60 -90 жылдардағы қазақ әдебиетінің жандануына үлес қосқан ақындарымыздың хронологиялық мәліметі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

60 -90 жылдардағы қазақ әдебиетінің жандануына үлес қосқан ақындарымыздың хронологиялық мәліметі.

1) Жұлдыз сынды журналымызбен «Қазақ әдебиеті»сынды газетіміздің, жаңа саны көбейіп, талғамды оқырмандар саны көбейді.

2) Замандастар бейнесін жаңаша талғауды Мұхтар Әуезов «Өскен өркен» романымен ашқан еді.

3) ХХғасырдың екінші жартысында жаңа сипатты символды астарға ден қою- әлем әдебиеттерінің айтарлықтай жаңалығы.

Ежелгі дүниежүзілік соғыстың көркем шежіресі.

4) Соғыстың ең бір үрейлі, қиын -қыстау шағына Мәскеу түбіндегі (1941) қызылезу қырғын шайқасқа арналған Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндері» -есте қаларлық еңбек.

5) Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Жонарқа», «Бір тонның оқиғасы».

Бүгінгі заман бейнесі.

6) Шымырлаған көркем өнер -ХХ ғасыр табысы.

7) Поэзияның - Абай дәстүрімен үздік өнерге айналуы.

8) Алты томды «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960 -1967) .

9) Ұлттық әдбиетіміздің - ХХ ғасырдың биігіне көтерлуі.

60 - 90 жылдар - туған әдебиетіміздің ілгері қарай ілкі қадам жасаған тағы бір сәтті кезеңі. Әдебиеттің барлық жанырында- проза мен поэзия, драматурггиямен сында айтарлықтай жаңалықтар болды. Халхымыздың әдебиетке деген ынта- ықласы дамыды. Абай армандаған көкрегі шұғыла шашқан сауатты да білімді оқушы өмірге келді. «Жұлдыз» сынды журналымыз бен «Қазақ әдеббиеті» сынды газетіміздің, жаңа кітаптардың саны көбейіп, талғамды оқырмандар саны көбкейді. Әдебиеттің саны ғана емес, сапасы да құнарланды. Көпшілік шын өнердің шынайы қассиетін түсінді. Сөз өнерінің тақрыбы шексіз байып, шыншыл сипаты тереңдеп, шеберлік әлемінде жаңа леп байқалады. Роман мен әңгіме, хихаяттың, лирика мен поэманың, драма мен сынның ішкі құнарындағы өзгеріс жанрлар арасын жақындата түсті. Көркем өнердің даму сатылары өз дәуірімен тығыз байланысты. Ғылыми- техникалық революция қоғамның үрдіс талғам- талабына ірі өзгерістер әкелді. Көркем өнердің көкжиегі кеңейе түсіп, эстетикалық және философиаллық қағидамен байып, дүниетаным кеңейді. Соңғы ширек ғасыр ішінде әдебиетіміз дүние жүзі мәдениетіннің жетістік- жемісін бойына сіңіре отырып, көркейді - әлемдік эстетика мен көркем ой да айтарлықтай дамыды. Қазір туған әдебиетімізге жұмыр жердегі барлық құбылыс, барша тартыс- күрес тақрып болып отыр. Көркем шығарманың азаматтық әуені артып, көркемдік қуаты өсті. Қазіргі әдебиеттегі жемісті беталыс- шын өмірдің шыншыл бейнесін жасау, тіршілік иіріміне бойлау, зерделі ой түйіндеу, жеңілдіктен, бірлестіктен іргені аулақ салу, тіл кестесін- құнарландыру- осынау шынайы ізденістен туған әдебиетіміздің жасыл құрақтай жайқалары талассыз. Көркем сөздің эстетикалық әсері мен тәрбиелік мәні өсті- жақсы кітап қолымыздан түспейтін жан азығымызға айналды. Алдыңғы қатарлы азаматтың көркемөнермен байланысы- әдебиеттің гүлденуінің басты бір шарты. Классикалық құнарлы әдебиет дәстүріне иек арту айтарлықтай жетістіктерге жеткізеді. Қазіргі қым- қуыт жағдай әдебиет әлеміне айтарлықтай өзгеріс әкелгені сөссіз. Біррақ уаққыт өткен сайын өркениетті еліміздің өз қалауына жетері талассыз- өнер өз орнында шырақтай жанары да күмән келтірмейді. Қазіргі уаққыттағы жетекші жаңалықты жинақтап, топтақ айтсақ адам жанының нелер құпия тебренісін өмірдің алау тынысында бейнелеу- бүгінгі прозаның басты сипаты. Қашаннан көркем сөздің мақсат мүддесі- адамның ішкі дүниесін ашу, ал өрнек бояуды құбылту- осы талаптан туады. Сондықтанда қазір кейіпкерді заманның от көрігінде көреміз. Қашаннан белгілі: күшті, қуатты тартыс- өмірдің тегеурінді кездері қаһарманның да рухани айдынын, мінез қасиетін айқара ашуға мүмкінлік береді. Кез келген оқиғаның өнерге өзек бола бермейтін жақсы түсінген жазушылар заманға сай шымыр тартысты таңдап алуға айрықша мән беруде. ХХғасырдың екінші жартысында жаңа сипатты символастарға ден қою- әлем әдебиетінің айтарлықтай жаңалығы. Астарлауды, символды ауыз әдебиетінен де мол ұшыратамыз(мысалы, «Қамбар батыр» жыры ) . Қазақ әдебиетінде аллегориялық, символдық бейне Сәкен Сейфулиннің «Көкшетау» тәрізді тамаша поэмасын көріктендрігені көпшілікке белгілі. Әйтседе жаңа сипатты символды туған әдебиет топырағында алғаш рет «Көксерек» атты әңгімесінде түрлендірілген Мұхтар Әуезов сонарға өрнек салып, құлпыртып жіберген еді. Әңгіменнің шет елдерге аударлуы, кино- фильмнің жасалуы- алысқа шауар ерен жүйріктің алғашқы екпіні ғана. Шыңғыс Айтматовтың «Қош, Гүлсары» мен «Ақ кемесінің» шымырлығы мол символдық қассиетінде емес пе? Астары мол, айтары- қат- қабат сыр «Боранды бекетіндегі» мәңгүрт бейнесі де нақ осындай жаңалық. . Жазушының қаламынан туған символдық «Өмір жорығы», «Қыран жыры», «Қасқырды атқан қайсысы?», «Жапон балладасы»- новелла жанырының інжу - маржандары. Әлем әдебиеті соғысты суреттеуде ірі табысқа ие болды. Қазақ әскери әдебиетінің көптеген өз мәселесі, даму бағыты бар. Жалынды жылдар бейнесін, ел- жұртымыздың жан тебренісі мен қаһармандығы- бәр -бәрін үңілген адам көркем әдебиеттен табады. Әскери тақырыпқа жазылған шығармаларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Бірінші топқа көібнесе соғыс кезінде немесе соғыс аяқталысымен іле -шала жазылған шығармалардың көпшілігі жатады. Бұлар- жалынды туындылар. Мұнда халықтың жан сұлулығы, ерлігі мен елдігі, - жауынгердің рухани асқарлығы мадақталып, фашистердің айуандығы мен азғындығы әшкерленеді. Соғыс қаншалықты қиын болғанымен, біздің адамның жарқын бейнесі ерлікке шақырып, шапқыншыға деген өшпенділік сезімін тұтатады. Баубек Бұлқышев, Қасым Қайсеновтардың әңгіме, очерік, хихаяттары, Ә. Сәрсенбаевтың»Офис күнделігі», т. б- міне, осындай туындылар. Екінші топқа жеңіс күнінен бірнеше жылдар өткеннен кейін жазылған шығармалар жатады. Екінші дүниежүзілік соғыс, әсіресе оның алғашқы кезеңі -қиын, ауыр кезеңі бұл шығармаларда кеңінен суреттеледі. Адам баласының барлық рухани күшінің қатыгез сыны болған соғыс ауырпалығын көрсету, ұрысқа қатысқан жауынгердің ауыр толғанысына бойлау, соғыс әкелген қасірет -қайғы, аққан жас, төгілген қан -қысқасы, «окоп шындығын»бейнелеу- міне, бұл кітаптар ерекшелігі. Азап арасынан адам баласының асқарлығы айқындала түседі. Адуын арпаласты қан майдан - адамның да, бүкіл қоғамның да беріктігі мен берекесін тегеурінді тезге салып тұрып тексеретін ауыр сын, қалтықсыз таразы. Ғасырдың бірінші жартысында, ашық айту керек, әдебиетіміз таптық тартысты сан салаға жүгіртіп, қызыға бейнелесе, енді адамгершіліктің көк жиегін қоғаммен тұтастыра бейнелеу молынан етек алды. Дербес мемлекет болған еліміздің дербес әдебиеті енді кеңінен өріс алған бұрынғы бұрылтпас қағида- ереже мен идеологиядан бас тартуда. Балдырған қауымның қиялына қанат бітірген, тапқыр, атақты жазушы Бердібек Соқпақбаев - ересектер де қызыға оқитын қаламгердің бірі еді. Шыншыл өмір, шынайы тірлік, батылдық, тапқырлық, ойнақы күлкі бал мінезді бала, өжет мінезді, кейде қыисықтау, кейде қоңырлау, бірақ әрқашанда шуақты жас Бердібек мұрасынды бедерлі де бейнелі көркін тапты -балаңдықтан арыла қоймаған, азаматтыққа жете қоймаған- арманды жастар әлемі әдебиетке келді. «Он алты жасар чемпио», «Менің атым Қожадан» әр оқушы өз мектебін, өз класын, тіпті өз мінез- құлқын танып, қызыққа батты, күлкіге кенелді, мәз- мейрам болып, болашаққа қиял құсын ұшырды. Қазіргі әдеби беталыс -шын өмірдің шыншыл бейнесін жасау, тіршілік иіріміне бойлау, зерделі ой түйіндеу, әлеуметтік- этикалық мәселені ширықтыра сипаттау, бір ізділіктен іргені аулақ салу, тіл кестесін аулақ салу, тіл кестесін құлпырту- осынау шынайы ізденісті жасыл құрақтай жайқалған жаңа толқыннан даанық көреміз. Қазіргі жас буын толғанысын тұтас кезеңнің тұлғасын көргендейміз. Бір саптағы талапкерлер өмір жаңалығын өз ой көрігінде қорытып, өнерге өз сонарымен келе жатыр. Абайдың ізгі дәстүрінен нәр алып, ежелден өркен жайған ұлттық поэзия бүгінгі таңда заманның ұлы дүбірімен тыныстаған үздік өнерге айналды. Өмір- ғұмырдың түбегейлі, түбірлі құбылысын толғаған ата өнер шеберліе пен парасаттылықтың жаңа сатысына көтерілді. Пәлсафалық тереңдік пен ойшылдық, лиризм мен шыншылдық әдебиеттің төл қасиеттіне айналды. Қазіргі поэзия бейне бір көп үнді, көп дауысты, қуатты да құнарлы оркестрдей. «Өнер алды- қызыл тілдің» мағнасы тереңдеп, мәні өсті: ұлттық поэзия- өресі биік, өрісі кең көркемөнер. Қазақ поэзиясының гүл бағынан Абайдың зері мен зердесін, шырақ - жанарын көргендейміз. Ұзақ жасаған атаның айтары да көп, айтқаны да аз емес, не жазса да, ұлы Абайдай әділетке

жүгінеді:

Ішімде қанша жұрттың көз жасы бар,

Шулаған мың сан дауыс айтады зар.

Отындай жанартаудың ыңыранды

Күңіреткен әлсіздерді өрт қайғылар, -

Деп, Әбекең сыршылдықтың да, ойшылдықтың да, азаматтықтың да зор үлгісін танытады. Қәзіргі қазақ поэзиясының бір қасиеті- осы қайталанбас ұлттық нышанда, ұлттық зер мен зердеде. Мұқағали Мақатаев осы әуезге үн қосқандай .

Қызым болсаң, қырымда Құралайсың,

Ұлым болсаң, ұлы бір мұрадайсың.

Естисің бе есі жоқ, ей, дүние,

Менен неге сүйінші сұрамайсың?

Екі ақынның жырында да ұлттық сипат үкіленіп тұрған жоқ па?!

Сыншы- сөз зергері, тіл ұстасы. Шебер сыншы сөз гауһарын кейде қылыштай жарқылдатып, кейде, лағыл көркімен көңіл қозғап, нұрын төгеді- көркем шығарманың сыры мен сипатын оқырман алдына жарқырата ашып салады. Ажарсыз тіл, ойсыз сын- тұл, Абай айтқандай, көкірек көзі ашық болмаса, сыншы да жоқ. Сондықтан да «сыншы таланты сирек кездеседі»деп Белинский бекер айтпаған болар. Есте болар бір ақиқат: «дарын жоқта - стиль жоқ» Уақыт әдебиетке қаншалықты жаңа міндет жүктесе, әдебиет ағымы да сын алдына соншалықты сыр тартады. Әсіресе әлем әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымының өрісін еске алсақ, сын айдынының шексіз екені жақсы сезіледі. Бірінші кезеңі . Бірінші кезең- сонау ауыз әдебиетінде кездесетін халықтың дана пікірін ХÌХғасыр мен ХХғасырдың басында қорытып, жаңа сипат -идеямен байытқын ұлы ағартушылар мұрасы. Егер кемеңгер Абайдың жырында «өнер алды -қызыл тілдің» қасиет- өзгешелігі туралы айтылған озық ойлы замана ділмарларымен өрелес шығып, тұтас бір эстетикалық, көркемдік өнерге өңірге айналса, Шоқан орыс халқының іліміне сүиене отырып, әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық орны, жанрлық сипаты туралы келелі еңбек жазғаны белгілі. Екінші кезеңі. Қазан төңкерісі дәуірінен бастап, шамамен елуінші жылдар арасын қамтиды. Бұл уақытта сын жаныры түбегейлі қалыптасты, әдебиеттану ғылымы алғашқы жемісін берді. Ағымдағы әдеби құбылысқа арналған сын пікірімен қатар көркем сөз тарихы жүйеленді -алғашқы оқулық пен көлемді тарихи, теориялық мақалалар жазылды. Үшінші немесе қазіргі кезеңдегңі әдебиет тарихызертеліп (мысалы, алты томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» ) , сөз өнерінің шартарабы(сөз кестесі, шеберлік, жанр, тіл мәнері, т. б) тілге тиек болып, көрнекті қаламгерлерге арналған кесек монография жарық көруде. Сын мен әдебиетангу ғылымының жалпы сапасы, көркемдік ой қорытуы өсті. Ұлы ғұлама Мұхтар Әуезов кең ой- өріс, ұшан- теңіз білім биігінен әдеби құбылысты тарих- қоғам көшінің бел- белесімен байланыстыра, қырық жылдай сарыла зертеді. Әдеби құбылыстың сыр- сипатын кең шеңберде ашқан ғалым өресін қырғыз халқының дарқан жыры»Манас» пен»Абай» туралы монографиядан байқаймыз. Ұлы ақынның өмірі мен мұрасы, әлеуметтік көзқарасы, сол кездегі халықтың өмірін тығыз байланыста өтіп жатады. Ақын Абайды, үлкен ойшыл, абзал жанды, ардақты адам Абайды көзімізбен көргендейміз. Әуезов өзінің әдеби зерттеуін өрнекті тілмен тарқатты. Әдебиет процесінің көкейкесті мәселелері туралы пікірі кезінде республика жұртшылығы ғана емес, бүкіл әдебиетші қауымды ойландырып, әсер- ықпалын тигізген еді. Сын міндеті зор : күрделі әдеби даму, тіл өрнегі қат - қат ағым, әдіс- тәсілдегі сан сала ізденіс, жаңа кітап зерделі сыншының зеиінін, жігерлі үнін естуге, аталы ойнына ортақ болуға іңкәр. Қазақ әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымы мәдениеті жетілген жанрға айналды, жемісі мен жетістігі де аз емес. Туған елдің тұрмысымен бірге түйсігі, күллі дүние танымы өзгерді- ХХғасырдың биігіне көтерілді. Ұлттық әдебиет жаңа бір ізденістің алдында тұр Қазіргі әдебиет - халқымыздың рухани айдыны мен іргелі тарих- өмірін бейнелеу үстіндегі өрелі өнер. Уақыт тынысы мен замандасымыздың ізденіс- толғанысы көркем өнерден өз бейнесін табуда азаматтық пен адамгершілік айбынды мінбесіне айналды. «Абай жолы» «Ботагөз», «Оянған өлке», «Көшпенділер», сынды кесек туындылар рухани қыл бұраудан құтылған жандардың өзін адам азамат ретінде сезінуін, бойындағы алып күшті байқауын, түптеп келгенде, ұзақ уақыт сана ұйқысындағы халықтың ояну, тсүну сатысын -алып тұлғасын, болашаққа деген шексіз сенімін әйгілеиді. Жалпы ұлттық әдебиет- ғасырлар куәсі бабамыз бен кейінгі ұрпақтың жан сыры, рухани келбеті, ал қаһарманы -әлеуметтік-психологиялық құблысты түіндейтін эстетикалық күрделі құбылыс. Кейіпкер сипаты әлеуметтік қозғалыспен іштей тұтасып жатады. Абай, Асқар, Еламандар - бейнесі белгілі кезеңнің беталысын бойына жинақтап кесек әдеби құбылыс. Ақан типтес қаһарман ескі заманға деген халық қалауын айқындауымен қатар, сол қоғам тепкісінде енді ескіше өмір сүру мүмкін емес деген ойдың жаршысындай. Қазіргі пәлсафа ілімі өмірдің де, өнердің де даму заңдылығын ашты. Қаламгердің де, жаңа қаһарманның да түйсік- түснік шеңбері керемет кеңіді. Өрелі әдебиетке сондықтан да тарихи сенім

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы
Елші Нәзір Төреқұлов
Смағұл Сәдуақасұлының шығармашылығы
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Театр турасында Қазақ тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz