Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты



Кіріспе

І. Инфляция әлеуметтік . экономикалық құбылыс ретінде
1.1. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
1.2. Инфляцияның даму факторлары және оның салдары

ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
2.1. ҚР . да инфляция әсерінен болған зардаптар.
2.2. ҚР . ғы инфляцияға қарсы шаралар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Инфляция ұзақ уақыт бойы манетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенмен оны тек таза ақша фономеніне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шарушылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономикалық қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы халыққа жолдаған жолдауында белгіленген, мемлекеттік ақша кредит саясатының басым бағыттарының ішінде: инфляцияның тежеу және қаржы нарығының тұрақтылығы белгіленген.
Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияның тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік ұлттық банк пен үкіметке жүктелді деп көрсетілген.
ҚР – ның ұлттық банкі 2004 жылғы қаңтардың 1-нен бастап өзінің негізгі мақсаты ретінде тұтынушылық нарықтағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етудің және инфляциялық тергетуді белгіледі.
Инфляция деңгейінің өлшемі ретінде белгілі бір тұтынушылық тауарлары мен қызметтер жинағының бағасының салыстырмалы түрде ауытқуын көрсетіп отыратын, тұтынушылық бағалар индексі қолданылады. Инфляцияға монетарлық және монетарлық емес факторлардың, яғни: мерзімділік, әкімдік реттеу, монополист кәсіпорындардың бағалары, бәсекелестік ортаның дамымауы әсер етуін ескеретін болсақ, қойылған мақсаттарға жету үшін ҚР үкіметі мен келісілген іс-әрекет бағдарламасын қажет екендігін түсінүге болады. Ақша-кредит сясатының ойдағыдай үзеге асырылуы ақпарат ағымдары арқылы қамтамасыз етілетін, еліміздің бас банкінің қызметінің айқындығына да байланысты. Мысал ретінде Ұлттық Банктің «Инфляцияға» шолу атты тоқсан сайынғы талдымалы жаңа басылымын келтіруге болады.
Үкімет «Стратегия – 2030» сәйкес инфляция қорқынының жыл ішінде 5-6 % шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
* ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатта қаталдандырады;
• ішкі ифестициялық өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;
• жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициалауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
• Бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайды көздерді пайдаланады;
• Мемлекеттік құнды қағаздарды айналым мерзімін ұзартады және т.б.
Ал ең төмен резерв талаптарын есептеу базасын кеңейтуді сыртқы қарыздар көлемінің қысқаруына тиісінше, ақша көлемінің қысқаруына және инфляцияның бағытталған.
1. Сахариев С.С. Сахариева А. С «Әлем экономикасы». Астана 2005ж 3-13бет
2. Шеденов Ө.Қ. Сағындықов Е.Н «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 2004ж 63-67 бет.
3. Ілиясов К.К., Құлыпбаев С. «Қаржы» Алматы 2003 ж 426-440 бет.
4. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002 ж 243-250 бет.
5. Раймқұлұлы С. «Экономикалық теория негіздері» Шымкент 2005ж 158-163 бет
6. Әубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.
7. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы 2004ж 27-32 бет.
8. Сейітқасымов Г.С. «Ақша , несие, банктер» Алматы «Экономика» 2001ж 49-52 бет.
9. Көшенова Б. «Ақша , несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы экономика 2000ж 67-78бет.

Мерзімдік басылымдар.

10. М. Абдуллаұлы «Рыноктардағы ақша бағасы және инфляция» Қазақ елі № 15
11. Н.Н. Иванова «Инфляцияның ҚР ұлттық банкі мен үкімет тежеп отырады». Оңтүстік Қазақстан № 8 2004ж
12. Аманжолов С. «Қазіргі кездегі ақша, несие саясаты және банк жүйесін реформалау» Ақиқат №8 19998ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І. Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде
___________________________________ ______________________
1. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
___________________________________ __________________
2. Инфляцияның даму факторлары және оның салдары
___________________________________ ___________________

ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
___________________________________ _______________________
2.1. ҚР – да инфляция әсерінен болған зардаптар.
2.2. ҚР – ғы инфляцияға қарсы шаралар _______________________

Қорытынды ___________________________________ ____________
Қолданылған әдебиеттер тізімі
___________________________________ _______________________
Қосымша ___________________________________ ______________

Кіріспе.

Инфляция ұзақ уақыт бойы манетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуінде көрінгенмен оны тек таза ақша фономеніне жатқыза салуға
болмайды. Бұл нарықтық шарушылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің
көптеген елдеріндегі экономикалық қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының
бірі болып есептеледі.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы халыққа жолдаған
жолдауында белгіленген, мемлекеттік ақша кредит саясатының басым
бағыттарының ішінде: инфляцияның тежеу және қаржы нарығының тұрақтылығы
белгіленген.
Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияның тежеуді
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік ұлттық банк пен
үкіметке жүктелді деп көрсетілген.
ҚР – ның ұлттық банкі 2004 жылғы қаңтардың 1-нен бастап өзінің
негізгі мақсаты ретінде тұтынушылық нарықтағы бағалардың тұрақтылығын
қамтамасыз етудің және инфляциялық тергетуді белгіледі.
Инфляция деңгейінің өлшемі ретінде белгілі бір тұтынушылық тауарлары
мен қызметтер жинағының бағасының салыстырмалы түрде ауытқуын көрсетіп
отыратын, тұтынушылық бағалар индексі қолданылады. Инфляцияға монетарлық
және монетарлық емес факторлардың, яғни: мерзімділік, әкімдік реттеу,
монополист кәсіпорындардың бағалары, бәсекелестік ортаның дамымауы әсер
етуін ескеретін болсақ, қойылған мақсаттарға жету үшін ҚР үкіметі мен
келісілген іс-әрекет бағдарламасын қажет екендігін түсінүге болады. Ақша-
кредит сясатының ойдағыдай үзеге асырылуы ақпарат ағымдары арқылы
қамтамасыз етілетін, еліміздің бас банкінің қызметінің айқындығына да
байланысты. Мысал ретінде Ұлттық Банктің Инфляцияға шолу атты тоқсан
сайынғы талдымалы жаңа басылымын келтіруге болады.
Үкімет Стратегия – 2030 сәйкес инфляция қорқынының жыл ішінде 5-6 %
шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
* ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатта қаталдандырады;
• ішкі ифестициялық өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді
дамытады;
• жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін
қауіпсіз инвестициалауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
• Бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайды көздерді
пайдаланады;
• Мемлекеттік құнды қағаздарды айналым мерзімін ұзартады және т.б.
Ал ең төмен резерв талаптарын есептеу базасын кеңейтуді сыртқы қарыздар
көлемінің қысқаруына тиісінше, ақша көлемінің қысқаруына және инфляцияның
бағытталған.
Ұлттық банктің валюталық режимді ырыстындыру шаралары ақша-кредит
саясатының бағыттарымен сай келеді. Жаңадан қабылданағн ҚР валюталық
реттеу туралы заңды 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап экспорт, импорт
операцияларын лицензиялау тәртібін жоюды ескерілген және де, оның жалпы
Қазақстанның халықаралық капитал нарықтарына белсенді қатысуына, отандық
капиталдың өсуіне және еліміздің экономикасына қосымша қаражаттың ағылуына
ықпал ететіндігі.

І. Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде

1. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері.

Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында инфляция ұзақ уақыт бойы
тарихи негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның
шығуымен қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio
– қампаю, тұңғыш рет солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы
кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі
процесін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла
бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес үкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша массасының
қажеттілктен тыс артық кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияның айналым процесін
құнсызданағн қағаз ақшамен толтыра беруін айтады. Бұл әрине жеткіліксіз.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен ол тек ақшаға тән ғажайып
құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы
рынок шарушылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің
бұзылуы. Инфляция – дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық
өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляция мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының
өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция – қоғамдық
ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез-келген экономикалық
формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары
арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық дағдарыс тек
мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының
өсуімен байланысты. 1979 жылы 90% - ға артты. Ақша әсерінен тыс тауар
бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық
талқылауларға , ұдай өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополия
мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге,
ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок
коньктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және
т.б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері
тиеді.
Инфляция экономикада, әсіресе нарық экономикасында көп
сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап отыру өте қажет.
Инфляция қалыптасуының, оның қатарында ең басты баға өсуінің
инфляциялық себептері мыналар:
Біріншіден. Мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе теңдігінің бұзылуы,
баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер
дефицит орталық комиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша
айтқанда Ақша станогы белсенді пайдаланылса онда айналыста ақша массасы
көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген
жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы
милитариландыруымен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Әскери
шығындардың өсуі мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең, бәсеке кезіндегі рынокта көптеген
өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы, оңай уақытқа мүлдем
ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде оптималдық рынок.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қауіпі
туады. 1979 жылы энергияға бағаның шарықтау сырттан әкелетін мұнайға бағаны
өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына
әкеледі. Импорттық инфляциямен күресу мүмкінділігі шектеулі. Әрине, өз
валютасын револьвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы, мұнай
импортын арзандатуға болады. Бірақ револьвация отандық тауарлардың
экспорттық бағасын да қымбаттады, ол бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестің
төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Бесіншіден, инфляция өзінен-өзі дем беретін құбылыс ретінде сипат
алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы
факторды ерекше көрсетуде.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекеленген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Бұрынғы КСРО – ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы
инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік жатады. Ол
әміршілдік әкімшілдік жүйе салдары еді.
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті
қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын
көрсетеді. Бұл кондепциялар инфляция болуының әртүрлі себептерін атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың
ұлғайюы, толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал жабдықтарына
сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар
әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарлауы т.б.
Осының саладрынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар
өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамтиу толық болғанымен
өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады.
Басқаша айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының шектелген тауар ұсынысына
тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляциясы. Бағалардың өсуін, өндіріс шығындардың ұлғайюымен
түсіндіреді. Шығындардың көбеюі: баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және фискалдық саясатының, шикізат
бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады.

Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар
бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс
инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін. Қазіргі
инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар.
Олар:
• егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция
елдің бүкіл жерін қамтиды;
• егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп
уақытқа созылған құбылыс;
• егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция
көптеген ақшасыз және т.б. фаторлаға байланысты болады.
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында
болғанымен оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді. Инфляцияның өмірдегі
көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы көріністі американдық ғалым
және публицист Дж. Гелбрейт ақшаның тауарды қууы деп сипаттады.
Инфляцияның алғашқы себебі – айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиіс
тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Мұндай диспропорция біріншіден,
өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіде, айналымдағы тауарлар массасының
аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны
көп шығаруынан болады. Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа
құйылады, себебі айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ
ол инфляция әсерінен күшейтеді : несиені өндірпіске салынатын инвестицияны
және тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтіп инфляция факторлары екі жақты –
тауарларды шығаруға және сатуға ақша массасын және айналым жылдамдығын
өзгертуге - әсер етеді.
Инфляцияның түрлері. Инфляция бағаның өсу қарқынына байланысты
үш түрге бөлінеді: жай, қарқынды, ұшқыр.
Жай инфляция кезінде баға жай өседі де, бағаның өсуі 10% аспайды. Ақша
негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекеттеде
төтенше жағдайға тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3%
деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай, бағаларды түзетіп отыруға мүмкіндік
береді.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20% -дан 200-300% -ға
дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп
соқтырады. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын
есепке алады.
Ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық
қарқынмен 500-1000% - ға дейін жоғары өседі. Баға мен жалақының арасы
алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Мысалы,
Никорагуда азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300% - ға дейін
жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты
тобына да қиын болады.
Нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты
инфляцияны ашық және жасырын деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына
тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде
көрінеді.
Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын
төмендеуі мен немесе оның өсуінің баяулауы мен сыйса береді. Ашық
инфляцияның нарық механизімін едауір бұрмалағаны мен әйтседе толық бүлдіре
алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басыңқы инфляция реттелмелі
бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында өнімнің
сапасының нашарлауынды амалсыздан ақша жинақтауда астыртын экономикада,
бартерлік айырбастың дамыунда көрінеді. Басылыңқа инфляция, ақшаның
жалпылама төлем қабілеті бар. Құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлі
өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның
тепе-теңдік бағасын төмен ұстап отыруды мемлекет пен қолдау нәтижесінде
пайда болады. Мұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән
болып отыр.
Басыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуі мен ақшаның амалсыз
жинаумен, астыртын экономикасының, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі
бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы
және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің
осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы
инфляция жағдайында болды және болашақ экономика үшін қауіпті емес, одан
әлі де болса құтылуға болады. Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген
кезде өсуі мен сипатталады, ол ақша айналымында, салық салу жүйесіне теріс
әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының
құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет
көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп эконмикаға қиындық
келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты
жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтау инфляцияның күтілуі одан әрі
арандатып бағаның өсуін өршітед. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі инфляцияны
күту басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне
көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол
төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар
сұраныс ретінде ақша ғана жұмсайды, оны көбірек сақтап жинауға тырысады.
Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны төмендету мақсатында
қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз
рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу
эффектісі деп атайды. Инфляцияның зардаптары куүрделі және көптүрлі болып
келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда норомасын жоғарлатып
уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ұшығуы барысында инфляция
ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістіреді, тереңдетеді. Инфляцияға, аттың тікіректеп шауып, бой
бермеген кезеңдегідей шаруашылықтың шырқын бұзып айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әртүрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция
тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан
тосқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақшаға қорлануына ынтаны
жойып, ақша – несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы
құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің
интернацианалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады. Халықаралық
валюта және несие қатынастары күрделенеді. Инфляцияның әлеуметтік
зардаптары да бар. Ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне
салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен
тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырады. Инфляция зардабын барлық
жолдамалы жұмысшылар еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б.
басынан өткізеді.
1981 -1982 жылдардағы құлдырау – күтпеген жағдай еді. Расында, ұзаққа
созылған тоқырауды ешкім күткен жоқ. Оның инфляцияны тудыруы мүмкін
екендігі де кімнің қолайына жаға қойсын,- бұл біздің еліміздің
президентінің 1985 жылғы экономика туралы баяндамасы.
Қысқа мерзімді инфляцияны төмендетудің мүмкіндігі аз, ол ұзақ
мерзімді инфляция мен жұмыссыздық аралығында үйлесім, ымыраға келушілік
болмайды. Инфляциямен күрестегі арнацлы саясат нарықтық стратегиядан гөрі
әкімшілікке көбірек бағыт ұстанғандықтан м- туындайды және ол алға қойған
мақсатқа әрдайым жете бермейді.
Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық реттеуді тиімсіз
етеді.
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған
экономикалық жағдайлар әсер етеді. Мысалы 70- жылдардағы энергетикалық
жағдай да еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді.
Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғары бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа
мерзімде шикізат, материал қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ,
Ресей экономикасында инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер
өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын ала өз
өнімдерін бағасын жоғарлатады. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа ТМД
елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана
емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдықтың барлық еодерінде де инфляцияның сан түрлі
себептекрі бар.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғарғы деігейлі бағамен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша
коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіреді. Инфляцияның әлуметтік және экономикалық
зардаптары, оған шалдыққан елдердің белгілі экономистері ең бастыф сұраққа
жауап іздейді. Инфляция төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде
оған бейімделу керек пе? Бұлдилемма әр елде өзінше, сол елдің
ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы: АҚШ – та, Англияда инфляцияға
қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу
шараларын қарастырады. Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз
шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс
қысқарады. Экономикада дағдарыс тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздықтың
саны өседі. Экономикалық құлдырау кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы
бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік
қаржыландыру, бағаландыру жүзеге асырыла бастайды, салық деңгейі
төмендетілееді. Сөйтіп қызмет көрсетулер арқылы тұтыну тауарларына
сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60 –
40 –ші жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді.
Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау
мумкіндіктерін тарылтады .
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша
– несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің
тікелей бақылауынан тыс дербес орталық банк арқылы жүргізіледі.Ол
айналымдағы ақша санын және қарыз процент ставкасын өзгертеді.Өйткені
экономикалық өсуді ынталандырады және жұмыссыздықты табиғи деңгейде жасанды
әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде
тұрғысынан инфлияциямен күрес шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни
жұмыссыздықты өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша,
инфляцияны 1% - ға төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи
деңгейінен 2%- ға жоғарылатады, ол нақты 4%- ға кеміді.
Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық реттеуді тиімсіз
етеді. Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты , оған
экономикалық жағдайлар әсер етеді. Мысалы: 70-ші жылдардағы энергетикалық
жағдайда да еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді.
Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа
мерзімді шикізат материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ,
Ресей экономикасында инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер
өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын ала
өз өнімдерінің бағасын жоғарлатады. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы
басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төмен қабілеті бар сұраныс
деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып тусті.
Экономикалық өсудің қарқыны % бен өлшенетін белгілі бір мерзімді
баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін
былай тусіндіруге болады. Өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өсуді,
баға өсумен байланысты ақша құнсызданады да жұмыссыздар саны көбейеді.
Нарықтық жағдайда міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды бірақ
жұмысы жоқ ізденісте жүргенжұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық
заманында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жұмыссыздықтың екі түрін
атап өту керек олар функциондық және құрылымдық деп аталады.
Функциондық – бұл жұмыссыздың жұмыс күшінің өзгерумен обьективті
түрде жылжуымен байланысты. Жұмысын ауыстыруда, мекен жайын өзгертуде,
көшіп қонып жүуіне сұранысының, ұсынысының өзгеруінде. Мемлекетте тек қана
фрикционды және құрылымды жұыссыздық болса, онда жағдай жаман емес. Ол
жұмыссыздарды қамтамасыз етеді. Ал нағыз жұмыссыздық циклі жұмыссыздық
дағдырыс кезінд туады.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға туелді болып
келеді; белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық
сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жабудың әдістері:
Мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді
(инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушының
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты.
Өйткені салықтың кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың
белгілі бір мәселдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде
олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы
шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарату үшін мемлекет өзінің бағалы
қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбір
болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. Қаржы қатынастары
мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Инфляция жайлы
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Ақша және инфляция
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Пәндер