Қызмет түрлері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Қызмет түрлері

2. Жалпы ережелері

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері насихатталуда

Қызылорда облысының әділет департаменті Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін насихаттауды жастар арасында да ұйымдастыруда. Осы орайда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттері мен оқытушыларының арасында кездесу өткізілді. Онда департамент қызметкерлері ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа қызмет түрлерімен таныстырып, ХҚКО-на құжаттарды тапсыру тәртібі мен мерзімдеріне тоқталды. Заңгер мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерді Орталықтың бұл қызметтері қызықтырып, олар өз ойларын білдірісті.

Сонымен қатар, барлық аудандық, қалалық әділет басқармалары ауылдық жерлер мен елді мекендерде ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа қызмет түрлерін насихаттап, түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді.

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету-заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, т. б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда Қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т. б. ) және материалдық Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т. б. ) түрлеріне бөлінеді. Материалдық Қызмет көрсету жағдайында материалдық зат өндіріс нәтижесі және тұтыну нысаны болып табылады. Қызмет көрсету аясының ілгерілеуі үшін іргелі негізі болып табылатын материалдық өндірістің дамуы, сондай-ақ Қызмет көрсету аясындағы еңбек бөлінісі

Қызмет көрсету түрлері н кеңейте түседі. Қызмет көрсету мазмұнына қарай жеке адамға үйде Қызмет көрсету (аспаздар, үй қызметшілері, т. б. ), жаңа бұйымдар жасайтын Қызмет көрсету (халықтың жеке тапсырыстары бойынша тұрғын үйлер салу, киім-кешекті не аяқ киімді жеке-дара тапсырыс бойынша тігу, т. б. ), бұрын пайдаланылған тауарлардың тұтынылу қасиетін қалпына келтіру (тұрғын үйлерді, тұрмыстық техниканы, т. б. жөндеу), зияткерлік Қызмет көрсету (жаттықтырушылық, жарнама, т. б. ), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет аясындағы Қызмет көрсету, көлік, пошта телекоммуникация көрсететін қызмет, банктер мен сақтандыру қоғамдарының Қызмет көрсетуі, сауықтыру мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызмет көрсетуі түрлеріне жіктеледі. Тұтынушы үшін қоғамдық тұтыну қорларын бөлу тұрғысынан Қызмет көрсету ақылы (Қызмет көрсетуге тұтынушы ақы төлейтін) және ақысыз (бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін) Қызмет көрсету түрлеріне бөлінеді. Қызмет көрсету өндірістік қатынастардың сипатына қарай түрлі әлеум. -экон. нысанда болуы мүмкін. Тауар ретінде Қызмет көрсету екі жақты құрылымға ие болады: арнайы тұтыну құны (нақты еңбектің пайдалы нәтижесі) мен құн (Қызмет көрсетудегі қоғамдық қажетті еңбек) сипатында көрініс табады. Демек, Қызмет көрсету аясы өзінің тіршілік етуі мен дамуына қажетті қорды өзі ғана ұдайы өндіреді, ал осы аяға жұмсалған еңбек Қызмет көрсету өндірісіне қатысушылар табысының көзі болып табылады, бірақ ол материалдық өндірісте жасалған құнды Қызмет көрсету аясының пайдасына қайта бөлу нәтижесі болып табылмайды. Қоғамдық еңбек бөлінісі құрылымында Қызмет көрсету аясы экономиканың “бірінші” секторына жататын ауыл шаруашылығы мен “екінші” секторына жататын өнеркәсіптен өзгеше түрде заттай тауарлар сияқты жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құрамына кіреді. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі Қызмет көрсету аясының үлесі елдің экон. дамуы деңгейінің өзіндік көрсеткіші болып табылады

Алматы қ. "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ-ның брокерлік қызмет

көрсету және номиналды ұстау бойынша қызмет көрсетуге арналған тарифтер

№/№
Қызмет түрлері
ТАРИФТЕР
Өндіріп алынатын комиссия
min
max
№/№: 1
Қызмет түрлері: ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТҮРЛЕРІ
ТАРИФТЕР:
№/№:
Қызмет түрлері:
ТАРИФТЕР: Комиссия
min
max
№/№: 1. 1.
Қызмет түрлері: Шоттың ашылуы/жабылуы
ТАРИФТЕР: тегін
№/№: 1. 2.
Қызмет түрлері: Шотты жүргізу (шот бойынша қозғалыс болған жағдайда - айына)
ТАРИФТЕР: 1 500
№/№: 1. 3.
Қызмет түрлері: Қаржылық құжаттарды шығару/есептеу (әрбір транзакция үшін)
ТАРИФТЕР: 1 000
№/№: 1. 4.
Қызмет түрлері: Сенімхат бойынша дауыс беру
ТАРИФТЕР: 15 000
№/№: 1. 5.
Қызмет түрлері: Шоттың жайы туралы көшірме беру
ТАРИФТЕР: айына 1 рет - тегін, әрбір қосымша көшірме - 1 000 теңге
№/№: 1. 6.
Қызмет түрлері: Жеке шоттағы ақшаның қозғалысы бойынша есеп
ТАРИФТЕР: тоқсан сайын -тегін, сұраныс бойынша - 1 500 теңге
№/№: 1. 7.
Қызмет түрлері: "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның, кастодиандардың, тіркеушілердің және басқа есептеуші ұйымдардың комиссиялық қаржысы
ТАРИФТЕР: факт бойынша
№/№: 2
Қызмет түрлері: БРОКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ТАРИФТЕР:
№/№:
Қызмет түрлері:
ТАРИФТЕР: Комиссия
min
max
№/№: 2. 1.
Қызмет түрлері: Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен операциялар
ТАРИФТЕР:
№/№: 2. 1. 1.
Қызмет түрлері: Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу/сату*
ТАРИФТЕР: 0, 03%
2 АЕК**

Жалпы мағлұматтар

1. * Сатып алу және сату операциялары бастапқы нарықтағы мәмілелерді қосады.

2. ** АЕК - Айлық есептік көрсеткіш.

3. Клиентті 30 күнтізбелік күн бұрын тиісті өзгерістердің күшіне енетінін хабардар еткен жағдайда, брокер өз тарапынан тарифтерді біржақты тәртіппен өзгерту құқығын сақтап қалады.

Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi - арнайы комиссияның жұмыс органы) ұсынады.
Сондай-ақ мемлекеттiк қызмет баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - орталық) арқылы ұсынылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 11-бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу қағидасының 2-тарауы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http://www. enbek. gov. kz интернет-ресурсында, арнайы комиссияның жұмыс органдарының стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады, сондай-ақ нөмiрлерi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерiнiң телефондары арқылы алуға болады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу туралы шешiм жөнiнде хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелдi жауап болып табылады.
санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай келедi, үй-жай режимi - еркiн.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

1. 1. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн куәландыратын құжат;
4) салық төлеушiнiң куәлiгi (бар болған жағдайда жеке сәйкестендiру нөмiрi) ;
5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы уақытша куәлiк (бар болған жағдайда жеке сәйкестендiру нөмiрi) ;
6) жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;
7) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары; еңбек кiтапшасы; оқу орнын бiтiргенi туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлiк, орта бiлiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк; Заңда белгiленген тәртiппен берiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретiнде жеңiлдiктер алуға құқығын растайтын куәлiк) .
Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса - ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы сот шешiмi.
Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
Жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, азаматтар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен жүгiну үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.
12. Арнайы комиссияның жұмыс органында өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
Орталықта өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi өтiнiштiң толтырылған нысаны және басқа құжаттар заңды мекенжайлары, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмiрi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде ақпарат жазылған арнайы комиссияның жұмыс органының стендiсiнде орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлгенде құжаттарды қабылдау «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
14. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:
1) арнайы комиссияның жұмыс органында - тұтынушыны тiркеу және оның мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;
2) орталықта:
өтiнiштiң нөмiрi мен қабылдаған күнi;
сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
орталықтың құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған жауапты инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
15. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу не тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау жөнiнде хабарлама беру:
арнайы комиссияның жұмыс органына жүгiнген кезде тұтынушының арнайы комиссияның жұмыс органына өзi келуi арқылы;
орталыққа өзi барған кезде қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
16. Тексеру қорытындысы бойынша iс макетi ресiмделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақының төлену фактiсiнiң анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) жалған мәлiметтер ұсынуы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.
Арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда құжаттар пакетiн алған күннен бастап жиырма күнтiзбелiк күн iшiнде бас тарту себебiн көрсете отырып, хабарлама бередi.
Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықтаған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бас тарту себебiн жазбаша негiздей отырып, оларды кейiн тұтынушыға беру үшiн орталыққа жiбередi.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
Қазақстан азаматтары - жеке куәлiк (паспорт) ;
шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар - шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгi;
оралмандар - оралман куәлiгi;
2) еңбек кiтапшасы;
3) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгенi туралы куәлiк;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) ;
5) соңғы жылы алған табысы туралы мәлiметтер (мәлiмдеме сипатында болады) ;
12. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет бланкiлердi толтырмай көрсетiледi.
13. Уәкiлеттi органда қажеттi құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейiн уәкiлеттi органның жұмыссызды тiркеудi және есепке алуды жүзеге асыратын қызметкерi тұтынушының деректерiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк дерекқорға) енгiзедi.
14. Тұтынушыға тiркелген және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алған күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
15. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi туралы хабарлау өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға жеке өзiнiң баруы арқылы жүзеге асырылады.
16. Жұмыссыз ретiнде тiркеуден, есепке алудан бас тарту қажеттi құжаттар болмаған кезде, жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынған кезде, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.
Мемлекеттiк қызмет берудi тоқтата тұру үшiн негiздеме жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Уәкiлеттi органның қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталуы қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға жәрдемдесетiн мемлекеттiк органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды почтаның мекенжайлары, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефондары, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi органның басшысының атына берiледi.
Тұтынушы мекенжайлары, телефондары осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдар Әкiмдерiнiң аппаратына жүгiнуiне болады.
22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым, кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның көрнекi жердегi стендiлерiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi, электрондық почтасының мекенжайы, байланыс деректерi осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi осы стандарттың 9-тармағында көзделген жұмыс кестелерiне сәйкес белгiленедi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, почталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптары көрсетiледi.
25. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 01, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: http://www. enbek. gov. kz.

Жалпы ережелер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалдық калькуляция есебі
Қонақ үйде тамақтандыруды ұйымдастыру
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы қызмет көрсетуді жетілдіру
Жұмыстар мен қызметтер
Қонақ үй шаруашылығы туралы
Күрделі жөндеу мен техникалық қызмет сандарын анықтау
Қонақ үй шаруашылығы
Автокөліктік кәсіпорындарды өндірістік жобалау
Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz