Египет Араб Республикасы туралы жалпы түсінік
І. Кіріспе. Египет Араб Республикасы туралы жалпы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім: Египет Араб Республикасының қалыптасу тарихы.
2.1. Египеттің архитектурасы және бейнелеу өнері.
2.2. Египеттің ірі қалалары.
2.3. Египет пирамидалары.
2.4. Египет әдебиеті.
2.5. Египет жазуы.
2.6. Мысыр еліндегі саяхаттар мен экскурсиялар.
2.7. Танымал ірі курорттары.
ІІІ. Қорытынды: Египет экономикасының дамуы.

Географиялық орналасуы – Солтүстік Африканың Синай жарты аралында орналасқан. Ал Батысында Ливия мен Оңтүстігінде Суданмен, Солтүстік Шығысында Израильмен шектесіп жатыр.
• Жер көлемі: 10014 кв км.
• Астанасы: Каир
• Ірі қалаларына: Александрия, Порт-Саид, Эль-Мансура, Асуан.
• Мемлекеттің құрылымы: Президенттік Республика
Халқы 63 млн (98%-арабтар) контар, мемлекеттің тілі-арабша, Діні – Ислам, монофизиттік, Басты шикізат өңдеу өндірістік – мұнай кендерін өңдеп экспорттау, тамақ металлургиялық, Пайдалы кең қазбалары–мұнай, марганец, газ, темір рудасы, фосфат. Ақша бірлігі – египеттік фунт.
Тарихи мағұлмат: Египет – адам тарихындағы ежелгі адам дамуының, мәдениетінің негізгі ошақ көзі болып табылады. Ежелгі Египеттің дамып пайда болуы 4 мың жылға тамайды. Египет билеушілері көп түрлі жаулап алу жорықтарын жүргізіп отырған, сонымен бірге көп мемлекеттің жаулауында болып келген.
Мысалы: Ассирия, Персия, Римдіктер. Б. э. дейінгі 5 мың жылдықтың аяғында Ніл жағалауындағы жер иелері, тастан жасалған еңбек құралдарын жасауды игере бастаған. Біраз уақыт өте келе бұрғылау техникасын, тас кесу техникалық әдісін дамытты. Египеттіктер неше түрлі пышақ, қанжар, садақ оғының бұйымдарын және тастан сувенирлер тәріздес бұйымдар жасаған. Ніл өзенінің суын пайдалану үшін су тіректерін тастан қалапорасан каналдар салған. Египетте 100-ден аса перамидалар – ежелгі египет фараондарының мәйіттері сақталған. Олар Саккарада ежелгі Мемфис астанасында сонымен қатар Эль-Гизда өз атымен атақты болып саналады. Соның ішіндегі ең үлкен кереметі Хуфу фараонының пирамидасы (грекше Хеопс). Бұл пирамиданың биіктігі 148 м. Оның тастан салынған әрбір плитасы 2,5 мың тоннаны тартады және 2,5 мың плитаны құрайды.
Египеттіктер медицина жағынан да көп жетістіктерге де жеткен. Өліктерді бальзамдау дәстүрі де адамдарға анатомия мен танысуға жүрек құрылысының қан айналу процестері мен танысып білуге мүмкіндік берді. Египеттіктер діндік мейрамдарға байланысты көп түрлі әндік аспаптарды пайдаланды. Ежелгі египеттіктер өздерінің артынан көптеген бай әдеби мағұлматтар тастап кетті. Оның ішінде–хроникалық, дидактикалық, мистикалық және поэтикалық.
Элинизм кезеңінде Египет мәдениет дамуының жаңа ағымын алды. 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алып, өзінің астанасын Александрияны құрды, ол элинистік әлемнің орталығы болды. Грек тілі негізгі болып саналды. Ал Александрияда ғылымның орталығы мен мәдениет және өнердің түп негізі болды –Мусейон. Бұл жерде Эрастофен –“меридиан” түсінігін ашып, Клавдий Птолемей – әлемдік картографикалық ғылымның түп негізін құру жұмыстары мен айналысқан. 31 жылы Египет Рим империясының құрамына кірді, ал оның құлдырауынан кейін 395 жылы Провинция болды оның шығыс бөлігі – Византия. Ал ІVғ Египетте христиан діні кең ауқымда тарады.
Ал VII ғ-ң ортасында Египет араб-мұсылмандарымен жаулап алынып, Араб халифатының құрамына кірді. Осы кезден бастап мемлекетте арабтану және исламдану басталды. 1517 жылдан бастап Египет Осман империясының басқаруы мен болды. Ал 1882 жылы египет ағылшындар қол астына өтті. Ал 1922 жылы Ұлыбритания өзінің тәуелсіздігін Египетте құқықтайды. Англияның әсері көп уақыт сақталып келді, ағылшын әскері Суэцк каналындағы зонада орнатылды.

1. Қазақ – совет энциклопедиясы
2. Страны и народы
3. Страны мира. Справочник, Москва, 1999
4. Энциклопедический словарь, Москва, 1988
5. Новейшая история арабских стран Африки, Москва, 1991

Жоспар:
І. Кіріспе. Египет Араб Республикасы туралы жалпы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім: Египет Араб Республикасының қалыптасу тарихы.
2.1. Египеттің архитектурасы және бейнелеу өнері.
2.2. Египеттің ірі қалалары.
2.3. Египет пирамидалары.
2.4. Египет әдебиеті.
2.5. Египет жазуы.
2.6. Мысыр еліндегі саяхаттар мен экскурсиялар.
2.7. Танымал ірі курорттары.
ІІІ. Қорытынды: Египет экономикасының дамуы.
ЕГИПЕТ (МЫСЫР РЕСПУБЛИКАСЫ)
Египет:
Географиялық орналасуы – Солтүстік Африканың Синай жарты аралында
орналасқан. Ал Батысында Ливия мен Оңтүстігінде Суданмен, Солтүстік
Шығысында Израильмен шектесіп жатыр.
• Жер көлемі: 10014 кв км.
• Астанасы: Каир
• Ірі қалаларына: Александрия, Порт-Саид, Эль-Мансура, Асуан.
• Мемлекеттің құрылымы: Президенттік Республика
Халқы 63 млн (98%-арабтар) контар, мемлекеттің тілі-арабша, Діні
– Ислам, монофизиттік, Басты шикізат өңдеу өндірістік – мұнай
кендерін өңдеп экспорттау, тамақ металлургиялық, Пайдалы кең
қазбалары–мұнай, марганец, газ, темір рудасы, фосфат. Ақша бірлігі –
египеттік фунт.
Тарихи мағұлмат: Египет – адам тарихындағы ежелгі адам дамуының,
мәдениетінің негізгі ошақ көзі болып табылады. Ежелгі Египеттің дамып пайда
болуы 4 мың жылға тамайды. Египет билеушілері көп түрлі жаулап алу
жорықтарын жүргізіп отырған, сонымен бірге көп мемлекеттің жаулауында болып
келген.
Мысалы: Ассирия, Персия, Римдіктер. Б. э. дейінгі 5 мың жылдықтың
аяғында Ніл жағалауындағы жер иелері, тастан жасалған еңбек құралдарын
жасауды игере бастаған. Біраз уақыт өте келе бұрғылау техникасын, тас кесу
техникалық әдісін дамытты. Египеттіктер неше түрлі пышақ, қанжар, садақ
оғының бұйымдарын және тастан сувенирлер тәріздес бұйымдар жасаған. Ніл
өзенінің суын пайдалану үшін су тіректерін тастан қалапорасан каналдар
салған. Египетте 100-ден аса перамидалар – ежелгі египет фараондарының
мәйіттері сақталған. Олар Саккарада ежелгі Мемфис астанасында сонымен қатар
Эль-Гизда өз атымен атақты болып саналады. Соның ішіндегі ең үлкен кереметі
Хуфу фараонының пирамидасы (грекше Хеопс). Бұл пирамиданың биіктігі 148 м.
Оның тастан салынған әрбір плитасы 2,5 мың тоннаны тартады және 2,5 мың
плитаны құрайды.
Египеттіктер медицина жағынан да көп жетістіктерге де жеткен.
Өліктерді бальзамдау дәстүрі де адамдарға анатомия мен танысуға жүрек
құрылысының қан айналу процестері мен танысып білуге мүмкіндік берді.
Египеттіктер діндік мейрамдарға байланысты көп түрлі әндік аспаптарды
пайдаланды. Ежелгі египеттіктер өздерінің артынан көптеген бай әдеби
мағұлматтар тастап кетті. Оның ішінде–хроникалық, дидактикалық, мистикалық
және поэтикалық.
Элинизм кезеңінде Египет мәдениет дамуының жаңа ағымын алды. 332
жылы Александр Македонский Египетті жаулап алып, өзінің астанасын
Александрияны құрды, ол элинистік әлемнің орталығы болды. Грек тілі негізгі
болып саналды. Ал Александрияда ғылымның орталығы мен мәдениет және өнердің
түп негізі болды –Мусейон. Бұл жерде Эрастофен –“меридиан” түсінігін ашып,
Клавдий Птолемей – әлемдік картографикалық ғылымның түп негізін құру
жұмыстары мен айналысқан. 31 жылы Египет Рим империясының құрамына кірді,
ал оның құлдырауынан кейін 395 жылы Провинция болды оның шығыс бөлігі –
Византия. Ал ІVғ Египетте христиан діні кең ауқымда тарады.
Ал VII ғ-ң ортасында Египет араб-мұсылмандарымен жаулап алынып, Араб
халифатының құрамына кірді. Осы кезден бастап мемлекетте арабтану және
исламдану басталды. 1517 жылдан бастап Египет Осман империясының басқаруы
мен болды. Ал 1882 жылы египет ағылшындар қол астына өтті. Ал 1922 жылы
Ұлыбритания өзінің тәуелсіздігін Египетте құқықтайды. Англияның әсері көп
уақыт сақталып келді, ағылшын әскері Суэцк каналындағы зонада орнатылды.
1953 жылы Египет республика болып аталынады. 1958 жылы Египет пен
Сирия қосылып – бір мемлекетті, яғни Біріккен Араб Республикасын құрайды.
(ОАР, БАР) бірақта 1961 жылдың қыркүйегінде Сирия ОАР – БАР-дан бөлінеді.
Ал 1971 жылдың қыркүйегінде Египет Арабтық Республика Египет (АРЕ) деп
аталынады.
Климаты: Египеттің ауа-райы шөлді және өзгермелі t0-да болып келеді
Көктем айларында хаисин құрғақ желі мінезделеді, ол Сахара шөлінен 50
күндей соғып тұрады. Египет Жерорта теңізі мен жағаласып жатқандықтан,
континентальді тропикалық ауа-райыда болады. Ауасы құрғақ ауа-райы онша
бұлтты емес, жауын-шашын аз түседі. Ауа-райы ыстық болып келе әр жақтан
келген туристер мен жас балалар және қандайда жаста болмасын өте ыңғайлы
және жеңіл қабылданады .
Табиғаты: Египет жер көлемі бойынша Солтүстік Африкада– Суданнан,
Алжирден, Ливиядан кейін 4 орынды алады. Теңіз жағалаулары әлсіз
тілімделген. Египет жеріндегі 960 шақырымға созылып жатқан Жерорта теңізі
шектесіп жатқан жағалауында бірде-бір кеме теплоход транспорттары тоқтайтын
жарамды аялдамалы бухталарының жоқтығы адамды таңқалдырады. Египет жері
Сахара–Арабтың плиталарының кеңауқымды көлемімен алып жатыр. Бұл үстірт
шексіз құмды да шөлді жазығын құрайды. Ал Солтүстік - Шығысында Саная
таулары көтерілген. Нілден батысқа қарай шексіз Ливийск шөлінің тас-құм
аралас жазығы территорияның 70%-ын басып жатыр. Арабтар бұндай шөлдерді
“хаиада” деп атайды. Ливия шөлінің орталық бөлігіндегі жазықтарын жер
қыртысының үлкен дн терең құздары бөліп жатыр. Солардың ішіндегі ең ірісі –
Каттара ойпаты. Негізінде сол жерде Артезианск құдығы орналасқан, оазистер
пайда болады жергілікті тұрғындар жер және дән-дақылдарын өңдеу мен
айналысады. Нілден Оңтүстік өлкеге қарай Нубийск шөлі алып жатыр, ал
Батысқа қарай Ливийск шөлі орналасқан. Осы шөлдердегі бұрынғы өзен
ағыстарының орындары уақыт өте келе караван жолдарына айналып кетті Ал тағы
бір айтып кететін шөл, Қызыл теңіз жағалауындағы биіктігі 2100 метрлік
жарлар Эт-Тих үстіртінде орналасқан. Синайдағы жартылай аралдың Оңтүстік
бөлігі таулар мен сипатталады. Джебель – Катрин (2637м) тауы бұл Египеттегі
ең биік тау шыңы.
Египеттегі су қорының басты көзі Ніл–жер шарындағы ірі өзендердің
бірі болып саналады . Өзен екі құйылым ағысы мен сипатталады. Ақ және Көк
Ніл олар Судан территориясында жатыр. Ақ Ніл өзінің бастамасын Эфиопиядан
алады. Аумақтың көп бөлігі грунтталған суды пайдаланады, олар оазистердің
негізгі қоректену көзі болып табылады. Ніл жазығы–ғаламат оазис 1,5 мың
шақырымға созылып жатыр, орташа ендік өлшемі 10-шақырым. Египет туристерге
жыл бойы және әр кезде ашық. Оңтүстік және Жоғары Египетке туристік
саяхаттаудың жанғажай ыңғайлы айлары– қазан мен мамыр.
Өсімдік әлемі: Египеттің өсімдік әлеміне келетін болсақ біраз
кедейлеу болып келеді–көбінесе сусыз шөл. Өсімдіктердің түрінен жусан,
пияз, ит мұрын тектес өсімдіктер түйе жейтін тікенді өсімдіктер өседі.
Қысқы тамақ бұл жерде эфемерлер: Иристар, Мактар, Нарилисстар, гүлдер шөл
даланың әсем көркін гүлдендіреді. Гүлдер кейін жаз айларының ыстық
кездерінде күйіп кетеді. Тұрақты өсімдіктер шөлді жерлерде кездеседі –
шоқғалдар мен шөлді өсімдіктер және т. б. Дельта жазығында да өседі.
Жануарлар әлемі: Гиеналар, шакалдар, түлкі “фараондар тышқандары”
кемірушілер бар. Египеттіктер үйлерінде мысық ұстайды және оларды қасиетті
жануар санайды. Бауыры мен жорғалаушылар түрінен жыландар кесірткелер
кездеседі. Құстардан қаздар, ақ және ақ-ала тырналар, аисттар жабайы
кептерлер мекендейді. Ал Қызыл теңізде көптеп дельфиндер акулалар өмір
сүреді. Теңіз жануарларынан – теңіз қораздары, нефальдар, камбалалар,
сардиналар, сегіз аяқтылар, кальмарлар кездеседі.
Мемлекет туралы бағдар
Тілі: Египетше арабшаға ұқсастау Египеттің жергілікті көп
қалаларында сол жердің адамдары мен ағылшынша сөйлесуге де болады.
Уақыты: Мәскеу уақытынан 1 сағатқа артта.
Ақшасы: Жергілікті валюта фунт. Бір фунт 100 пиастра. Еркін долларға
ауыстыруға және де басқа да ақшаларды банктерде, ауыстыру пункттеріндеалуға
болады. АҚШ-тың 1$-египеттің 5 фунтына тең болады (курстар ауысып тұрады).
Кедендік басқарма: Шет мемлекетке шығу визалары аэропорттарда
тексеріледі Егер сізде видеокамера болса, сіз оны кедендік басқарма
қызметіне көрсетуіңіз керек және мемлекеттен шығып кетіп бара жатқанда
тексертесіз. Ал егерде затыңызды ұрлап немесе жоғалтып алсаңыз полиция
қызметкерлеріне хабарлағаныңыз жөн.
Мұражайы: Египет мұражайлары ерте жабылады. Қыста сағат 4-ке дейін,
Жазда 5-ке дейін. Мұражайда суретке түсуге болады, бірақ жарықшасыз және
қосымша төлем ақымен.
Сатып алу: орташа бағадағы таза мақта және кожабұйымдары сонымен
қатар алтын-күміс заттар алуға болады. Курорттық өлкедегі дүкендер көбінесе
сағат 10-ға дейін істейді. Егер сіз алып жатқан белгілі-бір бағасы жазылып
тұрса саудалауға мүмкіндігіңіз жоқ.
Сувенирлер: Египеттік сувенирлер папирус бейнесіндегі түрлі-түсті
бұйымдар алуға болады. Олар оншада қымбат емес, өте мықты және шеберлі
жасалған және өзіңмен бірге алып жүру ыңғайлы да жеңіл. Осы заттарды
көрінген жерлерден ала беруге болмайды. Сізді алдап кетуі мүмкін. Сондықтан
жергілікті сататын дүкендерден алу керек.
Үй ішімен хабарласу: Көшелерде таксафоннан хабарласқан жөн. Ол үшін
телефон карточкалары керек. Бұл жағдайларда сіздің сөйлескен уақытыңыз
минутына 1 долларды құрайды. Егер сіз үйіңізге отельден хабарласып тұрсаңыз
– сіздің уақытыңыз автоматты түрде санала бастайды 1 минуты 3 доллар. (сіз
хабарласа алмай үйде ешкім жоқ болып қалған жағдайда да сіздің уақытыңыз
саналады) осыны есте сақтағаныңыз жөн.
Көлік: өте ыңғайлы жолмен таңдалынатын көлік түрі – ол такси. Баға
жөнінде таксиспен алдын-ала келісу керек.
Тамақ және су: суды краннан ішуге болмайды. Әртүрлі іш ауруларынан
аулақ болу үшін жеміс-жидекті жумай жеуге немесе тісіңізді кран суымен
жууға болмайды.
Кеден қызметкерлерімен хабарласу: полиция – 1.22, дәрігерлік көмек – 1.23,
өрт 1.25.
Негізгі білетін ақпараттар мен тәртіп ережелері
Негізгі қауіпсіздік: Жаз айларында жоғарғы температураның болуы
(460С-дейін). Мысалы: Нубийск шөлі. Шөлді жазық аймақтарда улы шаяндардың
(скорпион) болуы, сонымен қатар жыландар, Нілдің жоғарғы ағыстарында
крокодильдердің болуы.
Ұлттық және этникалық топтар: Арабтар (египеттіктер) 99%, ал қалғаны
беддуиндер, нубийцылықтар.
Мейрамдық және жұмыссыз күндер: 01.01, 02.01,және 04.03, 25.04,
01.05, 18.06, 23.07, 09.08, 06.10, 23.12. религиялық (мұсылмандық)
мейрамдар. Демалыс күні ол жұма.
Рекордтары: Дүниежүзіндегі ең ұзын өзені – Ніл (6671км). Жауын-шашын
ең аз мөлшерде түсетін дахла өлкесі (жылына 1мм.).
Денсаулық сақтау ережелері: Тазалық тәртібін сақтамаған жағдайда сіз
неше түрлі ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Мыс: тазаланбаған жеміс-жидектер,
балмұздақтар, жеген кезде осы тәртіптерді сақтаған жөн. Суды сатып алып
минералды су ішкен жөн. Нілде шомылуға болмайды. Өзіңізбен бірге әкті
көмір, іш ауру және күн сәулесінен крем және т.б. Дәрілерді алу керек.
Өз-өзіңді ұстау тәртібі: АРЕ мұсылмандық мемлекет сондықтан
шортандарды және жартылай желдешең курорттық жерде жүруге болады. Әйел
адамдарына өте ашық киім киюге болмайды, әсіресе олар жалғыз саяхаттап
жүрсе.
Египет Араб Республикасының қалыптасу тарихы
Ежелгі Египет, Көне Мысыр – Ніл өзенінің төменгі ағысында, солтүстік-
шығыс Африкада болған ертедегі мемекет.
Тарихы: Египет жерін халық палеолит дәуірінде мекендей бастаған.
Б.з.б. 10-6 мың жылдарда ауа райы жылы әрі ылғалды болып тұрған кезде
Египет жерінде көшіп – қонып жүрген жеке тайпалар Ніл өзенінің кейінірек
балық аулап күн көрді. Неолит дәуірінде ауа райы өзгеріп, саванна құрғаған
кезде, олар Нілдің су жайылмаларын қоныс аударды. Бұлардың арасында түркі
семиттер, берберлер мен кушиттер болды, осы тайпаның арасында кейінірек
египет халқы қалыптасты. Халықтың көбеюі, аң және балық аулау арқылы күн
көрудің қиындауы мал өсірумен және егін егумен шұғылдануды тездетті; мұның
өзі территориялық қауымның құрылуына себепкер болды. Егін егуге жарамды
қосымша жерге деген ділгірлік жер суару каналдары мен плотиналар салуды
қажет етті. Египеттегі ежелгі егіншілік қоныстары б.з.б. 5-4 мың жылдарда
бірінің орнына бірі ауысып отырған мәдениеттер ошағы болды. Мысалы,
солтүстікте – Меримде-Бени-Салали, Әл-Омари және Маади мәдениеттері,
оңтүстікте – Тасий, Бадарий және Амрат, Негада мәдениеттері, бүкіл ел
көлемінде Герзей мәдениеті.
Ру ақсүйектері шықты, тайпа көсемдері кішігірім патшалықтарға айналды,
құл еңбегі пайдаланылды, таптар қалыптасты. Б.з.б. 4 мың жылдықтың орта
шенінде солтүстікте Төменгі Египет, оңтүстікте Жоғарғы Египет патшалықтары
құрылды, олардың орталықтары: Буто және Иераконполь қалалары болды. Осы
кезде ежелгі египет мәдениеттің негізгі ерекшеліктері қалыптасты. Б.з.б.
3000 жыл шамасында Юга Менес бүкіл елді біржолата біріктірді.
Б.з.б. 3000-2800 жыл шамасында Египет жерінде Ертедегі патшалық өмір
сүрді. Бұл кезеңде жер суару шаруашылығы дамыды, тас және мыс құралдар
жетілдіре түсті, қыш ыдыстар жасалды, айырбас саудасы өріс алды, мемлекет
аппарат қалыптасыт, әкімшілік округтер – номдар құрылды.
Б.з.б. 2800-2250 жыл шамасында Ежелгі патшалық кезеңі ІІІ әулеттің
бірінші патшасы Джосердің таққа отыруынан басталады. Бұл кезеңде егіншілік,
мал шаруашылығы, қолөнері, сауда және құрылыс дами түсті. Қауымдық жер
иеленумен бірге жеке меншікті жер иеленушілік те өрістеді. Жоғары лауазымды
адам тчати (уәзір) басқарған бюрократтық аппарат нығайды. Жоғары дәрежедегі
абыз әрі жердің ұлы мәртебелі иесі перғауынның (фараонның) үстемдігі де
шарықтау шегіне жетті. Тұрақты әскер жасақталды. ІІІ-ІV Перғауындар
әулеттері тұсында қабір үстіне аса зор пирамидалар (Снофру, Хеопс, Хефрен,
Микеран пирамидалары) салғызды.
Б.з.б. 2250-2050 жыл шамасында Египет Бірінші ыдырау кезеңіне ауысты.
Египет өзара жауласқан номдар мен шағын мемлекеттерге бөлініп кетті. Мұның
өзі суару жүйесінің, демек, ауыл шаруашылығының да құлдырауына әкеліп
соқтырды. Қолөнері бұйымдарына ділгір ұсақ және орта жеке меншік иелері
көбейді. Қолөнері мен сауданың өріс алуы қаланың өсуіне қолайлы жағдай
туғызды, мұның өзі бірте-бірте елдердің қайтадан бірігіп,суару жүйесін
қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
2050 жыл шамасында – Ментухотеп І тұсында ел қайтадан біріктірілді.
Б.з.б. 2050-1700 жыл шамасында Египет Орта патшалық кезеңіне ойысты.
Бұл кезеңде суару жүйесі көптеп салынды, қола бұйымдар жасалды. Сириямен,
Критпен айырбас ұлғайды. ХІІ әулеттің алғашқы перғауындары тұсында өзара
қырқысқан соғыстар тоқтамады. Мүлік теңсіздігі кедейдің көтерілісін
туғызды. Б.з.б. 1750 жыл шамасында ел тағы да ыдырай бастады.
1700-1580 жыл шамасында Египет Екінші ыдырау кезеңін бастан кешірді.
1700 жыл шамасында Египетке гиксос тайпалары басып кіріп, олар елдің денін
110 жыл бойы дерлік билеп тұрды. Фивыда жергілікті билеушілер (XVII әулет)
өкіметі сақталды. Олардан тараған перғауындар Секененра мен Камос
басқыншыларға қарсы азаттық соғысын бастады. Бұлардың мұрагері, XVIIІ
әулетінің негізін салушы Яхмос І (Амасис) күресті жеңіспен аяқтап, 1580 жыл
шамасында гиксостарды Египеттен қуып шықты.
Б.з.б. 1580-1070 жыл шамасында Египетте Жаңа патшалық кезеңі орын
алды. Бұл кезеңде қола кең пайдаланылды, темірден алғашқы бұйымдар жасалды,
металл өңдеу техникасы, тоқыма станогы мен плугтың конструкциясы
жетілдірілді, дөңгелекті арбалар мен әйнектен жасалған бұйымдар көбейді.
Яхмос І-нің мирасқорлары Тутмос І (б.з.б. 1538-1525) және Тутмос ІІІ
(б.з.б. 1503-1491) мен Аменхотеп ІІ (б.з.б. 1491-1465) Сирия мен
Палестинаны, Оңтүстік Кушты Египетке қосты. Митаннимен, Вавилонмен және
Хетт патшалығымен тұрақты дипломатиялық қатынас орнатты. Аменхотеп ІІІ
(б.з.б. 1465-1419) тұсында Египет шарықтап дамыды.
Б.з.б. 1070-332 жыл шамасында Египетте Кейінгі (Ливия-Саис және Парсы)
кезең орын тепті. Бұл кезеңде темір құралдар мен қарулар кең тарады, зат
айырбасы мен ақша айналымы және өсімқорлық өрістеп, халық бұқарасы
күйзелді.
Б.з.б. Х ғасырдың ортасында ливиялық әскери қонысшылардың жетекшісі
Шешонк Бубастисті патша тағына отырып, ХХІІ (Ливиялық) әулеттің басын
бастап берді. Б.з.б. VIIІ ғасырдың ІІ-жартысында Египет Куш билігіне
бағынады. Б.з.б. 671 жылы Египетті Ассирия патшасы Асархаддон басып алды.
Саистың билеушісі Псамметих І (б.з.б. 663-610) елді азат етіп, қайта
біріктірді. Псамметихтің мирасқоры Нехо ІІ-нің (б.з.б. 610-594) тұсында
Нілді Қызыл теңізбен жалғастырған каналы салынды. Грециямен және Жерорта
теңізінің шығысындағы басқа да елдермен тығыз сауда байланыстары дами
түсті. Алайда әлсіреп қалған Египет парсы патшасы камбистің армиясына қарсы
тұра алмады, сөйтіп б.з.б. 525 жыл шамасында Египет тізе бүгіп, персия
империясына қосылды. 332-331 жылдары Египетті Александр Македонский жаулап
алды.
Б.з.б. 332-б.з. 395 жылдары Грек-Рим кезеңі өріс алды. Александр
Македонский Жерорта теңізінің жағасында іргесін қалаған Александрия қаласы
аса ірі сауда және мәдени орталыққа айналды. Египетте қолөнері мен сауданың
жаңа орталықтары пайда болып, Арабия мен Үндістанға дейін сауда дамыды.
Александр өлгеннен кейін б.з.б. 323 жылы Египетте оның қолбасшыларының бірі
Птолемей Лаг патша болды. Птолемейлер немесе Логид әулетін (б.з.б. 305-30)
Рим қолдап отырды. Б.з.б. 30 жылы Египет Римнің бір провинциясына айналды.
Б.з.б. 395 жылы Рим империясы ыдырағаннан кейін, Египет Шығыс Рим
империясының (Византияның) провинциясына айналды. Бұл кезде египеттіктер
түгел дерліктей монофизиттік бағыттағы христиан дініне бағындырылды. 619
жылы парсы патшасы Хосров ІІ Византияның әлсіздігін пайдаланып, Египетті
жаулап алды. 639-642 жылдары Египет арабтарға бағынды.
Египет – адамзат өркениетінің алғашқы бесіктерінің бірі. 395 жылдан
бастап қазіргі Египет жері Византияның қол астына қарады. 612-622 жылдары
Византия мен Иран арасындағы соғыс кезінде ел қатты шапқыншылыққа ұшырап,
жергілікті халық Араб халифатынан көмек сұрады. 640-641 жылдары халифат
әскерлері Византия армиясына күйрете соққы беріп, гректер сол кездегі ел
астанасы Александриядан (Искандрия) кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Египет
Араб халифатының қол астына өтті. Әкімшілік орталығы Фустат (қазіргі Каир)
қаласына ауыстырылды. Елді ІХ ғасырдың ортасына дейін құрайыш тайпасының
көсемдері мен халифалардың туыстары басқарды. 854 жылдан бастап үкімет
билігі түркі тектес әскери басшылардың қолына өтті. Солардың арасынан
шыққан Тулун және Ихшиз әулеттері Бағдат халифтарының билігін тек сөз
жүзінде ғана мойындады. Осы кезеңде (VIIІ-Х ғасырлар) ауыл шаруашылығы
қатты дамып, жаңа дақыл түрлері (мақта, қант қамысы, күріш) өсіріле
бастады. Құм астында қалған Суэц каналы қайтадан іске қосылды. Жер
мемлекетке қарасты болып, үкімет әскери басшылар мен діни қызметкерлерге
еңбегіне қарай иеліктер бөліп берді. Жерге жеке меншік құқығы – мүлік деп
аталды. Діни мекемелерге қарайтын жерлер уакф деп аталып, олардан салық
жиналмайтын болды. 706 жылдан ресми тіл араб тілі болды. Копт тілі ХІV
ғасырға дейін пайдаланылғанымен, кейіннен тек копт христиандар арасында
ғана қолданылатын болды.
969 жылы Фатима әулетінен шыққан қолбасшы Жаухар Египетті басып алды.
Фатима әулеті ХІ ғасырда күшейіп, Ливияны, Сирияны, Палестинаны, Батыс
Арабияны, Мальта, Сицилия, Сардиния, Корсика аралдарын басып алды, әрі
Бағдаттағы Аббас әулетімен бәсекеге түсті. Бірақ ХІ ғасырдың ортасынан
бастап шет аймақтарда бүліктер жиі болып, орталықтың билігі әлсірей
бастады. Оған қоса шет елдіктер соғыс ашып, норман тайпалары – Сицилияны,
түріктер Сирия мен Палестинаны басып алды. Мекке, Медине, Хиджаз қалалары
Аббас әулетіне өтті. Крестшілер жорығы да елге көп зиян келтірді. 1171 жылы
түріктер Фатима әулетін биліктен тайдырып, Египетте Салах әд-Дин бастаған
Айюб әулеті (1171-1250) үкімет басына келді. Бұдан кейін елді мәмлүк
қыпшақтары басқарды (1250-1517). Түркі билеушілері, әсіресе, Бейбарыс (1260-
1277) крестшілерге күйрете соққы беріп, Палестина мен Сирия жерлерін азат
етті. Бұған қоса Бейбарыс Шыңғыс хан ұрпақтары шабуылын тойтарып, елдің
тәуелсіздігін сақтап қалды. Мәмлүк сұлтандары алыстағы қыпшақ мемлекеті
Алтын Ордамен елшілер алмасып тұрды. Осы кезеңде елдегі мәдениет те жоғары
дәрежеге жетіп, тіл білімі, әдебиет, философия, тарих, математика,
астрономия, география, т.б. ғылымдар дамыды. ХV ғасырдың бас кезінде мәмлүк
сұлтандары Әмір Темірдің шабуылын тойтарды. Дегенмен, ХІV-ХV ғасырларда
шаруашылық құлдырап, азық-түлік жетіспеушілігі пайда болды, халық саны азая
бастады. ХV ғасырдың аяқ кезінен бастап Египетке Осман сұлтандығы қауіп
төндіріп, 1516-1517 жылдары елді жаулар алды. Жаңа тәртіп орнатылып,
шаруашылық қалпына келтірілді. Бірақ ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қолөнер мен
сауда тағы да дағдарысқа ұшырап, халық бұқарасы күйзеле бастады. Халықтың
толқуы жиілеп кетті. 1718-1798 жылдары мәмлүктер ішкі билікті өз қолдарына
алып, Стамбулға ресми түрде ғана бағынды. Ал 1780-1790 жылдары түрік
сұлтандарына бағынудан бас тартты. 1798 жылы елге Наполеон әскерлері басып
кірді. Оның ислам дінін қабылдап, Египетке тәуелсіздік алып берем деуі құр
алдау екені белгілі болғаннан кейін, Каир мен басқа да қалаларда
француздарға қарсы көтерілістер басталды. Көтерілісшілер түрік және ағылшын
әскерлерінің көмегімен 1801 жылы француздарды елден қуып шықты. Ел ішіндегі
ішкі тартыстар тоқтамай, 1805 жылы албан жасақтарының қолбасшысы Мұхаммед
Али өзін уәли деп жариялап, түріктер мен жергілікті мәмлүктерді жеңіп, іс
жүзінде тәуелсіз Египет мемлекеттерін құрды. Ол Францияға сүйеніп, елде
реформа (жер, әскер, өндіріс, ағарту ісі, сауда,т.б. салаларда) жүргізді.
Еуропа үлгідегі тұрақты әскер мен теңіз флоты, орта және жоғарғы оқу
орындары, өндіріс орындары ашылып, Египет қайтадан дами бастады. Мұхаммед
Али 1820-1830 жылдары Арабияны, Суданды, Палестинаны, Сирияны, Крит аралын,
Кіші Азияның бір бөлігін түріктерден тартып алды. Бұл соғыста оны Ресей,
Англия, Франция мемлекеттері қолдады. Бірақ 1821-1829 жылдары болған грек
көтерілісін басуға түрік сұлтанына көмектескені үшін аталған мемлекеттер
Мұхаммед Алидің теңіз флотын талқандап, әскерін Грекиядан шығаруға мәжбүр
етті. Кейіннен ол Батыстың көмегімен түрік сұлтанымен соғысты әрі қарай
жалғастырды да, жеңіліске ұшырап, 1840 жылы Суданнан басқа жерлердің
бәрінен айырылды. Елдің әскери күштері қысқарылды, шет ел саудагерлеріне
жеңілдіктер беріліп, Батыс елдері Египетке үстемдік жүргізе бастады.
Әсіресе, Суэц каналы салынғаннан кейін (1869 жылы) олардың ықпалы қатты
күшейіп кетті. Билік басына Мұхаммед Али ұрпақтары қайта келіп, алдымен
паша, 1867 жылы хедив, ХХ ғасырдың басында мәлік атағына ие болды. Елде
Батыс үлгісіндегі өндірістік қатынастар, еуропалық заңдар орныға бастады.
Өндіріске қажетті мақта, қант қамысы көптеп өсіріліп, банкілер, темір
жолдар, байланыс жүйелері, сауда кемелері пайда болды. 1869 жылы араб тілі
мемлекеттік тіл болып бекітілді. Халық саны тез өсіп, ұлт ағартушылары,
ғалымдар қалыптасты. Бірақ елдің Батыс мемлекеттеріне тәуелділігі арта
түсті. 1867 жылдан қаржы жүйесі ағылшын-француздардың қолына өтті. Бұл
жағдай халықтың наразылығын тудырды, ұлтшыл топтар пайда болып, 1879 жылы
Шығыс елдердегі ең алғашқы саяси партиялардың бірі – Уатан партиясы
құрылды. Уатан партиясын қолдаған хедив Исмаилды Батыс елдері тақтан
түсіріп, орнына Тауфикті отырғызды. Оған қарсы Араб паша бастаған әскерилер
төңкеріс жасап, жаңа үкімет құрылды. Жаңа үкіметке Англия соғыс ашып, елді
басып алды. Ел ресми түрде Осман сұлтандығының бір бөлшегі саналғанымен, іс
жүзінде Англияның отарына айналды. 1899 жылы Суданды билеуге египет-ағылшын
келісімі жасалынып, онда да ағылшын үстемдігі орнады. Екі ел де ағылшын
өндірісіне қажетті мақта өсірумен айналысты.
І-дүниежүзілік соғыс басталғанда ағылшындар Египетке билеуші етіп
Хусеин Камилді отырғызып, оған сұлтан деген лауазым берді. Соғыс қажетіне
қара жұмысқа 1 млн. Египет тұрғындары алынды. Халық тұрмысы күрт нашарлады.
Жер-жерде саяси бас көтерулер басталды. 1922 жылы Англия тарапынан
протекторат жойылып, Египетке тәуелсіздік берілгендігі жөнінде үндеу
жарияланды. Ел билеушісі Ахмед Фуад (1917-1936) мәлік лауазымын алып,
конституция жариялап, парламент сайлауын жүргізді. Негізгі мәселе – ұлттық
тәуелсіздік шешілмегеннен кейін, халық толқуы жалғаса берді. Саяси жағдай
шиеленісіп кетті де, 1936 жылы тамызда жаңадан ағылшын-египет шарты
жасалынып, елдің тәуелсіздігі нығайтылды және Египет Ұлттар Лигасына
қабылданды. ІІ-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Англияның ықпалынан
шығу үшін кейбір топтар Германиямен жақындаса бастады. Осыған байланысты
үкімет елде әскери тәртіп орнатты. Көп ұзамай, Италия және Германия
әскерлері Египетке басып кірді, бірақ 1942 жылы қазан-қараша айларында
ағылшындар оларға әл-Алемейін түбінде күйрете соққы беріп, Ливияға
шегіндірді. 1945 жылы ақпанда Египет Германияға соғыс жариялап, наурыз
айында Египет үкіметінің ұйымдастыруымен Араб мемлекеттері лигасы құрылды.
1945 жылы шілдеде Египет БҰҰ-ның мүшелігіне өтті. Соғыстан кейін 1948-1949
жылдары басқа да араб мемлекеттерімен одақтасқан Египет Израильге соғыс
жариялап, жеңіліске ұшырады. Мәлік сарайының беделі төмендеп, оған және
отаршыларға қарсы партизан соғысы күшейді. 1952 жылы Каирде 700-ге жуық ірі-
ірі сарайлар мен үкімет мекемелері өртеліп жіберілді. Мәлік төтенше жағдай
енгізіп, 6 ай ішінде 6 үкімет ауыстырылды, жаппай жазалау шаралары
басталды. Осындай ауыр кезде 1952 жылы 23 шілде күні әскери төңкеріс болып,
билік басына Абдель Насер бастаған Ерікті офицерлер ұйымы келді. 1956 жылы
ағылшын әскерлері Египет жерінен шығарылды да, 23 маусым күні жаңа
конституция қабылданды. Абдель Насер президент болып сайланды. Елдің сыртқы
саясатында көптеген өзгерістер болып өтті. Социалистік елдерден қару-жарақ
сатып алуға байланысты келісімнен кейін Батыс елдері Асуан бөгетін салуға
қажетті көмек беруден бас тартты. Жауап ретінде Египет Суэц каналын
мемлекет меншігіне алды. Англия, Франция, Израиль үштігі Египетке соғыс
ашып, тәуелсіздігіне қауіп төндірді. КСРО, басқа да социалистік елдер
Египетті қолдап, Азия мен Африканың халықтары ынтымақтастық білдірді.
Үштіктің шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін Египет социалистік
елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, КСРО Асуан бөгеті мен электр
станциясын, басқа да кәсіпорындар салуға көмек берді. 1956-61 жылдары шет
ел капиталының үстемдігі жойылып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды.
1960-61 жылдары банкілер, кәсіпорындар үкімет қолына өтіп, жекеменшік жер
иелену көлемі азайтылды. 1965 жылы экономиканың 80%-і мемлекет секторына
өтті. 1967 жылы 5 маусым күні Израильдің шабуылына тап болған Египет,
Сирия, Иордания 6 күн ішінде тас-талқан болып жеңіліп, біраз жерлерінен
айырылды. Бұл оқиға Египет үшін аса ауыр соққы болды. Синай түбегін Израиль
басып алды, Суэц каналы қиратылып, 1975 жылға дейін жабылды. 1970 жылы
Абдель Насер қайтыс болғаннан кейін үкімет басына Ануар Саадат келді. Елдің
саяси бағыты күрт өзгеріп, бұрынғы президенттің жақтастары қуғынға ұшырады.
1971 жылы шілдеде кеңесиік әскери кеңесшілер елден шығарылып, жаңа
конституция қабылданды (1971 жылы, қыркүйек). Шет ел капиталына еркіндік
беріліп, жаппай жекешелендіру басталды. Ислам – мемлекеттік дін болып
жарияланды. 1973 жылы 6-22 қазан аралығында Египет әскерлері шабуылға
шығып, Суэц каналының шығыс жағалауын қайтарып алды. Бұл оқиға жеңіліспен
аяқталғанымен, әсері зор болды. Египет – Израиль келіссөздері басталып,
Батыс елдерімен жақындасу күшейе түсті. Бұл бетбұрыс 1977 жылы қараша
айында Ануар Саадаттың Иерусалимге баруымен және 1978 жылы Кэмп-Дэвид
келісімі, 1979 жылы наурызда Египет – Израиль бейбіт келісімі жасалынуымен
жалғасты. Нәтижесінде, Египет басқа араб елдерінен оқшауланып қалды да,
Ануар Саадаттың өзі 1981 жылы 6 қазан күні қарақшылар қолынан қаза болды.
Орнына келген Хосни Мубарак Кэмп-Дэвид келісімінен бас тартпаса да, басқа
араб елдерімен қарым-қатынасты жандандыруға күш салды. Нәтижесінде, Египет
Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам конференциясы ұйымына қайтадан мүшелікке
қабылданды. Ануар Саадат тұсында қабылданған конституцияға кейбір
өзгерістер енгізілді. Соңғы жылдары үкімет елдің эконмика дамуын жеделдету
бағытында елеулі жұмыстар атқаруда. Египет пен Қазақстан Республикасы
арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнаған. 1993 жылы 13-16
ақпан аралығында Президентті Н.Назарбаев Египетте болып қайтты. Екі ел
арасындағы келісім бойынша Каир мен Алматы қалалары арасында тікелей
авиабайланыс орнатылды. Білім беру саласы (студенттер алмасу, экономика,
қаржы, халықаралық құқық мамандары арасында тәжірибе алмасу) мен денсаулық
сақтау саласындағы (дәрі-дәрмек экспорты және фармацевтік фабрика салу)
ынтымақтастық туралы келісімдер жасалынды. Алматыда Ислам мәдениеті
орталығы салынды.
2.1. Египеттің архитектурасы және бейнелеу өнері
Мемлекет және діни идеяларды көздеген ежелгі Египет мәдениеті өз
заманында үлкен қоғамдық беделге ие болды. Сол заманда ірі қалалар мен
қамал-қорғандар, монументті тас храмдар, сарайлар салудың жаңа архитектура
түрі қалыптасты. Бұрын пайдаланып келген көркем тәсілдер стильдік жағынан
қатаң тұжырымға келді. Б.з.б. 5-4 мың жылдықтың өзінде адам бейнесін әр
көріністе шартты түрде кескіндеудің ережелері шықты (бас немесе аяқты
қырынан, иық пен көзді қарсы алдына салу). Ежелгі патшалық дәуірінде
(б.з.б. 3 мың жылдық) мастабалар мен пирамидалар (ең алғаш Саккарадағы
Джосердікі сияқты сатылы, кейні гизадағы пирамидалар сияқты классикалық
түрі қалыптасты), храмдар мен сфинкстер тұрғызу сияқты діни құрылыстар
салынды. Қабырғаға сурет салу, рельеф (Саккарадағы Ти мен Аххотептің
сағаналарындағы рельеф, б.з.б. 3 мың жылдықтың ортасы) пен мүсін (Хефрен
перғауынның, Анкхаф ханзаданың, Ранофер абыздың мүсіндері) өнері дамыды.
Орта патшалық дәуірінде Египет өнері жаңа белгілермен толысты.
Перғауындардың сағаналарының көлемі кішірейді. Осы тұстағы храмдардың
архитектуралық құрылысында бағаналар тізбегі мен портиктерді қолдану (Дейр-
әл-Бахридағы Ментухотеп І перғауынның храмы) үлкен орын алды. Бейнелеу
өнерінде реалистік тенденциялар күшейді. Сағана қабырғаларына сурет-өрнек
салудың өзінен композиция еркіндігі, бояу түрінің молдығы байқалады.
Әсіресе екінші пландағы тұрмыстық көріністерді, аңдар мен құстарды бейнелеу
поэикалық биязылықпен суреттеледі. Мүсіндік портрет өнері ерекше дамыды.
Жаңа патшалық дәуірінде Египет өнері жоғары сатыға көтерілді. Орта патшалық
кезеңдегі сұсты бейнелер ақсүйектерге тән ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz