, физикалық кемшіліктерінің, басқа да себептерге байланысты өз құқықтарын қорғай алмайтын болса, онда осы адамның көзқарасын заңмен тағайындалған өкіл немесе прокурор қорғайды. Егер жәбірленушінің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғау кезінде жәбірленушінің жағдайы нашар болып, қандай да бір себептермен өз құқығын қорғай алмайтын жағдайында ҚР ҚІЖК-нің 34-бабы, 33 тараудың 2-тармағына сәйкес оның көзқарасын прокурор қорғауы тиіс. Оның шешімі жәбірленушінің еркін білдіру актін алмастырады және оның пайдасына бағытталады. Осындай жағдайда прокурор қылмыстық іс қозғау қаулысы бойынша өз шешімін заңға сәйкес дәлелдеп, негіздеуі тиіс. Қылмыстық іс қозғау кезінде прокурормен ҚР ҚІЖК-нің 177- бабы, 2-тарауында көрсетілген талаптарды бұзу - айтарлықтай заң бұзушылық болып саналады.

Жеке тұлғаның еркін білдіру шегі басты элементі болып, өзіндік оң іс-әрекеттер жасау мүмкіншілігі табылатын субъективтік құқықпен оқшауланады, оның ішіне өзін-өзі қорғаудың әдістері мен жолдарын таңдау, мақсатқа жетуде, өз көзқарасы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде белсенді әрекет ету кіреді.

Қылмыстық процесс тұлғаның еріктілігін азаматтың қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қайшы келмейтін материалдық және рухани қажетіліктерін, жеке көзқарастарын қамтамасыз ететін заң шеңберіндегі құқықтық қатынастар орнатуы мақсатындағы мүмкіншілігі деп қарастырады.

Бірақ, еріктілік осы жағдайда заң бойынша нақты және біртекті болуы тиіс. Заң шеңберінде қылмыстық іс қозғау бойынша іс-шаралар қабылдау, тергеу жұмыстарын бастау және содан кейін сотта қарастырып, талқылау үшін өкілетті органға заң бұзушылық туралы бір ғана ақпараттың түсуі жеткілікті. Сол мәліметке сәйкес сәйкесінше жауапты тұлға (прокурор, ізге түсуші, тергеуші) іс мүддесіне бағытты ҚР ҚІЖК 177 бабы бойынша шешім қабылдайды немесе процессуалдық іс-әрекет жүргізеді. Қандай да бір қылмыстық істі бастау бойынша процесуалдық іс-әрекеттер және шешімдер қабылдау кезінде немесе оны сараптауда өкілетті тұлға өз мүддесін шағым түрінде беретін адамның еріктілігіне назар аударуы тиіс (ҚР ҚІЖК 34-бабы, 33 тарауы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Жeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қараудағы сот тәжірибесін талдап қoрыту
Қылмыстық ізге түсу
Қылмыстық ізге түсудің негіздері
Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты
Қылмыстық ізге түсу түрлері
Жасырын тергеу әрекеттері
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
Заңға сәйкес кылмыстық ізге түсу
Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz