Педагогикалық іс - әрекет


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қарапайым жағдайда «іс-әрекет» ұғымының синонимдері бар - жұмыс, іс, әрекет. Ал, ғылымда іс-әрекет адамның тұрмысы мен байланыста қарастырылады және философия, психология, тарих, мәдениеттану, педагогика және т. б. ғылым салаларында оқытылады. Іс-әрекетке философияда былай анықтама беріледі: специфищески, человеческой формы активного отношения окружающему миру, яғни, «қоршаған ортаған адамның белсенділігнің қатынасы».

Ал, психолог Б. Ф. Ломов: «іс-әрекет - көп өлшемді», сондықтан іс-әрекетті бірнеше түрге топтауға болады. (рухани және практикалық, репродуктивті (орындаушылық) және шығармашылық ; жеке және ұжымдық т. б. ) .

Педагогикалық іс-әрекет, оның мазмұны оқытушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту, мұндағы оқушылар деп отырғанымыз әр түрлі жастағы балалар; Мектеп оқушылары техникум, кәсіби техникалық учелищелардің жоғарғы оқу орнының студенттер т. б.

Педагогикалық іс-әрекет ең маңызды қасиеттердің бірі - бұл іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі шыңдаумен оқытуға бағытталағн білімділігі, тәртіптілігі, дамытуы.

Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қызмет атқаруға қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру. Бұл білім, біліктерді меңгере отырып, теориялық және практикалық педагогикалық меңгеру; іс-әрекеттің жоғарғы нәтеже алу ұшін, кәсіпкерліктің жоғарғы денгейіне жету үшін қажет, білімдермен қарланып шыңдаласыздар.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагогок деп атайды. Бұл оқу, тәрбие беру мекемелеріне байланысты: тәрбиеші балабақшада; мұғалім - мектепте; оқытушы техникум, ущеличе жоғарғы оқу орындарында. Педагог - осы түсініктерге жақын, «туыс»ұғым.

Педагогикалық іс - әрекет

Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген. Осыған орай, мұғалім-шебермен қатар практикалық әрекет пен рухани тәжірибенің құпияларымен таныстыратын мұғалім тұлғасы пайда болды, педагогикалық іс-әрекет пайда болды. Педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адам қоғамдағы ерекше орны бар тұлғаға айналды.

Кәсіп, мамандық-арнайы дайындықты қажетсінетін еңбек іс-әрекеті. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып бөлінеді. Педагогикалық мамандық жер бетіндегі алғашқы мамандықтардың бірі.

Таным тарихында іс-әрекет ұғымы екі түрлі мәнде,

Біріншіден, дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде,

Екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз болған посулат мәнінде қолданылып келеді.

ХХ ғасырда әлеуметтік өмір формалары мен мәдени құндылықтардың пайда болуының негізі, қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын ұстанымы бірқатар әлеуметтік ғылымдардың қалыптасып дамуына негіз болды.

Кез-келген іс-әрекеттің сыртқы және ішкі мағынасы болады, сондықтан іс-әрекетті психологиялық - педагогикалық зерттеудің міндеті, оның әдіснамалық жүйесін ашу, яғни адамда өз іс-әрекетінің әр түрлі деңгейі, санасы мен қабілетіне қаншалықты әсер ететіндігін көрсету.

Көптеген ғаламдар педагогикалық іс-әрекетке бірнеше қабілеттерді еңгізді, әр автордың көзқарасы әр түрлі. Кейбір зерттеушілер шығармашылық қабілет, кейбіреулері авторитарлық, конструктивті қабілеттерді көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, қабілет жемісті, педагогикалық іс-әрекет үшін қажет. Ол табысқа жетудің алғы шарты.

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі субъектісі болып табылады. Мұғалім оқушыларды оқыту сапасына, олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі. Мұғалімнің жұмысы, оның жеке тұлғасының негізгі сапаларының кәсіби іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады. А. Н. Щербаков мұғалімнің іс-әрекеті жөнінде: «Кеңес мұғалімнің іс-әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмұны жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағыттылықты, тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалықтың заңдарын, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі еңбек» дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртұтас құрылым міндеттерін атқарады да, мұғалімнің тұлғасын сипаттайды.

Бұдан біздің көретініміз, саналы педагогикалық мақсат, саналы іс-әрекет баланы дұрыс түсіну, сенімді қарым-қатынас, өзара жақындастық, рухани жақындастық ата-аналардың педагогикалық іс-әрекеттерінің ең қажетті шарттары.

Жоғарыда педагогикалық іс-әрекет кәсіби, кәсіби емес те бола алады екендігін түсіндіруге талпыныс жасадық. Кәсіби емес іс-әрекет отбасында ата-ананың баланы тәрбиелеуі болып табылады. Бірақ, отбасында баланы оқытумен, тәрбиелеумен арнайы шақырылған педагогтар айналысуы мүмкін.

Н. В. Кузмина педагогикалық іс-әрекетті орындаудың мынадай деңгейлерін анықтайды:

1. репродуктивтік, адам өз игерген білімді басқаға жеткізу;

2. білім мен икемділікті бейімдеу, пәнді білу ғана емес, оны қабылдау мен ұғыну ерекшеліктерін де білу;

3. білімді локалді моделдеу, педагог білімді жеткізумен шектелмейді, өтілген және кейін өтілетін қандай материалмен байланыстырылып, салыстыру қажет екенін, жаңа материалды өтуде қандай қиындық кездесетінін және ол қиындықты жеңу үшін не істеу керек екендігін ескере отырып, білім құрамын тұзе алады.

4. білімді жүйелі моделдеу, білімдердің барлық жүйесін сипаттау мен еске алу;

5. оқушылар мінез-құлқы жүйесін моделдеу, мұғалімнің осы оқу орынын түпкі мақсатын ұғыну.

Бұл жіктеу мұғалімнің қажетті білім жүйесін теруі мен оны оқушы дамуының құралы ретінде қолдану мөлшерін бейнелейді.

Әрбір іс-әрекеттің негізі саналы тұжырымдалған мақсат болып табылады. Сондықтан педагог әрекетінің дұрыстығы мақсатқа сәйкестік талаптарын орындаудан басталады. Педагогикалық мақсаттың негізгі қасиеттері саналы сезіну, көпдеңгейлілік және қолжетімділік болып табылады.

Мақсаттар бірнеше деңгейге ие. Педагогикалық мақсаттың көпдеңгейлілігі оның бір уақытта адамға, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, қоршаған ортаға, пән саласына бір мезетте бағытталу мүмкіндігінде болып табылады. Көпдеңгейлілік дегенде субъектінің уақытқа байланысты мақсаттарын реттеуін түсінуге болады.

Жалпы мақсаттар қол жетімді және қол жетпейтін болып бөлінеді. Қол жетімді мақсат деп іс-әрекеттің оң нәтижелі болуын білдіреді. Өйткені, қалаған нәтиже алынғанда ғана мақсатқа қол жеткізілді деп айтуға болады. Психологтардың зерттеуінше маманның алдына қойылған мақсаттың оның ықтимал мүмкіндігіне шамалас болуы оның бойында мақсатқа жетемін деген ынта тудыратындықтан, міндет қаншалықты ауыр болса да ол оны аяғына дейін жеткізуге ерік-жігерін жұмылдырады. Маманның мақсатқа жете аламын деген сенімі оның әрекетіне мағына береді. Мақсаттардың қойылуы маманның кәсіби және ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Біреулер саналы түрде ең жоғары нәтижеге ұмтылса, екіншілері саналы түрде орташа нәтижеге ұмтылады.

Мақсатқа қол жеткізу төмендегілерден тәуелді.

• оның өзектілік дәрежесінен;

• іс-әрекеттің алғашқы сатысындағы нақтылық дәрежесінен;

• қатысушылардың мақсатқа жетуге ұмтылыс даярлығынан;

• ішкі және сыртқы кедергілер мен әрекеттің табысты болуына алғышарттың болуынан тәуелді.

Педагогикалық әрекет субъектілері үшін педагогикалық мақсатты қалыптастырудың негізгі көздері:

• педагогикалық күшті жұмылдыру қажет нәрсенің жай-күйін диагностикалау;

• әлеуметтік тапсырыс (қоғамдағы және мемлекеттік қажеттіліктер)

• отбасы, оқушы және тәрбиеленушінің білімге деген қажеттіліктері мен мүдделері;

• педагогикалық идеялар;

• ғылыми-педагогикалық рефлексия нәтижелері.

Мақсатты белгілеудің типтік моделдері:

• әлеуметтік тапсырысты қабылдау;

• мақсатты «аяқ-астынан» белгілеу;

• сараптық немесе диагностикалық ақпаратқа негіздеп мақсатты қисынды белгілеу;

• мақсатты келісу.

С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев пікірінше, психологиялық тұрғыдан әрекет саналы мақсатқа жетуге бағытталған тұлғаның әдейі жасаған белсенділігі. Кез келген іс-әрекет белгілі бір операциялардан тұрады. Операциялардың әрекеттен айырмашылығы олардың мақсаты болмайды. Әрекет мотивке ие болып іс-әрекетке айналады. Операциялар мақсатты бағытталуымен әрекетке айналады. Керсінше болуы да мүмкін. Іс-әрекет мотивінен айрылғанда автоматты түрде жүзеге асатын әрекетке айналады, ал мақсатсыз әрекеттер қарапайым операцияға айналады. Педагогикалық іс-әрекет алуан түрлі әрекеттер жиынтығынан тұратын белгілі бір педагогикалық жағдайда іске асады. Бұл әрекеттер белгілі бір мақсаттарға бағынған және мақсатты бағытталған бағытталмаған интутивті болсын педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады.

Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементері бар жүйе ретінде қарастырылады.

Олар: 1) Педагогикалық өзара іс-қимыл субъектісі мен объектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;

2) Оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;

3) Педагогикалық ықпалдың мақсаттары субъекті мен объектіні, мазмұны және құралдары, нәтижелері.

Педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы нысаны - мұғалім мен оқушы (оқытушы мен студент) . Мақсатты - оқыту мен тәрбиелеу. Мазмұны-оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту. Мұндағы білім ақыл - ой тәрбиесін (интеллектуалдық тәрбие), сезім тәрбиесін (адамгершілік тәрбие), қылық тәрбиесін (ерікті, дағдыны) қалыптастыруды көздейді. Бұл үшеуі бір-бірімен сабақтас, біртұтас. Іс-әрекет нәтижесі білім мен білік деңгейін көрсетеді. Мұғалім өзінің кәсіби педагогикалық іс-әрекетінде белгілі бір шарттарды орындауы тиіс. Ең алдымен мұғалімнің педагогикалық қабілетінің орны үлкен, өйткені педагогикалық іс-әрекеттің үлкен шығармашылық әлеуеті бар, сондықтан, оны жүзеге асыруда арнайы қабілет керек; қабілет көпшілік жағдайда іс-әрекеттің нәтижелі болуын анықтайды.

Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа форма формация мұғалімі - бұл кәсіптік өз мамандығына қажетті дағдыны, педагогикалық қабілетті жетік меңгерген, үнемі жаңаға ұмтылатын, рухани дамыған, шығармашыл тұлға делінген.

Зер салсақ, бүгінгі қоғамның жаңа формация мұғліміне қоятын талаптар күннен - күнге арта түсуде. Болашақ маманның білім беру кеңістігіндегі әлемдік стандартқа жауап беруінің және бәсекелестікке қабілетті болуының талап етілуі де осыны көздейтін тәрізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы
Педагогикалық қызметтің құрылымы
Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы
БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Ұстаз бен оқушылар аткаратын қызметтерінің принципиалды айырмашылығы міне осында
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы - мұғалім тұлғасының моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz