Қайта өрлеу дәуірі философиясы


Қайта өрлеу дәуірі философиясы
XV ғасырда басталған бүл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқын-шыЛары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа еддерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шыгысқа жол іздестіру мүқтаждығы жаңа жағрапиялық жаналықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтижесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытайға су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығыскд кдрағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі еддерге айналды. Бұл елдерде бұрынғы ғасырлар бойы қамалдарда орналаскан феодалдық ыдыраушылық орнына бір орталықка бағындьірьшған корольдық үкіметтер келді. Алыстағы елдермен араласу ол елдердің тілін, мәдениетін білуді кджет етті. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан-жақгы білімді адамдар дүниеге кедді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни үғымдар мен схоласти-каға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бүрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сүмдық азаптарға қарамастан, табан-дылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мөселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандық дөрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатьшын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғырып өлтіртті. Сондай-ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548-1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: "He табиғаттың өзі - Құдай, не Құдай - заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш", деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары түрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі - сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бүл өте кдуіпті түжырым болатын-ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды: "Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға тоскдуыл бола алмайды". Николай Коперник (1473-1543) өлім табытына жатар алдында: "Бөрібір жер айналып түр" деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлел-деп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфи-лософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401-1465) салды. Ол философияның негізгі мөселесін идеалис-тІк түрғыдан шешті. Дүниенің бөрін, адамды да Құдай жаратгы, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоқкд шығарды. Өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратьшған уащ»ггы бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бүл екі процес^ үдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары түрадьг деп есептеді.
Николай Кузанский өзінің "шындықгы алдын ала болжау", "Білетін білместік", "Білімді білместік туралы" деген еңбектерінде әлемде бәрі кдйшылықгардан түраты-нын дәлелдейді. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқгы атақгы өкілдері дүниеге келді.
Жаңа дәуір философиясы
XV-XVIII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодал-дық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік ендіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыған дейінгі үшінші сословие арасынан өз алдына екшеленіп, фееодаддық өкіметке наразьшарды топтастырып, бастаушы тап ретінде буржуазия дүниеге кедді. Ол феодаддық қүрылысты қүлатып, жана өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті, ал бүл мақсатты іске асыру үшін буржуазиялық революция күн тәртібіне енді. Айталық, XV ғасырда Нидерланды, XVII ғасырда Англия, XVIII ғасырда Фран-ция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Германияда шаруалар, Францияда жалаң аяқгар көтеріл-істері сол жаңа дәуір жаршылары болды. Дүниеге келген жаңа тап - буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді кажет етті, схоластиканы қатты сынға алды. Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі - тәжірибеден бас тартып, бакылау, экспериментгерге сүйенбейтін шыдамсыздыкден жасалған догмалық топшылауларға негізделген, жалған, тұрлаусыз әдісінде деп есептеді. Бұл жаңа тап материализмге сүйенді. Бірақ ол метафизикалық материализм болатынды. Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болды: 1) ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын, өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамудагы процесс екенін мойындамады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады, сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді. Сол жаңа дәуір философиясы XVII ғасырда Англиада басталды. Оның өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) еді. Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрды. Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарды. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесіне көтерілді, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Бірақ өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсады. Әлемді қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлады. Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгерді. Бірі - "Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы", екіншісі - "Жаңа Органон". Ф. Бэкон - материалист, сондай-ақ, ол - эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылу, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзкарастарға қарсы болды. "Білім - күш", "Күш - білімде" деген қағидаларды насихаттады. Ол: "Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады - деді - Энергия материяның өзіне байланысты, оның ішкі қасиеті", деді Ф. Бэкон. Оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің, жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардан құтылудың басты жолы - тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу.
Ф. Бэкон эмпириктер мен рационалистердің сыңар-жақтылығын сынады. Ғалым құмырсқаға да, өрмекшіге де ұқсамауы керек, ол өсімдіктер гүлінен нектар жинап, оны балға айналдыратын ара іспеттес болуы қажет деді. Ол теория мен практиканың бірлігін жақтады. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына он, ықпал жасады. Фрэнсис Бэкон өз қолымен тәжірибе де жүргізді. Оның дүние салу себебі де сол тәжірибе кезінде суық тигеннен болды. Бэконның ол тәжірибесі тауықтың етін қарға көміп қойса, қанша уақыт бұзылмай сақтала алатынын тексеру еді. Рене Декарт (1956-1650) . Ол - француздардың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Декарт ел аралап, түрлі шаруашылы үтарға үңіліп, байқал, ғылым схоластика принциптеріне негізделген университердерде емес, өндіріс пен практикамен айналысқандарда деген пікірге келді. Оның басты еңбегі - "Әдіс туралы ой-толғау". Космология (дүниенің құрылымы), космолония (планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт - материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. "Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін (Cogito, ergo sum) деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу - тірлік кепілі", - деді. Бірақ айналып келгенде ол материалист екенін анық танытты. Декарт - рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Айталық, таным кезінде кеткен қателіктер адамның ойлау қабілетінен емес, ойлау әдісінен деді. Сондықтан өзінің әдістерін ұсынды. Бірақ ол метафизикалық әдістер еді. Мәселен, кез келген беймәлім ойды түсінікті болу үшін оны құрастыратын бөлшектерге бөлу керек. Әбден түсінген соң оны қайтадан құрастыру қажет деді. Әлемде өзгермейтін құбылыс болмайтынын ол ескермеді. Декарт жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Томас Гоббс (1588-1679) Оксфорд университетін бітірген, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Біраз уақыт Ф. Бэконге хатшылық қызмет атқарды. Басты еңбегі - "Левиафан" (1651) . Ол еңбегінде Т. Гоббс мемлекеттің пайда болуын зерттеді. Бұл тегіннен тегін емес еді. Өйткені Т. Гоббс дәл ағылшын революциясының дәл кезінде өмір сүрді. Оның мемлекетке мән беруі содан болатын. Т. Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәуірін: а) табиғи; б) азаматтық кезеңдерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде "адам - адамға қасқыр, біреуге біреу қас" деп уағыздады. Бірақ бұл жағдай адам баласының жойылып кетуіне әкеп соғады. Олай болмау үшін адамдар бірігіп, әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа кесіп беруге көндігеді. Сөйтіп, бәрін қорғайтын бірдей ортақ ырық жасалды. Ол жалпы ырық - мемлекет деген қорытындыға келді. Сөйтіп, ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шығарды. Дегенмен, уақытында бұл прогресшіл пікір еді. Өйткені, ол мемлекетті жаратқан Құдай емес, жәй адамдардың өздері ойлап жасаған қоғамдық құбылыс деп түсіндірді. Т. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанцияны мойындау денесіз дене болады дегенге тең деп санады. "Ой материяның туындысы" деген пікірге келді. Бірақ адам мен жануарлар, Т. Гоббстың пікірінше, күрделі машина: адамның аяқтары мен қолдары - доңғалақ, жүрегі - механизм. Бұл оның механикалық материалист болғанын айғақтайды. Бенедикт Спиноза (1632-1677) - Голландияның көрнекті философы. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында дүниеге келген. Ата-бабасы оны діни қызметші етпекші болды. Бірақ ғылыми еңбектермен танысу, әсіресе Р. Декартқа еліктеу оны өз қауымынан қуылып шығып, өмірінің қалған жылдарын ауыр күйзелісте өткізуге себеп болды. Азғана өмірінде ол екі кітап қана жазып үлгерді. Бірі - "Діни-саяси трактат" (1670), екіншісі - "Этика" (1675) . Спиноза "бір ғана субстанция бар, ол - табиғат", деді. Табиғат, бір жағынан, жаратушы күш, екінші жағынан - жаратылған құбылыс деп уағыздады. Жаратылыстан жоғары еш нәрсе жоқ. Табиғаттың өмір сүруі үшін еш нәрсенің керегі жоқ. Өйткені, табиғаттың өзі - Құдай деп түсінеді. Бұл -пантеистік пікір болатын. Табиғат мәңгі, шексіз. Ол -өзіне-өзі себеп және салдар, мән және мағына, ол санадан тыс өмір сүреді. Сана, оның атрибуты (қасиеті) деді. Джон Локк (1632-1704) . Оның өмірі ағылшын революциясынан кейінгі кезеңге жатады. Ол Оксфорд университетін бітірген. Дж. Локктың басты еңбегі - "Адам санасы жайлы тәжірибе" (1690) . Ол Т. Гоббс сияқты Р. Декарттың "Ой іштен туады" деген пікірін сынады. "Адам жаны - таза тақта (tabula rasa) . Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады. Міне, сана дегеніміз, дәл осы", дейді ол. Адам интеллектісінде өмірде жоқ, кездеспейтін еш нәрсе болмайды, дейді. Дж. Локк екі түрлі - сыртқы және ішкі тәжірибе болады дейді. Біріншісінен сезім, екіншісінен рефлекс пайда болады деді. Сезім идеясы-бастапқы, сырттан келген құбылыс, рефлексия іштен пайда болады. Сезім арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Бірақ сапа екі түрлі болады дейді. Бірінші сапаға заттардың саны, салмағы, көлемі, сипаты, қозғалысы жатады. Бұл - заттардың нағыз өзі, дейді. Екінші сапаға дыбысы, түсі, дәмі, иісі жатады. Бұл біздің ішкі сезімімізге байланысты, дейді Локк. Оның сапаны осылай талдап зерттегені, үлкен ғылыми ілгері басқандық. Бірақ сонымен қатар сапаны осылай екіге бөлгені кейінгі субъективтік идеализмге жол ашты. Джорж Беркли заттардың барлық сапасын адам сезімімен байланыстырып, соңғысының нәтижесі деп түсіндірді.
XVII ғасыр тек материалистерді ғана дүниеге келтірген жоқ. Сонымен қатар идеалистер де болды. Олардың басты өкілі - Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) . Ол физик, математик, тарихшы, тілші, қүқық маманы болған. Лейбниц I Петрмен үш рет кездесіп, Ресейде білім берудің, мемлекеттік басқарудың жобаларын жасап берген. Оның басты еңбегінің бірі - "Монадология". Бұл еңбегінде Лейбниц барлық заттарға дем беретін, оларды қозғайтын рухани күш - монада, яғни рухани атом деген пікірді негіздеді. Әрбір жеке монада, яғни рухани атом деген пікірді негіздеді. Әрбір жеке монада - әрі жан, әрі дене дейді. Сана - монаданың сыртқы көрінісі. Ол формальды логикаға математика символдарын енгізуді ұсынады, соның ішінде бастыларының бірі - математикалық модель. Сондай-ақ, ол формальды логиканың төртінші заңы - "жеткілікті негіз заңын" ашқанын ілгеріде айттық.
XVII-XVIII ғғ. өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар П. Гассенди (1592-1655), Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), И. В. Гете (1749-1832), т. б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның, т. б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеология қарсы шықты. Ең алғаш ол идеологияға қарсы күрес Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олар діни соқыр сенімге қарсы тұрып, ғылымның еркін дамуын, еркін ой болуын жақтады. Олардың басты мәселелерінің бірі - адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері еді.
XVIII ғасырдағы Француз материализмі. Бұл XVIII ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Сондықтан негізгі сипаттары ортақ. Әрине, ол одан бір ғасыр кейін және Франция жағдайында дүниеге келгендіктен, айырмашылықтары да бар. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Француз философиясы өкілдерінің бірі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz