Экономика пәнінен дәрістер


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

СОДЕРЖАНИЕ

Дәріс жоспары:3

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қалыптасуы:4

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Реттеу объектісі. 4

3. Мемлекеттік реттеудің административтік және экономикалық әдістері. 4

4. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметі. 4

Дәріс жоспары:10

1. Өтпелі кезең, өтпелі экономика жайлы түсінік. Өтпелі кезеңнің объективті алғы-шарттары, сипаты. 10

2. Өтпелі экономиканың типтері. 10

3Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары. 10

4. Советтік экономиканың дағдарысының спецификасы10

а) экономикалық дағдарыс және жүйе дағдарысы10

б) жоспарлы жүйенің дағдарысының себептері, мәні, кезеңдері10

1) Экономиканы қайта құру арқылы реформалаудың құлдырауы. 11

2) Социалистік экономиканың толығымен мемлекеттендірілуі. 11

3) Экономикалық өсудің қарқынының біртіндеп төмендеуі. 11

4) Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылым техникалық прогрестің баяу дамуы. 11

Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезеңдері мынадай кезеңдерге бөлінді:11

1) 1992-1997 ж. ж. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету (жекешелендіру, либерализация) . 11

2) 1997-2005 ж. ж. Экономикалық өсуге көшу. 11

3) 2006 жылдан нақты нарықтық экономикаға жету. 11

Өтпелі экономиканың сипаты. 11

1) Тұрақсыздық11

2) Тарихи сипат - бір қоғамдық формация екіншіге аяқ басады. 11

Құлиеленуші - феодализм - капитализм11

Спецификасы - кері процесс11

Социализм - капитализм11

3) Альтернативтік даму. 11

Белгілі бір мақсат қойып, таңдау. Қай жолмен даму керек?11

Нарықтық экономиканың 2 моделі:12

1) либералды; 12

2) әлеуметтік. 12

Қазақстан әлеуметтік моделін таңдады. 12

Өтпелі экономиканың типтері. 12

1. Масштабына (ауқымына) байланысты:12

1) шағын (локалды) - белгілі бір елдің экономикасына ғана тән өтпелі экономика. 12

2) глобалды өтпелі экономика - бүкіл әлемдік арена жағынан, ауқымды деңгейде болады. 12

2. Сипатына байланысты. 12

1) табиғи - эволюциялық сипат. 12

феодализм - капитализм - социализм. Қоғамдық эволюцияның дамуына сәйкес бір формация екінші формацияның орнын басады. Өндіргіш күштерін жетілдіруге сәйкес. 12

2) табиғи-реформалық сипат. 12

1) Жекешелендіру процессі. Жеке меншік институтын құру мақсатымен. 12

2) Бағаға еріктілік беру. 12

3) Жаңа нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы. 12

4) Экономикалық құлдырау (трансформационный спад) . Экономикалық құлдырау - экономиканың өтпелі сипатына байланысты пайда болған дағдарыс. 12

5) Дағдарыссыз экономика дамымайды. 12

6) Халықаралық экономикаға интеграциялану. 13

Дәріс жоспары:13

1. Шетел экономикасын мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. 13

2. Нарықтық экономикасы дамыған әртүрлі елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі. 13

Дәріс жоспары:16

1. Экономиканың дамуын болжау қажеттілігі. Болжау мақсаты және сипаты. 16

2. Өтпелі экономикадағы жоспарлаудың мақсаты және сипаты. 16

3. Экономиканың дамуын бағдарламалау. Бағдарлама түрлері. 16

1. Экономикалық өсудің мәні және қарқыны, түрлері мен факторлары. 18

2. Экономикалық өсудің үлгілері. 18

3. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу. 18

Дәріс жоспары:21

1. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 21

2. Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндіріс саласында нарықтық қатынастардың қалыптасуы. 21

3. Ауыл шаруашылық өнімін мемлекеттік бақылау жүйесі. 21

4. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары. 21

1. Инвестицияның мәні және түрлері. 24

2. Шетел инвестицияларын әрі қарай қолданудың өзекті мәселелері. 24

3. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу. 24

4. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу. 24

1. Өндірістік инфрақұрылымжайлы жалпы түсінік. 26

2. Транспорт және байланыс салаларының әлеуметтік-экономикалық ролі. 26

3. Өндірісқұралдары рыногінің мәні. 26

4. Мемлекеттің тауар биржаларының және сауда үйлерінің іс-әрекетін реттеуі. 26

1. Әлеуметтік саясаттың мәні. 28

2. Халықтың табысы, оларды бөлу мәселелері. 28

3. Әлеуметтік теңдік мәселесі және халықты әлеуметтік қорғау. 28

Табыстың түсу көзінің негізгі жолдары:30

1) Жұмыскердің өз еңбегімен тапқан табысы (жалақы, сыйақы, т. б. ) 30

2) Кәсіпкерлік табыстар (пайда) 30

3) Меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, пайыз, рента, т. б. ) 30

4) Еңбек ету үлесіне байланыссыз түсетін әлеуметтендірілген табыстар ( қоғамдық тұтыну қорлары, трансферттік төлемдер) 30

5) Көлеңкелі экономикадан түсетін табыстар. 30

1. Қаржы жүйесінің мәні, құрылымы, қызметі. 31

2. Ақша несие - саясатын қолдану ерекшеліктері. 31

3. Бюджеттік саясаттың экономикалық өсуді реттеудегі ролі31

1. Территориялық даму - мемлекеттік реттеу пәні. 32

2. Аймақтық саясаттың мәні және оның негізгі бағыттары. 32

3. Аймақтық типология және Қазақстан облыстарының даму перспективасы. 32

1. Қоршаған ортаның әлеуметтік - экономикалық мәні. 34

2. Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама. 34

3. Табиғатты қорғау іс әрекетінмемлекеттік реттеу. 34

№1. Дәріс тақырыбы Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері және объектілері.

Дәріс жоспары:

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қалыптасуы:

а) экономикалық ілімдегі мемлекеттің ролі жайлы мәселе (классиктер, маржиналистер, Стокгольм мектебінің өкілдері, Кейнс және оның ілімін жалғастырушылар, неолибералдар, Фрайбург мектебінің өкілдері концепциясында) .

б) экономиканы мемлекеттік реттеу эволюциясының негізгі кезеңдері.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Реттеу объектісі.

3. Мемлекеттік реттеудің административтік және экономикалық әдістері.

4. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты: халық шаруашылығындағы мемлекеттік реттеуге баға беру.

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі - мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық процестерге араласуы - объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңажүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу - нарық механизмінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері болып табылады.

Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгерілмеушілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік - экономикалық және ұйымдық- құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Социалистік қоғам ыдырап, нарықтық қатынастар қалыптасып, мемлекеттің экономикадағы ролі өзгерді: біріншіден, мемлекет нарықтың тең құқықты субъектісі болып табылады, екіншіден, мемлекеттің экономикадағы ролі шектелді. Мұндай өзгерістер барлық ТМД мемлекеттеріне тән, қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасының жүйесі әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық - аралас экономика типімен сипатталады.

Нарықтық шаруашылық өз бетінше халық шаруашылығының тиімді дамуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да нарықтық шаруашылықтың іс-әрекетін реттеп отыратын - мемлекет. Сонымен, экономиканы мемлекетік реттеу дегеніміз - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

Мемлекеттің экономикалық ілімдегі ролі жайлы мәселелерді сипаттағанда, классикалық, неоклассикалық, кейнсиандық, монетаризм, институционализм сияқты бағыттардың өкілдерінің көзқарасын талдау қажет.

Экономикалық ілімде мемлекеттің ролі жайлы мәселелерді мынадай экономикалық бағыттар қарастырған:

  1. Ағылшын классикалық саяси экономиясы - (ескі экономикалық либерализм) . XVII ғ. соңында қалыптасқан. Өкілдері: А. Смит, Д. Рикардо. Смит - нарық өзін-өзі «көрінбейтін қол» арқылы реттейді деген (сұраныс және ұсыныстың өзара байланысы арқылы) . Мемлекеттің негізгі атқаратын қызметі - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мемлекет экономиканың дамуына араласпайды, нарыққа экономикалық либерализм принциптері тән (еріктілік) : баға құру, таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу еріктілігі.

  1. Маржинализм. ХІХ ғасырдың 70 жылдары қалыптасты. Рөлі - тұтынушылар мінез-құлқын зерттейді. Өкілдері: Г. Госсен, К. Менгер. Маржинализм өкілдері тұтыну сферасын зерттеген. Мемлекет экономиканың дамуына араласпауы қажет деген.
  2. Марксизм. XVII ғ. екінші жартысында қалыптасты. К. Маркс іргесін қалаған қоғамдық ілім тарихта марксизм деген атпен белгілі. К. Маркс өз әдістемелерінде классикалық ағылшын мектебін, Гегель мен Фейербахтың неміс классикалық философиясын, француз утопиялық социализмі сияқты ғылыми деректерді пайдаланды. К. Маркстің негізгі экономикалық еңбегі «Капитал» еңбегі 4 томнан, 6 кітаптан тұрады.

Капиталдың орталықтануы мен шорғырлануы, орта пайда, өндіріс бағасы, жер рентасы, процент, сауда және қарыз капиталы, ұдайы және ұлғаймалы өндіріс, акционерлік капитал, мемлекет туралы, әлемдік рынок және сол кездегі экономикалық ой-пікірлерге сын мәселелері талданған.

  1. Институционализм. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болды.

Өкілдері: Т. Веблен, Дж. Гэлбрейт. Мемлекеттің экономикадағы толық араласуын құптады. Экономиканың дамуында әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, техникалық факторларды ескере отырып, мемлекет экономиканың дамуын қалыпты реттеуі қажет деген.

  1. Кейнсиандық экономикалық ілім. ХХ ғ. 30 жылдары қалыптасты. Өкілі: Джон Мейнард Кейнс., алғаш рет макроэкономикалық талдаудың негізін қалады, экономиканың дағдарыстан шығу жолдарын ұсынды. Кейнс дағдарыс жағдайында мемлекет қысқа кезеңде жиынтық сұранысты реттеу арқылы экономиканы тұрақтандыра алады деген. Мемлекеттің экономиканы толық реттеуін ұсынды.

6) Неолиберализм ілімі. Өкілі В. Ойкен болды. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының орталық бағыты - шаруашылық тәртібін құру деп санады.

В. Ойкеннің экономикалық идеалы ерікті нарық шаруашылығы және оның негізгі принциптері: жеке индивид, сауда, кәсіпкерлік еріктілігі, ерікті бәсеке және баға құру жүйесі.

7) 20 ғасырдың 60-жылдары Америкада неоклассикалық теорияның негізгі бағыты - монетаризм пайда болды. Өкілі - М. Фридмен болды. Монетаризмнің өкілдері ақша - экономиканың дамуын анықтайтын негізгі құрал деп санады.

Монетаризм рыноктық экономика теңгерілген шаруашылық, автоматты өінен-өзі реттелетін қасиеті бар деген ниетте болды. Рыноктық экономиканың мұндай қабілетіне кедергі жасайтын бір ғана нәрсе - жалпы ұлттық өнімнің және айналымдағы ақша массасының өсу қарқындары арасындағы диспропорция. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі мынадай факторлармен түсіндіріледі:

  • қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу;
  • экологиялық жағдай;
  • табиғи монополиялардың іс-әрекетін реттеу;
  • айналымдағы ақша массасын реттеу;
  • қоғамның қоғамдық тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • баға тұрақтылығы
  • халықтың толық жұмысбастылықтығын қамтамасыз ету.
  • экономикалық еріктілікті қамтамасыз ету.
  • сыртқы экономикалық жағдай.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің зерттеу пәні, объектілері - қоғамдағы экономикалық құбылыстар, процестер, әр түрлі шаруашылық салалары.

Субъектісі - мемлекет, мемлекеттік органдар.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері:

2-ге бөлінеді - административті.

  1. Административтьік әдістер - құқықтық инфрақұрылымды құрумен байланысты.

Административтік әдіс мыналарға негізделеді:

  • тыйым салу;
  • рұқсат ету;
  • сөгіс беру (выговор) ;
  • айып салу (штраф) ;
  • т. б. жазаларды пайдалану.
  1. Экономикалық әдістер - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруіне, ұлттық өндіріс көлемінің өзгеруіне, халық шаруашылығының барлық салаларының іс-әрекетіне әсерін тигізеді. Экономикалық әдіс екіге бөлінеді:

а) тура әдістер:

  • мемлекеттік тапсырыс;
  • инвестиция бөлу;
  • дотация, субсидия.

ә) жанама әдістер:

  • салық салу;
  • болжау;
  • жоспарлау;
  • бағдарламалау;
  • несие беру.

Яғни ақша-несие саясаты және фискалды саясат арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттің атқаратын қызметі:

  1. Қоғамдағы әлеуметтік әделеттілікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік саясатты жүзеге асырады.
  2. Нарықтық экономикада бәсекелі ортаны қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы саясатты жүргізеді.
  3. Айналымдағы ақша массасын реттеу мақсатындағы ақша-несие саясаты жүргізіледі.
  4. Экономиканың бәсекеқабілеттілігін, индустриалды дамуын қамтамасыз ету үшін - инвестициялық-инновациялық саясаты жүзеге асырылады.
  5. Аймақтық саясат - дотацияны қай аймаққа салу. Аймақтық дамуды реттеу мақсатында аймақтық саясат. Дамыған, дамымаған саясат.
  6. Сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында - сыртқы экономикалық саясат жүзеге асырады.
  7. Ұлттық өндірісті шетелдік бәсекеден қорғау мақсатында - протекционистік саясат жүзеге асырылады.

Дәріс №2. Дәріс тақырыбы: Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.

Дәріс жоспары:

1. Өтпелі кезең, өтпелі экономика жайлы түсінік. Өтпелі кезеңнің объективті алғы-шарттары, сипаты.

2. Өтпелі экономиканың типтері.

3Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.

4. Советтік экономиканың дағдарысының спецификасы

а) экономикалық дағдарыс және жүйе дағдарысы

б) жоспарлы жүйенің дағдарысының себептері, мәні, кезеңдері

Өтпелі экономика дегеніміз әлеуметтік -экономикалық дамуын өзгертетін экономика. Өтпелі кезең дегеніміз ескі экономикалық жүйе құлдырап жаңа экономикалық қатынастар пайда болатын ұзаққа созылмайтын уақыт кезеңі (10-15 жыл) . Қазақстандағы өтпелі кезеңді постсоциалистік немесе институционалдық трансформация деп сипаттауға болады.

Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестікке, меншіктің негізгі түрлерін араластыра отырып өзара іс әрекетке негізделеді.

Нарықтық экономикаға өту модельдері: «жұмсақ революция», нарықтық социализм, «есінен тандыру терапиясы», градуализм.

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға 1992 жылы қаңтарда аяқ басты.

Жекешелендіру - баға либерализация (ерітілік) қатар келіп - гиперинфляцияға әкелді. Ауыл шаруашылығын акционерлік қоғам десек, мүмкін. Нарықтық экономиканы қаллыптастырдық.

Өтпелі кезең дегеніміз - ескі экономикалық жүйе құлдырап, жаңа экономикалық жүйе қалыптасатын уақыт мерзімі (10-15 жыл) .

Өтпелі экономика дегеніміз - өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуын өзгертетін экономика, бір жүйе құлап, екінші жүйе қалыптасады.

Қазақстандағы өтпелі кезеңді біріншіден постсоциалистік трансформация деп атауға болады, себебі: социализмнен кейінгі - капиталистік қатынастарға көшу процессі, екіншіден өтпелі кезең - бұл институционалдық трансформация, себебі: жаңа нарықтық экономикалық инфрақұрылым қалыптасты.

Өтпелі кезеңнің себептері:

  1. Экономиканы қайта құру арқылы реформалаудың құлдырауы.
  2. Социалистік экономиканың толығымен мемлекеттендірілуі.
  3. Экономикалық өсудің қарқынының біртіндеп төмендеуі.
  4. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылым техникалық прогрестің баяу дамуы.

Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезеңдері мынадай кезеңдерге бөлінді:

  1. 1992-1997 ж. ж. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету (жекешелендіру, либерализация) .
  2. 1997-2005 ж. ж. Экономикалық өсуге көшу.
  3. 2006 жылдан нақты нарықтық экономикаға жету.

Өтпелі экономиканың сипаты.

  1. Тұрақсыздық
  2. Тарихи сипат - бір қоғамдық формация екіншіге аяқ басады.

Құлиеленуші - феодализм - капитализм

Спецификасы - кері процесс

Социализм - капитализм

3) Альтернативтік даму.

Белгілі бір мақсат қойып, таңдау. Қай жолмен даму керек?

Нарықтық экономиканың 2 моделі:

  1. либералды;
  2. әлеуметтік.

Қазақстан әлеуметтік моделін таңдады.

Өтпелі экономиканың типтері.

1. Масштабына (ауқымына) байланысты:

  1. шағын (локалды) - белгілі бір елдің экономикасына ғана тән өтпелі экономика.
  2. глобалды өтпелі экономика - бүкіл әлемдік арена жағынан, ауқымды деңгейде болады.

2. Сипатына байланысты.

  1. табиғи - эволюциялық сипат.

феодализм - капитализм - социализм. Қоғамдық эволюцияның дамуына сәйкес бір формация екінші формацияның орнын басады. Өндіргіш күштерін жетілдіруге сәйкес.

  1. табиғи-реформалық сипат.

Саналы түрде реформаларды жүзеге асыру арқылы өтпелі кезеңді жүзеге асыру. Қазақстанда осы сипатта жүзеге асырылады.

Өтпелі экономика заңдылықтары:

Нарықтық экономикаға көшу мақсатында жүргізіліп жатқан өзгерістерді өтпелі экономика заңдылықтары деп атайды.

Олар:

  1. Жекешелендіру процессі. Жеке меншік институтын құру мақсатымен.
  2. Бағаға еріктілік беру.
  3. Жаңа нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы.
  4. Экономикалық құлдырау (трансформационный спад) . Экономикалық құлдырау - экономиканың өтпелі сипатына байланысты пайда болған дағдарыс.
  5. Дағдарыссыз экономика дамымайды.
  6. Халықаралық экономикаға интеграциялану.

Дәріс № 3 Дәріс тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Дәріс жоспары:

1. Шетел экономикасын мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері.

2. Нарықтық экономикасы дамыған әртүрлі елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі.

Шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттілігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін түйістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік -экономикалық прцестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды: көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау мен жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. «Ұлы дағдарыс жылдары» жылдары алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік экономикалық өмірге мемлекеттің араласуымен жүзеге асатынын түсінді.

Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы халықаралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті аймақтық Комиссияныә міндетті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұшл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.

Францияда, Жапонияда, Түркияда және т. б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т. б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық дау және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасунының ұзақ мерзімдік мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.

Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде. Шаруашылық жүргізуде мыналарға назар аудару керек:

Біріншіден, бұл жерде тиімді макроэкономикалық саясатты дұрыс негіздеу және қолдау болып отыр. Оны жүзеге асыру бағаларды ырықсыздандыру және сыртқы сауда үшін негіз дайындау мақсатында реструктивті вариантын (өндіріс пен экспортты тежеу) тұрмысқа жүргізуден басталды.

Екіншіден, ұлттық капиталмен салыстырғанда шетел капиталын тартуға артықшылық берілмеуге тиіс. Мұның себептері мынадай:

а) шетел капиталы ақыр аяғывнда белгілі бір ел үшін екі есе қымбатқа түседі;

ә) шетел көмегі көбіне екі ұшты мағынаға ие.

Үшіншіден, “қалған дүниеден көмек емес, сауда мен айырбас керек” деген қағиданы басшылыққа ала отырып, шетелдік нарықты ашып, дамыту қажет.

Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР-да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т. б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты “нарыққа бағыт ұстанған микродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру” болып табылатыны көрстеледі.

Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда, шетелдік өндіріс сфераларын жеңідікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекттің бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесін қолданған жөн.

Дәріс № 4. Дәріс тақырыбы: Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау.

Дәріс жоспары:

1. Экономиканың дамуын болжау қажеттілігі. Болжау мақсаты және сипаты.

2. Өтпелі экономикадағы жоспарлаудың мақсаты және сипаты.

3. Экономиканың дамуын бағдарламалау. Бағдарлама түрлері.

Мемлекет экономиканың дамуын реттеу барысында мынадай құралдарды қолданады:

  • болжау,
  • жоспарлау,
  • бағдарламалау.

Болжам дегеніміз - белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір. Экономикалық болжау процесі экономиканың даму перспективасын анықтайды, ойланып жасалынған стратегия, анықталған болашақ мақсаттар. Болжаудың екі түрі бар: жеке және комплексті экономикалық болжау.

Жеке экономикалық болжау - халықө шаруашылығының жеке салаларының дамуын болжау. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы құрылыс, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, т. с. с. ъ

Комплексті экономикалық болжау - макроэконономикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, ұлттық экономиканың дамуын болжау.

Уақыт интервалына байланысты:

  • қысқа мерзімді экономикалық болжау. Бірнеше күннен - 3 жылға дейін. Мысалы, әр жылдың бюджетін болжау, жоспарлау.
  • орта мерзімді экономикалық болжау. Халық тшаруашылығының салаларының инвестициялық инновациялық белсенділігін ескере отырып, дамуын болжау. 5 жылға дейін.
  • Ұзақ мерзімді экономикалық болжау. Елдің демографиялық, ғылыми-техникалық, табиғи-климаттық, қаржылық потенциалын ескере отырып экономиканың дамуын болжау. 10-15 жыл.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Медициналық жоғары оқу орнында тиімді оқыту негіздері - әдістемелік құрал
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныс
Мектеп кезеңі
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz