Қазақстан Республикасының қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы


Аннотация
Менің курстық жұмысым «Қазақстан Республикасының қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы. » қазіргі кезде ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осыдан он жыл бұрын - 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сенеміз.
Мазмұны
Кіріспе . ……. …. . 5
І. “ҚАЗАҚСТАН - 2030” СТРАТЕГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
1. 1 Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты . . . . . 6
1. 2 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы . . . 14
1. 3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері. . . . 20
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СТРАТЕГИЯСЫ .
2. 1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы . . . 30
2. 2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге
асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы . . . … . . . 32
2. 3 Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру
жолдары. . ……. . …. . 40
Қорытынды . . ……. . 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . 43
Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының өсу стратегиясы өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. . Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т. б. жатады. Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік саясатындағыең басты басымдылықтарыдң бірі болып табылады. Экономикалық ілгері басудың жоғары қарқындары халықтың өмір сүру деңгейіне оңды әсері етті.
Экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс. Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 - 2007 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 - 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7, 5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған. Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 - 2006 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9, 4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 8, 6%-ды құрады.
Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т. б. жатады.
І. “ҚАЗАҚСТАН - 2030” СТРАТЕГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
1. 1 Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
Осыдан он жыл бұрын - 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен жоқпыз.
Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.
Күн тәртібіне еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып отыр. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды табанды түрде қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстанды жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде Елбасы ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап отыр:
Бірінші бағыт - Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің орнықты сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру
Екінші бағыт - Әлемдік шаруашылық жүйесінде қазақстандық “тауашаларды” іздестіру, оларды қолға қарату және жасақтау
Үшінші бағыт - Іргелі және “серпінді” жобаларға қатысу
Біздің экономикалық жетістіктеріміз
Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көшбасшылығын айқындады.
Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың “өңірлік локомотивіне” әрі оны әлемдік экономиканың табысты “ойыншысына” айналдыра алатындай күш бар.
Біріншіден, Үкімет компанияларымызды келешегі зор өңірлік жобалар жайында ақпараттандыру жүйесін жасап, олардың осындай жобаларға қатысуына және конкурстық негізде мемлекеттік контрактілер алуына
жәрдемдесуге тиіс. Бұлар жоғары технологиялық өндірістер, инфрақұрылымдық және басқа да жобалар болуы мүмкін.
Екіншіден, біздің ірі корпорацияларымыздың нақты “серпінді” жобаларды дамыту мақсатында ұлтаралық компаниялармен ынтымақтастығын ынталандырып
отыру керек.
Үшіншіден, Қазақстан өңірлік қаржы рыноктарының Алматыдағы қаржы орталығының төңірегінде топтасуын дамыта отырып, бұл өңірде осы заманғы халықаралық сауда технологияларының негізінде тауарлы-шикізат рыноктарын,
айталық, астық биржасын құратын болады.
Үкіметке, барлық тиісті органдар мен институттарға, соның ішінде мемлекеттік холдингтерге Қазақстанды
“тауарлармен және қызметпен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік орталыққа” айналдыруға қолайлы жағдайлар туғызуды, ең бастысы, қазақстандық компаниялардың өңірлік ірі экономикалық жобаларға қатысуы үшін нақты шаралар қолдануды тапсырамын.
Төртінші бағыт - Мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру
Мемхолдингтер басшыларына 2007 жылғы тамыздан кешіктірмей, Президенттің бекітуі үшін өздерінің дамуы мен жаңа құрылымының тұжырымдамасын ұсынуды тапсырамын. Стратегиялары мен құрылымдары бекітілгеннен кейін “Самұрық”, “Қазына”, “ҚазАгро” алдарына қойған міндеттерді іске асыруға кірісулері керек, ал басшылары олардың жұмыс нәтижелері үшін дербес жауап береді.
Бесінші бағыт - Өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру
Алтыншы бағыт - Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі
Біріншіден,
біздің банктеріміз
жергілікті рыноктағы, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік тартысқа әзір
болуы керек.
Біздің қаржы жүйемізге резидент еместердің қолжетімділігіне байланысты қойылған бірқатар шектеулерді
біз Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздер аясында алып тастадық.
Екіншіден,
Қазақстанның банк жүйесі тарапынан
экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін
жағдай жасалуын және
банктердің өңірлік экономикалық жобаларға,
соның ішінде мемлекеттік - жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.
Үшіншіден, екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе, энергетикалық, инфрақұрылымдық және “серпінді” жобаларды іске асыру үшін тарту туралы
маңызды мәселені шешу қажет.
Төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге
тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені
Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін
есепке ала отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады, мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін.
Бесіншіден,
біз тиімді жұмыс істейтін
қор рыногын
құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес.
Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет.
Алтыншыдан, электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын
кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру эле¬ктрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ.
Үкімет Қаржылық қадағалау агенттігімен бірлесе жоғарыда көрсетілген, осындай жұмысты жүргізудің стратегиясы мен қажетті заңнамалық қамтамасыздығын әзірлеуі тиіс.
Жетінші бағыт
- Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ-ға кіру
Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекелестік ұстанымдарын көп ретте
оның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты
айқындалатын болады. Бұл міндетті біз бірнеше жыл бойы дәйекті түрде шешудеміз, әрі тиянақтауға да тақаумыз.
Біріншіден,
еліміздің ұлттық мүдделерін ескере келгенде, биылғы жылдың соңына дейін
Қазақстанның заңнамасын БСҰ-ның міндетті келісімдерінің нормаларына сәйкес келтіру қажет.
Екіншіден,
Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің барысында Үкімет
аграрлық секторды қолдаудың лайықты деңгейін сақтап қалуы және өнеркәсіп орындарын БСҰ жағдайында тиімді жұмыс істеуге дайындау жөніндегі тиісті бейімдеу шараларын
іске асыруы керек.
Үшіншіден,
кедендік әкімгерлікті жетілдіру мен кеден қызметі мамандарының осы заманғы талаптарға кәсіби сәйкестігін
қамтамасыз ету жөнінде нақтылы, пәрменді және жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Біз
экономиканың ашықтығы, өңір елдерінің арасындағы кедендік кедергілерді азайту және өңірдегі сыртқы тарифтердің бірыңғай деңгейін белгілеу
саясатын жүргізуге тиіспіз. Осы және басқа да мақсаттарға арнап, мемлекет соңғы жылдары өзіміздің кеден жүйесіне едәуір қаржы бөліп келеді.
Төртіншіден,
барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі
үдерісін жеделдету керек.
Бесіншіден,
Үкімет “Атамекен” одағымен бірлесіп, таяудағы уақытта экономиканың барлық секторларындағы
өзіміздің өндірісшілер мен кәсіпкерлеріміз үшін
тиісті ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Сегізінші бағыт
- Экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту
Тоғызыншы бағыт
- Жоғары технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу
Біріншіден,
өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды негізге ала отырып,
технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек.
Сырттан жаңа технологиялар әкеліп, оларды жетілдіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен шұғылданатын конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу қажет.
Екіншіден, жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде венчурлық негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар жасақтау
керек. Қазақстан ғалымдарының үздік әзірлемелерінің “сыртқа” кетуіне жол беруге болмайды.
Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу
шарт. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш-жігер жеке меншік сектордың еншісіне тигені жөн.
Төртіншіден,
зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір жүйеге келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың нақтылы секторында сұраныс туатын болады.
Бесіншіден,
зияткерлік меншік пен сауда белгілерінің қорғалуын нығайтып,
технологиялық сектордың дамуына ықпал ету керек. Танысу мен қаржыландыру үшін ашық болатын инновациялар мен патенттер банкін құру қажет. Бұл - “Қазынаның” міндеті.
Оныншы бағыт - Экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын қалыптастыру және олардың жұмыстарын бастауы
Едәуір экономикалық әлеуеті бар көшбасшы қалаларды басымдықпен дамыту есебінен
өңірлік орталықтарды және экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің “өзекті арналарын”
үйлесімді қалыптастыру өңірлік дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Үкімет тұтастай алғанда ел экономикасын өркендетудің орталықтары ретінде дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін зерделей келіп осындай орталықтарды анықтауға тиіс.
Небәрі он жылдың ішінде
шалғайдағы шағын қаладан осы заманғы мүмкіндігі мол шаһарға айналған біздің байтағымыз - Астананың экономикалық өркендеудің аса маңызды орталығына айналғаны, әлбетте,
қазақстандықтарға ғана емес, баршаға аян.
Егер біз әлемнің айтулы астаналарымен шындап бәсекеге түскіміз келеді екен, онда өзіміздің осы мүмкіндіктерімізді одан әрі еселей беруіміз керек.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы
мәселе де көкейкесті.
Біз инфрақұрылымды дамытуды, еңбек ресурстарының жинақылығын және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз ету әрі солардың негізінде
“өсу тетіктерін” қалыптастыру арқылы Қазақстанның кеңістіктік шоғырлануына
қол жеткізу мақсатын алдымызға қойып отырмыз
Біріншіден,
бұл міндетті Қазақстанды өңірдің “экономикалық жолбасшысына” әрі осы заманғы қызмет көрсету мен жоғары технологиялық индустрия орталығына айналдыру арқылы іске асыру керек.
Мемлекеттік және жеке секторлардың топтасуы үдерісін пайдаланып,
айталық, қазірде құрылған
“Сарыарқа” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын
ескере отырып, мәселен, Астана қаласы, Ақмола мен Қарағанды облыстарының нысаналы
өңірлік даму жоспарларын жасау негізінде
нақтылы “өсу орталықтарын” құру қажет.
Екіншіден,
мұндай “экономикалық өсу орталықтары”
барлық қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге
тиіс, онда мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық
білім беруге баса көңіл бөлінуі
керек.
Үшіншіден,
“өсу тұғырларын” сонымен қатар,
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) желісін дамыту
негізінде де жасақтаған дұрыс. Олардың қызметі аграрлық, көлік-логистикалық және басқа секторларда инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Үкіметтің ӘКК-ге қажетті мемлекеттік меншік пен активтерді беріп, кәсіпкерлердің қатысуымен корпорацияларды дамыту мәселелерін шешкені дұрыс.
Үкімет пен әкімдер бірлесіп, біздің өнеркәсіпті, сауда мен жоғары технологияларды дамыту жөніндегі жоспарларымызды ескере отырып,
осы орталықтарда өнеркәсіп орындары мен индустриялық аймақтарды орналастыру
жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Он бірінші бағыт - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде стратегиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы саладағы басқару сапасын көтеру
Он екінші бағыт - Электрэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом энергетикасының негіздерін жасау
Он үшінші бағыт - Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл
Біріншіден,
Үкімет
іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің
қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға,
оларды барынша қысқартуға,
сондай-ақ
шағын және орта бизнес құрылымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге
тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының
кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынталандыратындай, сондай-ақ бизнестің “көлеңкеден” шығуына жәрдемдесетіндей етіп
одан әрі жетілдіре түсу қажет.
Екіншіден,
біз
әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу
жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп,
бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың,
экономикамыздың іргелі салаларын
“жасырын” монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды,
сондай-ақ
айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеуді
тапсырамын.
Үшіншіден,
біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды қайта құрылымдау мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекоммуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбыры көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек. Алқалы органдар басқаратын бұл құрылымдар тарифтік және техникалық реттеу функцияларын қоса атқаратын болады.
Төртіншіден,
жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру үдерісін жетілдіру қажет. Мәселен,
“жалғыз терезе” жүйесі шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күннің ішінде тіркете алатындай жағдай туғызу
керек.
Бесіншіден,
тұрлаулы және серпінді экономикалық өсу үшін біздің
Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызушы катализатор ретінде мемлекет пен мемкомпаниялардың ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз
қажет.
Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялы конкурстық негізде дамыту үшін
арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар
жаңа бизнес қалыптастыру,
айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін
қаржылық және техникалық қолдау
алар еді. Бұл міндет “Қазына” қорына қатысты
Он төртінші бағыт - Халықаралық талаптарға сай келетін техникалық стандарттарды жедел әрі барлық жерлерде енгізу
Он бесінші бағыт - Жеке меншік институтын және контрактілік қатынастарды дамыту
Он алтыншы бағыт - Қазақстанды одан әрі индустрияландыру негіздерін қалыптастыру
Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық рыноктың осы заманғы талаптарына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз.
Он жетінші бағыт - Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату.
Біз
бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметін көрсетуге
қол жеткізуіміз керек.
Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек.
Таяудағы үш жылдың өзінде
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу қажет.
Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау
керек.
Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту
тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет.
Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу
керек.
Сонымен қатар ғылыми жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар жүйесін құруды қарастырған жөн. Үкімет осы бағытқа қажетті инвестициялар тартудың тетіктерін әзірлейтін болсын.
Бесіншіден,
мектептерге
ағылшын тілінің
шетелдік оқытушыларын тарту қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет.
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы ойластырған жөн,
айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға арналған стипендияларды қаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына жағдай жасайды.
Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесін
өте мұқият зерделеген жөн.
Он сегізінші бағыт - Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялауды енгізу, жоғары білім беру саласында нақтылы және инженерлік ғылымдарды басым дамыту
Біріншіден,
Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін
халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін
беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден,
ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде
бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді,
мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден,
Үкімет
оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми-қолданбалы орталықтарын дамыту
үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден,
Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары
ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға
алуы керек.
Бесіншіден,
біздің
шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп
отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту
өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz