Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жайлы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері
1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі
2 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі-бауырмалдық, бүкіл алам баласын бауыр, лос түту, көпшіл болу.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады. Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді, өзімшіл болады.
Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.
1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі
Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. "Мораль - адамдардың бір-біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы".
Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы "Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы" деп қарапайым сөзден философиялық топшылау жасаған.
Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.
ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.
Швейцарияның педагогі И. Г. Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. И. Г. Песталоци "Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт" - деген қағиданы ұсынды.
Францияның ұлы ағартушысы Ж. Ж. Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке үйретуден басталуы қажет деп тапты.
Ал орыс педагогі К. Д. Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек». - деді.
Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М. Горький, Сәбит Мұқанов пен әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес берген.
Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып қараған жөн.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик М. Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: "Гректер атақты храмдарын египеттіктер пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын қалдырды" - деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен. Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы халық, ақын халық - деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М. Әуезов.
Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т. б. көпшілік еңбск түрлері), адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.
Қазақтың тұрмыс-салтымен байламысты айтылған "Жар-жар", "Сыңсу", "Беташар", жиын тойларда айтылатын қыз бен жігіт айтысы: жаңылтпаш, санамақ, жұмбақтауда "Естірту", "Жоқтау", "Қоштасу" әндерінде мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерде айтысы мен олардың толғау, терме өлеңдерінде көзделетін мақсат біріншіден ас пен тойды қьзықты ету, халықтың көңілін көтеру болса, екіншіден аламның көңіл күйіне сөз өнерінің құдіретті күшімен әсер етіп, жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден жиынға қатысушы үлкені-кішінің бәріне ақыл-нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру.
Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы, осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.
Халық жиындарында ән айту, күй тарту, қыз қуу, тенге салу, бәйгеден озу, астарлы сөз мағынасын арттырып, қарсыласынды ұғындыру, жіп иіріп, жүн түту. жылқыны жорғаға үйрету, өрмек пен кесте өрнегін арттырылып сайысқа түсу, қыз бен жігіттің өнерге деген ынталы азамат атаулының бәйгеге түсер дүбірлі думаны болған. Халықтың мәдени мұраларынан оның ғасырлар бойы басынан кешкен куанышы мен қайғысының, үміт арманы мен өкінішінің, сүйіспеншілгі мен өшпенділік сезімінің ізін көреміз. Осының бәрі халықтың ән мен күйінде, өлең жырында, аңыз-әңгімелерінде, поэма дастандарында тіпті қолөнерінде де бейнелей суреттелген.
2 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлер
Х-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшқұр болған данышпан-ойшыл энциклопедист-ғалымы белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйласуы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің, өнімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жолшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешелеріне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек сауалға жауап берілген.
Жақсы мінез құлық, әдепшілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау - әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын әсіресе жастарды өр-көкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішіпейілділік - үлкенге де, кішіге де, жарасатын қымбат қасиет:
Кісілік қымбат, кішілік қымбат,
Ұлық болсаң кіші бол,
Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама берді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сарандық, мейірімсіздік, ашушандық, т. б деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.
Әль-Фараби өзінің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы қала деп отырғаны - мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі. т. б мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті елі. Сондықтан ол Халық бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім-инабатты, әділ, мейірімді, жан-жақты білімді, халыққа жаны құмар, жамандықтан жиренетін, батыл, жомарт, өнер мен әдбиетті сүйетін адам болуға тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды.
Әл Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы өмірдің мән-мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.
Адамгершілік турасында дана бабамыздың: "Шын мағынасындағы білімділік - тамаша адамгершілік сипат" деген ұлағатты пікірш мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қондыру да педагогикалық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал. "Ұстаз ескерер тағы бір жайт" - дейді Әл Фараби, бұл шәкірттің мінез құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Педагогикалық пікірінде Фараби, әсіресе мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік бақытты болудың негізгі шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолындағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, кейде бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін - өзінің нашар мінезі. Сондықтан, жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесіктен бастаған жөн, - дейді ғұлама бабамыз Әл-Фараби.
Түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнскті ақыны, есімі ислам әлеміне машһүр болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи " Диуани хикмат" ( Даналық кітабы) атты өлеңдер жинағында әділдік тойына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамдың рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескерпей келмеген тәкәппар жандарды әшкерелеп отырды. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:
Ғарип, пақыр жетімдерды қылған шадман,
Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын көңілмен күткін мейман,
Халықтан естіп бұл сөздерді, айттім міне . . .
Ғарип, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафардан естіп айттым мұны . . .
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме.
Кісі малын сен жеме, спрат көпірінде тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz