Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар


Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
ТАРАУ І. ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1. Оқытуды ұйымдастыру формаларының қалыптасу және даму тарихы . . . 6-10
1. 2. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы . . . 11-16
ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2. 1. Орта мектептегі сабақты ұйымдастырудың түрлері . . . 17-26
2. 2 Қазіргі орта мектептегі сабаққа қойылатын талаптардың мәні . . . 26-28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
ҚОСЫМША . . . 31
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінсн басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру сапасын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұңдай дәстүрсіз түрлсрі көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компыотерлік сабақтарын жатқызуға болады.
Бірақ, жоғарыда аталғап сабақтың дәстүрлі емес түрлсрі - оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданалатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция) -сабақтың элементтерінен қарау керек.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар, саяси тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-тырылған үйірмелер, арнайы семинарлар мен лекторийлер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру университеті, консультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін "Өздігінен білім алу мектебі" т. б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру.
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, ждарнама сабағы және т. б. осы аталған сабақтардың әрқайсысын тиімді пайдалану арқылы оқушыларға тәрбие беруге болады.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларн еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңзы өте зор.
Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр-түрлі сабақ түрлерін өткізудегі жаңалыктарын іс-тәжірибесінен байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде.
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде, әсіресе «Қазақстан мектебі» журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік деңгейдс өткізетіндігін көруге болады.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты өткізе отырып, тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М. Н. Скаткин, М. И. Махмутов, В. Ф. Шаталов, Е. И. Ильин т. б. ) белгілі жағдайлар керек. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемімен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай-бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізілді.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын жұмысқа тарата және қызықтыра білетін педагогикалық құралы-балалар ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне қатыстырады. Сондықтан, сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі. Оқытудың ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбие ісіне мұғалімнің тікелей басшылығымен белсене қатысады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды, ал олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді.
«Сабақ формалары мен түрлері» мәселелері көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен зерттелген. Зерттеушілердің ішіндегі орыс зерттеушілерінің еңбектерінде сабаққа қойылатын негізгі талаптарын көптеп зерттелген (И. Н. Казанцев, С. В. Иванов пен А. Даниловтардың еңбектері) . Ал, қазақстандық зерттеушілерден Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, К. Сейталиев атап өтсек болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты- орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
-Оқытуды ұйымдастыру формаларының қалыптасу және даму тарихын зерттеу;
-Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгіне сипаттама беру;
-Орта мектептегі сабақты ұйымдастырудың түрлерін ашып көрсету;
-Қазіргі орта мектептегі сабаққа қойылатын талаптардың мәнін зерттеу.
І-тарау. Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың мәні
1. 1. Оқытуды ұйымдастыру формаларының қалыптасуы және даму тарихы
Оқытуды ұйымдастыру формасы-оқыту процссінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Қйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бір-ыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан; жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне жәнс орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өтс ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші окушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдсрін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке, дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесін атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогика-лық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
- Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
- Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
- Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
- Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұ сынды. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ- оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттггерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ-күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың әр-түрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні-дәрісбаян (лекция) .
Дәрісбаян оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тәлім-тәрбие формасы. Дәрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дәрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тәсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дәріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілік баға беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді. Сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты дәрісбаян: кіріспе, айқындау ағымдық қорытындылау және шолу түрлерімен ажыралады.
Оқу дәрістерін өткізу әдіс-тәсілдеріне орай дәрісбаян түрлері төмендегідей:
- ақпараттық дәрісбаян - түсіндірме-көрнекілік әдіспен өткізілетін дәстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі:
- проблемді дәрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мәселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процессі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, әрқилы көзқарастарды салыстыру және т. б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дәрісбаян оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
- бинарлы дәрісбаян (диалогты дәрісбаян) оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
-шатастыру дәрісбаяны (лекция провокация) -мұндай дәрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсаты оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға және көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дәрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
- Дәрісбаян-конференция-ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сәйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады әрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
- Кеңес дәрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
- Екеу дәрісбаяны (лекции вдвоем) -бір пән не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дәріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Дәрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тәрбиелік, дамытушылық дәрісбаяндары ажыралады;
- ықпал-әсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дәрісбаяндар қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, әдетте, дәрісбаян үш, кіріспе, негізгі және қоры-тынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады жоспармен міндеттер таныстырылады, негізгі және қосымша әдебиеттер көрегіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі.
Семинар-меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дәрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешей оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізіне ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен құжаттардан, қосымша әдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі.
Жүргізу тәсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны-семинар-сұхбат: оқытушының қысқа кіріс сөзі және қорытындылауымен жоспарға сәйкес кең әрі ашық сұхбат-әңгімелесу формасында өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың әр сұрағы бойынша жеке оқушылар хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады әрі толықтырылады.
Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара болып алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар ссминар сабағында тыңдалады және талқыланады.
Оқу-конференциясы-білім арттыру, бекіту және жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Әдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар-оқушылардың мұғалім-дер тапсырмалары және басшылығында зертханалық тәжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пән кабинет-терінде, зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тәжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарын-да өткізіледі.
Факультатив сабақтар-оқу пәндерін оқушылардың өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шәкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сәйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пәндерін тереңдете игеру;
- қосымша пәндерді (логика, риторика, шет тілдері және т. б. ) меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пәндерді өту;
Факультатив бағыттары теориялық, тәжірибелік немесе аралас болуы мүмкін.
Оқу саяхаттары-әрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау және зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көр-ме, табиғат аясы жағдайларынла жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.
Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік табиғаттану, өлкетану, әдеби, жағрапиялық және т. б. болып ажыралады.
Білімдену мақсаттарына тәуелді тақырыптық және шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пәндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика және химия, биология және география) . Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін.
Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды ретінде ұйымдастырылады.
Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде пайдаланылғаны жөн.
Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі-бұл экспедиция-экологиялық жағдайлармен тануға, тарихи деректер және ауызекі әдебиет материалдарын жинауға бағышталған оқу жорықтары.
Курстық (жоба) жұмыс-оқу ұйымдастыру формасы ретіндс жоғары мектеп жүйесінде оқу пәнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-әрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет мәселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім орындарының оқушылары курстық жоба не курстық жұмыс жазады. Мұндай жұмыс жалпығылымдық, математикалық не арнайы пәндер бойынша дайындалалы. Оларды орындау барысында студенттер техникалық, технологиялық және математикалық проблемаларды шешеді.
Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша жазылады. Олардың дайындалу барысында оқушылар оқу-ізденіс, зерттеу сипатындағы мәселе, міндеттермен айналысады.
Дипломдық жоба-білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады және қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім қабылдайды.
Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі.
Өндірістік практикалық дидактикалық мақсаттары - кәсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңейту, бекіту, қорытындылау және жүйелеу.
Өндірістік практикалық құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты айқындалып, нәтижеде ол маманның кәсіби іс-әрекетке болған бірітұтас дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сәйкес кәсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт.
Үйдегі өзіндік жұмыстар-дәрісхана оқуларынан тыс білім игеру процесінің құрамдас бөлігі. Мұндай оқу қызметінің маңызы бүгінгі таңда өте жоғары, себебі қазіргі нарықтық кезең әрбір оқушыдан үздіксіз өзіндік білім жинақтау мен дербес танымдық іс-қызмет дағдыларын қалыптастырып, жетілдіріп баруды талап етуде.
Оқушының ой-өрісі, ерік қабілеті мен ұнамды мінез қ асиеттерінің дамуы осы үйдегі өзіндік оқу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуынан.
Кеңес- оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті игерілмеген оқу материалы бойынша жәрдем көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Пәнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген оқушыларға өз алдына кеңес өткізіледі . Кеңестерде оқушылар емтихан және сынақтарда қойылатын талаптармен таныстырылады.
1. 2. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақ-күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Сондай-ақ сабақ-оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты -тұлғаның оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ- оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумсн қатар олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz