Соттылық түсінігі мен оның жойылу салдары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
тобының студенті «Соттылық түсінігі мен оның жойылу салдары» тақырыбындағы дипломдық жұмысына
ПІКІР
Диплом жұмысына арқау болып отырған тақырып бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Автор өз жұмысында соттылықтың құқықтық табиғаты мен жаза тағайындаудың негіздерін және қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттарын қарастырып, жұмыстың толықтай мазмұның аша білген.
Дипломант соттың жаза тағайындағанда істелген қылмыстық сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне, айыптының жеке басының кім екендігіне, істің жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайларына баса назар аударған.
Дипломанттың «Соттылық түсінігі мен оның жойылу салдары» тақырыбында жазылған жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілігінің және Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарының, дипломдық жұмыстарға қойлатын талаптарына сай жазылған: жоспары бар, жұмыстың мақсаты анық, жұмыс қажітті көлемде, қолданылған әдебиеттер саны жеткілікті.
Тақырып толық, жүйелі және жеткілікті материалдармен өңделе отырып жазылған.
Қорытындылай келе дипломдық жұмысты жақсы деп бағалап, қорғауға жіберуге болады.
Мазмұны
Кіріспе
I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
1. 1. Соттылық ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық салдары
II. Тарау. Жаза тағайындау
2. 1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. 2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
2. 3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
2. 4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2. 5. Қылмыстардын қайталануы жағдайында жаза тағайындау
2. 6. Үкімдердің жиынтығы бойыйша жаза тағайындау
2. 7. Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза
мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
2. 8. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза
тағайындау
2. 9. Шартты түрде соттау
III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары
3. 1. Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі
3. 2. Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Қоғамға қауіпті іс-әрекетпен оның ішінде қылмыспен күресу барысында қылмыстық жазаның алатын ролі зор. Өйткені, қылмысқа әсер ету жүйесінің ең қажетті элементі болып табылады. Жаза сотталған тұлғаны түзеуге, қайта тәрбиелеуге, жаңа қылмыс жасаудан ескертуге қызмет етеді. Осы аталған жазаның мақсаттарын жүзеге асыруда жаза институты маңызды орын алады. Негізгі және қосымша жазаны үйлестіре дұрыс қолдану жазаны жекелендіру қағидасының жүзеге асырылуына, алға қойған мақсатқа нәтижелі жетуге септігін тигізеді. Қылмыс жасағаны үшін жазаны тағайындау қылмыстылықпен күресудің басты құралы және қылмыскерді түзеу, қайта тәрбиелеу және жаңа қылмыс жасаудан ескерту құралы ретінде де қолданылады. Жазаның мақсатына қол жеткізумен соттылықты сақтау қажеттілігі сәйкес келеді. Өйткені, қылмыстық жазаның сотталушы тұлғаны түзеу және қайта тәрбиелеу, сондай-ақ, сотталушыны жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды ролді соттылық институты алады. Қылмыстық құқықта бізге белгілі соттылықтан айырудың екі нысаны бар: ҚР Қылмыстық кодексінің 77-бабында көзделген соттылықты жою және соттылықты алып тастау.
Соттылықты автоматты түрде жойылады және бұған қандай да бір құжаттың тұжырымдауы қажет емес. Ал, соттылықты алып тастау қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелінетін сот тәртібімен жүзеге асырылады. Соттылықты жою және алып тастаумен тек соттылық ғана емес, сонымен қатар, одан туындайтын қылмыстық-құқықтық салдарыда тоқтатылады.
Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.
I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты.
1. 1. Соттылық түсінігі және оның қылмыстық-құқықтық салдары
Қылмыстық құқық бойынша сотта айыпталушы тұлғаға қандайда қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалған және соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген уақыттан бастап сотталған деп танылады. Сотталушы тұлға жазаны өтеу көзінде де және сонымен қатар, жазаны өтегеннен кейін заңца белгіленген мерзім ішінде де сотталған болып есептеледі.
Тұлғаны сотталған деп тану белгілі бір қылмыстық-құқықтық салдарды қамтиды. Бұл салдар тұлғаның соттылығымен байланысты соттылық қылмыстық жазаны тағайындауымен пайда болады және соттылық тұлға жазаны өтегеннен кейінде сақталады, сонымен соттылықтың тағайындалуы қылмыстық жазаның мақсатымен тығыз байланыста болады. Соттылықтың мәнін, жазаның мақсатын белгілеудегі және жүзеге асырудағы алатын ролін дұрыс анықтамайынша соттылықтың құқықтың табиғатын ұғыну мүмкін емес.
Соттылық түсінігіне қатысты әртүрлі пікірлер қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде қалыптасқан. Г. Б. Виттенбергтің пікірінше, соттылық - жасалған қылмыс үшін жаза шарасы тағайындалған, тұлға үшін соттылық фактісін құрайтын қылмыстық-құқықтық жағдай. /1/
В. Д. Филиминов былай дейді: соттың қылмысты жасағаны үшін жазаны тағайындайты тұлға үшін соттау фактісі ретінде құралатын занда белгіленген құқықтың туындауы /2/ . Бұл түсінікте толық емес, өйткені, соттылық мәнін құқықтыңтуындауымен теңестірген.
Қылмыс үшін бұрын сотталған тұлға жаңа қылмыс жасаса (яғни бұрын қылмыстық жаза қолданылған болса) түзелмеген және қолданылған жаза оны түзеуі үшін жеткіліксіз болған. Мұндай тұлға мемлекет және қоғам үшін аса қауіпті болып есептелінеді. Сондықтан, жаңа қылмыс жасаған кезде тұлғаның соттылығы бар болса, жалпы ереже бойынша жаңа қылмысы үшін жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.
Соттың осы тұлғаға жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылық көзделген заңның бабының санкциясындағы жазаның шегін күшейтуге мүмкіндігі бар. Жаңа қылмыс жасағанда тұлғаның соттылығы бар болса, қылмысты квалификациялауға әсер етеді.
Қылмыстық-құқықтың салдар-соттылығы бар тұлғаның қылмыстық жауаптылығын ауырлататын заңда белгіленген салдарын білдіреді. Бірақ бұл салдар, тек тұлғаға жаңа қылмыс жасаған уақытта ғана пайда болады. Жаңа қылмыс жасаған уақытта тұлғаның соттылығы;
1. жаңа қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтан тұлғаны бастауға (заңда көзделген негізі бар болса да) кедергі жасайды;
2. қайтадан жасалған қылмыстың саралайтын белгісі ретінде қызмет етеді;
3. сот таңдаған жазаны күшейтеді;
4. тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп тануға негіз болады;
5. бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаның өтелу режимінің түрін анықтауға әсер етеді;
6. жазаны өтеудің шартты-мерзімінен бұрын босатылуына кедергі келтіреді.
Осы жоғарыда аталған соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдарын өзгелейде беруге болады. Бірақ-та, осы аталған тізім істің процессуалдық қозғалысына сай келеді.
1. Соттылық тұлғаны жаңа қылмысы үшін қылмыстың жауаптылықтан босатуға кедергі келтіретін мән-жай ретінде қарастыру.
Сонымен, соттылығы бар тұлға жасалған жаңа қылмыстының қоғамға қауіптілігі аз болса да, қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, яғни жоғарыда аталған институт қолданылмайды.
Соттылықтың қылмыстық - құқықтың салдарының маңызы төмендегідей:
- тұлғаның жаңа қылмыс жасауына жол бермеуге тырысады, яғни тұлғаны түзеу және жаңа қылмыс жасаудан тұлғаны сақтандыру мақсатын орындайды;
- өзге тұлғаларды қылмыстық заі-щы бұзудан сақтандырады.
2. Соттылық қайтадан жасалған қылмыстың саралайтын белгісі ретінде. Қылмыстық заңда соттылық-қылмыс құрамының арнайы саралайтын белгісі ретінде қолданылады. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі өткенге дейін өзінің түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысы өткенсоң күші жойылуы мүмкін.
Егер шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін өзіне әкімшілік жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша мерзімі ұзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін жойып, оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.
3. Осы аталған соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдары қылмыс рецидивімен күресуде маңызы зор. Жаңа ұқсас қылмыс жасаудан сақтандырады. Осы жерде соттылық жазаның мақсатына жетуге ықпал етеді.
4. Соттылық - жазаның шегін күшейтетін мән-жай ретінде. 58-баптың 6-тармағына сәйкес, егер сотталған адамның ісі бойынша сот үкім шығарғаннан кейін оның бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасаған басқа бір қылмысқа айыпты екені анықталса, жаза нақ сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бірінші үкім бойынша өтелген жаза түпкілікті жазалау мерзіміне есептеледі.
Соттылығы бар тұлға жаңадан қылмыс жасаса, жаңадан жасаған қылмысы үшін тағайындалатын жазаның шарасы күшейтілінеді және жаза мақсатына жетуге атсалысады.
5. Соттылық тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп тану негізі ретінде қолданылады. Бап теру.
Бұл жерде соттылық - қоғамға аса қауіптілік тудыратын сотталғандарды ескертуге бағытталған маңызды құқықтық қурал ретінде қолданылады.
6. Соттылық бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу түрлерін анықтауға әсер ететін мән-жай ретінде. 59-баптың 3 тармағына сәйкес, егер осы айқындау белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы кезінде жаза осы баптың екінші бөлігінде көзделген ережелерді ескермей тағайындалады.
Сонымен, соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдары жазаның мақсатын белгілеуде және нәтижесіне жетуде маңызды роль алады. Осыған орай соттылық қылмыстың түсінігімен байланыста болады. Соттылығы бар тұлғаның құқықтық салдарының әртүрлігі жасалған қылмысқа байланысты.
Жағдайда, тұлғаның соттылығы туралы сөз қозғағанда тек соттылығын ғана көздемей, нақты қандай қылмысты жасағаны Қылмыс сияқты соттылықта нақты ұғым. Сондықтан, кез келген үшін сотталғандығын көрсетуіміз қажет. Соттылықтың құқықтық табиғатын және оның мазмұнынын ашып көрсету соттылық ұғымын анықтауға мүмкіндік береді. 1956 жылғы заң сөздігінде берілген, соттылық ұғымы сол кездерде ең тиімді болған. Бұл анықтама мәні бойынша дұрыс, бірақ толық емес. Біздің пікірімізше, соттылыққа төмендегідей анықтама беруге болады. "Соттылық қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі.
Соттылықтың өзімен бірге жалпы құқықтық және қылмыстық-құқықтық мазмұнындағы салдары қоса туындайды.
Соттылықтың жалпы құқықтық салдары:
- белгілі бір қыметпен немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануына шек қою;
- қаруды иеленуіне шек қою;
- қарулы күштерде әскери қызметпен айналысуны тыйым салу. Соттылықтың қылмыстық-құқықтық салдары:
- қылмыс рецедивінде ескеріледі;
- соттылығы бар тұлғаның қылмыс жасаған кезде нәтижесінде қылмыстың қайталануы қалыптасады;
- түзеу колониясының режимін анықтауда қолданылады;
- жаза тағайындайда ескеріледі.
Соттың айыптау үкімі күшіне енген күннен бастап соттылығы жойылған немесе алып тасталаған уақытқа дейін тұлға сотталған деп есептеледі.
Сонымен, соттылық дегеніміз кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқылық шектеуге душар болу жағдайын айтады.
II. Тарау. Жаза тағайындау
2. 1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінін жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» №1 қаулысында былай делінген:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жөте назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тін, 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауды, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті кай сатына тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін онын әрекеттерінін мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлөміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны женілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушынын нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудын жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелөрі ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті жәнө жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделгөн жазаның онша қатаң өмес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз өте алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатан және осы Кодекстің 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойышпа немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекшө бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатандығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстін 55-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау көзінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі жәнө одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының нөмөсе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі.
Қылмыстық заңның осы бабында көрсетілген талаптарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы болып табылады. Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы бапқа сәйкес адамның қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін өшкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекетінің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы көрек. Жазанын шегі оның іс-әрекетінін шөгіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл нөмесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол берілмеуі керек. Тағайындалған жаза-істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жөтері анық.
Жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгілөнген шектө тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтанда әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істөлген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс құрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анық-тау өте кажет. Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсөтілген жаза мөлшерінін ең жоғарғы шегінен шығын, жаза тағайындауға заң ешкандай жол берменді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырын, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.
Сондай-ақ сот жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерінде басшылықка алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқпа осы мәселені анықтаңды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істедімедеген мәсөлелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық, кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды - жазаның ұғымы мән мақсаты, жазалау түрлөрі, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бөтпеген қылмыстарға, қайталанған, қатысын жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ мерзімдерді қосу көзінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа алынады.
Егер жасалған қылмыс үшін кезделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз өте алмайтын болса ғана сол үшін көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкцияларды қолдану туралы сез болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатан түріне қарай тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға құқылы. Қылмыстық кодекстің, 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және оның шегі арнайы көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz