Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . ... ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Қазақтың ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері . . . .23

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ОҚУ.ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Мектепке дейінгі балаларға тәрбие берудің жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2 Отбасы мен балабақшаның тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңызы . . . .38
2.3 Тәжірибелік.эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі ... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .58
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс [1].
Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады.
Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім және тәрбие ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелең ұрпақты алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
Бүгінгі өскелең ұрпақтар-болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.
Мектепке дейінгі балабақша жасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері әр кезде педагогтардың назарында болған. Мектепке дейінгі тәрбие және оқудың мазмұны, формалары мен әдістері мәселесін дамытуға үлес қосқандар Е.А. Аркин, Н.А. Ветлугина, Р.И Жуковская, А.В. Запорожец, Т.А.Маркова, А.М. Леушина, А.И. Сорокина, Е.И. Тихеева, А.П. Усова, т.б. болды [2].
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде.- Астана, 2004.
2. Запорожец А., Маркова Т.А. Основы дошкольной педагогика. – Москва, 1989.
3. Х.Т.Шериазданова. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері. – Алматы 1998.
4. Амонашвили Ш. Игра в учебно-познавательной деятельности младших школьников //Перспективы Вопросы образования 1987, №1, 83-93с.
5. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана, 2000.
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы. Астана, 2004.
7. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991, -381б.
8. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. пед, соч. – М.: Учпедгиз, 1955. -662с.
9. Пестолоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения. Т.2..: АПН РСФСР, 1963. – 540с.
10. Құлжанова Н. Мектептен бұрынғы тәрбие. – Орынбор, 1923. Антология педагогической мысли в Казахстане (Сост. К.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев) Алматы: «Рауан» 1995.
11. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика Алматы.1982.
12. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алматы, 2004.
13. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1992.
14. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992.
15. Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1987, - 301б.
16. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты. – Астана, 2008.
17. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан //Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: Кітап, 1992. -196б.
18. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан.- Астана,- 2005.
19. Ыбырай Алтынсарин тағылымы //Құрастырған М.Жармұхамедов. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384б.
20. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, Ғылым, 1973. – 251б.
21. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992, -106б.
22.Байтұрсынов А. Әліб-би. – Алматы: Рауан, 1998. – 120б.
23. Құнанбаев А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1977. – 251б.
24. Балаларға міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі, 29 желтоқсан 1997, 2-7б.
25. Балбөбек бағдарламасы. – Алматы, 2000.
26 Балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім беру бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы. Астана, 2004.
27. Қазақ балабақшаларындағы тәрбие тұжырымдамасы. – Алматы, 1991.
28. Баймұратова Б. Балаларды мектепке даярлау жөнінде. – Алматы, 1975.
29. Сейсенбаев К. Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы: п.ғ.канд. дис.. – Алматы, 1987,-153б.
30. Рысбекова Ж. 6-7 жасар балаларды мектепте оқуға даярлаудың педагогикалық мәселелері: п.ғ.канд. дис.. – Алматы, 1999.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . ... ... ... . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің
педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Қазақтың ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері . . . .23

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

2.1 Мектепке дейінгі балаларға тәрбие берудің
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

2.2 Отбасы мен балабақшаның тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңызы . . . .38

2.3 Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының
нәтижесі ... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. .58

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің
Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Ұлттық
мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру,
тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық
үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы
іске асыру керек - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке
дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс [1].
Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу
үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз
деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа
дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп
жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу
керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан
өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып,
жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы
міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың
отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен
кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-
қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады.
Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор
мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-
білім және тәрбие ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да
тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана
қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік
менталитеті болатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие
беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық,
ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер
балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелең ұрпақты
алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген
кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден
аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
Бүгінгі өскелең ұрпақтар-болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің
көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын
дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай,
интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.
Мектепке дейінгі балабақша жасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері әр
кезде педагогтардың назарында болған. Мектепке дейінгі тәрбие және оқудың
мазмұны, формалары мен әдістері мәселесін дамытуға үлес қосқандар Е.А.
Аркин, Н.А. Ветлугина, Р.И Жуковская, А.В. Запорожец, Т.А.Маркова, А.М.
Леушина, А.И. Сорокина, Е.И. Тихеева, А.П. Усова, т.б. болды [2].
Мемлекеттік балабақшада мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жан-жақты
ұйымдастыра отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін
еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш еңбекқор,
іскер ізденімпаз, қабілетті адам даярлау мақсатына бағытталады.
Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу бүгінгі күн
тәрбиесіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Қазіргі кезеңде
біздің елімізде тәрбие тек мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте ғана
жүргізіледі деп түсініп, тәрбиеге кей ата-ананың аса мән бермеуі аян.
Мұндай тәрбие баланың санасында әдепке, тәртіпке деген немқұрайлық көзқарас
тудырып, көптеген балалардың қайырымсыздығын, мейірімсіздігін байқатып
отыр.
Сондықтан бүлдіршіндерді тәрбиелеудің алғы шарттары – тәрбиенің тал
бесігі отбасы, балабақша тәрбиесінен мектепке дейінгі кезеңнен басталып,
мектеп қабырғасымен жалғасып және одан әрі дамыту міндеті туындайды.
Мектепке дейінгі балалардың сензитивті кезең ретінде танымдық және
шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігі, жеке
тұлғаның дамуы туралы теориялық ұсыныстардың негізі Л.С.Рубинштейн,
Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец,
Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов,
Х.Т.Шерьязданова т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды [3]. Бұл еңбектер
жеке тұлғаны қалыптастырудың әдіснамалық негізін құрайды. Танымдық әрекет,
жеке тұлғалық даму, белсенділікті арттыру Ш.А.Амонашвили, Т.И.Шамова,
Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров, А.Е.Абылқасымова, Р.Ш.Садықова, С.С.Смаилов,
Р.С.Омаров, А.С.Мустояпова, А.Х.Аренова, Ә.М.Мұханбетжанова,
А.Ғ.Қазмағамбетов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.С.Сардарова т.б. ғалымдардың
еңбектерінде орын алған [4].
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнініде ғылыми-теориялық және
әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, Қ.А.Аймағамбетова, А.К.Меңжанова,
М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, А.Е.Манкеш, Қ.М.Меңдаяқова, Ә.С.Әмірова,
Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б. мектепке
дейінгі білім беру ториясы мен әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова,
Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева т.б. еңбектерінде зерттелген [5].
Жоғарыда аталған ғылыми еңбектер тәрбие жұмысын ұйымдастыру
мәселесін біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дегенмен мемлекеттік
балабақшада балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері арнайы
қарастырылмаған. Осы жас аралығындағы білім мазмұнында балаларға тәрбие
жұмысын ұйымдастыру, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қарастырылатын
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мектепалды даярлығының педагогикалық ұстанымдарына сәйкес тәрбие
жұмысын ұйымдастыруда өзіндік тұлғалық сапаларды меңгертумен қатар,
балалармен белсенді қарым-қатынас іс-әрекетіндегі бірқатар талаптар мен
шарттар орындалуы қажет.
Сонымен, бүгінгі күні мемлекеттік балабақшада балалардың тәрбие
жұмысын ұйымдастыруға деген қажеттіліктің артуы мен оның теориялық және
әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауы арасында қайшылық орын алып
отырғандығы белгілі болды. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру,
зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі деп
таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін
жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың
үдерісі.
Зерттеу пәні: мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі балаларды
мемлекеттік балабақша қызметінің дамытушы орта негізінде үйлесімді жүзеге
асырылса, онда мектепке дейінгі балалардың дамуы жаңа сапалық деңгейге
көтеріледі, өйткені мұндай ортада ұйымдастырылатын оқу және ойындық іс-
әрекеттер балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жағымды ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
- мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру
ерекшеліктерінің теориялық негізін жасау;
- мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
көрсеткіштері мен деңгейлерін белгілеп, анықтау.
- мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесін
жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері мектепалды
даярлықта балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы
философиялық таным теориясы, тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғаның
қалыптасу теориясы, тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ізгіліктік, іс-әрекет,
тұлғалық тұрғылар туралы философиялық қағидалар, тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалары.
Зерттеу базасы: № 7балабақша.
Зерттеудің әдістері: Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын
ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік құжаттарды зерделеу, зерттеу бағыты
бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік
әдебиеттерге талдау жасау, озық педагогикалық тәжірибелерді сараптау,
әңгіме, сауалнамалар жүргізу, бақылау, педагогикалық экспериментті
ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу, қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік талдау жасалды.
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы туралы ұғымдар
мен түсініктер талданды, зерттеудің ғылыми аппараты негізделді.
Екінші кезеңде мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру
мәселесі бойынша шетелдік және отандық педагогикалық озық тәжірибелер
зерделеніп, мәселенің қазіргі жағдайы анықталды. Мемлекеттік балабақшада
тәрбие жұмысын ұйымдастыру тиімділігі тексерілді.
Үшінші кезеңде тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
қорытындыланып жүйеленді.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады; жалпы
көлемі 60 бет.

І МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің
педагогикалық негіздері

Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие
жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде
деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз – өсiп келе жатқан жас ұрпақ. Жас ұрпақ
ел-тiрегi, ертеңiмiздiң кепiлi.
Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу
және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер
күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың
жеке тұлға болып қалыптасуында тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, патриоттық сезімі қалыптасқан,
рухани ойлау дәрежежсі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу. Негізгі құзыреттілікке, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтар
негізінде тұлғалық мәдениетке ин бала тұлғасын дамыту.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік ұйымдары нормативтік-
құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің
нормалары мен ережелерін сақтау кезінде оларға мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі
қызметті жеткізушілердің тізбесіне қосылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:
-Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру,
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту
және сыйлау;
- Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене
бітімін дамыту, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі
негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
- Толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын
кешенді сүйемелдеудің қамтамасыз ету;
- Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту,
сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын
адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесі, қазақстандық қоғамда
қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;
- Өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге
құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен
қарауға тәрбиелеу;
- Балада қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы
түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру [6].
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын
пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері
оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты
педагог Сухомлинский: бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта
әр адам өзінің рухани тәрбиелік нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға
қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол
қоры бар рухани азық деп атап көрсеткен.
Болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы- педагогы,
қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай
Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ
жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған
Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың ұрпақ тәрбиесiне қосқан үлесi,
қалдырған мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол
қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас
ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру жүйесiнiң төрiнен орын алып, тәрбиенiң
дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр.
М.Дулатов Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын
сiңiрiп, ана тiлiн үйретiп шығару керек десе М.Жұмабаев Әрбiр ұлттың
баласы өз ұлтының арасында ұлт үшiн қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиешi
баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие беруге мiндеттi деген. Балаларды
тәрбиелеудi жаңа әдiс тәсiлдерiнiң бiрi ұлттық тәрбие. Қазақ халқының
меймандостық салты ұлттық санаға сiңiп, меймандос халық болдық. Ол салт-
сананың бастауы, игi әдет одан әдет-ғұрып, одан әдеп, әдептен дәстүр,
дәстүрден салт-сана қалыптасады. Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениеттi
өркендетудiң қайнар көзi болып табылады [7].
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы XVII
ғасырға тән. Бұл кезде славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670)
мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Ол өз еңбектерінде бала
тәрбиесінің дамуындағы прогресшіл идеяларды басшылыққа алып, тәрбиеде
баланың жеке басының дамуы мен ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеген
[8].
Атақты француз ойшылы, жазушы-педагогы, философы, аса ірі
ағартушыларының бірі Жан-Жак Руссо (1712-1778) тәрбиенің өзіндік теориясын
жасаған. Ол феодалдық қоғамнан туындаған әлеуметтік әділетсіздікті, баланың
жас және жеке даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескермеген тәрбиешіні
қатты сынаған. Эмиль немесе тәрбие туралы еңбегінде баланың жетілуін жас
шамасына қарай кезеңдерге бөлуге әр кезеңдегі тәрбие міндетін, мазмұнын,
оқу-тәрбие әдістерін белгілеуге әрекет жасаған.
Иоганн-Генрих Песталоций (1746-1827) швецарияның ұлы демократ-
педагогы. Песталоций тәрбиенің негізгі міндеті баланың адамгершілік
қасиетін қалыптастыру, адамгершілікті өндірістегі еңбекпен ұштастыру деп
тапқан [9].
Н.Құлжанованың белсене араласуымен сонау 20-жылдардың өзінде-ақ
мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қалана бастады.
Мәселен, 1924ж. Орынборда Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу атты
педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен Әйел теңдігі
журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде
қазақ балабақшаларының озат тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі
тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайында көптеген
мақалалалары жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін
басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды болмаған бала
тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды [10].
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту теориясы
мен практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
А.П.Сейтешов, М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, К.К.Жампейісова,
Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды
[11].
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие
үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбақов, М.Сейфуллаева,
Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев,
С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз
еңбектерінде тұжырымдады [12].
Қазақ халқының ұлы ақыны М. Жұмабаев ата-ананың әділдігімен,
адамгершілік парасаттылығымен тәрбиеленген, ұстаздары А.Байтұрсынов пен
М.Дулатовтан дәріс алып, олардан үлгі-өнеге алған ағартушы, әрі педагог
болған [13].
Мағжан баланы балабақшада жас күнінен тәртіпке үйретудің
қажеттілігіне баса назар аударады, бұл арада ол халықтың қалыптасқан әдет-
ғұрып мәдениетіне сүйенгені анық. Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен
қажытпайтын, баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батылдыққа үйретсе темір
тәртіпке бағындыру, оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді, - дейді.
Мағжан педагогикасындағы негізгі категориялардың бірі – баланың өзін-
өзі тәрбиелеуі. Қандай тәрбие, тәрбиешінің басқаның әсері мен үлгісі
болмасын сайып келгенде адам - өзін-өзі тәрбиелейді, адам тәрбие ісіне
араласқанда ғана оның ықпалы күшті болады. Сондықтан балабақшаның міндеті –
баланың өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау, яғни өз тіршілігі мен іс-қимылына
сын көзімен қарауға, өз мінез-құлқына бақылау жасауға, оны үнемі
жетістіруге үйрету деп санайды. Мағжан бұған ерекше назар аударады. Адамның
өзін-өзі бақылауы, әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне,
оны жоюына ойландырып, итермелейтін болады. Ол адамның өзін-өзі тексеруі –
оның дұрыс жолға түсуінің бірінші шарты, қатесін білген адам өзін
тексермесе ілгері баса алмайды - деп теориялық дұрыс, практикалық өте
маңызды тұжырым жасайды [14].
Сонымен, М.Жұмабаев өзінің Педагогика атты оқу құралында балаға
дене және жан тәрбиелерін беруді теориялық жағынан тұжырымдап, тәрбиені
олардың жас ерекшеліктеріне ескеріп жүргізуді негіздеген екен деп толық
айтуға болады [14,- 125б.].
Дана ақын, халықтың ырысы Құтты бiлiктiң негiзiн қалаушы Жүсiп
Баласағұн – адамның мiнез құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады.
Адам – бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы
iсiн қалдырып отыруы қажет. Ол үшiн әр кез жаман қылықтан сақтанып,
адалдықпен жүрiп-тұруы тиiс деген ойлары бiзге жақсы мәлiм [15].
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы түрлі жақсы-
жаман қасиеттер туралы Жүсіп Баласағұнның атақты Құтты білік поэмасында
кеңінен баяндалған. Ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары мұратты қоғамға
лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық нормалары мен
ережелерін, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктердің басқарудағы міндеттері
мен қызметтерін белгілеп берді [15,-96б.].
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде бала тәрбиесіне де баса назар аударып, бұл
орайда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін атап
көрсетеді (Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі). Ғұлама ғалым
өз өсиеттері арқылы адамдарды өтірік айтудан сақтандырып, өмірде жақсылық
жасауға шақырады (Қастық қылма, арамдықты сайлама, Тый құлқынды,
жақсылық ет қайда да).
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық
міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік
тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие үрдісі орындалатын білім және тәрбие
беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен айтқандай
адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе
саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның
міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне
қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға
бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің
бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз
қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және
азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты.
Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше
жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады.
Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін
анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі
бағыттарын ашып көрсетеді.
Болашақ қоғам мүшелерін тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде
делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық
санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеалық негізі
ретінде бірнеше ғасыр тәжірбиесінде қалыптасқан және дәлелденген
адамгершілік принциптері болуы тиіс. Адамгершілік ең алдымен адамның
адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық
сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы
мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді кәрсетеді. Адамгершілік ұғымы
адамды ең жоғарғы құндылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі
ретінде қалыптасады. Адамгершілікті қазіргі заман талабына сай қарастырсақ
онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және
эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен,
адамгершілік тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным,
қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын
алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы
қарастырылады.
Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын дене
бітімін, күш-жігерін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие
мазмұны жайлы айтылатын пікірлер бірдей емес. Тәрбиені ізгілендіру және
демократияландыру үрдістерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып,
олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық
зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды
идеяларға негізделген:
1. Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою;
2. Балабақшаның, мектептің, жанұяның педагогикалық үрдісінде балалар
мен үлкендердің ынтымақтастығы;
3. Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті;
4. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-
шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек;
5. Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз
еркімен тәрбиеге қатыстыру;
6. Ұжымдылыққа бағыттау.
Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары Қазақстан Республикасындағы
білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында анықталған
[16]. Білім және тәрбие беретін ұйымдарда тұтас педагогикалық үрдісті
ұйымдастыру барысында тәрбиешілер төмендегі аталып отырған принциптерді
іске асыруға қабілетті болулары қажет:
- педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде
қарастырып отыра, тәрбиенің адамгершілік бағытта жүргізілу
принципі;
- табиғи және әлеуметтік мәдени үрдістердің өзара байланысын ғылыми
тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;
- жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен
аймақтық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке
сәйкестілік принципі;
- әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін
әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;
- тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту
принципі.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-
әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру,
адамгершілікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы,
дене шынықтыру, оның түрлі іс-әрекеттеріне жағдай жасау жатады.
Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешіліктерінің сипаттамасы.
Адамның жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен
жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-
әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік
ортадағы әр бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлуметтік-нормативті
болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әрбір
бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді. Мәдениеттің
белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты,
қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі
туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие
түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие
қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның
нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты
экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық
үрдістер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.
Тәрбиенің барлық түрлері балабақшаның, мектептің педагогикалық үрдісінде
ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Балалар
балабақшадағы, мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы
адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады.
Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі
негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді.
Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау
алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту,
ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін
меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты: балалардың ақыл-ой күштерін және
интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену үрдісінде білімнің рөлі, ақыл-ой
мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми
көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық
қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету
қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін
зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның
тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында тәрбиешілер балалардың жеке
ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір
салада жақсы байқалса, басқаларында – басқа салада байқалады. Жас
ерекшеліктері бірдей болса да балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс
жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық
материалды қайта айтып беру қабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне
қажетті қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моралдық қасиеттерді,
нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпы адамзаттық құндылықтарды,
адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтарға
негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика,
адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі
ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік
тәрбиесінің бір ерекшелігі оның тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің кез
келген түрімен байланысты болуында.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:
- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;
- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;
- адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерлікгерін қалыптастыру;
- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін,
қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;
- қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың
заңдылығы мен парасатылығын делелдеу;
- өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік,
парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік,
ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі
өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы
Адам бол, Өзіңдегі адамгершілікті сақта – деген өсиеттері осыны
айғақтайды.
Құқықтық тәрбие – балалардың құқықтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықтық
нормалар мен құқықтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын
қалыптастыру.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты: балаларды күрделі құқықтық қоғамдық
қатынастармен таныстыру.
Құқықтық тәрбиенің міндеттері:
- құқықтық мемлекеттік азаматты тәрбиелеу;
- өмірге қажетті қарапайым заңгерлік сауатылықты меңгеру дағдыларын
қалыптастыру;
- балаларды өз құқықтарымен, міндеттерімен құқықтық
жауапкершіліктерімен, құқықтық қатынастармен таныстыру.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірнеше заң құжаттары бар.
Балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, және ұлттық сана-сезім мен
азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған бала құқығы мен
мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайтын Балалар
құқықтарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Балалар құқығы
туралы заңы, Балалар құқығы туралы конвенция іске асырылуда.
Әлеуметтік ортадағы өмір әр адам бойында өз Отанына деген
сүйіспеншілікті, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді. Әр бала
жеке тұлға болуға, өз өмірін өзі құруға, өз ойын еркін айтуға, азамат
болуға құқылы.
Азаматтық тәрбие – балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен
таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық,
құқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.
Азаматтық тәрбиенің міндеттері:
- тұлғаның өз абыройын бағалап құрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін
және тәртіптілігін қалыптастыру;
- адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін
сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;
- тұлға бойында басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және
сенімділік қатынастарын қалыптастыру;
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық
адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Экологиялық тәрбие – ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін,
экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты: табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен
қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің міндеттері:
- жас ұрпаққа жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;
- табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі
ретінде қарап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;
- адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді
пайдаланып, оларды сақтау қағидаларын бекіту;
- қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық
мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар
тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу
екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке
тұлғаны дамыту факторы және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі
ретінде қарастырылады.
Еңбек тәрбиесі – еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген
дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты: балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын,
еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы тандауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
- тәрбиеленушілерді еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын
жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа
да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
- балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте
ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-
өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген
міндеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады.
Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіндіктері
зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Экономикалық тәрбие – балалардың нарықтық экономика жағдайында
шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін,
дағдыларын, іскерліктерін, мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты
ықпал жасау.
Экономикалық тәрбиенің міндеттері:
- экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы қажеттіліктерді
қалыптастырып бекіту;
- адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік,
ұйымдастырушылық, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
- балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз
шығандармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;
- тиімді экономикалық іс-әрекетке деген ынта мен талпынысты
қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесі – адам денсаулығын сақтау мен нығайту және
дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты: салауатты өмір сүру негіздерін білу
және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын
қальштастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал
жасау;
- табиғи қозғалысты қасиеттерді дамытып жетілдіру;
- дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен
қажеттілікті тәрбиелеу;
- табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
- ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
- гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыу тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру
мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің
оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Эстетикалық тәрбие – балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай
құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты: балалардың шығармашышық қабілеттерін,
әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын
дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
- эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
- ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
- шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
- эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
- адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
- өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру
қажеттіліктерін дамыту.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру үрдісінде балалар бойында өнердегі,
өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-
әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық
сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни
адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық үрдісте
орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа
түрлерімен қатар жүргізіліп, бірін бірі толықтырады, педагогакалық үрдіс
барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру
тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін
көрсетеді. Өйткені тәрбиеленушінің денсаулығы неғұрлым мықты болса,
соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.
Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбие бағыттарының барлығы жеке
үрдістердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланысқан, тұтас
үрдіс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана
үйлесімді әсер етумен калыптастыруға болады.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие
жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде
деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз – өсiп келе жатқан жас ұрпақ. Жас ұрпақ
ел-тiрегi, ертеңiмiздiң кепiлi.
Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу
және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер
күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың
жеке тұлға болып қалыптасуында тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы- педагогы,
қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай
Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ
жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған
Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың ұрпақ тәрбиесiне қосқан үлесi,
қалдырған мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол
қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас
ұрпаққа тәрбие мен бiлiм беру жүйесiнiң төрiнен орын алып, тәрбиенiң
дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр [17].
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық
міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік
тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие үрдісі орындалатын білім және тәрбие
беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен айтқандай
адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе
саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның
міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне
қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға
бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің
бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз
қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және
азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты.
Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше
жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады.
Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін
анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі
бағыттарын ашып көрсетеді.

1.2 Қазақтың ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері

Бала болашақ, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының,
құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын
желбіретер ертеңгі азамат, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса жауапты
басты мәселелердің бірі.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы.
Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас
шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы
арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы
бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни
бала тәрбиелене отырып білім алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан Жолдауында Біз бүкіл еліміз бойынша
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол
жеткізуіміз керек. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің
елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандайда бір табыстарға қолымыз
жеткен бағыттарды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет,
екіншіден жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен
әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек деп көрсеткендей
қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі
жаңалықтар әкелді. Педагогикалық бұқараның алдында мектепке дейінгі
мекемелердегі жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін,
баланың жан-жақты дамуына жоғарғы деңгейде әсер ететін технологияны таңдау
міндеті тұр [18].
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, iрiктеп алған озық
тәжiрибесi мен iзге қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру, баланың
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмiрге деген көз қарасын
және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиелеу ұрпақ өсiру – ең
жауапты мәселе.
Ұлттық салт-сананың үрдістерi рәсiм, рәмiз, кәде, жөн-жоралығы, ырым,
тыйым т.б. өмiр қолданыстары арқылы iске асырылады да, ұлттық болмыс пен
ұлттық мәртебесiн мәдени-рухани деңгейi өмiрден көрiнiс табады. Ұлттық
тәрбие осылай өз нәтижесiн бередi.
Егемендi ел болып, тiлiмiздi, дiнiмiздi, дiлiмiздi иелендiк. Қазақтың
өздiк ұлттық қасиеттерiнiң қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менiң
перзенттiк те, президенттiкте парызым – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы
Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше мән бердi. Бiз сол ұлы мақсатты iске
асыру үшiн ұлттық тәрбиенiң негiздерiн айқындап, ғылыми-теориялық
жаратылымын жан-жақты зерттеп, тәрбие жұмыстарының ұлттық ерекшелiктерiн
айдай анық көрсетiп бағдарламалар тiзiп, оқу құралдарын жаздық.
Қасиеттi, өнерпаз, ақын, шешен, ержүрек, кеңпейiл, меймандос, иманды
халқымыздың ұрпағын ұлттық тәрбиенiң ұлағатты, рухани-мәдени ауқымымен,
өркениеттi елдiң тұғырлы тұлғалары етiп тәрбиелеуге ғылыми-теориялық негiз
жасалынады. Ұлттық тәрбие балабақшаларда, мектептерде бiрiншi мәселе
ретiнде қолға алынып, жақсы iс-әрекет жауапкершiлiкпен жүргiзiлiп, өз
нәтижелерiн бере бастады. Осы ретте ұлттық тәрбие жүйесі 1-суретте
көрсетілген.

1

Сурет-1 Ұлттық тәрбие жүйесi

Ұлттық тәрбие – ұлағатты iс. Бұл тек қазақ ұлты үшiн емес,
Республикадағы барлық ұлттар үшiн қажет. Олар ұлттық тәрбиеде қазақтық
халық педагогикасы өздерiне үлгi ретiнде пайдалануы керек.
Ұлттық тәрбие отбасында, балабақшада, мектепте, өндiрiс орындарында,
жоғары оқу орындарында жан-жақты жүргiзiлуде. Жауапкершiлiгiн түсiнiп, өзiн-
өзi жетiлдiру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негiзi болып
табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткiштерi: басқаларға жақсылық жасау,
жақсылыққа ұмтылу, өзiн-өзi дамыту, жетiлдiру.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зиялыларын
толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұра екені даусыз. Әр
дәуір, әр кезеңде ата-ана арман-мақсаттарын бауырынан өрген балғын
перзенттерінің – ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесімен, ар-ождан, ақыл-
қайрат, білім-білік тәрізді абзал қасиеттерге негізделген саналы
тіршілігімен тығыз байланыстыра қараған. Заманына, қоғамына сәйкес талап-
тілектерге қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе-келе саралана, жүйелене
түскенін айқын аңғарамыз.
Жалпы, әл-Фараби рухани пікір үндестігі, ой сабақтастығы ХХ- ғасырда
ғұмыр кешкен қазақтың Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Абай Құнанбаев,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев тәрізді зиялылары мен
ағартушы-демократ, ақын-жазушыларының ой орамдарында да ұшырасады. Осы
орайда қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ балалар әдебиетінің атасы
Ы.Алтынсариннің тәрбие саласындағы мұраларын жас ұрпаққа үлгі ету, тәрбие
жұмысында пайдалану баршамыздың парызымыз. Ол қазақ сахарасында тұңғыш рет
ана тілінде мектеп ашып, оның тәрбиешісі болды. Қазақ тілінде алғаш рет
әліппе, оқулық-хрестоматия жазған. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы Қазан
қаласында жарық көрген Қазақша Хрестоматия деген бірінші кітабында:
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Асыл шөп, Бақша ағаштары, Бір уыс
мақта, Шеше мен бала, Әке мен бала, Таза бұлақ т.б. өзі жазған тілі
жатық, мазмұны қызғылықты 40-тан астам әңгімелері мен аудармалары бар. 1880
жылы Троицк қаласында басылған екінші кітабында балаларды өзін қоршаған
орта, жаратылыс құбылыстарымен таныстыратын және хайуанаттар туралы
баяндалатын шығармалары жинақталған [19].
1889 жылы Қазан қаласында басылып шыққан үшінші кітабына тәрбие
тақырыбындағы әңгіме, ертегі, мысалы және қысқа өлеңдері топтастырылған.
Бұл шығармалар әрі қысқа, әрі мазмұнды, тілге жеңіл, ойға қонымды
балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталып, жан дүниесіне әсер ететіндей
көркемдікпен жазылған. Шығармалар идеясы жағынан бала жанын тазалыққа,
адалдыққа, туған жердің табиғатын, еңбекті сүюге, достыққа, қайырымдылық
пен мейірімділікке тәрбиелеуге, ата-ананы құрметтеуге негізделген. Ол:
Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын
сыйлауға үйретуден басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына
да, қоғамға да пайда келтіре алмайды деп отбасылық тәрбиеге ерекше мән
берген. Барлық қасиет ананы сүюден, ана еңбегін бағалаудан бастау алады,
сондықтан балаларға ана құдіретін ұғындыратын өлеңдерді көп оқып, көбірек
жаттатуды ұсынады. Ақын-ұстаз өзінің Ананың сүюідеген өлеңінде:
Кім сендерді, балалар сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып, қайғысына күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін! - деп жеткіншектерге ана мейірін,
ананың ақ сүтін ақтауды міндеттейді. Данышпан ойшыл оқу-білім, тәлім-тәрбие
мәселелері жайлы еңбектерінде тәрбие мақсаты - адам баласын ізгілік
қасиеттерге баулу екенін айтады. Ұлы ұстаз мінез тәрбиесіне ерекше көңіл
бөледі. Мінезділік – бақытты болудың басты шарттарының бірі, сондықтан
баланың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесігінен бастау қажет деген қорытынды
жасайды.
Әбу Насыр әл-Фараби еңбегінде музыкалық әуендер өнегелі мінез-құлықты
қалыптастыруда елеулі маңыз атқаратынын, ән адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне,
бойындағы жаман әдеттерден арылуына ықпал ететінін баяндаған [20].
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі үкілі домбыраның
мәніне былай баға берген: Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өзің тарта
алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын
сіңіру домбырадан басталады.
ХХ ғасырдың басында Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалысты
батыл жалғастырушы талантты ақын Мағжан Жұмабаев өзінің 1923 жылы тұңғыш
жарық көрген Педагогика атты кітабында: Бастапқы кезде жөнді білінбейтін
баланың жан дүниесі, ол өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан
баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып қарау керек. Жанды
тәрбиелеу үшін жанның жайын баяндайтын еңбекпен таныс болу керек – келіп,
Аристотель мен Әл–Фарабидің жан туралы еңбектерін еске алады. Сонымен бірге
Баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет – деген. Әзірет
Әлінің сөзінде көп шындық бар. Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің өзіндей
қылып шығару емес, ерекше өз заманына лайық қылып шығару ғой – деп
тәрбиешінің үлгісіне де ерекше мән береді [21].
Шынында, қазақ халқының бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Педагогтың өздік жұмысы
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Мeктeпкe дeйінгі мeкeмe бaлaлaрының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды тeориялық тұрғыдан нeгіздеп, оны белсендетудің әдіс-тәсілдер жүйесін жасау
Квалиаметрия пәнінен дәрістер кешені
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Пәндер