Түрік қағанаты мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті
Кіріспе
I тарау. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен
мекендеген аймағы, этникалық құрамы
1.1. Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы
1.2. Түркілердің шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалық
топтары
ІІ тарау. Түркі империясы мен феодалдық мемлекеттер.
2.1. Түрік қағанаты және оның мемлекеттік құрылымы.
2.2. Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тақырып және оның маңызы. Адамзат тарихы тіптіде біркелкі зерттелмеген. Европа мен Таяу Шығыстағы оқиғалар мен қоғамдық формациялар алмасуының жүйелілігі көпке түсінікті жинама еңбектерде, тіпті XIX ғ. соңғы кезінде баяндалып, Үндістан мен Қытай XX ғ. бас кезінде сипатталған болса, Евразия даласының ұланғайыр жері зерттеушісін әлі күтіп жатыр. Бұл әсіресе Орталық Азия далаларында тамаша екі халық, өз атын шығарып үлгермеген басқа халықтар құрылып барып, құрып кеткен кезекге тарих сахнасына Шыңғысхан шыққанға дейінгі кезеңге жатады.
Олардың өндірістік тәсілі — көшпелі шаруашылықты шынында да жетілдіруге келмейтін еңбір тұрақты түрі болғанымен, солардын бәрі бір-бірін тек қайталай береді деп есептеу қателік болар еді. Хұндар мен түріктердік тағдыр-талайы қандай әрқилы болса, олардың тұрмыс түрі де, мекемелері де, саясаты мен әлем тарихынан алатын орны да арқилы болған.
Әлем тарихынын аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның өзінің, ол құрған мемлекеттік тарихы: түріктер неліктен пайда болып, сосын тіпті де өз жұрағаттары болып табылмайтын көптеген халықтарға атын беріп, неге құрып кетті?— деген сауалға келіп құяды. Осынау мәселені тек саяси тарихты немесе әлеуметтік қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай талпыныстар жасалса да, одан ешбір нәтиже шықпады. Адамзат тарихынан алатын орнының орасан зор маңызына қарамастан, көне түріктер саны аз болған сол себепті де Кытай мен Иранға қоныстас көрші болуы олардың іс-әрекеттеріне әсер етпей тұра алмады. Демек осынау елдердің әлеуметтік және саяси тарихы бірге өріліп, байланысын кеткең, сондықтан да оқиғалар жүрісін қалпына келтіру -үшін, біз олардың әрқайсысының тарихын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Экономикалық коньюнктураның өзгеруі де, оның ішінде, мәселен, қытай тауарларын алу деңгейінін өсіп, не кеміп отыруына және Иран үкіметінің бөгет жасау шараларына байланысты шаралар да одан кем роль атқармаған.
VI ғ. аяқ кезінде Түрік қағанатының шекарасы батыста Византиямен, түстікте Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған десек, осы бір елдер тарихының қысыл-таяң жәйттері, біз сөз етіп отырған кезеңде түрік мемлекетінің тағдырымен байланысты болғаны өзінен-өзі түсінікті. Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезен болды, өйткені сол кезге дейін Ортатеңіз мәдениеті мен қиыршығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді. Шетсіз-шексіз далалар мен заңғар таулар ШЬІҒЫС пен Батыстың қарым-қатынасына кедергі жасады. Тек кейінірек барып, темір үзенгіні жасау және арба орнына тендеу әбзелдерін ойлап табу керуендердің шөлдер мен асулардан көп қиналмай, оңайырақ етулеріне жағдай жасады. Сол себепті де VI ғ. бастап қытайлар Константинополь базарының нарқымен санасуына, ал византиялықтардың қытай патшасы найзагейлерінің санын есептеп отыруына тұра келді.
Міне осындай хал-ақуалға ұшыраған түріктер тек арадағы дәнекер ролін атқарып қана қоймай, сонымен бірге өз мәдениетін де дамытып, оны Кытай, Иран, Византия, Үндістан мәдениетіне қарсы қоюға болады деп есептеген. Осынау өзгеше дала мәдениетінің сүйексіңді дәстүрлері мен терең тамырлары бартұғын, бірақ, біз онымен, отырықшы халықтар мәдениетіне қарағанда, болмашы дәрежеде ғана таныспыз. Мұның себебі, әлбетте, түріктердің, басқа да көшпелі халықтардың, көршілерімен салыстырғанда, дарын-қабылетінің кемдігінде емес, олардың материалдық мәдениеті жәдігерлерінін — киіз, тері, ағаш пен ұлпан — тастан гөрі нашар сақталатынында, міне сондықтанда батыс европалық ғалымдар арасында көшпелілер "адамзаттың арамтамағы" (Виолле ле-Дюк) деген пікір пайда болған. Кәзіргі таңда Оңтүстік Сібірде, Монголия мен Орта Азияда жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстар бұл пікірді жылма-жыл жоққа шығарып келеді, енді көп ұзамай-ақ көне түріктердік көркем өнері жөнінде әнгіме қозғайтын да күн туады әлі. Бірақ зерттеушіні материалдық мәдениетінен гөрі, түріктердің қоғамдық тірлігі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, еншілік-таспиқтық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік үрдісі, сол сияқты көрші елдердін идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұкият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады.
Жоғарыда айтылған жәйттерге қарамастан, көне түріктер коғамы түскен жол — құрып бітудің жолы болатын, өйткені даланың өзінде және оның шекараларында туған қайшылықтар икемге, игеріп алуға келмейтін кайшылықтар еді. Сын — сынақ сағаттарында түз халқының басым көпшілігі хандарын қолдап-қостамай қойған, міне бұл 604 ж. қағанаттық Батыс және Шығыс қағанаттары болып бөлінуіне, 630 және 659 ж. оның дербестігін жоюға (бірақ ол 679 ж. қайта орнатылды) ал, 745 ж. халықтың құрып кетуіне әкеліп соқты. Әрине, бұл сол халықты құраған адамдардың бәрі түгелдей қырылып қалды деген сөз емес. Олардың бір бөлегі даладағы өкіметті билеп қалған ұйғырларға бағынса, көпшілігі шекарадағы қытай әскерлерінің арасына барып бой тасалады. 756 ж. осынау соңғылары Тан әулетінің императорына қарсы көтеріліске шықты. Түріктердің қалған-құтқаны, өзге көтерілісшілерімен бірге оған белсене қатысты да, кейін борша-борша етіліп, қырып салынды. Бұл халықтың да, сол дәуірдің де (демек, біздің тақырыптың да) шын мәніндегі ақыры, біткен жері болды.
Дегенмен "түрік" аты өшпеді. Қайта ол өршіп, Азияныц жартысына тарады. Араптар Согдиананың теріскейінен әрі қарай жатқан қалың жауынгер көшпелілерді түріктер деп атап кетті де, олар осынау атты шын көңілден қабылдап алды, өйткені оның әуелгі иелері жер бетінен құрып кеткеннем кейін, дала тұрғындары үшін ержүректік пен батырлықтың өшпес үлгісіне айналды. Жүре келе бұл термин тағы бір құбылып, тіл ұясының атауына айналды. Сейтіп VI—VII ғғ. ұлы қағанат құрамына ешқашанда кірмеген көптеген халықтар "түрік" болып кетті. Олардын кейбіреулері, мәселенки, түрікпендер, османдар, азербайжандар сияқты, тіпті монголтектілерден еместі.

1. Абул-Гаэи-Бахадур-хан. Родословная древо тюрков. Перевод и предис. Г. С. Саблукова. Казань, 1906.
2. Абдрахман Хайруш. Тарихынды таны. (Отан тарихының очерктер Алматы. "Дәнекер" 2002.
3. Авеста. Избранные гимны. Перевод И. М. Стебилина-Каменского. Душанбе, 1990.
4. Агаджанов С. Г. Государство Сельджукмдов и Средняя Азия и XI — XII в. в. М., 1991.
5. Агаджанов С. Г. Очерки истории огузов, туркмен Средней Азии IX—XIII в. в. Ашхабад, 1969.
6. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и Усунсй долины р. Или. Алматы, 1963.
7. Акишев К. А. Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. М., 1978.
8. Акишев К. А. Искусство и мифология саков. Алматы, 1984.
9. Акинжаиов С. М. Кыпшаки в истории Средневекового Казахстана. Алматы, 1989.
10. Алексеев В. П. В поисках предков. Антропология и история. М., 1972.
11. Алшиан Марцеллин. История в переводе с латинского языка Н.А.Кулаковского. Вып. III. Киев, 1908, стр. 236—243.
12. Арриан. Поход Александра. М.-Л., 1962.
13. Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности: СПб, 1897; Отдельный оттиск из живой старины. Выпуск III, IY, 1896.
14. Асфендияров С. Д. История Казахстана (с древнейших времен). Алматы, "Қазақ университеті", 1993.
15. Айдаров Г., Сыздыков С. Орхон-Енисей жазбалары. А., 1990.
16. Айдаров Г., Құрышжанов Э., Томанов М. Көне Typкi жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1971.
17. Баппаков К. М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алматы, 1986.
18. Байпаков К., Ерзакович Л. Древние города Казахстана. Алматы, 1971.
19. Байпасов К.М. Э.Х.Марғұлан. Археология институты. (қысқаша тарихы) Алматы. "Ғылым" 1998.
20. Бартольд В. В. Сочинения. Том 1—9, М., 1963—1977.
21. Бартольд В. В. Киргизы (исторический очерк). Фрунзе. 1927.
22. Бартольд В. В. Современное состояние и ближайшие задачи изучения истории турецких народностей. Азербайджан, 1926.
23. 283Бартольд В. В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. Изд-во "Наука", том 5, 1968.
24. Бертельс А. Е. Насири Хосрав и исламизм. М., 1959.
25. Бертельс Е. Э. К вопросу о традиции в героическом эпосе тюркских народов. "Советское востоковедение", том 4, 1947, стр. 73-79.
26. Бернштам А, И. Тюрки и Средняя Азия в описании Хои Чао. Москва, 1952,
27. Бернштам А. Н. Социально-экономический строй Орхоно-Енисейских (YI—YII вв). Москва, 1946.
28. Бес ғасыр жырлайды. I—II том. Алматы, 1991.
29. Бимса нов М. Казахстан второй четверти XYIII в. в трудах и ЗИПИКА русских исследователей. Ал маты, 1973.
30. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена. Том 1—3, М.-Л., 1950.
31. Большаков 0. Г. К истории Таласской битвы (751 г.)— "Страны и народы Востока", 1980, вып. 22, кн. 2.
32. Владимирцев Б. Чингис-хан. Москва — Берлин, 1992.
33. Гардизи. Зайн ал-ахбар (извлечения)—в кн. В. В. Бартольд. Сочинения. Том. YIII. М., 1973, с. 23-62.
34. Геродот. "История" в девяти книгах перевод Ф. Г. Мищенко. Т. 1, изд. 2. Москва, 1988.

Тақырыбы: Түрік қағанаты мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің
мәдениеті.
Кіріспе
I тарау. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен
мекендеген аймағы, этникалық құрамы
1.1. Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы
1.2. Түркілердің шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалық
топтары
ІІ тарау. Түркі империясы мен феодалдық мемлекеттер.
2.1. Түрік қағанаты және оның мемлекеттік құрылымы.
2.2. Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырып және оның маңызы. Адамзат тарихы тіптіде біркелкі зерттелмеген.
Европа мен Таяу Шығыстағы оқиғалар мен қоғамдық формациялар алмасуының
жүйелілігі көпке түсінікті жинама еңбектерде, тіпті XIX ғ. соңғы кезінде
баяндалып, Үндістан мен Қытай XX ғ. бас кезінде сипатталған болса, Евразия
даласының ұланғайыр жері зерттеушісін әлі күтіп жатыр. Бұл әсіресе Орталық
Азия далаларында тамаша екі халық, өз атын шығарып үлгермеген басқа
халықтар құрылып барып, құрып кеткен кезекге тарих сахнасына Шыңғысхан
шыққанға дейінгі кезеңге жатады.
Олардың өндірістік тәсілі — көшпелі шаруашылықты шынында да жетілдіруге
келмейтін еңбір тұрақты түрі болғанымен, солардын бәрі бір-бірін тек
қайталай береді деп есептеу қателік болар еді. Хұндар мен түріктердік
тағдыр-талайы қандай әрқилы болса, олардың тұрмыс түрі де, мекемелері де,
саясаты мен әлем тарихынан алатын орны да арқилы болған.
Әлем тарихынын аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның өзінің,
ол құрған мемлекеттік тарихы: түріктер неліктен пайда болып, сосын тіпті де
өз жұрағаттары болып табылмайтын көптеген халықтарға атын беріп, неге құрып
кетті?— деген сауалға келіп құяды. Осынау мәселені тек саяси тарихты немесе
әлеуметтік қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай
талпыныстар жасалса да, одан ешбір нәтиже шықпады. Адамзат тарихынан алатын
орнының орасан зор маңызына қарамастан, көне түріктер саны аз болған сол
себепті де Кытай мен Иранға қоныстас көрші болуы олардың іс-әрекеттеріне
әсер етпей тұра алмады. Демек осынау елдердің әлеуметтік және саяси тарихы
бірге өріліп, байланысын кеткең, сондықтан да оқиғалар жүрісін қалпына
келтіру -үшін, біз олардың әрқайсысының тарихын назардан тыс қалдырмауымыз
керек. Экономикалық коньюнктураның өзгеруі де, оның ішінде, мәселен, қытай
тауарларын алу деңгейінін өсіп, не кеміп отыруына және Иран үкіметінің
бөгет жасау шараларына байланысты шаралар да одан кем роль атқармаған.
VI ғ. аяқ кезінде Түрік қағанатының шекарасы батыста Византиямен,
түстікте Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған
десек, осы бір елдер тарихының қысыл-таяң жәйттері, біз сөз етіп отырған
кезеңде түрік мемлекетінің тағдырымен байланысты болғаны өзінен-өзі
түсінікті. Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі
дәрежеде бетбұрыс кезен болды, өйткені сол кезге дейін Ортатеңіз мәдениеті
мен қиыршығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы
қосылмаған еді. Шетсіз-шексіз далалар мен заңғар таулар Шьіғыс пен Батыстың
қарым-қатынасына кедергі жасады. Тек кейінірек барып, темір үзенгіні жасау
және арба орнына тендеу әбзелдерін ойлап табу керуендердің шөлдер мен
асулардан көп қиналмай, оңайырақ етулеріне жағдай жасады. Сол себепті де VI
ғ. бастап қытайлар Константинополь базарының нарқымен санасуына, ал
византиялықтардың қытай патшасы найзагейлерінің санын есептеп отыруына тұра
келді.
Міне осындай хал-ақуалға ұшыраған түріктер тек арадағы дәнекер ролін
атқарып қана қоймай, сонымен бірге өз мәдениетін де дамытып, оны Кытай,
Иран, Византия, Үндістан мәдениетіне қарсы қоюға болады деп есептеген.
Осынау өзгеше дала мәдениетінің сүйексіңді дәстүрлері мен терең тамырлары
бартұғын, бірақ, біз онымен, отырықшы халықтар мәдениетіне қарағанда,
болмашы дәрежеде ғана таныспыз. Мұның себебі, әлбетте, түріктердің, басқа
да көшпелі халықтардың, көршілерімен салыстырғанда, дарын-қабылетінің
кемдігінде емес, олардың материалдық мәдениеті жәдігерлерінін — киіз, тері,
ағаш пен ұлпан — тастан гөрі нашар сақталатынында, міне сондықтанда батыс
европалық ғалымдар арасында көшпелілер "адамзаттың арамтамағы" (Виолле ле-
Дюк) деген пікір пайда болған. Кәзіргі таңда Оңтүстік Сібірде, Монголия мен
Орта Азияда жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстар бұл пікірді жылма-жыл
жоққа шығарып келеді, енді көп ұзамай-ақ көне түріктердік көркем өнері
жөнінде әнгіме қозғайтын да күн туады әлі. Бірақ зерттеушіні материалдық
мәдениетінен гөрі, түріктердің қоғамдық тірлігі мен әлеуметтік
институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, еншілік-таспиқтық
жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік үрдісі, сол сияқты көрші
елдердін идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұкият әзірленген
дүниетанымның болғандығы таң қалдырады.
Жоғарыда айтылған жәйттерге қарамастан, көне түріктер коғамы түскен жол
— құрып бітудің жолы болатын, өйткені даланың өзінде және оның
шекараларында туған қайшылықтар икемге, игеріп алуға келмейтін кайшылықтар
еді. Сын — сынақ сағаттарында түз халқының басым көпшілігі хандарын қолдап-
қостамай қойған, міне бұл 604 ж. қағанаттық Батыс және Шығыс қағанаттары
болып бөлінуіне, 630 және 659 ж. оның дербестігін жоюға (бірақ ол 679 ж.
қайта орнатылды) ал, 745 ж. халықтың құрып кетуіне әкеліп соқты. Әрине, бұл
сол халықты құраған адамдардың бәрі түгелдей қырылып қалды деген сөз емес.
Олардың бір бөлегі даладағы өкіметті билеп қалған ұйғырларға бағынса,
көпшілігі шекарадағы қытай әскерлерінің арасына барып бой тасалады. 756 ж.
осынау соңғылары Тан әулетінің императорына қарсы көтеріліске шықты.
Түріктердің қалған-құтқаны, өзге көтерілісшілерімен бірге оған белсене
қатысты да, кейін борша-борша етіліп, қырып салынды. Бұл халықтың да, сол
дәуірдің де (демек, біздің тақырыптың да) шын мәніндегі ақыры, біткен жері
болды.
Дегенмен "түрік" аты өшпеді. Қайта ол өршіп, Азияныц жартысына тарады.
Араптар Согдиананың теріскейінен әрі қарай жатқан қалың жауынгер
көшпелілерді түріктер деп атап кетті де, олар осынау атты шын көңілден
қабылдап алды, өйткені оның әуелгі иелері жер бетінен құрып кеткеннем
кейін, дала тұрғындары үшін ержүректік пен батырлықтың өшпес үлгісіне
айналды. Жүре келе бұл термин тағы бір құбылып, тіл ұясының атауына
айналды. Сейтіп VI—VII ғғ. ұлы қағанат құрамына ешқашанда кірмеген көптеген
халықтар "түрік" болып кетті. Олардын кейбіреулері, мәселенки, түрікпендер,
османдар, азербайжандар сияқты, тіпті монголтектілерден еместі.
I тарау. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген аймағы,
этникалық құрамы
1.1.Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы
Біздің замаиымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық
орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеумеітік консолидациясының
жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Сібір, Орталық
және Орта Азия, төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше
түркі тілді тайпалардың және қағандықтардың қалыптасуына алып келді. Олар:
бірінші Түркі қағандығы — Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы,
ұйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Бұлғар, Қарлұқ,
Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері
немесе империясы. Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-
саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де
жаңа сатыға котерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа
түскен түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни
түсініктерді, нанымдары — буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің
негізінен басқа да өркениет жетістіктерін қабылдады. Көшпелі және жартылай
көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті.
Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіндік өркениетті мәдениет түрлерін
қалыптастырды, олар сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орын алды.
Осы процестердің бәрін ұлы далада өмір сүрген коптегеп тайпалардың
біріне ғана тән немесе қазіргі түркі тілдес тайпалардын бірінің ғана
тікелей тарихы деп қарауға болмайды. Евразияның түркі тектес халықтары
өздерінің алдындағы тайпалар сияқты ұзақ уақыт бойы түркі тілді халықтардың
бәріне ортақ тарихты жасады. Тарих аренасында бір тайпаның орнын екіншісі
ауыстыруын алдыңғы тайпаның тарихтан өшуі деп есептеуге болмайды. Олар
пайда болған жаңа тайпаның саяси құрамынан, ариліктердің, сақтардың,
хундардың этникалық топтарынан көрініс беріп, өзгеріске ұшыраған түрде
тарих сахнасына қайта шығады. Түркі тайпалары қола дәуірінде пайда болып,
ари, скиф-сак, хун дәуірлерін басынан кешірседе, олардың бірлестігі
жоғалған жоқ. Тек көне түркі дәуірінде ғана этникалық негізде тарих
аренасынан көріне алды.
V ғасырдың екінші жартысынан бастап түркі деген сөз (термин) алғаш рет
кездеседі де, осыдан кейін кеңінен тарала бастайды.
Бұрын соғды тілі түркілер мен қытайлар арасындағы дипломатиялық қарым-
қатынастарда пайдаланылып келген болса, кейін "түркі сөзі византиялықтарда,
арабтарда, сириялықтарда, санскрит тілінде, көптеген иран, тибет тілдерінде
кездесе бастады. Қағандық — империя құрылған 460 жылға дейін "түркі" сөзі
10 (кейінірек 12) тайпа бірлестігінің атауы ретінде жүрді. Бұл термин
қағандық өмір сүрген дәуірлерде де сақталып қалды. Бұл сөз ертедегі түркі
текстерінде "түрік бүдун" атауы ретінде кездеседі (бүд — тайпа), яғни
жекелеген тайпалардан құралғам тайпалар одағы. VIII ғасырдың ортасынан
бастап тарихи жазбаларда "12 тайпа түркі елі" деген термин кездеседі. Түркі
тайпаларынан құралған мемлекет те дәл осы сөзбен аталды. "Түркі елі" деген
атау ертедегі түркі эпиграфиялық ескерткіштерінде де, қытайдың тарихи
жазбаларында да осы күйінде кездеседі. Кеңінен алып қарасак, бұл термин
түркілер құрған ұйым — көшпелі державаның атауы. Византиялықтар мен
ирандықтар "түркі елі" деген сөзді жиі қолданса, кейде түркілердің өзі де
осы сөзді көп қолданған. Терминнің әрі қарай өріс алуы IX—XI ғасырлардағы
араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінде молынан кездеседі, ал бұл
кезде "түркі" сөзі бір халықтың немесе мемлекетгің атауы ретінде
қолданылды. Дәл осы арабтардың ғылыми әдебиетгерінде түркілер сөйлеген
тілдің генетикалық байланысы және түркі халықтарының генеологиялық туыстығы
жайында айтылады, ал мұсылман тілдес халықтар жазбаларынан сырт жерлерде
мұндай кең көлемде жазылған мәліметтер кездесе бермейді. Орыс жылнамасында
985 жылы "торк" деген атау кездеседі. Бірақ бұл — Ұлы даланы мекендеген
печенег, хлоабук, половец тайпаларымен қатар өмір сүрген көшпелі
бірлестіктердің бірінің ғана атауы.
Өзінің тарихи орынын сақтап бұрыннан келе жатқан 4 тайпаны ерекше
атауға болады, олар: түркілер, қырғыздар, қыпшақтар, телелер (оғыздар).
Кеңес өкіметі жыддарылдағы түркілердің тарихы туралы жазылған құнды
енбектер: Толстовтың "Древний Хорезм" (1948) атты зерттеуі, Л. Гумилевтің
"Древние тюрки" (1967), "Поиски вымышленного царства" (1970) және "Хунны в
Китае" (1974) деген күрделі зерттеулері түркі тайпаларының ғасырлар бойғы
даму ерекшеліктері, этнос ретінде қалыптасу кезендері мен мемлекеті туралы
сыр шертеді. Л Гумилев "Хунны в Китае" деген еңбегінде ерте замандарда
Қазақстан, Алтай және Орта Азия жерлерін мекендеген басты тайпа — хундардың
түркі қағанатына қатысы туралы жазды.
Академик В.В. Бартольдтың Орта Азия әлкесін мекендеген тайпалардың
тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми маңызы зор. Ол бұл еңбектерінде араб,
парсы және жергілікті тарихшылардың аса құнды еңбектерін пайдаланған.
Бартольдтың "Монғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандык. туралы",
"Жетісу тарихының очерктері", "Монгол шапқыншылығы кезеңіндегі Түркістан"
т. б. еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Оның бұл еңбектері
Орта Азия және Қазақстан халықтарының көне дәуірден бастап-ақ өзіндік
тарихи мәдениеті болғанын дәлелдеп берді. Орыс шығыстану мектебінің негізін
қалаушылардың бірі болған ол Қазан төңкерісінен кейін Азия музейінің
жанынан құрылған шығыс зерттеушілерінің "Записки коллегии Востоковедов"
дейтін баспасөз ұйымын басқарды. Оның коптеген монографиялары ағылшын,
неміс, түркі, араб т. б. тілдерде жазылған.
Бірақ отаршыл Ресей үкіметінің ең қауіпті, ең қасіретті қылмысының бірі
— Орта Азия мен Қазақстан, жалпы түркі халықтарының ұлттық санасын
құлдануға күш салу еді. 1881 жылы Түркістан әскери округінің комендантының
көмекшісі, патша генералы Мациевский Ташкентге жұмысқа кірісе бастаған
Шығыстану қоғамының мүшелеріне былай деп хат жолдайды: "Шығыстану қоғамының
міндеті Шығысты зерттеу емес, Шығыс халқын орыстандыру". Патшаның саясаткер-
ғалымдары орыстандыруды тоқтаусыз жүргізу үшін саяси-ғылыми айналымға
"панисламизм", "пантюркизм" деген терминдерді енгізсе, Кеңес үкіметі
жылдарында жергілікті халықты ата тарихынан, ата дәстүрімен, ана тілінен,
ұстанған дінінен безімдіру үшін неше түрлі құйтырқы теорияны жан-жакты
жетілдірді.
Түркілердің шығу тегі туралы қазақтан алғашкы қалам тартқан Әлихан
Бокейханов, Мүхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев,
Санжар Асфеидияров, Әуелбск Қоцыратбаевтар, империялық зұлматтың шеңгеліне
ілініп, көпшілігі опат болды. Мұстафа Шоқаев еңбектері өз Отанына әлі күнге
дейін жеткен жоқ.
Түріктің белгілі ғалымы Б. Аталай "Дивани лұғат-ат-туріктің" үш томдық
аудармасын, осындағы сөздердің бір томдық тізімін жасап шығарды. Бұл еңбек
әрқилы зерттеу жұмыстарына пайдалануға кең жол ашып берді. Белгілі ғалым,
профессор Әбсатгар Дербісалиев араб, парсы тілінде X—XII ғасырларда
жарияланған түркі ғұламаларының еңбектерін зерттеу мен оны көпшілікке
таныстыру жолында тынымсыз еңбек етіп келеді.
Осы аталған еңбектерден мынадай екі түрлі түсінік бар екенін аңғаруға
болады: біріншісі — түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы
да, екіншісі — олардың дербес мемлекет ретівне қалыптасуы.
Жазба деректер мен ескерткіштерге сүйене отырып біз түркі этногенезінің
бірінші және екінші сатыларын танып біле аламыз.
VI ғасырдың ортасына қарай төрт тайпа түркі этногенезінің екінші
сатысына — Орталық Азияның этникалық және саяси тарихының басқа сатысына
көтерілді. Ол — VI— IX ғасырлар. Жаңа сатыда этногенез одан әрі дамыды. Сол
көшпеңді тайпалар енді өз байланыстарын одан әрі жақсартып, мемлекеттер
құрды. Олар: Шығыс түркі қағандығы, Батыс Түркі қағандығы, Түргеш
қағандығы, Қарлұқ қағандығы, Қырғыз-ұйғыр — Қарахан мемлекеті, Оғыздар
мемлекеті. Дамудың екінші сатысына көтерілген мемлекеттер бірлігінің күіпті
болуына ортак тіл, ортақ жазу мәдениеті, ұқсас саяси денгей игі ықпал етті.
Пайда болған мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымдарының беріктігі түркі
этногенезінің батысқа қарай жылжуына мүмкіндік берді.
Түркі мәдениетінің дамуын біздін заманымыздың I мыцжылдығындағы
әшекейлі бұйымдар, шеберлікпен жасалған оқ, садақ, сондай-ақ өлген адамның
зиратына құлпытас орнату рәсімдерінен байқауға болады. Жалпы туркі
мәдениетін өзіндік ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бөлуге болады: 1)
Енисей қырғыздарының мәдениеті; 2) Қимақ-қыпшақ мәдениеті; 3) Алтай
түркілерінің модениеі:.
Сонымен, біздің заманымыздын I мыңжылдыкында Орталық Азияда, оңтүстік-
батыс Сібірде, Жетісуда, Тянь-Шаньдатүркі, оғыз, қыргыз, қыпшақ
этногенезінің дамуы жүріп жатты. Енді осы тайпалар бір-бірімен араласу
негізінде жаңа этнос орталықтары пайда болды. Қимақ-қышиақ, снъп
тайпаларынын кейбіреулері Орталық Азиядан Ертіске көшті.
Қырғыздар Байқалдан Шығыс Қазақстанға бет бұрды. Тоғыз-оғыз тайпалары
тибеттіктермен болған соғыстың салдарынан Гансудың батысына және Шығыс
Түркістанға бет алып кешті Түркілер 744 жылы саяси қасіретке ұшырады,
өзінің бұрынғы орталықтарың жоғалтып, Қашкар, Жетісуға ығысты. Өл жерде X
ғасырда ислам дінін қабылдағаннан кейін қарлұқ тайпаларымен косылып,
Қарахандықтар мемлекетіп құрды. Ішкі, сыртқы факторлар өзгерді. Тайпалар
арасында ассимиляция ироцесі жүрді. Сонымен жоғарыда аталған мемлекеттердің
этникалық дамуы өзгере бастады.
Қорыта келгенде, түркі халықтары дамуының 1 және II сатылары түркі
тіллі халыктарлың этникалық тарихында ошпес із қалдырды.
Сары өзендегі өзгерістер. Европа халықтарының қартайып қалжыраған Римді
V ғ. күрт сындырған ұлы көшпенділігі Шығыс Азияда жүз жыл бұрын болған еді.
Қытай тарихында "бес тағы тайнаның дәуірі" (304—399 жж.) деп аталатын
замаңда Солтүстік Қытайды Хүндар мен сәнбилер жаулап алып бағыңдырып, сол
жерде готтардың, бүргундықтар мен вандалдардың жабайы королдіктері тәрізді,
бірқатар баянсыз мемлекеттердің негізін салады. Европаның Балкан түбегінде
Шығыс Рим империясы қалай қасқайып тұрып қалса, Қытайдағы ұлы дария
Янцзыдың жағасында Хан империясының мүрагері — дербес Қытай империясы
сақталып қалады. Ертедегі Византия — гүлдену дәуіріңдегі Римге қалай
ұқсайтын болса, ол да өзінің бұрын өткен ұлы патшалығына тап солай ұқсайтын
еді, сол сияқты бұл да теріскей мен батыстан қысым жасаған тағылардан
ілдәбайлап қорғануға ғана күш-қайрат тауып, жиі-жиі алмасып жатқан
әулеттердің дәрменсіз де дарынсыз императорлары тағылар көсемдерінің
құрбаны етіп "кіндік жазықтың" қалың қытайын тастап кетеді — ол кезде
Хуанхэ алқабы солай делінетін — алайда, жатжерліктердің қатал езгісіне және
өзара ұдайы қырықпышақ болып қырқысып, қан тегіп жатқанына қарамастан,
Солтүстік Қытайдағы қытайлықтар өздерін басып алған халықтардан сан жағынан
басым болатын, бұл VI ғ. Қытайдың қайта өрлеуіне жол ашады.
Өздерінің барша бәсекелестерін жеңіп шыққан Тоба тайпасы қытай
мәдениетінің ықпалына түсіп кетеді. 420 ж. тобалар құрған ерте феодалдық
мемлекет бүкіл Солтүстік Қытайды бір империяға біріктіреді, ол қытайша, Вэй
атын алады (386 ж.). Бұл тоба ханының бодандарының басым көпшілігі болып
табылатын қытай халқымен мәмлеге келу жолындағы алғашқы қадамы еді.
Көпшелілерді ассимиляциялау әрекеті басталып кетті де, V ғ. аяққы кезінде
тобалардың ұрпақтары бұрымдарын кеседі де, ал өздеріне бағыныштылармен
ұдайы қоян-қолтық араласу олардың күш жігері мен салт-дәстүрлерін жойып
жібереді. Олар тіпті туған тілінде сөйлеуді қойып, қытайша сейлей бастайды.
Жоғалтқан тілімен, киім-кешегімен бірге, олар біркезде өздерін жеңіске
жеткізген жаужүрек батылдығы мен ынтымақ-бірлігін де жоғалтады, дегенмен де
олар, өздерінін меншікті мемлекетін қайта құру үшін қасарысып алға ұмтылған
қытай жұртына сіңісіп кете алмады.
Сарай теңкерістері мен оның ізін ала жүретін жазалау әрекеттері Вэй
әулетінің өкіметін әлсіретуі мұң екен, сәнби императорларының қызметіндегі
қытай қолбасшылары өз билеушілерінен қайратты да жігерлі болып шыға келді.
531 ж. солтүстік-шығыстан Гао-Хуань көгерілісті бастап шығады да, тоба
әскерлерін талқандап, ел астанасы — Лоянды басып алады. Ол әуелгі кезде
әулет мүддесі үшін әрекет жасаған болып кәрішп, ханзадаларының біреуін
император деп жариялайды, бірақ ол өз қолбасшысынан қорқып, батысқа,
Чаньанға қашып барып, екінші бір сардардан, қытай болып кеткен сәкбилік
Юйвынь Тайдан қолдау табады. Гао-Хуань сол Вэй әулетнің екінші бір
ханзадасын таққа отырғызады. Сейтіп, империя Батыс Вэй, Шығыс Вэй болып
екіге бөлінеді, сәнби императорларын уақытша бетперде есебінде пайдаланатын
қытай қолбасшылары еді. Бұл жәйт ұзаққа созылмаса керекті. Сәнбилердің
рақымсыз қатал билігіне өшіккен қытайлар, күш өз қолдарына тигеннен кейін,
жеңілгендердің бет-жүзіне қарап жатпайды. Юйвынь Тай қолжаулық
императорлардың бірнешеуін улап өлтіреді, ал оның баласы күш-қүдіреті
толыққасын, 557 ж. жексүрын әулетті таратып, өз әулеті Вэй-Чжоудің негізін
салады.
Солтүстік-Шығыс Қытайда сәнбилер бұдан да қатал жазаға ұшырады. Гао-
Хуаньнің мүрагері Гао-Ян соңғы императорды өз пайдасына тәж-тақтан бас
тартқызып, оған у береді. Императордың туған-туысқандары — ұзын саны 721
адам — түгелдей өлтіріледі де, оларды жерлемеу үшін, денелерін суға ағызып
жібереді. Жаңа әулет Вэй-Ци деген атқа ие болады.
Осынау теріскей хандығының екеуі де экономикалық және саяси жағынан
кәдімгідей қуатты болатын. Тегі басқалардың өктемдігінен құтылған қытай
жүрты өз мәдениетін қалпына келтіру үшін жанталаса жұмыс істесе керек.
Алайда Вэй-Чжоу мен Бэй-Ци арасында туған бақталастық олардың күш-жігерін
тұсаулап, белсенді саясат жүргізу мүмкіндігінен айырады.
Оңтүстіктегі Лян әулетінің сонғы императорлары өздері билік құрып
тұрган кездері зорлық-зомбылық пен қылмысты туындатады да, оның орнын
басқан Чэнь әулеті осы бір сұмдықты жалғастыра түседі. 557 ж. сарай
төңкерісі мен Ляньнің соңғы императорының көзін құрту, құлаған әулет
жақтастарының қарулы қарсылығын туғызады. Көтерілісшілер Чэнь әскерінің
шабуылын тойтарып, Қытайдың дәл ортасынан шағын ғана Хоу-Лян мемлекетін
құрады.
Қытай өзара жауласып жатқан төрт мемлекетке бөлініп кетеді. Қытайдың
күш-куатын байлап-матап тастаған ішкі шиеленіс, өзгелерден әлсіз кішкене
ғана екі көшпелі мемлекет: Жужан ордасы мен Тоғон (Ту-ю-Хунь) хандығының
аман қалуына жағдай жасайды. Түскейден жасалатын қысымның әлсіреуіне
байланысты олар Шығыс Азиядағы жетекші мемлекеттер арасынан орын алады. IV
ғ. орта шенінде құрылған дала хандығы Жужан VI ғ. бас кезінде езі құрып
кетерлік қатты дағдарысты басынан өткізеді.
Бірақ бұл жөніндегі әңгіме әлі алда.
Тогон хандығы Цайдамның далалық қырқаларында көсіліп жататын. Тіпті
сонау 312 ж. Мойын тегінен шыққан бектері бар, сәнбидің шағын ғана бір
тайпасы Оңтүстік Маньчжуриядан батысқа қарай үдере көшіп, Көкінор көлінің
касынан қоныс тебеді. Бұл арада олар бытырап жатқан тибет руларына қарсы
сәтті соғыс жүргізеді де, тобаларға қарсы күресте сәтсіздікке ұшырай
береді. Соның салдарынан Тогон хандығы Вэй империясының кіріптар вассалына
айналады, бірақ империя бөлініп ыдырап кеткесін, ол қайтадан бостандыққа ие
балады. V ғ. екінші ширегінде сұлтан Куалүй өзін хан деп жариялап, 540 ж.
Гао-Хуаньге елші жөнелтеді, сөйтіп, Ювынь Тайдың жауына айналады. Бұл факті
Тоғонның бұдан былайғы сыртқы саясатын анықтай түседі, біз онымен кейін кез
боламыз. "Қалалары" (бұл бекіністі қыстақтар шығар) тегі, тобалардан
алынған, ұйымдық басқару тетіктері болғанымен, өзі аса кең жерді қамтып
жатқанымен, Тоғон күшті мемлекет болмаған. Қару күшіне қүлдық үрған тибет
рулары дүшпанынан кегін қайтарып, бостандыққа жетуді арман етеді, оның
экономикасы мимырт мал шаруашылығына негізделген еді; мәдени дәрежесі төмен
болатын, ал хандардың зорлық-зомбылығы ұдайы құпия қаскү-немдіктер мен
опасыздықтарды, жазалау шараларын туындатты, бұл өшпенділік отына май
құяды. Міне осындай қиын түйіндер Тоғонның мүмкіндіктерін шектеп, кейін
оның азып-тозып, құрып кетуіке апарып соқты.
Жужанцар мен, телеуіттер. Жужандар халқының шыққан тегі туралы мәселе
талай рет қойылғанымен, түпкілікті шешуін тапқан емес. Бұл арада мәселені
осылай қоюдың өзі дұрыс емес екенін айту керек, өйткені оның шығу тегін
емес, калай құрылғанын сөз еткен жөн. Жужандардың халық ретінде бірыңғай
этникалық тамыры болмаған. Жужан халқының пайда болуының өзіндік өзгешелігі
бар. Заман азып, ел бұзылған кездері жаман ат тағылып халық қатарынан
шығып, қаңғып кететіндер ұдайы болып отырған. IV г. орта кезінде де
ондайлар аз болмаған. Тоба ханының ордасында немесе хүн шаньюінің
астанасында тұра алмайтын кісілер мен далаға безіп кеткен.
Рақымсыз қожаларыан кеткен құдар, әскерден қашқан қашақтар, жұт соққан
ауылдардың қайыршы кедейлері сонда барып паналаған. Олардың бәріне бірдей
ортақ нәрсе — шыққан тегі де, тілі де, діни сенімі де емес, өздерін қайыршы
халіне жеткізген тағдыр-талайы ғана болған; ал оларды билеп-төстеп
ұйымдастыруға мәжбүр еткен де сол қатал тағдыры.
IVғ. 50-ші жылдарында сәнбилердің атты әскерінде қызмет еткен бұрынғы
құл Өгілей деген біреу өлім жазасына кесіледі. Ол ебін тауып тау ішіне
қашып кетеді, сосын оның төңірегіне өзі сияқты жүз қаралы қашқын жиналады.
Қашқындар иіні келгенде көрші көшпелілермен тіл табысып, солармен бірге
тұра береді.
Өгілейдің мирасқоры Гүйлекей тоба хандарымен қарым-қатынас орнатып,
оған жылма-жыл шұрқыратып аттарын аттай, сусар, бұлғыш терілерін терідей
беріп, алым-салық төлеп тұрады. Оның ордасы Жужан атағын алады. Жужандар
күллі Халқа аймағын басып, Хинғанға дейін еркін көшіп-қонып жүрген, ал
олардың ханының ордасы Ханғайдың етегін қоныс еткен. Жужандардың тұрмысы
мен ұйымдасу түрі тым жабайы болған және рулық қауымнан мүлде шалғай
жатады. Әскери және әкімшілік бөлімі мың адамдық полк болып есептелген.
Полк хан тағайыадайтын қолбасыға бағынған. Онда әрбір жүздікке бір тудан,
он ту болған; әр тудың өз қожасы болады. Жужандардың жазу-сызуы мүлде жоқ;
есеп-кисапқа қойдың құмалағы немесе кертіктері бар таяқша пайдаланылған,
заң зәкүндері соғыс пен талау-тонау мұқтажына сәйкес келген: батырлары
олжаның кебін алған, ал қорқақтарын дүрелеп отырған. 200 жыл өмір кешкен
жужан ордасы кері кетпесе, ілгері баспаған — өйткені олардың бар күш-қуаты
көршілерін талауға жұмсалған.
Жужандар өзара қай тілде сөйлескен? Қытайдың бастау хаттары бізге
әртүрлі мәлімет береді. "Вэйшу" жужандары дүнхудың бір бұтағы деп біледі.
"Суюиу", "Ляншу" мен, "Наныну"— оларды хүңдарға туыс тайпа деп есептейді
және ақырында, Бэй-ши (?) Өгілей гао-гүй тегінен шыкқан деп жорамалдайды.
Оңтүстік Қытай тарихшыларының мәліметтері шала-шарпы деректер ал Өгілейдің
өзінің шыққан тегін қазбалаудың ешбір мәні жоқ, өйткені оның айналасына топ-
тасқандардың рулас емес екендігі айдан анық нәрсе. Бәрінен де дұрысы
жужандар сәнбише яғни моңғол тілінің бір диалектісінде сөйлескен болуға
тиіс, өйткені қытай тарихшысы олардың хандарының атақ-дәрежесін қытай
тіліне аударғаңда, ол түп нұсқасында — Вэй мемлекеті тілінде, яган сәнбише
сөйлейтінін атап өтеді. Жужандардың өздері де ататегін тобалармен бір деп
есептеген, алайда олардың бұлай деуіне беймәлім тегі емес, тілдерінің ұқсас
болуы дәйекті дәлел берген тәрізді.
Жужан хандығының негізгі күші теле тайпаларын қарауына бағындырып ұстай
білгенінде болса керек. Өз тарихының таң сәрісінде яғни б. з. д. III ғ.
телелер Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 ж. олар тобалар
ханына бас иіп, теріскейге, Жоңғарияға көшіп барады да, Батыс Моңғолияны
қаптап, сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді. Бытырап жатқан ел
болғандықтан да, телелер жужандарға қарсы тұра алмайды, сөйтіп оларға алым-
салық төлеуге лажсыздан көнеді.
Теле тайпалары жужандарға аса қажет болады, ал жужан ордасынын
телелерге мүлде қажеті жоқтұғын. Жалпы, жужандар бейнеті көп еңбекті суқаны
сүймейтін адамдардан құралған еді, ал олардың балалары еңбектің орнына алым-
салық жинап, олжа табуды артық санайды.
Телелер мал шаруашылығымен шүғылданатын, олар тек малын бағып, ешкімге
ештеңені төлемей, еркін жүргісі келетін.
Осындай ыңғай-бейіміне орайлас етіліп, қос халықтың саяси жүйелері
қалыптасқан еді: әскери күштін көмегімен көршілерінің есебінен күн көру
үшін жужандар бір ордаға бас косады; телелер байланысы нашар тайпалардын
әлсіз бірлестігі болып қала берді, бірақ барша күш-жігерімен өздерінің
тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысады.
Телелер жужандармен қатарласа өмір сүріп жатты, бірақ оларға ұқсас
ешбір белгісі болмайтын. Олар хүндар империясы құрамынан ерте шығып,
қарапайым ақсакалдық қауым мен кешпелі тұрмысын сақтап қалады. Қу мекиен
меңреу түзді мекен еткен жарлы-жақыбай көшпелілер кытайландыру ісінен де
қалыс қалады, өйткені қытайлар шөлдаланың несіне қызығады. Телелердің
жалпыға ортақ ұйымы болмаған, әрбір 12 рудың әрқайсысын ру басы ақсақалдар
басқарған және "ағайын туысқандар ынтымақтасып тұрған".
Телелер үлкен доңғалақты арбаларымен сайын далада көшіп-қонып жүрген,
өздері үйымшылдық атаулыны мойындайтын және еркіндікті жақсы көретін
жауынгер халық болған. Олардың меншікті аты "теле". Ол осы уақытқа дейін
Алтайда "телеуіт" деген атпен белгілі болып келеді. Якуттар, төлеңгіттер
мен ұйғырлар, және басқалары со телелердің ұрпақтары. Олардың көбі біздің
заманға дейін сақталмаған.
Жужан хандығы. V ғ. бас кезінде Хинганнан бастап, Алтайға дейінгі кең
далада "шауып келе жатып құралайды садақпен көзінен ататын", жужандардың
жұрт Дәудей деп атап кеткен ханы Шелун билігін жүргізіп тұрады. Теле
жайылымдарын бағындырып алғаннан кейін, ол Іле өзенінің бойынан қоныс
тапқан ортазиялық хүндармен қақтығысып қалады. Олардың басшысы Жибайегі
деген біреу болатын. Онгин өзені жағасында болған қиын шайқаста Жибайегі
Шелуннің тас талқанын шығарады, бірақ тұтасып жатқан жужан мемлекетіне әлі
жетпейді де оларға "мойынсұннып, тыныштықты сатып алады".
Шелуннің негізгі мақсаты Тоба-Вэй империясының күшейіп кетуіне жол
бермеу, еді, өйткені олар жужан хандығынан әлдеқайда күшті болатын.
Қытайдың оңтүстігінде үздіксіз жүргізіп жатқан соғыстары Тоба-Вэй
императорының бөлініп-жарылып кеткен бодаңдарын жазалауына бөгет жасады,
сол себепті де Шелун Тобаның барша жауларын қолдап отырды. 410 ж. Шелун
өліп, орнына інісі Хули хан болады.
Хүли тобаларға тиіспей, солтүстікке көз салып, о жақтағы енесей
қырғыздары (иегу) мен Хевейді (Сібірдегі бір тайпа) бағындырады. 414 ж. ол
қаскүнемдік құрбанына шалынады, бірақ қасыгөйлердің көсемі Бөлшіженнің өзі
де со жылы қаза табады. Шелуннің немере інісі Датан хан болады. Ол өз
билігін Қытайға қарсы соғыс ашудан бастайды, бірақ жужандар жортуылы
нәтижесіз аяқталады, соның ізінше жасалған жазалау шапқыншылығы да жеміс
бермейді. Хал-жағдай өезгеріссіз қала береді.
418—419 жж. жужандардың орта азиялық хүндар мен юэчжилермен соғысы
қайта жаңғырады. Жужандар Тарбағатайға баса-көктеп кіріп, олардың зәресін
ұшырғаны сондай, юэчжэй тобының көсемі Цидоло (Қидара) жужандарға керші
болудан іргесін аулақ салып, оңтустікке шығандап барып. Қаршы көгалды
аймағындағы Боло қаласын жаулап алады. Бұл арада ол парсылармен,
эфталиттермен соқтығысады. Қидараның жұрты — қидарлықтар тарихта өздерінің
этностық атымен емес, көсемінің атымен белгілі.
Жухан хандығының Вэй империясымен соғысы. 420 ж. жужандар құдыретінің
шырқау шегіне жеткен жыл болды. Теріскей және батыс тайпаларын оп-оңай
жеңгеннен кейін, жужан ұлы Даланың жетекшісіне айналады, бірақ бұл осынау
хандықтың тыныштығығын да, есіп өркендеуін де қамтамасыз ете алмады.
Жужандардын, басты жауы Тоба-Вэй империясы болады, сондықтанда жужан ханы
Датан өзінің табиғи бәсекелесі күшейіп кетпеуі үшін қолынан келгенінің
бәрін жасайды.
424 ж. Датан 60 мың салтатты сарбазбен Қытайға басып кіріп, астанаға
дейін жетеді де, императордың қала сыртындағы сарайын талайды. Тобалар
әскерін жаппай жинап қарсы шыққасын және жужандар арасында тәртіп мүлде
болмағасын, хан соғыстан жалтарып, қайтып кетуге мәжбүр болады. 425 ж.
тобалар жужаңдарды Гобидің ар жағына қуып тастайды. 430 ж. император Тай-У-
ди (Тоба Дао) Оңтүстік Қытаймен алаңсыз айналысу үшін, әуелі жужандардың
көзін құртуға бел байлайды. Жер қайысқан қалың қол далаға қаптап кетеді де,
жужандар бытырап, басы ауған жаққа қашады. Датан батыс жаққа безген күйі
хабарсыз жоғалып кетеді. Телелер оның адамдарын қыра бастайды. Датанның
баласы Уди соғысты жүргізуден бастартып, Вэй империясына салық төлеп
тұрады. Алайда 437 ж. Уди шапқыншылық жасап, бітімді өзі бұзады. Әсілі,
жужандар біреуді талап тонамаса тұра алмайтын болуға тиіс. 439 ж. жауап
ретінде жасалған жортуыл император Тобаға ешбір олжа түсірмеді: тау
шатқалдарына тығылып қалған жужандарды кездестіре алмай, олардың қара
басып, кейін қайтуына тура келді.
Тобаның Хэсиге қарсы соғысын жатқанын пайдаланып, Уди 440 ж. тағы да
Қытай шекарасына шабуыл жасады, бірақ шекарада тосқауылда тұрған хол
олардың алғы топтағы әскерін тұтқынға алады. Жужандар қайтадан кейін
қашады. Осындай оқиға 445 ж, қайталанады, бұдан кейін тәж-тақты баласы
Түхэчженге (445—464) тапсырып Уди қайтыс болады.
Енді бұлардың ролі өзгереді: Тоба-Вэй империясы шарықтау шегіне жетеді,
оның қалың әскері далаға кимелей кіріп, жужандарды тау қойнауларына қуып
тығады. Бұл шын мәніндегі соғыс емес, тек жай жазалау жорығы ғана болатын.
Түхэчженнің баласы әрі мұрагері Юйчен (464—485) күресті жалғастыра
беруге тырысады, бірақ 470 ж. талқандалып, 475 ж. бітімге келуді сұрап,
алым-салық төлейді. Жужан әлсіреп, Қытайға шапқыншылық жасау қолынан
келмейтін арманға айналады. Енді олар талау көзі етіп, аналардан гөрі
кедей, әрі әлсіз Батыс өлкені тандап алады. 460 ж. жужандар Түрфан алқабын
басып алады да, ол араға жеңімпаз тобалардан қашып барып қоныстанған,
өздерінің бұрынғы одақтастары хұндардың ойпаң-тойпанын шығарады. 470 ж.
жужандар Хотанды ту-талапайға салады, бірақ қайраттанып алған эфталиттер
мемлекеті жужандар басқыншылығын шектеп тастайды. Тянь-Шань Жужандар
шекарасы болып қалады.
Жужанның жаңа ханы Доулун (485—492) "кісі өлтіруден тайынбайтын
қатыгез" болатын. Ол өзінің таққа отыруын бір бекзаданы бүкіл үрім-
бұтағымен түгелдей қырып салумен атап өтеді. Бұл барша елдің ашу-ызасын
туғызады. Ханның Қытайға шабуыл жасағысы келетін ниеті елге одан да бетер
ұнамайды. Тіпті сәтті жасалған шапқыншылықтың ізінше Қытай әскерлерінің
жортуылы басталатыны, ал оған тойтарыс беру ісін тіпті ойға алмауға да
болатыны жалпы жұрттың бәріне де аян еді.
Телелердің аға-ақсақалы Афучжило, Қытайға қарсы соғыс ашпағың деп ханға
қадалып, қайта-қайта кеңес береді, бірақ оның дәлелді сөзіне құлақ
аспайтынына көзі жеткеннен кейін, күллі теле халқын бастап көтеріліске
шығады. Ол кезде телелер саны аз болмайтын (Қытай мәліметі бойынша, 100 мың
шаңырақ). Сосын Афучжило батысқа, Ертіс алқабына көшіп кетеді. Сол арада ол
"Тәңрінің ұлы перзенті" атағын алады да, жужан ханымен иық теңестіре
бастайды, сөйтіп соғыс қайтадан бұрқ ете түседі.
490 ж. қытай әскері далаға шығыстан басып кіреді де, телелермен
бірігіп, жужандарды қыспаққа алады. Жужан бекзадалары күллі жауаркершікті
қияпұрыс хан мойнына артады да оны өлтіре салады (492 ж.)
Телелердің батысқа көшіп келуі аса маңызды төтетпе оқиға еді; батыста
осынау шашырақты көшпелілер өз мемлекетін ұйымдастырады. Азияда қайтадан
этногенез процесі басталады. Тап сол кездері Алтай тауларында түрік халқы,
Брахмапутра алқабында — тибеттер құрылып, ал Қытайда Сүй мен Тан
әулеттерінің орта ғасырлық ғажайып мәдениетін берген жаңғыру дәурені
басталады. Шығыс Азия тарихының ежелгі дәуірі аяқталуға жақындап, оның
кеспірсіз сарқыншағы — Жужан — құрып кетуге тиіс болатын.
Телеуіт хандығы — Гаогюй. Телеуіттердің бөлінуі мен 492 ж. мемлекеттік
төңкеріс Жужан тарихының күрт өзгеріс кезеңі еді.
Олар Орталық Азиядағы жетекшілік ролінен айрылып, енді өкімет үшін
емес, өмір сүру үшін күресуге мәжбүр болады. Өлтірілген Доулүннің орнын
басқан Нагай елді бір-ақ жыл басқарады. Ол өзі басқаратын уақытқа ұран
етіп: "Тып-тыныш" сөзін алады, яғни өзінен бұрынғы ханның жаугерлік
ойларынан бастартады. Нағайдың баласы Фүту мүмкін болғанынша әкесінің
саясатын жалғастыра береді.
Бұл кездері телеуіттер жаңа қонысын жақсылап игеріп, хүн дәуірінің
соңғы қалдығы Юэбаньдардың көзін жояды. Жаңа жерде телеуіттер өз мемлекетін
құруға тырысады. Бұл үшін олар халықты екіге бөледі: солтүстік билеушісі
—"Мұрагер хан" атын алады. Олардың өз мемлекетін не деп атағаны беймәлім,
ал қытайлар оны Гаогюй деп атайды, ол "биік арба" деген сөз. Ол осы атпенен
тарихқа енген.
Саяси тұрғыдан алғанда Гаогюй қытай бағытына қарай бейімделіп, киім-
кешек үшін олардың жібегін алмақшы болады, бірақ бұл жібек оларға ешбір
пайдасын тигізбейді. 494 ж. эфталитгер Иранды жәукемдеп тастап, артын
тиянақтап алып, солтүстікке қарай бет түзейді. Гаогюй мемлекетінің оңтүстік
бөлігі қасқағымда талқандалады, "Мұрагер хан" өлтіріліп, үй іші
тұтқындалады, ал халық шартарапқа бытырай қашады; олардың бір бөлегі
жужандар қоластыға қарайды да, екінші бөлігі қытай қарауына өтіп кетеді.
Келесі, 496 ж. сол сияқты солтүстік мемлекеті де қаурыт жаулап алынады.
Эфталиттер тұтқындардың ішінен Мивоту деген бекзаданы қалап алып, қалған
телеуіттерге бастық етіп қояды. Сөйтіп, Гаогюй эфталиттердің бағынушы
вассалына, жужандардың дұшпанына, ал қытайлардың одақтасына айналады,
одақтас болғаны үшін қытайлар оларға 60 бума жібек матасын төлейді. Шамасы
сол кезде (497 ж.) эфталиттер Қарашарды басып алса керек, ал Түрфан көгалды
аймағындағы Гаочан кнәздігінің билеушісі Жу деген қытайлық қытай үкіметінен
өзінің бодандарын қабылдап, қытай жеріне көшіріп әкетуді сұрайды. Жужан
айналасын темір қоршаумен құрсап тастайды. Бірақ гаочандықтар бауыр басқан
жерін тастап кеткісі келмей, өз билеушісін өлтіріп, Жужанға қосылады. Бұл
жәйт экономикалық жағынан шиеленіскен жағдайды бәсеңсітеді, өйткені егін
егетін Гаочан Жужанды ас-тықпен, жеміспен және матамен жабдықтай алатын
еді; бірақ бұл саяси шиеленісті күшейтіп, қытай императоры Сюань-у-дидің
шамына тиеді. Футу ханның бітім сұраған ұсынысына, император:- өзінің
теріскеймен айналыса алмай жатқанының бір себебі Оңтүстік Қытайды бағындыру
ісінен қолы тимей жатқаны, әйтпесе, Футу мен жужандарды бүлікшіл бодандар
деп есептейтінін айтып, жар салады. Бұл кезде Гаочанда қытайшылдар салтанат
құрады да, Жужанмен арадағы одақты мансұқ етеді (500 ж.).
Батыс өлкедегі қытай мүддесін сақтап қалу үшін оған тұрақты әскер
қатарынан Мын-Вэй бастаған үш мың қолы бар отрядті жөнелтеді. Хамиге келіп
орналасқан отряд жужандарды тықсырып тастайды. Футудың Қытайға жіберген
елшілеріне жауап қайтарылмайды. Жужандарға қарсы телеуіттер көтеріледі,
олар баяғы 60 тең жібектің құнын қанымен қайтаруы керек бо-лады. Пүлэй
көлінің маңында Мивоту жужандарды күл-талқан етеді. Олар оңтүстікке қарай
қашады, бірақ Бэйшан тауының бектерінде Мын Вэйдің қытайлық қолына
кездеседі. Үрейі ұшқан жужандар енді кейін қарай қашқанда жолай
телеуіттерге тап болып, тағы да жеңіледі (508 ж.). Осынау қырғында
қырсық шалған хан Футу қаза табады. Мивоту оның бас терісін Мын Вэйге
жібереді. Бұл үшін оған музыкалық асбаптар түрлері толайымен, 80 музыкант,
он тең қызыл жібек, 60 тең әртүсті жібек маталар сыйлық ретінде
жөнелтіледі.
Опат болған Футудың мүрагері Чеуну Қытаймен екі рет тіл тауып, келісуге
талаптанады, бірақ өзін тек күш-қайрат қана аман сақтап қалатынына көзі
жетеді. 516 ж. ол Гаогюйге шабуыл жасап, Мивоту әскерін талқандайды, оның
өзін тұтқындап, айрықша әдіспен азаптап өлтіреді. Оны жүрісі жайсыз бір
мәстекке мінгізіп, екі аяғын тас қып байлап, Мивоту зықы кетіп өлгенге
дейін, мәстекті қамшылап айдай береді. Сосын Мивотудың қу басын сырлап,
зеренге айналдырады. Жужандардан қашып құтылған телеуіттер эфталиттерге
барып қосылады. Осыдан кейін ғана жужан халқының елшілерін Вэй императоры
Сяо-мивди (518 ж.) қабылдайды. Оларға бағьныштылық міндетін дәл
орындамағанм үшін сөгіс жарияланады. Мұндай рәсімнен кейін, қандай мәмлеге
де болса, келуге болатын еді, сөйтіп Жужан үмітсіз жағдайдан құтылгандай
болады.
Жужандағы жанжалдар. Жужанды аман сақтап қалу үшін Чеунм колынан
келгеннің бәрін жасады. Телеуіттерді талқандағансоң, ол батыстағы соғысты
соза бермей, эфталиттермен бітім шартын жасады. Бұл одақ жужан ханшалары
мен эфталитет бекзаттарының некелесуімен бекітіледі". Шығыс жақта жужандар
бірлесе отырып, маньчжурия тайпаларының бірі дидэ-уганді талқандап, Вэй
үйінің Маньчжуриядағы позициясын әлсірету үшін Кореямен (Гао-Гюйли)
байланыс. жасайды. Сол сияқты Түрфан мәселесі де ойдағыдай шешіледі. 518 ж.
Қытай үкіметі Түрфан көгалжайының халқын Ішкі Қытайға көшіру жөніндегі
ішетінен ресми түрде бастартады да, Гаочан кінәздігін таниды. Сонда тегі
түрфандықтардың жужаңдармен арадағы сауда-саттығы үзіліп қалмағанға
ұқсайды, жужандар астықпен, маталармен үздіксіз қамтамасыз етіліп
отырылады. Темір бүйымдарын жужандарға олардың алтайлық бағыныштылары
түркіттер (түрік-тоқюдар) жеткізіп түрады.
Бірақ ордадағы бірлік бұзылады. Жужанға будда діні енеді. Әдеттегіше,
будда миссионерлері ең әуелі дінге ханды кіргізеді. Хан қосыныңда,
"шамандар"— будда молдалары мен "нилер"— сопы әйелдер пайда болады. Жаңа
жағдайда будда діні ғажайып түрге енеді: мәселен, сопы әйелдердің заңды
ерлері болады, бірақ хан бұған, тегі, күдіктенбесе керек. Алайда,
мәліметтердің тым аздығына қарамастан, будда діні жұрттың бәріне бірдей
ұнады деп кесіп айтуға болмайды. Оған қарсылар ханның өз үйі ішінде де,
әскер арасында да пайда болады. Жужан енді бұрыңғыдан да зәру болып отырған
бірліктен айрылды. 513 ж. Қытайдағы жужан елшілігінің басында бақсы-шаман
Хунсан тұрады, ол "інжумен көмкерілген идолды" әкеледі. Бұл діни кісінің
пенделік кызмет атқаруының көшпелілер тарихындағы түңғыш мысалы болса
керек.
Бұдан да өткен өрескел тағы бір жайт бар, Жужан қосынында Дэу-Хунь
дуана атты жас сопы әйел тұрады. Мұңда көзге ұратын бір нәрсе — оньң
"дуана" аты парсыша "қүшнаш" деген сөз. Ол балгерлік, бақсылықпен жұртты
емдеген және Чеуну оған әрдайым көзсіз сенген. Қытай шежіресі оны алдамшы-
сұрқия деп атап, оның мекерлігін сөз етеді, бірақ бізге керегі бұл емес.
"Чеуну оны қатты құрметтеп, жанындай жақсы көрген, соның ақылымен іс-әрекет
жасап мемлекеттік басқару ісін шатыстырып жіберген. Ордада ханның
нақсүйеріне қарсылық күшейеді, сөйтіп, 520 ж. хан жорықта жүрген кезде
құшнаш қатынды, ханым ананың әмірімен, буындырып өлтіреді, Чеуну қайтып
келгеннен кейін, бекзадалармен ауыз жаласқан анасы оның да көзін құртады,
ал тәж-тақты басқа баласы — Анахуанға береді.
Арада он күн өтпей жатып, Чеунудың кегі қайтарылады. Ханның туысқаны
Шифа деген кісі ордаға шабуыл жасап, оны күлталқан етеді. Анахуан Қытайға
қашып кетеді де, оның шешесі мен аға-інілері жусатып салынады. Анахуан
Қытайда әркімге бір жаутаңдап, қайыссы жарылқайды деп жүргенде, оның
Поломын деген ағасы жақтастарын жинап алып, Шифа-ның аяғын аспаннан
келтіреді, Шифа Маньчжуриядағы "дидэуган" тайпасына қашып барып, сонда қаза
табады. Поломын хан атына ие болады. 521 ж. оны көтеріліске шыққан
телеуіттер жеңеді де, өзі қалған бодандарын ертіп, Қытайға көшіп кетеді.
Жужан тағы ажал аузына жақындайды.
Ақарында Қытай көздеген мақсатына жетеді: жужанның қос ханы да оның
қолына өздері. келіп беріледі. Теріскей жақтан қатынаған кісілер: "Мемлекет
аласапыран болып жатыр. Әрбір тайпа өз бетімен бөлек тұрып, бір-бірін алма-
кезек тонап жатыр"1 — деп айтып келеді.
Алауыздықты телеуіттер өз мүддесіне пайдаланады: азаптан өлген
Мивотудың інісі Ифу Гаогюй мемлекетін қалпына түсіріп, 521 ж. Поломынның
жужаңдарын ойсырата жеңіп, оларды Қытайға қуып тығады. Сол жылдың күзінде
гаогийлардан Анахуанкың орнын басып қалған інісі Синиф Қытайға қашып
барады. Қытай үкіметі осынау табысын тиянақтай түспекші болады.
Жақтастарымен бірге Полымынды Қытайдың ішіне, Көкінор көлінің жағасына
қоныстандырады да, сенімге ие болған Анаху-анды" шекара сыртына —
Дуньхуанның теріскейіне орналастырады. Поломын ә дегеннен эфталиттерге
қашып кетпекші болады, өйткені оның үш қарындасы эфталит ханына тұрмысқа
шыққан еді. Бірақ оны ұстап алады да, түрмеде көз жұмады. Анахуан одан
ұстамды екен. 552 ж. ол тұқым себеміз деп он мың қап тары сұрап алады,
жужандар оны жеп қойғанға ұқсайды, соның салдарынан келесі жылы олар
ашаршылыққа ұшырайды да, қытай жұртын талап-тонай бастайды. Істің мән-жайын
тексеруге келген Қытай шенеунігін Анахуан ұстап қалады да, жақын жерде
колға іліккен нәрсенің бәрін талапайлап алып, бүкіл халқымен солтүстікке
көшіп кетеді. Онда барғасын қытай шенеулігін босатып жібереді. Онын соңынан
қуалауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz